Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негізі . . . 7

1. 2 Оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары

және оның құрамдары . . . 13

1. 3 Оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда биология

пәнінің алатын орны . . . 18

2 ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ

ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Биология сабақтарында оқушылардың ғылыми дүниетанымын

қалыптастыру . . . 33

2. 2 Биологиялық кештердің оқушылардың ғылыми дүниетанымын

кеңейтудегі ролі . . . 41

2. 3 Биологиялық көрме ұйымдастыру . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи - құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы - танымға байланысты. Кез-келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлері, құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М. Орынбеков:

«Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», - дейді.

Дүниетанымның басты категориясы ретінде «дүние» және «адам» алынады. Дүниетаным - күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның қоғамдағы орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының, қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды.

«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы». Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Бүгінгі таңда білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру екені айқын. Сондықтан да оқу тәрбие үрдісінде оқушының ұлттық мәдениет пен ел тарихын, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын саналы түсінуге, яғни ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда, орта мектептерде жүзеге асырылуы тиіс.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі.

«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С. Б. Крымский, Б. М. Кедров, Э. Нысанбаев, А. Қасабеков, М. Орынбеков, Ж. Алтаев,

A. Кішібеков және т. б. ) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады.

«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты . . . », « . . . адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер» - дейді, философтар Д. Кішібеков [1] пен Ү. Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын А. Г. Спиркин [2], В. С. Степин [3],

Д. П. Горский [4], А. П. Шептулин [5], А. Ф. Файзуллаев [6] еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі - табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл «екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да - адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру туралы еңбектерді талдау нәтижесінде жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу нысанасына айналғандығы белгілі болды.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға жағдай туғызу болып отыр.

Әр оқушының өз елін, тілін, дінін, мәдениетін танып білуі, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз.

Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепте жүзеге асырылуы тиіс. «Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын биология пәнінің маңызы зор.

Диплом жұмысының мақсаты. Биология сабақтарын оқыту барысында оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру жолдарын зерттеу.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Биология пәні негізінде оқушыларының дүниетанымын қалыптасты- рудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;

-Оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен жағдайын анықтау;

-Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда, табиғат құбылыс-тарындағы өзгерістердің болу себептерін түсініп білуде психологиялық ерекшеліктерді (көру, есту, тері сезім мүшелері) ескере білу;

-Оқу үрдісі мен сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында қосымша бағдарлама жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда қолданылатын биологиялық түсініктер мен ұғымдар.

Зерттеудің ғылыми әдістері, экспериментті жүргізу жолдары, орындалу кезеңдері:

Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау әдістері қолданылды.

«Білім туралы» заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.

Бірінші кезеңде, зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми аппарат айқындалды.

Екінші кезеңде, жинақталған теориялық және деректі материалдарға жүйелі талдау беріліп, басқа да ғылымдар салаларында жарық көрген еңбектерді зерттеп, талдау жұмысы жалғастырылды.

Үшінші кезеңде, эксперименттік - тәжірибе жұмыстарының нәтижелері жүйелі талқыланып, тұтас педагогикалық үрдісте байқаудан өтіп, ой елегінен өткізілді және әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Ғылыми жаңалығы:

1. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде биология сабақтарының атқаратын қызметі, көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді.

2. Биология пәнінің оқушылардың дүниетанымын дамытудағы және шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы ролі айқындалды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден,

2 тараудан және қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың

теориялық негізі

Қазақстан Республикасының егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет жағдайында болуы білім беру мен тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп айтылған [6, 55 б. ] . Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында [7], «Қазақстан-2030» [8] стратегиялық бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - дүниетанымның кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.

Орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болады.

«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи - құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы - танымға байланысты. Кез-келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлері, құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М. Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», - дейді [9] .

Дүниетанымның басты категориясы ретінде «дүние» және «адам» алынады. Дүниетаным - күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның қоғамдағы орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының, қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды.

Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.

«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С. Б. Крымский [10], Б. М. Кедров [11], Э. Нысанбаев [12], А. Қасабеков [13], М. Орынбеков, Ж. Алтаев, Кішібеков A. және т. б. ) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М. А. Данилов, И. Я. Лернер, Л. В. Занков, М. И. Махмудов, А. А. Люблинская, А. Н. Леонтьев,

Н. Б. Менчинская, П. Я. Гольперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Левина, Ю. К. Бабанский, Т. И. Шамова, С. П. Барнов [14] ) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.

Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында биологияны оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер байқалды:

- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;

- табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;

- оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;

- биологияны оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:

- осы кезге дейін мектеп оқушыларына қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.

Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін биологияны оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады. Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары т. б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы адам іс-әрекетіне әртүрлі ықпал жасайды.

Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең бағалы байлық - адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моральдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады.

Философтар: В. Афанасьев, В. Журавлев, П. Алексеев, М. Федосеев,

А. Леонтьев, Г. Смирнов, А. Спиркин, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин, Д. Кішібеков, О. Сегізбаев, Ә. Тұрғанбаев, М. Орынбеков [15] т. б. дүниетаным ұғымын сипаттай келе, дүниетанымды тұтас дүние туралы ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді.

Белгілі философтар А. Леонтьев, Г. Смирнов, А. Спиркин, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин дүниетаным құрылымын, оның негізгі нысаны - қоғамдық сананы саралау тұрғысынан қарастырады.

«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты . . . », « . . . адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер», - дейді философтар Д. Кішібеков [16] пен Ұ. Сыдықов. Адам тіршілігінің көзі - табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалынған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл «екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да - адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.

«Дүниетаным» ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен тұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние - ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол - адам, адам мен адамның қарым-қатынасы, ол - табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол - қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай болу керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.

Дүниетаным - «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз да - дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынамыз. Дүние - қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса оған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқауымен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.

Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.

«Дүниетаным тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ождан мұраттары мен әлеуметтік құлықтардың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас» - дейді,

М. Орынбеков.

Дүниетанымның басқа ғылыми емес көзқарастардан айырмашылығы - ол табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дұрыс бейнелейді. Сол заңдылықтарды меңгерудің және адамдардың практикалық іс-әрекеттерінде қолданудың жолдарын көрсетеді.

Ғалымдардың пікірлері бойынша, көзқарастар мен сенімдер дүниетанымның күрделі құрылымының өзегі болып табылады.

Философ Д. Злобин дүниетаным ұғымына анықтама беріп, оның негізгі компоненттеріне сенім мен күмәнді жатқызады. Ал А. Спиркин дүниетаным құрылымына білімді құндылық-бағыттаушылық, сенім мен қатар мұратты да кіргізеді [17] . Ол дүниетанымның қалыптасуы әлеуметтік жағдай, тәрбие мен білім беру ісіне байланысты екенін айқын атап көрсетеді.

Дүниетаным гнесологиялық тұрғыда қоршаған шындықтың адам санасында бейнеленуі ретінде пайымдалғандықтан, ол танымның ерекше формасы іспеттес (В. Копкин, Г. Платонов, М. Федосеев, В. Иванов) деп саналады.

Қоғамдық сананың өсуіне байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, « . . . қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету» көзделеді.

Сонымен философтардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, біз дүниетаным дегеніміз - адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасы деген тұжырымға келдік.

«Дүниетаным - ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраты мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас» .

Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Жалпы дүниетанымға сенім керек. Ал сенім - терең, тиянақты ойланып айтылған идеялар жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әртүрлі идея адам сенімінің негізі - шыныдықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімді эмоционалды толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теориялық үлкен ой орын алады [18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық білімнің негізгі сипаттары: дүниеге көзқарас, миф, дін және философия
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Сопы Аллаяр шығармасындағы философиялық ой-толғамдар желісі
Экстенциализм
Ахмет Иассауи
Қазіргі философиядағы адам мәселесінің мәнін қалыптастыру
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz