Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Бейнелеу іс - әрекетін үйрету әдістемесі . . . 5

1. 1 Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері . . . 5

1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнері жəне əдістемесінің маңызы мен мақсаты . . . 8

1. 3 Бейнелеу өнерінің әдіс - тәсілдері . . . 15

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы . . . 26

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салуды үйрету . . . 26

2. 2 Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы эксперименттік жұмыстар . . . 34

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Егемендік алып, дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тəрбие беру саласында тың өзгерістер енгізіліп, жаңа талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бір - жеткіншек ұрпақтың болашақта эстетикалық, дүниетанымдық, экологиялық, биологиялық таным түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, қоршаған ортаның əсемдігін тани білуге үйретуде мəдениетті азамат тəрбиелеуі болып табылады. Қазақстан Республикасының тəлім-тəрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа эстетикалық, экологиялық білім мен тəрбие беру бүгінгі күн тəртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мəселе екендігі айтылған. Соның бір көрінісі ретінде мектепке дейінгі ұйымдарда келешек ұрпақты бейнелеу өнері арқылы − қоршаған ортаны қорғау, əсемдікті, сұлулықты тани білу, өсімдіктер əлемін күтіп баптау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-əрекеттер арқылы балалардың таным-түсініктері дамып қалыптасқан болар еді. Мектеп жасына дейiнгi балаға бейнелеу өнері, көркемөнер арқылы, яғни бейнелеу ісəрекеті мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тəрбие беру мазмұнын көптеген ғалымдар зерттедi. Бейнелеу өнерін үйрету балаларддың көркем мəдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға жəне қоғамның белсенді болашақ мүшесін тəрбиелеуге лайықты үлес қосады. Балалар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы əсемдікпен, адам қолымен жасаған əсемдіктің мəнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мəдениетті танитын, өзінің төл мəдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибесін, мəдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тəрбиеге байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері жəне əдістемесін теориялық жəне практикалық негізде ұсыну.

Зерттеу жұмысының міндеті: - мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері жəне əдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу; - бейнелеу өнерінің әдіс - тәсілдерін анықтап, негіздеу;

Зерттеу жұмысының пəні: Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерін оқытудың әдіс - тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының əдісі: проблема төңірегіндегі теориялық, ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тəжірибелері жəне баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау жəне жұмыс түрлерін ұсынып, нəтижесін көрсету. Ғылыми-педагогикалық, тарихи-əлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, ата-аналар жəне тəрбиешілермен əңгіме, сұхбат жасау.

Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері оқытуда тиімді әдіс - тәсілдер ұйымдастырылатын болса, онда ой-санасы, зейіні, таным түсінігі қалыптасқан балалар тəрбиелеу мүмкіндігіне ие боламыз.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (теориялық, практикалық), қорытындыдан, пайдаланған əдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Бейнелеу іс - әрекетін үйрету әдістемесіБейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері

Әдістеме деп біз белгілі бір мақсатқа немесе нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдердің жүйелігін, бірлігін білдіретін ұғымды айтамыз. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады. Белгілі бір күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп, жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені немесе көріністі бейнелеу үшін алдымен оны суретші көзімен қарап, зерттеп, күрделілігін анықтап, содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін, пропорциялық сәйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді және соңында өзі бейнелеген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді. Ал педагогика ғылымындағы әдістемеде - оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты, оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы болып табылады. Әдістеме негізінде жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде - жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қаралса, соңғысында - жекелеген пәндер бойынша оқутәрбие жүйесі туралы айтылады. Біз жалпы білім беретін орта мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз. Педагогика ғылымында оқыту әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының жұмыс тәсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағдылары игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады және қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыратын іс-әрекеттің тәсілдері деп білеміз. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларды түсінуіне мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни балалардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек. Жоғарыда айтылғандай, 6 оқыту әдісін белгілі бір мақсатқа жету үшін саналы түрде қолданатын әдіс-тәсіл деп танысақ, сол мақсатқа жету әр мұғалімнің осы тәсілдердің тиімдісін таңдап алып, оны оқыту процесін ұйымдастыруға, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына және балалардың қабылдау дәрежесіне шебер пайдалануына байланысты. Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі пікір-таластың бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеудің ережелері мен заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынса, кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі сурет салу заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды - тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді. Сондықтан педагогәдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі оқутәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған жеке тұлғаның жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда, ғылыми-шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек деп айтылып жүр. Бейнелеу өнері пәні жалпы білім беретін орта мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар: И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, Дж. Локк, Я. А. Коменскийлердің өз еңбектерінде бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми түрде дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін орта мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылымға жүйелендіріп тартады. Яғни, бейнелеу өнері әдістемесі педагогика ғылымын және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды және ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдістәсілдерді оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеріп мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер. Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине олай емес, қанша тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел ретінде белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, олар оқытушылық ісінде үлкен дағдарыстарға ұшырап отырады. Бейнелеу өнерін оқытуда да өнердегідей шабытпен сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы аса маңызды. Кей жағдайларда сабақ барысында, сабаққа аяқ асты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады дейік, бұл жағдай да мұғалім өткен сабақ материалына қайта оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезең-кезеңге бөліп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру деп, біз бір кезеңді оқушылар толық меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшуді айтамыз. Яғни жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы - педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеуді қажет етеді. [4]

1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнері жəне əдістемесінің маңызы мен мақсаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Қазақ өнерінің тарихы
Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Дизайн технологиялары арқылы болашақ мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастырудың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz