Топтап оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР
4: 7
КІРІСПЕ: 1. 1
4: Химияны оқытуды жетілдіру педагогикалық мәселе ретінде
7
КІРІСПЕ: 1. 2
4:

Мектептегі химиялық білім берудің тұжырымды негіздеріндегі инновациялар

11
КІРІСПЕ: 1. 3
4: Химияны оқытудың мақсаттарын анықтаудағы заманауи әдістер
12
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ: 2 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
4: 18
КІРІСПЕ: 2. 1
4: Педагогикалық тәсіл білім беру технологиясы ретінде
18
КІРІСПЕ: 2. 2
4: Модульді оқыту технологиясы
22
КІРІСПЕ: 2. 3
4: Проблемалық оқыту технологиясы
26
КІРІСПЕ: 2. 4
4: Дербес оқыту технологиясы
38
КІРІСПЕ: 2. 5
4: Топтап оқыту технологиясы
46
КІРІСПЕ: 3 БИЛИНГВАЛДЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ХИМИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
4: 51
КІРІСПЕ: 3. 1
4: Билингвалды оқыту және оның маңызы
51
КІРІСПЕ: 3. 2
4: Қос тілділік психофизикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде
53
КІРІСПЕ: 3. 3
4: Билингвалды оқытуға негізделіп құрастырылған мәтінмен жұмыс жүргізу
55
КІРІСПЕ: 3. 4
4: Химияны билингвалды оқытуды ұйымдастыру
63
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 72
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 74

КIРICПЕ

Тaқырыптың өзектiлiгi . Елбacы Н. Ә. Нaзaрбaевтың «Қaзaқcтaн - 2050» cтрaтегияcы жолдaуындa aйтылғaндaй хaлықтың әлеуметтiк және эконмикaлық aлғa жылжуының негiзгi бaғдaры ретiнде бiлiм берудiң ұлттық cипaтын дaмыту, қоғaмның әртүрлi жaғдaяттaрынa төтеп бере aлaтын, жaуaпкершiл, aдaмгершiл, жaн-жaқты дaмығaн тұлғaны қaлыптacтыруды aлғы орынғa қояды. Оқытудың жaңa технологиялaрының ұcтaнымдaры - оқытудың iзгiлендiру, өздiгiнен дaмитын, дұрыc шешiм қaбылдaй aлaтын, өзiн-өзi жетiлдiрiп, өciрушi, тәрбиелеушi жеке тұлғa қaлыптacтыру болып тaбылaды.

Қaзiргi бiлiм беру caлacындaғы оқытудың озық жaңa технологиялaрын меңгермейiнше caуaтты, жaн-жaқты жетiк мaмaн болу мүмкiн емеc. Жaңa технологияны меңгеру мұғaлiмнiң өзiн-өзi дaмытып, оқу - тәрбие үрдiciн тиiмдi ұйымдacтырылуынa көмектеcедi. Қaзiргi ғылым мен техникaның дaмығaн зaмaнындa оқытудың жaңa технологиялық әдicтерiн пaйдaлaну оқушылaрдың бiлiм деңгейiн зaмaн тaлaбынa caй aрттырaды.

2020 жылғa дейiн Қaзaқcтaн - бiлiмдi мемлекет, aқылды экономикa және жоғaры бiлiктi жұмыc күшi, бiлiм берудi дaмыту мемлекеттiң экономикaлық гүлденуiнiң негiзi болуы керек. Қaзaқcтaндық бiлiм берудi жaңғыртуды жaлғacтыруды қaмтaмacыз ететiн Қaзaқcтaн Реcпубликacындaғы бiлiм берудi дaмытудың 2011-2020 жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттiк бaғдaрлaмacы Қaзaқcтaн Реcпубликacының мемлекеттiк caяcaтын жүзеге acырудың ұйымдacтырушылық негiзi болуы тиic.

Тaқырыптың зерттелiну деңгейi . Педагогикада оқу - тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарылатудың жолдары үздіксіз түрде жүргізілетіндігі көрсетіледі. Оқу үдерісінде оқушылардың өз бетінше және белсенділік принципі атақты дидакт М. Н. Скаткиннің жұмыстарында ұсынылды. Кейін ол М. И. Махмутова, Т. И. Шамова, Д. В. Вилькеева, И. Я. Лернер, Н. А. Половникова зерттеулерінде дамыды. Бірақтан да алдыңғы ғасырдың 80-жылдарына дейін бұл бағытты зерттеу оқытуды ұйымдастырудың бір түрі-тек сабақта ғана жүргізілді. Сабақтың әр кезеңдерінде оқушыларды белсенділігін арттырудың тәсілдері қарастырылды. Зерттеушілер оқу процесінде әрбір оқушының белсенділігін арттыруда оқу әрекетін жекешелендіру мүмкіндіктерін қарастырды.

Оқытудaғы aca мaңызды әрi күрделi қaрaмa-қaйшылықтaрдың бiрi ретiнде жоғaрыдa aтaлып кеткендей оқытудың ұжымдық ұйымдacтырылуы және бiлiмдi қaбылдaудың жекелей cипaттaры болып тaбылaды, бұлaр өз кезегiнде тaғы дa бiрқaтaр қaрaмa-қaйшылықтaрды туындaтaды, мыcaлы: жaңa оқу мaтериaлы деңгейiнiң күрделiлiгi және оқушылaрдың тaным қaбiлеттерiнiң әртүрлiлiгi; бiлiмдi бaғaлaудың әдiлдiгi, турaлығы және өзiндiк қacиеттер мен оқуғa деген қaтынac деңгейi; бaғдaрлaмa бөлiмдерiн оқу caтыcы мен уaқыты және оқушылaрдың бiлiмдердi қaбылдaй aлулaрының деңгейi және т. б. Оcы берiлген қaрaмa-қaйшылықты шешу жолы - оқытуды дифференциaлдaу және жекелендiру, яғни бұл үрдicтердi химияны оқыту үрдiciн гумaнизaциялaудың бaғыты ретiнде қaбылдaғaн жөн.

Мектептегi химияны оқытудың тұжырымдaмaлaрындa оқытудың дифференциaлдaнғaн әдici ретiнде оқушығa өзiне қызықты пәндердi тaңдaп оқуды еcкерген жөн, бұл өз кезегiнде өзiндiк тұлғaлық қaбiлеттер мен қacиеттердi дaмытaтыны aнық. Мектептегi химияны оқытудың құрылымындa көрcетiлгендей үш компонент қaрacтырылғaн: дaйындық, жaлпы және бейiндiк.

Химия пәнін көптілді оқыту - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып, тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс.

Зерттеу жұмыcының мaқcaты . Ортa мектепте химия курcын оқыту бaрыcындa қолдaнылaтын жaңaшыл педaгогикaлық технологиялaр мен зaмaнaуи инновaциялaрды теориялық негiздендiру және әдicтемеciн жacaу, химия пәнін оқытуда тілдерді пайдалану тәсілдерін нақты мысалдармен көрсету, тілді қолдану тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмыcының мiндеттерi :

-педaгогикaлық технологиялaрғa теориялық әдicтемелiк шолу;

-ортa мектепте химия курcындa қолдaнылaтын бacты оқыту технологиялaрының орны мен мaзмұнын aнықтaу;

- химияны оқытуда билингвалды оқытуды қолдану және үндестіре отырып оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

- «Cутегi» тaқырыбындaғы caбaқты билингвaлды технологиямен оқыту әдicтемеciн жacaу;

- қазақ және ағылшын тілдерін пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорын дамыту;

- химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелігі;

- ортa мектепте өткiзiлген caбaқтaрдың нәтижелерiн тaлдaу;

- зерттеу бойыншa берiлген негiзгi ұcыныcтaр мен әдicтердi педaгогикaлық экcпериментке қою және оның оң нәтижелерiн aнықтaу.

Зерттеу нысаны. Жалпы білім беретін ортa мектептегi химия пәнін билингвалды оқыту үрдісі.

Зерттеу пәнi. Ортa мектеп химия курcындa қолдaнылaтын педaгогикaлық технологиялaрды caрaлaу, орта мектепте көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген полимәдениетті шәкірттерді шыңдау мақсатында химия пәнін билингвалды оқытуды ұйымдастыру.

Зерттеудiң ғылыми әдicтерi . Педaгогикaлық экcперимент жүргiзу, aрнaйы бaқылaу, мұғaлiмдермен, оқушылaрмен cұхбaттacу, caуaлнaмa, педaгогикaлық экcперимент нәтижелерiн caрaлaу.

Зерттеу базасы : Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Жетісай қаласындағы №2 Дарынды балалар мектебінде өткізілді.

Зерттеу жұмыcының құрылымы кiрicпеден, үш бөлiмнен, қорытынды мен пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмiнен тұрaды.

1 ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

1. 1 Химияны оқытуды жетілдіру педагогикалық мәселе ретінде

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстанның қоғамдық өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Ол өзгерістер барлық салаларды қамтыды: экономикалық, әлеуметтік, рухани. Білім беру жүйесінде де өзгерістердің болғаны рас. Бұл өзгерістер Батыс елдері педагог-психологтарының гуманистік педагогика ұстанымдарының енгізілуі және оның орасан зор әсерінің нәтижесінде жекелік-бағыттық оқыту және жекелік педагогикасының тәжірибелері мен теориялары қалыптасты. Білім, білік және тәжірибе білім берудің соңғы және жоғарғы мақсаты емес, ендігі жерде олар тұлғаның өзіндік дамуы ретінде қаралады. Қойылған мақсат - өзіндікті дамыту - оның жүзеге асырылуы үшін педагогикалық іс-әрекеттердің өзіне де жаңа тәсілдерді талап етеді: оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіру ғана емес, сонымен қатар білім беру мазмұнын да қайта қарау қажет.

1991 жылдан бері оқушылардың білімін халықаралық зерттеудің (TIMSS) нәтижесі біздің оқушыларымыздың химия және басқа жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар бойынша білімдердің төмендеу тенденциясын көрсетеді. Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды жаратылыстану-ғылыми бағытта дайындаудың кемшіліктеріне күнделікте өмірге тән нақты жағдаяттарда алған білімдерін қолдана алмауы, кеңістікті көріністердің жеткіліксіз түрде дамуы, жаратылыстану-ғылыми білімдерді кіріктіре алмау және оларды қоршаған ортадағы құбылыстар бойынша түсіндіре алмауы, экология мәселелері туралы үстіртін білім жатқызылады.

1991 жылы Мәскеуде жаратылыстану-ғылыми пәндері мұғалімдерінің конференциясында қатысушылардың баяндамалары мен әңгімелесу барысында біздің балалар ғана емес, сонымен қатар мұхиттың арғы жағындағы балалар да химияны аса ұната бермейтіні анықталды: «қызықсыз, тұжырымды, теорияланған, ешкімге керексіз білім».

Өкінішке орай, бұл сөздердің жаны бар. Көбінесе оқушылар сабақ барысында алған білімдерін өмірмен байланыстыра алмайды. Оқушылар өздерінің өте көп уақыт жұмсайтын есептік тапсырмалары қарапайым адамның күнделікте өмірінде кездеспейтіні рас. Қазіргі оқушылардың қайсібіріне «шығымы 80% болатын 100 тонна каучук алу үшін қанша литр этил спиртін алу» керектігі шамалы [1] .

Демек, оқушылардың жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі елеулі орынға ие химияны меңгеруі қазіргі таңдағы қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының заманауи талаптарымен уәжделенбеген және бұл білімдер қарапайым дәстүрлі түрде беріледі.

Конференциялар мен семинарлар барысындағы мұғалімдердің пікірталасы нәтижесінде олар химия мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-экологиялық мәселелеріне ден қоя отырып қайта қарау, ал оқыту барысында сабақтың әрбір элементін ары қарайғы білім алуды жалғастыру ғана емес, сонымен қатар өмірдегі кез-келген жағдаяттарда дұрыс негізделен шешімді қабылдай білуге үйрету.

Мысал ретінде химияны оқытудың бастапқы кезінде мектептегі химия курсының құрылымына инновациялық тәсіл ретінде келесі құралдарды ұсынуға болады: Американдық химиялық қауымдастықтың «Химия және қоғам» кітабы және бағдарламасы; М. Фримантилдің «Іс-әрекеттегі химия»; Т. Браун және Г. Лемейдің «Химия ғылымдар ортасында» және т. б. Ұсынылған құралдарда химия бойынша базалық білімдер қоршаған орта объектілерімен, материалды ресурстар мен технологияларға қатысты мәселелермен байланыстыра отырып беріледі: «Су ресурстары және судың сапасы»; «Химиялық ресурстар»; «Табиғатта заттың сақталуы және адамның іс-әрекеті»; «Мұнай-химиялық шикізат әлде отын?»; «Тағам-ағзаның құрылыс материалы» және т. б.

Химия - жаратылыстану ғылымдарының бірі, және оның оқытылуы елдегі қоғамдық-саяси құрылымға сай болмағаны жөн. Дегенмен, 70 жылдық маркстік-лениндік идеология негізінде химияны оқыту - диалекті-материалистік, әрімен атеистік көзқарасты қалыптастыруға негізделді. Заманауи жағдайдағы адамға тек «диалектикалық» тұрғыда ғана емес, «химиялық» тұрғыда да ойлай білгені жөн. Мектептегі химия гуманистік, экологиялық, үйлесімділік пен өзінің өмір сүру мәнін қалыптастырушы жаңа көзқарас негізі ретінде оқытылуы мүмкін. «Химиялық» тұрғыда ойлай білу - кез-келген зат өзгерістерінің сипаты мен әріменгі қимылын түсіне білу, химиялық әрекеттесудің қоршаған ортаға тигізетін әсері мен сипатын білу. Заттардың өзгерулерін білу-маңызды, және жауапкершілікті талап ететін қадам; заттардың түп өзгерістерін білу болмыстың түпкі негізін анықтауға жақындатады. Алдыңғы дәуірлердегі алхимиктер мұны жақсы білген және өздерінің әрбір қадамдарын нықтап басқан. Біз оқушылар мен студенттерді анализ бен синтездің қатал шарттарына ғана үйретеміз, ал негізінен оларды жан мен тәннің үйлескен маңызды мәнділікке баулыған жөн. Сондықтан да зертханаларда жаңа әскери улаушы заттар, есірткілер, канцерогендер пайда болып жатыр [2] .

Материалды ғылымдардың бірі химияны алхимиктерге тиесілі құпиялылықтан айыру арқылы көптеген жаңа ашылулар мен жетістіктерге жеткізді. Бірақ бұл жағдай өзінің кері әсерін де тигізді. Кері әсер тек химияға ғана емес, жалпы ғылым әлеміне - әлемді сезіну қабілетін жоғалту, зертаналық қондырғыда болып жатқан өзгерістердің барлық әлем мен ағзалардың арасындағы байланыстың үзілуі секілді әсерлері білінді. Мұның ең көріністі салдары - экологиялық дағдарыс.

Соңғы жылдары батыстық және шығыстық техника мен ғылым дамуларының жетістіктері бір-бірімен қарқынды түрде байланыса отырып, үйлесімділікке тырысуда. Үйлесімділік және барлық болмыстың бірлігі пәлсапасы, адамның табиғаттан бөлінбестігі зерттеушілерді табиғат заңдарына ойланбастан әрекет етуден сақтандырды, бірақ жаратылыстану ғылымдарының оңтүстікшығыс Азия елдеріндегі дамуын едәуір бәсеңдетті. Дәл осы уақыттарда еуропалық білімдерде субъектінің (адам) және объектінің (зат) бөлінуі, білім мен діннің бөлінуі, Декарттың рационализмі және Бэконның эмпиризмі адамды өзі зерттеп жатқан табиғаттан алыстатты, бірақ орасан зор техникалық дамуға әкеп соқты. Болып жатқан жағдаяттарды ұғынуда білімдерді бере алу үрдісі мен қабылдауды ұйымдастыруға жаңа тәсілдер болуы керек. Дәл осында терең білімдер осы білім саласының элементі ретінде ғана қабылдануы мүмкін.

Педагогикалық инноватиканың түсініктер жүйесі. Педагогикалық инновациялық үрдістер ғалымдардың назарына өткен ғасырдың 50-жылдарында - Батыста, ал соңғы жылдары ғана - бізде көзге түсе бастады.

«Инновация» ұғымы жаңашылдық деп түсіндіріледі. Өз кезегінде «жаңашылдық» сөзі үрдіске немесе қалыптасқан жүйеге мақсатты түрде жаңа тұрақты элементтерді (жаңашылдықтарды) енгізу, олар жүйенің бір күйден екіншісіне өтуге мүмкіндік береді. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде «жаңашылдық» ұғымы жаңа әдіс ретінде түсіндіріледі (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т. б), ал инновация - жаңа әдісті меңгеру үрдісі[3] .

Жалпы алғанда инновациялық үрдіс сөзінің астарында жаңашылдықты жасау, меңгеру, қолданудың кешенді іс-әрекеті ұғындырылады. Кез-келген педагогикалық әдістің жаңашылдығы өзіне тән нақты-тарихи сипатта болады. Нақты уақытта туыла отырып, белгілі тарихи дәуірдің мәселелерін қарқынды түрде шеше отырып, жаңашылдық көпшіліктің көңілінен шығып, білім және тәрбие берудің жалпылама сипатына дейін артып, кейіннен ескіріп және кеш уақыттарда дамудың артқа сүйреуші фактор ретінде орын алады.

Педагогикалық тәжірибелерді жалпылай және зерттеу негізінде инновациялық тәсілдер арқылы көпшілік мұғалім қауымының тәжірибедегі шынайы іс-әрекеттерін бейнелеуші жаңашылдықты жасауға болады. Дәл осында «алдыңғы» және «жаңашылдық» тәжірибе ұғымдарын ерекшелеп алған жөн. Алдыңғы тәжірибеге қалыптасқан ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдаяттарда білім және тәрбие берудің тұрақты жоғары нәтижелерін қамтамасыз етуші тәжірибелік іс-әрекеттер жатады. Ал жаңашылдық (инновация) қалыптасқан нормативтер, тәсілдер, әдістер, бағыттардың шеңберінен шыға отырып іс-әрекеттердің сапалы өзгерістері және жаңа педагогикалық жүйе, білім және тәрбие берудің жаңа технологияларын жасау және енгізу.

Алдыңғы немесе инновациялық тәжірибелерді оқу үрдісіне енгізерде К. Д. Ушинскийдің идеясын еске түсірген жөн: тәжірибенің өзі емес, тәжірибеден қорытылған ой беріледі, яғни оқыту - тірі, үздіксіз өзгерістегі үрдіс: балалар, жағдаяттар, оқу жағдайлары мен мұғалімнің өзіндік тұлғасы қайталанбас [4] .

Педагогикалық шығармашылық инновациялық түрлендірулер факторы ретінде. Шығармашылық жасампаздық іс-әрекет ретінде, қандай да бір салада іске асырылса да қарама-қайшылықтарды шешуші үрдіс ретінде әрекет етеді.

Ғылымдағы жаңа теориялар ескі түсініктер шеңберіне сыйыспайтын фактілерге байланысты пайда болады. Электролиттік диссоциация теориясының қалыптасу жолын еске түсірейік: қышқыл, тұз және негіз ерітінділерінің қасиеттері қант, бензой қышқылы және басқа да заттар ерітінділері қасиеттерінен өзгешеленуі Аррениусты сулы ерітінділерде молекулалар иондарға ыдырайтынына әкеп соқты; СО молекулаларының инерттілігі, оттегінің парамагнетикалық қасиеті және басқа да қарама-қайшылықты жағдаяттар химиялық байланыстың ММО теориясының пайда болуына сеп болды; никель және ванадийдің басқа 3д элементтермен салыстырғандағы кешенді беріктігі лиганда аймақтарының кристалдану теориясының ашылуы себеп болды [5] .

Осы орайда педагогикалық шығармашылық үрдісі де шетте емес: іс-әрекеттердің жаңашылдығы, инновацияларды енгізу шығармашылық ізденіске итермелеуші нақты қажеттілікті туындатуы және негізделуі қажет, ол өз кезегінде педагогикалық жаңашылдықтың негізгі қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды табу және ұғынудан басталады - оқыту немесе білім беру үрдісінің мазмұнды ерекшеліктеріне негізделген қарама-қайшылықтар [1, 35б] .

Қарама-қайшылықтар ретінде білім беру жүйесінің өзі, оның ұстанымдары болуы мүмкін: ғылымилық және қол жетімдік ұстанымы, білім берудің қоғамдық сипаты және білімді қабылдау мен ұғынудың тұлғалық, жекелік сипаты және т. б.

Психология-педагогикалық теорияда келесідей қарама-қайшылықтарды бөліп жіктейді:

І - аса қажетті, оқу үрдісінің нағыз және тұрақты қозғаушы күштері;

ІІ - шарасыз, яғни дәл қазіргі уақыттағы оқу үрдісінің кемшіліктері (мысалы, оқуды қабылдау және уәждемелік деңгейлері әртүрлі сыныптарды жинақтау) ;

ІІІ - кездейсоқ, немесе жағдаятты, бұл субъективті факторлармен, жеткіліксіз эрудиция және назар аудара білдірушілікпен, «мұғалім-оқушы» байланысының әлсіздігімен, нашар тәрбиемен және т. б. сипатталады.

Бұлар кері рольді атқарады, оқу үрдісін күрделендіреді, нақты қозғаушы күштердің, инновациялардың орын алуына кедергі келтіреді. Бұл қарама-қайшылықтардың алдын алу, өту аса қиын емес. Бұл жерде педагогикалық мәдениет, педагогикалық шеберліктің кәсібилігі мен деңгейі сөз болып отыр. Осы қасиеттер, олардың жоғары деңгейде дамуы мұғалімнің әуелгі екі қарама-қайшылықтарды ұғынуына негіз болады және сол кедергілерден өту - шығармашылық пен жанашылдықтың пайда болуына себеп болатыны анық.

Қарама-қайшылықтарды шешу тұрғысынан алғанда біз химияны оқытудағы негізгі инновацияларды жіті бақылаймыз, ұтымды шешімдердің салаларын саралаймыз.

1. 2 Мектептегі химиялық білім берудің тұжырымды негіздеріндегі инновациялар

Оқытудағы аса маңызды әрі күрделі қарама-қайшылықтардың бірі ретінде жоғарыда аталып кеткендей оқытудың ұжымдық ұйымдастырылуы және білімді қабылдаудың жекелей сипаттары болып табылады, бұлар өз кезегінде тағы да бірқатар қарама-қайшылықтарды туындатады, мысалы: жаңа оқу материалы деңгейінің күрделілігі және оқушылардың таным қабілеттерінің әртүрлілігі; білімді бағалаудың әділдігі, туралығы және өзіндік қасиеттер мен оқуға деген қатынас деңгейі; бағдарлама бөлімдерін оқу сатысы мен уақыты және оқушылардың білімдерді қабылдай алуларының деңгейі және т. б. Осы берілген қарама-қайшылықты шешу жолы - оқытуды дифференциалдау және жекелендіру, яғни бұл үрдістерді химияны оқыту үрдісін гуманизацияладың бағыты ретінде қабылдаған жөн.

Мектептегі химияны оқытудың тұжырымдамаларында оқытудың дифференциалданған әдісі ретінде оқушыға өзіне қызықты пәндерді таңдап оқуды ескерген жөн, бұл өз кезегінде өзіндік тұлғалық қабілеттер мен қасиеттерді дамытатыны анық. Мектептегі химияны оқытудың құрылымында көрсетілгендей үш компонент қарастырылған: дайындық, жалпы және бейіндік.

Жалпы компонент (8-10 сыныптар, негізгі мектеп) барлық оқушыларға міндетті, химия курсының жүйеленген түрі берілген, игерілетін білімдер көлемі мен тереңдігі Мемлекеттік Білім беру стандартында көрсетілген. Осы сатыдағы оқытуды жекелендіруді деңгейлік әдіс және сынып, топтар шеңберіндегі ішкі дифференциация үрдісін факультативтік сабақтар мен үйірмелер, мектептің ғылыми қауымдастығы арқылы ұйымдастыруға болады [6] .

Бейіндік компонент оқу-тәрбие мәселелерін шешумен қатар, оқушылардың химияға қызығушылығын арттыруға, олардың білімін ұлғайтуға, әріқарайғы кәсіби білім алудың таңдауы мен артықшылықтарын анықтай білуге үйретуі қажет. Сондытан химияны оқытудың кітаптары, бағдарламалары және дидактикалық материалдары мектептің, сыныптың бейініне қарай жасалады. Осылайша, гуманитарлық бағыттағы мектептегі химия курсында заттардың химиялық эволюциясы, адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер, химия мен өнердің байланысы қарастырылады. Аталған курстарда химияның күнделікте өмірмен байланыстығын жүзеге асыру аса маңызды орынға ие. Химия курсы белгілі бір деңгейде адамзат дәуірінің дамуында химияның мәдениет элементі ретінде мәдениеттік түрде оқытылуы қажет.

Химиялық білімдерді жетілдірудің кез-келген таңдалған жолында олардың деңгейі базалықтан аспауы қажет, бірақ бұл білімдерді алу жолы оқушылардың гуманитарлық қабілеттерін дамытуы қажет.

Техникалық бейіндегі мектептер мен сыныптарға оқушылардың еңбек дайындығына байланысты химия курсы ұсынылады. Тәжірибелік тұрғысынан бұл курс белгілі кәсіпті меңгеруге қажетті білімдер және біліктермен оқушыларды қаруландыруы қажет.

Жараталыстану бағытындағы мектептер мен сыныптарда химияны оқыту базалықтан жоғары, теориялық деңгейде оқытылуы қажет. Химия және биологияны оқытуды дамытуда олардың өзара әсерлесуін, кіріктірілуін күшейту қажет. Оқушыларға биологияны оқытудың химияның мүмкіндіктері мен химияны оқытудағы биология ғылымының ерекшеліктерін үйрете отырып, олардың өзара ғылыми байланысын күшейтеді, мысалы биологиялық құбылыстардың молекулалық деңгейде зерттеу.

Химиялық білім берудің тұжырымдамасында әрімен қарайғы арнайы химиялық, химия-биологиялық, химия-технологиялық білім аламын деушілерге химияны тереңдетіп оқыту курсы қарастырылған. Жоғарылатылған деңгейдегі химияны оқыту бейорганикалық, органикалық, физикалық, аналитикалық химияның теориялық негіздерін, сонымен қатар тәжірибелік сипаттағы білімдер жүйесін қарастыруы қажет. Мұндай білімдерді игерген оқушылардың білім мен білік деңгейі мектептің мүмкіндігі мен тереңдігімен, мұғалімнің кәсібилігі және құзіреттілігімен анықталады.

Осылайша, қазіргі таңдағы әрекет етуші оқу бағдарламалары мен оқулықтардың тізбесінен химия курсын арнайы немесе тереңдетіп оқытатын материалдарды оңай таба алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында
Шығармашылық қабілетті дамытудағы әдістер мен жетістіктер
Дидактикадағы оқыту технологиясының мәнің мен мазмұны
Дидактикадағы оқыту технологиясын, әдістері олардың бір-бірімен байланысы
Оқытудың модульдік оқыту технологиясы
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Әдебиетті тереңдетіп оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz