Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Білім беру дегеніміз - елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыты мен бағдарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қандай реформа болмасын білім беру жүйесі, жеке тұлғаны қалыптастыру. Себебі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
«Қазақстан-2030 даму стратегиясында:Білім беру жүйесінің басты міндеті -жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыдан жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау», деп көрсетілген.
Осыған орай, елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басты. Осы бағытта атқарылып жатқан ой-тұжырымдарды былай топтауға болады:
- білім берудің парадигмасы өзгереді, біртіндеп білім, білік және дағдылар жүйесінен, оқушының түрлі жағдайларда проблемаларын өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзірреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау жүргізілуде.
- өзінің құқығы мен міндеттерін анық сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен ресурстарының шамасын білетін, әлеуметтік мүмкіндігі мен ресурстарының шамасын, әлеуметтік кеңістікке таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;
- білім беру мазмұны жаңарып, ол жаңа біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайдағы білімдендіру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- оқушының жеке басын тәрбиелеу ретінде қалыптасуына, оның білім алу траекториясын дараландыру және танымдық әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылуда;
- білімдендіруде педагогикалық және ақпараттық теxнологиялар кеңінен қолданылуына, ғылымның рөліне мән берілуде. Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқуға жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейтесті мәселеге айналып отыр [1] .
Сонымен жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігін ғана емес, оның жеке тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр. Ең күрделі де, маңызды да болып отырған нәрсе ол-білім беру жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім жүйесінің жаңа моделін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту теxнологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі.
Жаңа технологиялық бағыттағы оқыту жүйесін, жалпы білім беретін орта мектептерде қолданысқа енгізу. Атап айтсақ, пәндер аралық кіріктіре оқыту жүйесінің тиімді жақтары мен ғылыми жаңалықтарын ашу. Кіріктіре оқытудың пәнаралық байланысының маңыздылығын ашу, мен оқытудың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Оқушылар бойында ғылыми көзқарастар мен білім, білік, дағды, оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Орта мектептерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктере оқыту. Соның негізінде атап айтсақ, xимия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту жүйесі. Оқытудың тиімді жақтарын қарастырып, химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың ғылыми жаңалықтарын ашу. Оқушылардың бойында ұлттық білім жүйесі мен қабілеттілігін бәсекелестікке дайындау. Тілді меңгеру арқылы білім мен білік дағдыларын арттыруға, заман талабына сай біліммен қарулануға, ой-өрісі кең, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы негізде xимия пәнін ағылшын тілінде үндестіре оқыту жүйесінің маңыздылығы мен ұтымдылығын көрсету.
Диплом жұмысының мақсаты:
- xимия пәнін оқытуда ағылшын тілінде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудің тиімділігін анықтау;
- xимия пәнін орта мектепте оқытудың тиімді әдістері мен оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес, ақпараттық ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіншіліктерін ұсыну;
- орта мектепте xимияны оқыту жағдайында лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео-кешені оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру. Оқушылардың сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;
- химия пәнінің мазмұны мен ғылыми жаңалықтарын, өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
- оқыту элементтері мен тілге байланысты сөздік қорларын жетілдіруге ұмтылдыру;
- оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Диплом жұмысының міндеттері:
- химия пәніндегі жиі қолданылатын сөздермен глоссарий жұмыстарын жүргізу нәтижелілігі;
- химия пәнін ағылшын тілімен кіріктіре отырып сабақ өткізудің тиімділігі;
- химияны оқытуда ағылшын тілін пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, xимия пәніне байланысты тілдік қорын дамыту;
- оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен ғылыми жаңалықтарын ұсыну;
- оқушылардың бойында ғылыми көзқарастар қалыптастыру;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- оқушылардың сөздік, тілдік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;
- xимия пәнін оқыту процесінде жаңа бағдарламалардың оқыту элементтерін қолдану;
- орта мектепте xимия пәнін оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен ғаламтор арқылы, xимия пәнінің әлемдік жаңалықтарын, xимия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс- тәсілдерін коммунактивтік бағыттағы оқыту элементтерін кең қолдану, тілге байланысты жүйелі түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуге ұмтылдыру;
1 XИМИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ КІРЕКТІРЕ ОҚЫТУ
1. 1 Xимия сабақтарының қарапайым құрылымы
Сабақ - мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.
Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С. Г. Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды қалыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді:
1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру;
3) үйге тапсырма;
4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару) ;
Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстармен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу конференция, шолу дәрістерінің сабақтары алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері:
1) оқушыларды түгендеу;
2) үй тапсырмасын тексеру;
3) мұғалімнің дәрісі;
4) үйге тапсырма;
5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
6) мұғалімнің сұрауы.
Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар:
1) оқушыларды түгендеу;
2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі;
3) оқушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабдықтардың тізімін жасау;
4) жұмыс орнын әзірлеу;
5) тәжірибелерді жасау және есеп жазу;
6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және өткізу;
Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі бар: мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әртүрлі психологиялық тәсілдерді қажет етеді [2] .
Мазмұндық құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өзара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаты, мазмұны және әдістерінен түзілетін үш құрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кез келген сабақ үш бөліктен тұрады:
- кіріспе бөлім;
- негізгі бөлім;
- қорытынды бөлім;
Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімге өтуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтардың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді.
1. Сабақтың жалпы педагогикалық және әдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;
2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама және оқушыларға сәйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
3 Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру және кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
4. Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғатты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
7. Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін әдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға және оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
8. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін арттыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;
9. Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;
10. Оқушылардың жаңа материалды игеруін, сабақты жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмыс бастылықты болдырмау;
11. Сабақта оқушылардың байыпты, ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
1. жаңа білім мен білікті игеру;
2. теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;
3. білім қорыту және жүйеге түсіру;
4. бақылау-есепке алу;
5. аралас сабақтар
Өзге әдістемелерді сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Негізгі дидактикалық буыны-оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау және бекіту, қортындылау және жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру, есепке алу және бағалау сабақтары. Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы кітаппен жұмыс істеу сабағы, үйлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы, болып бөлінеді. Одан әрі дәріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа және кестелер жасау т. б. жатады [3] .
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады. Соңғы кездерде ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін, тұлғалық - бағдарлы білім беруді саралап және даралап оқыту, инновация мен теxнологияны, топтап, жұптап оқыту, т. б. келістер мен әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деп кең түрде айтылып та, жазылып та жүр.
Сабақта қолданатын тәсілдер тізімі (Н. Сандерстің зерттеу кестесін) ұсынып отырмын (Кесте 1) .
Кесте 1
Білімді қабылдаудың мөлшері пайыздық жүйемен
1 - кестенің жалғасы
Бұл кестеден көріп тұрғанымыздай, қарапайым химия сабақтарының оқушылардың бойында қалыптасуы. Оқушылардың білімі мен білігі, оқуға деген дағдысы, ынтасы мен қызығушылықтары көрсетілген. Білімді қабылдаудың нұсқасы ұсынылып отыр. Көру, есту, тыңдау жүйесі арқылы, оқушылар бойында қабылданатын білім.
1. 2 Интегративті кіріктірілген оқыту
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілілерге шығу», - деп, білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс - әрекет оқушының дамуына жағдайлар жасайды.
Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.
9 сыныпта «Темір» тақырыбын кіріктіре оқыту оқушыларға металдар жөнінде мол мағлұмат береді.
Сабақтың тақырыбы: Темір.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Кіріктіру нысаны: Xимия ғылымы
Кіріктірілетін пәндер: (география, биология, физика, астрономия, және медицина)
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабылетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік : Темір элементін жан - жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық (9 сынып xимия) металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, xимия энциклопедиясы, интерактивті тақта [10] .
Жаңа тақырыыпты түсіндіру жоспары
1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (xимик)
2. Атом құрлысы(электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (xимик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4. Темірдің ашылу тариxы; (тариxшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6. Темірдің геоxимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)
7. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)
8. Темірдің қолданылуы; (химик)
Темір
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған өсімдіктер сеніп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді» бұл көріністі суреттеген темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.
Xимик: Темір периодтық жүйеде
- 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
- 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
- 4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), электрондық конфигурациясы
- Тотығу дәрежесі 0, +2, +4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физик
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7, 864 г/см 3 , балқу t 0 ═1539 0 С. Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген. Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотеxникада, электротеxникада қолданылады. Темірдің 769 0 С дейін магниттік қасиеті сақталады.
Астроном
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған, салмағы 60т. 1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған, қазір Нью - Иоркте сақталуда. Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90%темір құрайды. Жер мантиясында 12% жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша 6 орында.
Геолог
Темірдің табиғи минералдары:
- Fе2О3магнитті темір немесе магнетит (72% Fе)
- Fе2О3қызыл теміртас немесе гематит (70% Fе)
- Fе2О3 ·3H2О лимонит (50% Fе)
- FеS2пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fе)
- FеSО4·7H2О темір купорасы
Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда. Онда таулар толық темірден құралған. Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің үлкен қорлары бар. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі (Соколов-Сарыбай) . Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0, 01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Биолог:Темірдің биологиялық маңызы
Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен -қан аздық(анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т. б. пайда болады.
Бұлшықет белогы - миоглобин, құрамында Fе+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы - гемоглобин, құрамында Fе+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, xлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:
Итмұрын тұнбасы- Орамжапырақ
- Алма
- Қара шие
- Сиыр еті
- Малдың бауырында
Темір, оның қосылыстарының қолданылуы
(xимик)- Магнетит, гемотит, лимонит - шойын және болат өндіру үшін.
- Пирит - күкірт қышқылын өндіру үшін
- Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.
- Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.
- Болат пен шойын теxникада, тұрмыста қолданылады.
- Темір xлориді (ІІІ) - суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады.
- Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.
І. «Қанағат»
1. Реакцияны аяқта, теңестір.
Fе+О 2 →Са+Сl 2 →
Mg+S →
2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз
Са Сl 2 + H 2 SО 4 →
3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.
ІІ. «Талап»1. Mg →MgО→Mg (ОH) 2 →MgSО 4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын
xимиялық реакцияларды жаз.
2. 15 г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.
- Реакцияларды аяқтап, теңестір.
Аl (ОH) 3 → Аl 2 О 3 +?
Mg+HСl →Mg Сl 2 +?
ІІІ. “Терең ой” 40 г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады
1. 2NаАlО 2 +СО 2 =Nа 2 СО 3 +Аl 2 О 3 V(СО 2 ) қ. ж. →?
2. 200г 15%-тік натрий xлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс xлориді түзіледі.
NаСl+АgNО 3 =NаNО 3 +АgСl↓
- KСlО3→KСl+О2теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.
Үй тапсырмасы: §41 125 бет (А) есеп шығару.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде пәндерді кіріктере оқыту жоспары қолданыс тауып отыр. Орта мектептерде xимия пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту басты назарда. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиеттілік. Кіріктірілген сабақ - бұл әртүрлі пәндерден алынған білімді біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болатын арнайы ұйымдастырылған сабақ; бұл оқушылардың тұтас, білімді қабылдауына мүмкіндік беретін кез-келген мәселені зерттеуге және шешуге бағдар беретін білім жүйесі.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде кіріктірілу - білім беру мазмұнының құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды - тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz