ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.2 Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1 Оқушылырдың өзіндік жұмыстарының формалары мен ұйымдастыру дың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу процесіндегі оқушылардың
эксперименттік іскерлік пен дағдылыларын 31
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу 35
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін
ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға
жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады.
Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің
түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде
күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап
етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі.
Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы
бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті
дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімін
мұғалімнің беретін білімін одан ары өз бетінше белсенді, нысаналы
танымдық іс-әрекеттің нәтижесінде игеруді талап етеді. Осыдан кейін
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік
жұмысқа көңіл бөлу- оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бір шарты болып
табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігіне
септігін тигізетін оқу процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың
тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруді талап етеді
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list1.html] [1].
Болашақ химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын,
мақсаттары мен мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді,
оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану
әдістерін, психология, педагогика ғылымдары мен озат тәжірибе
жетістіктерін мектеп практикасында батыл енгізу тәсілдерін университет
қабырғасында жүргенде игере бастауы тиіс екені белгілі.
Жалпы психология-педагогикалық әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу
ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. И.Н.Нұғманов, У.М.Маканов,
М.Ж.Жадрина т.б өз бетімен жұмыс істеу жеке тұлғаға тән қасиет ретінде
қарастырса, П.И.Пидкасистый, Т.И. Шамова, М.И.Махмутов және т.б.
зертеушілердің пікірінше ізденімпаздылық танымдық іс-әрекеттің сапалық
көрсеткіші ретінде сипатталады. Мектеп оқыту жүйесінде, әсіресе химияны
оқытуда өзіндік жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру туралы зерттеулер
жеткіліксіз деп айтуға болады [http:melimde.comorta-mektepte-
oushilardi-ozdik-jmistarin-otkizu-j oldari.html].
Бұдан оқушылырдыңңөзіндікұжұмыс істеу дағдысын химиядан зертханалық
сабақтарда қалыптастыру мәселесінің әліде, болса толық зерттелінбегені
және қазіргі уақытта, көкейкестілігін анықтай отырып, зерттеу тақырыбын
Химиядан зертханалықғсабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру,-деп тұжырымдауға мүмкіндікүжасады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Педагогика оқулығында И.П.Подласый
негізгі керекті категориялардың анықтамаларын келтірген(
Білік ( адамдардың фактілерге, ұғымдарға және ғылыми заңдарға сүйене
отырып көрсете алатын объективті шындық,өмір тәжірибесіне және игерілген
дағдылары мен білімдері негізінде саналы түрде өз бетімен орындайтын
практикалық және теориялық тұжырымдар жасаудағы іс(әрекеттер.
Дағды ( көптеген жаттығулар арқылы шыңдалған, керекті іс(әрекеттерді
орындауда байқалатын, практикалық түрдегі іс(әрекеттің компоненттері.
Яғни, білік( оқып(үйренген білімдерді іс жүзінде қолдану тәсілдерін
игеру, ал дағды (жоғары дәрежелі автоматты түрге дейін жетілдірілген
білім деңгейі.
С.В.Иноземцева білім мен дағды ұғымдарына талдау жасай келе, Ильина
Т.А.Лернер И.Я., Разумовский В.Т.,Скаткин М.Н.,Талызина Н.Ф. еңбектерінде
білімді адамның игеруін саналы түрде орындайтын әрекеттері, жекеленген
жалпы іс(әрекеттер және жалпы іс(әрекеттер процесі деп аталатын ойларын,
Кабанова(Меллер Е.Н., Усова А.В., Щукина Г.И. еңбектерінде білімді
іс(әрекеттердің белгілі түрлерін орындауға керекті қабілеттілік ойларын
атап көрсете отырып, бұл ұғымдарға автор өзінің анықтамасын төмендегідей
түрде ұсынады( білім(саналы түрде бақылауды талап ететін адам игерген
іс(әрекет қабілеттілігі, ал дағды ( саналы түрде бақылауды қажет етпей(ақ
жүргізілетін іс(әрекет қабілеттілігі.
Диплом жұмысының мақсаты. Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың
өзіндік жұмыс істеупдағдыларын қалыптастыруе әдістемесін ғылыми түрде
негіздей отырып оны қолданудың педагогикалықө мүмкіндіктерінөанықтау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- психология-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау
негізінде оқушылардың өзіндікпжұмыс істеу дағдыларыныңрмән-мағынасын,
мазмұны мен құрылымыно ашу жәнеанегіздеу;
- өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыратын оқушылардың танымдық іс-
әрекеттеріне сипаттама бере отырып оның негізгі жолдарын ашып көрсету;
- зертханалық сабақтардапхимиядан арнайы жеке-дара тапсырмалар
құрастыру, оқушылардың өзіндік жұмыслістеу дағдысының даму деңгейлеріне
сәйкес әдістемесінр ұсыну;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-
тәсілдердің тиімділігінртәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың өзіндік жұмыс істеу қабілетін тиімді қалыптастыру
процесінің мазмұны ашылды, оның негізгі кедергілерінің үлгісі
жасалынды;
- химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың әдістемелері ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебтеттер тізімінен және жалпы 60 беттен
тұрады.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың өзіндік жұмыс істеу
мәселелері

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Қазақстан халқына арналған
Жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету
үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады деп
көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал
етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас
мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап
қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған
негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек
тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті
сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.)
қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен
шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу
және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімінің сапасы –
мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық
заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны
тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін
оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн [
https:stud.kzreferatshow74822] .
Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі – жұмысты орташа
оқитын оқушыға бағдарлаудан бас тарту да, әр тұлғаның ұтымды дамуына
жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды
емес; ең маңыздысы оқушыларды өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта
құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Осыған
байланысты алған білімін түсіну проблемасы ерекше көкейтесті болып отыр.
Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту
білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген.
М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер: білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда
қолдана білуден, химиялық тәжірибені жүргізе білуінен, эксперименттік
есептерді шығарудан көрінеді, - деген болатын. Осы орайда, химиялық
тәжірибе мен эксперименттік есептерді оқушылар жүйелі түрде шығарып
отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда ғана олардың
білімдері берік болады. Химияны оқыту әдістемесінде (С.Г.Шаповаленко,
Ю.В.Ходаков, М.Я.Голобродько, В.Н.Давыдов, Н.А.Титов, П.А.Оржековский)
оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған
бірқатар зерттеулер бар [ https:stud.kzreferatshow22027] .
Бұл үшін негізгі құрал ретінде химиялық тәжірибе мен эксперименттік
есептер қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған:
эксперименттік есептерді шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік,
өздері түсінген білімдерінің болуы (Р.Г.Иванова, А.Г.Иодко және т.б.).
Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін химиядан эксперименттік
есептердің бүгінгі күнге дейін ролі зерттелген жоқ. Сонымен, дидакт
ғалымдардың атап көрсеткеніндей білімді түсінуі үшін эксперименттік
есептердің мүмкіндіктері мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған
химияны оқыту әдістемесінің теориясында зерттеулердің болмауы арасында
қайшылық қалыптасып отыр [http:www.bauka.kzindex.php2011 -08-20-05-59-
562011-09-10-05-44-081191-2011-10 -31-14-27-45].
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің қатарына
деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін
туындатуда. Осыған сәйкес қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму
институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге
бағытталған. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық және саяси бағыттардағы
жоғарылауындағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл
тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Педагогикалық білім дәстүрге бай болып саналады. Бірақ, педагогика
сол дәстүрліліктердің қазіргі күннің мәселесін шеше алмайтын немесе
шешудегі тиімділігінің төмен болып тұр. Осыған орай жүріп жатқан
модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын арттырып, оның
халықаралық білім кеңістігіне кіріуіне деген қажеттіліктерін
қанағаттандырып, еліміздің өркендеген елдердің қатарынан көрінеміз деп
күтілуде.
Оқушылардың танымдық өз беттілігін дамытуды арнайы ұйымдастыру – оқу
процесін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны
жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігі мен өз беттілігін
ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін,
әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [3].
Оқушылардың өз беттілігін қалыптастыру жағдайына педагогтардың,
психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл
проблеманың кейбір қырлары тереңге бойлайтын көне замандардан бастау
алатыны жөнінде айта кеткен дұрыс.
Сократтың өзі – ақ оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігі
мен өз беттілігін басқарудың маңыздылығын атап айтқан болатын. Кейіннен
бұл тұжырымдар ежелгі Рим философтарының еңбектерінде, содан кейін
Я.А.Коменский. И.Г.Песталоций, Н.Г.Чернышевский және тағы басқа
еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Сондай – ақ В.П.Есипов, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, Н.А.Половникова,
М.Н.Скаткин, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамованың және тағы басқа ғалымдардың
зерттеулерінде де бұл жағдайға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген еңбектердің
авторлары танымдық өз беттілік пен белсенділік ұғымдарының арасындағы
байланысты әрқайсысы өзінше түсіндіреді. Сонымен қатар зерттеулердің
авторлары танымдық өзбеттілік ұғымының мазмұнына түрліше мәліметтер
берген. Басқа бір зерттеушілер өзбеттілікті жеке туылған қасиет, ал
екіншілері қабілет, ал үшіншілері он қажетсіну мен бейімділік деп
түсіндірген болатын.
Авторлар танымдық өзбеттіліктің қалыптасу жолдарын әр түрлі, яғни
өзбеттілік жұмысты ұйымдастыру, танымдық әрекеттің тәсілдерін
қалыптастыру және тағы басқа арқылы қарастырады. Төменде суретте Химиядан
оқушылардың танымдық іс әрекеттерін дамыту әдістері көрсетілген
(Сурет 1).

Сурет 1. Химиядан оқушылардың танымдық іс әрекеттерін дамыту
әдістері

Танымдық өзбеттіліктің мазмұнына Г.Н.Кулагинаның көзқарасы тиімді
дұрыс көзқарас болып табылады. “Мұғалімнің танымдық өзбеттілігін тек
қажетсінуді, іс - әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана
біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруі дұрыс емес, бұл ұғымның
мазмұнын тым тарылтады,” – дейді ол.
Көптеген зерттеу жұмыстарының авторлары оқушылардың оқу барысында
өзбеттілігі мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада
шешудің түрлі жолдарын атап көрсетеді:
1) танымдық іс – әрекетті қалыптастырудағы өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
2) танымдық іс - әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы жүргізу;
3) іс - әрекеттің бағдарланушылық негізін құрастыратын жалпылама
білімдерді енгізу;
4) оқытуды әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы жүргізу;
5) оқу іс - әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
Оқушылардың танымдық ізденіммпаздығын қалыптастыру проблемаларын
шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев, Н.И.Никандров және басқалардың
еңбектерін атап өткіміз келеді. Жеке тұлғаның ерекше қасиеттері сияқты
танымдық өзбеттіліктің дамуына әлеуметтік – педагогикалық факторлардың
ықпалын, әдістері мен тәсілдері жүйесін бөліп көрсетуді зерделенген
арнаулы зерттеулерді айта кетейік.
Б.П.Есипов: “Белсенділік шәкірт ақыл – ойының өзбеттілігінің белгілі
бір дәрежесін көрсетеді”, - дейді [http:freepapers.ru35himiyadan-
zerthanaly-sabatarda-oushylardy-znd k279937.1820176.list1.html].
И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының
ара қатынасы жөнінде бұған қарама қарсы пікірді ұстанады. Б.П.Есиповтың
пікірімен таныса келіп, ол белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың
дейді, сөйтіп белсенділікті өзбеттіліктің шартына жатқызады.
Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетіне сүйене отырып,
ол оның үш деңгейін бөліп көрсеткен. Олар: жаңғырту, түсіндіруші
белсенділіктері және белсенділіктердің шығармашылық деңгейі.
Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен өзбеттіліктің ұғымдары
ажыратылмаған, ал танымдық өзбеттілік ұғымының мазмұнында өзбеттілік,
негізінен, танымдық әрекетке жатқызылады
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list1.html].
В.А.Крутецкий оны зерттей келе мынандай қорытынды жасайды:
“Шығармашылық пен ойлау өзбетінше және белсенді ойлау болып табылады,
бірақ кез келген өзбетінше ойлау шығармашылықпен ойлау емес”.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде
В.И.Лозоваяның зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Автор жеке тұлғаның
белсенділігін талдай және жүйелеу келе, тұлғаның мәнін мен осы ұғымның
әрекет ұғымына қатынасын ашуда түрлі көзқарастың орын алып отырғанын атап
өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетелік:
1. Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы
категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша
белсенділік ретінде көрініс табады.
2. Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі
3. Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі
4. Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті
В.И.Лозовая әрбір көзқарасты бақылай келе, оларға жасалған талдау
белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап
өтеді. И.В.Бочкинаның еңбегінде өзбеттілік проблемасы өте тыңғылықты да
жан жақты зерттелген. Автор жеке тұлғаның өз беттілігін белгілі бір
мағынада алғанда : “Өздігінше жүзеге асырудың жүйелі процестерінің
белгілеріне ие болады”, - деген қорытындыға келеді. Таңдау әрекеті мен
оны жүзеге асыру жеке тұлғаның өз бетінше ізденімпаз болуының көрсеткіші
болып табылады [http:www.engime.orgpenni-ou-edi stemelik-kesheni-mektep-
himiya-eksperimentin-jrgiz.html?pag e=4].
Сонымен, соңғы уақытта жеке адамның белсенділігі мен өзбеттілігі
проблемалары жөнінде бірқатар ірі зерттеулер орындалған. Зерттеулерде
белсенділік пен өзбеттілік ұғымдарының ара жігін ажыратушылық байқалады.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасында: өзбетінше әрекет етуге дайын
болушылық та, алға қойылған мақсаттарға жету жолдарын таңдау да
көрінісін табатытын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Жоғарыда айтылған пікірлердегі танымдық өзбеттілікті жеке тұлғаның
сан қырлы білім алуы ретінде қарастыруға болады [4].
А.В.Усованың анықтамасына сүйене отыра біз өзіндік жұмыстардың жүйесі
деп алдымен өзара байланысқан, бірімен – бірі өзара сәйкестендірілген,
логикалық түрде туындап отыратын жалпы жұмыстың мақсаты тәуелді
жұмыстардың жиынтығын түсінеміз. Кез – келеген жүйе белгілі бір
талаптарды немесе принциптерді қанағаттандыруы тиіс. Олай болмаған
жағдайда бұл жүйе емес, фактілер мен обьектілердің жиынтығы болуы мүмкін.
Өзіндік жұмыстардың түрін таңдаған кезде, оның көлемі мен мазмұнын
анықтауда, негізгі зертханалық принциптерді басшылыққа алу керек. Ал бұл
принциптерді өзіндік жұмыстарда басшылыққа алудың мынадай ерекшеліктері
бар:
1) өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың мақсаты мен міндетін
түсіндіріп беру және оны орындау талаптарының мағынасы зор. Бұл
оқушылардың жұмысына мақсаты айқындалған сипат береді және оның анағұрлым
саналы орындауына ықпал жасайды. Көрсетілген талаптарды жете бағаламау
оқушылардың жұмыстың мақсатын түсінбей басқаша жасап қоюға немесе оны
орындау процесінде қайта – қайта оқытушыға сұрақ қоюға мәжбүр болады.
Осының бәрі уақытты ұтымсыз шығын етіп, оқушылардың өзіндік дәрежесін
төмендетуге әкеліп соғады;
2) өзіндік жұмыс оқушылар өзбетімен орындай алатындай, яғни өзіндік
жұмыстың мазмұны әрбір кезеңде студенттердің шамасы келетіндей болуы
тиіс;
3) ең алдымен, оқушылардың өзіндік жұмысты орындау дағдыларын
қалыптастыру қажет (кестелер мен сызбаларды салу, қарапайым өлшеулер
т.б.);
4) өзіндік жұмыс оқушылардың танымдық қабілеті мен белсенділігінің
қалыптасуына ықпал етуі үшін, орындауында проблемалық жағдайлар
тудыратындай тапсырмалар ұсынылуы тиіс;
5) өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кейбіреулер оқып үйренілетін
материалды шапшаң меңгереді, екіншілері оны түсінуі мен есте сақталуына
көбірек уақыт керек болатынын міндетті түрде ескерілуі қажет. Бұған
саралап оқытудың арқасында қол жеткізуге болады;
6) өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың
қызығушылығын тудыру тиіс. Ол ұсынылған тапсырмалардың жаңалығымен
шешілетін мәселенің немесе әдістің практикалық мәнін ашу арқылы қол
жеткізуге болады.
Біздің тәжірибемізде оқушылар өзіндік жұмыстарға әрқашан үлкен ықылас
білдіреді, бұларды орындау процесінде олар нәрселер мен құбылыстарды
зерттейді, химиялық шамалардың жаңа өлшеу әдістерін ашады;
7) мұғалім оқушылардың түрлі өзіндік жұмыстарын оқу процесінде
кездейсоқ және көріністі емес үнемі жоспарлы түрде енгізіп отырса,
оқушыларда өзіндік жұмыстың іскерліктері мен шеберліктерінің қалыптасу
процесі ойдағыдай болады. Осы жағдайда оқушылардың бірліктері мен
дағдылары жақсы қалыптасады;
8)оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің материалды
баяндауын оқушылардың білімдерді, біліктері мен дағдылары меңгерумен
шебер ұштасуы керек; өзіндік жұмыстың маңыздылығына қарамастан, оны
ұйымдастыруда шектен шығуға болмайды; өзіндік жұмыспен артық айналысу
бағдарламаларды материалды оқып үйрену екпінін баяулатуы мүмкін;
9)оқушылардың өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекші роль
оқытушы болуға тиіс. Ол әрбір өзіндік жұмыстың мазмұны мен көлемін
анықтайды, өзіндік жұмыстың әрқилы түрлерін оқыту әдістерін ойластырады;
өзіндік жұмыс орындау алдында оқушыларға түсінік нұсқау береді, оларды
өзін өзі бақылауға үйретеді және де оқушылардың жеке басының
ерекшеліктерін ескереді[http:freepapers.ru35hi miyadan-zerthanaly-
sabatarda-oushylardy-zndk279937.18 20176.list2.html [5].

1.2 Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың
теориялық негіздері

Химиялық эксперименттен алынған қорытындылар мен нәтижелердің
дұрыстығын тексеру арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, сана –сезімі
жоғарылайды. Мемлекеттік білім стандартына сай келетін оқушының білім
деңгейіне қойылатынтын талаптың бірі – оның тәжірибе жасау дағдысын
қалыптастыру. Эксперименттік сабақ жүргізудің басты мақсаты – химиялық
эксперимент жасау арқылы химиялық реактивтерді қолдану дағдысын
қалыптастыру. Жалпы білімнің жүйесі -қоғамдық өрлеумен бірге дамып,
онымен бірге өзгеріп отырады. Білімді өздігінен шығармашылықпен игеру
негізіне және сол білімді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған
интербелсенді әдістермен оқыту жүйесін енгізу оқытудың жаңа түрлерін
кеңінен пайдалануды, сабақ жүргізуді мүлдем өзгеше деңгейге ауыстыруды
талап етіп отыр. Мұндай түбегейлі қайтадан ұйымдастырудың пәрменділігі
мен нәтижелігі сөзсіз әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне, оқу
әдістемелік құралдарының және әртүрлі қосымша әдебиеттердің жеткілікті
болуына тәуелді [http:u-s.kzblog11078-himiyaly- eksperimentt-paydalanu-
aryly-orta-mektep-oushylaryny-himiy aly-blmn-zhetldru.html].
Химия- эксперименттік ғылым. Сондықтан оқушылардың оқуға деген
қабілетін арттыруда, дербестікке баулуда, тақырыпқа байланысты материал
іздеп тауып, білімін толтыруда өткізілетін зертханалық жұмыстың маңызы
үлкен. Оқушылардың теориялық білімі зертханалық тәжірибелер арқылы бір
зат екінші затпен әрекеттескенде қандай заттар түзілетінін, нәтижесінде
байқалатын құбылыстың химиялық мәнін түсінуге қызмет етсе ғана есте
жақсы сақталады. Оқушылар теориялық білім алу барысында ғылыми
дәйектермен танысқанда зертханалық жұмыстар түрінде өткізілетін химиялық
экспериментке сүйенеді. Химиялық эксперимент – ерекше динамикалық, өз
бетінше өзгеріп отыратын көрнекі құрал. Зертханалық жұмыстар білім
сапасының жоғарылауына көп әсер етеді және оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеуін қалыптастырады.
Сонымен қатар оқушылардың зерттеу әдісін пайдалана отырып зертханалық
- практикалық жұмыстар орындау барысында, эксперименталдық зерттеу
машықтары жүйесінің бағытты түрде қалыптасу мәселелері әдістемелік
әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде жарық көрмегендігін атап кетсе болады.
Бұл тұрғыдан А.В.Усованың оқушыларды оқу мен жазуды үйретуден бастап, өз
бетінше жұмысын жоспарлауға дейін оқу еңбегінің машықтары мен
дағдыларымен қаруландырмай оқу танымдық процестің табысты болмайтындығы
жөніндегі пікірі өте әділ болып табылады
Химиялық эксперимент – құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы.
Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне , олар
да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді
адамның сарамандық іс – тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкіндік
туғызатынына оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде
теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзіне асырады, білімді сенімге
айналдырады.
Эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын
тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, эксперримент
оқушылардың бақылаушылық, ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз
бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге
тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабақтарда дәлелдеу
және тексеру құралы ретінде де пайдаланылады .
Психологиялық – педогогикалық әдебиеттерді талдау арқылы, болашақ
мұғалімдерді дайындаудың негізгі құраушысы ретінде, өзіндік жұмысқа деген
ынтаның өскенін байқаймыз. Бұл проблеманы шешуде қалыптасқан бір көзқарас
жоқ. Өзіндік жұмыстың негізгі маңынасы әртүрлі бағытта талқыланатынын
байқалады. Кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты оқушылардың өзіндік
жұмыстардың ұйымдастыру және басқаруының белгілі бір педагогикалық тәсілі
ретінде қарастырады (П.И.Пидкасистый, С.И.Архангельский, В.К.Буряк,
Г.М.Галонов, М.А.Гарунов және т.б.).
Басқа ғалымдар ргөзіндік жұмысты оқушылардың интелектуалдық,
жігерлілік және кәсіптік сапаларын дамытатын, оқу бағдаламаларында
қарастырылған, оқылатын материалдардың мазмұны және керекті көлемін
игерудегі оқытудың жеке түрлері ретінде қарастырды (В.Н.Васильев,
В.И.Гроздева) [http:u-s.kzblog11078-himiyaly- eksperimentt-paydalanu-
aryly-orta-mektep-oushylaryny-himiy aly-blmn-zhetldru.html].
Енді өзіндік жұмыстың мағынасын айқындауға арналған зерттеулерге
көңіл аударайық. Дидактикалық зерттеулердегі көптеген жұмыстар
оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне арналған. Мысалы,
“Оқушылардың сабақ үстіндегі өзіндік жұмысы” монографиясында Б.П.Есипов
тұжырымы бойынша: “Оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей
қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшерін есептелген тапсырмасы
бойынша орындалатын жумыс бұл кезде оқушылар ой өрістерін және іс
әрекеттерін қорытындылай отырып алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады”.
Өзіндік жұмыс ұғымының осындай ой талқыдан туындайтын қасиеті өз бетімен
білім алу процесінде тек мектеп оқушыларына емес, сонымен қатар жоғары
оқу орындарында өзіндік жұмыс ұйымдастыруға да толығымен тән болуы
мүмкін. Сондықтан да, біздің ойымызша осы анықтаманы көптеген
зерттеушілер жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру
негізіне алған [http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-
oushylardy-zndk279937.1820176.list 2.html] (6(.
Оқушыларға табиғи ғылыми пәндерді оқытудағы өзіндік жұмыстың
мағынасын В.К. Буряк бір- бірімен өте тығыз байланыста екендігін, оларды
айқындауға болады деген пікір айтты. “Сыртқы жағдай үйретуші мүғалімнің
қабілетіне, ал ішкі оқушының білімге деген құштарлығына байланысты,
сонымен қатар оқушылардың функцияларының күрделі қатарына жатады, себебі
тиімді оқытудың негізгі ерекшелігі ретінде, оқушылардың тәртібінен
тікелей туындайтын талдаулық толықтырулық процесстер мен ойлау
қабілеттіліктері негізгі роль атқарады ”, - дейді ол.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің оқыту процесінде және оқушының білімі алу
процесінде қолданылатын әдістеме ретінде қарастырады. Өзіндік жұмыстың
әдістемелерінің ерекшеліктерін ол мынадан көрсетті:
біріншіден, өзбетімен жұмыс істеудің мақсатын айқындайтын,
тапсырмалардан тұратын, ұйымдастырушы сыртқы стимул болатынын олар
оқушылардың алдына зерттеуді талап ететін жаңа сұрақтар ұсынатынын және
жұмыстың мақсатына жетуді анықтауға мүмкіндік туғыза отырып, өзін-өзі
тексеру әдістерін анықтады.
екіншіден, оқушылардың жинақталған білім жүйесін пайдалана отырып,
тапсырмалардың мазмұнына сәйкес және оның орындалуына ықпал жасайтын,
ойлану процесі мен іс-әрекеттерін бағдарламалау мүмкіндігін алынады.
үшіншіден, оқу процесін басқару тапсырмада қарастырылған өзін-өзі
тексеру және кері ақпарат арқылы жүргізеді, өйткені ол мұғалімге
оқушылардың білім игеру дәрежесіне анықтаумен қатар оларды осы білім алу
процесіндегі жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Осы автордың көзқарасы бойынша өзіндік жұмыс оқушылардың ойлану
қабілеттерін дамытып, олардың белсенділігін және танымдық бағдарларды өз
бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, білімдерін тереңдету жолдарын
қарастырады. Өзіндік жұмыстың мағынасын сипаттауда ол оқушылардың ішкі
ойлану процестерінің ерекшеліктерін ескеру керек екендігін ұсынды.
Сондықтан өзіндік жұмыстың тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге апаратын,
жеке тұлғаның талдаулық-толықтырулық процесстер түрінде ойлану
мүмкіндігін туғызады. Өзін-өзі тексеру барысында оқушылар осы процестерді
қайтадан қарастырады. Өзіндік жұмыстың мағынасын анықтауда В.К. Буряк
сыртқы жағдайларды сипаттаумен шектелмей, сонымен қатар П.Е Гальперин,
Г.С. Костюк, А.М. Леонтьев, Н.Ф. Талызина, В.Ф. Шорохова т.б.
психологтардың еңбектеріндегі теріс теориялық негіздеме және
психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып өзіндік жұмыстың ішкі
мағынасын айқындайды [http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-
sabatarda-oushylardy-zndk279937.18 20176.list2. html].
М.А. Гарунов өзіндік жұмыс ұғымын тұжырымдауда өзгешелеу көзқарас
ұсынды. Оқу процесінің талабы мен ерекшеліктеріне сай, ол өзіндік
жұмыстың оқулық және ғылыми ілімтану түрінде қарастырады. Оның ойынша,
мұндай ілім танудың ішкі мазмұны ретінде, оқушылардың алға қойған
мақсаттарына жету жолдарын өзбеттерімен қарастыру әдістері алынады.
Бұл анықтамада өзіндік жұмыстың білім берудегі функциясы және
маңызына назар аударғаны байқалады. Біздің ойымызша оқу ерекшеліктердің,
автор атап көрсетпеген, даму және тәрбиелік мәндері де өте зор
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list2.html].
Өзіндік жұмыстың мағынасының толығырақ анықтанамасын П.И. Пидкасистый
жұмыстарынан байқауға болады. Өзіндік жұмыс мұғалімнің басқарушылығы мен
орындалып отыратын сан қырлы оқу өндірістік және зерттеулік тапсырмалар
түрлері деп жазады ол өз еңбектерінде. Бұл анықтама мұғалім еңбегінің
ерекшеліктерін ескермейтін сияқты. Ол тек өзіндік жұмыстың мағынасын кез-
келген білім мағынасына бірдей түрде сипаттайтындай.
Өзіндік жұмыстың түрлерін талқылауда педагогикалық әдебиеттерде
нақтылы қалыптасқан көзқарас жоқ. Осыған орай өзіндік жұмыстың
төмендегідей типтерін анықтауға болады [http:freepapers.ru35himiyadan-
zerthanaly-sabatarda-oushylardy-zndk279937.18 20176.list2.html].
1)қайталаушылық: оның негізгі белгілі бір хабарды зейін қойып тыңдап
алып, еске сақтап және қайталап беруге бағытталған, оқушылардың білім
алу процесінде іс-әрекеті алынады.
2)жеке ізденушілік: оның негізіне оқушылардың шығармашылық
элементтерін игеруі арқылы ізденушілік қабілеттікттерінің тәжірибе
жинақтауы алынады.
3)зерттеушілік: оның негізіне шығармашылық қабілеттілік тәжірибелерін
дамыта отырып, ғылыми ізденіс әдәстерін игеру алынады
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list2. html].
Соңғы кездерде өзіндік жұмыстың қызметін анықтайтын ұсыныстар да
болып жүр. Өзіндік жұмыстың негізгі басты мәні жеке тұлғаның өзбетімен
білім алу, өзбетімен даму, өзбетімен оқыту тәсілдерін бойына сіңіре
білуінде деп көрсетеді Сондықтан да ол, оқушыларға нақтылы білім берумен
қатар, оларда өзбетімен білім алу, өзбетімен даму, өзбетімен оқыту
тәсілдерін дамыту, өзіндік жұмыс орындалу процессінде ең маңызды деп
санайды [http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-
oushylardy-zndk279937.1820176.list 2. html].
Өз беттілік - жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік
жасайтын жеке қасиеттердің жиыны ғана емес, сонымен қатар ол болашақ
мамандығын таңдауына, жоғары оқу орнындағы процестеріне, балаларға
қатынасын сипаттайтын жеке тұлғаның қоғамдаға көрінісі. Атақты психолог
С.Л.Рубенштейн былай деп жазды:
Ойланып істелген іс- әрекетердің себептілігі және оның негігізділігі
шын мәніндегі өзбеттіліктің болжамы. Кез- келген бөтен сендірушіліктер
мен әсерлерге еліктемеу шын мәнінде өз беттілік жігерлікті көрсетеді,
себебі адам өзі басқаша емес, тек осылай істегені дұрыс екендігін
объективті түрінде сезінеді[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-
sabatarda-oushylardy-zndk279937.18 2017 6.list2.html] [7].
Жеке тұлғаның маңызды көрсеткіші ретінде, өзіндік жұмысты талқылауда,
психологиялық және педагогикалық еңбектерде тұрақты көзқарас
қалыптаспаған. Мысалы Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин өзбеттілікті жеке
тұлға белсенділігінің көрсеткіші және оның танымдық ізденісі
қабілеттілігі ретінде сипаттайды. В.Б. Бондаревскийдің анықтауына
өзбеттілік жеке тұлғаның оқу нәтижесінеде жоғары тиімділікке жетуге
бағытталған, оқу процессіндегі іс-әрекеттерінің түрі. Р.А. Назимов
өзбеттілікті жергілілік деп таниды.
Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі
Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз
бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен
дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Көптеген әдебиеттерге шолу
жасай келе және химия пәні мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, талдай
отырып үздіксіз эксперимент жүргізіліп отыратын мектептердің оқушыларының
бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптасуы
мүмкін екендігін анықтадық:
- Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:
- экспериментті жоспарлау;
- экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды
іріктеп алу;
- эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-
жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;
- әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;
- жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;
- жұмысты өз бетінше орындау.
Біздің ойымызша педагогикалық ойлаудың маңызды көрсеткіші ретінде
жеке бастың ішкі әлеміне ене білу болып саналады, оның ішкі күйін
түсінуге ұмтылу және оған әсер ету сияқты қабілеттер алынады. Сонымен
бірге бұл қабілеттер қатарына мұғалімнің тәрбиелейтін адамы мен бірге
күйіне білу (тек түсініп ғана қоймай, өзін оның орнына қоя білу), оның
тәртібіндегі өзгерістерді бақылай білу, тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастық жүйесін бақылап, осы
қатынастар жүйесінде өзінің позициясын айқындай білу сияқты қабілеттер
де жатады. Мұғалім ақыл ойының кәсіптік бағдарланған осындай
көрсеткіштері оқушының толық түсінуге мүмкіндік бере отырып, оған
жасайтын педагогикалық әсерінің нәтижелі болуына жол туғызады. Өзіндік
жұмыстар тапсырмаларына оқушылардың белсенді іс-әрекеттілікті талап етуді
қосуды, болашақ мұғалімдердің басшылық және кәсіптік қасиеттердің
қалыптастыру құралының біріне жатқызуға болады. Бұл тапсырмалардың
негізіне, біздің ойымызша, терең игерілген педагогикалық ғылымның болашақ
негіздері алынуы керек.
- Оқушылардың қоршаған ортада және өндірісте кездестіретін химиялық
құбылыстар мен процестерді түсіндіру және оларға талдау жасауға
қолданылатын теориялық білімдер.
- Құбылыстардың арасындағы заңдылықтар мен себеп–салдарлы
байланыстардың тағайындалу әдістерін тиімді түрде пайдалану.
- Бақылаулар, өлшеулер, есептеулер жүргізу және графиктер құру.
- Өзбетімен жоспарлап химиялық тәжірибелер өткізу және химиялық
аспаптарды пайдалана білу.
- Химия ғылымында қалыптасқан тілді пайдалану.
- Химиялық анықтамаларын, Д.И. Менделеев кестелерін ергіштік кесте
көрнекі құралдарын пайдалана білу.
Химиядан білім беру жүйесінің соңғы кездегі бағыттарының бірі химия
курсының құрамын структуралау, оның әртүрлі бөлімдерін біріктіріп және
жүйелеп қарастыру. Курстың кейбір бөлігі жалпы мақсаттары мен оқыту
әдістемесі бірдей болуы арқылы біріктіріле отырып және жалпы принциптер
негізінде құрастырылса, онда мұғалімнің оқушылардың шығармашылық ой-
өрісін дамыту, білімдері мен дағдыларын керекті деңгейде қалыптастыру
бағытында мол мүмкіндігі болады [http:freepapers.ru35himiyadan-
zerthanaly-sabatarda-oushylardy-zndk279937.18 20176.list2.html].
Кез келген маман қалыптасқан жағдайларын басқа шарттар да жұмыс
істей білуі қажет, ендеше оның нақты кәсіби дағдылары қалыптасқан болуы
керек. Н.Ф.Тализина маман үшін білімділіктің маңызын өте жаксы атап
көрсетеді. Оның ойынша: біліктілік болмай білім құралмайды, ал
біліктіліктің өзі белгілі деңгейдегі білім жүйесіне сүйене отырып
қалыптасады.
Өмірдегі көптеген өзгерістерге тез бейімделу үшін оқушылардың
шығармашылық ойлану процесін дамыту керек, оқытудың дамытушылық әдістері
арқылы қалыптасуы сөзсіз.
Оқытудың дамытушылық әдістері негізіне жаңалық ашу концепциясы алыну
керек,-дейді Джемора Брунер. Оқушылар әлем тану барысында практикалық
білім мен дағдыларын пайдалана отырып, ашылған заңдылықтарға сүйене
отырып, өздерінің меншікті тұжырымдарын жасау керек. Оқытудың бұл түрі
шығармашылық оқытуға жатады, себебі мұндай әдіс оқушылардың нәтижелі
ойлануын дамытуға әсер етеді. Осы теориядан қазіргі кезеңдегі оқытудың
дамытушылық концепциясы туындалады.
Қазіргі күнгі ой-пікірлердің ішінде бізге жақындауы М.Ж.Жадрина
концепциясы болып саналады. Оның негізгі қағидасы оқушылардың табиғатты
тану ғылымдары негізінде ойлану қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың табиғат тану ғылымдары негізінде ойлану қабілеттерін
қалыптастырудағы әсерін тигізетін факторларды талдау арқылы және
мектептегі химия курсын оқыту мәселесін салыстыра отырып, автор белгілі
бір пікірге келеді: оның айтуынша оқушылардың табиғат тану ғылымдар
негізінде ойлану қабілеттерін қалыптастыру үшін оқу процесіне химияны
оқыту барысында арнайы әдістемелер жүйесі мен тәсілдер енгізу керек екен.
Осындай әдістер қатарына оқылатын материалдарды проблемалық түрде
баяндау, проблемалық сәттер туғызу, зерттеулік және эвристикалық әдістер
жатады [20].
М.Ж.Жадрина жұмыстарында ойлану тәсілдерін қалыптастыру әдістері
қарастырылған. Ойлану тәсілдерін қалыптастыратын тапсырмалар төмендегідей
талапқа сай болуы керек:
А) оларды қолданудың қажеттілігінің негізделуі.
Б) тапсырмалар жүйесі арқылы оқушылардың ойлану белсенділіктерін
арттыруға талап қою.
В) мұндай тапсырмалар оқу процесінің барлық кезеңдеріне енгізілу
керек.
Материалды проблемалық түрде баяндау, оқытудың белсенді әдістемелері
негізінде Н.М. Зверева студенттердің шығармашылық өзбеттіліктерін дамыту
жүйесін құрастырады.
Н.М. Зверева жұмыстарында баяндалған теориялық қағидалар біздің
қолданған әдістемелердің әсіресе химиялық зертханалық жаттықтыру
сабақтарын ұйымдастыру негізіне алынған, осыған сүйене отырып біз
студенттердің тәжірибелік жұмыстарының барлық кезеңдеріне төмендегідей
тәсіл жүйелерін енгіздік:
- зертханалық жұмыстарға қосымша тапсырмалар енгізу;
- жалпы қосымша зертханалық жұмыстар, оқу процесіне компьютерлік
технологияны енгізу, оқушылардың ғылыми тақырыптарға рефераттар жазуы;
- ЭЕМ –ға бақылаушылық және оқулық бағдарламалар жасау, ғылыми
мақалалар жазуға оқушылардың қатысуы.
Оқушылардың эксперименттік білімдері мен дағдыларының қалыптасуында
біздің ұсынып отырған әдістеменің теориялық негізі ретінде П.Я.Гальперин
теориясын қарастырдық. П.Я.Гальперин кез(келген іс(әрекетінің орындалуы,
оның орындалу деңгейіне байланысты емес екі бөлімінен тұрады деп атап
көрсетеді, олар : икемденушілік және орындалушылық. [http:freepa
pers.ru35himiyadan-zerthanaly-sab atarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list3.html].
Икемденушілік іс(әрекетінің орындалуындағы жалпы жағдайды сипаттай
алатын, алдымен оның орындалу жоспары, бақылау әдістері мен параметрлері
және орындалу барысындағы түзету тәсілдері тағайындалады. Орындалатын
іс(әрекеттің сапасы мен деңгейі тәуелді болатындықтан бөлімі негізгі
болып саналады, себебі одан ең алдымен орындалатын әрекеттің
П.Я.Гальперин теориясы бойынша сыртқы іс(әрекетті ішкіге айналдыру
процесі бөлек(бөлек кезеңдермен жүргізіледі. Сыртқы іс(әрекеттің ішкіге
ауысуын төрт параметр арқылы өрнектеледі:
( орындалу деңгейі, қорытындылар өлшемі, шын мәнінде орындалатын
операциялардың толықтығы және игеру өлшемі, тонмен сөйлеу және іштей
ойлану арқылы іс(әрекет. Басқа үш параметр белгілі деңгейде қалыптасқан
іс(әрекеттік сапасын сипаттайды [https:stud.kzreferatshow23377 ](8(.
Біздің ойымызша, тәжірибелік білімдер мен дағдылардың қалыптасу
кезеңдерінің үш принципін атап көрсетіп және солардың негізінде
лабораториялық жаттықтыру сабақтарын жүргізу әдістемесін құрастыруға
болар еді.
1.Эксперименттік жұмыстарды орындау барысында жаттығулық тәжірибелік
тапсырмаларды жоспарлы түрде қайталау.
2. Эксперименттік жұмыстарға арнайы терминдер тәжірибелік
тапсырмаларды алдын(ала енгізу.
3. Эксперименттік жұмысқа дайындалудың препедевтикалық құралы ретінде
тәжірибелік есептерді пайдалану.
Бірнеше зертханалық сабақтарды қайталанып жаттығулық тапсырмалар,
студенттердің алған нақты білім түрін пайдалану,игеру немесе таныстыру
мақсатында жүргізіледі.
Бұл тұжырым ойланулық іс(әрекетті қалыптастыру процесіндегі
П.Я.Гальперин көзқарасымен ұштасады.
1. Болашақ іс(әрекетінің практикалық танысу, яғни болашақ
іс(әрекеттер негізінде икемдену.
2. Іс жүзінде іс(әрекеттердің.
3. Сыртқы денелердің тікелей пайдаланбай берілген іс(әрекеттерді
орындау.
4. Іс(әрекеттерді іштей айналу жоспарына ауыстыру. Әрекет мазмұнын
іштей еркін сөйлеп шығу.
Жалпы химия бағдарламасына енбейтін, бірақ химия курсында игерілген
білімдер мен дағдыларға сүйене отырып, кейінірек арнайы кафедраларда
орындалатын жаттығуларды біз алдын(ала жоспарланатын тапсырмалар дейміз.
Осындай элементтерді оқу процесіне енгізу студенттердің химия мен
техниканы оқып үйренуге деген ынтасын жоғарылатады.
Осы келтірілген теориялық қағидалар біз құрастырған оқушылардың
эксперименттік білімдері мен дағдыларын әртүрлі кезеңдерде қалыптасу
әдімтемесінің негізін қалайды.
Өзіндік дербес жұмыс істеу дағдысына қалыптастыру актуалды
жағдайлардың бірі болып табылады. Теориялық сабақтарға қарағанда
эксперименттік сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мүмкіндігімен
танымдық қабілетінің арта түсетіндігі талас тудырмайды. Бұлай дейтін
себебіміз осы химиялық практикумде берілген тапсырмаларды орындау
барысында, оқушылардың біріншіден, теориялық тұрғыдан алғанда білімдері
бір шама шыңдалып тереңдей түседі; екіншіденъ олар аспаптармен жұмыс
істеудің тәсілдерін жете меңгереді; үшіншіден, эксперименттер қою арқылы
өз бетінше дербес жұмыс істей отырып, теориялық білімдерін бұрынғыдан да
арттыра түседі [http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-
oushylardy-zndk279937.1820176.list 3.html].
Бірнеше жоғарыда жүргізілген эксперименттің қорытындысында, бұл
ұғымдардың ғылымдағы орны, сонымен қатар оқушылардың әр түрлі
жұмыстарының классификациясының психологиялық(педагогикалық негіздері
айқындалған.
Өзбеттілік іс(әрекет ұғымы оқушының оқу немесе ғылыми танымын
ұйымдастырудың құралы ретінде қарастырылды.
Оқулық, өзіндік жұмыс, танымдық процесті(теорияны игеру, оқулық,
зерттеулік және есептер шығару т.б.) ұйымдастыру мақсатымен жеке тұлға
ұсынылатын, оқулық жұмыстардың бірнеше түрлерінен тұрады. Сонымен қатар,
өзіндік жұмыс дегеніміз(оқушылардың орындау барысында іс(әрекеттерінің
белгілі бір әдістерінің байқалу түрі (теорияға талдау жасау,белгілі
ұғымдарды, құбылыстарды, обьектілері, алынған қорытындыларды,
бақылауларды салыстыру).
Өзіндік жұмыс дегеніміз ( оқушылардың жаңа білім алуындағы байқалатын
іс(әрекеттерінің қорытындысы болып саналады. Сонымен оқушылардың өзіндік
жұмысы дегеніміз ( олардың интеллектуалды, жігерлі және кәсіптік
қасиеттерін дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқулық
материалдың мазмұны мен керекті көлемін игерудегі оқу жұмысының жанжақты
түрлерін айамыз. Оқушылардың барлық түріндегі оқу жұмыстары шын мәнінде
өзіндік жұмыс қатарына жатады,ал өзбеттіліктің деңгейі оның орындалу
барысында педагогикалық басқарушылық жүргізу дәрежесі және түрлерімен
анықталады.
Зертханалық сабақтар кезінде оқушылар өлшеуге арналған техникалармен
жұмыс істеуді жете меңгереді, өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізуге
дағдыланады, зерттеу жұмыстары кезінде байқалған құбылыстарды сипаттап
жазып үйренеді және зерттеудің ең тиімді жолдарын таңдай білуге қол
жеткізеді. Сонымен бірге теориялық білімдерін, эксперименттің нәтижесінде
алынған фактылармен салыстыра білетіндей және оларды график, кесте
түрінде көрсете білетіндей деңгейге көтеріледі. Сонымен зертханалық
сабақтарда оқушылардың өз бетімен дербес жұмыс істеуін ұйымдастыру, әрбір
сабақтың мазмұнын қысқаша ұғынуға жеңіл формада ашып көрсетумен және
олардың орындалу жолдарын сипаттап жазумен аяқталады
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list3.html].
Осы айтылғандарды жүзеге асыру үшін әрбір зертханалық сабақтағы
оқушыларға берілетін тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы маңызды орын алады.
Сондықтан да әрбір зертханалық сабаққа алдын ала әдістемелік нұсқау
дайындалады. Осы нұсқауда оқушыларға берілетін тапсырмалар әдіснамалық
тұрғыдан терең білімге негізделген болуға тиісті. Бұл жерде сабақтың
әдіснамалық негіздеріне мыналар кіреді:
1 әрбір сабаққа дайындалған әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалардың
ғылыми негіздерінің айқындалып, оларға қысқаша сипаттамалардың берілуі;
2 осы сипаттамада зертханалық жұмысты жүргізу үшін оқушылардың
қажетті мәліметтердің барлығының болуы;
3 зертханалық сабақтарға жалпы ғылыми терминдерді ендіру және оларға
түсініктемелер беру;
4 зертханалық сабақтарға зерттеу жұмыстарының элементтерін ендіру
т.б. кіреді; Міне осы айтылғандарды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана
әрбір зертханалық сабақта жоспарланған жұмыстардан белгілі бір нәтижеге
қол жеткізуге болады.
Әрбір зертханалық сабақта жүргізілетін жұмысты жоспарлау және олардың
дер кезінде дұрыс орындалуын ұйымдастырып, бақылап отырып мынадай
нәрселерге қол жеткізуді көздейді:
1 оқушылардың өз бетімен дербес ойлау қабілетін арттыруды
2 әрбір оқушының жеке басының талантын ашуды;
оқушылардың теориялық білімдерінің тереңдей түсуін арттыруды;
4 эксперименттердің нәтижесінде қол жеткізген материалдарды теориялық
тұрғыдан қорыта білуге үйретуді көздейді.
Әрбір зертханалық жұмыс кішігірім есеппен аяқталады. Ондағы негізгі
көңіл аударылатын нәрсе мыналар болуға тиісті:
1 осы есептің дұрыс құрастырылуы;
2 эксперименттің нәтижесінде алынған материалдарды, ғылыми
әдебиеттердегі материалдармен салыстыра отырып оқушылардың талдау жасай
білуі;
3 осы экспериментті жүргізу кезінде кеткен кемшіліктерді, әсіресе
өлшеуге байланысты кеткен кемшіліктерді, қаншалықты ескергендігіне көңіл
аударылады. Біздің ойымызша осы тұрғыдан ұйымдастырылған зертханалық
сабақтар,оқушыларды өз бетінше дербес жұмыс істеуге жетелейді және
олардың эксперименттік зерттеулерге ынтасының бірден-бір артуын
қамтамасыз етеді [http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-
oushylardy-zndk279937.1820176.list 3.html].
Түптеп келгенде зертханалық сабақтардың сәйкестігін ескере отырып
құрастырылған бағдарламамен жұмыс істегенде, әсіресе зертханалық
сабақтардың жүруін жоғарыда келтірілген схемамен өткізгенде,
коллоквиумдарды дер кезінде қабылдап отырғанда, мұғалім ең бастысы
оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығының және ынтасының артуына қол
жеткізеді[9].
Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік зерттеулерге алға
қойылған проблема бойынша талдау жасай отырып, оқушылардың өзіндік жұмыс
ұғымдары меңгеруінің химияны оқып-үйренудегі орны анықталды.
Өзіндік жұмыс ұғымы оқушы үшін болашақта маңызы бар, өз түйсігіне
жүгіне отырып, алған білімдері мен біліктеріне, икемдіктері мен
дағдыларына және интелектуалдық қабілетіне сүйеніп, өзгелердің көмегінсіз
мәселелерді анықтап және оларды шешудің тиімді жолдарын таба отырып,
жүзеге асыра білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет ретінде
анықталды;
Өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру: іс-әрекеттің мән-
мағынасын түйсінуді, оған деген қызығушылық пен қажеттілікті қамтитын ;
іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажет білімдер мен біліктерді, икемдіктер
мен дағдыларды және оқушының жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін
қамтитын кезең; іс-әрекеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді
қамтитын; өз іс-әрекетіне есеп беріп, реттеп отыруды, іс-әрекет нәтижесін
бағалай, сынай және саралай білуді қамтамасыз ететін реттеуші бақылау
түрінде анықталды.
Оқушылардың өзіндік жұмыс ұғымдарды меңгеру процесіне талдау
жасалынды және оны ұйымдастыруда жіберілетін кемшіліктерге баға берілді.
Өзіндік жұмыс ұғымдарын меңгеруінің негізгі кезеңдері, белгілері және
деңгейлері айқындалды.
-өзіндік жұмысқа логикалық-әдістемелік талдау жасау және жоспар құру;

-зертханалық жұмыс кезінде оқушылардың белсенді таным қызметтерін
ұйымдастыру;
-оқушылардың зертханалық жұмыс кезінде кездесетін қиындықтарға талдау
жасау, себеп-салдарын анықтау және оларды болдырмаудың тиімді жолдарын
іздестіру;
-зертханалық жұмысты іс-тәжірибеде ұтымды қолдану.
Зертханалық жұмыстарды жүргізгенде, оқушылардың ойлау қабілеттерін
арттырудағы ролі анықталды.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру
мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай
жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп,
мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың
негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін
көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не
бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі
үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың
жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік
жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай,
мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс.
Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген
қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі
үйрететін дәрежеде болуы.
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу
үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі
өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және
одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын
жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді
[http:freepapers.ru35himiyadan- zerthanaly-sabatarda-oushylardy-
zndk279937.1820176.list3.html] [10].

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарының формалары мен ұйымдастырудың
әдістемесі

Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды,
оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің
еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым
алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың
жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық
жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар
фвкультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға
ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай
тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін
толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы
жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын басқару ұғымына, оны жоспарлау,
ұйымдастыру және бақылау сияқты сұрақтарды жатқызуға болады.
Оқытудың белсенді басқарушылық шартында мұғалім мен оқушының іс-
әрекеттері бірге жүріп отырады, немесе мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-
әрекетінің алдын алып отырады, кез келген кезеңде мұғалім оқушыға керекті
көмек жасай алады. Мұндай өзара байланыс оқу сабақтардың әртүрлі түрінде
әрқалай байқалады, және таңдап алынған сабақ түрінің құрылымында оқулық
өзіндік жұмыстың керекті түрлері (практикалық және зертханалық жұмыстар)
алдын ала жоспарлануға тиісті.
Кейбір оқу құралдарында мысалы оқушылардың өздік жұмыстарының әр
түрлілігі сипатталып жазылған. Оқушылардың зерттеушілік қабілетінің
дамуына көп көңіл аударылған. Тапсырмалар оқушыға саралы жолмен келу үшін
әр түрлі нұсқамен берілген. Оқушының өздік жұмыс құрылымында үш түрлі
негізгі буын бөліп көрсетіледі.
✓ Оқушылардың танымдық міндетті анықтауы (оқу жағдаятының
құрылымында мақсатты таңдап, міндетті көре білу); 
✓ Міндетті шешуге әкелетін әрекеттің айқын әдістерін таңдап анықтау
(оны шешуге керекті әдіс, тәсілдерді таңдай білу икемділігі); 
✓ Алға қойылған міндетті табылған әдістермен шешуге болатын
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Кәсіби оқыту
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тарихты оқыту әдістемесі пәні, оның мақсаты мен міндеттері
Білім алушылардың эксперименттік жұмысындағы проблемалық оқыту технологиясы
Пәндер