Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Білім беруді модернизациялау концепциясына, соның ішінде химиялық концепцияға сәйкес, білім алушының сапалы білім алуын жоғарылатуда және оның тұлғасының дамуына жаңа бағалаушы ұстанымдар анықталды.

Білім беру мектептерде химияның базалық курсы өз құрамына теориялық материалдың үлкен мөлшерін енгізеді, оны оқытуға уақыттың жеткіліксіз мөлшері ғана бөлінеді. Теориялық сұрақтарды қарастыру мөлшерінің, қалыптасатын абстракциялық ұғымдардың артуы мен тереңдеуі, ақпаратты бейнелеудің таңбалық-графикалық рөлінің күшеюі тек химияның базалық курсын түсіну мен меңгерудің және жалпы пәнге деген қызығушылықтың төмендеуіне ғана алып келеді.

Осыған орай педагогикада және жалпы әдістемеде оқу үрдісін жетілдіру мәселелері мен оған заманауи педагогикалық технологияларды енгізу жолымен оқыту әдістемесінің жетілдірілу мәселесі туындайды. Берілген мәселені шешу әдістерінің бірі, оқушылардың сабақ үстіндегі танымдық белсенділігінің жоғарылауына және оқып жатқан материалдың жақсы меңгерілуіне әсер ететін сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолдану болып табылады.

Осылайша, білім алушы түлектерінің жетілу деңгейіне қоғамның қоятын өсуші талаптар мен оқу-тәрбие үрдісінің заманауи әдістемелік және материалды жағдайының деңгейі арасында қайшылықтар туындайды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Бұл педагог жұмысындағы артықшылық, жалпы айтқанда оқушыларға педагогикалық ықпал жасау қажеттігін білдіреді. Органикалық химияны оқып үйрену кезінде табиғи жоғары молекулалы заттармен танысып, оқушылар химияның қыр-сырын, ЖМҚ кең ауқымды практикалық маңызын ұғынады. Диплом жұмысының өзектілігі де сол, халық шаруашылығында, тұрмыста, медицинада кеңінен қолданылатын, ЖМҚ жаңартпа технологиямен оқыту.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Жоғары молекулалық қосылыстардың практикалық маңыздылығын интербелсенді әдістер негізінде оқыта отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:

Білім беру әдіснамасын ұйымдастыру формалары негізінде оқу-әдістемелік және педагогикалық әдебиеттерді сараптау;

  • оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсерін айқындау мақсатында «Пластмасса», «Синтетикалық талшықтар» тақырыптарын жаңартпа технологиялар элементтері негізінде оқытудың әдістемесін құрастыру;
  • зерттеу әдістемесінің эффективтілігіне педагогикалық зерттеу жасау.

Зерттеу нысаны : Мектепте химия пәнін оқыту үрдісі

Зерттеу әдісі: егер зерттеу үрдісінде оқушылардың «Пластмасса», «Синтетикалық талшықтар» тақырыптарын танымдық белсенділігі мен оқу қызметін іске қосу және олардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына әсер ету мақсатында жүйелі түрде сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолданса, тақырыптың меңгерілу деңгейінің артуына әсер етеді.

Алға қойылған мәселелерді шешу мен дипломдық жұмысты орындау үшін зерттеудің жалпы ғылыми әдістері (сауалнама, бақылау, ғылыми-әдістемелік әдебиетті сараптау), арнайы әдістері - педагогикалық эксперимент қолданылады. Диплом жұмысында педагогикалық эксперимент нәтижелеріне математикалық талдау жасалынды.

Практикалық маңыздылығы «Пластмасса», «Синтетикалық талшықтар» тақырыптарын зерттеу үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқу материалдарын меңгеру эффективтілігінің артуына әсер ететін педагогикалық амалдар мен оқыту құралдарының анықталғанына негізделеді;

«Пластмасса», «Синтетикалық талшықтар» тақырыптары бойынша жаңарта технологиял негізінде білімнің меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік дидактикалық материал құрастырылды;

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы Х. Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары арасында тақырыптарды оқытуға құрастырылған әдістеме бойынша тиімділігіне тексеру жүргізілді.

Сабақтардың берілген конспекттері мен көрнекі дидактикалық материал практикалық қызметте химия мұғалімі мен оқушылар пайдаланыла алады.

Ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: Оқушыларға ішкі мотивациялық орта қалыптастырып, оқу қызметінің, танымдық белсенділігінің және өзін - өзі дамытуын қамтамасыз ету.

Зерттеу пәні: Химияны оқыту әдістемесі

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 4 кесте және 5 суреттен тұрады. Жұмыстың көлемі 6 бет.

1 БІЛІМ БЕРУ ӘДІСНАМАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ

1. 1 Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсендік, дербестік көрсетуі өзіне дегенсенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады [1] .

Оқыту әдістері, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеті ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатқа бағытталган әдістерінің жүйесін құрайды. Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты технологиялар арқылы әр түрлі әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.

Сөздік әдіс -баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп - бекіту. Бірінші - жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші - берілген мазмұнды баяндау, үшінші - оқытуды аяқтау бөлімі.

Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагоггың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады. Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сейлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді. Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек Баяндаудың тиімділігі басқа да оқыту әдісі- иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.

Әңгіменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психикалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Оқушылардың тұрақты зейіні, білімдері мен қызығушылығын қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады. Дәрістің ауызша әдістен айырмашылығы, оқу материалының логикалық мазмұндалуы, акпарат ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.

Мектепте өтілетін дәріс, күрделі жұйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Дәріс жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың дәрістегі теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті деңгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Дәрістік әдіс тусіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.

Оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оку материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сабақтың дамытушылық тиімділігі окушылардың логикалық ойлау, диалектикалы ойлау тәсілдерін, мұғалім ойының нақты да абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады. Оның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Мектепте кітаппен жұмыс істеу - өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде. Оқулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау т. б.

Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады. Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай білуінде.

Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады. Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады. Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталған материалдарда берілген. Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек. Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде кайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн [2] .

Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме илауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік береалмайтындығын ескерген жөн.

Герменевтикалық әңгіме - түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика - негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады. Синтездеуші немесе бекітуші әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда қолданылады. Коррекциялық бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады. Әңгіме барысында, барлық оқушылардың белсенділікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап іздеуі, өзінің достарының жауаптарын талдауы, өзінің көзқарасын айта білуі қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табуына, бір-біріне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі окушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады.

Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.

Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор. Тәжірибе, оқушылардың сезіміне көрнекілікті кұбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады. Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды. Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың қүрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т. б. игеруге көмектеседі.

Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді: бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету [3] .

Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді. Тәжірибеәдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап, берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысыналып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады. Көрнекілік әдістер 1- суретте берілген.

1-сурет. Таным түсінікке байланысты шәкірттің білімділік деңгей дәрежесін жүйелеу

Бейне әдістері. Тәжірибе әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т. б. кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б. Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру, процесін жеңілдетеді. Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі. Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі - иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады [4] .

Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда. Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, кортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс акпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады. Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік рөлін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т. б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:

  • жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,
  • күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принципте түсіндіру;
  • түрлі іс- әрекет түрлерін алгоритимде орындалуын оқыту;
  • тест өткізуді ұйымдастыру;
  • алдын - ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажетті өлшемді жасау;
  • жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
  • сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлік есепке алу;
  • оқыту процесін рационализациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткізу көлемін қамтамасыз етеді.

Берілген әдістің сапасы бейне мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Бейне оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқытылатын мәселе төңірегінде оқушыларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.

Машықтық әдістер. Жаттығу. Жаттығу - ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркін болып бөлінеді.

Арнайы жаттығулар - бірнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталган жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендірсе, онда олар еркін жаттығулар деп аталады. Еркін жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекітуде қолданылады. Еркін жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендіруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәнділігі мұғалім мен оқушылардың орындалатын іс-әрекеті негізінде материалдар жақсы қабылданады.

Ауызша жаттығулар тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндауда, тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктеріне байланысты күрделеніп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспекті, есеп шығару, іс-тәжірибені жазу т. б. ) білік пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графикалык жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсіптік білім беруде қатар жүреді. Лабораториялық - практикалық жаттығулар еңбек кұралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық-техникалық білігін дамытуға бағытталған. Өндірістік-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндірістік ерекшеліктегі жүйеде арнайы дайындалған еңбек іс-әрекеті. Олар жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсілдерін орындау, ал күрделі жаттығуда өндірістік істерін немесе олардың бөліктері (станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.

Зертханалық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы. Тәжірибелік әдіс көрнекілік және басқа да машықтық (практикалық) әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондықтан да жаттығу мен дмонстрацияға қандай талаптар қойылса, оған да дәл осындай талаптар қойылады [5] .

Проблемалы зертханалық (зерттеу) әдіс. Зерттеушілік болжамды іздестіру, оны дәлелдеу жолдарын көрсету, керекті материалдар мен құралдарды оқушылардың өздерінің таңдай білуіне жол көрсетуімен ерекшеленеді. Зертханалық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы, қымбат құрал-жабдықтарды және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді. Оқу-лабораториялық эксперимент оқу лабораториясында бұрын ғылымда белгілі болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді есте жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан білім-білік дағдылары, осы білім-білік дағдыларына байланысты олардың нәтижесі мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Зертханалық жұмыстың оқыту-дамытушылық тиімділігі - оқушылардың өздерінің шығармашылық күштерін белсенді түрде жұмылдыра көрсетуінен байқалады. Әдістің тәрбиелік маңызы окушылардың өзіндік танымдық белсенділігін табуында жатыр.

1. 2 Білім берудегі белсенді оқыту технологияларының мәні

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабағының түрлері
Кәсіби оқыту әдістері
Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Машиналық оқыту әдістерінің болжау жасаудағы маңызы
Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
Санды теңдіктер мен теңсіздіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz