ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында
көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық
екенін, адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес,
энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатқанын
атап өтті. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30
мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға
көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.
Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде
Қазақстан Республикасының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа
тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш,
Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған
қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-
экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы облыс мектептері мен білім ошақтары тарапынан
колдау тапты. Ол негізінен XXI ғасырда өмір сүретін жас ұрпақ арасында
салауаттылық өмір орнықтыруға арналған. Отанға, туған жерге деген махаббат
оны сақтауға, қорғауға және көркейтуге деген талпыныстан артық игілікті де
күшті сезім жоқ. Өйткені тамыры тереңнен тартылып сусындайтын, ғасырлар
койнауынан бастау алатын мәртебелі сезім. Ата-баба дәстүрінде ежелден
желісі үзілмей келе жатқан рухани, мәдени, адамгершілік дүниеміздегі қымбат
қазыналарымыздың бірі-табиғатқа, өзін қоршаған ортаға деген саналы да
салауатты көзқарас.
Диплом жұмысының да өзектілігі сол, Еліміздің қазіргі экологиялық
жағдайларын сауықтыруды ілгерілетуге экологиялық білім міндеттерін ұсынып,
оқу пәнінің мазмұнын терең ұғындыру.
нақтылы түсінуге мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан – 2050 стратегиясын
іске асыру мақсатында табиғи ресурстарға өндіріс қалдықтарының әсерін
оқыту, тиімді пайдалауға үйрету.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына сипаттама беру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жайында ұғымды
қалыптастыру;
- Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асыруда табиғи ресурстарға
өндіріс қалдықтарының әсерін оқыту мақсатында Оттегі .Оксидтер. Жану,
Күкірт қышқылы өндірісі тақырыптарына әдістемелер ұсыну және зерттеу
әдістемесінің эффективтілігіне педагогикалық зерттеу жасау.
- табиғат ресурстарының жеке түрлерін пайдалануға байланысты белгіленген
ережелерін, тәртібін, нұсқауларын талдау және зерттеу.
Зерттеу нысаны: Мектепте химия пәнін оқыту үрдісі
Зерттеу әдісі: оқу-зерттеу үрдісінде оқушылардың Оттегі .Оксидтер.
Жану, Күкірт қышқылы өндірісі тақырыбтарын оқытуда оқушылардың таным
белсенділігі мен тұлғалық қасиеттерінің дамуын және тақырыптың меңгерілу
деңгейінің артуын анықтау.
Алға қойылған мәселелерді шешу мен дипломдық жұмысты орындау үшін
зерттеудің жалпы ғылыми әдістері (сауалнама, бақылау, ғылыми-әдістемелік
әдебиетті сараптау), арнайы әдістері - педагогикалық эксперимент
қолданылады. Диплом жұмысында педагогикалық эксперимент нәтижелеріне
математикалық талдау жасалынды.
Практикалық маңыздылығы Оттегі .Оксидтер. Жану, Күкірт қышқылы өндірісі
тақырыптарын зерттеу үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқу
материалдарын меңгеру эффективтілігінің артуына әсер ететін педагогикалық
амалдар мен оқыту құралдарының анықталғанына негізделеді;
Оттегі .Оксидтер. Жану, Күкірт қышқылы өндірісі тақырыптары бойынша
табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану негізінде білімнің
меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік дидактикалық материалдар
құрастырылды;
– МЕКТЕП АТЫ жалпы білім беретін орта мектебі 8,11сынып оқушылары арасында
тақырыптарды оқытуға құрастырылған әдістеме бойынша тиімділігіне тексеру
жүргізілді.
Сабақтардың берілген конспекттері мен көрнекі дидактикалық материал
практикалық қызметте химия мұғалімі мен оқушылар пайдаланыла алады.
Ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: Оқытудың жаңа технологияларының
принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай
алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: Оқушыларға ішкі
мотивациялық орта қалыптастырып, оқу қызметінің, танымдық белсенділігінің
және өзін - өзі дамытуын қамтамасыз ету.
Зерттеу пәні: Химияны оқыту әдістемесі
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 5 кесте және 6 суреттен тұрады. Жұмыстың
көлемі 66 бет.

1. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІСІ
РЕТІНДЕ

1.1 Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асыру: Алтыншы сын-қатер – табиғи
ресурстардың сарқылуы туралы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-
2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауында көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып
келе жатқаны анық екенін, адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен
газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе
жатқанын атап өтті. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013
жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының жасыл
экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.
Еліміздің Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы үш кезеңмен жүзеге
асырылады және 2050 жылға дейінгі уақытты қамтиды.  Қазақстан-2050
Стратегиясының жасыл экономикаға көшу бағытындағы тұжырымдамасының негізгі
мақсаты:
- су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын
пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен иық теңестіру;
- 2030 жылға қарай атмосфераға шығарылатын қалдықтар бойынша
стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;
- 2050 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының 50%-ға төмендеуіне
қол жеткізу;
- 2050 жылға қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін
көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу
- тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарататын индустрия құру;
тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету болып
табылады [1].
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын Жасыл экономикаға
көшу жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес келтіру және Мемлекет басшысының
тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасыл экономикаға көшуі
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
2013 жылдың желтоқсан айында Парламент Астанада өтетін ЭКСПО – 2017
Халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі заңды
қабылдады. Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сай, көрме тақырыбының
Болашақтың энергиясы аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты
жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға аудару және
жаңартылатын энергия көздері мен энергияның басқа да баламалы көздерін
пайдалануды ынталандыру болып табылады. Халықаралық көрме Қазақстан
Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл
технологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, жасыл энергетиканы
өркендетуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі
мен көмірқышқыл газының шығарындыларына байланысты мәселелерді неғұрлым
тиімді шешуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері тақырыбына бизнес-
қоғамдастықтың назарын аударуға үлкен әсері болады.
Жаңартылатын энергия – таусылмайтын көздерден алынатын энергия.
Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада
үнемі болып жататын процестерден алуға және оны өндірістік әрі тұрмыстық
қажеттілікке пайдалануға саяды. Жаңартылатын энергия табиғи жолмен жаңарып
тұратын табиғи ресурстардан алынады. Жаңартылатын энергия көздері деген
ұғым энергияның мынадай нысандарын: күн энергиясын, геотермальды энергияны,
жел энергиясын, теңіз толқынының, ағыстардың, судың толуының және мұхиттың
энергиясын, биомасса энергиясын, гидроэнергияны, әлеуеті төмен жылу
энергиясын және жаңартылатын энергияның басқа да жаңа түрлерін қамтиды.
Халықаралық энергетика агенттігінің есебі әлемде жаңартылатын энергия
көздеріне жаһандық көшу өте белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді, айталық
World Energy Outlook 2015 баяндамасында 2014 жылы іске қосылатын әлемдік
жаңа қуаттардың жартысына жуығы жаңартылатын энергия көздерінің
қондырғыларына тиесілі деп атап өтілді. Соның нәтижесінде жаңартылатын
энергия көздері қазірдің өзінде көлемі жағынан әлемде екінші электр
энергиясының көзіне айналуда.
Кез келген мемлекеттің энергия балансында ЖЭК үлесін ұлғайту
энергетикалық қауіпсіздіктің жақсаруына; ЖЭК жабдықтарын шығаратын ұлттық
өнеркәсіпті дамытуға; парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне;
қоршаған ортаның ластануын азайтуға; экономикалық және әлеуметтік жағдайды,
әсіресе, шалғайдағы және алыс орналасқан өңірлердің жағдайын жақсартуға;
техногендік апаттардың әлеуетті қаупінің болмауына оң әсерін тигізеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген елде дамудың жасыл жолы
мемлекеттің мақсатты түрде қолдауы арқасында ғана тиімді жүзеге асады. Бұл
жерде, меніңше, Еуроодақ мемлекеттері тәжірибесін жүйелі негізде зерттеп,
басшылыққа алған жөн. Бұл бағытта әсіресе, Дания, Германия, Италия, Швеция,
Финляндия елдері айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. 
Бүгінде Еуроодақта жасыл экономика секторы 2 трлн. еуроға жуық іскерлік
айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-ның еңбекке жарамды
халқының 9%-ын жұмыспен қамтуда. Бұл елдерде жасыл секторға ауқымды
мемлекеттік қолдау қарастырылған. Жасыл технологиялар нарығындағы әлемдік
көшбасшылардың бірі – Германия. Қазіргі кезде әлем бойынша патенттелетін
бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел
энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі.
Жасыл сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның
экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және бұл
көрсеткіш тұрақты өсуде. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін
энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған.
Германияда энергетика негізгі және неғұрлым табысты жасыл сала болып
табылады. Жасыл технологияларды ойдағыдай дамытудың арқасында Германия
парниктік газдар эмиссиясының деңгейін төмендетуге айтарлықтай қол жеткізе
алды. Мәселен, осы саладағы 2010 жылғы көрсеткіш 1990 жылғы деңгеймен
салыстырғанда 25 % төмен. Бұл ел 2040 жылға қарай 100% баламалы энергия
көздеріне ауысуды мақсат етіп отыр. 2022 жылға қарай Германиядағы 17
ядролық реактордың барлығы жабылуға тиіс [2].
Электр және жылу энергиясын өндіру жөнінен  швед тәжірибесі назар
аударуға тұрарлық. Бұл ел, 2020 жылға карай көптеген үйлерді отынсыз
режимге ауыстыруға ұмтылып отыр. Жаңартылатын энергия көздеріне ауысқанда
үй иелеріне салықтық женілдіктер ұсынылады, сонымен қатар, автомобильдер
үшін экологиялық таза түрлерін қолданатын жүргізушілерге қалалық
автотұрақтарда тегін орындар беріліп, салық төлеуді азайту көзделуде.
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі
мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал
бұл олардың көпшілігінің қорларының уақы өте келе толығымен таусылуы мүмкін
екендігін көрсетеді.

1.2 Қазақстанның минералды-шикізат ресурстары және оларды игерудің жаңа
экологиялық мәселелері

Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің
бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы
металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар
көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42,
Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші
ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын,
мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту
процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай,
табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия
кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің
қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі
ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті
ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге
қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат
балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат
рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру
комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша
әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30%
(2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір –
6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-
орын), никель – 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром
бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын
бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы
орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның
атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша
монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері,
бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.
Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-
техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала
Қазақстан ғылымының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отандық геология, кен
ісі, металлургия салалары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.
Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымының алдында қосымша міндеттер пайда
болды. Яғни, отандық ғылымның жауапкершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде
осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа
технология жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты
мәселелермен айналысатын, ал өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол
кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын .
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, біздің үкіметіміз ондай маңызды
бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті,
еліміз экономикасының стратегиялық бағыттары бойынша Президент Жарлығымен
бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға өз салаларында мемлекеттік
бағдарламаларды іске асыру жүктелді. Сондай құрылған орталықтың бірі –
“Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі
ұлттық орталығы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия бағыттары бойынша
бағдарламаны орындау жүктелді. Әрине, біз бұл міндетті бұрынғы істеп жатқан
жұмыстарымызға қосымша атқарып жүрміз. Мекеме қазір Орталық Азиядағы ірі
ғылыми кәсіпорындардың бірі.
Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіпорындарға келсек, әрине, нарықтық
экономикада мемлекет кәсіпорынның шаруасына араласпайды. Әйтсе де үкімет өз
меншігіндегі кен орнын кәсіпорынға пайдалануға бергеннен кейін, сол пайдалы
қазбаны өндіру мен өңдеу барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін
бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. Бұл не деген сөз?
Біріншіден, кен орнын пайдаланушылар руданы өндірген кезде үкімет
белгілеген норматив бойынша, руданы барынша толық (тек қана бай руданы
емес) қазып алулары керек. Екіншіден, руданы өңдеген кезде оның құрамында
бар элементтерді мейлінше толық бөліп алу керек. Үшіншіден, металдардың
өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.
Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған
нұқсан келтірсе, сол үшін үкіметке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.
Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз
етілуі тиіс. Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмысын бақылайтын мемлекеттік
органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі
осындай өндірістердің көрсеткіштері мен ғылыми жетістіктерін назарға ала
отырып, өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары
нормативтерді белгілеуі үшін қажетті материалдармен, ұсыныстармен
қамтамасыз етуге саяды.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі
саладан тұрады – қара металлургия және түсті металлургия:
– қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат,
ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу
өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;
– түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан,
бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын
өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.
1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55
млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан
астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды
ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық
саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі[2]
Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған
инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі
шикізатының қорына қарай әлемдегі алдыңғы ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың
барланған қоры бойынша еліміз дүниежүзінде 15-ші орында.
Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді,
газ қоры 3 трлн текше метр
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым
анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы әбден
мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық
бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.
Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау
жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы
зор деген қорытынды жасатып отыр.
Республикамызда 197 мұнай және газ кен орындары, олардың ішінде 102
мұнай, 29 газ конденсаты, 30 мұнай –газ конденсаты, 6 мұнай –газ, 11 газ
конденсаты және 12 газ кен орындары ашылған. Мұнайдың ашылған кен қорлары
3млрд. тоннасы, ал газдың анықталған қорлары 3 трлн. текше метрді құрайды.
Негізгі мұнай мен газды өндіру Батыс Қазақстанда жүзеге асырылады. Онда
мұнайдың 90,4% және газ конденсатының 100% өндіріледі. Бұл регион Қазақстан
территориясындағы неғұрлым ластанған және экологиялық жағдайы нашар
аудандар қатарына жатады. Тау – кен өндіру өнеркәсәбінің мұнай өндірі
саласы жеке тұрғыдыан алғанда да басымдық маңызға ие ( 2030 жылға қарай
мұнай өндіруді жылына қарай 150 млн.т – ға дейін жеткізу болжамын есепке
алғанда).
Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары
бар.қоршаған ортаның экологиялық жағдайына негативті әсер ететін отын
ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын
атап өтейік.
Сондай ақ темір, марганец, хром, қорғасын, мырыш, мыс рудаларын алтын,
фосфориттер, құрылыс тастары, мен минералды шикізат ресурстарының басқа да
түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және
карьерлер табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді. Осылардың барлығы қоса алғанда
ландшафтар табиғатының литогенді ортасын қорғау жөнінде тиімді шараларды
қолдануды талап етеді.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды шикізатты
рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен айырып
алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер қойнауларын
қорғау жөніндегі шаралар кешені сондай – ақ рельеф формасының сақталуын,
геодинамикалық процестердің көрініс табуда жоюын қамтиды.
Осыған байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын кешенді түрде
өңдеу , минералды шикізатты өндіру , өңдеу , және тасымалдау кезінде
шығынды жан–жақты жоюға ұмтылу жер қойнауын эксплатациялаудың басты
қағидасы болуға тиіс.Бұл шығындар неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым көп
пайдалы қазбалар болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жер қойнауында қала береді .
Тау–кен өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаға жан–жақты әсерін тигізеді
.бұл рельефтің өзгеріске ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың ,
террикондардың пайда болуынан және тау жыныстарының құлауынани көрінеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру топырақ , атмосфера , су бөгендері мен жерасты
суларының сулық режимінің жағдайына әсер етеді.Мұның үстіне өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігінің мән жайлы түбірімен өзгереді. Пайдалы қазбалардың
кен орындарынөңдеу тікелей ландшафтардың геохмиялық жағдайына , техногендік
аномалиялардың пайда болуына әсерін тигізеді. Өндіру және қайта өңдеу
процесінде пайдалы қазбаларды шала алу минералдарды шикізат ресурстарын
эксплутациялаудағы басты кемшілік болып табылады. Технологиялық дамымаудың
нәтижесінде түсті металлургияда өндірілген рудаларды байыту кезінде алынған
шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны ал 80-90% лақтырылатыны мәлім болды.
Бұл қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрін
білдіреді. Концентраттарды балқыту процесінде материалдың пайызына жуығы
шлаққа айналады. Байыту фабрикаларында өңдеу процесінде минералды шикізат
көп жұмсалады.Руданың гегізгі компоненттерін айыру кезінде қосалқы
лақтырылып тасталады да , су мен жел эрозиясы нәтижесінде жойылып кетеді.
Қосалқы пайдалы компоненттердің жалпы құны көбінесе негізгі түрдің құнынан
жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік қалдықтарды қайтадан
эксплутациялау үлкен экологиялық және басқа да қиыншылықтармен жалғасады
және барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Нәтижесінде қалпына
келтірілмейтін табиғи ресурстар үлкен шығынға ұшырайды. Қалдықсыз кен
қалдығы аз өндірісті жасау жер қойнауының байлықтарын неғұрлым толық
пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.
Жер қойнауы ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау негізінде
келесі басымдықтар жатқызылуы тиіс:
– пайдалы қазбалар өндіру технологиясын жетілдіру;
– бос, өңделген жынысты пайдалану арқылы кен орындарын кешенді түрде
өңдеу;
– пайдалы қазбалар кен орындарын үнемдеп пайдалану олардың іске жарау
мерзімін ұзартуға ұмтылу;
– қажетті жағдайларда сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына
басқа нәрсе қолдану;
– тау –кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялау және
т.б. Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын
реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және
экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар
бар.Табиғатты қорғау аясындағы тау-кен игеру қызметі Жер қойнауы және
жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі.

1.3 Жер ресурстары- маңызды стратегиялық нысан

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар
адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді
екендігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың
қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің
тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің
басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан
қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды
сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау
мәселелерінен алшақтағандығында.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа
тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы
армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа
адамның қалай болса солай емес,аялай есіркей қарауы – оның перзенттік
міндеті.
Табиғаттың тілін тауып, сырын тану арқылы оны жасартып, жаңғыртуға
ғылыми практикалық үлес қосқан көрнекті табиғат зерттеуші ғалым И.В
Мичуриннің өзі большевиктік желікке бой алдырып, ашқан жаңалықтарынана
жалған қорытынды шығарды: Біз табиғаттан рақымшылық күтіп отыра алмаймыз,
оның бермегенін күшпен тартып аламыз , - деп, аракідік айтылып қап жүрген
пікірді одан сайын асқындырып жіберді.
Ф.Н.Реймерс бойынша жүйелі түрде пайдаланатын немесе белгілі бір
шаруашылық мақсатта пайдалануға болатын жерді жер ресурстары деп түсінеді.
Жер ресурстарды төмендегідей мағынада түсінуге болады: а) егістік жер
ресурстары; б) ауылдық жарамды барлық жерлерді; в) аумақтық ( территориялық
) ресурстар. Әдетте, бұл термин а) және б) мағынада түсінеді ( Реймерс,
1990,453 бет.)
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер
ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен
пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады. Мұндай жағдайда
табиғаттан жер ресурстары емес, оның көмегімен пайда болған өсімдік
өнімдері алынады.
Жер ресурстарын пайдалануда барлық табиғи компоненттердің өзара
байланысқан ықпалы айқын байқалады – жанама болып ландшафттың негізгі
компоненттердің әрекеттестігін интегралды сәулелендіретін топырақ арқылы
және тікелей, себебі жер бедері климаттың, сулардың, өсімдіктердің және
жануарлардың сипаты ауыл шаруашылық әрекеттің нәтижесіне тіке ықпалы бар.
Сондықтан топырақты немесе әдебиетте жиі айтылатын топырақ–климаттық
ресурстары ауыл шаруашылық деп қарастыру бірнеше авторлар
дұрыс емес деп есептейді.
А.А. Минц бойынша ауыл шарауашылық ресурстар деп табиғи кешендерді
түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық
ресурстардың бас қасиеттері табиғи территориалдық кешеннің қалыптасу
заңдылықтарымен анықталады. Осыған байланысты жерді шаруашылықта
пайдаланудың географиялық айыпмашылықтар пайда болады.
Құнарлық немесе биологиялық өнімділік ауыл шаруашылықта пайдаланатын
жердің негізгі қасиеті болғандықтан табиғи шарттанған өнімділік
деңгейіндегі географиялық айырмашылықтарды анықтау негізгі орын алады.
Жердің бас қасиеті, оны пайдаланудағы әмбебаптылығында. Себебі адамның
іс–әрекетінің барлық түрлері жер пайдаланумен байланысты, жер еңбектің
предмет және еңбектің жалпы құралы, яғни кез–келген материалдық өндірістің
қажетті шарты.
Пайдаланудың белгілі бір түрлері арасында, жер бөлістірудің
әлеуметтік, экономикалық факторлармен анықталатын стихиялық немесе жоспарлы
механизм қалыптасуының алғышарттары болып территорияның шектелуімен
ауыспашылығы, оны пайдаланудың көптеген түрлерінің бір–бірін жоққа
шығаратындық сипаты болып табылады.
Әдетте пайдаланатын ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері ондай көп
емес, себебі дақылдардың түрлері әрбір ауданда экономикалық және басқа да
себептер бойынша ауыл шаруашылық бағытымен таңдалады, бірақ уақыт бойы
қатты өзгеруі мүмкін. Таралу аймақ шегінде дақылдардың өнімділігіндегі
үлкен географиялық айырмашылықтар, осындай таңдауға әсер ететіні негізгі
факторлардың бірі. Дақылдардың әртүрлі экологиялық талаптарының себебінен
әрбір дақылдың өнімділігінің айырмашылық сипаты ерекше болады.
Жердің әрбір түрінің өнімділігінің айырмашылығына, онда егілетін жеке
бір дақыл егудің экологиялық тімділігі, сонымен бірге жалпы ауыл шаруашылық
өндірістің тиімділігі тәуелді.
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің жалпы ауданы
2001 жылдың 1 қаңтарында 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық
жерлер 190 млн. гп. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің негізгі бөлігі
шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Ландшафтардың шөлге айналуы. Шөлді экожүйелердің жоғарғы температурада
дамуы қазіргі уақыттың глобальды проблемасы. Шөлге айналу себептері: табиғи
және антропогендік . Қазақстанда шөлдер мен шөлейттердің биологиялық
өнімділігінің кему себептері антропогендік әрекет: жайылымдар
дигродациясы,топырақтың тұздануы , техногенез болып табылады. Қазақстан
территориясының 60% жуығы шөлге айналу процестерін өткеруде.
Топырақ жер ресурстарының дегредациясы. Топырақ жер ресурстарын қорғау
проблемасы Жердің көптеген региондары үшін актуалды болып табылады.
Қазақстанда Солтүстік Қазақстан далалық зоналарының топырақ эрозиясы мен
дегулификациясы (өнімділіктің кемуі) неғұрлым үлкен қауіп төндіруде.

1.4 Қазақстанның су ресурстарының негізгі қоры

Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген
елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД
елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр.
Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы
мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым
тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған.
Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп
пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі
мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне
тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне
экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа ие. Ол өзен жүйесінің жиілігі және су
қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді.
Өзендердің бастаулары , су режимі , жылдық су қорының өзгермелілігі және
т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады.Осы
факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен
шектелеміз. Олардың ішінде:
өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі
орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы
ықпал жасамайды;
Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің
жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік
региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып
тастауға ықпал жасайды;
Республика территориясындағы гидрологиялық режимнің Қазақстандық
типтегі өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін -өзі тазартудағы
маңызды фактор болып табылады. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластаушылардан
тазартуға жағдай жасайды, ал судың төмен деңгейі ( тіпті тартылуы)
техногенез өнімдерінің аккумуляциясына ықпал жасайды.
Төменгі және жайылыңқы көктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік
сулармен ерекшеленетін алтайлық типтегі өзендер шаруашылыққа пайдалануға
және су қоймаларының өзін-өзі тазалауына жағымды ықпал жасайды.
70-тен астам артезиандық бассейндердің болуы Қазақстанның альптік
региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары
дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып
табылады
Судың жиналу режимі мен су деңгейінің толқуы, өзендердегі сулардың
максималды және минималды шығындарын және қоршаған ортаның экология
жағдайына тікелей әсер ететін басқа да гидрологиялық факторлар тығыз
байланысты.
Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану мәселесі адамзат үшін
өмірлік маңызды мәселе болып табылады. Табиғаттағы су айналымының арқасында
жердегі су ресурстары таусылмайды.Алайда планетамыздың кейбір бөліктерінде
табиғи жағдайлардың жағымсыз болуына байланысты тұщы су ресурстары
жеткіліксіз. Бұған Қазақстан Республикасы территориясының басым бөлігі
кіреді және сондықтан аридтік және семаридтік климат жағдайларына су
ресурстарының өте тапшылығымен сипатталады.
Қазақстан біздің планетамыздағы су ресурстары жетіспейтін азғана
региондардың қатарына жатады. Ол тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша
сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Бұл территорияда су
ресурстары әркеркі орналасқан және бастаулары республика шекарасынан тыс
жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады.
Оңтүстік – шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен
көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың
өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық
қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы
суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен
уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800
шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария, Шу, Нұра,
Торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын.ірі
өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс, Сырдырия, Іле, Шу) трансшекаралық
өзендер болып табылады және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған
ағын әкеледі.
Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673,9 шаршы шақырым ауданда мүздық
бар. Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі
(8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.
Қазақстандағы жер беті суларының көлемі жылына 89,5 текше метр шақырымды
құрайды. Соңғы жылдары оның көлемі көрші мемлекеттердің шаруашылық
қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде
Сырдария өзенінің суы 19,8-ден 9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы жылына
17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен
Балқаш көлінің экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендігін айта
кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары 15,8 текше шақырымды
құрайды, оның 2,6 текше шақырымы пайдаланылады. Бұл сулар өте минералды
болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға
қиындық туғызады. Жерасты сулары Қазақстанда пайдаланылатын су мөлшерінің 8
пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің
25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін. Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі
орналасқан. Су қорларының 63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс
бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымыздың 60
пайызының 16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52
пайызы шаруашылық ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9
пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы жайылымдарды суландыру үшін
пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам
өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға
дейінгі жерлер суғарылады. Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда
анықталған қорлардың 15,6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7,
5пайызын құрайды.
Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына жан-жақты
әсер етеді. Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара
және түсті металлургияның қалдықтары су ресурстарына негативті ықпал
жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық қалдықтары көптеген су бөгендерін
тұрмыстық және техникалық мақсаттарға паайдалануға жарамсыз етіп тастайды.
Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырайды,
жағымсыз дәм мен иіс пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.
Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-
өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау
процесі ақырын жүреді. Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында
өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен экономикалық залал әкеледі.
Осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде
жүргізілуі тиіс. Мысалы, Қазақмыс Балқаш АҚ-да бұрын Балқаш көлін
ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін
арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында Қазақмыс АҚ-на айналмалы
сумен қамсыздандырылған, жергілікті су бөгендеріне лас өндірістік ағын
суларды жіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер енгізілген. Осы сияқты
мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын
пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе
қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар
байқалады. Концентрациялардың шекті көрсеткіштері бойынша су сапасының
гидрохимиялық көрсеткіштері басты критерийлер болып табылады. Мұның үстіне
ПДК көрсеткіштері әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз
су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған.
Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын талаптары да әртүрлі.
2000 республика бойынша микробиологиялық көрсеткіштер бойынша
гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз су сапасы -10 пайызды құрады
. Алайда кейбір аудандарда (Қостанай, Павлодар облыстары) судың сапасы
бұдан да төмен болады тәжірибеде өндірістік және тұрмыстық суларды
механикалық, химиялы, және биологиялық тазалау қолданылады. Өкінішке орай
тазалау құрылғыларын жүйесін жетілдірілмегендігіне олардың қайтадан шығып
қалуына және басқа да себептерге байланысты су бөгендеріне көп мөлшерде
зиянды заттар келіп түседі. Тұрмыстық ағын сулар суландыру және фильтрация
егістіктерінде тазартылады. Мұнда олар микроағзалар мен күн радиациясының
ықпалына ұшырайды.Су буланғаннан кейін егістіктер жыртылып, ол жерлерге
ауылшаруашылығы дақылдарға егіледі. Су ресурстарын рационалды пайдалану
және қорғау қағидалары:
- өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу
- жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген
үнемді пайдалану
- айналымдық су пайдалану және сумен қамсыздандыру технологияларын
енгізу
- тазаланбаған өндірістік және комуникалдық-тұрмыстық ағын сулардың
келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау
құрылғыларын енгізу
- ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту
- жерасты суларын үнемді пайдалану
- термалды,минералды сулар мен батпақтарды өндірістік және радиациялық
мақсаттарға кеңінен пайдалану.

1.5 Қазақстанның агроклиматтық ресурстары және агроклиматтық факторлар
мен көрсеткіштер

Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы
Казгидролит РГП –ның 2000 ж бақылауларының негізінде сипатталады.Бұл
кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттар өте
жоғары дәрежеде деп бағаланады.Формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы
3 ПДК –ден, фенолдікі 2 ПДК –ден, шаң–тозаң мен азот диоксидінікі 1ПДК –ден
жоғары.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер: формальдегид, фенол,
азот диоксиді , көміртегі оксиді, хлорлы сутек, күкіртті сутек және
шаң–тозаң . Бұл заттардың орташа, кейде жоғарғы концентрациялары ПДК –ден
15 есе артық болып отырады. Адамдардың денсаулығы үшін экологиялық
қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің
ластану дәрежесі жоғары болып табылады. Бұдан басқа өндірістік
кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск, Шымкент, Ақтөбе
қалаларында және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы
қаласында ауа бассеині ластанған ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған
қаласында, Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады. Қазақстанның көптеген
қалаларында формальдегидридтің, азот диоксидінің фенолдың ПДК–дан орташа
асқаны байқалады. Тұтасымен алғанда, берілген мәліметтер Қазақстанның ірі
өнеркәсіп орталықтары бойынша АЛИ көрсеткішінің өсіп келе жатқандығын
сипаттайды. Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің
ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.
Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен
байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау
құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын
тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру
және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.
Қалалар мен өндірістік орталықтардағы атмосфераны таза ұстауда жасыл
өсімдіктер маңызды роль атқарады. Атмосфераның ластауына қарсы тұратын
өсімдіктерге ақ акация, тал, американдық клею және т. б. Жатады. Бұл
ағаштарды жасыл қорғаныш зоналарын жасау кезінде ұсынған жөн.
Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды
өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып
табылады.Оларға мыналар жатады:
–парник эффектісі мәселесі
–қышқылдық жауын–шашын мәселесі
–озоносфераның бұзылу мәселесі
–космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі
және т.б.
Ғарыштық аппараттарды нәтижесінде атмосфераның ластануы. Ракета
двигателдерін сынақтан өткізу және Протон сияқты ғарыштық аппараттарды
ұшыру жер атмосферасының жоғарғы қабатының бұзылуына әкеп соғады.Ол жер
режимінің ,ауа ылғалдылығының өзгеруі сияқты ауа –райы режимінің жекелеген
параметрлерінің ракетаның ұшу траекториясына жақын жерде уақытша (2-3күн)
бұзылуынан көрінеді. Алайда, Қазақстан территориясындағы Байқоңыр
космодромынан ластануында қандай да болмасын мәнді бұзылулар байқалмайды.
Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық
салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік
құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі
кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің
400 - ден аса, ал дәрілік өсімдіктердің 250 - ден аса түрі кездеседі.
Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде
сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың
– 49, қосмекенділердің – 12 , балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе
балық тәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген
адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу,
бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы
басқалар кездеседі.
Қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130 түрі мен құстардың 450 түрінен (
оның 350 түрі ұялайды ) тұрады. Қазақстан палеарктикалық – зоогеографиялық
облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ
сияқты пайда болуы мен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына
жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналасуы, сондай – ақ физикалық –
географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және
төрттік дәуірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8% алып жатыр. Сонымен қатар орманның
жартысы - сексеуілдер , бұларсыз ормандар 1,7% құрайды. Орманды жерлердің
10%- ы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында .
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5
пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар
топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді
қорғау, атмосфераны шаң – тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар
орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде
қайыңды, қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай,
балқарағай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігіндегі таулардың теріскей
беткейінде тянь – шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал
өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін
байқаймыз. Ел байлығы - орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман -
жан – жануарлырдың мекені, адамдар тынығатын орны. Орман ресурсына ең көп
залал келтіретін тілсіз жау - өрт. Өртке басты себеп адамдардың
ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпты пайдалану, оларды қорғау бүкіл халық
алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

1. ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі факторлары

Табиғат бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар
көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде
адамзат табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады. Табиғат пен
қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа неғұрлым маңызды
міндеттер қоршаған ортаны жақсы жағдайда сақтау қоғамның бірте - бірте
көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін әртүрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз
ету болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты адамды қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты қорғау жайлы пікірлер туындады. Адамды қоршаған орта адамға
қатысты сыртқы болып табылатын табиғи , табиғи – антропогендік және
антропогендік обьектілер, құбылыстар мен процестердің жиынтығын қамтиды,
адам олармен өз іс әрекетін жүзеге асыру процесінде өзара қарым –қатынасқа
түседі. Бұл ұғымға адамдар өмірінің қамсыздандырылуы мен өнім өндіру
әрекетінің аясы кіреді.
Қоршаған ортаның тұрақты жағдайы қамтамасыз ету , оны антропогендік
әрекеттің жағымсыз ықпалдарынан қорғау табиғатты қорғаудың маңызды міндеті
болып табылады.
Табиғатты қорғау бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара
әрекетін қолдауға бағытталған , табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына
келтірілуін қамтамасыз ететін , қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен
адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағдайына екі түрлі факторлар тобы
шешуші түрде ықпал етеді. Олардың біріншісі ғылыми-техникалық революцияны
және оның негізінің адамзат қоғамының өндірістік қызметі алғысындағы
көрінісін қамтиды. Екіншісі демографиялық аспектілерді қарастырады және жер
бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен урбанизацияны ( қала тұрғындары
санының өсуі) қамтиды. Бұл факторлар бірге алғанда өндіргіш күштердің даму
қарқынына тікелей ықпал жасайды, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың
интенсивті түрде азаюына және онымен байланысты қоршаған ортаның ластануына
әкеліп соғады

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі факторларының схемасы

Геожүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуы адамның өмірлік
қажеттіліктері мен өндірістік технологиялардың мүмкіндіктері арасындағы
динамикалық тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауының нәтижесі болып табылады.
Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас негізіндегі біртұтас жүйеге
келтірілген табиғатты регионалды пайдалану ережелері мен қағидалары жатуы
тиіс. Олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табиғи
ресурстардың әртүрлерін мақсатқа сай пайдалануға бағытталған ғылыми-
тәжірибелік ережелердің жиынтығын білдіреді.
Табиғи ресурстар бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен
тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыстары.
Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму
деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи
компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы
және қалпына келтірілуге сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша
бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.
Таусылатын табиғи ресурстар қорлары өндіру әрекетінің нәтижесінде
таусылуы мүмкін табиғи ресурстар түрлерін қамтиды.
Таусылатын табиғи ресурстар үш түрге бөлінеді:
1) Қалпына келтірілмейтін жердегі ұзақ эволюция процесінің нәтижесінде
қалыптасқан рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар, минералды шикізат
ресурстары
2) Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін – қалпына келуі үшін ұзақ
уақыт аралығы қажет ресурастар: оларға сондай –ақ жойылып бара жатқан
жануарлар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтың механизмі
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Экологиялық құқықтың тарихы. Экологиялық құқықтың қайнар көздері
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Пәндер