Пәнаралық байланыста оқушы тұлғасын дамыту мәселелері


КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болады. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беруді модернизациялау концепциясына, соның ішінде химиялық концепцияға сәйкес, білім алушының сапалы білім алуын жоғарылатуда және оның тұлғасының дамуына жаңа бағалаушы ұстанымдар анықталды. Осы жағдайда негізгі акцент оқушының жеке ұмтылысының және оның шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге қойылады.
Білім беру мектептерде химияның базалық курсы өз құрамына теориялық материалдың үлкен мөлшерін енгізеді, оны оқытуға уақыттың жеткіліксіз мөлшері ғана бөлінеді. Теориялық сұрақтарды қарастыру мөлшерінің, қалыптасатын абстракциялық ұғымдардың артуы мен тереңдеуі, ақпаратты бейнелеудің таңбалық-графикалық рөлінің күшеюі тек химияның базалық курсын түсіну мен меңгерудің және жалпы пәнге деген қызығушылықтың төмендеуіне ғана алып келеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Табиғат жайындағы әрбір ғылым, зерттеу әдістері мен объектілері арқылы басқа ғылым арқылы басқа ғылым салаларымен тығыз байланысты. Материалдық дүниедегі барлық қозғалыс түрлерінде білінетін жалпылық ғылымдардың бір-бірімен байланысының негізі. Барлық оқу пәндері белгілі бір ғылымның логикалық жүйесінде құрастырылатындықтан, олар оқу процесінде оқшаулана алмайды. Міне, орта мектептегі пәндер арасындағы байланыстың объективті негізі осы. Демек, оқушының пәнді игеруі үшін, оның басқа пәндермен байланысын жан-жақты ашып, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру қажет.
Оқудағы пәнаралық байланыстардың методологиялық негізі, біржағынан, қоршаған ортадағы құбылыстармен байланысы болса, екінші жағынан-тану процесі болады.
Пәнаралық байланыс ертеден-ақ педагогика, методология, психология, дидактика ғылымдарында жан-жақты зерттелуде.
Біз де пәнаралық байланысты оқу процесінде оқушыларға жүйелі білім беруде қажет дидактикалық жағдай деп қарастырамыз. Білімнің бұл сапасы жоғары сынып оқушылары үшін ең бағалысы болғандықтан, ол бір оқу пәнінің мазмұнын терең ұғынуға әсерін тигізіп қана қоймайды, онымен бірге әр түрлі пән сабақтарында қалыптасатын жүйелі білім мазмұнын нақтылы түсінуге мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Химияны физикамен байланыстыра оқыта отырып, оқушылардың жаратылыстану таным белсенділігін арттыру.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- оқыту үрдісіне пәнаралық байланыс технологияларын енгізу мәселелері бойынша оқу-әдістемелік және педагогикалық әдебиетті сараптау;
- «Зат құрылысы», «Көмірсулар» тақырыбтарын физикамен байланыстыра оқытудың әдістемесін құрастыру;
- зерттеу әдістемесінің эффективтілігіне педагогикалық зерттеу жасау.
Зерттеу нысаны : Мектепте химия пәнін оқыту үрдісі
Зерттеу әдісі: оқу-зерттеу үрдісінде оқушылардың «Зат құрылысы», «Көмірсулар» тақырыбтарын интеграциялап оқытуда оқушылардың таным белсенділігі мен оқу қызметін іске қосу, тұлғалық қасиеттерінің дамуын және тақырыптың меңгерілу деңгейінің артуын анықтау.
Алға қойылған мәселелерді шешу мен дипломдық жұмысты орындау үшін зерттеудің жалпы ғылыми әдістері (сауалнама, бақылау, ғылыми-әдістемелік әдебиетті сараптау), арнайы әдістері - педагогикалық эксперимент қолданылады. Диплом жұмысында педагогикалық эксперимент нәтижелеріне математикалық талдау жасалынды.
Практикалық маңыздылығы: «Зат құрылысы», «Көмірсулар» тақырыбын зерттеу үрдісінде оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқу материалдарын меңгеру эффективтілігінің артуына әсер ететін педагогикалық амалдар мен оқыту құралдарының анықталғанына негізделеді;
- «Зат құрылысы», «Көмірсулар» тақырыптары бойынша пәнаралық байланыс технологияларының негізінде білімнің меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік дидактикалық материалдар құрастырылды;
- Восточный жалпы білім беретін орта мектебініің 8, 11сынып оқушылары арасында тақырыптарды оқытуға құрастырылған әдістеме бойынша тиімділігіне тексеру жүргізілді.
Сабақтардың берілген конспекттері мен көрнекі дидактикалық материал практикалық қызметте химия мұғалімі мен оқушылар пайдаланыла алады.
Ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: Оқытудың жаңа технологияларының принциптері - оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: Оқушыларға ішкі мотивациялық орта қалыптастырып, оқу қызметінің, танымдық белсенділігінің және өзін - өзі дамытуын қамтамасыз ету.
Зерттеу пәні: Химияны оқыту әдістемесі
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 7 кесте және 3 суреттен тұрады. Жұмыстың көлемі бет.
- ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1 1. Білім мазмұнын дифференциациялау
Білім (оқыту, оқу үрдісі) мазмұны - жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім мазмұнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жүйесі деп түсіндіруге болады. Бұл жүйеге оқушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман өндірістері, мәдениет және өнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді. Білім мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; өмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары көрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды [1] .
Сан мыңдаған даму тарихында адамзат өте көп білім жинақтады. Жасөспірім ұрпақ осы білімді игерген кезде ғана өркениет дамуы жүзеге асады. Бірақ жинақталған білімнің барлығын адам түгелдей меңгере алуы мүмкін емес. Сондықтан ең маңызды, негізгі білімдер мен біліктіліктерді таңдау мәселесінің орны ерекше.
Әлеуметтік тәжірибе мектептегі оқу мазмұнында түрлі пәндерге бөлініп көрініс табады. Оқу пәні бұл - нақты белгілері бойынша ерекшеленген, құбылыстардың нақты класына жататын әлеуметтік тәжірибенің (адамзат мәдениетінің) бөлігі. Оқу пәндері белгілі ғылымдардың негіздерін мектептердегі оқыту қажеттіліктеріне бейімдейтін білім мазмұнының арнайы
Білімнің мазмұны - оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Білім мазмұны бұл - бірінші, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін меңгеру тәжірибесі, екінші жеке тұлға мінез-құлқының типологиялық сапаларын тәрбиелеу, үшіншіден адамның ақыл-ой және дене-күш жағынан дамуымен сипатталатын үш біртұтас үрдістің мазмұны.
Білім мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі [2] .
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты істеліп жатқан көптеп саналады. Солардың бірі «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы».
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының обьетивті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуы тиіс.
Әлеуметтік тәжірибенің жинақталуы және оқу пәндерінің көбеюіне байланысты пәндердің өздері жаңа бөліктерге бөліне бастады. Бірақ, қазір оқу пәндерінің одан әрі көбеюі және дифференциациялануы (бөлшектенуі) жағдайды мүлде қиындатуы мүмкін. Соған байланысты әлемдік педагогика оқу пәндерін негізгі идея төңірегіне интеграциялауға (біріктіру) көшті.
Білім беру мазмұны - педагогикалық бейімделген /адаптированная/ білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы өз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге көзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады [3] .
Білім мазмұнының қайнар көзі - материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім /олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; іс-әрекеттің тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың функциясы жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі /оның функциясы - мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, өз іс-әрекетіне, өз-өзіне деген эмоционалдық-құндылықтық қатынастың тәжірибесі.
Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері нің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады:
- ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы;
- әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;
- тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы;
- жүйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.
- мектеп білімін шыни практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде өмірмен байланыстылық принципі;
- меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де өте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.
- оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін, оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын түсініктілік принципі [4] .
Білім мазмұнын қалыптастырудың ұстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.
Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:
1. Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса назар аудармай, оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның өкілдері пәндерді екі топқа бөлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия және т. б. Формальдық білім беру теориясына сәйкесті Ресейдің, Германияның және т. б. елдердің классикалық гимназияларының оқу жоспарлары құрылды.
2. Материалдық білім беру теориясы /ХҮІІІғ. аяғы/ білім мазмұнын тандаудың негізгі критериясы ретінде оның пайдалылығын, қоғамның өміріне қажеттігін қойды. Материалдық білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға, жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске көп орын берілді.
3. ҚР «Білім туралы» заңында /1999ж. / білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті.
Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті:
- дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін;
- ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты;
- өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға.
Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді [5] .
Гуманитаризация (латынша humanitarys - адамға қажетті) бұл ол кім немесе кім болғысы келетініне қарамастан барлық адамға қажетті білім, біліктіліктерді меңгертуге бағытталған білім мазмұнының жалпы бағыты. Мысалы, олардың ішінен ана тілін, әдебиетін, тарих, өлкетануды атап көрсетуге болады.
Білім мазмұнын гуманизациялауға тек қана гуманитарлық емес, сонымен бірге жеке тұлғаны қалыптастыруға көп ықпалын тигізетін мектепте оқылатын басқа да пәндерді кең қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Білім мазмұнын қалыптастыруда адам мен табиғаттың байланысын, адамдар арасында гуманды қарым-қатынасты қалыптастыруда зор ықпалын тигізетін гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің тең болуының, математика, биология, техникалық пәндерді адам жөніндегі білімдермен толықтырудың маңызы зор. Гуманистік бағыттағы мазмұнды игеру ойлаудың гуманистік типінің, тұлғалық бағытты дүниеге көзқарасты қалыптастыруда өмірдегі мәселелерге оптимистік көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Білім мазмұнын гуманизациялауда балалардың өзін тануына, өз мінез-құлқын реттеуге және өз іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгертуге ықпалын тигізетін тілдік және әдебиеттік білімнің, эстетикалық тәрбиенің адамтану курстарының маңызы зор.
Білім мазмұнын дифференциялауды түрлі топтарды тиімді оқытуға жағдай жасау мақсатында жаңа пәндерді одан әрі бөлшектеу емес, керісінше белгілі деңгейде біріктіру деп түсінуге болады.
Әрбір адамның білім мазмұнын игеруде белгілі мақсаттар болады, әрбір баланың қабілеттері, мүмкіндіктері, өмірлік жоспарлары әртүрлі. Біреулері гуманитарлық профильді таңдаса, енді біреулері жаратылыстану-математика немесе көркем суретті таңдайды. Біреулері бір пәнді тереңдетіп оқыса, енді біреулері жай ғана шолып өтеді. Білім мазмұнын әрбір деңгейге сай, оқушылардың мүмкіндіктері мен сұраныстарына сай дифференциациялау керек.
Интеграция - жеке оқу пәндерінің, бөліктерінің арасындағы мәнді байланыстарды анықтау негізінде тұтастың қалыптасу үрдісі және нәтижесі. Интеграцияның мақсаты білім бөліктерін біріктіру болып табылатын білімді ұйымдастыру үрдісінің негізінде болады. Интеграция түрлі деңгейлерден көрініс табады: пәнішілік - жеке оқу пәніндегі негізгі ядро төңірегіне білім мазмұнын жинақтау, пәнаралық - өзара “туыс” оқу пәндерінің әдістері немесе ортақ принциптері негізінде.
Қазіргі мектептедегі пәнаралық интеграция негізінде пайда болған интеграцияланған курстардың, жүйеленген білімді, біліктіліктерді, іс-әрекет және ойлау тәсілдерін қалыптастыруда орны ерекше [6] .
Экологизация идеясы қазіргі мектептегі барлық пәндердің білім мазмұнына тікелей қатысы бар. Қазіргі уақытта адамзат бүкіләлемдік эқологиялық катастрофа шегінде тұр. Егер білім мазмұнына оны тоқтату немесе болдырмау идеясын кіргізбесе, егер адамзат мәдениетін табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік ретінде игермесе барлық білім, біліктіліктердің түкке пайдаға аспай қалуы мүмкін. Соған орай қазір көптеген елдерде білім мазмұнын экологизациялау принципі басты орында тұр.
Әлемдік және ұлттық мұраларды мақсатты пайдалану оқыту мақсаты ұлы еліміздің патриотты, азаматты тәрбиелеу мақсатымен бірігетін мектептердегі білім беруді қайта құруды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мектепте оқытылатын білім көлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет тәсілдерін, динамикалық және көрнекі образдық модельдерді пайдалануды, материалды беруді жетілдіруді мақсат тұтады. Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.
Шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру бұл толыққанды, көпкомпонентті білім мазмұнының және оның негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі.
Білім мазмұнын жасау білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына негізделеді. ҚР әрбір білім беру деңгейі бойынша білімнің мазмұнына мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары белгіленді. Әрбір пәннің мазмұны екі бөлімнен тұрады: инвариантты /өзгермейтін/ және вариативті бөліктен, яғни ол жүйелі жанартылып, қайта қаралып отырылады.
4. Білім берудің мемлекеттік стандарты базалық оқу жоспарын да қамтылған, ол оқу жылдарына қарай мазмұндық толтыру және оның құрылымы туралы ұғым береді.
Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқужоспарлары, оқу бағдарламалары, сонымен бірге оқулықтар және оқу құралдары жасалады.
Жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқулықтарды түпкілікті жаңарту талап етіледі. Осыған орай, соңғы жылдары, яғни, 1993-1994 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына жаңа пәндер енгізілді. Алдағы уақытта бастауыш сыныптарға да информатиканы енгізу жұмыстары жүргізілмекші.
Жалпы білім беретін мектептердің өтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бөлінеді: тұрақты және жылжымалы [7] .
Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде / бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке мектеп т. с. с. / оқылады.
Жылжымалы бөлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.
Жылжымалы бөлім бойынша таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі.
Жеке пәнді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқыуға арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін 1993-1994 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім министрлігі жасаған. Сол жоспарлардың барлығын мектептің ерекшелігін ескере отырып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ұйымдастырады.
Оқу жоспары - бұл мыналарды анықтайтын құжат: оқу жылының ұзақтығын, каникулдердің және тоқсандардың мерзімін; мектепте оқылатын пәндердің толық тізімін; оқу жылына қарай пәндерді бөлу, әрбір сыныпта оқылатын пәндерге сағат санын болу; әрбір пәнді оқуға аптасына бөлінген сағат санын. Оқу жоспарында қоғам қабылдаған тәрбие мұраты, белгіленген мақсаттар, білім мазмұнын қалыптастырудың тұжырымдамасы көрініс тапқан. Оқу жоспарында екі компонент бөлінеді: мемлекеттік және өңірлік. Базистік оқу жоспары - оқу жоспарының әр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт болатын жаңа типті құжат.
Көптеген елдерде пәндердің арасындағы арақатынас мынадай: гуманитарлық блок 40-46%, жаратылыстану - математикалық 30-35%, жаратылыстану 7-11%, сауықтыру-еңбектік 16-20%.
Оқу жоспарының негізінде пәндер бойынша оқу бағдарламалары құрылады. Оқу бағдарламасына енетіндер: түсініктеме хат, онда пәнді оқудың мақсаттары, білім мен іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың формалары мен әдістері т. б. ; оқылатын жадығаттардың тақырыптық мазмұны; тақырыптарға бөлінген сағаттар; білім мазмұнының негізгі элементтерінің тізімі; пәнаралық байланысты жүзеге асырудың нұсқаулары; оқу жабдықтарының және көрнекі құралдарының тізімі; ұсынылатын әдебиет тізімі [8] .
Білім беру мазмұны оқу әдебиетінде толық ашылады. Оған жататындар: мектеп оқулықтары, көмекші құрал, анықтамалықтар, қосымша оқуға арналған кітаптар, атластар, карталар, есептердің және жаттығулардың жинақтары, басылған негіздегі дәптерлер және т. б.
1. 2 Интеграциялық оқытудың методологиялық негізі
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді. Бастауыш білім кеңістігінде барлық пәндер өз дағдыларын және қалыптасқан оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын сақтайды. Интеграциялық оқыту пән мазмұнының айқын анықталуына мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz