Ақпаратты тасымалдау құралы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде білім беру жүйелерінде барлық пәндерді компьютерлік бағдарламаларымен оқыту енгізіліп келеді. Компьютермен жұмыс және талдау имитациялық модельдерді қолдануға негізделген ақпараттанудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады және экономикада, өнеркәсіпте, экологияда, қойнауларды пайдалануда және басқа да адам қызмет ететін салаларда кеңінен қолданылады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Елімізде болып жатқан өзгерістер химия пәнін оқытуда да түбегейлі өзгерістер әкелді, бұл өз кезегінде ақпараттандыру құралдарын пайдаланумен химия білімін оқытудың қазіргі заманғы бағдарламасын жасауды талап етеді.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: қоғам өмірінің, ғылым мен білімнің әр саласындағы компьютерлендіру және ақпараттандыру мәселесі төңірегінде көптеген басылым жұмыстары жазылды. Білім саласын ақпараттандыру процесі қоршаған ортаның және пән саласының заңдылықтарын танудың интеграциялық тенденцияларын қолдай отырып, оқушының тұлғасын дамытуға арналған компьютерлік технологиялардың техникалық және дидактикалық потенциалын пайдалану тәсілдерін жасап шығаруды, оқушының креативтілік деңгейін жоғарылатуды, альтернативті ойлау қабілетін дамытуды, оқу және практикалық тапсырмаларды шешудің стратегиялық жолдарын жасап шығару шеберлігін қалыптастыруды, нысандарды, құбылыстарды және олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдерді жүзеге асырудың нәтижелерін болжау маңызды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: оқушы тұлғасын дамытуға арналған компьютерлік технологиялардың техникалық және дидактикалық потенциалын пайдалану тәсілдері арқылы оқушының креативтілік деңгейін жоғарылату, альтернативті ойлау қабілетін дамыту.

Зерттеу нысаны: Мектепте химияны оқыту үрдісі

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеті:

- оқу курсында компьютерлік технологияларды тиімді қолдану;

- оқытуға арналған компьютерлік бағдарламаларды жасауда жаңа әдістемелерді құру;

- оқу працесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере отрып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіріу;

-«Ерітінділер, Су» тарауына компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланып жасалған әдістеменің оқытудың тиімділігін арттыру жане тәжірибелік- эксперименттік түрде тексеру.

Зерттеу әдістері: химияны компьютерлік бағдарламалар арқылы НуреrChem, MOРАС, SunRav Book Office оқыту.

Теориялық маңыздылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды, оқу және практикалық тапсырмаларды шешудің стратегиялық жолдарын жасап шығару шеберлігін қалыптастыру маңызды болып табылады.

Ғылыми жаңашылдығы: химияны оқытуда ақпараттық кеңістіктің маңызын, соның ішінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану әдістемелерін ұсыну.

Практикалық маңыздылығы: қазіргі заманға сай оқушылардың компьютерлік бағдарламаларды жүйелі түрде толық меңгеруі және білімдері мен біліктіліктерінің, таным белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтижелері: оқу працесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере отрып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіріу

Ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: оқу және практикалық тапсырмаларды шешудің стратегиялық жолдарын жасап шығару

Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ МӘНІ

1. 1 Білім беру үрдісінде компьютерлік технологиялық әдістеменің ерекшелігі

Компьютерлік технология - қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Сондықтан, ғылыми-практикалық зерттеулерде оның атқаратын міндеті аса жоғары.

Оқыту үрдісі кезінде оқушылардың кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл компьютерлік моделдеу әдісімен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Пәндерді оқыту теориясын құру үшін ең алдымен ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің моделін құру керек. Әдебиетте ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің негізгі үш жағын қамтитын әртүрлі моделі бар; 1) нақты жағдайды ақпараттық түрде сипаттау, немесе эмпирикалық материалды ақпараттандыру әрекеті; 2) оқу материалын логикалық ұйымдастыру; 3) ақпараттық модельдеу теориясын қолдану. Бұл модель шынайы ақпараттық модельдеу әрекетін бейнелейді [1] .

Ақпараттық модельдеу іс-әрекетіне үйрету информатиканы және мамандық пәндерді белсенді оқыту. Сондықтан болашақ мұғалім оқушыны дайын материалды жаттатпай, ақпараттық модельдеу шындығын ашуға, ақпараттық материалды тәжірибе жолымен логикалық түрғыда ұйымдастыруы, сөйтіп теорияны әртүрлі нақтылы жағдайларда пайдалануға үйретуі тиіс. Болашақ мүғалім оқытудың әртүрлі кезеңіндегі ақпараттық моделдеу іс-әрекетінің тиімді өзара қатынасын анықтауды үйренуі тиіс. Ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің бірінші және үшінші кезеңі (жағдайды модельдеу және теорияны қолдану) екінші кезеңге (теорияны логикалық құру) қарағанда ғылыми зерттеуде де, әсіресе оқыту үдерісінде аса маңызды. Мұғалімнің ақпараттық модельдеуге оқыту әдісі осы үш кезеңнің бір түрінен екіншісіне ретін сақтай отырып жүйелі түрде көшуі керек.

Компьютерлік модельдеудің мән-мағынасы, маманның нақты объектіні практикада толық зерттеу мүмкін емес жағдайда, оны есептеу алгоритмдерінің көмегімен компьютер арқылы іске асыратын, сол нақты объектіні математикалық модельмен алмастыру болып табылады .

Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

Компьютерлік желілер арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі телефон желілеріндегі дыбыс сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде жаңа АКТ құралы - Интернет - телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады. Телекоммуникациялық желілерде ақпараттарды іздеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты - компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады [2] .

АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар (семинарлар, дәрістер) жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар. Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәніне талдау жасай келе келесідей тұжырымдар жасалды:

Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстарды белсеңді және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді;

Өркениеттің дамуы, жұмыс істейтін тұрғындардың көпшілігінің еңбек объектілері мен нәтижелері материалдық құндылық емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылатын ақпараттық қоғам бағытында іске асуда. Сонымен қоса ақпараттық технологиялар қоғамда болып жатқан ақпараттық үрдістерді тиімді ету және көп жағдайларда автоматтандыру мүмкіндігін береді;

Ақпараттық үрдістер, басқа, одан да күрделі өңдірістік немесе қоғамдық үрдістердің маңызды элементі болып табылады. Осыған байланысты ақпараттық технологиялар қоғамдық немесе өңдірістік технологиялардың сәйкес құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады;

Телекоммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялардың бір бөлігі бола тұра, адамдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуде, сондай-ақ жаппай ақпарат тарату мен дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады;

Ақпараттық технологиялар қоғамды тұлғаландыру, оның білім беру жүйесін және мәдениетін дамыту үрдісінде негізгі орын алады. Сондай-ақ, оқытатын ақпараттық құралдарды пайдалану, кадрларды қайта дайындау және олардың квалификациясын өсіру жүйесі үшін де, өзіндік білім алу жүйесі үшін де тиімді әдіс болып табылады. Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің көзқарасы бойынша маңызды болып келетін АКТ-ның бірнеше негізгі кластары бар. Бейнежазбалар мен телевидениялар осы технологиялардың бірі болып табылады. Бейнетаспалар және сәйкес АКТ құралдары көп көлемді студенттерге мықты оқытушылардың дәрістерін тындауға мүмкіндік береді. Дәрістер жазылған бейнетаспаларды арнайы бейнекластарда да, үй жағдайларында да қолдануға болады. Мысалға, американдық және европалық білім беру курстарындағы негізгі материал баспа беттерінде және бейнетаспаларда ұсынылады. Оқытылатын материалды ұсынатын мұндай жүйелер біздің елде де таралуда. Сонда да барлық курстарды бейнематериалдармен бекіту қажет емес: ресейлік студенттер батыс студенттеріне қарағанда бейне көрсетілімдерге аса үйренбеген; егер курс материалы кітаптан және бейнетаспалардан тұрса, онда ресейлік студент, бәрінен бұрын кітапты, сосын барып бейнетаспаларды қарастырады. Егер оқу курсына визуальды ақпарат қажет болса және оны қағазға басылған түрде ұсыну мүмкін болмаған жағдайларда бейнематериалдар қажет болады. Егер бейнетаспа - қосымша иллюстрациялары жоқ құр ғана дәріс жазбасынан ғана тұрса, онда ол пайдалы, бірақ қажет емес. Қазіргі жағдайларда бейнелік оқытуды қолдануға психолоиялық та, техникалық та бөгеттер жоқ, өйткені халықтың көп бөлігінде бейнеаппаратуралар бар және бейнетаспаларды арендаға ала алатындай көптеген бейнепрокат пунктары бар. Мысалы, осы принцип бойынша оқу материалдары жазылған бейнетаспаларды прокатқа ала алатындай қашықтан оқыту орталықтарын құруға болады. Кең тараған АКТ құралдарының бірі болып табылатын телевидение адам өмірінде үлкен роль атқарады: әрбір жанұяда дерлік ең болмағанда бір теледидар бар. Оқу теле-бағдарламалары бүкіл әлем бойынша кеңінен қолданылуда және қашықтан оқытудың жарқын мысалы болып табылады. Телевиденияның көмегімен білімнің меңгерілгендігін бақыламай-ақ кең көлемді аудиторияның жалпы дамуын көтеру мақсатында дәрістерді беру мүмкіндігі және де соңынан арнайы тесттер мен экзамендердің көмегімен білім деңгейін тексеру мүмкіндігі пайда болды. Өкінішке орай аталған технология тек үлкен аудиторияларға, мысалға, шет тілін оқитындарғы немесе қандай да бір ғылым негіздерін оқитындарға ғана қолданыла алады. Анағұрлым тар бағыттағы курстар үшін ұлттық немесе қалалық телевидениені пайдалану қиынға түседі.

Кабельді телевидение үлкен қалаларда кең таралған. Бұндай қала тұрғындарының көбі, хабарламалар күніне 4-6 сағаттай жүргізілетіндіктен кабельді телевидениенің пайдасын сезінді. Кабельді телевидение студиялары көшіруге рұқсат етілмеген бейнематериалдарды тарату орталықтарына айнала алады. Көптеген оқу теле және радиобағдарламалары спутниктік телевидение арқылы беріледі. Мысалы, 1971 жылы құрылған INTELSAT халықаралық ұйымы оқыту бағдарламаларын бүкіл әлемге дерлік ұсыну үшін өзінің 15 спутнигін бөлді. Спутниктік арналар бейнекескіндердің, дыбыс, мәтін және құжаттар көшірмелердің барлығын бірге цифрлік түрде ұсына алатын ISDN коммуникациялық желісін ұйымдастыру мүмкіндігін де береді [3] .

Оқу материалының негізгі көлемін ұсыну және сақтау мүмкіндігін беретін, компьютерлік желілерде таратылатын және де CD-ROM-ға жазылған мықты технологиялар - оқу-электрондық басылымдар болып табылады. Олармен жекеше жұмыс істей келе материалды толық түсініп, меңгеруге болады. Бұл технологиялар бар курстарды жекеше қолдануға сәйкестендіру, өзіндік білім алу және алған білімді өзіндік тексеру мүмкіндігін береді. Дәстүрлі кітаптарға қарағанда оқу-электронды басылымдар материалды динамика-графикалық түрде бере алады. Телефонияның әр түрлі формаларына негізделген студент пен оқытушы арасында хабар алмасудың асинхронды жүйесі мәлімет ( сұрақтар, кеңес беру, қосымша материал, қорытынды бақылау) алмасу үшін қажет. Сонымен қоса ол оқып үйренуші мен оқытушыларға алынған хабарларды талдау және кез келген уақытта оларға жауап беру мүмкіндігін береді. Асинхронды-телефонды хабар алмасудың бір түрі - дыбыстық пошта. Аталған АКТ құралын қолданғанда студент белгілі бір телефон номеріне қоңырау шалады және оның қойған сұрақтары таспаға жазылады. Кейіннен оқытушы жазбаны тыңдайды да, өз жауабын студент өз кезегінде асинхронды режимде тыңдай алатындай басқа таспаға жазады. Қашықтан оқыту жүйесінде дыбыстық пошта кеңінен қолданылады. Қазіргі уақыттағы АКТ-ның асинхронды құралдарының танымал түріне ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілер жатады. Бұл байланыста Internet, Bitnet, TUNet сияқты халықаралық және ұлттық желілерді пайдаланудың білім берудегі өзектілігі белгілі. Жаңа компьютерлік телекоммуникациялық құралдардың көмегімен оқытушы және студенттер арасында жылдам байланыс орнату қашықтан оқыту үрдісінің қайталанбас бөлігі болып табылады. Осындай байланыс кезінде студенттер оқытушылармен бағалар, шешімдер, проектілер туралы ақылдаса алады, олардан кеңес сұрай алады. Жалпы білім беру жүйесі, сонымен қатар ашық және дистанционды білім беру ғылыми-техникалық прогрестің ықпалынан, білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының пайда болуы мен ендірілуі ықпалынан дамыды. Алғашқы кезде, білім беру жүйесінің бірінші буынында ақпарат тасушылар ретінде жазба және баспа материалдары болды. Сол кездерде бірнеше ғасырлар бойы қолданылып келгендіктен, жаңа баспа технологияларының пайда болуы оқулықтарды шығару бағасының төмендеуін қамтамасыз етті. ХІХ ғасырдың ортасынын бастап темір жол жүйелері мен экономикалық ұлттық пошта қызметтерінің пайда болуы оқыту материалдарының көптеген географиялық аймақтарға таратылуын қамтамасыз етті. Қол жетерлік оқулықтарға қосымша ретінде арнайы жасалған материалдар шектеулі болды және олрға мұғаліммен іріктелген сұрақтар мен оқулықтар тізімі кірді. 1920 жылы радионы ойлап шығару - радио курстың бастамасы болды. 1950 жылдан бастап, телекурстар белсенді түрде қолданыла бастады.

Білім беру саласында жаңа электрондық басылымдардың саны күн сайын артып келе жатқандықтан, оларды жоспарлауда, жасауда, апробациялағанда және ендіргенде жоғары сапалы болу шарты міндетті болды. Жасалып жатқан ЭОБ сапасы және ресурстардың шығыны арасындағы тығыз байланыс жоғары сапалы қорытынды өнім алуда аса қажетті. Соңғы кездері, бұл білім беруді қарқындатуға бағытталған компьютерлік құралдарды жетілдіру мен жасау әдістерінің өзгерісіне алып келді. Осы себепті әр түрлі халықаралық стандарттар пайда болды. Жоғары сапалы ЭОБ-ын АКТ құралдары ретінде халықаралық стандарттар мен келісімдер талаптарына сай етіп жасау қиын мәселе болып табылады. Себебі, нормативті - құқықты және нормативті - техникалық базаға негізделген құжаттар жасау, аккредитация және өнімді сертификаттау жұмысы өте көп уақыт пен шығынды алады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде белгілі бір тұрақты мағынасы жоқ ақпараттық технология құралдары ұғымының негізі ролі осы анықтамадан түсінікті болып шығады. Ақпараттық технология құралдарына есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін техникалық, аппараттық, инструментальды бағдарламалық құралдар, жүйелік және құрылымдық комплекстер жатады. Компьютерлік құрылғылар құрамына жергілікті желілер (Intranet), ауқымды желілер (Internet, Glusnet, Runnet және т. б. ), спутниктік байланыс түрлері кіреді. Оқытудың ақпараттық технологиялары - бұл білім беру саласында қолданылатын электрондық құралдар, компьютерлік желілер, компьютерлік телекоммуникациялар және басқа да құралдардың жиынтығы. Осы анықтамада аталып шыққан құралдардың білім беру процесін ақпараттандыруда айтарлықтай нәтижелі болуымен қатар, сонымен бірге ашық және дәстүрлі білім беру жүйелеріне тән процесстер комплекстерінің барлығын ақпараттандыруда нәтижелі болатыны сөзсіз. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді саралаудың негізінде, біз ақпараттық технология құралдарының жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіптік дайындау жүйесінде қолданылуы, білім беру мекемесінің педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметінің келесі маңызды мүмкіншіліктердің арқасында сапасының артуына әкеледі:

  • білім беру мазмұнының қалыптасуы және сұрыпталу технологиялары мен тәсілдерінің жетілдірілуі;
  • информатикаға және ақпараттық технологияларға қатысты жаңа арнайы оқыту пәндері мен оқыту бағыттарының енгізілуі және дамуы;
  • жоғары оқу орындарында, информатикаға тікелей қатысы жоқ дәстүрлі пәндерді оқытуда өзгерістердің енуі;
  • жекешелендіру мен дифференциация негізінде және қосымша мотивациялық тетіктердің қолданылуының негізінде оқытудың нәтижелілігінің өсуі;
  • оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас мазмұны мен сипатының өзгеруі және оқыту прцесінде қарым-қатынастың жаңа формаларының ұйымдастырылуы.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып - үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік - компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-компьютерлік технология және т. б.

Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т. б. графикалық пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра алмайды. Өзіне тән «Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw». «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т. б. мүмкіндіктеріне қарай бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.

Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т. б. ) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.

Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т. б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т. б. қолданылады.

Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.

Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т. б. ) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.

Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім жүйесіндегі дидактикалықпроцесті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.

Ал осының ішінде химияны оқыту кезінде иллюстративті-компьютерлік технология мен когнитивті-компьютерлік технологияны қолдану ыңғайлы. Осы технологияларды қолдана отырып, органикалық химияны оқыту кезінде студенттердің шығармашылығын арттыратын тапсырмалар беруге болады.

Кесте 1

Компьютерлік технологияны меңгеру, олардың атқаратын міндеттерін, жұмыстың негізгі қағидаларын, қолдану саласын білуді практикада пайдалануды қарастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпартаттық технологиялар және технтка. Есептеу техникасының даму тарихы
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢА ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Ақпарат тасымалдау
Көлік компаниясының ақпараттық қажеттіліктерін бағалау
Микропроцессорлық техниканың командалары
Ауқымды компьютерлік желі
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz