ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары. Химия адам ісіне құшағын кең жаяды деп М.В.Ломоносов айтқан болатын. Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын, қатуы сияқты құбылыстарды байқап жүрміз.
Химия ғылымы негізгі алдына қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері - молекулалардың құрылымы туралы ұғымдар да өзгеріп отырды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында химияда бұрынан қалыптасқан генетикалық байланыс ұғымын заттың құрлыс жөніндегі ұғымдар алмастырды. Атомның құрлысын зерттеуге баса назар аударылды, соның нәтижесінде кванттық-механикалық түсініктер теориясы пайда болды. Ол заттың ішкі құрылысын тереңірек зерттеуге баса назар аударды. Сөйтіп атом-молекулалық ілім, құрамның тұрақтылық, массаның сақталу заңы, химиялық элементердің периодтық заңы, органикалық қосылыстардын
құрлыс теориясы т.б. пайда болды.
Химияны оқыту, білім беру және тәрбиелеу мақсаттарының бірі -- оқушыларға химияны саналы, жүйелі әрі баянды меңгерту. Ол ұғымдар жүйесін дүрыс меңгеруге байланысты.
Білім-заттар мен қосылыстардың елеулі белгілері мен олардың өзара байланыстары туралы ғылыми ұғымдардан құралады. Ұғымдарды меңгеру арқылы оқушылар болмысты танып-біледі, өмірлік қажетіне пайдаланады. Болмысты танып-білудің басты кезеңі -- заттар мен құбылысты сезіну және түйсіну. Түйсінуден заттарды тұтас бейнелейтін қабылдау пайда болады. Қабылдаудың негізіңде адам ойында бейне түрінде сақталатын елестер туады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: әлемдік өркениеттің, ғылым мен техниканың қарыштап өсуі, үздіксіз алға жылжуына байланысты химия ғылымының да рөлі барған сайын арта түсуде. Техникалық прогрестің көшіне ілесу үшін міндетті түрде химия ғылымынан жан-жақты хабардар болу керек. Химия ғылымы адамзат қоғамының дамуына игі әсерін тигізуде. Міне, сондықтан химия пәні жалпыға білім беретін орта мектеп бағдарламасы бойынша жүйелі, жан-жақты білім алып шағудың маңызы да барған сайын артқандықтан осы тақырып тандалды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: химияның дамуындағы үдерістер мен заңдылықтарды оқытудағы әдістердің ерекшеліктеріне сай мектеп химия курсының ғылыми негізінде оқушылардың білімін жетілдіру
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
мектеп химия курсының мазмұнын қалыптастырудағы әдебиеттерге анализ жасау, шолу;
химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы химияға құштарлығын және қабілетін дамыту;
химия курсын құрудың ғылыми-теориялық негізіне сай Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен атом құрылысы және Металдар тақырыптарын оқытуда оқушылардың білімін жетілдіру және деңгейлерін айқындау.
Ғылыми жаңашылдығы: жалпы химия ғылымының дамуы мен маңызын оқыту үдерісіне әр түрлі әдістер арқылы енгізудің сапалығы жолға қойылған және мектеп химия курсының ғылыми негізінде оқушылардың білімін жетілдіру
Практикалық маңызы: алынған теориялық қорытындылар мен эксперименттік нұсқауларды орта мектепте жүргізілетін химия пәнінде және кеңес беруде қолдануға болады.
Ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: мектепте химия пәнін оқытуда химияның дамуы мен маңызын түрлі әдістерді тиімді қолдану өзгермелі қоғам жағдайында педагогикалық міндеттерді шешетіндігі анықталды.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері:
химияның заңдылықтары мен теорияларын оқытуда химия курсының ғылыми негізін түсіндіру;
мектеп химия курсының ғылыми негізін Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен атом құрылысы және Металдар тақырыптарын оқытуда әртүрлі әдістер қолдану арқылы өткізудің ерекшеліктері талданды.
Зерттеу объектісі: МЕКТЕБІ орта мектебінің 8,9,10 сыныптарының оқушыларының оқыту үрдісі (химия пәні бойынша).
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу әдісі: теориялық-оқыту жүйесі, химия пәнін оқытуда әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; интерактивті әдістер негізінде ұйымдастырылған сабақ жүйесін талдау және бағалау тәсілдері; оны сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ХИМИЯ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗІНДЕ

1.1 Мектеп химия курсының мазмұнын қалыптастыру

Химиялық білімнің мазмұнын анықтау -өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді және не үшін оқытады деген сұрақтараға жауап берілуіне қарай оқытудың мазмұны туралы мәселе әрқилы шешіледі. Мектепте химия курсы негізгі екі білім жүйесінен құралады, олар: зат жөніндегі және химиялық реакциялар жөніндегі білім жүйелері. Ол бейорганикалық, органикалық химияда оқу материалын ашатын басты идея ретінде берілген. Оқу материалдарын іріктеуде танымдық және тәжірибелік мәні бар тақырыптар негізге алынады. Осы белгілерге сәйкес оқу материалына мыналар жатады:
Танымдық үлкен мәні бар материалдар, олардың негізінде ұғымдар жүйесі қалыптасады, теорияларды меңгеруге нақты негіздер қолданылады. (мысалы, сутек, оттек, су кейбір металдар мен бейметалдар, типтік оксидтер, қышқылдар және тұздар)
Практикалық мәні бар тақырыптар (минералды тыңайтқыштар, ионидтер, синтетикалық кір ашатын заттар, сабын).
Тірі және өлі табиғат негіздерін құрайтын басты элементтер, заттар, қосылыстар (кремний, кальций, олардың қосылыстары, майлар, ақуыздар, көмірсулар).
4. Кейбір технологиялық үрдістер мен химия өндірісі жөнінде мәліметтер беретін тақырыптар енгізілген (аммиак, күкірт және азот қышқылын өндіру, этилен, альдегидтер өндіру).
Қазіргі ғылым мен өндірістің жетістіктерін көрсететін материалдар (Мысалы, катализатор, синтетикалық каучук, синтетикалық амин қышқылдары, жасанды талшықтар, пластмассалар, жасанды алмаз).
Оқытудың мазмұны оқушылардың қызметіне сәйкес химия пәнінің негіздерін меңгеруге қажетті іскерліктерді біріне-бірі байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
Пәндік ұйымдастырушылық: сынақ-тәжірибелерді жоспарлайтын іскерліктер, есептер шығару жолдарын белгілейтін ізденістер, оқулықпен, әдебиеттермен өзіндік жұмыстар, кабинеттегі жұмыс орындарын даярлау, тәжірибенің қауіптілігін жою.
Мазмұнды интеллектуалды іскерліктер: теориялық білімді пайдалану, танымдық әдістерді меңгеру, пәндік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.
Хабарламалы коммуникативтік химиялық тектестіктерді оқу арқылы, оқу хабарларын тыңдау кезінде анықтамалармен жұмыс істеу, білімді жинақтау. Кесте, химиялық сызбанұсқаларды, аудиовизуалдық құралдарды пайдалану, химия ғылымының тілдік қатынас жасай алуы, сөздік хабарды номенклатура, термин, белгілер бойынша өрнектей білу.
Сарамандық жұмыстарды, зертханалық тәжірибелерді орындай білу, приборларды құрастыру, сынақ-тәжірибе мен теориялық дәлелдемелерді орындау, графиктер сыза білу.
Есептеу іскерліктер: химиялық сандық есептерді шығара білу, өндірістік есептерді орындай білу.
Бағлай білу іскерлігі: танымдық әдіс бойынша алға қойған мақсатқа жету, өз білімін, жауабын дәлелдеу, теориялық материалдарды қорытындылау, жинақтап шолу, жүйелеу.
Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар
Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көз-қарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс.
Оқу материалы ғылымының логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.
Бұл ғылыми негізге - кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді.
Оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.
Дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызды орын алады. Оқушыларды білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс.
Бұл оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия өнеркәсібі қажеттілігінің ғылым дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн.
Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде және оқу орындарындағы Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын мынадай принциптерін айқындайды.
1. Ғылымилық принциптері негізінен студенттерге білім берудегі фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген мәліметтер негізінде берілуі және пайдалануы тиіс. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқат бұрмаланбай жеткізілуі қажет. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі мәліметтердің негізінде енгізілуі керек.
2. Пәнаралық принциптері экологиялық білімді пәнаралық байланыспен жүзеге асыра отырып беру. Мұның әдіснамалық негізі адам-қоғам-табиғат жүйесінің бірлігінде, жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың бір-бірімен байланыстылығында жатыр. Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен жетістіктері іске жаратылады. Бұған қарағанда пәнаралық байланысты жүзеге асыратын экологиялық көзқарас, жоғары оқу орындарында оқылатын барлық пәндердің басын біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Ол үшін әр пәннің экологиялық аспектісін саралап, жалпы жүйедегі орнын анықтау ғылыми жағынан негіздеу қажеттігі туындайды.
3. Доминанттылық принципі мағыналық доминантты бөлу, экологиялық білімнің жеке пәнаралық компоненттерін жинақтайды. Экологиялық доминанттың іске асуы қоғамды-экологиялық ұғымдар, экодамудың идеяларымен, цивилизацияның тұрақты дамуымен, экологиялық қауыпсіздік және табиғи объектілерді сақтау, негізінен биосфера, неосфера жөнінде ғылым, мүмкіншілігінше адам өмірінде жақсы экологиялық жағдайды қамтамасыз етуі арқылы жүреді.
4. Байланыстылық принципі негізінен табиғаттағы тірі ағзалар мен орта факторларының, химиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның тығыз байланыстылығының бар екендігін тәжірибелер мен мысалдар арқылы береді.
5. Тепе-теңдік принципі табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер ондағы ағзалардың жиынтығы мен өлі табиғат арасында тепе-теңдік сақталады.
6. Қызығушылық принципі оқыту барысында білім берудің барлық әдістері мен формалары студенттердің бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға ұмтылдыру. Табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету. Мұның өзі экологиялық сананы және мәдениетті қалыптастырумен тығыз байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері эстетикалық қуаныш, бүлінуші-аяныш сезімін тудырып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу.
7. Интеграциялау принципі экологиялық білім беруде жаратылыс пәндері (химия, физика, биология, география т.б.) мен гуманитарлық пәндер (тарих, политология, философия т.б.) арқылы берілетін білім негіздерін жеке тұлғадан қоғамдық деңгейге дейін көтеру. Үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру. Ол үшін әр пәннің экологиялық жағдайын саралап, жалпы жүйедегі орнын анықтап, ғылыми жағынан негіздеу қажеттілігін іске асыру.
8. Жүйелілік және үздіксіздік принциптері. Мұның мәнісі экологиялық білім мен тәрбие беру адамның отбасында дүниеге келген күнінен басталып, бүкіл ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен тәрбиенің мазмұны, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады. Үздіксіз химиялық-экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі ағзаларға тигізетін зиянын жүйелілікпен оқып білу.
9. Саналылық және белсенділік принципі негізінен оқыту барысында оқытушы мен студент еңбегінің ара салмағын студент жағына ауыстырып, олардың пәнге, оның теориялық негіздерінің экологиялық мәселелермен байланысуына қызығушылығын және білім алудағы белсенділігін арттырып отыру. Ғылымның тілін, органикалық химия курсындағы және экологиялық ұғымдарды меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі.
10. Теорияның сарамандыққа байланыстылық принципі ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады. Принципті іске асыру үшін студенттер органикалық химия курсында алған теориялық білімін сарамандық-таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға, экологиялық мәселелерге негізделіп қарастырылады.
11. Көрнекілік принципі дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытқанда маңызды орын алады. Экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекілік құралдар, киносюжеттер, коллекциялар, бейнекөріністер, биоиндикаторларды пайдалану және табиғатты бақылау нәтижесін пайдалану.
12. Өлкелік принципі экологиялық білім беруде студенттердің тұрмыстық салт-дәстүрі, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше аймақтық мәселелерді көтеру оған студенттердің араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту. Табиғатты сақтау мен жаңартуға байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.

1.2 Орта білім жүйесінде химияның оқу пәні ретінде алатын орны

Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының колемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмұнынның тұтастығы; ғылыми дәлдігі және қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып өтейік.
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қврыштап дамьщы. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді.
Химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептің алдына қойылған міндеттердің өзгеруіне сәйкес химия пәнінің мазмүны үздіксіз қайта қаралып, жаңарып отырды.
1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Шамамен алынған дейтін себебіміз-бүл бағдарламаларда эр сыныпта өтілетін тақырыптардың тізбесі ғана берілді, мазмүны ашылмады, оны жергілікті жағдайға байланысты мүғалімнің өзі анықтау керек болды. Екі жоба химияны оқытудың өмір мен қоғамдық сарамандыққа байланысын, өздігінен істейтін сарамандық жүмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру негізіне сай қүрылды. Профессор П.П. Лебедовтың басшылығымен жасалған москвалық жобада теорияның жетекшілік мэні мойындалмады, оны тәжірбиеден оқушылардың өздері қорытып шығаруға тиісті болды.
1923 жылы қабылданган жинақты бағдарламада химияның жаңадан қалыптаса бастаған жүйелі курсы жойылып кетті. Оның орнына барлық пәндерді біріктіретін "табиғат" , "еңбек", "қоғам" деген қүрама тақырыптар енгізілді. Соларға сәйкес өндіріс және өндірістік эрекеттерді жөндеп түсінбеді, білімнің сапасы да төмендеп кетті.
Оқу пэндерінің бағдарламаларын жасаудағы орын алған бүрмалаушылық-тарды түзетуде ВКП (б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы тамыздағы "Бастауыш жэне орта мектептегі оқу бағдарламалары мен, тэртібі" туралы қаулысының маңызы зор болды. Бүл қаулыда жалпы білім беретін пэндердің жүйелі бағдарламаларын жасау, пэнаралық байланыстарды жүзеге асыру міндеттері қойылды. Осыған орай 1932 жылдың соңында В.Н. Верховский басқарған комиссия химияның түрақты бағдарламасын үсынды.
Бүл бағдарлама жүйелілікке, үғымдардың үздіксіз дамуына, политенизхмге, теорияның сарамандыққа байланысына негізделіп қүрылды. Химияның негізгі үғымдары мен заңдарының анықтамалары тэжірибе жүзінде өтілген деректі материалдардың негізінде берілетін болды, оларды орналастыруда химия гылымының логикасы мен даму кезеңдері ескерілді.
Қазіргі қолданысқа ие болған бағдарлама үстанымы - химиялық заттар бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жете түсінбейінше, ғылымның мазмүнын игеруге толық мүмкіндік болмайды. Сондықтан орта мектептің биоорганикалық, органикалық, жалпы химия курсын меңгеруде жаңа бағдарламаның оқу - тәрбиелік маңызы зор.
Химияны оқу үрдісінің аса маңызды бөліктерінің бірі. Оқу пәнінің мазмүны мен қүрылуы білім үстанымдарының идеясына сәйкес іріктелінш алынады. Сабақ материалдарын дайындауда мүғалімге оқыту кұралдары мен әдістері оқу ісін үйымдастыру формаларын анықтауға мүмкіндік береді. Химия курсының мазмүны сгеменді еліміздің жалпы білім берудің міндеттері мен мазмүнынан туындайды, мүның өзі жүйелі біпімді, іскерлік иен дағдыларды меңгеру арқылы адамның ақыл-ой, дене қабілетінің дамуын, дүниетаным көзқарасы мен мінез-қүлқын, өмірге, еңбекке дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Оқу пәндерінің мазмұнын гылым негіздері деп атайды. Бірақ химия ғылымында бүл термин арқылы орта мектептегі оқу пәнінің түсінігіне кірмейтін мазмұнды да белгіленеді. Оқу пөніне ғылымның осы кезге дейін қолы жеткенінің бәрін емес, ғылыми маңызы зор және бұл пәнді оқытудың мақсатына сай, оқушылардың саналы игеретіндерін ғана енгізу кажет деп саналады.
Орта мектептегі химия курсының мазмүнын аныктаудағы әдістемелік курстың міндеті -- қазіргі химия жетістіктерін, біздің қоғамның қажеттілігіне сай маңыздыларын, сол маңыздыдыларының ішінен химияны оқытуға қойылатын педагогикалық талаптарға сәйкес келетіндерін іріктеп алу
көзделеді ғылымдарының саласы көп: бейорганикалық, органикалық, биологиялық, аналитикалық, физикалық химия химияның өзге де салалары бар. Бұлардан басқа қолданбалы химия ғылымдары - химиялық технология,т.б. Химия ғылымының әр саласы заттар мен қүбылыстарды сипаттайды оның өзіндік үғымдары, теориялық қортындылары , заңдары, өмірмен байланысы, өзіндік тарихы даму келешектері бар. Теориялық және суреттеме және олардың өмірмен байланыс сипаты уақыт өткен сайын өзгеруде . Педагогика ғылымдары да тоқырап тұрмайды. Оныц қоғам қажетгілігінен туатын талаптары да сондай тез өзгереді. Химия курсының мазмұнын анықтағанда химия жөне педагогика ғылымдарының бүгінгі жайын ғана емес, жуық арадағы болашағын да ескеру керек.
Сондықтан химия курсының біреуіне ғана емес, өр түрлі салаларына тиісті материалдар алынуы қажет. Зат және оны зерттеу тәсілдері химия ғылымдарының бөріне ортақ болып табылады. Заттардың қасиеттері бірімен-бірі әрекеттескенде білінеді. Химиялық реакциялар белгілі жағдайда ғана табиғат зандарына сәйкес жүзеге асады. Химия ғылымдарының негіздері жөнінде дұрыс түсінік алу үшін аса көп заттарды оқып-үйренудің қажеті жоқ, маңызды топтарының біраз өкіддершің қасиеттерін білсе, жеткілікті.
Қазіргі кездегі жалпыға бірдей орта білімнің мазмұны мен құрылымын мынадай төрт жүйеге топтауға болады:
1. Химия негіздерімен химия технологиясының білім жүйесі, олар: теориялық, әдіснамалық, қолданбалы болып бөлінеді. Бүлар химияның жалпы және политехникалық білім жүйесінің негізін қүрайды, табиғаттың танымдық бейнесі жөнінде үғымдар береді.
2. Химиядан білім берудегі іскерліктер мен дагдыларды қалыптастыру жүйесі. Ол окушылардың оқу-танымдық қызметін қамтамасыз етіп, алған білімдерін өмірде, күнделікті түрмыста қолдана білуге үйретеді.
3. Іс жузінде жинақталган танымдық, қолданбалы тәжірибелер жуйесі. Ол шығармашылық қызметті, күрделенген оқу-танымдық мақсаттарды шешеді. Соныжн қатар бүл -- химиялық біліктер мен іскерліктерді меңгеруді, қолдана білуді, шығармашылық дербестікті қажет ететін оқушылар өрекеті.
4. Қоршаган орта мен арадагы қарым-қатынас жүйесі. Табиғат байлығын аялап, қорғау адамның басты міндеті, ол мектеп қабырғасында жүзеге асады.
Мектептік химия курсының мазмүнына осындай негізгі мөселелердің енуі, оқытудың жалпы мақсаттарын анықтайды. Сонымен қатар оқытудың мазмүнын мектепте "неге үйрету керек" деген сүраққа жауап беру арқылы анықталады. Оқу пөнінің мазмүнына сабақта оқушылардың меңгеруіне қатысты білім мен дағдылардың келемі кіреді, сондай-ақ білімді қабылдау, жүйелеп меңгеру аппаратгары (бақылау сүрақтары. жаттығу мен есептер, әдістемелік нүсқаулар) енеді. Оку пәнінің мазмүнына, білімнің жалпы пәнішілік және пәнаралық байланыстары кіреді. Оқу пөнінің қүрылымы химиялык білімнің бағыттары мен қүрамбөліктеріне тәуелдіпәнінің негізгі мазмүны химияның оқу бағдарламасында көрсетілген.. Білімнің мазмүнын анықтау -- өскелең үрпақты неге ү йрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мөселелерін шешу дегенсөз.

1.3 Химия курсын құрудың ғылыми-теориялық негізі

Мектеп курсын қүрудың әдіснамалық негізі -- философиялық таным теориясы. Ол білмеуден білуге өтудің пақты жолдары мен зандылықтарын ашып береді. Оқыту мен тәрбиелеу теориясы оқу пөнінің қүрьшымын анықтауда педагогиканың негізі болады. Оқыту теориясы химияны оқытудың жалпы мақсатын түсінуге көмектеседі, орта білім беру жүйесінде пөннің алатын орнын, білім беру мен ; тәрбиелеу жүйесін аныктайды. Дидактикалық үстанымдар оқу пәнінің мазмұнын, қүрылысын., оқу жолдарын белгілейді.
Оқытудың мазмүны ғылымды танып-білудің жолдарын анықтайды (оқытудың әдістерін, пәнаралық байланысты, оқушылардың танымдық қызметін көрсетеді, т. б.).
Оқу материалын жүйелі орналастырудың, оның өдістерін жейлдірудің, химиялық сынақ-тәжірибелердің түрлерін жет;ілдірудің, зертханалық тәжірибелер мен сарамандық сабақтарды, оқушылардьщ дербес жүмыстарын, химішлық есептер мен жатгығуларды ірікгеп алудың жолдарын көрсетеді.
Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негізі оқытудың мазмұүны мек өдістерінің өзара үйлесуі оқушыларға түсінікгі-қонымды деңгейде баяндалуы керек.
Біліктер мен іскерлікгер қалъіптастырудың психологиялық заңдьшықтары оқушылардың даму ерекшеліктері мен ақыл-ойын дамуын еске алады. Оқу пәнінің мазмүнын, оның құрылымын анықтауда химия ғьлымы мен оның теориялық негіздері ескеріледі. Оқу пәніндегі бүрыннан қалыптасқан білім жүйесімен бірге осы кездегі даму бағыттары, болашағы айтылып отыруы керек. Заттардың қүрылысы, реакциялардың кинетикалық теориясы жаңа заттар мен
материаддарды синтездеудегі табыстарды айтып отыру қажет.
Осыған орай заттың құрылысын квантты-механикалық ұғымдарға сәйкес түсіндіру көзделеді.
Мектептік химия курсының мазмұнын құруда танымдық және даму ерекшеліктері ескеріледі. Оқушылардың дербес танымдық қабціеттерін арттыруға оқулықта танымдық материалдар беріледі. Химиялық сьшақ-тәжірибелер химияны білудегі негізгі таным әдісі ретінде пайдаланылады. Ол химия технологиясымен тығыз байланыстырылады. Алғаш химиялық заттардың қасиеттері,құрамызерттеліп, одан кейіи кұрлысына байанысты төуелділігі
ашылады.
Зандылықтардың бәрі химиялық құбылыстарды танудың диалектикалықжолы деп саналады. Оқу пәнінің қүрылысында химиялық танымның кәдімгі даму барысы көрсетілуі керек. Теориялық білімнің ікөлемін шамадан тыс қүрделендірудің жоқ, ол негізгі білімдік материалдардың мазмұнын азайтуға өкеліп соғады
Химия ғылымы мектептегі оқу пәнінін мазмұнын құрайтын негізгі көзі. Ол оның тсориялык иегізі, олай болса, оның ғылымилығы мсп оқу пәнінің мазмұны бірлікте шешіледі. Оқу пәнінің мазмүны ғылыммен тығыз байланыста қүрылып, кейбір жалпы мөселелер де енеді,
Сондықтан да оқу пөні мен ғылыми танымдық материалдарды оқулыққа енуі табиғат жөніндегі ілімдермен бірлікте даму бағытыңда жүргізіледі. Оқу іюніндегі химиялъіқ материаддар таным тәсілдерімен бірдей білім жүйесін қүрайды. Деректер, түсініктер, зандылықтар, теориялық идеялар, үғымдар табиғат қүбылыстарын түсіндіруге, суретгеуге негіз болады. Айналадағы табитатты іс жүзінде тануға мүмкіндік береді.
Ғылым мен оқу пәні химиялық танымдар мен нетижелерді суреттеп айтуға, оған халықаралық бірыңғай өлшемдер жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға нышандық белгілер, номенклатуралар, терминдер, физикалық өлшемдер жатады.
Оқу пәні химияға тән танымдық өдістерді пайдаланады. Теориялық (түсіндіру, есептеу, модельдеу, болжау); логикалық (салыстыру, аналогия, индукция, дедукция); сынақ-тәжірибелік (сынақ-тәжірибе, байқау, суретгеу, затты зерттеудің физикалық әдістері) әдістерін қолданады. Дегенмен оқу пәні мен ғылымның арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Олар: оқушы ғалымдардың жаңалықтарды қалай ашьш жөне қалай жасап шығарған қарапайым түрде, педагогикалық арнаулы лайықталып, жасалынған оқу пәні түрінде ғана таниды. Зерттеуші-ғалымдар ғылыми танылмағанды, әлі зерттелмегенді, ал шөкірттер болса нақ затты жаңаны, ғылым зерттеп және танып болған нәрсені ғана окып-үйренсді.
Оқулықта педагогикалық жолмен қайта жасалған ғылым материалдары немесе теория түрғысынаы қарағанда шартты ::белгілермен алынған хабарлама деректері болады. Педагогикалық қайта өңдеу немесе шартты белгілермен беру мүғалімнің оқу материалдарын түсіндірген кезінде болады, оның өзіндік әдісі бар. Қажет болып жатса, оқулықматериалдарын толықтырады, түзетеді немесе ықшамдап қысқартады, онда ол материалды барынша қарапайым да
түсініктітілмен жеткізе үғындырады.
Оқу пәні мен ғылымның арасындағы мынадай айырмашылықтарды айта кеткен жөн:
І. Мазмұнының бағыттылығы мен мақсаты бойынша мектептік курс оқушылардың жеке басының қалыптасуына назар аударады. Ол химиялық білім берумен қатар оқушының дамуына да бағытталған. Ғылымның мақсаты
танымдық түсінікті айналадағы білімдік және сарамандық
мақсатқа сай өзгертуді көздейді.
2. Ақпаратгық көлем бойынша -- жаңалықтармен толъіғьш отырады, оқу пәніне ақпарат уақытша ғана, шекті, өрі кешігіп келеді. Сонымен қатар оқу пәніндегі ғылыми мқааратгық үлесі аса кеп те емес. Жыл өткен сайын азайып, жалпыланып кетеді.
3. Әр түрлі білімнің қүрылымдық қатынасы бойынша алғанда оқу пәніндегі теориялық білім оқыту үрдісінде оңтайланып жүзеге асады. Ғылымдағы жаңа деректер таным әдісімен негізделіп, білім көзіне айналады. Оқу пәнінде ғылым педагогикалық сипат алады да пәнге қызығушылық тудырып, қызықты дерекке айналады.
4.Берілетін білімнің қүрылымы мен логикасы бойынша алғанда химия көптеген ғылымдармен байланысты, ал мектептік оқу пәні солардың синтезі. Ғылымда таным проблемалық сипатта болса, оқу пәніңде сатылап, генетикалық даму мен оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық дамуына сай үнемдеп беріледі.
5. Мазмүн түріне қарай ғылым-білім түрінде берілсе, ал оқу пәнінде білімділікпен қатар басқа да ғылымға аса төн емес кейбір мазмүнға (іскерлік, дағды, тәжірибе, т.б.) ие болады.
6. Таным әдісін пайдалануға байланысты ғылым оның бұрынғы әдісін жаңартып, сынақ-тәжірибе коюды мақсат етсе, оқу пөнінде таным әдісі құбылыстар мен затты тану, білім қалыптастыруды, оқушының танымдық іс-әрекетін дамытуды көздейді.
7. Ғылымдағы білім деңгейі математикалық күрделі Модельдеу аппараттарын белсенді пайдалануды көздесе, ал оқу пәнінде де математикалық есептеулер жоқтың қасы. Ғылым тілінде модельдеу аса қарапайым орындалады.
Ғылым -- оқыту мазмұнын таңдап алудың негізгі көзі, бірақ оқу пәнінің қүрылысы қалай болуы керек екеніне жауап бермейді, ондағы оқу материалын қалай орналастыру керек екеніне, оны меңгерудің оқушыларға түсінікгі болуьша, төрбиелік мақсаттарына жауапты емес.
Қорыта келгенде, оку пәні -- әдіснамалық өндеуден өткен сапа жағынан оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, ыңғайланған жаңа мазмүңцағы ғылым негізі.
Ғылымды оқу пәні етіп өңдеу, орта мектептің жүйелі химия курсы етіп қүру -- оқу пәнін қүрудағы алғашқы міндет. Келесі міндет -- әдістемелік жолмен химия пәнін тиімді оқыту үрдістеріндегі мумкіндіктерді жүзеге асыру.

1.4 Мектептік химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары

Орта мектепте материалдарды іріктеп алудың және химия курсын құрудың негізгі үстанымдарын дидактика талаптары анықтайды. Мектеп курсында қамтылған химия білімінің жүйесі химия ғылымының жүйесіне сәйкес келеді. Химияның, мектепте оқылатын курсының ғылыми негізі атом-молекулалық ілім, элементтердің периодтық заңы периодтық жүйесі, атомдар қүрылысы теориясы, затгар ілыеының химиялық теориясы, электролиттік диссоциация теориясы, органикалық қосылыстардың химиялық қүрылыс теориясы. Орта мектепте бейорганикалық жөне органикалық жалпы химия курстары өтіледі . Бұл курста кейбір маңызды химиялық элементтердің қасиетгері мен олардың қосылыстары, заттарды жіктеу негіздері, химиялық реакциялардың типтері, материалдары оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырады, қорытынды жасауға химияның негізгі заңдары жөнінде негізгі мәліметгер беріледі. Орта мектептің химия курсы халық шаруашылығын химияландырудың маңызын көрсету, химия өнеркәсібі дамуының маңызды бағыттары жөнінде оқушыларға түсінік беруді көздейді.
Оқыту үрдісінде оқушылар заттарды, химиялық қүрал-жабдықтарды қолдана білулері, жеке заттарды бір-бірінен ажырата білулері керек, химиялық есептерді шығару алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулері керек. Химиялық тілді жақсы меңгеріп, нышандар, номенклатуралар, терминдерді жүйелі пайдалануды меңгеруі тиіс. Осылардың негізінде орта мектепті бітіргенде мамандықты еркін тандай алулары керек. Мектептік химия курсының мазмүнын өр сыныпқа сәйкес келетін бағдарламасын анықтайды. Оқулықта бағдарламасының көлеміндегі химиялық білімнің мазмұны жарияланады. Мектеп бағдарламасы мынадай неіізгі ұстанымға сәйкес қүрылады: ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі және бірізділігі, шоғырландыру мен тарихи ұстанымы, теорияның тәжірибемен байланысы. Ұстаным -пәнді қүруға және оқытуға негіз болатын қажетгі ереже. Орта мектепте химия курсынан оқушылардың алатын ғылыми негізде, ешқандай бұрмалаусыз және нақты беріледі. Олар педагогтік қарапайымдалып, өңделген түрде берілседе ғылым негіздері болып табылатын нағыз ғылым туралы түсінікті қалыптастырады. Осыдан барып, оқытудың гылымилық ұстанымы шығады. Оқушы тек өзінің әлі келетінін ғана меңгере алады, бұл оның ақыл-ой өрісінің даму дәрежесіне сәйкес келеді. Осыдан барып оқудың түсініктілігі ұстанымы шығады. Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, тәртіпке келтірілгсн болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бүл жағы жүйелік және бірізділік ұстанымынан керініс табады. Оқыту барысында зандарды, теорияларды, ғылыми жаңалықтарды түсіндіру кезінде тарихи мәліметтер беріледі. Осьщан барьш оқытудың тарихи ұстанымы шығады. Практикадан қол үзген, өмірмен байланыссыз іс жүзінде міңдеттерді шешуге қолданылмайтын білімді оқушылар нашар меңгереді, олардың ынтасын туғызбайды, қызықтырмайды. Осыдан барып теорияның өмірмен байланысы ұстанымы шығады. Дидактика ұстанымдары ілгеріде айтылған бүл жерде тек оқулықтық қүрылымды ескерілетін ережелер айтылады.
Химиялық білімнің мазмұнын анықтау, өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді жөне не үшін оқытады деген сүрақтарға жауап берілуіне қарай оқытудың мазмүны туралы мәселе әрқилы шешіледі. Мектепте химия курсы негізгі екі білім жүйесінен қүрылады, олар: зат жөніндегі және химиялық реакциялар жөніндегі білім жүйелері. Осы білім жүйесі мектеп химия курсының мазмұнын құруға сәйкес ұстанымдарды анықтайды. Мектеп курсын құру жөніндегі тұжырымдама әр елде әрқалай шешіледі, республикамызда зат оның қүрылысы, қасиеттері -- негізгі білім жүйесі ретіндеі қабылданған. Ол бейорганикалық, оргакикалық химиядан оқу материалын ашатын басты идея ретінде берілген. Оқу материалдарын іріктеуде танымдық жөне тәжірибелік мәні бар тақырыптар негізге аалынады. Осы белгілерге сәйкес оқу материалына мыналар жатады:
1. Танымдық үлкен мәні бар материалдар, олардың негізінде үғымдар жүйесі қалыптасады, теорияларды меңгеруге нақты негіздер қолданылады (мысалы, сутек, оттек, су] кейбір металдар мен бейметалдар, тигггік оксидтер, қышқылдар және тұздар).
2. Практикалық мәні бар тақырыптар (минералды тыңайтқыштар, ионидтер, синтетикалық кір ашатын заттар сабын, т.б.).
3. Тірі және өлі табиғат негіздерін қүрайтын басты, заттар, қосылыстар (кремний, кальций, олардың қосылыстары , майлар, нәруыздар, көмірсулар, т.б.).
4. Кейбір технологиялық үрдістер мен химия өндірісі жөнінде мәліметтер беретін тақырыптар енгізілген (аммиак, күкірт және азот қышқылын өндіру, этилен, альдегидтер өндіру т.б.).
5. Қазіргі ғылым мен өндірістің жетістіктерін көрсететің материалдар (мысалы, катализатор, синтетикалық каучук, синтетикалық амин қышқылдары, жасанды талшықтар, пластмассалар, жасанды алмаз, нәруыздар, т.б.)
Осындай күрделі міңдеттерді шешуде химиялық элементгер жөніндегі ілім көмектеседі. Қазіргі белгілі аса көп емес химиялық элементтерден миллиондаған жай және күрделі қосылыстар түзіледі. Оның бәрін білу мүмкін емес, Мектеп курсында шағын ғана элементгер шекті мөлшерде оқылады. Оларға негізінен кіші периодтың элементтері кіреді, кейбір негізгі топтың (А) және (В) топшалары үлкен периодтың практикалық мәні бар, танымдық маңызы зор элементтері алынған. Элементтердің өзі қосылыстары көптеген химиялык заңдылықтарды, жүмбақтарды шешуте, заттың қүрылысы қүрамын зерттеп білуге көмектеседі. Элементгер жөніңдегі ілім негіздері периодгық заң үғымдарьш шешуге көмектеседі. Периодтық заңның графиктік көрінісі -- химиялық элементтердің периодтық жүйесі, ол -- теориялық қорьпъшды ғана емес, элемент жөніндегі белгілердің табиғи жіктелуі. Бұл элементтердің табиғи қосылыстарының көп түрлілігін, олардың өзара бірлігінде көрсетеді. Мектептік химия курсының екінші жүйесі -- химиялық үрдістер жөніндегі ілім. Бүл жүйенің негізгісі -- химиялық реакциялардың типтері жөніндегі білім, олардың жүру зандылықтары және басқару тәсілдері. Типтік реакциялар, олардың жүруіне кинетикалық қиындық келмейтін, оқушылардың түсінуіне ауыр емес реакциялар алынған.
Химиялық реакциялар жөніндегі тәжірибеге негізделген білім химия курсының алғашқы бөлімдерінде берілді. Ол біртіңдеп дамып күрделеніп отырады.Зат массасының сақталу заңы реакциялардың сандық мәнін ашады. Химиялық формула мен тендеулер бойынша есептеулер, химиялық реакциялардың сандық қатынастары, сайма-сайлық зандылықтар, Авогадро заңы, газ күйіндегі көлемдік қатынастар қарастырылады.
Химиялық реакция жөніндегі мәліметтер электрондық теория негізінде жузеге асады. Электролиттік диссоциалану теориясы -- зат пен химиялық реакциялар жөніндегі танымдық үғымдардың жоғары сатысы. Жүйелік химия курсының политехникалық білім беретін такырыптар да енгізілген. Бейорганикалықхимияданалған білім органиколық кимияны оқуға негіз болады. Органикалык химияны оқыту органикалық қосылыстардың қүрылыс теориясынан басталады. Бейорганикалық жөне органикалықхимиякурсыныи, мазмұны өздеріне тән болашақты мезгейтін перспективті және өткенге шолу жасайтын ретроспективті пәндік және пәнаралық байланыстар, мәліметтер деңгейінде үғымдар, идеялар теориялар, әдістер, т.б. негізінде шешіледі.
Соңғы жылдарда пәнаралық байланыс биология, физика математика, қоғамтану, география пөндерімен күшейтілген, олар білімді жинақтап, қорытындылауға аса қолайлы жағдай жасайды, дүние танымдық көзқарас қалыптастырады. Оқыту мазмұнының негізгі қүрамдас бөліктеріне іскерліктер мен дағдылар жатады. Олар оқушылардың оқу-танымдық қызметтері мен дамуына аса қажет. Оқытудың мазмұны оқушылардың қызметіне сәйкес химия пөнінің негіздерін меңгеруге қажетгі іскерліктерді біріне-бірі байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Пәндік үйымдастырушылық: сынақ-төжірибелерді жоспарлайтын іскерліктер, есептер шығару жолдарын белгілейтін ізденістер, оқулықпен, әдебиеттермен өзіндік жүмыстар, кабинеттегі жүмыс орындарын даярлау, тәжірибенің қауіптілігін жою, т.б.
2. Мазмүнды интеллектуалды (ой қызметі) іскерліктер: теориялық білімді пайдалану, танымдық өдістерді меңгеру, пәндік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.
3. Хабарламалы коммуникативтік (қатынас) химиялық тектестіктерді оқу арқылы, оқу хабарларьш тындау кезіңде анықтамалармен жүмыс істеу, білімді жинақтау. Кесте, химиялық сызбанүсқаларды, аудиовизуалдық қүралдарды пайдалану, химия ғьшымының тілдік қатынас жасай алуы, сездік хабарды номенклатура, термин, белгілер бойыңша ернектей білу.
4. Сарамаңцық жүмыстарды, зертханалық тәжірибелерді орындай білу, приборларды құрастыру, сынақ-тәжірибе мен теориялық дәлелдемелерді орындау, графиктер сыза білу.
5. Есептеу іскерліктер: химиялык сандық есептерді шығара білу, өндірістік есептерді орындай білу.
6. Бағалай білу іскерлігі: танымдық әдіс бойынша алға қойған мақсатқа жету, өз білімін, жауабын дәлеляеу, теориялық материалдарды қорытындьшау, жинақтап шолу, жүйелеу.

1.5 Химиялық эксперимент арқылы білім беру мен оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелері

Қазіргі мектептегі химияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың өз бетімен білім алуға, терең білім алу мен оны өмірде қолдана алуына және толықтырып отыруына түрткі болатын өзіндік жеке траекториясын қалыптастыру. Бұл міндетті химия сабағында химиялық құбылыстардың мәнін түсіндіретін жарқын және есте қаларлықтай тәжірибелерді көрнекілеу үрдісінсіз мүмкін емес.
Химиялық эксперименттің әдістемесі мен техникасын жетілдіру, оқыту құрал-жабдықтарын жаңартумен тығыз байланысты. Мектептегі және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын химия курстарының әртүрлі бөлімдеріне арналған оқу құрал-жабдықтарын жасауға В.П.Артемьев, В.Н.Верховский, А.А.Журин, Э.Г.Злотников, Р.Н.Князева, Т.С.Назарова, П.А.Оржековский, И.Ф.Раздымарин, В.В.Сорокин, Г.В.Пичугина, А.А.Цветков, С.Г.Шаповаленко сияқты ғалымдардың ғылыми жұмыстары арналған.
Химияны оқыту кезінде оқу үрдісінің маңызды бөлігі ретінде химиялық эксперимент маңызды рөл атқарады.
Химияның эксперименттік сипаттамасы әр ғылыми ұғымның алдына қойылған міндетінен, практикалық негізі болу керектігінен шығады. Тану затты, құбылысты, үрдісті, фактілерді сезіну, қабылдаудан басталып, жалпылау мен абстракциялауға көшеді.
Химиялық ұғым - химиялық құбылыстар мен үрдістердің белгілері туралы білімді ортақтастыру. Оларды сараптау барлығына тән белгіні анықтау негізінде химиялық заңдылықтарды орнатады. Химиялық эксперименттің әр түрін пайдалана отырып, оқытушы теориялық білімді нақтылайды. Химиялық эксперимент оқушыларға олардың меңгерген химиялық ұғымын нақты мазмұнмен толтыруға, әртүрлі деректерден жалпы заңдылықты көруге көмектеседі. Химиялық эксперимент өз бетімен жұмыс істеуге, химияға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді, себебі оны орындау үрдісінде оқушы бұл жұмыстың практикалық мәнін ғана емес, сонымен қатар бұл білімді қолдануға мүмкіндік алады [1].
Оқушының орындайтын химиялық эксперименттері оқу үрдісінің барлық бөліктеріне кіре алады. Оқушылар жаңа білім алу үрдісінде қолданылатын химиялық эксперимент түрлерін қарастырайық.
Оқу үрдісіне оқушы экспериментін қосу кезіндегі әдістерді таңдауда негізгі және қосымша мақсаттарды анықтап алу маңызды. Жаңа материалды оқыту кезінде негізгі мақсат дерек пен теориялық білімді ортақтастыру болса, ал қосымша мақсаттар бұл логикалық ойлауды, білік пен дағдыны дамыту болады.
Химия пәнін оқытуда оқушылардың эксперименттерді өздерінің орындауының маңызы зор.
Оқушының орындайтын эксперименттері: көрнекілік тәжірибелер, сарамандық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және олар сабақ барысында орындайтын эксперименттік есептер болып бөлінеді.
Көрнекілік тәжірибелер оқушылардың заттар, химиялық құбылыстар, химиялық ұғымдар туралы ойын қалыптастыру үшін жаңа материалды түсіндіру кезінде көрсетіледі. Көрнекілік тәжірибе көрсету маңызды нәтижелерді түсінікті етуге немесе химия тарапынан талқылауға, зертханалық тәжірибелерді орындауға үйретеді. Оқушылардың назары тәжірибені орындауға және оның нәтижесін талқылауға аударылады.
Оқытушы тәжірибені көрнекі көрсете отырып, оны түсіндіріп жатса, оқушылар тәжірибені және түсіндіріліп жатқан материалды тек үнсіз ғана бақылап отырмайды. Олар назарларын тәжірибеге аударып, құбылысты барлық қырынан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқытушының іс - әрекеті сиқырлы манипуляция емес тәжірибені бұнсыз орындауға болмайтын қажеттілік. Тәжірибені көрнекі көрсету кезінде құбылысты бақылау зертханалық тәжірибені орындауға қарағанда ұйымдасқан түрде болады. Бірақ көрнекілік тәжірибелер қажетті біліктілік пен дағды қалыптастырмайды, сондықтан ол зертханалық тәжірибемен, сарамандық жұмыстармен және эксперименттік есептермен толықтырылуы қажет [2].
Көрнекілік тәжірибелер келесі жағдайларда жүргізіледі: оқушыларды қажетті құрал-саймандардың қажетті мөлшерлерімен қамтамасыз ете алмағанда; тәжірибенің қиын, оқушылардың өзі орындай алмайтынында; бұл тәжірибені орындау үшін қажетті техниканы оқушылар меңгермегенде; аз мөлшерлердегі заттармен немесе тәжірибе нәтиже бермегенде; тәжірибе қауіпті болғанда (сілтілік металдармен, жоғарғы кернеулі электр тоғын қолданатын жағдайда); сабақта жұмыс жылдамдығын арттыру қажет кезінде.
Әр көрнекілік тәжірибенің оқытылатын құбылыстың сипаты мен оқу-тәрбиелік міндетіне байланысты өзінің ерекшелігі болады.
Көрнекілік эксперименттің педагогикалық тиімділігі, білімге, білік пен дағдыға әсері оның техникасына байланысты. Көрнекілік эксперименттің техникасы дегеніміз - осы экспериментті орындауға қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптардың жиынтығы, көрнекі тәжірибе көрсету кезінде оның сәтті және айқын өтуін қамтамасыз ететін құрылғылармен және аспаптармен оқытушының жұмыс істей білуі. Оқытушы алдын-ала кабинеттегі құралдарды және олардың әрқайсысының жұмыс істеуін тексеріп, көрнекі тәжірибе көрсету техникасын жете меңгеруі қажет.
Көрнекілеу әдістемесі дегеніміз - көрнекілеуді тиімді және оны жақсы қабылдау үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы. Көрнекілеу техникасы мен әдістемесі бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды бірге көрнекілік эксперименттің технологиясы деп атауға болады. Көрнекілік тәжірибені орындауда әр тәжірибені жүргізу техникасы, реактивтердің сапасын, аспаптар мен құбылыстарды оқушылардың барлығы көре алатындай мүмкіндіктер жасап, оларды қауіпсіздік тұрғысынан тексеріп алу маңызды. Кейде көрнекі көрсететін үстелдің үстіне екі құрал-жабдықтарды қойған дұрыс: біріншісі жинақталған, тәжірибе жасауға дайын, ал екіншісі құрастырылмаған, оны пайдаланып, құрал-жабдықтың құрылысын толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану негіздері
Әль-фараби ойшыл, философ, әлеуметтанушы, зерттеуші
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазыжан
Химия ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
Химия пәнінен материалдар
Ғылым
Химиялық байланыс типтері
Дүниежүзілік ядролық физиканың жетістіктері
Физика мен биология байланысы
Ежелгі Қытай ғылымы
Пәндер