Аударма жасаудың техникасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. А.В. Федоровтың пайымдауы бойынша, аудару дегеніміз - тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру және ондай ой басқа тілде соның тілдік құралдарымен бұрынырақта айтылып, жарыққа шыққан, демек, аудару үдерісінің нәтижесі аударма тілі үшін еш жаңалық емес. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу. Ал, А.Т. Казакованың ойынша, дәлме-дәл аударманың болуы мүмкін емес, себебі, тіпті, әр қилы мәдениетті сөз етпегеннің өзінде олардың қарапайым ғана грамматикалық құрылымдары мен сөздік қорларында елеулі айырмашылықтар зор болады.
Аударма сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілді мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауызекі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аударма түрлерін анықтап, олардың қолданылу ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыста белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихына шолу жасау;
- Аударма жасаудың техникасы талдау;
- Ауызша және жазбаша аударма түрлеріне сипаттама беру;
- Ауызша және жазбаша аударма арасындағы айырмашылықтарды талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, тараушалардан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АУДАРМА ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ АУДАРМА ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІ
1.1 Аударма ісінің қалыптасу тарихы

Аудармашылық қызмет әртүрлі тілдерде сөйлейтін қоғамдастықтағы адамдардың арасындағы қажеттіліктің негізінде туындады. Мұндай қарым-қатынастың аясы әртүрлі болды: сауда-саттық, саясат, елшілік, мәдениет және т.б. Осы байланыстардың дамуында Александрия, Рим, Иерусалим, Константинополь, Самарқанд және көптеген басқа да қалалар үлкен рөл атқарды. Бұл аймақтарды экономикалық және саяси себептерге байланысты әртүрлі халық өкілдері мекендеді. Оларға арнайы делдалдар, яғни аудармашылар қызмет көрсетті.
Аудармашылық қызметтің көне жәдігерлері Месопотамия қалашығынан (бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген қыш тақтайшалардағы кестелер), Көне Мысырдан (аудармашылардың іс-әрекеттері бейнеленген тастағы барельефтер) табылған.
Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды. Әр кезеңнің аудармашылары өздерінің тәржімелік ұстанымдары туралы баяндағаны белгілі, дегенмен, олардың айтқан ойлары ғылымның қазіргі талаптарына, дәлелдеріне жауап бермесе де, бірізді теориялық тұжырымдамаға жүйеленбесе де, сондай бірқатар ойлар қазіргі таңда қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз.
Грек-рим өркениеті кезеңінде алғаш рет аударманың негізін құрайтын кейбір ұстанымдары анықталып, оның ағартушылық қызметі таныла бастады. Көне дәуірден бастап аударма Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, сондай-ақ Үндістан өркениеттерінің арасындағы делдал пайда бола бастады. Кейінірек ІX-X ғғ. көне грек және ислам өркениеттерінің арасындағы делдал қызметін Бағдаттағы аудармашылық мектеп атқарды. Ал XІІ-XІІІ ғғ. Испанияда арабша аудармалар жасала бастады. Бұл дәуірде негізінен медицина, математика, астрономия бойынша трактаттар аударылды.
Аталған кезеңдерде көбінесе аударманың екі түрі орын алған. Олар: 1) сөзбе-сөз аударма - аударма тілінің ерекшеліктерін ескерместен, түпнұсқаны өзге тілде көшіруге; 2) еркін аударма - өз тілінің талаптары мен нормаларын қадағалауды көздеп, түпнұсқаның мәнін, рухын жеткізуге негізделеді.
Діни мәтіндерді аудару барысында бұрмалаушылықтың орын алуы ықтимал немесе тілдер арасындағы өзгешеліктер сөзбе-сөз аударманың пайда болуына түрткі болған еді.
Еркін аударма діни емес мәтіндерді аударуда жиі қолданылды. Оның міндеттерінің теориялық тұжырымдарын грек тілінен латын тіліне аударушы Цицеронда (б.з.д. І ғ.), Библия мәтінін ежелгі еврей түпнұсқасынан латын тіліне аударуды жүзеге асырушы Иеронимде (б.з.д. ІҮ ғ.) кездеседі. Кейініректе Рожер Бекон (ХІІІ ғ.) мәтін мазмұнын дұрыс беруге мүмкіндік беретін түрлі тілдер мен ғылымды білу негізінде ғана аудармаға саналы түрде келу талабын ұсынды.
Сөзбе-сөз аударманы шеттетіп, мәтін мазмұны бойынша аударуға жоғары баға беретін осы сияқты пайымдаулардың арқасында аудармаға сыни пікірлер пайда бола бастады, бұдан былай ол күрделі тұжырымдардың бастамасы болды.
Қайта Өрлеу (Ренессанс) дәуірінен бастап Еуропаның Мартин Лютер (M.Luther), Этьен Доле (E.Dolet) және т.б. аудармашыларының есімдері танымал бола бастады.
Діни және философиялық әдебиеттерді аудару туралы екі түрлі тәсілдің жақтаушылары арасындағы күрес зор саяси шиеленіс тудырды. Мәселен, француз ойшылы, ақын әрі аудармашы Этьен Доле (1509-1546) шіркеу сотының шешімімен өлім жазасына кесіліп, Платон шығармаларындағы Сократтың сөзін еркін аударғаны үшін отқа өртелді.
Этьен Доле аудару кезінде төмендегі бес негізгі ұстанымды қадағалау керек деп есептеді:
1) аударылып отырған мәтін мазмұны мен оның авторының ойын жетік түсіну;
2) пайдаланылып отырған тілдердің қай-қайсысын болса да жетік білу;
3) сөзбе-сөз аударудан аулақ болу, өйткені аударманың бұл түрі түпнұсқа мазмұнын бұрмалап, оның пішін көркемдігін жояды;
4) аударма барысында тілдің жалпы қолданыстағы формаларын пайдалану;
5) сөздерді дұрыс таңдап, олардың сөйлемдегі орын тәртібін қадағалай отырып, түпнұсқа беретін жалпы әсер қалдыру.
Сондай-ақ, діни қызметкер Мартин Лютер (Германия) сөзбе-сөз аудармаға үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол қалың көпшілікке мәтіні түсінікті болсын деген мақсатта Библияны неміс тілінде сөйлетті (1522-1534). Бұл аударманы қоғамдық тұрғыдан танудың бір ғана мысалы.
Кейінірек ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда еркін аударма кең қанат жая бастады.
ХҮІІІ ғасыр аударма әлеміне ерекше құбылыс алып келді. Бұл кезеңде түпнұсқаларды дәуір талаптарына толықтай бейімдейтін еуропалық әдебиеттердегі аудармалардың үстемдік етуі, басқаша айтқанда, аудармаларды қайта безендіру ұйғарылды.
Аударманың мұндай тәсілінде түпнұсқаның ұлттық және дербес ерекшеліктері ескерілмеді (мәселен, француз аудармаларында Шекспир шығармаларының өрескел бұрмалануы, оның трагедиясының композициясы мен құрылымының, сюжетінің өзгеруі сияқты қателіктерге әкеліп соқты).
Аударманың А.Ф.Тайтлер (A.F.Tytler) сияқты ірі ағылшын теоретигі түпнұсқаны безендіруде еркін аударманың орындылығын таныған, алайда, сонымен қатар ол түпнұсқа мазмұнының дәл жеткізілуі мен өзіндік авторлық нақышын ұстануды талап еткен. 1791 жылы А.Ф.Тайтлердің Аударма принциптері туралы эссе [Tytler: 1791] атты кітабында аудармаға қойылатын жалпы талаптар төмендегі қалыпта берілген:
- аударма толығымен түпнұсқа идеясын жеткізуге міндетті;
- аудармадағы баяндау стилі мен мәнері түпнұсқадағыдай болуы шарт;
- аударма түпнұсқа шығармалар сияқты жеңіл оқылуы керек.
Ал, ХІХ ғасырда аударма өнеріне деген түбегейлі қарама-қайшы жаңа көзқарас, яғни түпнұсқаны аударуда ұлттық ерекшелікті ескеру керек деген ұмтылыс пайда болды. Аударманың жаңа ұстанымы үстемдік ете бастады да, безендіру тәсілі біртіндеп қала бастады.
Жалпы осы кезеңдердің қай-қайсысын алып қарасақ та, аудармашылық тәжірибе аударма теориясынан әлдеқайда озық дамыды. Аударма оған деген қоғамдық қажеттіліктің туындауынан пайда болған. Аудармашы жұмыстарының шынайылығы әрқалай еді, өйткені олар көп жағдайда аударманың түрлі нұсқаларының арасынан ішкі сезімдеріне (интуицияларына) жүгіне отырып таңдауға мәжбүр болды. Сондықтан аударманың алғашқы теоретиктері ретінде өздерінің жеке тәжірибелерін шыңдауға тырысқан аудармашылардың өздерін айтуға болады.
Осылайша, антикалық дүниенің аудармашылары, әсіресе діни мәтіндер аудармасының түпнұсқаға жақындық деңгейін, сөзбе-сөз немесе еркін аударма жасау қажеттігі туралы мәселелерді кеңінен талқылады.
Сөзбе-сөз аудару мен еркін аударуды жақтаушылардың арасындағы талқылау Ресейде де болды. Орыс аудармашылары Вяземский П.А. және әсіресе Фет Д.А. сөзбе-сөз аударуды жақтады, бірақ белгілі әдебиетшілер және аудармашылар Карамзин Н.М., Жуковский В.А. аудармада аудармашылар түпнұсқаны сақтай отырып, еркін өз бетінше шығарма жасау құқығын жақтады. Әсіресе олар өлеңдерді аударуда еркіндікті талап етеді. Жуковскийдің мынадай қанатты сөзі кеңінен белгілі: Прозада аудармашы- құл, ал өлеңде қарсылас. Аударманың осы бір-біріне қарсы екі концепсиясы ХХ ғасырда болды. Ол кездегі ұсынылған аударма принциптері негізінен аударма практикасына сүйеніп жасалып отырды. Олар аударма әрекетінің мәнін ашатын қандай да бір ғылыми теориясына сүйінген жоқ.
Кейінірек жекелеген аудармашылар жақсы аударма немесе жақсы аудармашы жауап беруге міндетті бірқатар талаптарды баяндай отырып, аударманың нормативті теориясын қалыптастыруға тырысты.
Ал, аударма теориясының ғылыми негіздері тек жиырмасыншы ғасырдың ортасына таман қалыптаса бастады, бұл кезде тіл мамандары өздерінің аудармашылық қызметке деген қатынасын толығымен өзгертіп, оны жүйелі түрде зерттеуге мәжбүр болды.
Бұл кезеңде алдыңғы қатарға автордың жеке стиль ерекшеліктері ескеріле бермейтін саяси, коммерциялық, ғылыми-техникалық және тағы басқа іскери материалдардың аудармалары шықты. Осыған байланысты аударманың негізгі қиындықтары мен аударма процесінің бар сипаты осы үдеріске қатысатын тілдердің құрылымдары мен қызмет атқару ерекшеліктерімен ескерілетіні айқындала түсті. Аудармашыларға деген зор қажеттілікті өтеу үшін, көптеген елдерде аудармашылық мектептер, факультеттер мен институттар ашылды. Аудармашы мамандарды жаппай дайындау барысында аудару үшін екі тілді және тіл нысанын білу жеткілікті деген дәстүрлі формуланың толық еместігі анықталды. Шындығына келгенде, бұл формулада көрсетілген факторлар өз алдына аудару дағдысын қамтамасыз ете алмайтындығы, екі тілді біліп қана қоймай, бір тіл бірліктерінен екінші тіл бірліктеріне көшу ережелері мен шарттарын білу қажеттігі белгілі болды.
1.2 Аударма жасаудың техникасы
Аударма жасаудың техникасы - қостілділік жағдайында аударма процесінде пайдаланылатын кәсіби тәсілдердің жиынтығы. Аудармашының мәтінді талдау негізінде оның морфологиялық құрылымын, бейресми сөздердің грамматикалық категориясын, олардың мағыналық байланысын тез қалпына келтіре білудегі кәсіби шеберлігі, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін білу және онымен жұмыс істеу қабілеті.
Түпнұсқадағы ақпаратты сіңіру әдетте мағынаны түсіну деп аталады. Бірінші кезеңде аудармашы түпнұсқаның аударылатын үзіндісіндегі ақпаратты, сондай-ақ лингвистикалық және жағдаяттық контекстегі ақпаратты да алып, осы ақпараттың негізінде өзі келесі кезеңде жарыққа шығаратын мазмұн туралы қажетті ой-түйін жасауы тиіс... бірінші кезеңде аудармашы не түсінсе, соны аударады... аударма процесінің екінші кезеңі аударма мәтінін жасауда тілдік таңбаларды таңдаудан тұрады. Бұл аудармашының кіріс тілдегі сөйлеу әрекетін көрсетеді. Аудармашының стратегиясын көрсететін бұл екінші принцип әдетте түпнұсқаның таңбасын емес, мағынаны аудару талабы делінеді және түпнұсқаның тұлғасын (формасын) көшіруге жол бермеу болып табылады. Аударма стратегиясының үшінші принципі аудармашы аударылған және аударған мәтініндегі қандай
да бір маңызды мағыналық элементтерді анықтаудан тұрады. Аудармашының төртінші стартегиялық принципі тұтас мәтінді түсіну жекелеген бөліктердің мағынасынан маңызды болып, тұтас мәтіннің мағынасын дұрыс беруде жекелеген детальдарды құрбандыққа шалуға саяды. ... тағы бір ереже - аударма кіріс тілдің нормаларына сай болуы тиіс.
Аударма процесінде ең алдымен аударатын тілдегі лексикалық бірліктердің аударылатын тілдегі баламасын дәл қолдану маңызды. Сонымен қатар аудару процесінде баламалықтың төрт түрін атауға болады. Аударманың бірінші түрдегі баламалылығытүпнұсқаның коммуникацияның мақсатын құрайтын мазмұндық бөлігін ғана сақтаудан тұрады. Баламалылықтың екінші түрінде түпнұсқа мен аударма мазмұнының жалпы бөлігі коммуникацияның бірдей мақсатын ғана көрсетіп қоймайды, бірдей тілден тыс жағдаятты береді. Түпнұсқа мен аударманы салғастырудың үшінші түрінің төмендегідей ерекшеліктері болады:
1) лексикалық құрам мен синтаксистік құрылымында параллелизм болмайды;
2) түпнұсқа мен аударма құрылымын синтаксистік трансформация қатынасы арқылы байланыстыру мүмкін болмайды;
3) аудармада түпнұсқадағы коммуникациялық мақсат пен жағдаят бірдей сақталады;
4) аудармада жалпы ұғым сақталып, олар арқылы түпнұсқадағы жағдаят сипатталады. Баламалылықтың төртінші түрінде, жоғарыдағыларды қоса алғанда, аудармада түпнұсқаның синтаксистік құрылымының, мағынасының айтарлықтай бөлігі көрініс табады. Түпнұсқа мәтінінің құрылымдық ұйымдасуы аударылатын мәтіннің жалпы мазмұнына енетін белгілі бір ақпаратты айқындайды... Баламалылықтың соңғы бесінші түрінде түпнұсқа мен аударма мазмұнының барынша жуықтатылуына қол жеткізіледі.
Ал дәл баламасы жоқ лексикалық бірлікті берудің төмендегідей жолдары кездеседі: а) транслитерация; б) калькалау; в) сипаттамалы (түсіндірмелі) аударма; г) жуықтатылған (ұқсас) аударма; д) антонимдік (қарама-қарсы) аударма. Баламасы жоқ сөзді аударуда аталған тәсілдер арқылы сәйкестік орнату болмаған жағдайда сипаттау тәсілі қолданылады.
Құрылымдары әртүрлі тілдердің грамматикалық өзіндік ерекшелігі болатындығы белгілі. Кез келген тілдің өзіндік грамматикалық формасы нақты грамматикалық мағына білдіре-тіндіктен, сол грамматикалық мағынаны аударылатын тілдегі сәйкес құрылымдармен беру қажет. Ал кейде грамматикалық бірліктің мағынасы артық деп саналған жағдайда (егер бұл мәтіннің жалпы мазмұнына әсер етпейтін болса) белгілі бір грамматикалық мағынаны тастап кету нөлдік аударма деп аталады. Алайда грамматикалық мағынаны ескермеу көп жағдайда сөйленім мазмұнының толық берілмеуіне алып келетінін есте ұстау керек.

2. АУДАРМА ТИПОЛОГИЯСЫ
2.1 Ауызша аударма

Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Ауызша аударма - ілеспе(синхронды), ізбе-із аударма сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін ауызша аударма түрлерінің басын біріктіретін ұғым. Аударма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша жасалатындықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын ескертеді.
Іліспе аударма (синхронды) - халықаралық конференцияда аудиториядан оқшаулаған кабинада отырып, сөз сөйленетін тілде бір рет қана айтылатын ауызша хабарламаны сөз сөйлеушімен бір мезгілде екінші тілге аударуды жүзеге асыратын ауызша аударманың түрі. Синхрон сөзі гректің syn (бірге) + chronos (уақыт) деген сөздерінің біріктірілуінен алынған, екі немесе бірнеше процесті олар өтіп жатқан кезде бір-біріне дәл сәйкестікте орындау дегенді білдіреді. Ілеспе аударманы коммуникативтік-қоғамдық саладағы сөйлеу қызметінің дербес бір түрі ретінде қарауға болады. Ілеспе аударма - бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі.
Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
Ілеспе аударма технологиясын қолданып презентациялар, форумдар, семинарлар, конференциялар сияқты шараларды ұйымдастыруға болады. Көзге жеңіл болып көрінгенімен, бұл мамандық ұзақ әрі күрделі дайындық процесін талап етеді, инженерлерден бастап копирайтерлер мен сценаришілерге дейінгі ғылым мен техниканың әр түрлі облыстарында квалификацияланған мамандарды еліктіреді. Нюанстар мен басқа да көптеген жағдайлар мамандандырылған шешім мен осыған ұқсас шаралардың өткізілуі үлкен тәжірибені талап етеді. Кез келген ұқыпсыздық алға қойған мақсатқа жету үшін үлкен кедергі тигізуі мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген халықаралық ұйымдардың пайда болуы барлық елдерде, соның ішінде көршілес Ресейде ілеспе аударма жасауға қажеттілікті күрт арттырды. Алғашқы қолданылуынан бастап артықшылықтарына көптің көзі жеткен бұл аударма түрін дамыту жедел қолға алынып, тұңғыш ілеспе аудармашылар оның кәсіптік өлшемдерін жасады. Ілеспе аударма жасаудың алғашқы кезеңінде жарияланған жекелеген құралдар күні бүгінге дейін классикалық үлгі ретінде атап көрсетіледі.
Ілеспе аударма ең алдымен тыңдау барысында сөйлеу дағдысын жетілдіруге негізделеді. Бұл ретте аудармашы аудару тілін де сөйлеу тілін де таза білуі керек.
Ілеспе аударма - ірі жиындар, съездер мен халықаралық саммит, конференцияларда уақытты үнемдеу үшін қолданылатын ауызша аударманың аса күрделі түрі. Мұндай аударма жасауды, әдетте, өзінің ұйымдастыратын іс-шарасына терең мән беріп, оның қоғам өміріндегі белгілі бір проблемаларды шешудегі маңызын түсінетін, сонымен бірге, жиынға қатысушыларға құрметпен қарап, олардың уақытын тиімді пайдалануды, жиында көтерілген мәселелердің, айтылған әңгімелердің көпшілікке түсінікті болуын, ол мәселелер бойынша барынша мол, жан-жақты ақпарат жинақталуын, сөйтіп, келешекте бұлар бойынша қабылданар шешімнің ортақ тұжырымдамасы түзілуін көздейтін ұйымдар, мекемелер жүзеге асырады.1926 жылы бостондық радиоинженер Гордон Финли мен IBM (International Busines Machines) фирмасының президенті Томас Уотсонның атына ілеспе аударма жасауға арналған патент берілген. Со патент негізінде олар Бостон қаласындағы дүкен иесі Эдуард Филеннің көптен іске асыра алмай жүрген идеясы: сөз сөйлеуші мен оның аудармасын бір мезгілде тыңдарманға жеткізу туралы ойын жүзеге асырады. Бұл жаңалық тез тарап, басқа елдерде де бірден танымал болғанға ұқсайды, себебі 1928 жылы-ақ Кеңес одағында Коминтерннің VI конгресінде аудармашылар көпшілікке бұған дейін белгісіз әдіспен аударма жасайды.
Ілеспе аудармашы өзі аударма жасайтын залда орнатылған құралдардың дұрыс құрылғанына, жұмыс істейтініне көз жеткізуі керек. Жиналыс басталардан бұрын аударма жасайтын құралдарды құратын инженерлермен бірге жүріп, әр микрофонға айтылған сөздің аудармашы кабинасына (құлақша-наушникке) жетіп тұрғанын тексеріп алған жөн. Бұл - басты ережелердің бірі.
Ілеспе аударма-аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Осыған қарағанда аударманың әр-түрі түрлі қабілеттер мен мінезді талап етеді. Ауызша аудармашы жинақтала білуге тиіс: оның міндеті ақпаратты осы жерде және қазір барынша толық жеткізу. Оның сөздіктерді ақтаруға, мамандармен кеңесуге мүмкіндігі жоқ. Ол жоқтан бар жасауы тиіс. Ауызша аудармашыға қандай қасиеттер қажет: тапқырлық, дұрыс ақыл-ой және жалпы эрудиция көмегімен өз біліміндегі олқылдықтарды еңсере білу. Барлық ақпаратты тыңдаушыларға қиналмай жеткізу үшін артистизм де, баяндамашыға айнала білу де қажет. Аударма қандай қоғамдық қажеттілікті өтейді дейтін сұрауға көп ойланбай-ақ меңгерген ортақ тілі жоқ адамдар арасында тұрақты түрде үзіліссіз туып отыратын қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады деп жауап беруге болатын еді. Алайда бұл үстірт жауап бізді қанағаттандырмаса керек.
Аударманың қоғамдығы қызмет аясын кеңейту мақсатында, коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында языковое посредничество деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша тілдік дәнекерлік деп алдық. Ілеспе аударма мәтіндік материалдардың берілуін тұспалдайды. Ілеспе аударманың жетістігі үшін талқыланып отырған мәселені алдын ала толықтай зерттеп алу қажет, бұл жерде импровизацияның қажеті болмайды, себебі ілеспе аударма кезінде аудармашының сөйлемдерді түзетуіне немесе естігенін ойлануына еш уақыты болмайды. Ілеспе аударманың ізбе-із аудармадан айырмашылығы да осы. Ілеспе аударма пайда болғанға дейін халықаралық қатынастардағы тіларалық коммуникация ізбе-із аударма арқылы жүзеге асырылды. Өзара келісіп, аудармашы сөз сөйлеушінің сөзін: а) оның әр сөйлемінен кейін; ә) ол бірнеше сөйлем айтқаннан кейін немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздік құрастырудың техникасы
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Қытай тілі
Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
Арабша - қазақша құқық терминдері
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Құқық шығармашылықтың түсінігі
Аудармашынің сенімділігі
Пәндер