Темірбек Жүргеновтің публицистикалық шығармалары


Дипломдық жұмыс
Темірбек Жүргеновтің публицистикалық шығармалары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім.
І. Темірбек Жүргеновтің публицистикалық шығармалары
1. 1. Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси көзқарастары мен азаматтық
ұстанымы
1. 2. Т. Жүргеновтің публицистикалық шығармаларының
тақырыптық, жанрлық, стильдік ерекшелігі
1. 3. Темірбек Жүргеновтің публицистикалық мақалаларының
саяси-әлеуметтік сипаты
ІІ. Ұлттың рухани-мәдени қалыптасуындағы Жүргеновтің рөлі
2. 1. «Ұлттық рухтың» Т. Жүргенов шығармаларында көрініс табуы
2. 2. Т. Жүргенов шығармаларындағы мемлекетшілдік тақырыбы
2. 3. Т. Жүргенов мұрасының «Рухани жаңғыру» идеясымен
тарихи сабақтастығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр басында қазақ публицистика саласында қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы және т. б публицист қаламгерлермен үзеңгілес келген Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасына арналады.
Диссертациялық жұмыста қаламгер Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасы мен мемлекетшілдік тұлғасының «ұлттық рух» тұрғысында зерттелуі ғылыми жұмыстың жаңалығын айқындайды. Т. Жүргеновтің «Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Қазақстандағы сауатсыздықты жою», «Мәдени құрылыс», «Мектеп жұмысындағы кемшіліктер», «Оқу орындарындағы кемшіліктерді түзетейік», «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы және «дүмше молдалар», «Саяси экономия», «Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері» т. б. тақырыптағы очерктері мен мақалаларындағы публицистикалық сарын мәселесі талданып, ғылыми айналымға енді. Қоғам қайраткері Т. Жүргеновтің публицистикалық туындыларының тақырыбына, стильдік, жанрлық жүйесіне ғылыми талдау жасалынып, жүйеленген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистика өнерінде өз өрнегін сала білген Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени әлеуметтік маңызы зор публицистикалық мұраларын зерттеу - уақыт қажетінен туындаған міндет.
Осынау ауыр кезеңде өмір сүрген қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік саяси мәселелердің мемлекеттік тұрғыда шешілу мәселесінде жазылған очерк, мақалалары жан-жақты қарастырылды. Қаламгердің публицистикалық мұраларын уақыт өлшемінде қарастырғанда ғана өз заманында қозғаған маңызды тақырыптары өзектілігімен және өткір тілімен айқындалады. Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасының жанрлық, тілдік, стильдік сипатына үңілу - тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
ХХІ ғасырдың гуманистік талап-тілектерін қанағаттандыра аларлықтай ұлттық сана-сезімімізді шыңдап, рухани мәдениетімізді «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық бағытына сәйкес қайта қалыптастыру барысында өткен ғасырдың басында болашақ ұрпақ үшін бүкіл қайрат-жігерін жұмсап, ұлтының бостандығы жолында жанын пида еткен арыстарымыздың әрқайсысының мәдени-рухани мұрасы өте ыждаһаттылықпен қайта қарауды, терең зерттеуді қажет етеді.
Қазақтың ұлттық әдебиетінде публицистика қазақ зиялыларының қаруы болып, өмірді кең қамтып, өз кезеңіндегі заманның күрделі әлеуметтік мәселелерін баспа беттеріне жариялап отырды. Публицистикалық шығармалардың тақырыптық ауқымында саяси, экономикалық, әлеуметтік, денсаулық, оқу, мәдени-рухани, тіл мәселелері толық қарастырылды. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық әдебиетінде публицистика алдыңғы саптан көрініп, қазақ зиялыларының кемел ойлы көсемдік танытқан озық ойларымен халықтың санасын рухтандырып отырды. Осы уақытта жазылған публицистикалық шығармалар ХХ ғасырдағы қоғамдық сананың өскендігін, артқандығын көрсетті. Бұған осы зерттеу нысанына алып отырған Т. Жүргеновтің де публицистикалық шығармалары мысал бола алады.
Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «ХХ ғасырдың басындағы ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды» деп жазды.
Бұл зерттеу жұмысында Т. Жүргеновтің мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалары мен очерктері қазақ публицистикасының қалыптасу, нығаю және өзіндік әдеби даму жолымен зерделеніп, бүгінгі күн талабы тұрғысынан арнайы зерттеліп, талданды. Міне, осы айтылған мәселелер - біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. 1980 жылдардың соңында ұлттық рухани қазынамыз ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің, публицистикалық мәдениетінің қалыптасып, нығайып жетілуіне зор үлес қосқан алып арыстарымыздың атымен қайта толықты. Олар білім-ғылымның, мәдениеттің қай қырынан да көріне алатын талантты, халқына бірнеше түрлі қызмет етуді мақсат тұтқан, сегіз қырлы, бір сырлы жандар болатын. Дәл осы 1980 жылдардың соңынан бастап осы алыптардың өмірі мен шығармашылығын және кейінгі жылдарға мұра болып енген 1920 жылдардағы тарихи, теориялық, ғылыми-педагогикалық, экономикалық, саяси, әдеби көкейкесті мәселелерді зерттеуге бағытталған З. Қабдоловтың, С. Қирабаевтың, З. Ахметовтың, М. Мырзахметовтың, М. Базарбаевтың, Т. Кәкішевтің, Р. Нұрғалиевтің, Ш. Елеукеновтің, Ө. Әбдиманұлының, Қ. Әбдезұлының, Ж. Тілеповтің, Қ. Мәдібайдың, Б. Әбдіғазиұлының, Д. Досжановтың, Т. Қожекеевтің, М. О. Әбсеметтің тағы басқа да жазушы-ғалымдарымыздың алғашқы монографиялары пайда болды. Бұл еңбектер ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі қазақ зиялыларының әдеби мұрасын терең зерттеген еңбектер.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының әдеби-публицистикалық мұрасын зерттеген С. А. Жүсіповтың «Ә. Н. Бөкейханның өмірі мен әдеби-публицистикалық мұрасы» (ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор М. Базарбаев), Р. А. Нұртазинаның «Ғабит Мүсірепов публицистикасы» (ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ф. М. Оразаев), С. С. Ергөбектің «М. Сералиннің әдеби-публицистикалық мұрасы» (ғылыми жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметұлы) филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияларды айта аламыз.
Нақты зерттеу нысанымыз болып отырған Т. Жүргеновтің шығармаларына қатысты Б. Иманғалиевтің «Т. Жүргеновтің әдеби мұрасы» атты филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін қорғаған кандидаттық диссертациясын атауымызға болады. Сонымен қатар, Сыр бойының құрметті азаматы, ізденуші Т. Дайрабайдың «Тұғыры биік тұлға» (Алматы, 1998 ж. ) атты еңбегін, Б. Иманғалиевтің «Темірбек Жүргенов» (Алматы, 2012 ж. ), Замзагүл Ибрагимқызының «Тарихи тұлға тағлымы» (Қызылорда, 2015), құрастырушылар А. Оразбақов, У. С. Ибраев «Т. Жүргенов - мұрағат құжаттарында» (Қызылорда, 2015ж) атты кітаптары да нақты дәйеккөздерге сүйеніп жазылған құнды еңбектер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Т. Жүргеновтің публицистикасының тақырыптық ерекшелігі мен жанрлық, стильдік ерекшелігіне ғылыми талдау жасап, оған тарихи бойлау - зерттеудің мақсаты болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Т. Жүргеновтің публицистикасының шығу тегі, бастауына негіз болған қоғамдық-саяси дүниетанымы мен азаматтық көзқарасына баға беру;
- Т. Жүргеновтің публицистикалық шығармаларына кезеңдік сараптамалар жасап, публицистік шеберлік сырын ашу;
- қаламгердің публицистикалық шығармаларының жанрлық сипаттарын көрсету;
- Т. Жүргеновтің публицистикалық дарынының қалыптасуына ықпал еткен нақты тарихи, әдеби, жеке дара шығармашылықтың әсерін анықтап, өмірлік материалдардың көсемсөзге ұласу шеберлігіне талдау жасау;
- Т. Жүргеновтің публицистикалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін ашып, түрлерін айқындау;
Зерттеудің нысаны. Қазақ ұлтының халық ағарту, білім, өнер мен мәдениет саласын биік деңгейге көтеруге бойындағы бар таланты мен қарым-қабілетін сарқа жұмсаған мемлекет және қоғам қайраткері Т. Жүргеновтің шығармаларының тақырыптық сипаты, қазіргі қоғамның да ойымен үндесіп жатуы - негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысына ғалымдар мен жазушыларымыздың айтқан ой-пікірлері, көнекөз қариялардан жазып алынған тың деректер қарастырылды. Ғалым-жазушылар А. Байтұрсынұлы, Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Ғабдуллин, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, Б. Иманғалиев секілді ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының нысаны мен мәні. Диссертациялық жұмыста біріншіден, Т. Жүргеновтің публицистикалық шығармаларының проблемалық мәселелері мен айтылмаған тың ойлары орын алды. Екіншіден, Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасын зерттеуде ХХ ғасыр басында жарық көрген газет-журналдарда жарияланған мақалалары сараланды. Үшіншіден, қаламгердің публицистикасын идеялық-тақырыптық маңызды мәселелерге байланысты топтастырып, көтеріп отырған өзекті тақырыптарға ғылыми-теориялық талдаулар жүргізілді.
Зерттеу жұмысының теориялық, әдіснамалық негізі.
Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасын талдап, тану негізінде публицистиканың тарихы мен теориясын сөз ететін Т. С. Амандосовтың, М. К. Барманқұловтың, Х. Н. Бекхожиннің, А. Г. Бочаровтың, Е. А. Блажановтың, Р. Г. Бухарцевтің, В. М. Гороховтың, Б. Жақыптың, В. И. Здоровеганың, Е. П. Прохоровтың, В. В. Ученованың, М. И. Фетисовтың, М. С. Черепаовтың, Т. Ыдырысовтың т. б. ғалым зерттеушілердің еңбектері диссертациялық еңбектің теориялық және әдіснамалық негізін құрады. Көрнекті қазақ ғалымдарымыздың сын-зерттеу еңбектеріндегі сын-пікірлерін, тұжырымдары мен ой-түйіндері негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Т. Жүргеновтің публицистикалық шығармаларына негізінен салыстырмалы талдау, жинақтау, тұжырым жасау, тарихи-генетикалық талдау әдістері жүйесімен жүзеге асты.
Т. Жүргенов публицистикасы жанрлық даралану, тіл ерекшелігі тарихи-салыстырмалы әдістер аясында айқындалып, хронологиялық жүйелеу, тарихи параллельдер, аналогия, нақтылы деректер арқылы публицистикалық жинақтаулар жүргізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста Т. Жүргеновтің публицистикасының тақырыбы, стильдік ерекшеліктері, жанрлық жүйесі анықталды.
- Т. Жүргеновтің әдеби публицистикалық мұрасы әдеби, тарихи жағынан зерттелді;
- Т. Жүргеновтің публицистикасының теориялық сипаты талданып, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы тарихи орны бүгінгі тәуелсіз көзқарас тұрғысынан жаңаша қарастырылды;
- Қаламгердің ғұмыр кешкен ортасы, сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси-тарихи, руханият жайттардың қаламгер шығармашылығына тигізген әсер-ықпалына ғылыми талдаулар жасалды;
- ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қаламгердің өзіндік қолтаңбасы мен шығармалары хронологиялық жүйемен жинақталып, Т. Жүргеновтің өзіндік болмысы ашылды.
- Т. Жүргеновтің шығармашылығы тұңғыш рет «ұлттық рух» бағытында зерттелінді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде мынандай тұжырым жасалынды.
- Қазақ әдебиеті тарихында ХХ ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өмірінің шындығын танытқан Т. Жүргеновтің газет-журналдардағы публицистикалық шығармаларының жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшелігі айқындалды;
- Жүргенов публицистикасының жанрлық ерекшелігі туралы ғалым-зерттеушілердің еңбектері, ой-пікірлері, тұжырымдары басшылыққа алынды;
- Жүргенов публицистикасындағы әдеби белгілердің бірі - публицистикалық стиль айқындалып, шығармаларының тақырыптық-мазмұндық жағы жүйеленді;
- Т. Жүргеновтің шығармалары жан-жақты талданып, бағасын алды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері негізінде түйінделген теориялық тұжырымдар мен талдаулар ЖОО - да «Әдебиет теориясы» пәні бойынша таңдау курстарында, семинарларда, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің сарапталуы. Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды. Зерттеу тақырыбы бойынша Қазақстандық басылымдарда мақалалар жарық көрді. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялар мен семинарларда баяндамалар жасалынды.
- Кеншимбаева Л. К «Ұрпаққа үлгі ұлы тұлға» (Т. Жүргенов туралы), «Тағылым» ғылыми-әдістемелік журнал, 10 наурыз, 2019ж 34-38бб.
- Б. Кәрібозұлы, Кеншимбаева Л. К «Т. Жүргенов пен І. Қабыловтың қазақ руханиятының дамуына қосқан үлестері» І. Жансүгіров атындағы ЖМУ «Жастар білім, ғылым, қоғамның қозғаушы күші» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Талдықорған қаласы, 25 қазан, 2019ж
Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Темірбек Жүргеновтің әдеби-публицистикалық шығармалары
1. 1. Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси көзқарасы мен азаматтық ұстанымы
Қазақ халқын, өзінің ұлты мен жерін жанынан да артық жақсы көріп, ұлтқа қалтқысыз қызмет еткен тұлғалар қазақтың тарихында аз емес. Бұлар - халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын әр қилы замандар мен саяси жүйе жағдайында алға жетелеген - мемлекет және қоғам қайраткерлері.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ елінің қоғамдық-саяси өмірінде, шаруашылық саласында, сонымен бірге рухани дүниесінде бұрын соңды болмаған ерекше серпіліс мен сипат бой көрсетті. Қилы тағдырлы қазақ халқы тоғыз жолдың торабында, тосын құбылыстардың тоғысында тұрды. Осы қиын қыстау мезгілде ұлттық сана-сезім күрт жаңарып-жаңғырып, бұғаудағы жұрттың бодандық шырмауынан бостандық алуға деген құлшыныс-құштарлығы бой көтерді.
Міне, осы кезеңде қазақ қоғамында халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның рухани жағынан өрлеуіне белсене араласқан жандар аз болған жоқ. Туған елінің жарқын болашағы үшін, жан-тәнін аямай жұмсаған озық ойлы, отансүйгіш перзенттердің көбіне тән қасиет - сегіз қырлы бір сырлы, яғни жан-жақты тұрғыда дамуы, кемелденуі. Бұл тұстағы қажырлы қайраткерлердің атап айтсақ, М. Шоқай, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, Н. Төреқұлов, С. Сейфуллин тағы басқа да ірі мемлекет қайраткерлерінің елдің үлкен саяси жағдайына еркін араласып, мемлекет басқару ісінде өзімсінген өзге ұлт өкілдерінен кем түспейтіндігін бар әлемге паш етіп кетті. Бұл зиялы топ өкілдері мұнымен шектелмейді, бұл жарық жұлдыздар шоғырына Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров т. б. ұлт санасын оятып, әлемдік көшке именбей араластырған осындай ұлы тұлғалар көші келді. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері тек бір ұлттың ғана аясында белгілі болып, сол ұлттың ғана мақтанышы болумен шектелген жоқ, берісі бүкіл Кеңестік кеңістікке, әрісі күллі түркі әлеміне аттары белгілі болып, көптеген ұлттар мен ұлыстарды қызықтырып, қайсысыларының қызғаныштарын оятып кеткен тарихи тұлғалар еді. Солардың ішінде Темірбек Жүргеновтің өз халқына сіңірген еңбегі айрықша зор. Т. Жүргенов бар-жоғы 39 жыл өмір сүрді.
Осылардың ішінен Темірбек Қараұлын айрықша даралап көрсететін қасиеті, ол - «ісі» мен«сөзін» тұп-тура 20 жыл бойына қатар алып жүруі. Айта кетейік, осы екі өнерді бұлайша ұзақ тең игеріп жүрген қайраткерлер қазақта көп емес. Қазіргі уақыт өлшемімен сараласақ мүлде жоқтың қасы. Жиырмадан жаңа асқан шағында аса ірі басшылықта болған Тұрар, Сұлтанбек, Смағұл Сәдуақасовтар да қоғамды қаламымен тәрбиеледі, яғни қоғамдық қызметімен қоса шығармашылық жұмыстарын да қоса алып жүрді.
Ғылыми жұмысым Т. Жүргеновтің публицистикалық мұрасы болғандықтан бұл бөлімде Т. Жүргеновтің қоғамдық-саяси көзқарасы мен азаматтық ұстанымы жөнінде тоқталамын.
Сыр бойы - талай аңыздар мен тарихи оқиғаларға бай өңір. Шашақты найза көтеріп, кеудесін жауға тосып, елін, жерін қорғаған хас батырлар мен толқынды жырлар, тақпақтап келетін назымдарды шығарған ақындар-жыраулардың шоғыры бұл өңірде өте көп.
Бүкіл дүниеге аты мәшһүр болған дана Қорқыт ата, ел қорғасқан билер Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке, Досбол, Балаби, Кетебай, Жәрімбет, Бидас билер, сондай-ақ, елді аузына қаратып көріпкелдігімен аттары аңызға айналған Марал Ишан, Ер Сейтпембет, Мүсірәлі, Қалжан ахун, Ораз ахун т. б. киелі адамдар халық жағында болып, елге жанашырлық танытқан.
Жалағаш ауданы - Қызылорда облысындағы іргелі де мәдениеті дамыған аудандардың бірі. 1939 жылы аудан Қармақшы, Тереңөзек аудандарының негізінде құралады. Республикада Жалағаш ауданының аты ақ күрішімен белгілі. Сонау 1860 жылдан Массовка атанған аудан Кеңестік кезінде Аламесек ауданына, одан кейін Қармақшы, Қызылорда аудандарына қарады.
Аламесектегі екі сыныптық түземдік-мектебінің түлектерінің бірі «Іздібай өзегі» бойында жалаңаяқ жүгіріп ойнаған, кейін Қазақстан мен Орта Азияға аты мәлім болған, қазақ елінің өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ халқының мақтанышы, Сыр түлегі - Темірбек Жүргенов еді.
Темірбек Жүргеновтің өмірбаянына келетін болсақ, пікірлер екі жаққа бөлінеді. Ақтөбеліктер Т. Жүргеновті біздің елдің тумасы деп өздеріне иемдесе, Сыр халқы яғни біздер, Т. Жүргеновті біздің елдің азаматы деп өзімізге тартамыз. Енді тарих беттеріне, нақты дәлелдерге сүйенсек.
Темірбек Қараұлы Жүргенов 1898 жылы қараша айында қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының «Басықара» қопасында көшпелі Сыр бойының қазақ байы Қуаң ауылында дүниеге келді [1] деп жазылып жүр, ал кейбір деректерде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының №16 ауылы Жаңаталап серіктестігінде туды деген нақты жазбалар мен естеліктер сақталынған. Нақтылап айтсақ, Темірбек Жүргенов Ташкент қаласында оқып жүргенде 1925 жылы өзі қол қойған өмірбаянында Қазалы уезінде туғанын жазыпты.
Үзінді келтірсек. «Я родился в 1898 году в Казалинском уезде в семье киргиза скотовода. Первую работу начал в Оренбурге с 1918 года работал 3м-ца в качестве члена Редколлеги печатного органа Тургайского Областного Совета, материально был обезпечен» [2, 11] - деп жазып астына өзінің қолын қойған.
Темірбек басқа да ауыл балалары сияқты әуелде ауыл молдасы Мұхамбетжаннан сабақ алды. Кейіннен шығыс тілінің білгірі, танымал ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовпен шығармашылық байланыс орнатады. Осы кезде Т. Жүргенов шығыс әдебиеті классиктарінің шығармаларын оқи бастайды. Он жасында әкесі Қара баласына орысша хат танытуды мақсат етіп, «Жаңабазар» деген ірі сауда орталығындағы орысша - қазақша екі сыныптық «Аламесек» мектебіне оқуға түсіреді. Бұл кезде Аламесек үлкен орталық болып есептеледі. «Шегіртке де Аламесек деп ұшады» деген қанатты сөздер осы кезеңде айтылса керек. Онымен бірге сол ауылда басқа да біраз балалар оқиды, бірақ қиындыққа төзбей оқудан шығып кетеді.
Т. Жүргенов 1909-1917 жылдары орыс-қазақ мектебінде демократиялық бағыттағы білімді мұғалім Омар Самаевтан білім алса, Перовскіде (Қызылорда) орыс-қазақ училищесінде білім берген прогрессивті бағытты ұстанған ұстаздары Баубек Есенов, М. Широковтерден тәлім-тәрбие алып, солардың ықпалында оқып, білім нәрімен сусындап жүреді. Сол жылы оқуын бітіріп елге келген соң әкесі Қара «осы оқуың жетеді, әрі қарай оқыма» деп айтқанына қарамастан Темірбек Жүргенов оқу іздеп қалаға келеді.
Т. Жүргенов 1917 жылы Уфа қаласындағы жер өлшеу училищесіне оқуға түседі. Бірақ сол кездегі елдегі жағдайларға байланысты оқуды аяқтай алмайды. Өзінің 1937 жылдың сәуірінде жазған өмірбаянында жер өлшеушілер училищесінен кейін 1918 жылдан тікелей Кеңес органында жұмыс істей бастағанын мәлімдейді.
Қазақстанда Темірбек Жүргеновтің саясатқа алғаш қадам жасауына Торғай облыстық Атқару Комитетінің комиссары Ә. Жанкелдинмен кездесуі себепші болады. Ә. Жанкелдин Жүргеновті елді кеңестендіру саясатына баулиды. Соның арқасында ол 1918 жылы Кеңестің Торғай облыстық съезіне даярлық ісіне тартылып, съезді шақыру жөніндегі ұйымдастыру бюросының хатшысы болып тағайындалады [5, 13] .
Осы 1918 жылдан бастап Жүргеновтің өмірі шиеленіскен, күрмеуі мол, сол кездегі төңкеріс, тап күресімен тығыз байланысты болады.
Торғай кеңесі жергілікті халықты кеңестендіру мақсатында басылымдар мен жарияланымдарда үгіт-насихат жұмыстарын қолға алады. Міне осы уақытта Темірбек Қараұлы журналистикадан хабары болмаса да, уақытпен санаспай берілген жаңа ісіне жан сала кіріседі.
1919-20 жылдары Ырғыз уезінің Кенжағара болысы мен уездік революциялық комитеттерінің және жұмысшы, шаруа, солдаттар депутаттарының уездік Советінің атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс жасайды, ал 1920 жылы большевиктер партиясына өтеді.
Сонымен қатар, Т. Жүргенов 1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Советтерінің бірінші съезін Орынборда өткізуді дайындау және шақыру жұмыстарын ұйымдастыру бюросының хатшысы болып сайланады. Осы съезде Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғандығын жариялауға қатысты.
1921-1923жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде, 1923-1927 жылдары Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығы бойынша оқуын бітіреді. Ол оқуда жүргенде ақ Қазақстан мен Орта Азия халықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, ұлттық құрамын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеумен, шығармашылықпен және баспа жұмыстарымен шұғылданады. Ең алғашқы тырнақалды шығармаларына тоқталып өтсек, «Бастық алдындағы тілмаш» (1920), «Генуя конференциясы» (Европа басты мемлекет қайраткерлерінің бас қосуы) (1921), «Меруерт» (1924), «Терме» (1924) деген және т. б. шығармалары баспа беттерінде үздіксіз жариялана бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz