Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде


Дипломдық жұмыс
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІКСІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
АНЫҚТАМАЛАР. . . 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕНҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5
КІРІСПЕ. . . 6
- БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . 111. 1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормаларын жасаудың ғылыми негіздері . . . . . . 11Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің психологиялық-педагогикалық аспектілері . . . 20Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
ретінде . . . 25
- БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРТУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРЫ. . . 41
2. 1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің әдістемелік негіздері . . . 41
2. 2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің диагностикасы . . . 54
2. 3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгерту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері . . . 71
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78
. . . . . . 80
ҚОСЫМШАЛАР . . . 88
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата Заңы) 1995 жылы қабылданған. 2017 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27. 07. 2007ж., №319-III ҚРЗ. Астана. Ақорда.
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысы.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы (2014. 12. 08 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 Қаулысымен бекітілген «Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу қағидалары».
АНЫҚТАМАЛАР
Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі - білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Модерация - бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс - белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері - білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар - білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия - қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика - бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы - әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі - тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері - әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі - бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал - жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР -
Қазақстан Республикасы
ҚР МЖМБС -
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ЖОО-
жоғары оқу орны
БОПӘ -
бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
АКТ -
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
ЭТ - эксперименттіктоп
БТ - бақылаутобы
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздің білім беру стратегиясының мақсаты - жүйеленіп, дайын берген білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын емес, өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, өзін өзі басқара алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу болып айқындалған.
Еліміздегі білім беру саласын дамытуға арналған мемлекеттік нормативтік- құқықтық құжаттар болып саналатын: Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [1], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [2], Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (жоғары кәсіби білім беру) [3], «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [4] болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби даярлығын дамыту, білім мазмұнын жетілдіру мәселелері басты міндеттер қатарынақойылған.
Біз қадам басқан ХХІ ғасыр бәсекеге қабілетті маманды талап етуі заңды құбылыс. Сондықтан, болашақ мұғалімдер білім деңгейі мен біліктілік тұрғысынан әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, оқыту бағдарламаларын өзгертуді, сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді - деп көрсетілген[5] .
Қазақстанның PISA-2009 [2] нәтижелерін талдау ұлттық білім беру жүйесін, ҚР Білім беруді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде білім саясатындағы басым бағыт ретінде бағалау жүйесі және білім сапасының мониторингін жетілдіру үшін өзекті келешегін көрсетуде [3] . Бастауыш мектептің бірінші сыныбында ресми білім алу бірінші сынып оқушыларының мектепке жайлы бейімделуі үшін бағалаусыз оқыту қағидаттары негізінде құрылған. Іс жүзінде бастауыш мектеп білім алушыларының жетістіктерін бақылаудың және бағалаудың балама жүйесі табысты қолданылуда. Білім алушылардың, соның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының да жетістіктерін бағалаудың ұтымды нұсқасы болып критериймен бағалау жүйесі табылады.
Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді, әлдебір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, әлдебір практиалық дағдының қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы табыстары динамикасында тіркеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық практикада қазіргі күні жиі қолданылып жүрген бес балдық жүйемен бағалау әдістемесі қарапайым да, үйреншікті екені сөзсіз. Бірақ ол саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені оның білім алушылармен өз жетістіктерін өздігінен бағалауын қолдайтын және дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен сәтсіздіктері туралы ақпаратты меншікті жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері 4 байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ. Критерийлік бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға, сонымен қатар білім алушылардың бастауыш мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі параметрлерді (критерйилерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді. Бастауыш мектептегі әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критерийлік бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, бастауыш мектептегі білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Адамның өз ісіне баға беруі, өзіне есеп беру мәселесі ерте замандардан бері адамзат баласының алдында тұрған міндеттердің бастысы, тұлға қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі болған және оған барлық тарихи кезеңдерде философтар, психологтар, педагогтар, сондай - ақ басқа да сала ғалымдары үлесқосқан.
Тұлға теорияларыережелері (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, З. И. Калмыкова, Е. С. Кузьмин, А. Н. Леонтьев, А. К. Маркова, B. C. Мерлин, С. Л. Рубинштейн, И. С. Уткина и др. ) ;
Тұлғаға бағдарланған көзқарас пен дамудың оқыту тұжырымдамасы (Р. Н. Бунеев, Е. В. Бунеева, М. А. Викулина, В. В. Давыдов, E. H. Дмитриева, Л. В. 19 Занков, Н. М. Зверева, A. A. Леонтьев, А. К. Маркова, Л. Г. Петерсон, Д. Б. Эльконин, И. С. Якиманская) ;
Білім берудегі құзіреттілікке негізделген тәсілдер (В. И. Байденко, К. Э. Безукладников, Э. Ф. Зеер, И. А. Зимняя, Р. П. Мильруд, W. Hutmacher, R. W. White и др. ) ;
Білім беру ортасы мен технологияны бағалау бойынша педагогиканың ережелері (Б. Г. Ананьев, В. Л. Беспалько, Е. И. Перовский, В. М. Полонский, A. A. Реан, Н. М. Скаткин, Д. В. Чернилевский, Г. А. Щукина, Н. Е. Щуркова, В. А. Левин, A. Peterson, К. Hahn и др. ) .
Дегенмен, жоғарыда зерделенген ғалым-педагогтардың еңбектерінде болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің арнайы жолдары қарастырылмайды. Бұл біз зерттеп отырған мәселенің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де болса жеткілікті дәрежеде шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау ең алдымен мұғалімнің осы сапаны жетілдіруге дайын болуына тікелей байланысты десек, болашақ мұғалімдерді бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселесінің арнайы зерттеу нысанасына алынбағандығын, педагогикалық ЖОО бітірушілердің тәжірибесін талдау - олардың оқушылардың аталмыш сапасын дамытуға қажетті теориялық білімдері мен құзыреттіліктерінің жеткіліксіз екендігін көрсетті.
Бұл жағдай:
- ЖОО жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарын дамытуға даярлаудың қажеттілігі мен қазіргі қолданыстағы инновациялық технологиялардың бұл мәселені шешудегі мүмкіндіктерінің толық ;
- қазіргі қоғамның талаптарына сай болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің теориялық тұрғыда негіздеуімен, оны тәжірибеде жүзеге асырудың мазмұны мен әдістемесінің жеткілікті дәрежеде жасалмауы арасындағы қарама-қайшылықтардыңбар екендігінкөрсетеді.
Мұндай қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарын арнайы теориялық-әдістемелік даярлау мәселесін айқындап, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдары » деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарын теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеудің пәні: кәсіби білім беру барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарынұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалып, университеттің білім беру үдерісіне ендірілсе, онда қажетті құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру қамтамасыз етіледі, өйткені дидактикалық үдеріс теориялық ұстанымдар мен тәсілдердің интегративтік негізіне, сондай-ақ білім беру ортасының әлеуетін тиімді пайдалануға негізделеді.
Мәселеге, мақсатқа, нысан мен пәнге сәйкес, мынадай зерттеу міндеттері белгіленді:
- Кәсіби даярлау үдерісінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгерту жолдарының теориялық негіздерін құрайтын ғылыми еңбектер мен тұжырымдамаларға талдаужасау.
- Университеттік білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгерту жолдарының әдіснамалық тұғырларын негіздеу.
- «Критериалды бағалау жүйесі» ұғымының мәнін нақтылау, мазмұнын, құрылымынсипаттау.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарын тәжірибелік- экспериментте сынақтан өткізу, ғылыми негізделген ұсыныстардайындау.
Зерттеу теориялық және әдіснамалық негіздері: критериалды бағалау жүйесі туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер, тұжырымдамалар, бағалаудың өлшемдік технологиясы туралы педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру туралы ғылыми тұжырымдамалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері.
Зерттеу көздері: философтардың, педагогтар мен психологтар еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу үдерісіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқу құралдары), педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, университеттік білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша жинақталған әлемдік озық тәжірибелер , ғылыми іс-тәжірибелері алынды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: зерттеу екі кезең бойынша жүргізілді.
Бірінші кезеңде ( 2018-2019 ж. ж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталды, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдары жайлы нормативтік құжаттар, болашақ мамандар даярлау, инновациялық технологиялар және бағалау жүйесін меңгерту мәселесінің зерттелу жайы анықталып, зерттеудің ғылыми аппараты құрылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің теориялық негіздері айқындалды. Теориялық зерделеудегі негізгі категориялардың құрылымы және мазмұндық сипаты түзілді.
Екінші кезеңде (2019-2020 ж. ж. ) Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдары бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдары тәжірибелік-эксперимент жұмыстары негізінде жаңа нәтижеге қол жеткіздік. Ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындыланды, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі математикалық-статистикалық өңдеуден өтті. Диссертациялық жұмыстың материалдарының дайындалуы мен жариялануы жүзеге асты.
Зерттеу әдістері: теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) ; эмпирикалық (сауалнама жүргізу, бақылау, эксперимент) ; статистикалық (алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық өңдеу, мониторинг, сараптау) .
Зepттeу бaзacы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 6В01303-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы.
Зерттеудың ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- «Критериалды бағалау» ұғымының психологиялық- ғылыми еңбектерде қарастырылуына теориялық талдау жасалды;
- «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдары» ұғымының құрылымыанықталады;
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің жолдарының құрылымдық- мазмұндық моделіәзірленді.
- Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгерту жолдарының әлеуетісипатталады.
Жарық көрген ғылыми еңбектер: Зерттеу барысында Республикалық конференция материалдарында 2 мақала жарықкөрді.
Диccepтaция құpылымы. Диccepтaция кipicпeдeн, eкi бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұpaды.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, пәні, нысаны, болжамы мен міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі, оның мақұлдануы, тәжірибеге енгізілуі баяндалады.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгерту жолдарының теориялық негіздері » деп аталатын бірінші тарауда теориялық тұрғыда ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар негізінде «критериалды бағалау» ұғымының мәні ашылып, оқу жетістіктерін бағалаудың ғылыми негіздеріне сипаттамасы беріліп, критериалды бағалау жүйесінің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалады.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін меңгертудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары» атты екінші тарауда зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен олардың қорытындылары келтіріледі.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша алынған тұжырымдар сипатталады.
Қосымшада диссертацияға енбеген, зерттеу барысында пайдаланылған материалдар беріледі.
- БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормаларын жасаудың ғылыми негіздері
Білімнің сапасын арттыру жолдарының бірі жеке пәндерді оқыту сапасын бағалау жүйесін құруы болып табылады .
Анықтама бойынша, сапа дегеніміз бұйымды немесе құбылысты өзгешелендіріп, беретін көрсеткіштердің, қасиеттердің, ерекшеліктердің жиынтығы; бір нәрсенің құндылығын анықтайтын белгілі қасиет, көрсеткіш ( жұмыс сапасы ) . Ұғым ретінде сапаның екі аспектісі бар: біріншісі - стандарттар мен эталондарға сәйкестігі, екіншісі - тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігі . Объективті өлшеулердің мүмкіндігі мен бағалау нәтижелерінің (эталонмен бағалаудың басқа объектілерімен ) салыстыруға келетіндігі тұжырымдауда маңызды болып табылады. Мұндай тәсілдеме өнім сапасына қатысты қолданылады .
Бағалау - білім сапасын бақылау, дамыту, оқытудағы прогресті анықтайтын құрал; мұғалім оқушының дайындық деңгейін анықтайтын оқушылардың іс - әрекетін түзету әдісі . Сонымен қатар, «бақылау» түсінігін ешқандай жағдайда жаза ретінде түсіну мүмкін емес, бұл тек кері байланыс, соның арқасында сізге білім беру процесін қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады .
Білім беру - бағдарламаларына қатысты, сапа дегеніміз сапаны студент білімінің сапасы, яғни нақты және дәл өлшенетін, немесе салыстыру арқылы анықталатын, құзыреттілік деп аталатын оқыту нәтижелерінің кешені .
Сапаны анықтау кезінде қойылган мақсаттарға жету дәрежесі маңызды . Сапаны білім беру үдерісіне болуы мүмкін емес . тұрғысынан қарастыруға негізінде жетілдіру, яғни сапаның бар - жоғы фактісін көрсету емес, сапаны арттыруға бағытталған идеясы жатыр.
Оқыту сапасын бағалаудың бұл жүйесі сапа ұғымының қазіргі тәсілдемелерін біріктіріп, « оқыту сапасы» ұғымын анықтау үшін ең маңызды сипаттамаларын көрсетеді:
- барлық білім жүйесінің қызмет сапасымен байланысы;
-анықтаудың көп факторлығы; әртүрлі пікірлерге, қарастыру аспектілеріне тәуелділігі;
- даму мен жетілдіруге бағытталуы.
Осыдан, оқыту сапасы дегеніміз студенттер дайындығының жоғары нәтижелерімен сипатталатын, білім беру үдерісіне қатысушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын оқытушының үнемі жақсарып отыратын білім беру қызметінің деңгейі.
Оқыту сапасын бағалау дегеніміз - формалары бойынша икемді, академиялық саясатына сәйкес университет өзі анықтайтын қызмет аспектілері кіретін процедура.
Жеке пәндерді оқыту сапасы мазмұны мен мен сапасын бағалау жүйесі
университеттің миссиясы стратегиясына сәйкес ұстанымдарға негізделеді:
- сапа деңгейіне үнемі мониторинг жасау және осы деңгейді арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
- сапаны мен бакылау процедураларына студенттерді қатыстыру;
- сапаны бағалау субъектілерінің шеңберіне жұмыс берушілерді, кәсіби ассоциациялар мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды кіргізу;
- сапаны бағалау процедураларының ашықтығы мен толық және объективті ақпарат негізінде дәлелді шешімдердің қабылдануы;
- сапа кепілдігіне университет басшылығының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және әр қызметкердің жауапкершілігін мойындау;
- еңбекті мойындау.
Осыған байланысты білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Мысалы, 2016 - жылдан бастап орта білім беру саласына жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Оның құрылымы :
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты:
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz