Үлгіні мата бетіне орналастыру


ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Жеке өндіріске арналған киімдерді құрастыру жобасы
Жоспары
Кіріспе . . . ………. . 5
1. Шығармашылық бөлім. 8
1. 1. Сәнге бағыты . . . 8
1. 2 Эскиздік жоба 13
1. 2. 1 Модельдің сыртқы көрінісінің техникалық сипаттамасы. . 15
1. 3. Үлгіге сипаттама . . . 17
2. Техникалық ұсыныстар . . . 19
2. 1. Мата таңдау . . . 19
2. 2. Таңдалған үлгіге қойылатын талаптар. …. . 21 2. 3. Мата үлгілері . . . 22
3. Құрастыру бөлім . . . ……. . 26
3. 1. Бұйымға берілген өлшемдер . . . ……. . 26
3. 2. Бұйымға берілген қосымшалар . . . 29
3. 3. Бұйым сызбасының есептері. …. . 31
3. 4. Бұйымның алғашқы сызбасы. …. 33
3. 5. Бұйым бөлшектерінің спецификациясы. … . . . 38
4. Технологиялық бөлім. …. 39
4. 1. Бұйымды дайындаудың технологиялық бірізділігі. 39
4. 2. Құрал-жабдықтарды таңдау және тиімді өңдеуді таңдау . . . 49
4. 3. Ылғалды-жылу өңдеуді таңдау. . 51
4. 4. Үлгіні мата бетіне орналастыру . . . 53
5. Экономикалық бөлім. …. . 54
6. Қорытынды . . . …60
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі. . …. …61
Кіріспе
Диплом жобасының өзектілігі:. Қазақстан Республикасының халық жағдайын жақсартуға жеңіл өнеркәсіп саласы да өз ықпалын тигізіп отыр. Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының индустриялық саласы болып отыр. Қазіргі кезде еліміз ғылыми техникалық жетістіктерге жетіп халық тұтынатын сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретіндей дәрежеге жетіп отыр. Жеңіл өнеркәсіп саласы әртүрлі шикізат түрінен көптеген қолданысқа ие бұйымдарды шығаратын мамандандырылған өнеркәсіп саласы ұлттық тауар өндіруде және еліміздің экономика саласына өзінің елеулі үлесін қосуда. Жеңіл өнеркәсіп саласы шикізатты біріншілік қайта өңдеуден өткізеді және дайын өнім өндіреді. Жеңіл өнеркәсіп саласының өндірістері өндірістік - техникалық өнімдер және арнайы мамандықтарға қолданылатын жиһаз, авиацияда, автомобильде, химиялық, электротехникалық және басқа да өндіріс салаларына арналған бұйымдар дайындайды.
Диплом жобасының мақсаты мен міндеттері: Жеңіл өнеркәсіп саласының бір ерекшелігі оған салынған қаражаттың жылдам қайтарылуы болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп саласы техникалық прогресте үлкен жетістіктерге жетті, олар иіру машиналары, тоқу станоктары, кардты машиналар. Қазіргі кезде бұл машиналардың сан алуан түрлері ойлап табылды. Жеңіл өнеркәсіп саласы қазіргі кезде де дамып, халыққа тұтынатын бұйымдарды өндіруде.
ЭВМ-ді алғашқы жылдары қолдануда жобалауға арналған ой туындады, онда атоматизация жобалауы конструктордың квалификациясына талабын төмендетті. Бірақ бұл көзқарас негізделген жоқ, адамдар механикалық жұмыстан босағанымен, көптеген мөлшерде творчествалық жұмыстармен айналысты. Ол деген - қиын жұмыстарды шеше алатын мүмкіндік туды дегенді білдіреді. Автоматизация жобалауы бәрінен бұрын жетістігімен ерекшеленеді және тереңдетілген математикалық зерттеу тәсілімен ерекшеленеді, сондықтан автоматтандыруды жобалаудың ортақ теориясының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Диплом жобасының жаңалығы маңыздылығы: Киім қазіргі кезде қолданбалы өнердің туындысы ретінде қарастырылады. Ал эксплуатациялық қасиеттерін бағалау кезінде бұйымның сән бағытына сәйкестігі, қазіргі заманға сай безендірілуі, бұйымның сыртқы көрінісінің тұрақтылығы, оны күту жеңілдігі үлкен мағынаға ие. Сондықтан жоғары сапалы бұйымдарды шығару үшін, тек қана озық технологияны қолданып қана қоймай, тұтынушылар сұранысында ескеру қажет.
Киімнің адамдар тұрмысындағы рөлі алуан түрлі. Оның басты қызметі алуан түрлі. Оның басты қызметі - адам денесін қоршаған ортадағы келеңсіз құбылыстардан, ыстық-суықтан қорғау. Көне дәуірлерден бастап киімнің жыныстық және әлеуметтік бөлінушілік сияқты қосымша қызметі де пайда болды. Соңғы қызметін діни - ғұрыптық рөл атқаратынынан байқаймыз.
Ұзақ уақыт аралығында адамдардың жалпы әлеуметтік және мәдени дамуына байланысты киімнің жынысқа бөлушілік қызметінен өзіндік бір үрдісін байқауға болады.
Қазіргі кезде әр түрлі жаңа құрылымды химиялық талшықтар мен жіптер, иірім жіптерді тігін бұйымына қолданудың арқасында, киімдерге арналған материалдардың ассортименті тоқтаусыз кеңейіп жаңаланып отырады. Өйткені, олар өздерінің әр түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді, пішу және тігін бұйымын өндірудің технологиялық процесіне, химиялық тазарту және бояу параметрлеріне ықпалын тигізеді.
Қазіргі өркендеу кезеңінде тігін бұйымдарының сапасы қолданылған техника және технология негіздеріне, өндірісті ұйымдастыру деңгейімен механикаландыру дәрежесіне тікелей байланысты. Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән онерімен бағытына негізделіп, ғылыми- техникалық жаналықтар негізінде шығарылған жаңа материалдардың түрі кеңінен қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал жабдықтарды меңгеруі қажет.
Қазақ халқының киімдеріне халықтың шығу тарихы, экономикалық, әлеуметтік және климаттық жағдайлары бейнеленген ертедегі салт-дәстүрлері көрініс тапқан.
Адам әрдайым қоғамда, ортада өмір сүреді, сондықтанда қоғамда болып жататын қозғалыстар жеке адамды айналып өтпейді. Моданы қоғамның күнделікті көріністерінің белгісінің бірі десек, одан қателеспейміз.
Киім ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдаиына, өмірге деген көз қарасына, күнделикти тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалар мен талаптар қолданылатын матаға, сурет бинесине, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді.
Берілген модельдің қоятын талаптарына сай үлгідегі сұранымды есепке ала отырып, қазіргі заманға сай жас қыздардың кешкі сәнді көйлегін ойлап шығару.
- Ұлттық нақыштағы көйлектер жайлы теориялық мағлұмат беру;
- Әр түрлі сұлбадағы көйлектер эскизін, матасын таңдау;
- Қажетті өлшемін, есебін, сызбасын орындау;
- Тігілудің тиімді әдісін, құрал-жабдығын таңдау;
Дипломдық жобаның құрылымы: 5 бөлімнен тұрады.
- Шығармашылық бөлім, Техникалық ұсыныс, Құрастыру бөлім, Техникалық бөлім, Экономикалық бөлім.
- Көйлек өрнектерінің орналасуы және безендірілуі қарастырылды;
1. Шығармашылық бөлім
1. 1 Сәнге бағыттама
Сәндік киімдер. Әйелдердің сәндік киімдері белгілі бір үлгімен емес, әркімнің өз талғамына қарай тігіледі. Сәндік киімдер жібектен, жүн матадан, тоқымадан, химиялық талшықтардан тоқылған маталардан, ал кешкі көйлектер барқыттан, қамқадан, зерлі матадан тігіледі.
Қазіргі заманғы костюмді құрастыру және модельдеу - көркем сурет шығармашылығына жатады. Ал кез келген көркем сурет шығармашылығында кешен маңызды орын алады.
“Композиция”, яғни кешен сөзі латынның “composіtіo” сөзінен шыққан. Ол жалпы алғанда “құрастыру, біріктіру, байланыстыру ” деген мағынаны білдіреді.
“Костюм кешені” ұғымның астарында костюм бөліктерінің барлығын бүтіндікке келтіру жолы жатыр.
Жақсы, сәтті ойластырылған киім кешенінде артық қосып-алар ештеңе болмайды. Кейде тіпті дизайнерге киімнің бүтіндігін сақтап қалу үшін костюмнің әдемі бір бөлігінен бас тартуға тура келеді.
Киімнің қарапайым түрлерін адамдар палеолит кезеңінде-ақ пайдалана бастаған. Киім формасының дамуында неолит кезеңінде сапалы секіріс жасалды. Осы кезде тоқу, яғни жіп пен матаның пайда болуы байқалады.
Киім - бұл адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық және ылғалдан, шаң-тозаңнан, т. б. ) қорғап тұратын және өсімдіктектес, жануартектес немесе жасанды жолмен тоқып шығарылған маталардан тігілген бұйым немесе бұйымдар жиынтығы.
Сонымен қатар киім адамның материалдық мәдениетінің бір элементі болып табылады. Ол адамзат қоғамының экономиканың, техниканың мәдениетінің өзіндік ерекшелігін, оның дәстүрін, эстетикалық талғамын айшықтай түседі.
Киім бір уақытта бірнеше роль атқарады: қорғаныштық, яғни адам ағзасының қалыпты күйін сақтайды, әлеуметтік, яғни тұлғаның қандай да бір әлеуметтік немесе кәсіптік топқа жататындығын анықтайды;
Ұлттық, яғни халықтың көркемдік дәстүрінің көрсеткіші ретінде; эстетикалық, яғни адамның бет-бейнесін белгілі бір кезеңнің эстетикалық идеалға жақындату, әсемдеу, көріктендіруі болып табылады.
“Киім” ұғымын кең түрде алып қарастыратын болсақ, бас киімдер, аяқ киім т. б. көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киім қабылданған соның ішінде : әйелдерге - көйлектер, белдемшелер. Осы аталған киімдерді негізге ала отырып, әлеуметтік, географиялық және экономикалық ерекшеліктері ескерілген түрлі формалар ойлап шығарылды. Жалпы еуропалық киіммен қатар, ұлттық киім үлгілері үлкен сұранымға ие.
Ғылым өндірістік бірлестік іріктеуі бойынша киімдер екі үлкен топқа бөлінеді.
Таңдалған модель тұрмыстық киім тобына жатады, соның ішінде әлемнің бір киер көйлегі болғандықтан, салтанатты кештерге арналған киім болып табылады.
Жоғарыда аталған функциялармен қатар, костюм адамның ішкі жан дүниесінен де біраз мағлұмат бере алады. Біздің киген киімізге қарап, айналадағылар біз туралы дәлме-дәл анықтама беріп, мінез-құлқымыз жайлы тұжырым да жасай алады. Мұндайда “Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал” деген нақыл еріксіз еске түседі.
“Моданы тұрақсыздығы үшін үнемі сынға алуға болады. Тіпті оның ағысын тоқтатуға талпынуға да болады. Бірақ ол, ең алдымен өзіміздің кедейлігімізге әкеліп соқпай ма? Біздің айналамыздың барлығы әрқашан өзгерісте болады ғой. Ешқандай ұсыныстар, көрсеткіштер, бұйрықтар немесе басқа да мода-көрсеткіштер, бұйрықтар немесе басқа да моданы “қатырып тастауға” бағытталған іс-әрекеттер, оның бағытталған жылдамдығын тоқтата алмайды”.
В. Зайцев “Такая изменчивая мода …”
Мода тек костюм дамуының маңызды факторы болып қана қоймайды, ол бүтін бір қоғамның маңызды факторы. . Моданы әр кезеңде, әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеді. Әлеуметтік психология және психоанализ, нарықтық капитализм экономикасы және мәдениеттану - қандай жағдайда да мода адамзат қоғамының даму динамикасын анықтайтын маңызды бөлім (компонент) болып табылады.
Әр еуропалық тілде “мода” сөзіне сай сөздер бар: французша “mode”, итальяндық “moda”, немістің “Mode”, ағылшынның “mode”.
“Мода” сөзі латынның “modus” - өлшем, ереже, деген сөзінен шыққан. Моданы зерттеушілер оған төмендегідей анықтамалар берді.
Мода - әлеуметтік ақпаратты өңдеудің ерекше өлшемі, түрі, сипаты (психолог Л. Петровтың анықтамасы) .
Мода - бір топ адамның жаңашылдыққа жауап ретіндегі әсерінің типі (әлеуметтік психолог Э. Богардустың анықтамасы) .
Мода мәдениетінің барлық құбылыстарына дерлік таралады, атап айтқанда үнемі өзгерісте болатын материалдық және рухани құндылықтарға: өнер, әдебиет, ғылым (әсіресе медицина, әлеуметтану, экономика, философия), техника, саясат, идеология, спорт.
Мода тарихы костюм дамуының тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, көпшілік мода ең алғаш киім пайда болғанда туды, яғни алғашқы қауымдық құрылыста туды деп жаңсақ пікірлер айтады. Мода әлеуметтік-қоғамдық және мәдени құбылыс ретінде одан кеш пайда болды.
Костюм тарихын зерттеуші ғалымдар мен өнертанушылар мода ХІV ғасыр аяғы - ХV ғасыр басында туғанына сенімді.
Киімді көркемдік қабылдау белгілі бір мөлшерде оның стильдік бағытына байланысты.
Сөздіктегі анықтамаларға сүйенер болсақ, стиль сәулет өнері, бейнелеу өнері, қолданбалы қолөнерде біркелкі бейнелі - пластикалық құрылым жасайтын тұрақты және біртұтас көркемдік жүйе.
Стиль модамен тығыз байланыста бола тұрса да, өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың атақты модельері Коко Шанель “Мода келеді, кетеді - стиль қалады!” деп айтқан.
Мода тенденцияларының тоқтаусыз өзгеруіне қарамастан аталған стильдер ХХ ғасырдың әр уақыт аралығындағы киімінде өз орнын тапқан және де бұл стильдер ХХІ ғасырда да өз өзектілігін жоғалта қоймақ емес, бұл олардың дәстүрлі стильдер деп аталуына негіз болады.
Этникалық стиль модада ХХ ғасырдың басынан бастап кең етек жайды. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылық ұлттық өнерді зерттеудің, сақтаудың қажеттілігін түсіну негізгі себепші болған еді.
Этникалық стильде орындалған киім, ұлттық костюмде дәлме-дәл қайталануы керек.
Ұлттық киім мен қазіргі заман талабына сай киім арасындағы байланыс неғұрлым нәзік болса, соғұрлым дайын бұйым әдемі, жоғары талғамға сай болады.
Егер кеңістіктегі форманы жазықтыққа түсіретін болсақ сұлбаны алуға болады.
Силуэт - форманың жазықтықта қабылдануы. Киім дамуының ұзақ уақыты бойы сұлбаның көптеген түрлері пайда болады, бірақ олардың барлығына бірнеше негізгі түрлерге біріктіруге болады.
Көйлек сұбасы қынамалы болғандықтан сұлбаның осы түріне кеңірек тоқталғанды жөн көрдік.
“Қынамалы сұлба” ұғымының астарында екі түрлі форма жатыр. Олар “Х сұлбасы” және “құмсағат” деп аталады. Бұл екі форманың өзіндік ұқасастықтары бар: фигураны қынап тұратын кеудеше, белдің өте жіңішке болуы.
“Х сұлбасы” (кеудеше және белдемше) екі трапецияны еске салады, бел сызығында өзара қосылған.
“Құмсағат” сұлбасымен жасалған бұйым кішкене қынамалы кеудеше және жіңішке тар етекті белдемшеден тұрады. Бұл жерде кеудешенің кішкене көлемі, белдемшенің де сондай көлемімен сай келіп, бел сызығымен бөлініп тұрады. Бұл сұлба орта бойлы сұңғақ қыздардың мүсінінің артықшылықтарын айқындай түседі.
Пропорция бұйым формасын құрастыруда маңызды композициялық құрал болып табылады.
“Пропорция” сөзін Цицерон біздің эрамызға дейінгі І ғасырда қолдануға енгізген.
Пропорция - бүтіннің ішіндегі бөліктерді өзара біріктіретін қозғалысты қамтамасыз ететін байланыс.
Пропорциялық қатынастарды дұрыс таңдау дайын бұйымның өзін және адам фигурасын қабылдауда маңызы зор. Костюмнің сәтті ұйымдастырылған бөліктері мен элементтері адам фигурасына әдемілік береді және келбеттің кейбір кешіліктерін жасыруға көмектеседі.
Бұйымның композициялық тұтастығы ең алдымен тепе-теңдікті, яғни форманың барлық элементтері мен бөліктері өзара тепе-теңдікте қарастырылады.
Адам фигурасының тепе-теңдігінің негізгі шарттарының бірі - симметриялы болу. Симметрия - бұл бірдей, тең бөліктердің бір-бірімен салыстырғандағы заңдылықтың орналасуы.
- әйнекті симметрия;
- орталық осътік симметрия;
- спираль тәрізді симметрия.
Спираль тәрізді симметрия жағдайында композиция элементтердің осьтің айналасында орналасуы арқылы жасалады және сонымен бірге сол осьтің бойымен қозғалады.
1. 2 Эскиздік жоба
1. 2. 1 Модельдің сыртқы көрінісінің техникалық сипаттамасы
Әр дәуірге, әрбір тарихи кезеңге сәйкес киімнің өзіне тән формасы, пішімі, өңделуі мен материалдары, матаның түсі мен суреттері, заттардың жиынтығы және олардың костюмге үйлесімі болды, мұның өзі осылармен бірге белгілі бір стиль жасайды. Киімстилі - мұның өзі дәуірдің сондай-ақ жекелеген мемлекеттің мәдениеті мен экономикасы туралы, адамның қоғамдағы жағдайы, оның таптық тегі туралы ой топшылауға мүмкіндік беретін кез-келген дәуірдің өзіне тән айнасы.
Киім ассортименті - мұның өзі тұтынышылар сұранымын қанағаттандыру үшін өнеркәсіп шығаратын түрі мен мақсаты алуан түрлі бұйымдардың жиынтығы.
Әрбір ассортимент тобы типтік ұсыныстардың жиынтығы болады.
Типтік ұсыныс дегеніміз - ол аталмыш топ бұйымдарына тән сипаты бар негізгі конструкциялық-технологиялық белгілерді мейлінше мол қамтыған бұйым.
Жалпы белгілері бойынша киім - тұрмыстық, спорттық, өндірістік және формалық түрлерге бөлінеді
Сырт киімге: пальто, қысқа пальто, сулық плащ, жекет, белдемше, шалбар, желет, көйлек, халат, блузка, тағы басқалар жатады.
Киімді маусымдық кездерде киілуіне қарай қыстық, көктем-күздік, жаздық деп бөлінеді.
Киімге қойылатын талаптар алуан түрлі болып келеді. Олардың гигиеналық, әсемдік, пайдалану, техникалық, үнемділік деп бөледі. Сырт киім бұйымдары пайдалануы тәсіліне қарай жоғарғы және белден төменгі киімдер болып бөлінеді. Кескініне қарай бұйымдар тік пішінді, жартылай қынамалы, қыналған және кең етекті болып бөлінеді. Бұйымның кеудесі әртүрлі жағалы немесе жағасыз болуы мүмкін.
Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады.
Конструкциялау - мұның өзі нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын прцесс. Үлгілер, суреттер, есептеулер тігудің нәтижесі болып табылады. [1] .
Конструкциялаудың инженерлік және көркемдік түрлері болады.
Инженерлік конструкциялау - бұйымның техникалық құрылымын творчествалық жағынан алдын ала анықтайды.
Көркем конструкциялау - болашақ бұйымның көркем бейнесін іздестіруге және заттай бейнесін іздестіруге де байланысты.
Суретші шешетін негізгі міндет бұйымныңк көзге көрінетін сырттай пішінін ішкі құрылымымен, оның қызметін тұтынушының және қоршаған ортаның мақсатымен, кейпімен үйлестіру болып табылады. Түр, түс, материалдар өңдеу үлгілерінің басқа да белгілері өзінің эстетикалық жетілдіруі жағынан адамның эмоциялық талғамын қанағаттандыруы тиіс.
Конструкциялау - өнімді жобалаудың құрамдас бөлігі.
Киім дегеніміз - оның өзі адам денесін мүшедлеп немесе тұтастай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы.
Тұрмыстық киім дегеніміз - ол әртүрлі тұрмыстық және қоғамдық жағдайларда киіп жүруге арналған бұйымдар жиынтығы.
Спорт киімі - оның өзі спорттық алуан түрлерімен шұғылдануға арналған киім.
Өндірістік киім - бұл да өндірісте, ауыл шарушылығында, медецинада, транспортта және тағы сондай жерлерде әртүрлі жұмыстарды орындауға арналған киім.
Формалық киім - осы киімді киген адамның ведомствалық немесе өндірістік тегінен сыр беретін киім.
Күнделікті киім - ол күнделікті қолданылатын және салыстырмалы түрде қатаң формалармен ерекше көзге түсетін, әсемделуі мен өңделу саны біркелкі келетін киім.
Ерулік киім - ол әртүрлі салтанаттарға, мерекелер мен демалуға арналған киім.
Әйел киімнің ассортиментіне: көйлек, халат-көйлек, халат, көйлек-пальто, көйлек-костюм, сарафан, туника, блузка, блуз-жемпір, жилет, фигаро, жакет, көйлек-камбезон, шалбарлы-костюм, белдемше жатады. [2] .
Дипломдық жобаның тақырыбы: Классикалық стильдегі әйелдер костюмі, сәндік бағытқа сүйене отырып таңдалып, сәндік бағыттың барлық талаптарына сәйкес орындалады.
Костюмді жүйе ретінде қарастыра отырып, біз оның әрдайым қозғалыста болуын байқаймы. Костюмдегі сәннің бірінен кейін бірі алмасуы негізінде пішіндер алмасуынан үзіліссіз қозғала дамуын көрсетеді.
Киімнің пішіні өте күрделі болып келеді де, ал мүшелеу сызықтары, яғни құрастыру және сандық тігістері коп және күрделі түрде кездеседі. Бұлардың пішін құру әдістерін, заңдылықтарын, композициялық талдауын ішкі құрлымын үйлестіру мақсатымен талдап игеру, үлгілердің элементтерін жазық бөолшектер арқылы пішінді құру әдістерін байқауға мүмкіндік береді.
1. 3. Үлгіге сипаттама.
Бұл классикалық стилдегі әйелдер костюмі қынамалы силуэттегі тік пішіндегі ағылшын стиліндегі сән үлгісіне байланысты ұзындығы белден төмен белдемше тізеге дейін немесе сәл төмен болып келеді. Қазіргі заман талабына сай ұлттық ерекшеліктерге қайшы келмейді. Жалпы белгісі бойынша салтанатты кешкі көйлек, ал пайдалану әдісі мен орны жөнінен жас қыздарға салтанатты кештерге киюіне арналған сәндік көйлек. Бұл сәндік көйлек - қынамалы сұлбалы, ашық көк түсті гефюр матадан тігілген.
Костюмның алдыңғы және артқы бойы бірнеше бөліктен құралып, ұзына бойы тұтастай тігілген.
Алдыңғы бой тұтас пішілген, қарапайым ғана келген, екі жерден бүкпе түсіре отырып тігіледі.
Артқы бой да тұтас пішіліп, арқа тұсына үшбұрышты формада ойық орналасқан. Көйлек еденге дейінгі ұзындықта, жеңсіз пішілген. Сонымен қатар қазақ киімді сәндік пен салтанаттың да өлшемі саналған. Күнделікті киетін киімдерден басқа жылдар бойы әже сандығының бұрышында сақталып, сәті келгенде жарық етіп шығатын киімдер болған. [1, 3] .
Әйел көйлегін пішудің екі түрі болған: бірі - ұзыннан тұтастай пішу де, екіншісі - мықынға дейін бөлек пішіп, кейін қосып тігу. Қазақтар әйел көйлегінде міндетті түрде жең болуын ойластырған. Сол жеңнің өзіне бір немесе екі қатар желбір жасау арқылы да көркемдік жаға қарастырылды.
Тұтастай тігіліп, мойнынан тобыққа дейін төгіліп тұратын көйлектер әдетте ерекше мәнді жағдайларға арналады. Ойын-сауыққа, той-думанға арналған бір киер құнды маталардың ең қымбат түрлерінен тігілетін болған. Оның үстіне бұл көйлектерге қосымша әшекей бедерлі жасалады. Көйлектердің көрініп тұратын кеуде тұсына алтын жіптермен зер жүргізіледі немесе басқадай кестелер төгіледі. Жиын-тойларда киетін көйлектердің ұзындықтары да ерекше болған. Олар тура жерге тиер тиместей етіп өте ұзын тігіледі.
“Біз тәуелсіз мемлекетпіз” деп кеуде соқаннан пайда шамалы. Қайта жұмылып сол тәуелсіздікті тұғырлы етуге қызмет қылған абзал. Тәуелсіздік тұғырының бір қыры - сән өнері. “Киімге қарап бағалау” - бүгінгі дүниенің ерекшелігі. Қазақ жұрты қандай дегенге беретін жауабымыздың біреуі ұлттық киім болуы тиіс. Әрине, баяғы уақыттың белгісі болып музейлерде тұрған киімдер емес, ұлттық ерекшелік пен осынау ХХ ғасырдың соңындағы сән талаптары үйлестіріле тігілген киімдер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz