Кеден құқығының нормалары


Кеден құқығы құқық саласы ретінде
Жоспар:
1. Кеден құқығының түсінігі және пәні
2. Кеден құқығының басқа құқық салаларымен ара қатынасы
3. Кеден құқығы пәнінің жүйесі
4. Кеден құқығының нормалары
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
М. А. Сәрсембаев кеден құқығын жеке саласы ретінде ала отырып, оған төмендегідей анықтама береді: “Кеден құқығы дегеніміз - кеден қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы”. Жалпы алғанда осы анықтамамен келісе отырып және құқықтық жалпы теориясын негізге алып, кеден құқығын өзіне тиесілі қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпы және арнайы институттар мен құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын Қазақстан құқығының және кешенді саласы деп бөліп айтуға болады. Кеден құқығының түсінігін оның басқа құқық салаларымен арақатынасын ашқанда ғана толық түсінуге болады. Ең алдымен, конституциялық құқықпен арақатынасынан бастайық. Конституциялық (мемлекеттік), құқықтық құқық жүйесіндегі басымдылығы заң әдебиеттерінде әрқашанда ерекше атап көрсетіледі.
Конституцияның құқық мәселелеріне И. Е. Фарбер, А. И. Лепешкин, С. Ф. Кечекьян, М. С. Пиголкин, С. З. Зиманов, В. А. Ким, М. Т. Баймаханов, Г. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев, К. Ф. Котов В. В. Мамонов және т. б. еңбектері арналған. Конституциялық құқық Қазақстан құқық салаларының соның ішінде кеден құқығының да қағидаларын анықтайды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) оқулығы авторларының пікірінше әкімшілік құқығының пәніне төмендегі қатынастарды жатқызуға болады:
- атқарушы билік органдарын ұйымдастыруға байланысты;
- басқарудағы әкімшілік-биліктік өкілеттіктерді жүзеге асыру және әкімшілік билік органдарының азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қатынастары барысында пайда болатын қатынастар;
- әкімшілік-деликтілік сипаттағы қатынастар.
Дәл осындай қатынастарды кеден құқығынан да байқауға болады, яғни оның жеке құқық саласы екендігіне тағы бір дәлел ретінде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесі туралы айта келе, әкімшілік құқықтық ерекшеліктерін көрсете отырып, оқулық авторлары мына мәселеге де көңіл бөледі: “Дуалистіліктің де позитивті жағы бар, өйткені ол құқық жүйесін ыдыратпайды, тек қана оның жаңа салаларын айқынырақ қалыптасуына ыңғайлайды”. Кеден құқығының тарихи пайда болуына келетін болсақ, оның екі кезеңнен тұратынын көруге болады. Кеден саясаты, кеден ісі бірінші кезеңде заңда айтылған түрде бөлініп, бекітілмеген болатын, солай бола тұра сол кезеңде-ақ кеден аясы анықталып және кеден органдары белгілі бір дәрежеде кеден төлемдерін алу және кеден ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырған. Кеден құқығының пәні, құқықтық реттеу және құқықтық институттары толығымен қалыптасып болмаған, сонымен қатар оның пайда болғаннан бастап-ақ жеке сала болғанын айта кету керек.
Жалпы алғанда кеден органдары кедендік реттеуді жүзеге асырып отырған және сол уақыт заңдары бекіткен кеден аясының бөлімдерін біріктірген болатын.
1995 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығының қабылдануымен кеден құқығы өзінің алдында тұрған мақсаттарды толығымен шешетіндей сапалы сипаттамаға ие болды.
Біздің ойымызша, соңғы уақытта заң шығарушы ұйымдар кодификациялық актілер жасау бағытында жұмыс істеуде. Олар біркелкі құқықтық материалдарды біріктірмегенімен, негізінен бүгінгі күннің талаптарына сай келеді. Мысал ретінде негізгі құқық саласы ретінде әкімшілік құқықтан әкімшілік іс жүргізу құқығын бөліп шығару қажеттілігі туындауын айтуға болады, өйткені құқықтық реттеу пәні өте үлкен және сапалы түрде өзгеруді талап етеді.
Қылмыстық құқық қылмыстың болуымен байланысты қатынастарды реттейді, осы жерде кеден аясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттің ерекше мүдделерінің бірі екенін атап өткен жөн. Және бұл салада қылмыстық жауапкершілік көзделетін әрекеттердің орын алуы анықталады. Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қылмыстық тәртіптің нормаларын анықтап, нақты қылмыс құралдары үшін жауапкершілікті белгілейтін тек осы кодекс нормаларының ғана қолданылатынын белгіледі. Осы жерде Қылмыстық кодекс пен Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Жарлығы арасындағы сәйкессіздік туралы айта кету керек, соған қарамастан Қылмыстық кодекс нормаларының басымдылығы танылады. Президент Жарлығында да кеден ісі аясындағы болатын қылмыс (құрамдары 33-5) туралы бөлім бар, дәлірек айтсақ, мемлекеттік мүдделерге жататын мәселелер көтерілген. Өкінішке орай, бұл мәселелер жаңа қылмыстық кодексте толығымен көрініс таба алмады және де мәселе бұл нормаларды сәйкестендіруде ғана емес, кеден ісі қажеттіліктерін толығырақ ескеруде болып отыр.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына келсек, ол өз кезегінде анықтама, жедел іздестіру қызметі, белгілі бір процессуалдық әрекеттерді жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі кеден органдарын қылмыстық кодекстің 209, 214, 250-баптарының белгілі бөліктері бойынша анықтама органдары қатарына жатқызады. Ал жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығына кеден органдары 1994 жылы 15 қыркүйекте қабылданған “Жедел іздестіру қызметі туралы” Заңға 25 желтоқсан 1995 жылы енгізілген толықтырулар негізінде ие болды.
Қаржы құқығы мен салық құқығы жалпы алғанда, бюджет кірістері мен салық түсімдеріне байланысты қатынастарды реттейді. Кеден органдарынан түсетін бюджеттік кірістер оларға жүктелген фискалдық өкілеттіктердің дұрыс орындалуына тәуелді болады. Кеден құқығына кеден төлемдері институты да кіреді, сонымен бірге кеденді төлемдер мен салықтарды есептеу, кедендік құнды анықтау әдістемесінде жасауды біріктіреді.
Кеден құқығы еңбек құқығымен де тікелей байланыста болады. “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” заң күші бар Президент Жарлығының қабылдануы да және 1996 жылы 19 қыркүйекте Үкімет қаулысымен бекітілген № 1119 “Кеден органдарында қызмет ету тәртібі туралы” ереженің және Акт мәтінінің қабылдануы да еңбек заңдарының жалпы ережелерін толығымен алмастыра алмайды. Осыларға қоса Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік қызмет туралы” Заң күші бар Жарлығы да белгілі бір деңгейде қосымша болады.
Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, кағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды. Өз кезегінде кеден құқығының заңдық нормалары құқықтық категорияларға, институттарға біріктіріліп, кеден ісінде қолданылатын түсініктер ретінде берілуі мүмкін. Ал кеден құқығын жалпы және ерекше бөлімдерге бөлу заңға негізделе отырып құрастырылған. Оның себебін құқықтық нормалардың жалпы және арнайы немесе процессуалдық және материалдық сипатымен түсіндіруге болады. Процессуалдық нормалар мазмұны бойынша құқықтарын жүзеге асыру және міндеттер атқару процедурасын, тәртібін бекітетін болады, материалдық нормалар өз кезегінде кедендік қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтап береді. Кеден құқығы кеден саласында өзіндік құқықтық реттеу режимін құрады.
Кеден құқығының жалпы бөлімінде негізінен мемлекеттің кедендік саясаты, кеден ісі секілді негіз салушы институттар, сонымен қатар, кеден органдары қызметінің құқықтық - ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылады (процессуалдық бөлім) . Ал ерекше бөлім тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан алып өтудің құқықтық механизмдері мен кағидалары, кедендік режимдерді, кедендік төлемдерді, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылауды, жауапкершілікті, осылармен бірге кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы, кедендік жеңілдіктер мен проференциялар, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру секілді процессуалдық және материалдық сипаттағы нормалармен анықталған ұғымдарды қамтиды (материалдық бөлім) . Осы жерде атап айтатын мәселе ерекше бөлімде процессуалды нормалар да кездеседі және осы критерий бойынша бөлу шартта болып келеді.
Кеден құқығының қайнар көздері Қазақстан Республикасы Конституциясы, заңдар, Президент Жарлықтары мен Қаулылары, Үкімет актілері, Кеден комитетінің актілері, кеден ісіне байланысты Қазақстан Республикасы қатысқан халықаралық шарттар мен келісімдер.
Кеден құқығы мемлекеттік және басқа кеден ісіне қатысу-шылардың мүддесін қорғайтын айтарлықтай анық бағытқа ие болуы тиіс. Бұл бағыттар ең тиімді кедендік әкімшілік етуді немесе кеден шекарасынан өткізетін процедуралар мен бақылау қызметтерін, кеден режимін анықтауда кеден төлемдерін есептеу мен алуды, кеден рәсімдеуін, кеден бақылауын жүзеге асыруды, жауапкершілік мәселелерін жүзеге асыру кезінде белгілі бір жариялылықты талап етудің түрлерін айқындауы қажет.
Кеден заңында қарастырылатын кедендік әкімшіліктендірудің делдалдық қызметін пайдалану нысаны (кеден брокері немесе кеден тасымалдаушысы), кеңес және ақпарат беру, кейбір процедуралар мен қызметтерді жеңілдету сияқты мұнда шынында, кеден органдарының өкілеттілігінің бір бөлігін басқа ұйымдарға беру әртүрлі бұзушылыққа және қиянат етушілікке алып келуі мүмкін. Сондықтан кеден құқығына жеке құқық саласы ретінде қоғамда болып жатқан жағдайлар сөзсіз әсер етеді. Кеден құқығы көздейтін мақсаттарды анықтаймыз. Мәселен, проф. М. А. Сәрсембаев мынадай мақсаттарын айтады: кеден ісінің тиісті ұйымдары республикадағы кеден саясатын жүзеге асыратын құрылымдармен қамтамасыз етуі тиіс;
- кеден мекемелерінің қалыпты әрі тиімді жұмыс істеуі үшін сәйкесінше жағдай жасау;
- кеден қызметін жүзеге асырғанда Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
- қазіргі халықаралық құқық субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық және сыртқы экономикалық мүдделерін қорғау.
Біздің ойымызша, осы мақсаттардың қатарына кеден саласы мен кеден саясатында ғылыми доктрина дайындауды, қалыптасқан жағдайды теориялық тұрғыдан негіздеу, кеден заңдары мен кеден салаларының даму жолдарын маманданған кадрлар дайындау үшін оқу пәні ретінде кеден құқығының зерттеулерін жете пайдалануды қосуға болады.
Кеден саласында психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және басқа да критерийлерді ескере отырып таңдап алынған жоғары білікті мамандар еңбек етуге тиіс. Қоғам мен азаматқа өркениетті түрдегі қызмет ету үшін кеден саласына мемлекет тарапынан оның қажеттіліктеріне қызу көңіл бөлуге тұрарлық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz