АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ


«Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыру (9-11 сынып) »
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың өзіндік дағдыларын қалыптастырудың теориялық мәні мен маңызы . . . 10
1. 2 Оқытудың ақпараттық технологиялары . . . 18
1. 3 Жоғары сынып оқушыларының өз бетінше жұмыс істеу әрекетін басқару . . . 25
1. 4 Ақпараттық технологияларды қолданып, олардың тиімділігін көтеру тәсілдері . . . 37
2 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың әдістері . . . 50
2. 2 Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», [1] - деп атап көрсетілген. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі күні, ақпарат қоғам дамуының стратегиялық ресурсына айналғанда, қазіргі заманғы білім беру - үздіксіз үдеріс екендігі айқын болып отыр. Сондықтан қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру қажеттілігі туындады, онда ақпарат көздері ретінде электрондық құралдар кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау.
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы салдарынан көркем еңбек пәнін оқытуға қойылатын талаптар күшеюде. Сондықтан да көркем еңбек оқытуды жан-жақты талдап, зерттеулер жүргізу нәтижесінде оқушыларды ақпараттық технологиялармен нақты іс-әрекет орындай алуға дағдыландырып, олардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл талаптарды жүзеге асыруда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселелері үлкен роль атқарады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру, оған жетекшілік жасау - бұл әрбір мұғалім үшін жауапты да күрделі жұмыс. Белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды оқушыны тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру қажет, бұл әр мұғалім үшін маңызды міндеттердің қатарына жатады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Б. П. Есипов (60-жылдары) [2] өзіндік жұмыстың оқу үдерісіндегі ролін, орнын, мақсаттарын анықтады. Психология-педагогикалық әдебиеттерде білім алушылардың өзіндік жұмыс түсінігін анықтауда әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқытушының нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А. К. Маркова, М. И. Низамов, Ә. М. Құдайқұлов т. б. ), басқалары өзіндік жұмысқа, оның мақсаты арқылы баға береді (В. Б Бондаревский, Н. Д. Хмель, Р. С. Омарова т. б. ) .
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша (А. В. Барыбин, А. С. Елизаров, А. Р. Ганеев, Э. А. Сарибекова және т. б. ) өзіндік жұмыс студенттің жаңа білім алуына және оның өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуына деген ішкі танымдық уәждерін белсендіруге мүмкіндік береді [3] . Дербес жұмыс жоғары сынып оқушыларының жұмысын белсендіретіндіктен басқа, ол тағы бір маңызды қасиетке және жеке сипатқа ие.
Білім беруді ақпараттандыру үдерістерін зерттеуге және оқытудың компьютерлік технологиялары мәселелерін шешуге ресейлік және шетелдік ғалымдар үлкен үлес қосты: Я. А. Ваграменко, Е. П. Велихов, Г. Р. Громов,
В. И. Гриценко, Б. С. Гершунский, Д. В. Зарецкий, Е. В. Зворыгин, В. М. Монахов, Т. Б. Казиахмедов, О. А. Кривошеев, Ю. А. Первин, В. Ф. Шолохович, С. Пейперт, Г. Клейман, Б. Сендов, Б. Хантер және т. б.
Білім беру үдерісі мүмкіндіктері туралы айта отырып, көптеген зерттеушілер келесі аспектілерді (Л. Л. Босова, В. А. Красильникова, Е. И. Машбиц, И. В. Роберт және т. б. ) келтіреді. ) :
- өз табиғаты бойынша әртүрлі ақпаратты жинау, сақтау, беру, түрлендіру, талдау және қолданудың шексіз мүмкіндіктері;
- білім алу формаларын кеңейте отырып, білімнің қолжетімділігін арттыру;
- барлық белсенді өмір кезеңі ішінде білім алу мен біліктілікті арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- жеке тұлғаға бағытталған оқытуды, қосымша және озық білім беруді дамыту;
- білім беру үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді айтарлықтай кеңейту және жетілдіру (виртуалдық мектептер, зертханалар, университеттер және т. б. ) ;
- білім беру үдерісін ұйымдастыруда субъектілердің белсенділігін арттыру;
- бір ғана өңірді ғана емес, сонымен қатар ел мен жалпы әлемдік қауымдастықты оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру;
- білім беру үрдісінің оқу орны мен уақытынан тәуелсіздігі;
- жеке оқу траекториясын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- білім алушының өзіндік іздеу қызметін дамыту;
- оқытудың мотивациялық жағын арттыру және т. б.
Білім беру үдерісін қайта ұйымдастырудағы мүмкіндіктері әсер ететіні және педагог үшін үлкен қызмет өрісін беретіні сөзсіз. Ең бастысы, бұл күрделі міндеттерді шешу көп жағдайда педагогтың ақпарат ағынының көшкін тәрізді өсуі жағдайында жұмысқа дайындығына байланысты. Болашақ және тәжірибеші педагогтың жаңа ақпараттық кеңістіктегі жұмысқа дайындығы, оның көзқарастарының прогрессивтілігі белсенді қолдану негізінде оқытудың жаңа нысандары мен технологияларын әзірлеу мен енгізудің қажетті шарты болып табылады.
Бұл мәселенің өзектілігі айдан-анық, себебі, білім, дағды, көзқарас, рухани білімді мұғалімнен оқушыға сөздің көмегіне жүгініп қана беру мүмкін емес. Бұл үдерістің ішіне дағдылар мен түсініктермен танысу, қабылдау, өз бетінше қорытындылау, саналы түрде меңгеру жатады. Сондықтан, өзіндік жұмыстың негізгі қызметі жоғарғы мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады, себебі, өз бетінше интеллектуальды және рухани әрекетте ғана адам қалыптаса алады.
Осыған орай, ғылыми зерттеулерді, ақпараттық технологиялар арқылы өзіндік дағдыларын қалыптастыруға арналған бағдарламаларды зерделеу барысында көркем еңбекке баулуға жоғары сынып оқушыларының кәсіби даярлау қажеттілігі мен бұл туралы арнайы теориялық зерттеудің болмауы. Сонымен, қатар жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруға көркем еңбекке баулуға кәсіби даярлау әдістерінің қажеттігі мен бұл қажеттілікті жүзеге асыруға негіз болатын арнайы шарттардың болмауы арасында қайшылық бар екені байқалды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.
Оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру жөнінде айтқанда өзара тығыз байланысты міндетті көрсету керек. Оның біріншісі -оқушының танымдық іс-әрекетінде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оларды өз бетінше білім алуға және өз дүниетанымын қалыптастыруға үйрету, дамыту, екіншісі - игерген білімді оқу мен практикалық іс-әрекетте өз бетінше қолдануды үйрету болып табылады.
Өзіндік жұмыс - оқушылардың терең де берік білімі үшін күресу құралы болып табылады. Олардың белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуін мінездің бір құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру мен ақыл-ой қабілетін дамытудың құралы болып табылады.
Мектеп есігін алғаш аттаған бала өзінің іс-әрекетіне өздігінше мақсат қойып, өз әрекетін жоспарлап, оларды орындауда түзетулер енгізіп, алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстыра алмайды.
Оқыту үдерісінде оқушы әр түрлі тапсырмаларды орындауға, белгілі бір шығармашылық жұмыс орындауда, жаңалықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін өз бетінше жұмыс істеудің жеткілікті жоғары түрдегі деңгейіне жетуі тиіс.
Бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты - оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын зерттеу және оны «Көркем еңбек» пәнін оқыту барысында жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындау болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Бұл мақсатқа жету үшін оқытудағы оқушылардың өзі бетінше жұмыс істеу әрекетінің табиғатын зерттеудегі әр түрлі бағыттарды талдап, көптеген анықтамалармен таныстық және оқушының өздік танымдық әрекетінің атқаратын қызметі мен оның жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы қажеттілігін анықтадық.
Зерттеу объектісі - Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын к және эстетикалық . . . қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану.
Зeрттeудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзіндік дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталса, жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда оқушылардың ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісінде өзіндік дағдылары артады.
Зерттеу міндеттері:
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру;
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.
Зерттеу көздері - Қазақстан Республикасының ресми құжаттары; бағдарламалары, оқу құжаттары; өзіндік дағдылары, ақпараттық технологиялар тақырыбына байланысты философтардың, психологтардың және педагогтардың еңбектері, ғалымдардың зeрттeу проблeмасы саласында жарық көргeн eңбeктeрі; автордың педагогикалық жәнe зeрттeушілік тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: Дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық талдау жасау; психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; ақпараттық технологиялар жайлы материалдар жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену; жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдылары бойынша іс-әрекетін зерделеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, зерттеу нәтижесін мазмұнды және графикалық интерпретация жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықталды;
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылды,
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі жасалынды;
- ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практикалық тұрғыда тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңызы: Мұндағы ұсынылған материалдар ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруға білім берудің әртүрлі сатыларында енгізу кезінде пайдаланыла алады.
Зерттеу базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қызылорда қаласының №7 орта мектебінің жоғары сыныптар оқушыларына жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде: Халықаралық (шетелдік) ғылыми-практикалық конференцияларда: «Научные исследования XXI века: теория и практика» // Ақпараттық технологиялар арқылы жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру (16. 06. 2020, г. Прага, Чехия, 313-318 бет ) ; Жоғары сынып оқушыларының өзіндік дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық технологияларын қолдану //- («Bilim jane Örkeniet» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, Нұр-Сұлтан, №04, 2020) жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
- АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың өзіндік дағдыларын қалыптастырудың теориялық мәні мен маңызы
Кез келген ғылым қандай да бір құбылыс пен затты тек қана сипаттап және түсіндіріп қана қоймайды, адамның қажетіне қарай оларды басқарып, қажет болған жағдайда оларды түрлендіреді. Құбылыстарды басқару, тіпті түрлендіру олар жеткілікті түрде сипатталып, түсіндірілген кезде ғана мүмкін болады. Ғылымда басқару және түрлендіру функцияларын құбылыстарды түрлендіру принциптері мен ережелері атқарады.
Сонымен, зат не құбылысты тану үшін онымен танысуымыз, оны бүтіндей алып қарауымыз керек. Оның құрамдас бөліктерінің функционалды байланысын анықтап, сонан соң оны сипаттауымыз керек. Зат не құбылысты сипаттаудан кейін оны (құрамдас бөліктерінің арасындағы функционалды байланыс пен құрылымды түгелімен) түсіндіруіміз керек, олардың өмір сүру заңдылығын анықтап, онан соң оны қалай басқару керектігін, белгілібір амалдар арқылы бұл құбылыс пен затты түрлендіруге болатынын жазу керек.
Өзіндік жұмыс - бұл оқу сабақтарын ұйымдастыру түрі және оқыту әдісі емес, оны оқушыны өзіндік танымдық іс-әрекетке тарту құралы ретінде, ұйымдастырудың логикалық және психологиялық заңдылықтары болып табылады.
Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
- мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен орындауы.
Қазіргі мектепке қоятын қоғамның негізгі талабы - өз бетінше ғылыми, өндірістік, қоғамдық есептерді шығармашылықпен шеше білетін, сындарлы ойлайтын, өз көзқарасын, пікірлерін қалыптастырып, оны қорғай алатын, өз бетімен білімін жүйелі және үздіксіз толықтырып және жаңартып отыратын, біліктілігін жетілдіріп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәннің мамандары оқушыларға білім алуды ұйымдастыру әдісін, бұл оларды ақыл-ой еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру дағдылары мен біліктілігімен, яғни, мақсат қою, уақытын жоспарлау дағдыларымен қаруландыру деген сөз. Толық және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оның жүйелі түрде оқу тапсырмаларының ерекше түрі -өзіндік жұмыс кезінде проблемалы іздеу, сипаттау, өздігінен жұмыс істеу әрекетте болуын қамтамасыз ету керек.
Оқыту үдерісіндегі оқушының белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуі табиғатын зерттеудің көптеген бағыттары бар. Бірінші бағыттың негізі ежелгі заманда жатыр. Ол бағыттың өкілдері ретінде ежелгі грек ғалымдарын (Сократ, Платон, Аристотель) санауға болады, баланың өз бетінше білім алуының мәнділігін терең де жан-жақты негіздеді. Олардың пікірінше, адамның ойлау қабілетінің дамуы, оның өз бетінше әрекет ету үдерісінде ғана дами алады, ал оның жетілдірілуі мен қабілетінің дамуы тек өзін-өзі тану жолы арқылы ғана жүзеге асырылады (Сократ) . Мұндай әрекет балаға қуаныш пен қанағаттандыру әкеліп, сонымен қатар, жаңа білім меңгеруде енжарлықты жояды. Бұдан әрі ол орта ғасыр дәуірінде схоластика, догматизм, жаттатып оқыту мектептерінің практикада өркеніп тұрған кезінде баланы өз бетінше еңбектенетіні, сындарлы ойлай білетін адам ретінде тәрбиелеуді талап еткен Франсуа Рабле, Мишель Монтень, Томас Мор еңбектерінде жалғасын тапты. Бұл ойлар Я. А. Каменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский және т. б. педагогикалық еңбектерінде дамытылды.
Өзіндік жұмыстың мәнін теориялық жағынан зерттеуде өз бетінше оқу дамитын іс-әрекеттің мынадай үш бағыты ерекшеленеді: танымдық, практикалық және ұйымдастырушылық-техникалық.
Оқушылардың дағдылары мен біліктілігін қалыптастыруда стереотипті, оқытудың вербальды әдісінің тиімділігі аз болады. Оқушылардың өзіндік жұмысының ролі оқытудың мақсатының өзгеруімен, оның бағытының шығармашылық іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға бағытталғанымен және оқытуды компьютерлендіруге байланысты арта түсті.
Екінші бағыттың негізі Я. А. Каменский еңбектерінен бастау алады.
Оның мазмұны оқушылардың өзіндік іс-әрекетке тартудың ұйымдастыру-практикалық мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, оқушының іс-әрекетінің табиғатын жеткілікті терең зерттеп, талдамай, проблеманың негізгі қағидаларын теориялық негіздеу пәні ретінде оқыту, мұғалімнің іс-әрекеті алынады.
Дидактикалық бағыт аясында өзіндік жұмыстардың қолданылу аймағы, олардың түрлері зерттеледі, оқу үдерісінің әр түрлі сатысында оларды қолдану әдістемесі жетілдірілді. Оқу танымындағы педагогикалық жетекшілік пен оқушының өзіндік жұмысының арақатысы проблемасының әдістемелік аспектісі қойылып, ол белгілі бір дәрежеде шешіледі. Оқыту практикасы оқушының мектепте сабақтағы және үйдегі өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін мазмұнды материалдармен байытылды.
Үшінші бағыттың ерекшелігі - мұнда зерттеу пәні ретінде өзіндік іс-әрекет қарастырылады. Бұл бағыт өз бастауын негізінен К. Д. Ушинский еңбектерінен алады. Психологиялық-педагогикалық бағытта дамыған зерттеулер өзіндік іс-әрекеттің мәнін дидактикалық категория, ал оның элементтерін іс-әрекеттің пәні мен мақсаты ретінде анықтауға бағытталды.
Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесі бұл мәселені тарихи тұрғыдан қарастырғанда XX ғасырдың 50-ші жылдарында Б. П. Есипов жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қатысты өзіндік жұмыстарға: «адамның өз көзқарасы мен өз пікірінің болуы, өз бетімен ойлай, дұрыс шешім қабылдай білуі, өз көзқарасын дәлелдей білуі» деген анықтама берген. Сонымен бірге педагог ғалымдар оқушының өз бетімен белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін (И. Я. Лернер, Р. Г. Лемберг және т. б. ), білім беру жүйесін басқару әдістерін (Т. М. Шамова және т. б. ) өз еңбектерінде қарастырды.
А. И. Зимняя анықтамасы бойынша, өзіндік жұмыс мақсатты, әрекеттер үдерісі мен нәтижесінде дұрысталатын, объектінің өзінің орындайтын іштей мотивацияланған әрекеттері жиынтығы ретінде көрсетілген.
Оны орындау өзін-өзі танудың, рефлексивтіліктің, тәртіптіліктің, жеке жауапкершіліктің жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді, оқушыда өзін-өзі жетілдіру мен танудың үдерісі ретінде қанағаттанушылық тудырады [4] .
Бұл анықтамадан, біріншіден, өзіндік жұмыстың психологиялық детерминанттары: өз-өзін реттеу, өз-өзін белсенділендіру, өз-өзін ұйымдастыру, өз-өзін тексеру және т. б. Екіншіден, өзіндік жұмыстың оқушының сыныптағы жұмысымен байланысты және сабақтағы оқу-танымдық әрекетті дұрыс ұйымдастырудың салдары екенін атап көрсетті. А. И. Зимняя оқушының өзіндік жұмысын, оның сабақтағы оқу-танымдық әрекетті дұрыс ұйымдастырудың салдары екенін, оның өз бетінше кеңейтілуін, тереңдетуін және жалғастыруын туғызатынын атап көрсетеді. Мұғалім үшін бұл өзінің оқу әрекетін анық сезіну ғана емес, оның оқушыларда жаңа оқу міндеттерін шешуде оқу пәнін меңгерудің схемасын саналы түрде қалыптастыру болып табылады. Бүтіндей алғанда, бұл-қандай да бір материалды меңгеруде оқушының дайын бағдарламалардан таңдалған немесе оның өзі жасаған бағдарлама бойынша қатарынан жұмыс жасауы. Үшіншіден, өзіндік жұмыс оқушыдан өзін-өзі танудың, рефлексивтіліктің, тәртіптіліктің, жеке жауапкершіліктің жеткілікті жоғары деңгейін талап ететін және оқушыда өзін-өзі жетілдіру мен танудың үдерісі ретінде қанағаттанушылық тудыратын оқу әрекетінің жоғары түрі болып табылады.
Демек, өзіндік жұмыстың сыртқы ерешеліктері мұғалімнің үйрету қызметімен, ал ішкі ерекшеліктері оқушының танымдық әрекетімен сипатталады. Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында өзіндік жұмысты ерекшелейтін басты белгі - тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз оқушының өзінің орындауы деп көрсетілген. Бұл белгі өзіндік жұмысты оқытудың ерекше бір формасы ретінде сыртқы ұйымдастырылуы жағынан ғана сипаттайды. «Өзіндік жұмыс» ұғымына ұйымдастырылуы және мазмұндық құрылымы жағынан неғұрлым терең түсінік П. И. Пидкасистыйдың еңбектерінде берілген [5-6] . Ғалым өзіндік жұмысты оқушының мұғалімнің басшылығымен орындайтын оқу және зерттеу бағытындағы тапсырмалары деп түсінеді. Ол өзіндік жұмысты танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде қарастырады.
Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, дидактикалық сипатын көрсетеді.
Оқушының өзіндік жұмыс түсінігіне берілген әртүрлі көзқарастар және осы түсініктердің (Захарова Е. В. ) : мотив, шығармашылық бастауы, басшылық, белгілі бір әрекетті орындау құралы, оны ұйымдастыру түрлері тұлғаның өзіне байланысты болады, яғни, бір жағынан, өзіндік жұмыстың сыртқы сипаты (педагогикалық басқару, оқу тапсырмалар жүйесі, дидактикалық құрал және т. б. ), екінші жағынан алғанда, өзіндік ізденіс барысындағы субъектінің ішкі (мотив, шығармашылық сипат, іс-әрекет тәсілі мен мазмұны, өзін-өзі басқару) сипаты көрінініс табатындығында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz