АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


МАЗМҰНЫ
1
1. 1
1. 2
1. 3
2
2. 1
2. 2
2. 2. 1
2. 2. 2
2. 3
3
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
3. 5
4
4. 1
КІРІСПЕ 9
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 10
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 10
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 17
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 18
БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАУ БӨЛІМІ 24
HTML ТІЛІН ПАЙДАЛАНЫП ВЕБ БЕТТЕРІН ҚҰРУ 24
WEB БЕТТЕРІН ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ 25
ТАҚЫРЫП СТИЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУ 27
КЕСТЕ ЖАСАУ 31
ГИПЕРМӘТІНДІК БАЙЛАНЫСТАР ОРНАТУ 34
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 36
АҚПАРАТГЫҚ САЙТТЫ ӨҢДЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІН НЕГІЗДЕУ 36
ЖҮЙЕНІ ЖАСАУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТЕТІН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПТЕУ 38
АЛГОРИТМ ДАЙЫНДАУҒА КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПТЕУ 39
БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУГЕ КЕТЕТІН ШЫҒЫҢДАРДЫ ЕСЕПТЕУ 40
ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИЯСЫН ЕСЕПТЕУ 44
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ 45
АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ 45
ҚОРЫТЫНДЫ 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту технологиялары мектеп оқушыларын оқытудан бастап мамандарды даярлауға жәнеде олардың біліктілігін арттыруға дейін оқу процесінің барлық деңгейлерінде қолданылады. Қашықтықтан оқыту негізінен жоғары білім беруде қолданылады. Көптеген университеттер өзінің қашықтықтан оқыту қызметтерін ұсынады, бұл білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және студенттердің жеке білім беру қажеттіліктерін жақсартуға ықпал етеді. Қашықтан оқытуды жүзеге асырудың бірнеше түрлері бар, солардың ішінде ең көп тарағаны-желілік оқыту. Бұл жағдайда оқытудың негізі электрондық онлайн курстарын қолдану болып табылады. Сондықтан қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда туындайтын маңызды міндеттердің бірі -интерактивті және қолдануға жеңіл электрондық оқыту курстарын әзірлеу болып табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты LMS Moodle құралдарының көмегімен электронды курсты құру және күйге келтіру.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды және шешілді:
1. LMS MOODLE интерфейсі мен функционалды ерекшеліктерін зерттеу.
2. LMS MOODLE жүйесінде электронды курстарды құру технологиясы мен презентацияның сипаттамаларын зерттеу.
3. MOODLE көмегімен желілік курсты жобалау және енгізу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІБүгінде, ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс.
Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін. Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс.
Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т. б. ) дамыту". Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар
ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.
Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.
Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия. Мұндай процестің маңыздылығы Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек". Жаңа жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады. Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.
Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.
Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтаршарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңатақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрденемесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.
Қашықтықтан оқыту - білім беру жүйесіндегі жаңа саты, оқытудың жаңа әдістемесі мен әдістері бойынша қашықтықтан оқытудың жаңа мүмкіндігі, жаңа құралдармен оқу материалдарын жеткізу, оқытудың жаңа принциптерін қолдану, оқу процесін жаңаша жоспарлау және ұйымдастыру.
Қашықтықтан білім беру технологиясының дидактикалық құралдарын әзірлеу қызметі қашықтықтан білім беру технологиясының электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарын, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан білім беру технологиясына арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.
Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.
Қашықтықтан білім беру технологиясы оқу процесі жұмыс оқу жоспары негізінде ұйымдастырылады, білім беру ұйымдарының басшылығымен бекітіледі. Жұмыс оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде жасалады. Оқу процесі барысында оқу сабақтары таңдалған қашықтықтан оқыту технологиясына сәйкес жүргізіледі.
Жеделдетілген мерзімде білім берудің оқу бағдарламасын толық көлемде игеру қашықтықтан білім беру технологиялары жоғары оқу орындарының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Білім алушылардың жеке оқу жоспары білім алушылармен жасалады, білім беру ұйымдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан білім беру технологиясының басшысымен келісіледі және бекітіледі.
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушы тұлғалар үшін оқу сабақтары басталғанға дейін білім беру ұйымдары технологиялармен және қашықтықтан оқыту жүйесімен таныстыру бойынша оқытудың кіріспе курсын өткізеді.
Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген мерзімдерге сәйкес басталады және саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше белгілейтін академиялық кезеңдерден тұрады.
Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша білім алушылар кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес толық меңгеруі тиіс.
Тьюторлық сыныптың компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 512 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
Қашықтықтан білім беру үш инегралданған бөлімнен түрады: техникалық (ақпарттық-технологиялық), педагогикалық (өндірістік-әдістемелік) және Ұйымдастырушылық (оқыту-үйымдасттыру) .
Бірінші бөлімнің міндетіне оқу курсын және оқу процесін қолдануға, жазуға, өңдеуге арналған ақпараттық технологияларды, автоматтандырылған жүйені, қашықтықтан оқытудың ақпаратгық ресурстарын және экспорттық жүйелерді өндеу кіреді.
Өндірістік-әдістемелік бөлімінің мазмұны оқу процесі кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығымен анықталады, оның, қызметіне Қашықтықтан білім берудің программалык және ақпараттық қамтамассыз ету кіреді. Бұл кезеңде мультимедиалық курсты, экспортты оқыту жүйесін өңдеуші, INTERNET-тің жаңа техникасын енгізу бойынша инженер - жүйетехник, мультимедиялық курсты өңдеуші әдіскер және ДК операторлары жатады. Мультимедиялық курсты өңдеуші әдіскер мен инженер-жүйетехниктің міндетіне қашықтықтан оқытуға арналған электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдарды жасау жатады. Сонымен катар, олар Қашықтықтан оқыту бойынша тестілеу жүйесін жасаумен, электронды жұмыс дәптерін тексеру мен қалыптастыру әдістемесін өңдеумен айналысады.
Үшіншісі, қашықтықтан оқыту мекемесінің білім беруді ұйымдастыру құрылымын сипаттайды. Бұл оқыту-ұйымдастыру бөлімі білімгерлермен, жеке оқушылармен Қашықтықтан білім беруді жүргізу келісім- шартына тұрумен, қашықтықтан форма бойынша оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастырумен, сонымен қатар құжаттарды енгізумен айналысады. Құжаттар электронды оқулықты беруді есепке алу және бақылаудан; жұмысшы дәптерді тексеруді есепке алудан; қашықтықтан консультацияны ұйымдастырудан; оқытушылардың оқу жүктемесін есепке алудан; білімгерлер мен оқушылардың үздіксіз байланысын қамтамасыз етуден; білім аттестациясын құжатқа енгізуден тұрады. Осы бөлімнің міндетіне оқытушылардың білімін жоғарлату кіреді. Бұл бөлімде әртүрлі мамандықты оқыту бойынша әдіскерлер жұмыс істейді, олардың саны қашықтықтан форма бойынша оқытылатын пәндерге байланысты.
Ұсынылған модельдің негізгі элементі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес өңделген, оқу-әдістемелік кешен бойынша жүзеге асырылатын, базалық әдістемелік және дидактикалық материалдардан тұратын оқу жоспары болып табылады.
Осы модель өзара байланысқан және өзара тәуелді екі блок-өндірістік
әдістемелік қамсыздандыру және оқу процесін ақпараттық техникалық басқару жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанда Қашықтықтан білім беру дамуы үшін оқу материалдарын өңдеп, олармен білімгерлерді қамтамасыз етіп, білімгерлер білім алады деп үміттеніп отыру жеткіліксіз. Әрбір ЖОО-на дәстүрлі оқыту тәжірибесіне негізделген педагогикалық стратегия қажет.
Қашықтықтан білім берудің ұсынылып отырған моделін жүзеге асыру қашықтықтан оқыту жағыдайын дамытуға, мамандарды дайындау сапасын жоғарлатуға және оларды ақпараттық ортаның дамуына бейімдеуге мүмкіндік береді.
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІАдамзат баласы XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім денгеиін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді.
Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізгі қаланатын болғандықтан, олар жан - жақты білімді болуы, әлемде болып жатқан өзгерістердің сырт қалмауы үшін, ауқымды желіге қосылуы қажетті ақпарааттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды ұйренуі тиіс.
Бүгінгі күнде әлемнің қай түпкірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр.
«Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үиренуіне мүмкүндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:
Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу - әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше менгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс - технологиясы (ағылшынның case - портфель) оқытуды жасалынған әдістемелік материалдар жүзеге асырылады.
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫБүгінде информация өңдеу мен халықаларық денгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі қала береді. Білімнің адамының жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады.
Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларда табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі. Функционалдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізгі тек приоритеттері ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдедің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын информациялық коммуникатциялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс - әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы. Ересектердің білім алуы
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оқу орнынан алған білімінің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмытылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырып отыр.
Білімді тауарға айналдыру
Білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру. Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкүндіктер пайда бола бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz