Ауылдық елді мекендердің урбанизацнясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қалалардағы және ауылды елді мекендердегі қоршаған ортасы және
халық денсаулығы.
Мақсаты: қалалардың және ауылдық елді мекендердің ауасының сапасын
интегралды бағалау үшін денсаулық көрсеткіштерін пайдалана білу

• Дәріс жоспары:

1. Қаланың химилық ластануының негізгі көздері, олардың халық
денсаулығына әсері
2. Урбанизация түсінігі. Мәселелердің қазіргі жағдайы
3. Қалалық ортаның физикалық ластану факторлары мен көздер.
4. Қалалардың биологиялық ластанулары және оның эпидемиологилық
қауіптілігі.
5. Қазақстан қалаларының экологилық жағдайының ерекшеліктері
6. Өндірістік қалалар атмосферасының негізгі ластану көздерінің
ерекшеліктері
7. Қаланың ауалық бассейнің қорғаудың қазіргі кездегі шаралары
8. Ауылдық елді мекендерде қандай урбанизация мәселелері бар?

9. Ауылдың экологиялық жағдайын анықтайтын қандай факторлар бар?
10. Экологиялық жүйенің компоненттеріне адам қызметі қандай әсер
етеді?
11. Ауылдық елді мекендерде қоршаған орта ластануының қандай
ерекшеліктері бар?
12. Ауылдық елді мекендерде топырақ пен су көздерінің ластаиуына
қандай жағдайлар әсер етеді?

Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат
денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс
жағдайларында өнеркөсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінде урбанизация
үрдісін тудырады. Урбанизация ~ қалалану - латын сөзі. Ол тұрғындар мен
экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен
аумағының өсуін білдіреді.
Қазіргі жағдайларда адамның қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі
және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар
мен қалалық тұрғындар саны өсуі — заңдылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік
қаражаттар, қоғамдық байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы
болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытута және кадрлық
ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы,
жылумен қамтамасыз ету; өндірістік және қоғамдық білім беру мен денсаулық
сақтау сияқты әлеуметтік - көлік пен байланыс, инфрақұрылымдарының
өрістеуіне ықпал етуде.
Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы
ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, кейбір қалалардың ауа бассейіндерінде
денсаулық үшін зиянды заттардың шоғырлануы белгіленген нормативтерден
бірнеше есе артады. Сондықтан адамның тіршілік етуіне қолайлы (оптимальды)
орта тудыру жөнінде мәселе туындайды.
Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалардың өсуі
адамзат өркениеті дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 20-ғасырда
миллион тұрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар
санына Мехико (28 млн. адам), Шанхай (26 млн. адам), Сан-Паулу (22 млн.
адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830
жылы 11% дан 1989 жы-лы 46 % ға дейін.
Бұрынғы КСРО қарамағында болған біздің Республикада қалалық тұрғындар
саны 1926 жылы — 18,0 %, 1940 жылы — 33, 0%, 1959 жылы - 48,0 %, 1986 -
66,0 % және 1989 жылы - 51,0 % құрады.
Қазіргі урбанизация - біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне
өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдық үрдістердің бірі. Бұл өндіруші
күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өндірістік
қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи заңдылық
үрдістері, бұл тұрғындар қайта өндірілуінің жаңа тәртібіне демографиялық
өту, аз балалы жанұяға, төмен туушылыққа, тұрғындардың жас шамалық жаңа
құрылымына өту.
Осылайша, урбанизацияны қалалардың сандық өсуінің үрдісі емес,
көрсеткіштер құрылымы мен урбанизацияның бағалануын қоғамдық санада
зандылықпен өзгеретін, өз дамуында фазасы бар үрдіс ретінде қарау керек.
Барлық жерлердің урбанизациялануына байланысты калаларда тұрғындардың
шектен тыс орналасуы және қоршаған ортанын ластануы олардың бір қатарында
үрей тудыруда. Қалалар тұрғындарының жақсы сапалы ауыз сумен, тамақпен
қамтамасыз етілуі, қалдықтарды жинау және шығару, қоршаған ортаны, ірі
қалаларда, әсіресе өте ірі қалаларда адам тіршілік ететін ортаны қорғау
бірінші дәрежелі маңызы бар міндет болады.

Қазіргі қалалардағы тіршілік ортасының факторлары

Өткен заманда да, осы кезде де қалаларды салудың анықтаушы факторы
экономикалык. мәселелер болған еді. Алайда, гигиенистердің ойынша қала
тұрғындарының ең шекті саны 500 мыңды құрайды. Соған қарамастан тұрғындары
1 млн. астам қалалар саны өсуде, сонымен бірге бұл үрдіс сандық өсумен ғана
сипатталмайды. Қалалардың дамуы, тұтас қоғам сияқты, қоршаған ортаға да,
адамның өзіне де антропогендік әрекеттердің күрт көбеюімен бірге жүреді.
Негізінен бұлар өндірістік және көліктік шығарындылар. Қазіргі техника мен
технологаялық үрдістер осы теріс әсерді, іс жүзінде жоя алады, бірақ осы
шараларды іске асыру орасан экономикалық шығандармен байланысты, оған
адамзаттың әзірше мүмкіндігі жоқ. Урбанизация, тұрғындар мен адам қызметі
шоғырланған салыстырмалы шағын аумақтар ғылыми-техникалық прогресс әсерінен
дамиды. Елді мекендер саны әдетте азаяды, бірақ олардың аумағы ұлғаяды.
Урбанизация үрдісінің ерекше карқындылығы 20-ғасырдың екінші жартысына
келеді. Осылай, 70-жылдар басында экономикалық дамыған елдерде тұрғындардың
жартысынан артығы қалаларда тұрды. Сонымен бірге өндіргіш күштердің өсуі
қала тұрғындарына амалсыздықтан техногендік әрекеттерін күшейтеді.
Қазіргі 4 миллиард адамның қоршаған ортаға жасаған әрекеті, өзінің
масштабы бойынша тас дәуірінің 40 миллиард адамы жасайтын әрекетіне тең.
Осы жағдайда әрекеттің негізгі күші қалалардың өз аумақтарына және олардың,
айналасына түседі.
Тұрғындар өмірі жағдайларын көп жағынан жақсарта отырып, ірі қалалар
табиғи жүйелерді жасандылармен ауыстырып, қоршаған ортаны ластайды, адамға
физикалық, химиялық және техникалық жүктемені көбейтеді. Атмосфера, су
нысандары, топырақ, өсімдіктер, климат та өзгереді. Ғимараттар мен аумақтар
инсоляциясы 15-30 %, ультракүлгін сәулелендіру - 50 %, бұлтты күндер саны
10 % (жазда 30 % және қыста 100 %) жоғарылайды, тұмандар жиілейді. Қала
қаншалықты ірірек болса, соншалық өзгерістер айқын болады.
Урбанизацияның теріс факторлары өзінің табиғаты бойынша физикалық,
химиялық,биологиялық және әсер етеді. Жағдайлардың басым көпшілігінде
ортаны ластау көздері қалалардың өзі ішінде болады, бірінші кезекте
тұрғындарға әрекеті болады. Шығарып тастауға болмайтын, кез келген ірі
қалаға тән факторларды ғана қарайық, атап айтқанда – автомобиль көлігі мен
шуыл (физикалық және химиялық факторлар – ауа температурасы, бір бөлмеде
көп адам тұру, ылғалдылық, ультрокүлгін сәулелендіру, көтеретін
жүктемелердің жоғары деңгейі).

Ауылдық елді мекендердің урбанизацнясы

Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы
онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі
бір ортаға шоғырландырылады, бұл бір елді мекендердің үлғаюына,
басқаларының бос қалуына әкеліл соқты. Ауылшаруашылық өндірісінің қайта
жарақтандырылуы — кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық
кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өндеу және
ауылшаруашышық, техникаларын жөндеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты
элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс
комбинаттары) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде
тұрғындардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс
мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық қалдықтарды жинау
секілді шаралар қоршаған ортаға залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін
шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс
жүзінде қалалық өмірге жақындады.
Осылайша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі
экологаялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды.

Ауылдың экологиялық жағдайын анықтайтын факторлар.
Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға
жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары — аумақты қалыпты жұмыс
істейтін аймақтарға болу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң түрде
сақтау.
Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді
дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық
елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір
алғышарты.
Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен
жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада - оның өзіне тән
ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға
алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі
өмірдің әлеуметтік-экономикалық факторлары ескерілуі қажет.
Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің
жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты
болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өндірістік аймағы селитебтік
аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай
отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек.
Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды
тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер
етуі мүмкін.
Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1—2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі
негізінен ел мекендеген аймақты сумен камтамасыз ету мен канализациялау
ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен
қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі
кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын
пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу
үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек.
Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта
жасалынуында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын
жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды
көгалдандыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің 40 % аумағын бүкіл
ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер қоршап жатуы және
арнаулы мақсаттағы (өнеркәсіп секторының санитарлық-қорғау аймағын және қар
тоқтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек.
Қазіргі кезде түтынуға қажетті өнім өндіруге байланысты адамның
ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар
өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар
жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы
ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар
пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы
қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Адам мүмкіндігінше
мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша
әсер етуде:
- топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді
агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;
- ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен
атмосфералық ауаға;
- ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су
қоймаларына.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты
малшаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған
ортаны аса мол ластай бастады. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен
қуаттылығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан
әжептәуір арта түсті, мысалы, Германияда — 5 рет, АҚШ — 10 рет. Бір сиыр
тастайтын жапаның мөлшері 16 адамдікіне, ал бір шошқаның шығарғаны — 2
адамдікіне тең.
Халық тығыз орналасқан аумағы шағын Данияда, мал шаруашылығы
кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарының эквивалентіне,
Голландияда мал шаруашылығы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5
млн. тұрғыны бар қалалардың ластануына тең келеді. 100 мың бас ірі қара
малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғанымен
пара-пар екендігі есептелініп шығарылған.
Қазіргі уақытта, мал және құс шаруашылықтарының кешендері мен фермалары
ауылды жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері
десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден
салыстыруға болады.
Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан
қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол
үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас
заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты
қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын
орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мол мөлшерде
органикалық және бактериялық лас заттар болады.
Мал шаруашылығы өндірістерінің жуынды ағындарында туберкулез,
бруцеллез, сүзекті-паратифозды инфекциялар, салмонеллез,
гельминтоздар, энтеровирустар қоздырғыштары байқалады. Бұл
малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында
эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді.
Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мгм3
дейін) және күкіртті сутегімен (14 мгм3 дейін) ластанады.
Мал және шошқа фермаларындағы көң шайындыларының елді мекендерден
шығатын осы тектес лас заттарға қарағанда біршама зиянды әрі қауіпті
екендігін төмендігі салыстырмалардан да байқауға болады:
Рн 8,1
Қалқыған заттар 21 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Елді мекен жерлердің ұғымы
Ауылдың экологиялық жағдайы
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Елді мекен шекарасын өзгерту жобасы
Қарағанды облысының сипаттамасы
Ауылдарды даму жағдайына сәйкес топтастыру
Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Қаланың ерекшелігі
Пәндер