Қаланың ерекшелігі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Елді-мекендер мәселелері
Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Дисциплина: Экология
Факультет: Стоматология
Группа: 102
Орындаған:Кушмагамбетов Т.Д
Тексерген: Кенжалина А.С
Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1) Елді-мекендер түрлері:
А. Ауыл
В. Кент
С. Қала
2) Елді-мекендер экологиясы.
3. Қорытынды.
Кіріспе.
Елді мекен - адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың, кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы (топонимі) болады.
Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасады. Елді мекен кеңістіктік орналасуы (тығыз, бытыраңқы), халық шаруашылық қызметі, мөлшері (тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және т.б. сипаттары бойынша әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда елді мекен мен ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді.
Қазақстанда елді мекендер бұл сипаттары бойынша ауыл, кент, қала болып негізгі үш дәрежеге бөлінеді. Ауылдық елді мекенге, сондай-аққыстақтар,балық, орман шаруашылықтарының орталықтары, т.б. жатады. Елді мекендер өзінің даму деңгейіне және әлеуметтік маңызының өзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша бір дәрежеден екінші дәрежеге көшіріліп отырады (мыс., ауылдық елді мекеннің кентке, кенттің қалаға немесе қаланың кентке, кенттің ауылға айналуы).
Ауыл.
Ауыл -- Қазақстандағы, ОртаАзия мен СолтүстікКавказ мемлекеттеріндегі халық мекендейтін қора-қопсылы тұрақты және уақытша үй-жайлардан, мәдени ағарту, денсаулық сақтау мекемелері мен кейбір кәсіпорын ғимараттарынан тұратын, географиялық атауы бар мекен.
Ауыл -- дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық.
Қазақ халқындағы "Ауыл түбі -- бірлік, қауым түбі -- тірлік" деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Кең даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды.Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелікқатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтарЕңлікпенКебек, ҚалқаманменМамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген. Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. "Құда -- мың жылдық" деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуыэтностық тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды ("Қарға тамырлы қазақ"). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз. Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында. Екіншіден, ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді адамдары -- ақсақалдар мен билер реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылына 5 -- 6 түтіннен 10 -- 15-ке дейін шаңырақ құрған. Бұл ортақ шаруашылық жүргізу мүддесіне байланысты пайда болған. Көп малды бір жерде шоғырландырып ұстау шаруашылық үшін тиімсіз. Қазақ ауылын үлкен отбасылық патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды. Себебі, мүмкіндігі бар адамдар ер жеткен балаларына енші беріп жеке шығарған ауылдан ауыл бөлініп, көрші орналасқан. Кенже ұл әкесінің, "қара шаңырақтың" мұрагері болып есептелген. Әрбір ауыл көшпелі мектеп, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, басқұр, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды. Қазақ ауылында үйлер алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін, ауылдың бір жақ шеті ашық қалдырылады. Ауыл көрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған жылқы, маңыраған қой, боздаған бота, желіде тізілген құлын, көгенделген қозы-лақ, асыр салған құлын-тай болып келеді. Ауыл маңында міндетті түрде бұлақ немесе құдық, оның басында қауға, үлкен ағаш науа болады. Ауылдың көшіп-қонудағы басты мақсаты -- мал тойындыру. Қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады. Қазақ жылдың төрт маусымын өрісінің сонылығына, судың молдығына қарай: өре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, миялы т.б. жіктеген. Табиғи апаттар (қуаңшылық, жұт, індеттер), әлеуметтік және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-тайпа аралық тартыс, елдік бірліктің әлсіреуі т.т.) адамдық топтасудың бұл түрін күрт өзгерген ортада дәрменсіз етті. 19 ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (ресейлік) қысымға шыдай алмады. Осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени дағдарыс көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады. 1858-68 жылдары жүргізілген әкімшілік реформаның нәтижесінде қазақ жеріндегі ауылдық басқару болыстық жүйемен алмастырылды. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамның өзіндік реттеу тетіктерін жойып, сырттан таңылған жүйеге көшуіне әкеп соқты. Қазақ ауылы отарлық типінің мал өнімдерін өндіретін шикізаттық ұжымдарына айналды. Қазан төңкерісіне (1917) дейін қазақ жеріндегі көшпелі ел мен отырықшы халық мекендерінің типінде үлкен айырмашылық болатын. Кеңес өкіметінің кезінде көшпелі ауылдарды жаппай отырықшылыққа бейімдеп колхоз, совхоздарға біріктірді. Бұл қазақ ҚР ауылдарын зор, қасіретке ұшыратты. Ауылдың қоныс жүйесі ретінде қаладан айырмашылығы -- тұрғындарының орналасу тығыздығы төмен және саны аз. Еңбек және демалыс түрлері өзгеріске аз ұшырайды. Мұндағы еңбек табиғат ырқына, яғни жыл мезгілдерінің ауысып отыруына негізделген. Қаламен салыстырғанда ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу дәрежесі төмен, бірақ кәсіп пен тұрмыстың мазмұндық бірлігі жоғары; еңбек ету жағдайлары ауыр, инфрақұрылымы нашар дамыған. Ауылдағы жанұялар әлеуметтік және ұлттық жағынан біртекті болып келеді. Әлеуметтік бақылау дәрежесі қаламен салыстырғанда жоғары, себебі адамдардың өзара қарым-қатынастары әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге қатаң негізделген. Отырықшылану кезінде тарихи қалыптасқан көшпелі ауылдар жүйесі біржола бұзылып, оның отырықшы жаңа елді мекендер бойынша топтаса қоныстануы пайда болды. Осы шағын елді мекендер (олардың ішінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтындары да) ауыл деп атала бастады. Социалдық жоспарлы экономиканың күйреуі, оның орнына жаңа нарықтық экономиканың ірге тебуіне байланысты тұрғын жұрттың қалаға көші-қонының күшеюі салдарынан ауылдар саны азаюда. Қазақстанда 1997 жылы ауылдардың жалпы саны 8172, оның ішінде 1 мыңнан астам адам қоныстанған ауылдар 1624 болды.
Ауылдар даму жағдайына сәйкес төрт топқа топтастырылған.
Бірінші топтағы даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны - 1062 (барлық ауылдық елді мекендердің 14%-ы), ондағы халықтың саны 1 566 869 (республика халқының 10,4%-ы). Бұл топтағы ауылдық елді мекендерге әлеуметтік - экономикалық қуатын одан әрі жетілдіру, табиғи мүмкіндіктерін пайдалануға көмек беру жолдары, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй құрылысын жүргізуге несие бөлу тетіктері қолға алынуда.
Екінші топтағы даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендер саны - 5664 (барлық ауылдық елді мекендердің 73,9%-ы), мұндағы халықтың саны 5329147 (республика халқының 35,6%-ы) адам. Бұларға өңдеу орындарын ашу, ортаның өз ерекшеліктеріне байланысты қосымша табыс көздерінің инфрақұрылымдарын қалыптастыру шаралары қолданылуда.
Қалған үшінші және төртінші топтағы (олар шамамен 788) елді мекендерге қаржы қарастырылмайды.
Қазақстан Республикасы бойынша 7660 елді мекендердің 190-ы (2004 жылдың 1-ші қаңтарына), яғни 2,4%-ы Атырау облысының үлесіне тиеді. Бұл елді мекендердегі ауыл халқының саны 262270 мың адам, облыс халқының 58%-ын құрайды.
Еліміздегі барлық ауылдық елді мекендердің (қоңыстардың) 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде.
Қазақстандағы есепке алынған 7262 елді мекендерді әлемдік қаржы институттарының тәжірибесі мен қалыптасқан халықаралық нормаларға сүйене отырып, 130 көрсеткіш (ауылдың рынокқа жақын-алыстығы, топырағының құнарлылығы, шағын
кәсіпкерліктің өріс алуы, инженерлік инфрақұрылымдардың болуы, әлеуметтік даму деңгейі, ауыз суының сапасы, ауаның радиациялық жағдайы және т.б. көрсеткіштер) бойынша талдау жұмысы еліміздегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылу үстінде.
2004-2010 жылдарда Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші сатысында (2004-2006 жылдар) жоғарыда көрсетілген салалар қаржыландырылады. Ауылдардың, таза ауыз суымен, газбен қамтамасыз етілуі өз кезегінде жергілікті шаруашылықтардың дамуына әсер етеді. Мысалы, Атырау облысының жергілікті бюджетінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржының 2004 жылы 72,5%-ы білім беруге, 27,5%-ы денсаулық сақтауға жұмсалды.
Ауылдың халқы - елдің, облыстың, ауданның бүкіл ауылдық елді мекендерінде тұратын халқы; ауылдық жердің тұрғылықты халқы; халық санағы кезінде, ағымдағы есепке алу кезінде қала халқымен коса арнайы бөлінетін халық санаты.
Кент.
Кент - шағын мекен-жай немесе соқпалы қабырғалармен қоршалған көгалды аймақтағы қала. " Кент" ежелгі түркі сөзі. Алғашқыда үй-жай салып, топтасып өмір сүретін мекен ұғымын білдірген. Ежелгі шағын қалалар мен елді мекеннің көбі " кент " деп аталған. Бірте-бірте қала сөзімен ауысқан. Бірақ күні бүгінге дейін тілімізде қолданыстан қалмаған. Мысалы, Жаркент - жардың жағасындағы кент, яғни елді мекен деген сөз.
Кент салу - отырықшылықтың алғашқы сатысы болды. Ежелгі түркілер (V - XI ғасырлар) осындай тұрғындарын ятук (жатақ), яғни "отырықшы" немесе балықдақтар деп атаған. Түркілер қала мағынасында кент сөзімен қатар балық сөзін де қолданған кезеңдері болған. Мыс., Бесбалық, Ханбалық атаулары осыны айғақтайды.Кент керуен жолдары бойына орналасқан жағдайда оның тұрғындары өтпелі саудамен де айналысты. Қазіргі қазақ тілінде 1994 жылдан " кент " сөзі бұрынғы қала типтес поселке сөзінің баламасы ретінде қолданылады.
Кент(Поселок) -- қалалық елді мекендердің санатындағы елді мекен (термин Қазақстанда 1997 жылы енгізілді). Әдетте кент өнеркәсіптік, көліктік, әкімшілік, ғылыми, курорттық және т.б. міндеттерді атқарады. Бірақ қазіргі даму деңгейі жағдайында оның бұл атқарымдары қалаға айналуына жеткіліксіз. Сондықтан кент ауылдан қалаға дейінгі аралық елді мекен болып табылады. Алайда Кенттің халқы қала халқына жатқызылады. Қазақстанда 174 кент бар (2005 жыл).
Кенттену -- қоғам дамуындағы қала рөлінің артуының тарихи процесі. Ол өндіргіш күштердің орналасуындағы, ең алдымен халықтың қоныстануындағы, оныңәлеуметтік-кәсіптік, демографиялық құрылымындағы, тұрмыс қалпындағы, мәдениетіндегі және т.б. өзгерістерді қамтиды. Кенттену -- еңбектің қоғамдық және аумақтық бөлінісінің тарихи қалыптасқан нысандарының негізінде пайда болған көп жақты әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және географиялық процесс.
Қарапайым ұғым бойынша кенттену - қалалардың, әсіресе үлкен қалалардың өсуі, елде, аймақта, дүние жүзінде қала халқы үлесінің артуы. Кенттену процесінің дамуы қала халқының қалыптасу ерекшеліктерімен және қалалардың өсуімен: халықтың ауылдан қалаға көшуімен, қала халқы өсімінің көбеюімен; қаланың жеріне немесе қаланың әкімшілік аумағына қала маңы аумақтарды (қала, кент және ауыл) қосумен, ауылдық елді мекендерді қалалық елді мекендерге айналдырумен тығыз байланысты. Қаланың өсуі оның біршама кеңейген қала маңы зоналарының қалыптасуымен жалғасып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz