Климаттың өзгерулері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы : Климаттың өзгеруі
Кафедра : Жалпы гигиена және экология
Дисциплина : Экология
Факультет : Стоматология
Группа : 102
Орындаған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген: Кенжалина А. С
Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар:
1. Климаттың өзгерулері
2. Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?
3. Балқаш Іле аймағындағы экологиялық жағдай
4. Қарт Касспийдің қазіргі жағдайы
5. Климаттың ғаламдық жылынуы
6. Климаттың өзгеруіне себептер
7. Қорытынды
Климаттың өзгерулері
Климаттың өзгерулері - түгелдей жер бетінде немесе оның ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан астам) немесе ырғақты (геологиялық уақытта, тарихи уақытта) өзгерулері. Палеогеографиялық зерттеулердің негізінде анықталған геологиялықклиматтың өзгерулері Жер тарихында ұзаққа созылған жылы және суық кезендердің болғанын дәлелдейді.
Көбінесе метеорологиялық байқаулардың негізінде, сондай-ақ дендрохронологиялық және т. б. әдістермен анықталатын қазіргі Климаттың өзгерулері кейінгі ондаған (кейде жүздеген) жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден туындаған ұзақтығы 11, 35, 80-90 жылдарға созылған, сондай-ақ ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800-1900 жылдық ырғақтар) және т. б. анықталды. Климаттың Күн активтілігінің ғасырлық және ғасырдан ұзақ өзгерістерімен байланыстары туралы болжамдар да бар. Климаттың өзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи ортаның барлық құрам- бөліктері мен ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етеді.
Ауа-райының жылынуынан келесі өзгерістер туындауы мүмкін деген болжамдар бар:
Антарктида мен Гренландияның мұздықтарының еруі.
Мұздықтар еруі барысында дүниежүзілік мұхит деңгейі 2300 жылдары 2, 5 м. жоғарылауы мүмкін,
Мұздықтардың еруі барысында пайда болған тұщы су мөлшері [[] ] Гольфстримнің жылу ағысын бұзып Еуропаның суытуына алып келеді.
Арктика мұздықтарының еруі ақ аюдың өліміне алып келуі мүмкін.
Ормандарға, көлдерге, қала инфраструктурасына кері әсерін тигізеді.
Дауылдар, су тасқындары жиілігі өседі.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету нашарлайды.
Ауа райының өзгеруі
Климаттың антропогендік өзгеруі
Климаттың антропогендік өзгеруі - табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т. б. ) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі.
Байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсері
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, факторлары ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров«Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі. Бұл процесстің суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі - Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процессі. Сондықтан, ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:
- ұшу процессінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
- атмосфераның озон қабатын бұзады;
- территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
- қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
- ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан, осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.
Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1, 5 тоннадан - 3, 5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 52 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.
«Байқоңыр» пайдалануға берілген у 1300 ақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.
Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 39%-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны - гептилмен ластанған.
Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы біздің облыстың үстінде.
Балқаш Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz