Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау


Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Қоршаған ортаны ластау
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Қорытынды:
Қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы; Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесiмдi iс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi; Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi - қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөлiктерi; Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерiн қанағаттандыру үшiн қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесiнде пайдаланылатын құрамдас бөлiктерi; Табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы; Қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерiнiң сипаттамасы; Қоршаған ортаның мониторингi - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тiрi организмдерге зиянды немесе қауiп туғызатын қатерлi ахуалдар туралы ескерту; Экологиялық нормалау - адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің (нормативтерінің) жүйесі; Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстiң, магниттi өрiстердiң және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсерi; Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық актiлерiнде қамтылған қоршаған ортаға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметте орындауға мiндеттi шектеулер және ондай қызметке тыйым салу; Экологиялық қауiпсiздiк - жеке адамның, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи ықпал ету нәтижесiнде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйi;
Экологиялық жүйе - организмдердiң және олар мекендейтiн жансыз ортаның өзара байланысты бiртұтас функционалдық жиынтығы. Қолайлы қоршаған орта - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта; Қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін нұқсан (зиян) - қоршаған ортаны ластау немесе тірі организмдер мен адамның ауыруын, жұтауын немесе қырылуын, табиғи ресурстардың сарқылуын туғызған немесе туғызатындай етіп табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден тыс алып қою; Қоршаған ортаны ластауға лимиттер - ластағыш заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері; шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп массасының нормативі, ол шығарылудың, тасталудың, технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы, тұрақты көздері үшін белгіленеді; Өндiрiс қалдықтары - өнiмдердi шығару, өзге де технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде пайда болған және, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң қалдықтарын қоса алғанда, тиiстi өндiрiсте қолдануға қажеттi бастапқы тұтыну қасиеттерiн толық немесе iшiнара жоғалтқан шикiзаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары; коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар - адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар; қалдықтардың түрi - ортақ белгiлерi бар қалдықтардың жиынтығы; қалдықтардың қауiптiлiк сыныбы - адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесi бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткiшi; аз қалдықты технология - өнiмдер бiрлiгiн шығару кезiнде осы өнiмдердi алудың қолданылып жүрген тәсiлдерiмен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнiмдердi шығару процесi; қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерi - қалдықтардың қоршаған ортаға әсер етуiн ескере отырып, олардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты сандық және сапалық шектеулер;
Қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың пайда болуына, жиналуына, сақталуына, пайдаланылуына, кәдеге жаратылуына, тасымалдануына және көмiлуiне байланысты қызметтiң барлық түрлерi; Қалдықтарды орналастыру объектiсi - полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар; Қауiптi қалдықтар - зиянды заттарды қамтитын және қауiптi қасиеттерi бар (уыттылық, жарылыс қаупi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi бар) не адам денсаулығы мен қоршаған орта үшiн жеке тұрғанда немесе басқа заттармен өзара әрекетке түскен кезде қауiп төндiруi мүмкiн қалдықтар;
Тұтыну қалдықтары - табиғи және моральдық тозу нәтижесiнде өзiнiң тұтынушылық қасиетiн толық немесе iшiнара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар; қалдықтардың паспорты - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iс жүзiне асыратын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары; қоршаған ортаға ықпал етудің жол берілетін шекті нормативтері - экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуға әкеп соқпайтын, қоршаған ортаға барынша жасалуы мүмкін антропогендік ауыртпалық; ластағыш заттардың шығарылуы мен тасталуына жол берілетін шекті нормативтік - атмосфераға, су объектілеріне, топыраққа шығарылатындар мен тасталатындардағы ластағыш заттардың, қоршаған ортаға жасалатын физикалық ықпалдық ол жасалған жағдайда жол берілетін ауыртпалықтың экологиялық нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ететін көлемі; ластағыш заттардың қордалануы мен ықпал ету деңгейінің жол берілетін шекті нормативтері - атмосфералық ауада, су объектілерінде, топырақта ластағыш заттардың жол берілетін құрамының және қоршаған ортаға физикалық факторлар ықпалының адам денсаулығын сақтау және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиянды әсеріне жол бермеу мақсатында белгіленетін шамасы;
Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай. стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тiкелей байланысты сараптама объектiсi; транс шекаралық объект - iске асырылуы екi немесе одан да көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететiн немесе зиянды әсер етуi ықтимал сараптама объектici; экологиялық қауiптi объект - iске асырылуы ауқымы әрi ұзақтығы бойынша қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн немесе әсер етуi ықтимал және халықтың өмiрi мен денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн сараптама объектiсi;
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi. Экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалауға және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздігі деңгейiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру»Аудиттелетін субъект - экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға: Экологиялық аудитке тапсырыс берушілер - мүдделi жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттік органдар. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөніндегі қызметі;
Өндірістік экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептілік және өзге де ішкі әкімшілік шараларды қамтитын нормативтік-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшін қабылдайтын шаралар жүйесі; Tабиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негізінде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдарын, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау жүйесі қатан әкімшілік және бақылауда құрастырылған. Осының нәтижесінде қоршаған ортаны ластауын өсуін көбейтпеуге мүмкін болса, істегі табиғат қорғау заңнамасының кемелсіз екендігі туралы сұрақ туындап, заң бұзушыларға толық көлемде әсер ете алмаймыз. Біздер заңға бағынатын кесімдердің жоқтығынан бірнеше талап-арыздары бойынша ұтыламыз. Сондықтан да Елбасымыздың экологиялық кодексті қыбылдау туралы мәлімдеуі маңызды болып табылады. Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша озық еурапалық елдерде ластаушыларға әсер ететін тиімді механизм болып табылады.
Экологиялық кодексін әзірлеу Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу процесіне және Бүкіләлемдік тауар ұйымына түсуге өте маңызды.
Еуропа Одағының тәлімі бойынша біздің республикада қоршаған ортаның сапасына нысаналық өлшемдер жүйесі қабылдану қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Премьер - Министрінің өкімімен
Экологиялық кодекс жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оған мүдделі Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кірді.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі кодекс жобасын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіріп, орындауын бақылайды. Министрліктің Қоғамдық кеңесінде құжаттар қаралып, екі рет Қоғамдық тыңдаулар жүргізілді.
Кодекс жобасын әзірлеуге Қазақстан және шетелдердің ғалымдары мен мамандары, Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйымның Экологиялық директорының өкілдері және тағы басқалар қатысты. Қоршаған ортаны қорғау бойынша істегі заңдардың сәтті баптары мен қағидалары енген.
Кодекс қағидаларын іске асыру кезеңмен жүргузілуге жоспарланып отыр. Кодекстің жаңа нормалары көбінесе бизнес өкілдеріне қатысты. Олардың экологиялық төтенше жағдайлары үшін жауапкершілігі артады. Жаңа экологиялық кодексінде экологиялық менеджменттің заманауи әдістерінің саласы бойынша заңнамалық ағаттықтар түзетіліп, біздің республикамызбен бекітілген халықаралық келісімдер және конвенциялары бойынша міндеттемелердің заңнамалық қолдануы қамтамасыз етілді.
Өндірістік бақылау мен өзіңдік мониторингтің, экологиялық аудиттің, ИСО стандарттары мен ең таза технологияларға өндірістердің көшуін ынталандыру рөлі күшейіп, экологиялық ақпараттарды жасырып немесе бұрмалауына жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына айрықша көңіл бөлінген. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны ластаудан қорғау бойынша шараларды қаржыландырудың экономикалық механизмдерін құрастыруға тірек жасалған.
Аумақтық деңгейде экологиялық саясатты өткізе отырып, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы барлық деңгейдегі депутаттармен, өкілетті органдармен, табиғатты қолданатын - кәсіпорындармен, халықпен Экологиялық кодекс жобасын кең талқылауда. Облыс аудандарында Кодекс қағидаларын түсіндіру үшін көшпелі шаралар өткізіліп, оны тез қабылдау керектіге түсіндірілуде.
Жалпы экологиялық кодексінің қабылдануы және экологиялық заңнамасын қайта құру бойынша шаралардың барлық кешенін іске асыруы қоршаған ортамен басқару жүйесін жетілдіруіне, бұл салаға корпоративтік инвестицияларды тартуға, Қазақстан Республика Президентімен экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында қойылған міндеттерге жетуге мүмкіндік туғызады.
8-ші қазан күні Алматыда ауаның ластану мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды. Бұл жиынға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары мен тоғыз мемлекетің сарапшылары Қазақстан жағы әзірлеген ұлттық баяндаманы талқылап жатыр. Халықаралық конференцияның Алматыда өтуіне ат салысқан «Қазгидромет» мемлекеттік мекеменің жетекшісі Тұрсынбек Кодековтың айтуынша ұлттық баяндаманы қазақстандық мамандар жоғары деңгейде әзірлеген. Енді бұл баяндаманы өзге мемлекеттер үлгі ретінде пайдалана алады.
Тұрсынбек Кодеков, «Қазгидромет» мемлекеттік мекеме директоры: - Бұл семинар алдында біздің қазақстандық мамандар мен халықаралық сарапшылар көктем маусымында бас қосып, арнайы ұлттық баяндама әзірлеген болатынбыз. Енді осы баяндаманы біз үш жақты талқылап жатырмыз. Біріншіден, қазақстандық мамандар, екінші жағынан халықаралық сарапшылар, үшінші жағынан бұл семинарға келген 9 мемлекеттің мамандары. Ұлттық баяндамада ауаның қалай ластанатыны жөнінде, оны кім ластайтыны жөнінде ақпарат көп. Енді осы ақпарат негізінде әзірленген баяндама ТМД елдеріне үлгі болмақ. Басқа елдердің мамандары бұл ұлттық баяндаманы үлгі ретінде пайдаланады. Бұл баяндамада керек деректің барлығы егжей-тегжей баяндалған.
Бүгінгі таңда мамандардың айтуынша, Қазақстан ауасын ластайтын өнеркәсіп мекемелерінің басым көпшілігі қоршаған орта мәселесіне назар аудара бастаған. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Бек-Болат Елеушовтың айтуынша, бұл мақсатта министрлік айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр.
Бек-Болат Елеушов, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры: - Мен ойлаймын бұл керек семинар. Себебі біздің үкімет қабылдаған бағдарлама бойынша, біз үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан бойынша, жылу беретін мекемелер бар, сосын бізде мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын мекемелер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Сол себептен қазіргі кезде біздің министрлік осы мекемелермен меморандумға қол қойып отыр. Ал бұл компаниялар өздеріне міндеттеме алып жатыр. Сол себептен бүгінгі конференция өте керек шара, деп ойлаймын.
Қазақстандық мамандар ұлттық баяндама негізінде ауаға қандай мекеме, қандай мөлшерде зиян тигізетінің зерттеген. «Қазгидромет» директоры Тұрсынбек Кодековтың айтуынша, бұл мәселе жөнінде ақпарат жинау қиынға соққан жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz