Қоршаған ортаның радиациялық ластануы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мaрaт Оспaнов aтындaғы Бaтыс Қaзaқтaн Мемлекеттік медицинa университеті

Описание: Ректора - EDURK.KZ

«Студенттің өзіндік жұмысы»

Мaмaндығы: Cтоматология

Кaфедрa: Жaлпы гигенa және экология

Пәні: Экология

Тaқырыбы: Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы.

Кур: І

Группa: 102

Орындaғaн: Кушмагамбетов Т. Д

Тексерген: Кенжалина А. С

Aқтөбе «2016-2017

оқу жылы»

Жоспaр

І. Кіріспе бөлім:

ІІ. Негізгі бөлім :

  1. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.
  2. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
  3. Экологиялық апат

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пaйдaлaнғaн әдебиеттер.

Кіріспе

Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаудың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары шығарылады.

Бізді қоршаған ортаның ластануы мынадай топтарға бөлінеді:

1. Химиялық ластану (көміртек және күкірт оксидтері, көмірсулар, пестицидтер, гербицидтер, ауыр металдар, аэрозольдер) .

2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, жарық) .

3. Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, зиянкес жәндіктер) .

4. Антропогендік ластану (табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтыларының өзгеруі, орман-тоғайлардың жойылуы, т. б. ) .

Өнеркәсіптен бөлінетін әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі.

Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі - күкірт диоксиді (SO 2 ) кокс-химия зауыттары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және ол өсімдіктерге де көп зиян келтіреді.

Ауадағы фторлы сутек өте улы зат. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары. Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алған адамның тыныс жолдарының сілемейлі қабығы қабынып, өкпесі ісінеді.

Цемент зауыттарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді. Ал фосфор зауытына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс. Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия зауыттарының маңайындағы топырақты, жан-жануарды, өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.

Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемаларды тудырып отыр. Олар: жер шарындағы жиі байқалып отырған жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, фотохимиялық у түтіндер.

Қоршаған ортаның радиациялық ластануы.

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Радиациялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөлетін радиоактивті нуклидтер құрайды. Міне, осы бөлшектер мен таралған сәулелер адам организміне түскенде клеткалардың құрылымын бұзып, соның салдарынан түрлі ауралар пайда болады.

Радиациялық ластанудың негізгі көздері - альфа, бэта және гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адамдар мен жануарлар клеткаларындағы нәруыз, фермент және басқа құрылымдардың өзгеруіне, яғни сәулелік аурулардың тууына апарып соғады.

Сәулелік аурудың пайда болуы қабылдаған сәуленің мөлшеріне байланысты. Адамға 50 рентген мөлшеріндегі сәуле әсер ете бермейді. Ал 100 рентген сәуле қабылдаған адамнан сәулелік аурудың белгілері байқала бастайды.

Сәулелік ауру қабылдаған сәуленің мөлшеріне қарай: ауыр және созылмалы болып бөлінеді.

Адамның іс-әрекеті салдарынан биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттардың кең түрде қолданылуы, оны тасымалдау кезіндегі немқұрайдылық радиациялық ластанудың көзі болуда. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына апарып соғады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап атом электр станциялары, мұзжарғыш кемелер, ядролық қондырғылар, сүңгуір қайықтар кеңінен пайдаланыла бастады. Атом энергиясы қолданылатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде ғана қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластану мүмкіндігі болмайды. Мұндай мекемелерде апат болған жағдйда радиациялық ластану дәрежесі мыңдаған километрге дейігі тіршілікті жояды. Қазіргі кезде радиоактивті қалдықтарды көму технологиясын сақтау қоршаған орта үшін ауадай қажет болып отыр.

Біздің республикамызда Семей ядролық сынақ аймағында 40 жылдан астам уақыт ішінде 500-ге жуық жер асты және жер беті жарылыстары болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 26-сы жер бетінде, 354-і жер астында жүргізілген.

Атмосфераның озон қабатының жұқаруы Күн радиациясының жер бетіне тікелей өту қаупін туғызуда. Мұның алдын алу адамзаттан болашақта көптеген мәселені шешуді талап етеді.

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.

Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.

Жер бетіндегі шамамен 15 жануардың 5-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі - ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер - уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Биологиялық ластаушыларды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Жеке бастың тазалығын сақтамаудың салдарынан, жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы ауру қоздырғыштары адам организміне түседі.

Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың таралуына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын пайдаланар алдында қайнату керек. өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері - тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия ауруларының таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.

Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң, бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға, одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдардың бойын дендеп алып, ауырта бастайды.

Жұқпалы оба ауруын егеуқұйрық бүргесі таратады. Ал ұйқы ауруының қоздырғышы - трипаносомалар цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады.

Жұқпалы аурулар таралған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді. Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып, аурудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.

Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.

Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.

Қазақстан полигондары.

Республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өһңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісіндегі кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады.

Полигондардың ішіндеСемей өңірі - ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. 1991 ж тамыздың 29- да, халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпай келе жатқан қазақ даласының ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылғы Американдықтардың Жапонияның Херосима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2, 5 мың есе күшті екен. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон Қазақстанның солтүстік шығыс бөлігінің, жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полингон Шығыс Қазақстанның 54 пайызына Павлодар облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын тигізіп келеді. Семей полигонының ұзындығы 600 шақырымдай. Сонымен бірге зардап шеккен жерлер көлемі 16 есе үлкен полигон көлемінен шамамен 304 шаршы шақырым.

Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалды. Ал 1953 жылы тұңғыш термоядролық қондырғы сынақтан өтсе, 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймақта жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық, 26 жер үсті, 91-і ауада, 8-і биіктікте жарылыс болса, 343-і жерасты, 215 көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы сынақтар. Ядролық сынақтардың үштен екі бөлігі қазақ даласында жарылған.

Ядролық сынақтардың зардап шегуші ретінде 1 млн. 323 мың адам танылған. Алайда, зардап шегуші адам құқығын растайтын куәліктер 1 млн. 57 мың адамда болып тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Радиациялық ластану
Радиоактивті ластанудан қорғанудың шаралары
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Химиялық ластану
Табиғи ластану
Қазақстанның экологиялық жағдайлары
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz