Экологиялық сукцессиялар


Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
- Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
- Биоценоздың трофикалық құрылымы.
- Экологиялық сукцессия
Қорытынды:
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж. ) . Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотикалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әр қашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Сондықтан биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп - тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз - биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер) ; талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер) ; ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер - кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А. Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты - автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды. Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Сондықтан экожүйе - экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.
Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда - биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз - тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік - өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль
атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін
азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Сол сияқты гүлді өсімдіктер үшін оны тозаңдататын аралар,
т. б. жәндіктер үлкен роль атқарады. Осының бәрі биоценоз құрылымының күрделілігін және ондағы тіршілік иелерінің бір-біріне тәуелді, пайдалы немесе кері әсер ете отырып үнемі даму үстінде екендігін көрсетеді.
Биотикалык қарым-қатынастардың типтері
Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады.
Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қореқ тұрағы, т. б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде пассивті көрінеді. Сондықтан эколог Г. Ф. Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине, қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, территория, т. б. ) факторлардың жетіспейтінінен де болады.
Жыртқыштық. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек, территория, т. б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.
Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып ұстауы қажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген қорғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойыңда морфологиялық, физиология, биохимиялық т. б. өзгерістер болуы мүмкін. Олар өсімдіктерде тікен, қабық, жағымсыз иіс түрінде білінсе, ал жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез-құлқының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну, т. б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, түз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көп қоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көп қоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейбірде пассивті (өлекселермен көректенетіндер) формалары келіп шыққан.
Адам баласы жыртқыш андар мен құстарды байқап олардың мінез-құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған. Кейбір кезендерде жыртқыш аң мен құстарды "зиянды", "қас жау", "құбыжық" санап, көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың басқы кездерінде жыртқыштарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т. б. ) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға ұшырап отырған. Мәселен, қасқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып аңдардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердін қаптап кетуі (Қытай жерінде) т. б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар - өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар "дала санитары" ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-теңдікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде, популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал, өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын дисбаланс жағдайда реттеп отыратыны анық.
Паразитизм. Паразитизм - бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.
Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдікпен өсімдік, жануарлармен жануар және өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің көректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың кай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жөндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен немесе ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал, адамның шек-қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т. б. организмдер паразиттер қатарына жатады.
Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т. б. ) таратады. Олардың қатарына Қазақстан территориясында жиі кездесетін маса, сона, құмыты, бұрге, кенелер жатады. Әсіресе, республикамыздың шөл-шөлейтті зоналарында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу, олармен күресті, сақтануды жеңілдетері сөзсіз.
Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, карсақ, т. б. ) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцифалитінің қауіпті паразит екенін білгеніміз жөн.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тірішілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар - балдыр мен саңырауқұлақ арасындағы селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.
Комменсализм. Немесе арамтамақтық құбылыс. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорашысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.
Мутуализм. Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуде. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохария дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохариялық таралу жолы деп атайды.
Аллеопатия. Бұл организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Ягни, өсім-діктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жагымды әсерін тигізетін касиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т. б. ) теріс әсеріи тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдьщ өсуін тежейтін көрінеді.
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрак-тивті) немесе жиркендіргіш (репеллентгі) түрінде әсер етеді.
Бұл касиетгер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды.
Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті затгар бөліп өзінің жауына кдрсы немесе еліктіргіш, сигнал беру кдсиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организмде бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пеницилин, стрептомицин, гибберилин медицинада жиі қолданылады.
Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы карым-катынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализм деп атайды.
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір қүмырскалар көршілес құмырска илеулерінен жүмыртка мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл қүбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғаргы деңгейдегі көрінісі болса керек.
Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия
Экологиялық орын. Әрбір жеке организмнің тек өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функциясымен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын олардың экологиялық орны мен атқаратан қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық орынның тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал, бір систематикалық түрде жататын туыс түрлер тіптен қоректік түрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су кандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі, бірі жыртқыш болса, екіншісі қалдық қоректі. Мұндай жағдайда, организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдіктің гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан.
Биоценоздың түрлік құрылымы. Әрбір биоценоздің өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, ал екіншілері керісінше болуы мүмкін.
Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады. Егерде биоценозда бір немесе екі өсімдік түрі оның 90% құраса - доминантты (басым) өсімдіктерге ие болады. Кейде мұндай өсімдіктерді сол биоценоздың эдификаторы деп те атайды. Мәселен, қарағайлы орманда қарағай - эдификаторы болып саналады.
Биоценоздың кеңістік құрылымы
Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның фиоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық) . Ярустылық-биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі. Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен, орманнан. 6 ярустылықты кездестіреміз: І. ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен, т. б. ) ; II екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай) ; III бұталы ағаштар (шие, итмұрын, т. б. ) ; IV жартылай бұталы ағаштар (тобылғы, сасырлар) ; V шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқурай) ; VI қыналар мен мүктер. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауғга болады. Бірақ, мұңдағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға болады. Ярустылық пен горизонтальды биоценоздардың да кеңістік құрылымы ерекшеленеді.
Биоценоздың экологиялық құрылымы. Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан тұрады. Олар көбінесе ылғал, жарық, қореқ т. б. факторларға байланысты жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым - биоценоздағы түрлерді, жиынтығы мен кеңістігі арқылы ситтталады. Биоценоз - уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрсделі типтерін ажыратуға болады.
Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды -
дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көптүрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айткднда, шөл-шелейтті, тұндыра биоценоздары жәй биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі.
Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келёді. Ол көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі жетекші факторлардың (жарық, температура, қорек, қысым, оттегі, т. б) бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.
Экожүиедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі - продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді) .
Екінші - консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшінші - редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Ягни, заттарды ыдыратып, кайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер - бірінші трофикалық деңгейді түзсе, фитофагтар - екінші, ал жануарлар тектес қоректілер - үшінші, т. б. жалғаса береді.
Барлық қоректік тізбектер бір - бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.
Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қорек (азық) дерліктей организмнің өсуіне немесе биэмассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергая куатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екіншісіне дейін толық өнделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл зандылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:
Сандық пирамида организмдердің жеке сандық көрсеткішің
айқындайды.
Биомасса пирамидасы - жалпы кұрғақ салмақты, немесе
"өнімділікті" анықтайды.
Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе
жылу энергиясын анықтайды.
Зат және энергия ағымы. В. И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақгы дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі затгардың элементтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Биогенді айналымның негізгі көзі жер бетінде жасыл өсімдіктердің пайда болып фотосинтез құбылысы басталғаннан бастау алады. Мәселен, атмосферадағы барлық оттегі тірі организмдер арқылы (тыныс алу т. б. ) 2000, көмір қышкыл газы керісінше 300, ал су 2 000 000 жылда бір рет өтіп отыратыны дәлелденген,
Деседе, жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай қажет. Оның негізгі көзі автотрофты (жасыл өсімдіктер) организмдер сіңіретін күн радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. Күн энергиясының зат айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі жұмсалып отырады. Ал зат айналымы тек бір деңгейден екінші деңгейге ауысып отыратыны белгілі. Мәселен, күн энергаясының 30% атмосферада сейілсе, 20% атмосфера қабатында сіңіріледі де, ал 50% құрлық және мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек қана күнк энергиясының 0, 1- 0, 2% ғана биосфера шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісіне түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz