Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ертегінің түрлері , ертегі
айтудың маңызы

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 4

І тарау Мектепке дейінгі балаларға оқылатын ертегілердің түрлері мен оқылу
ерекшеліктері
1.1 Ертегілердің түрлеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2 Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен
таныстырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12
ІІ Тарау. Мектепке дейінгі балаларға оқылатын ертегілердің басталу
ерекшеліктері
2.1. Балаларды ертегі оқытуға үйрету
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 15
2.2 Ертегі ішіндегі кейіпкерлер образын сомдау арқылы тәлім - тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Балаларға ертегікейіпкерлері арқылы мінез – құлықты, қоршаған
ортасын таныту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 26

Пайданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 28

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан–2030 Қазақстан халқына арналған
жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік
білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің
жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие
процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі
бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын
көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың,
мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін
көздейді.
Зерттеудің өзектілігі.
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі -
ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары
мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары
мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-
өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің
адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі -
рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек
ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге
шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі",
- деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап
беріледі деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған.
Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан – ауызға тарап, келешек
ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды – ертекшілер деп атаған. Ертегі
туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің
дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін,
онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты
жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас
деп көрсеткен.Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы
аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі -
ертегілер. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге
дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие
болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған. Ертегіден халқымыздың ертеңге
деген сенімімен, арман тілегін, қиялын даналығын ғасырлық өмір тәжірибесін
көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой қиял ұшқырлығын
күшейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтан
ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына
айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Сондай - ақ бір топ ертегі, аңыздарда
жауыздықпен елгезектік тапқырлықпен топастықты салыстырмалы түрде сөз етіп,
ертегідегі кейіпкерлердің іс - эрекеті арқылы ишарамен мегзей отырып,
жаманнан жиренуді өсиет етеді. Халықтың сыны да, міні де қуаттап қостауыда
айыптау үкіміде айқын көрінеді.
Шындығында ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастары сөз өнерінің
қырымен сырына жаттықтырп тәрбиелеу мектебі болып саналады, неше түрлі
ғажайып оқиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп
айтыпберу, әр эпизоттық арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру,
кейіпкерлеріне мінездеме беру оларды тыңдаушының көз алдына елестетерліктей
етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез — құлқымен іс - әрекетіне
қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу ертегі

аитушыдан мол өнерді, тіпті
аитқыштық шешендікті, әрі дикторлықты, әрі ораторлық шеберлікті талап
етеді. Демек , ертектің тартымды, қызықты тыңдаушыға әсерлі болуы оны
айтушыға байланысты.
Зерттеудің мақсаты. Мектепке дейінгі балалардың халық ертегілеріндегі
кейіпкерлерді оқу барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап ғылыми
негіздерін белгілеуді. Сондай - ақ мектепке дейінгі
балалардың ертегі кейіпкерлерін оқу іс - әрекетін
қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері.
- Мектепке дейінгі балалардың ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетін
қалыптастырудың ғылыми теориялық негізін анықтау.
- Балаларға ертегінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін
қатысымдық әрекет негізінде белгілеуі.
- Мектепке дейінгі балалардың ертегі кейіпкерлерімен танысу
әдістемесін жасау.
Зерттеудің әдістері: Мектепке дейінгі тәрбиені дамытуда қолданылатын
дәстүрлі психологиялық – педагогикалық әдістер.
Теориялық қолданылымы: Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен
таныстыру жолдарын қалыптастырудың тиімді үлгілерін табуды жэне
үйымдастыруды жалпы ертегі кейіпкерлерін қалыптастыруды жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы: Мектеп алды топ балаға ертегі кейіпкерлері
туралы түсініктерімен дағдыларын қалыптастыру мен зерттеу жұмсының нәтижелі
жалпы білім беретін бала - бақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда
баланың ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін қалыптастыруға кең мүмкіндік
жасайды. Зерттеу материалы балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне
кеңінен пайдалануға, сондай -ақ жоғары және орта педагогикалық оқу
орындарында тәрбиешілерді даярлауда тәрбиешілердің білімін жетлдіру және
қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

І тарау. Мектепке дейінгі балаларға оқылатын ертегілердің түрлері мен
оқылу ерекшеліктері
1. Ертегілердің түрлеріне сипаттама
Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып,
батырлық ертегілер көне болып есептелінеді.Адам баласы білім – жүзінде өнер
болған уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз
заттың барлығына құдай деп табынған. Сол табынған нәрселері көп
болғандықтан әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар
әңгімелері ескі грек халқында көп болады.
Заман өткен сайын,ақыл – білім өткен сайын олар табиғат
нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып ,бұрынғы
мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.
Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін
түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір
шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін
болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Белгілі үлгі өсиет
шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.
Қазақ ертегілерінің тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
Олар: 1) Мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер
2)хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер
3)реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.
Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:
Аңыздық ертегілер . Бұл ертегілер тым ерте замандарда,адам табиғат сырын
толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол
дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман,тау-тастықта жүрген кезеңнен
бастап туса да ғажап емес.Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау
дәрежесі өте анайы болған.
Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте
кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен
тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен
аңшылардың қам қарекетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің
қаһармандары-хайуанаттар еді,ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық
сенімдердің өздері , атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене
байланыстырып сенімге негізделген тотойзм іздері сақталып қалды.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық
шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине,
бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және
мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға
бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді
тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын
балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде
балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін
дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек
сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын
болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық
шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша
үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем
қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып
үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел
аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер
арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа
еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның
көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын
көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген
сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта
үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін
байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық
сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер -
ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес,
олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа
да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы
балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған
шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не
ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы
балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен,
өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі
ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну
қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін
өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың
ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер
алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып
отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін
суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер
суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке,
ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко,
В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог
В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын
тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз
дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX
ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов,
Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға
болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында
алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі
деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың
белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы
үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме
әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген
көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған.
Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға
ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін
қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау
деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ
іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы,
ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса
сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ.
Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол
ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын
қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды
мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы
ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті,
имандылықты егетінде осы –ертек
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше
ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері.
Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр
кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше
мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы
ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі
соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Балабақшада сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында
ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие
беруге болады.

1.2 Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен
таныстырудың маңыздылығы
Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып,
тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай
болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған.
Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда
батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып,
оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті
тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы
адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады.
Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар
жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда
қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы
жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен
новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың
аралығындағы жанр деген пікірге келді.
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда
туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда
болып дамыған көркем ертегілер.
Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық
фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың
үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші -
қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір
жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып
үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының
қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс
алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп
басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкіжүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда,
Балақ жүні ұзында
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты
Деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі
сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке
тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей.
Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа
алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен
келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде
басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп
мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік,
бауырмалдыққа баулитын ертегілер.
Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге
құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап
келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық
кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам
баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап
өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі
өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын
болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның
айнасы" - деп атаған.
Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне
тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне
қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп
қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау
салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой
қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне
тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп
халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен
берілетіндігінде.
Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі
ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады.
Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген
түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған.
Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз
құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата
мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз
тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.

ІІ Тарау. Мектепке дейінгі балаларға оқылатын ертегілердің басталу
ерекшеліктері
2.1. Балаларды ертегі оқытуға үйрету әдісі
Мектепке дейінгі балаларға оқылатын енгізілген ертегілер
негізінен балаларға арналған ертегілер болып,оларды оқытуда баланың жас
ерекшеліктеріне сай жеке қарастыруға тура келеді.
1. Ертегілерді дауыстап, көтеріңкі әуенмен оқуға дағдыландыру керек,бұл
балалар ертегінің қай түрге жататындығын оңай аңғара алмайды. Сондықтан
бала ертегінің қай түрге жататындығын айтып беруі керек және қысқаша
түсінік жасаса да болады.
2. Мәтінде кезігетін жаңа сөздердің мағынасын балалардың қабылдау өресіне
лайық түсіндіріп беру керек.
3. Ертегіні оқып болғаннан кейін балаларға қайта-қайта әңгімелесу арқылы
олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге мән беру керек.
4. Мәтіннің идеялық мазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге,ондағы басты сөз,
сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. Мысалы, Баланың
айласы деген ертегіні оқуда, біріншіден, оқытушы өзі үлгі көрсетіп оқып
беріп онан соң балаларға оқытқанда сол диалог бойынша оқыту, ондағы
ғалым , түйе, жеміс мен оқуға көңілағашы,ит,бала,жылан сияқты
кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша лайықты әуенмен оқуға көңіл бөлу және
олардың қандай адам , қандай жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою
керек.
Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар
не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны балаларды рольге бөлу арқылы
оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып
қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен
жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау
Мектеп дейінгі балаларды ертегілер жолымен тәрбиелеу
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстырудың маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Пәндер