Сот сарапшысының қорытындысы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
1. Қазақстан Республикасының сот сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2.Қазақстан Республикасының сот жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. Адвокаттар алқасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
5. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Мен Сагинбеков Бекзат ЮМ-18-1к7 тобының студенті 29.05.2019ж-03.06.2019ж аралығында оқу іс тәжңрибесінен өттім.
Оқу іс тәжірибесі барысында ОҚО бойынша сот сараптамасына, адвокаттар алқасына және ОҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына бардық. Онда Судья Ә. Қарабаевтан сот жүйесі туралы толық мәліметтер алдық, сұрақтар қойдық. Бізге видеороликпен көрсетіп, сот жүйесімен таныстырды.
1. Қазақстан Республикасының сот сараптамасы
Сот сараптамасы дегеніміз - іс материалдары бойынша нақты мәліметтер мен мән-жайларды анықтау үшін іс жүргізу заңымен көзделген тәртіппен негізделген сарапшы жүзеге асырылатын зерттеу. Ұсынылған анықтамаға сәйкес, егер ол сот ұйғарымы бойынша тағайындалса, сараптама соттық, яғни соттық-медициналық, соттық-автотехникалық, соттық-биологиялық және т.б. деп танылады. араптамалық қызмет лицензияланатын қызмет түріне жатады, ал нақты сала бойынша арнайы білімі бар сот сараптамасын жасау үшін сотпен іске тартылған тұлға сарапшы ретінде танылады Азаматтық істі дұрыс шешу үшін арнайы дайындық деңгейі қажет болғанда сараптама тағайындау басты шарт және негіз болып табылады. Жиі жағдайларда сот мүліктік сипаттағы істерді қарау барысында даулы мүлікті бағалау сараптамаларын тағайындайды. Мұндай сараптамаларды сот мұраға қалдырған мүлікті бөлу және некеде тұрған кезде сатып алынған мүлікті бөлу кезінде де тағайындайды. Сонымен қатар өрт, жол көлік оқиғалары, су бөгендерінің ластануы, жердің, топырақтың ластануы, өнімнің бүлінуі бойынша келтірілген мүліктік зиянды бағалау кезінде сарапшының қызметі аса қажет болады. Денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, әкелікті анықтау, асыраушының қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу (өлім себептерін анықтау үшін) туралы азаматтық істерді қарау кезінде сот соттық-медициналық сараптама жүргізу үшін маман-дәрігерді іске қатыстырады. Сотқа қатысушы тараптар, мысалы, жауапкер және талапкер де сарапшы сияқты арнайы білімге ие болулары мүмкін. Бірақ, азаматтық іске қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды. Іс бойынша тараптар істің шешілуіне мүдделі тұлғалар болып табылады, істің мәні бойынша қарама-қайшы ұстанымда болғандықтан олар сотқа әрдайым шынайы ақпарат бермеулері де мүмкін.
Іске қатысушы тұлғалар іске қатысты ревизия, тексеру актілерінің,
ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ
1-бет
мамандардың жазбаша консультацияларының болуына сілтеме жасап, сараптама тағайындауға қарсылық білдірулері мүмкін. Ондай түсініктемелерді судья қабылдамауға құқығы бар, себебі істегі бар құжаттар сарапшының қорытындысын ауыстыра алмайды, олардың іс материалдарында болуы сот сараптамасын тағайындауға кедергі келтірмейді.
Сот сараптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындай алады.
Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар адам тағайындалады, оның іске мүдделі емес адам болуы негізгі талаптар бірі болып табылады.
Сот сараптамасын жүргізу
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;
3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Сараптама тағайындау туралы ұйғарымында сот соттың атауын, сараптаманы тағайындау уақытын, орнын, қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауын, сараптама түрін, сараптама тағайындау негіздерін, сарапшының алдына қойылған мәселелерді, сот сараптамасы органының атауын немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегін, атын және әкесінің атын, сараптама жүргізуге жіберілген объектілерді және істің өзге де материалдарын көрсетеді.
Сараптама органына сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымын және оның басшысына қажетті материалдарды жолдайды. Сараптаманы сот ұйғарымында нақты аталған сараптама органының қызметкері жүзеге асырады. Егер ұйғарымда нақты сарапшы атап көрсетілмесе, оны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды, ол жөнінде сараптама тағайындаған сотқа хабарлама беріледі.
Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілсін деген сөйлем соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымның қарар (резолюциялық) бөлігіне енгізілуі тиіс.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: сот сараптамасы шешiлуi үшiн маңызы бар жағдаяттарды белгiлеу мақсатында, арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде жүргiзiлетiн қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстердiң материалдарын зерттеу; сот-сараптама қызметi - арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызмет; сот сарапшысы - сот, тергеушi, жауап алушы сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiгi бар
адам; сот сарапшысының қорытындысы - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделген, сот сараптамасын
2-бет
тағайындаған адам не азаматтық процестiң тарабы сот сарапшысының алдына қойған мәселелер бойынша негiзделген қорытындылар; сот сараптамасы органдары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сараптама қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелген мемлекеттiк мекемелер. Сот сараптамасы туралы заңдар Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңдары Конституцияға негiзделедi және Қазақстан Республикасының осы Заңынан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттардан тұрады.
Сот сараптамасының принциптерi Сот сараптамасы мынадай принциптерге: 1) заңдылыққа; 2) сот сарапшысының iс жүргiзу тәуелсiздiгiне; 3) сот сараптамасы органдарының тәуелсiздiгiне; 4) зерттеулердi жүргiзу құралдары мен әдiстерiнiң ғылыми негiздiлiгiне; 5) құзыреттiлiкке, жан-жақтылыққа, толықтыққа және объективтiлiкке; 6) кәсiби ... .этиканы ... .сақтауға ... .негiзделедi.
Сот сараптамасы органдары Сот сараптамасын: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi; 3) Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың бөлiмшелерiнен басқа функциясына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу жатқызылған мемлекеттiк органдардың мамандандырылған бөлiмшелерi енетiн сот сараптамасы мемлекеттiк мекемелерiнiң жүйесi жүзеге асырады.
от сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметiнiң мазмұны Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны мыналарды: 1) сот сараптамасы органдарының қызметiн ұйымдастыруды; 2) қылмыстық, азаматтық не әкiмшiлiк iстер бойынша сот сараптамасын жүргiзудi; 3) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулердi; 4) сот сараптамасын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi; 5) сот сарапшыларын iрiктеудi, кәсiби даярлау мен Сот сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi олардың біліктілігін арттыруды қамтиды. 1. Сот сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы уәкiлеттiк берiлген субъект - сот сарапшысы жүргiзедi. 2. Сараптамалық зерттеудiң нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы ресiмделедi.Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады. Заттық объект - сараптаманың белгілі бір класы, тегі, түр аясында зерттелетін қасиетерінің ортақтылығымен бірлескен ақпараттың материалдық жеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады. Сарапшылық объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де және ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылы 12қаңтардағы №121, ҚР Бас прокуратурасының 1998 жылғы 1жедтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598,
3-бет
ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2желтоқсандағы №429, ҚР Мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бекітілген бұйрығымен бекітілген Соттардың, прокуратура, алды ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сақтаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы Нұсқаулықта көзделген өаттай дәлелдемелерді алудың, іске қоса тіркеудің, сақтау ме жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Кешендi сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер қажет болғанда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Кешендi сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы өздерінің арнаулы ғылыми білімі шегінде зерттеу жүргізеді.
Кешендi сот сараптамасының қорытындысында әрбір сот сарапшысының қандай зерттеулерді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сот сарапшысы қорытындының өзі жүргізген зерттеу көрсетілген бөлігіне қол қояды. Әрбір сот сарапшысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықталуы үшін сот сараптамасы тағайындалған мән-жайлар туралы жалпы қорытындыны тұжырымдайды. Жалпы қорытындыны алынған нәтижелерді бағалауға құзыретті сот сарапшылары ғана тұжырымдайды және оларға қол қояды. Егер сот сарапшыларының анықтаған фактілер комиссияның немесе оның бір бөлігінің түпкілікті қорытындысына негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді. Қосымша сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның осындай екендігі, негізгі сараптама ту - ралы мәліметтер хабарланады (нөмірі, күні, орындаушысы, сондай-ақ түсініктемені және толықтыруды қажет ететін негізгі сараптаманың қорытындысы). Қорытындының зерттеу бөлімінде, егер сарапшы негізгі сараптаманы жүргізу кезінде сол әдістер мен кұралдарды пайдаланып және сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, ол зерттеу барысы мен нәтижелерін баяндамай, негізгі сараптама актісінің тиісті тарауларына сілтеме жасауына болады. Қайталама сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның қайталануы туралы белгі, сондай-ақ бастапқы сараптама туралы мәліметтер болуы керек (нөмірі, күні, орындаушысы, сот сараптама мекемесініңатауы, кайталама са - раптаманы тағайындаудынтүжырымдары мен себептері). Қай - талама сараптама актісінің зерттеу бөлімінде сарапшы бастапқы сараптама қорытындысы мен зерттеу
4-бет
нәтижелерінің айырмашылықтарын, егер мұндай бар болса, болу себептерін көрсетеді. Егер сарапшы зерттеуге кіріспей тұрып оның алдына қойылғган мәселелер өзінің құзыреті шегінен тыс екендігіне немесе қорытынды беру үшін ұсынылған материалдар жеткіліксіз екеніне және оларды ұсыну туралы өтініш қанағаттандырылмаған не ғылым мен техниканың қазіргі жағдайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтіндігіне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарла - ма жазып, оны сараптама тағайындаған органға жібереді. Мұнда жасалатын құжат қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама деп аталады. Аталңан құжат өзінің мәні бойынша сарапшылық зерттеу жүргізудің мүмкінсіздігі туралы хабарлама болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелермен қатар сарапшының алды - на оның шеше алатын сұрақтары қойылады, онда қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы арнаулы хабарлама жасалмайды да, тиісті ақпарат сарапшының жалпы қорытындысында беріледі.
Сот сарапшысының қорытындысы 1. Қажеттi зерттеулер аяқталған соң алынған нәтижелердi ескере отырып, сот сарапшысы сарапшылары өз атынан дәлелдемелi жазбаша қорытынды жазады, оны өзiнiң қолымен, жеке мөрiмен куәландырады және сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдайды. Сот сараптамасын сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сот сарапшысы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының сарапшыларының қолы көрсетiлген органның мөрiмен расталады. 2. Сот сарапшысы қорытындысын ресiмдеу тәртiбi мен оның құрылымы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Сот сараптамасының түрлерi 1. Сот сараптамасының түрлерiне бастапқы, комиссиялық, кешендi, қосымша және қайталама сараптамалар жатады. 2. Комиссиялық сараптама - бiр мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы. 3. Кешендi сараптама - егер iс үшiн маңызы бар жағдаяттарды анықтау үшiн бiлiмнiң түрлi салаларының негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда, әртүрлi мамандықтағы сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзетiн сот сараптамасы. 4. Қосымша сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде анық болмаған не сот сарапшысы өзiнiң алдына қойылған мәселелердi толық шешпеген не алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайларда жүргiзiлетiн сот сараптамасы. 5. Қайталама сараптама - алдыңғы сараптаманың нәтижелерi бойынша сарапшының қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән тудыратын, не сараптама жүргiзудiң iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылғанда жүргiзiлген сот сараптамасы.
Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасы 1. Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасы тиiстi сарапшылық зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар болған кезде, сондай-ақ сарапшылық зерттеу жүргiзiлетiн адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылады. 2. Көзi тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу Қазақстан
5-бет
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар 1. Мыналар: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне; 2) лицензияның негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға; 3) осы Заңның талаптарына сәйкес сот сараптамасын жүргiзу бiр жолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн. 1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу: сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған; сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін. Сот сарапшысының жоғары бiлiмi және сот сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми бiлiгi болуы тиiс. Адамдардың белгiлi бiр түрдегi сот сараптамасын жүргiзу құқығына арналған бiлiктiлiк куәлiгi болуы тиiс. Адамдардың сот-сараптама қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы болуға тиiс. Мына адамдарға: 1) заңмен белгiленген тәртiпте iс-әрекет қабiлетi шектеулi және iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған; 2) бұрын сотталған; 3) сот-сараптама қызметiн жүзеге асыруға байланысты лауазымнан келеңсiз себептер бойынша босатылған адамдарға сот сараптамасын тапсыруға болмайды. Адамға сот сараптамасын жүргiзудi тапсыру мүмкiндiгiн болдырмайтын өзге де жағдаяттар Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу , азаматтық iс жүргiзу заңдарында не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарында көзделген.
Сот сарапшысының жауапкершiлiгi Сот сарапшысы өз мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
Сот-сараптама қызметiн лицензиялау 1. Сот-сараптама қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 2. Нақты тұлғалардың ғана сот-сараптамақызметі лицензиялауға тиіс.
Сот-сараптама қызметiн қаржыландыру Сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген, соттың дәлелдi ұйғарымымен расталған негiздемелер болған жағдайлардан басқа кезде, сот сараптамасы органдарында азаматтық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзуге ақы төлеудi тараптар жүзеге асырады және алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi. Мамандандырылған зерттеулер жүргiзу, сондай-ақ бiлiм
6-бет
беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламаларға кiрмейтiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу үшiн ақы төлеу алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзiледi.

2. Сот жүйесі
Сот жүйесі - түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін
иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады.
Сот жүйесі. ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылдады. Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан тұруында оң рөл атқарды. Қоғамдық реалиялар сот жүйесінің Конституцияда негізі қаланған идеялардың негізінде және оларға сәйкес одан әрі жетілдіру қажеттігін алға тартты. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заң қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принциптерін анағұрлым толық жәнен дәйекті іске асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталан. ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары - сот алқалары, деке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.
ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды..Сот жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:
Конституцияда, Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық
7-бет
соттар мен судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген.
Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот өндірісі нысандарында жүзеге асырылады.
Барлық соттар ... .Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолданады.
Конституция және Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті.
Заңды күшіне енген сот кесімдер республиканың бүкіл аумағында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер және басқалары үшін орындауға міндетті.
Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бір жағынан сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады, ал екінші жағынан - сот билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады. Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - әскери гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқа соттар теңестіріледі. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (әрі қарай - аудандық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Президент түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады. Ұсыну Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісіледі. Президент бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктерде бірнеше аудандық сот түзе алады. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органның ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялар санын аталмыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы сот төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады және оған соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады, сот статистикасын жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот судьяларының ... .сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, азаматтарды қабылдау жүргізу, судья лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету секілді және басқа міндеттері бар.
Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық соттарға республика астанасының қалалық соты, қалалық, республикалық мәндегі қаланың соттары, мамандандырылған соттар Республика әскерлерінің әскери соты және басқалары теңестіріледі. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды әрі қарай - облыстық соттар
8-бет
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Республика Президенті түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады. Осындай ұсыну Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісіледі. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын да сондай-ақ Президент уәкілетті органның ұсынуы бойынша бекітеді. Әрбір облыстық сот үшін судьлар санын аталмыш сот төрағасының ұсынысының негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Облыстық сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық соттың органдары: қадағалау алқасы; азаматтық істер алқасы;
қылмыстық істер алқасы; соттың пленарлық отырысы болып табылады.
Заңда облыстық сот екінші инстанция соты болып табылады деп атап айтылмайды, ол өзіне соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады деп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасыныі Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ҚР ҚІЖК облыстық соттардың соттық бағыныштылығы көзделеді. ҚР ҚІЖК 397-бабында аудандық және оларға теңестірілген соттардың үкімдеріне апелляция немесе кассация тәртібінде облыстық және оған теңестірілген соттарға шағым немесе қарсылық беріле алады деп жазылған. Демек, облыстық сот апелляциялық, сондай-ақ кассациялық инстанция болып табылады. Заң көздеген жағдайларда облыстық сот бірінші инстанция соты ретінде істерді қарастыра алады. Бұл облыстық соттың ерекшеліктерінің бірі. Оның келесі бір ерекшелігі сот практикасын зерделейтін және оны жалпыландыру нәтижелері бойынша облыстың соттары әділ сот атқарған кезде заңдылықты сақтау мәселелерін қарастырады. Облыстық соттың өкілеттіктерінің үшінші ерекшелігі облыс соттарының әкімгерлерін құруға байланысты. Облыстық сот облыс соттары әкімгерлерлінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Жоғарыда аталғандай, облыстық соттың жанында органдары - облыстық соттың азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасы бар, оларға алқа төрағалары басшылық етеді. Облыстық соттың қадағалау алқасына сот төрағасы басшылық етеді. ҚР Конституциясына сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсыныстамасы бойынша республика Президенті сайлайды. Әрбір алқадағы судьялардың саны сот төрағасының ұсынуы бойынша пленарлық отырыста белгіленеді. Алқалардың мүшелерін қалыптастыру рәсімдерінде өзгешеліктер бар. Қадағалау алқасы жыл сайын пленарлық отырыста судьялардың жалпы санының дауыстарының көпшілігімен құпия дауыс беру арқылы сайланатын аталмыш облыстық соттың судьяларынан тұрады. Ал азаматтық істер алқасы мен қылмыстық істер алқасының дербес құрамын облыстық соттың төрағасы соттың пленарлық отырысында талқылаудан кейін белгілейді. Облыстық соттың төрағасы екі алқаның мамандандырылған құрамдарын құра алады.
Облыстық соттың төрағасы мен алқалардың төрағаларына ерекше өкілеттіктер берілген. Облыстық соттың төрағасы әділ сотты жүзеге
9-бет
асырады және облыстық соттың жұмысын ұйымдастырады. Судья ретінде төраға ... .алқалары ... .сот істерін қарастыруға...төрағалық етуге құ-қылы. Облыстық соттың төрағасы ретінде төраға сот судьяларының сот істерін қарасытруын ұйымдастырады, қадағалау алқасына басшылық етеді, облыстық соттың пленарлық отырыстарын шақырады, оларға төрағалық етеді, сот статистикасын жүргізуді, сот практикасын зерделеуді қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, алқалардың төрағалары мен облыстық соттың судьяларына, ... .аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік өндірістер қозғайды, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алқа төрағалары да сондай-ақ судьяның және алқаның жұмысын ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады. Судьялар ретінде олар алқалардың отырысында төрағалық етеді. Басшылар ретінде олар алқа судьяларының сот істерін қарастыруын қамтамасыз етеді, сот төрағасына мамандандырылған құрамды алқалардың құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді, заң көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық соттыңжанында негізінен ұйымдастырушылық...сипаттағы ерекше өкілеттіктер берілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz