Отбасылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері


Отбасылық құқықтық қатынастар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Отбасылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері
- Отбасылық құқықығындағы заңдық фактілер
Қорытынды
Отбасылық - құқықтық қатынастар - бұл отбасы құқығының нормаларымен реттелетін некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе ата-анасыз қалған балалардың басқа да нысандарынан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Отбасылық - құқықтық қатынастардың төмендегідей арнайы белгілері бар:
1. отбасылық-құқықтық қатынастардың субьективті құрамы заңмен анықталған;
2. олар созылмалы сипатта болады;
3. отбасылық-құқықтық қатынастар ақысыз негізде болады;
4. олар арнайы заңдық деректердің негізенде пайда болады;
5. отбасылық-құқықтық қатынастар әкімшілік қатынастармен жиі табысып отырады.
Отбасылық-құқықтық қатынастардың субьектілері - бұл субьективті отбасылық-құқықтар мен міндеттерге ие отбасылық-құқықтық қатынастардың қатысушылары. Отбасылық-құқықтық қатынастардың әрбір субьектісі отбасылық құқыққабілеттілікке ие, сонымен қатар әркетке қабілеттіліктің болуы отбасылық құқықтық қатынасқа түсудің қажетті шарты болып әрқашан табыла бермейді. Отбасылық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің ерекшеліктері туралы келесі сұрақта қарастырамыз.
Отбасылық-құқықтық қатынастардың обьектілері болып әрекет және мүлік табылады. Отбасылық қатынастардың ең көп таралған оьбектісі - адамдардың сапалы іс-әрікетінің нәтижесі ретіндегі әрекет.
Отбасылық-құқықтық қатынастардың мазмұны - бұл олардың қатысушыларының субьективтік құқықтары мен міндеттері.
Субьективті құқық - бұл өкілетті адамның мүмкін болатын іс-әрекетінің заңды қамтамасыз етілген шарасы, сонымен қатар басқа тұлғалардан тиісті іс-әрекетті талап ету мүмкіндігі.
Субьективті міндет - белгілі бір іс-әрекетті жасаудан бас тартуды қажет ететін міндетті адамның тиісті іс-әрекетінің заңды шарасы.
Яғни, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке өзара келісімдері бойынша ие болу, пайдалану және билік ету үшін субьективті құқықтары болады. Олардың сонымен қатар барлығынан және әрбірінен көрсетілген құқықтарды бұзудан бас тартуын талап ете алады.
Отбасылық-құқықтық қатынастарды классификациялау олардың мазмұнының күрделі болуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады. Мысалы, некелік құқықтық қатынастардың құрамына ерлі-зайыптылардың жеке құқақтары мен міндеттері, олардың ортақ бірлескен мүлік және өзара матеиалдың қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен міндеттері кіреді. Осыған байланысты некелік құқықтық қатынастар жеке құқықтық қатынас болып табыла ма, әлде бірнеше құқықтық қатынастардың жиынтығы болып табыла ма деген сұрақ туындайды.
2 . Е. М. Ворожейкиннің ұсынысы бойынша отбасылық құқықтық қатынастардың көпшілігін күрделі, құрама және өздерінің ішінде бір сипаттағы әр түрлі құқықтық құбылыстардан тұрады деп қарастыру керек.
Отбасылық құқықтық қатынастарды әр түрле негіздер бойынша бөлуге болады:
- мазмұны бойынша
- субьективті құрамы бойынша
- субьективті құқықтарын қорғау сипаты бойынша
Мазмұны бойынша отбасылық құқықтық қатынастар жеке мүліктік емес және мүліктік болып бөлінеді. Мұндай жіктеу мүліктік құқықтар мен міндеттердің белгілі бір экономикалық мазмұнына байланысты. Жеке құқықтар мен міндеттерде мұндай мазмұн жоқ, себебі олар материалдық емес, жеке тұлғадан бөліп қарастыруға келмейтін игіліктерден тұрады.
Субьектілі құрамы бойынша отбасылық құқықтық қатынастарды келесідей бөлуге болады:
- ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары;
- бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы;
- ата-аналар мен балалар арасындағы, асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы (ата-аналақ құқықтық қатынастар) ;
- отбасының басқа да мүшелерінің арасындағы;
- қамқоршылар (қорғаншылар) мен қамқорлығындағы кәмелетке толмағандар арасындағы;
- өгей ата-аналар мен өгей балалар арасындағы;
- өгей ата-аналар және қорғаншы мен қамқоршы органдар арасындағы.
3. Отбасы заңдарында отбасылық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік деген анықтамалар жоқ. Осыған байланысты азаматтық заңдарға назар аудару қажеттілігі туындайды, онда ҚР Азаматтық Кодексінің 13-бабының 1-тармағы бойынша азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз. - белгілі бір құқықтарға ие болып, міндеттер жүктелінуі, ал әрекет қабілеттілік - азаматтық құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асыруы, өзі үшін азаматтық міндеттерді қалыптастырып, оларды орындауды айтамыз (ҚР АК 17-бабының 1-тармағы) . Осы айтылғандардың негізінде ұқсастығы бойынша отбасылық құқық қабілеттілікке және әрекет қабілеттілікке түсініктеме беруге болады.
Отбасылық құқық қабілеттілік бұл азаматтың белгілі бір жеке немесе мүліктік құқықтарға ие болып, міндеттер алуы. Отбасылық құқық қабілеттілікке отбасылық құқықтық қатынастардың әрбір субьектісі ие. Отбасылық құқық қабілеттілік, азаматтық сияқты дүниеге келгеннен бастап пайда болады. Белгілі бір жасқа жетуіне байланысты оның көлемі ұлғаяды. Мысалы, неке тұру, қамқоршы, қорғаншы, бала асырап алушы болуға тек қана кәмелетке толғаннан кейін ғана жол беріледі.
Сонымен қатар отбасылық құқық қабілеттілікке абстрактілік қасиет тән. Яғни ол заңмен бекітіледі және Отбасылық қатынастардың қатысушыларының еркіне, саласына, әрекетіне байланысты емес. Мысалы, 18 жасқа толған әрбір азамат некелік құқық қабілеттілікке ие болады, бірақ бұл азаматыққ неке құрғысы келетін келмейтініне тәуелсіз болмайды.
Отбасылық әрекет қабілеттілік - бұл азаматтың өзінің әрекеттерімен олтбасылық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыруы, сонымен бірге өзі үшін отбасылық міндеттерді қалыптастырып, оларды орындау.
Әдебиеттерде азаматтық құқықтан айырмашылығы, отбасылық қатынастарды реттеуде әрекет қабілеттілік дара маңызға ие болмайды деген пікір айтылған. Яғни, отбасылық қатынастар субьектісінің жасы ғана ескеріледі.
Ал кейбір ғалымдардың пікірі бойынша отбасылық құқықтар мен міндеттердің басым көпшілігіне ие болу және жүзеге асыру үшін отбасылық қатынастардың қатысушылары әрекет қабілеттілікке ие болуы қажет. Сонымен қатар әрекет қабілеттіліктің болуы барлық отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болуының, өзгеруінің, тоқтатылуының алғы шарты болып табыла бермейді.
Мысалы, ата-аналық құқықтық қатынастарда балалар отбасылық әрекет қабілетсіз болып табылады, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»” Кодекстің Заңының 9-тарауы бойынша жеке құқыққа ие болушылар ретінде қарастырылады.
Отбасылық құқықтық нормалар өз бетімен отбасылық құқықтық қатынастарды пайда болдыра, өзгерте немесе тоқтата алмайды, бірақ олар жоғарыда аталған салдарларды тудыратын белгілі бір өмірлік жағдайларды көрсетеді. Мұндай жағдайлар құқықтық ғылымда заңдық фактілер деп аталады.
Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.
Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін некені қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Бірақ барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге иек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты - нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Төмендегідей жағдайларда: некеге отыратын адамдардың бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса; бір атадан, бір анадан туған туыстардың, бір әке-шешеден туған, әкесі не шешесі бөлек бауырлардың, сол сияқты бала қылып алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына; екі адамның біреуі болса да ақыл-есінің ауысуы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдарға некеге тұруға жол берілмейді.
Неке ерлі-зайыптылардың өлгені немесе оны өлді деп немесе хабар-ошарсыз кеткенін жариялау салдарынан, сол сияқты, жұбайлардың көзі тірісінде олардың екеуінің немесе біреуінің өтініші болса тоқтатылады.
Бірақ әйелдің жүкті кезінде және бала туғаннан кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқы жоқ.
Некені бұзу туралы істерді сот арқылы шешу. Сот жұбайларды татуластыруға шаралар қарастырады. Сот істі қарауды кейінге қалдырып, татуласу үшін жұбайларға үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Егер жұбайлардың бұдан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауға мүмкін емес екендігін сот анықтаса неке бұзылады. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.
Төмендегідей істер жайында сот шешім қабылдауы қажет:
- ажырасқалы отырған ата-аналардың қайсысында қай баланы қалдыруды анықтайды. Сондай-ақ баланы асырау үшін ата-анасының қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді;
- жұбайлардың немесе олардың біреуінің өтініші бойынша жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікті бөледі;
- жұбайынан күнелтуге қаржы алуға құқы бар, екіншісінің өтініші бойынша өндіріп алынуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді;
- ажырату туралы куәлік берілгенде жұбайының немесе екеуі көлеуге тиісті алым сомасын білгілейді.
Соттан басқа, өзара келісім білдірген және т. б. жағдайларда
некені бұзу азаматтың хал актілерін жазатын органдарда төмендегі жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;
- заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен неке;
- әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдармен неке;
- қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдармен неке.
Егер бұл жағдайда келіспеушілік туындаса, онда неке бұзу сот арқылы жүргізіледі.
Отбасы
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың заңды белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
- баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-ананың неке туралы жазбасымен куәландырылады;
- өзара некеде тұрмаған әке-шешеден туған баланың тегі әкесі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде, баланың әкесі, сот арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай-қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа баланың ата-анасы болып жазылады. Некеде тұрған анадан бала туған кезде, егер ата-анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әкесінің аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп таныған жағдайда, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.
Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгілейді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.
Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері:
балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; баларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.
Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.
Қорғаншылық пен қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мысалы, жетім балалар, балаларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
1. Қорғаншылық - жасы 14-ке толмаған балаларға, сондай-ақ ақыл-есі ауысуы немесе ақыл-есінің төмендігі салдарынан сот әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді.
2. Қамқоршылық - 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты құқықтарын өздігінен жүзеге асыра алмайтын жасы толмағандарға, сондай-ақ спирт ішімдігіне немесе есірткі заттарға салынып кетуі салдарынан әрекет қабілеттігі шектелген деп сот таныған азаматтарға белгіленеді.
Негізгі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық, поселкелік, аудандық, қала ішіндегі аудандық, қалалық әкімшіліктер жатады.
3. Отбасы құығындағы заңдық фактілер - бұл әрекет етуші отбасы заңдарына сәйкес отбасылық құқықтық қатынастар пайда болуға, өзгертуге немесе тоқтатуға негіз болып табылатын нақты өмірлік мән-жайлар. Заңдық фактілердің жалпы белгілері болып мыналар табылады:
а) заңдық фактілер - бұл нақты өмірлік мән-жайлар;
б) заңдық фактілер адам санасына тәуелсіз;
в) заңдық фактілер белгілі бір салдар тудырады: құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы.
Отбасы құқығындағы заңдық фактілердің арнайы белгілері мыналар:
А) олар отбасы заңдарының нормаларымен көзделеді
Отбасы құқығында кейбір жағдацларда белгілі бір құқықтық салдарлар бір ғана заңдық фактімен емес, олардың жиынтығымен баыланысты болады;
Б) отбасы құқығында заңдық фактілер ретінде әрекет етеді (туыстық, неке, бала асырап лау, қамқоршылық, қорғаншылық) .
В) жағдай - созылмалы сипатта болады және бірнеше рет отбасылық құқықтықтар мен міндеттердің пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері ретінде болып келуі мүмкін.
Г) отбасы құқығында заңдық фактілердің бір түрі ретінде мерзімдер қарастырылған.
Отбасы құқығында заңдық фактілерді жіктеу әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі:
- Ерікті белгісі бойынша;
- әркет ету мерзімі бойынша;
- құқықтық салдары бойынша.
Ерікті белгісі бойынша заңдық фактілер әрекет және оқиға болып бөлінеді.
Әрекет - адамдардың саналы өмірінің нәтижесі болып табылатын нақты өмірлік фактілер.
Олар құқыққа сай және құқыққа сай емес болып екіге бөлінеді. Құыққа сай әрекеттер де екіге бөлінеді:
- заңдық актілер - белгілі бір отбасы - құқықтық салдарға бағытталған әрекеттерге (неке құру туралы арыз) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz