Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім 4
2.1 Қазақстан Республикасы Үкіметі 4
2.2 Қазақстан Республикасы Сот жүйесі 8
2.3 ҚР Қауіпсіздік Кеңесі 14
Қорытынды 17
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер 18
Кіріспе
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін
және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң
шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы
принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті
деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару
өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң
қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ
атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана
қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және
тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары
тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің
қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен
жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы
сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі
мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма
шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда
Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі
және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып
табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды.
Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық
атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа
заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге
еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы
құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер,
ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы
және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет
мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан Республикасы Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары
атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін
жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл
қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты,
ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан
Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен
құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы
Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет
туралы заңы бойынша реттеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше
тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын
орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден
тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың
қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi,
ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18
желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж.
6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық
Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның,
ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды
орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы
болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi
тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы
ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы
бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды
және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады,
таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де
орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi —
республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де
лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке
кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы
конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге
ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн
министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату
туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен
босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған
басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
• ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын,
оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап
жасау;
• мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
• әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк
жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
• Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған
енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық
бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын
қамтамасыз ету;
• ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
• мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен
пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
• құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
• баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
• мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет
көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
• мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын
әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз
ету;
• еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын
айқындау;
• мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
• аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн
шешудi қамтамасыз етедi;
• ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi,
бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi
мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
• табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау
шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
• құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен
құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн,
аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын
күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
• келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы
шешiмдер қабылдау;
• ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-
қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
• сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
• сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
• халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге
асыру;
• Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де
қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы
конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң
алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық
етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi
бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi
шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік
органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң
алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң
қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды
орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке
мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң
нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi
шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз
етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика
Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын
қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер
Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама
тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi.
Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып,
соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын
дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік
комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан
Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi
және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi
жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц.
заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен
бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның
кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн
емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi
туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-
тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн
болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi.
Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он
күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi
мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң
орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл
Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз
бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және
оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған
саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып
отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Құрылымы
Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары
болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты
жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-
Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың
жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын
мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР
заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз
етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз
қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.
Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды
қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық
құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң
арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған
мемлекеттік органдарға бөлуге болады
Үкімет реформасы
6 тамыз 2014 жылы Үкіметтің экономика және әлеуметтік саланың өзекті
мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті.[1] Отырыс қорытындысы
бойынша ҚР Үкіметінің жаңа құрылымы таныстырылды. Нәтижесінде бірнеше
министірліктер таратылып, жаңа министрліктер пайда болды. Үкіметтің жаңа
құрылымы 14[2] министрліктен тұратын болды.[
2.2 Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және
әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ
жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі
өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот
жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан
Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады, - деп Ата
заңымызда бекітілген. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Судьялардың IV
съезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа сот жүйесінің
тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл
мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары биліктің басқа
тармақтары тәріздес сот жүйесінде де біршама реформалар жүргізіліп,
демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде,
сонымен қатар жаңа заман талабына сәйкес жетілдіріліп, даму үстінде.
Әрине, ең алды, сот жүйесіне қатысты, оның ұйымдастырылып, қызмет
етуінде, қолданылатын: сот билігі, сот төрелігі, юстиция, сот, сот жүйесі,
мамандандырылған соттар сияқты терминдерге назар аударып, соларға
тоқталайық. Ол үшін ең алды анықтамалық сөздіктерге тоқталсақ.
Юстиция (лат. justitia - әділет, әділеттілік) – сот мекемелерінің,
олардың әділсотты жүзеге асыру жөніндегі іс - әрекетінің бүкіл жиынтығын
білдіреді. Юрисдикция (құқықтық құзыр, іс қарау уәкілеті) – тиісті
мемлекеттік органдардың құқықтық дау-дамайлардың шешімін тауып, құқық
бұзушылық субъектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп
бұзушыларға заңи шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы.
[1,303] Юстиция- (лат. justitia - әділеттілік, заңдылық) –сот мекемелерінің
жүйесі. Юрисдикция - (лат. jurisdiction – сот өнідірісін жүргізу) – соттың
құқықтық мәселе бойынша шешім қабылдау құқықтылығы . [2,938]
Міне, жалпы юстиция терминін көрдік. Осыған мысал ретінде, қарастырар
болсақ, әскери әділет (военная юстиция) – әскери - сот мекемелерінің
жиынтығы. Әкімшілік юстиция – әкімшілік - сот мекемелерінің жиынтығы, сол
сияқты басқа да юстицияны қарастыруға болады. Енді осы сот билігін
қарастырайық.
Баршамызға аян жәйт, осы сот билігі терминінің өзін ғылыми тұрғыдан
зерттеудің өзі, ҚазКСР тұрмақ, бүкіл КСРО - ң өзінде тек ХХ ғ. 80 - жылдары
ғана мүмкін болды, міне осы уақыттан бері ғана зерделеніп келе жатқан бұл
билік түріне әрине қайта үңіліп, зерттеп өту қажеттілігі туындайды.
Осыған орай заңгер - алымдардың еңбегіне жүгінейік. Әрине, тарихқа
үңілетін болсақ, билікті тармақтарға бөлу теориясының негізін қалаушы бұл
Ш.Л. Монтескье болып табылады. Ол өз заманында осы сот билігінің мемлекет
билігі ортасынан, ерекше мәртебесін бөліп көрсете білген.
Осы билікті бөлу қағидасына қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың
мысалы, Ө.Қ. Қопабаев, К.К. Айтхожин, Қ.А. Жиренчин, Қ.Ә. Мами, Ғ.С.
Сапарғалиев және т.б. еңбектері жетерлік, бұл мәселе жанжақты зерттелді
деуге болады. Ал, бұл зерттеуде сот билігінің билік тармақтарымен қарым -
қатынасы емес, тек өзінің жекелей алатын орны соған анықтама беру болып
табылады, өйткені билік тармақтарын зерттеудің өзі бөлек мәселе. Қазақстан
мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында ең
алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан - жақты жұмыс
істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының
рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде
Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1 - бабында жарияланған
конституциялық негіздеменің лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті
фактор да болуға тиіс - деп көрсетеді өз еңбегінде қазақстандық ғұлама
заңгер ғалым Ө.Қ. Қопабаев. [3,116] Осынау мәселе бойынша Қазақстанның ұлы
ғалым заңгері, құқықтық ғылымның, әсіресе сот билігі, сот жүйесінің дамуына
көп үлесін қосқан з.ғ.д., проф. К.Х. Халықовтың пікірін келтірген жөн. Ол
қазіргі Қазақстандық заң ғылымы тұрғысынан сот төрелігіне де, сот билігіне
де төмендегідей түсінік береді.Сот төрелігі - бұл қоғамдық қатынастарды
қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің құқықты нақты қоғамдық қақтығыстарға
қажет болған жағдайларда мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып қолдану
жолымен жүзеге асырылатын ерекше түрі. Сонымен қатар, сот билігі -
мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін,
барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
жөніндегі, сондай - ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік,
патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны, заңдарды, өзге де
нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз
ету жөніндегі ерекше қызметі болып табылады. [4,59] Міне, бұл ғалымның
берген анықтамалары осындай.
Қ. Мәми өз еңбегінде, осы мәселеге келесідей анықтама береді: сот
билігі - біріңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы, ол Конституциямен
бекітілген және мемлекет атынан тек соттармен жүзеге асырылады. Соттар
арнаулы мемлекеттік орган ретінде заңмен көзделген негізде құқықтық
дауларды, істерді және өзге де жүктелген міндеттерді, адам құқығын,
бостандығын, мемлекеттің, мекеменің мүддесін қорғау мақсатында жүзеге
асыруға өкілетті. Ол мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде іске асырылатын,
бүкіл аумаққа таралатын, орындалуға міндетті шешімдер қабылдауға құқылы -
міне осынау толық түрдегі анықтаманы көруге болады.[5,36]
Сонымен, сот билігі түсінігін қарастыру мақсатында Ш.М. Шарипов
Судьяның тәуелсіздігі атты еңбегінде көптеген ғұлама заңгер ойшыл -
ғалымдардың: Ш.Л. Монтескье, К.Ф. Гуценко, В.М. Ковалев, Н.А. Бекбергенов,
К.Х. Халиков тағы да басқаларының берген анықтамалары мен көзқарастарымен
келісе отырып бір нақты тұжырым жасайды. Демек, сот билігі деп мемлекет
атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары
мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы
мен заңдарының, өзге де нормативтік – құқықтық актілерінің, халықаралық
шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол
орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз
алдында дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну
дұрыс болар еді деп көрсетеді. [6,13]
Б.Д. Мақұлбековтың ойынша – Сот - іс жүргізу тәртібіне сәйкес өзінің
құзырына жатқызылған қылмыстар мен іс - әркеттер туралы, мемлекеттік
биліктің өзге де органдары мен институттарының және лауазымды адамдардың
азаматтарға қатысты әрекеттерінің заңдылығы туралы істерді қарайтын,
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ
мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және шаруашылық субъектілерінің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қажет болған жағдайда,
заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып, құқық
қолданатын, Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің орындалуын қамтамасыз ететін ерекше, тәуелсіз және тек заңға
бағынатын орган - деген көзқарас бар. [7,122]
Сот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz