Йодтің молекулалық йодқа ыдырауы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері 4
2. Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері 5
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мал мен құс азықтандыру жөніндегі ғылымның
казіргі кезендегі даму деңгейі олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу,
жасушалық деңгейде жүретін биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге
негізделген және мал азығын тиімді пайдалануға, мал мен құстың денсаулығын
жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуге, мал мен құс
басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты өсу қабілетін сақтауға
бағытталған.
Қазіргі кезде мал және кұс азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспей-
тін қажетті элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың
мал ағзасымен өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде олар-
ды қуат, протеин мен амин қышқылдары, көмірсутектер (талшық, қант, азот-сыз
шырынды заттар), майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-,
микроэлементтер, витаминдер, гормондар, ферменттер, т.б. сияқты 18-30
көрсеткіш бойынша мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі
болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Білімді маман қолдағы мал мен
құсты өсіру мақсатына, яғни олардан өндірілетін өнім бағытына сәйкестендіре
азықтандыру арқылы ас қорыту жүйесі мен зат алмасу ерекшелігін
қалыптастырып, организмдегі морфофунк-ционалдық өзгерістерді қажетті өнім
түзуге бағыттай алады. Мұны іске асыру үшін мал түлігі мен құс түрінің ас
қорытуының морфофункционалдық құрылымы мен бүкіл қоректену биохимиясын
кажетті өнімділікке бағыттай білу керек.
Қоректену барысындағы биохимиялық өзгерістердің материя мен энергия
алмасуының жалпы физикалық-химиялық заңдылықтарына сәйкес өтетіндігі мал
азықтандыру білімі туралы деректер жинала бастағаннан-ақ айғақталған.
Практикалық маңыздылығы. Мал организміне қажетті барлық қоректік
заттардың бір азықта бола бермейтіні белгілі. Сондықтан да оларға құрамында
белокты- витаминді- минералды қоспалары бар құрама жеммен азықтандырған
тиімді екенін Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының ғалымдары көрсетіп берді.
Біз дипломдық жұмысты орындау барысында солардың тәжірибесіне сүйене
отырып, талдау жасап, жүйеге келтірілген кальций, фосфор, йод, мыс, кобальт
туралы ғылыми мәліметтерді беріп отырмыз.
Жұмыс көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 64 бетке копьютерлік
мәтінмен терілген, кіріспеден, әдебиеттерге шолу, негізгі бөлім, қорытынды
мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Құрамына 15 кесте, 5 сурет, 16 әдебиеттер
тізбесі кіреді.
1. Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Фарфор ыдысқа салынған орташа үлгі сынамасын жоғары (500-5500С)
температурада муфель пешінде жаққан соң органикалық заттар өртеніп, ыдыста
күлі қалады. Оның құрамында минералды элементтермен қоса азықта жанбайтын
шаң, тозаң секілді бөгде қалдықтары болатындықтан, оны шикі күл деп
атайды. Биологиялық маңызды минералдық элементтердің мал азығындағы мөлшері
грамдап (гкг) есептелетін жетеуін – макроэлементтерге (грекше macros -
көп), ал қалған мөлшері миллиграмдап не тіпті микрограмдап (мгкг,
мкгкг) есептелетіндерін – микроэлементтерге (грекше тісros — аз) не
тіпті ультра (латынша ультра - өте) микроэлементтерге жатқызады.
Биологиялық маңызды макроэлементтерге – кальций, калий, натрий,
магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге – темір, мыс, марганец,
мырыш, кобальт, йод жатады.
Кальций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минералды
элементтер ішіндегі мал денесінде ең кеп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%)
сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады.
Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт
түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына,
бұлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық
фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.
Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаңқасы
дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеу-
шілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остео-
порозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан
сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа жиі ұшырайды.
Сүйектің біруақытта резорбацияланып және минералсыз-дануынан туындайтын
алиментарлық остеодистрофияға жататын бұл аурулар мал азығында минералдық
заттардың жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің темендеуінен де
туындайды[2, 3, 5, 12].
Фосфор. Кальций секілді бұл элементтің де мал денесіндегі негізгі
мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор
алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты. Фосфор сүйек, нуклеин
қышқылдары, фосфопротеиндер мен фосфолипидтер құрамына кіреді.
Аденозинфосфаттар құрамында энергия алмасуына, жасуша белогының құрамында
бірқатар ферменттердің әсерін күшейтуге, қан мен ұлпа буферлігін
қалыптастыруға қатысады. Демек, фосфор қышқылы түрінде бұл элемент
организмдегі бүкіл физиологиялық үрдіске ықпал етеді деуге болады.
Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің
минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит ауруларының белгілері
байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып,
денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсендейді. Азығында
фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде
заттарды жалап, жалмайды.
Биогеоценозда фосфор жетіспесе мал арасында афорозды остеодистро-фия
ауруы кездеседі. Ал, бұл аурудың алдын алу үшін фосфор тыңайтқыш-тарымен
топырақты байыту арқылы мал азығына фосфор тұздарын енгізу қажет[2, 3, 5,
12, 16].
Кальций алмасуы бұзылғанда сүйек құрылымы бұзылып, сүйек ауруына
шалдығады. Төлдің мешел ауруында: олардың басы үлкен, сопақ-жалпақ
көкірек керегесі кеңейіп, қабырғалар жұмсарады, сирақтары қисайып, борсық
пен аю аяқтарындай маймақтанады. Жақ сүйектері жұмсарып, қабырға ұшы
жалпайып, жуандайды, буыны іседі, тісі босап, бел омыртқаның қанаты
майысып, жұмсарады. Ал құйрықтың соңғы омыртқалары кішірейеді, тіпті мүлдем
жойылып кетеді. Сүйек құрылысының бұзылуын ренгенография, эхоостеометрия
тәсілдерімен анықтайды.
Рентгенофотометрия тәсілін тәжірибеге енгізген И.Г.Шарабрин, ал
эхоостеометрия тәсілін енгізіп, бұл салада жемісті еңбек еткен Е.Ф.Дымко,
Қ.М.Қыдырбаев, Ә.Н.Ермаханов және басқалар жоғары айтылған жағдайларды
дәлелдеп берді[5, 6, 12, 14].
Кальций жетіспеген жағдайда эндемикалық аурулардың симптоматоло-гиясы
әр алуан брлады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді.
Эндемикалық аурулардың белгілері, әдетте жалпылама келеді: қоңдылығы-ның,
өңімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі
және басқалар. Оларды биохимиялық зерттеудегі. мағлұматтармен толықтыра
отырып ауруларды жіктей аламыз. Қалыпты жағдайдағы мал организімінің
биохимиялық көрсеткіштері 1-4 кестелерде келтірілген.
Мал организміне макро- және микроэлементтер белгілі бір мөлшерде түсіп
тұруы қажет. Олар жетіспегенде немесе шамадан тыс артық болғанда жалпы
организмге малдың денсаулығына, өніміне кері әсер етеді.
2. Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Азық құрамында жүзден, мыңнан пайыз болып келетін микроэлементтер-дің
жалпы организмге ас қорыту процестерінде атқаратын ролі зор. Олардың
рационда жетіспеуі эндемиялық ауруларға әкеліп соғады.
Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқанша
безде жиналады. Йод молекулаларының тирозинмен құрған бір-, екі-, тирозин
түріндегі қосындылары осы бездің Т3-үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин,
яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бұл гормондар альбумин
және глобулинмен байланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына
барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті орга-низмдегі
зат алмасу моторы деп те атайды. Ол жалпы организм резистент-тігін
күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.
1-кесте. Макроэлементтер жетіспеуінің белгілері
Белгі Макроэлементтер
2-кесте. Микроэлементтер жетіспеуінің белгілері
Белгі Микроэлементтер
йод мырыш кобальт мыс селен марганец фтор Төлдің өсіп-
жетілуінің тежелуі + + + + + + + Түлеудің тежелуі ± ± ± ± -
± - Терінің түссізденуі - - - + - - - Терінің құрғауы мен
қыртыстануы ± ± ± ± ± ± ± Микседема + - - - - - -
Алқымның ісуі + - - - - - - Тәбеттің бұзылуы, аранның ашылуы ±
± ± ± + ± ± Жалағыштану (лизуха) ± ± ± ± - ± ± Қарынның
алдыңғы бөлігінің жиырылуының әлсіреуі ± ± ± ± ± + - Қимыл-
қозғалыстың бұзулы - - - ± - ± - Салдану - - - - + - -
Қан азаюы ± - ± ± - - - Тері ауруы, паракератоз - + - - - -
- Жүрек ырғағының бұзылуы - - - - ± - -
Миокардиодистрофия + + + + + + + Гепадодистрофия ± ± ± ± ±
± ± Тістің мұжылуы, өсу тежелуі + + + + + + + Төлдің туа
пайда болатын ақаулары + + + + + + + Алқым (қалқан) ауруы ауа, су
және топырақ кұрамында йод жетіспеген жағдайда, яғни топырақта йодтың
мөлшері – 0,00001%, суда – 10 мкгл аз болғанда орын алады.
Иод жетіспеушілігімен қатар энзоотикалық ісіктің пайда болуына йодқа
қарсы әсер ететін химиялық элементтер, яғни кальций, стронций, марганец,
қорғасын, фтор, кобальт, күкірт және кейбір азықтық қосындылар құрамында
күкірті бар тұздар, зәрлік, антибиотиктер мен параминсалицил қышқылының
көп мөлшері, С витаминінің жетіспеуі себептеседі.
Қалқан безінің ісуі және оның қызметінің бұзылуы гормон түзу құбылы-
сының бұзылуына тікелей байланысты. Ол жеті сатымен өрбиді:
1. Қалкан безіне йодтың жиналуы;
2. Йодтің молекулалық йодқа ыдырауы;
3. Йод пен тирозиннің монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин және
тетрайодтирозинге айналып, тиреоглобулинмен тығыз байланысуы;
4. Қалқан безінің гормондары тиреоглобулиннен бөлініп, ыдырап, өз
алдына жеке дара монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин, тетрайод-
тирозин түрінде қан айналымына сіңуі;
5. Монойодтирозин, дийодтирозиннің галогенсізденуі және қалқан безінің
йодидті пайдалануы;
6. Үшйодтирозин мен тетрайодтирозиндердің қан кұрамындағы альфа-
глобулинмен йодтың ақзатпен байланысқан түрін түзуі;
7. Ақзатпен байланысқан йод торшада одан бөлініп, галогенсізденіп және
ацитилді йодидтанып, торша ішіндегі зат алмасу құбылысын жылдамдатуы.
Сонымен қалқан безі гормондарының негізгісі йодид пен тирозин. Егер
бұл заттар жетіспесе тиреоид гормондарының түзілуі төмендеп, қалқан безінің
құрылымы мен қызметі бұзылады.
Энзотикалық дерт өте баяу білінеді. Малдың қоңдылығы мен өнімділігі,
жүйке тамыр-тірек-қимыл тонусы төмендейді, түлеуі кешігеді.
Ірі қара малдың организімінде йод жетіспесе басы мен мойынның жүні
шектен тыс өседі, яғни жал мен кекіл пайда болады. Терісі құрғақ,
қатты, серпімділігі нашарлап, көзге сөлекет көрінеді. Жүрек сазы мен
дүрсілі әлсірейді, малдың азыққа араны ашылады, қарынның алдыңғы бөлігінің
гипотониясы, ішек-қарын қабығы қабынады.
Төменгі жақ асты мен мойнына су үймелеп, ісінеді, яғни микседема пайда
болады. Сүт құрамындағы йодтың мөлшері 20-100 есе азаяды.
Қан құрамындары гемоглобиннің мөлшері, эритроцитпен лейкоциттің саны
азаяды. Аналық малдың арасында іш тастау және өлідей туу кездеседі, Өлідей
туған түсіктің қалқанша безі шектен тыс үлкен, жақ асты, мойын және арқа
терілерінің астына сұйық жиналып, ісінген.
Диагноз қойғанда сойылған және өлген малдан зерттеуге алынған заттарды
тексеріп, талдап анықталады.
Геохимиялық эндемикалық зобты немесе йодтың жетіспеуін анықтауда
қалқанша бездің дене массасына қатынасты салмағы арқылы, биогеоценоз-дағы
йодтың мөлшері анықталады. Н.Уразаев (1978) дерегі бойынша қалқанша безінің
салыстырмалы салмағы (100 кг тірі салмаққа шаққанда) ірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz