АҚШ-тың банктік жүйесі



Мазмұны

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1.1 АҚШ.тың банктік жүйесі

1.2 Германияның банк жүйесі

1.3 Банктердің концентрациялануы және орталықтандырылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Нормативтік құқықтық акт
КІРІСПЕ

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.»(№10 1-бап 1-тар)
«Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса , оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.»(№8 3-б.)
«Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесі көптеген даму сатыларынан өтіп , өз экономикасына тиімді жолын таңдайды.»(№7) Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ пен Германия сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін қарастырайық.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1.1 АҚШ-тың банктік жүйесі

1.2 Германияның банк жүйесі

1.3 Банктердің концентрациялануы және орталықтандырылуы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Нормативтік құқықтық акт

КІРІСПЕ

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы
несие жүйесінің негізгі буыны.
Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлға.(№10 1-бап 1-тар)
Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін банк деп атай
алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың
бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк
жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк
жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : Банк – басқа іскерлік ұйымдар
сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының
қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс
әрі тиімді болса , оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө
экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк
жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің
қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында
түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет
аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.(№8
3-б.)
Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған
мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк
жүйесі көптеген даму сатыларынан өтіп , өз экономикасына тиімді жолын
таңдайды.(№7) Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ пен Германия
сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін қарастырайық.

1.1 АҚШ-тың банктік жүйесі

АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған
күннен бастап пайда болды. Банк құрудың бірінші әрекеттері 1781 жылы
жасалынды. Ол - Солтүстік Америка Банкі. Бірақ оның өмір сүруі ұзақ
болмады. 1971 жылы Англия банкіндей ұйымдастырылған Бірінші банк құрылды,
оның өкілеттігі 20 жылға созылды. 1816 жылы Екінші банк құрылды, ол да 20
жыл әрекет етті. Бұдан соң банк анархизмі (басқарусыздық) кезеңі басталып,
Азаматтық соғыстың (1861-1865) аяғына дейін созылды. Банктік анархияның
аяғын 1863 жылғы Ұлттық банктің акті жалғастырды. Бұл акт ұлттық банктерге,
яғни федералдық заңнамаға бағынатын банктерге, банктік эмиссия құқығын
берді.(№4 53-б.)
Орталық банктің құрылуы туралы 1913 жылы қабылданған занға
сәйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отыған үш деңгейлі – Басқарушылар
кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды
Резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.(№1 11-б.)
ФРЖ – АҚШ крдиттік жүйесінің өзегі. Коммерциялық банктердің ақша
резервтерінің ФРЖ-ға шоғырлануы ақша үнемдеуінің факторы болып
табылды(№2 490-б.)
Банк ісінің АҚШ-та пайда болуы өте күрделі процесс. Дүние жүзінің
бір мемлекетінде АҚШ-тағыдай күрделі банк жүйесі жоқ. Әдетте басқа
мемлекеттерде Орталық банк және 10 – 12 коммерциялық банктері болады.
ФРЖ 12 федералдық резрвтік банктерден және ФРЖ-ға мүше жеке
коммерциялық банктерден тұрады. Федералды резервтік банктер алтын резерві
және өз депозиттерінің 35 % заңи төлем қаражаты болуы қажет еді. Федералдық
резрвтік банктердің пассивтері: а)банк мүшелерінің үлестік жарналарынан
құрылған өз капиталынан; ә)банкноттық эмиссиядан; б)банк депозиттерінен
тұрады.(№2 490-б.)
ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер
үкіметі және қаржы министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде
мемлекеттік институт болып табылмайды. ФРЖ-ның жарғысына сәйкес, оның
капиталы ФРЖ-ға мүше жеке меншік коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан
құралады. ФРЖ-ның құрылуы туралы заңда оның мемлекеттік басқару жүйесі
тұрғысындағы тәуелсіздік қағидалары қарастырылыды. Бұл қағидалар ФРЖ-ның
ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын кейбір
заңдылықтарда көрініс табады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі – бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы
орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ-тың Президентімен 14 жылға
тағайындалатын (Сенаттың келісімімен) 7 негізгі мүше кіреді. Олар
Президенттің келісімінсіз қызметтен босай алмайды.
Басқару Кеңесі Сенатқа емес, ең жоғарғы заң шығарушы орган –
Конгрестің алдында есеп береді. Басқару Кеңесінің мүшелері мемлекеттік
ұйымдардың, резервтік банктердің және ірі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық,
сауда және банктік монополиялардың өкілдерінен сайланады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ Конгресіне ФРЖ-ның операциялары туралы
жылдық баяндамаларын және жылына екі рет экономика жағдайы мен ФРЖ-ның ақша
массасы мен несиелерге қатысты мақсатты бағыттары туралы арнайы
баяндамаларын табыс етіп отырады.
ФРЖ-ның қызметі өзінің меншікті қаражат көздерінен қаржыландырылады.
Мысалыға, қызметінен алынған табыстарының 80%-ы қазынаға тапсырылыды.

ФРЖ-ның ұйымдастырылу құрылымындағы ерекшеліктер
ФРЖ-ның құрылымы оның функционалдық кешенін құрайтын 5 буынға
бөлінеді:
1. ФРЖ-ның басқару кеңесі;
2. Ашық нарықтағы операциялар жүргізнтін федералды комитеті;
3. Федералдық кеңес беру кеңесі;
4. 12 федералдық резервтік банктер;
5. ФРЖ-ға мүше 6000 коммерциялық банктер.

Басқару кеңесі Федералды резервтік банктердің қызметін бақылауға ФРЖ-
ның саясатының басты бағыттары бойынша шешім қабылдауға өкілетті
мемлекеттік құрылым ретінде құрылған.
ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын
дайындау. Бұдан басқа бұл Кеңес әр түрлі банктік институттар мен федералды
резервтік банктерге қатысты қадағалау және реттеу қызметтерін де жүзеге
асырады.
Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің үздіксіз қызмет етуін
қамтамасыз етеді, сол сияқты, тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді
реттеуге бағытталған федералдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады.
ФРЖ-ның Басқару кеңесі Федералдық резервтік банктердің қызметін бақылаумен
қатар, резервтік банктер мен ФРЖ-ға мүше басқа да резервтік округтарда, сол
сияқты шет елдерде филиалын құру туралы шешім қабылдайды және жылына бір
рет резервтік банктердің қызметіне ревизия жүргізеді. Кеңестің төрағасы
халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі
саясаты ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып
табылады.
ФРЖ-ның Басқару Кеңесі ФРЖ-ның ақша-несие саясаты аясында кең
өкілеттіліктерге ие болып келеді:
-федералды резрвтік банктердің бюджетін бекітеді;
-барлық 12 федералды резервтік банктердің есепке алу мөлшерін
бекітеді және қайта қарайды;
-ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары жөніндегі Комитеті арқылы ФРЖ-
ның бағалы қағаздарымен жасалатын операциялардағыц саясатын анықтайды;
-бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға қатысты барлық басты
талаптарды реттейді.
1978 жылыц ФРЖ-ның Басқару кеңесі АҚШ-та қызмет ететін шетелдік
банктердің филивлдары мен бөлімшелері үшін жоғарғы шекті пайыз
мөлшерлемесін және резервтік талаптарды белгілеу, федералды резервтік
банктердің олпрға несие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу,
олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы
өкілеттігін аладыАшық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-
ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Алғашқы жылдары
комитеттің ашық нарықтағы бағалы қағаздармен жасалған операциялары әр
резервтік банк орналасқан жерде жекеше түрде жүргізілді.
Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 – ФРЖ-ның басқару кеңесінің
мүшелері, 5 – федералды резервтік банктерден алынған өкілдер. Нью – Йорктің
федералды резервтік банкісінің Президентіне Комитеттің төрағалық қызметі
жүктелген.
Федералдық кеңес беру кеңесі де 12 адамнан тұрады. Бұл кеңестің
мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады. Кеңес
беру кеңесі ФРЖ-ның қызметтері: ақша-несие саясатына, алтынмен жасалатын
операцияларға, банкноттарды эмиссиялау және шетел банктерінің
операцияларына байланысты сұрақтар жайлы қызмет көрсетеді.
ФРЖ операцияларын 12 федералды резервтік банктер жүзеге асырады. Бұл
банктер және олардың 25 бөлімшесі ірі қалаларда орналасқан. АҚШ аумағында
ФРЖ-ның құрылуы туралы заңға сәйкес 12 федералды резервтік округқа
бөлінген. Федералды резервтік банктер орталық банктің банкноталарды
эмиссиялау және басқа да қызметтерін жүзеге асырады.
Әр резервтік банкті 9 директордан (6 директор ФРЖ-ға мүше банктердің
өкілдері, ал 3 директор ФРЖ-ның басқару кеңесінен) тұратын Кеңес басқарады.
Директорлар 3 топқа бөлінеді: А класы, В класы,С класы. А және В класының
директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады, екі кластың да бір-бір
директоры ұсақ банктерден, біреуі – орташа, біреуі – ірі банктерден
сайланады. С класының директорларын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды.
Федералды резервтік банктердің 3 директорының әрқайсысы 3жыл
мерзімге сайланады, сөйтіп әр кластағы директорлардың біреуі жыл сайын
ауыстырылып отырады. Әр резервтік банкті директорлар кеңесі сайлайтын
және ФРЖ-ның басқарү кеңесі бекітетін президент және бірінші вице
президент басқарады.
• Несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды
• Резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер
береді
• ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады
• Штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық
қызметтерінің жағдайлары туралы ақпараттар жинайды
• Ақша-несие саясаты туралы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын
жүргізеді және аналитикалық журналдар мен бюллетендер шығарады.
Федералды резервтік жүйеге мүше банктердің жалпы саны 6000-ға жуық
жеке коммерциялық банктер, ал қалғандары штаттағы банктерден құралады.
Ұлттық банктерфедералдық аудандардың шегінде қызмет етеді. Штаттардың
банктері штаттағы заңдардың негізінде қызмет етеді және олардың
қызметтерінқадағалауды штаттағ билік ұйымдары жүзеге асырады.
ФРЖ –ны құру туралы заңға сәйкес барлық ұлттық банктер ФРЖ-ның
мүшесі болуға тиіс. Штаттардың банктері ФРЖ-ға мүшелікке ену талаптарына
сай келген жағдайда ғана оның құрамына кіреді; яғни, ол ФРЖ-ның мүшелері
санынан 15% мөлшерін құрайды және шығу барысында алдын ала 6 ай бұрын
хабардар етеді. ФРЖ-ға мүше банктер өз резрвтерін нақты ақшада немесе өз
округтарындағы федералды резервтің банкте депозиттер формасында ұстауға
міндетті.
ФРЖ-ға мүше болудың басты бір артықшылығы – ол банктің федералды
резервтік банктің клиенті болуымен қатар оның қызметтерін пайдалану
мумкіндігі болады. Егер де жеке банктен алатын несиелердің мөлшері сол
банктің ресурсының көлемімен шектелетін болса, ал ФРЖ-ға мүше банктер
федералды резервтік банкке несие жайлы сұраныс жасағанда, ондай шектеуге
кез болмайды. Себебі, федералды резервтік банктің ФРЖ-ның барлық қаржылық
ресурстарын пайдалану мүмкіндігі бар. Жеке банктер ФРЖ-ның мүшесі болып
табылмайды, бірақ олар ФРЖ-ға мүше банктермен іскерлік қарым – қатынаста
болған жағдайларда ФРЖ-ның несие, чек айналысы, клиринг және т.б.
қызметтерін жанама түрде пайдаланады. .(№1 11-15 б.)
Коммерциялық банктер: ұлттық және штаттық болып бөлінеді. Біріншісі
федералдық заңдарға бағынады және ФРЖ-ға кіреді, соңғысы бөлек штаттардың
заңдарына негізделеді және ФРЖ-ға өз еріктерімен кіреді немесе кірмейді.
Ірі банктердің ішінен гигант-банктердің тобы бөлінеді – Бэнк оф
Америка, Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк, Чейз Манхэттан бэнк,
Менюфекчурез Гановер траст К, Морган Гаранти траст К. Бұл банктер алып
қаржылық-кәсіпкерлік топтарды басқарады немесе үлкен рөл ойнайды.
1994 жылдың аяғында барлығы 4313млрд доллар актив құрайтын 40.9мың
коммерциялық банк, ФРЖ мүшелері және 24.5мың мүшелікке кірмейтін 9.3мың
штаттық банк саналды.
Бұл мемлекетте ұзақ жылдар бойы федералдық деңгейдегі және штаттық
деңгецдегі банктердің әрекетін бақылау мен реттеу жүйесі қалыптасқан. АҚШ-
тың заңдарының қаталдығына қарамастан, банк жүйесінің бытыранқылығы
сақталған. Атап айтқанда, көптеген филиалсыз банктер сақталған: 15,5 мың
банктердің 7 мыңының бөлімшелері жоқ.(№4 83-б.)

Бақылау екі топтағы банктерге жүргізіледі:
• Федералдық билікке бағынатын ұлттық банк жүйесі
• Бөлек штаттардың юрисдикциясындағы штаттық банктік жүйе

Одан басқа, АҚШ банктерінің әрекетіне бақылауды ФРЖ, мемлекеттің 98%
банктері мүше болып табылатын Депозиттерді сақтан-дыратын Федералдық
корпорациясы (ДСФК).
Қазынашылық органы ақша айналымын бақылайды, оған 4,9 мың ұлттық
банктер бағынады. Оның қадағалау функциясы келесіде көрініс тапқан: ол
ұлттық банкті құруға рұқсат береді; бақылау және ревизиялық тексерулерді
жүргізеді; бөлімшелерді ашу мен банктерді қосу туралы мәселелерді шешеді.
ФРЖ 1056 штаттық банк мүшелерін бақылайды. ДСФК 8,4 мың
сақтандырылған банктерді бақылайды, оның кез-келген банкті тексеруге құқығы
бар.
Сонымен қатар штаттардың банктік департаменттері бар. Олар
операциялар жүргізуге рұқсат береді, банктерді тексереді, банктердің
қосылуы және т.б. қызметтер атқарады. Бұл органдардан банктер басқа Әділет
Министрлігінің, Биржа және бағалы қағаздар Комиссиясы т.б. органдардың
ықпалында болады.(№4 83-85б.)

1.2 Германияның банк жүйесі

Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден
қалыптасқан жоқ . 1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің негізінде
Райхсбанк құрылып, оған рейхсканслер, банк президенті және банк басқармасы
жетекшілік жасаған. 1924 жылықабылданған заңға сәйкес, Райхсбанк Үкіметтен
бөлініп шықты.
1933 жылы Үкіметке ұлтшыл – социалиаттердің келуімен Германияда
Орталық банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген.
1939 жылы қабылданған Райхсбанк туралы арнайы заң банкті
рейхсканслерге толық бағынышты етті. Райхсбанк және оның еншілес
институттарын фашистер ешқандай да материалды қамтамасыз етілмеген
басқыншылық маркаларды өздерінің аумақтарында шығару үшін пайдаланды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында
1945ж. Райхсбанктің қызметі тоқтатылыды, ал батыс аумақтарда екі сатылы
банктік жүйе енгізілді.(№2 519-б.)
Германияның әр жерлерінде бұрынғы Райхсбанк бөлімшелері негізінде
орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан бастап,
Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылды.
1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бундесбанк) туралы
заң негізінде орталақ банктер Бундесбанктің бас басқарламалары бола отырып,
бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.
Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен
де, ол заңды тұлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақш- тың банк жүйесі
Дамыған елдердің банк жүйесі
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
АҚШ-тың мемлекеттік каржысын ұйымдастыруын, қаржы несиелік жүйесін талдау
Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика
Еуразия банк АК
АҚШ банк жүйесі
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
Пәндер