Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы


ЖОСПАР
Кіріспе3
1. Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы4
2. Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері9
Қорытынды12
Пайдаланған әдебиеттер13
Кіріспе
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы - белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау.
1. Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С. И. Гессен университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
- Университетте ғылыми білімнің толық болуы;
- Дәріс беру және оқыту үрдісіндегі еркіндік және шығармашылық рухы;
- Оқытушылар мен ғалымдарды дайындау жолымен университеттің өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілігі[32] .
Өз мәнісінде университет, С. И. Гессеннің көзқарасы бойынша, ғалымдардың одағы болады екен, ешқандай билікке төзбейтін. Қазақстандық ғалымдар (С. С. Құнанбаева[44] және т. б. ) университеттік білім беру ұстанымдарының маңыздылығын ерекше көрсетеді. Олар бүгінгі университетте мамандарды дайындау жүйесінің негізгі ұстанымдарын анықтайды:
- білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;
- білім берудің қол жетерлік ұстанымы;
- ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және кіріктірілген ұстанымы;
- мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық принципі;
- білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;
- кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;
- алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;
- білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік ұстанымы;
- біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе академиялық ұстанымы;
- білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық ұстанымы;
- оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және интерақтивтілігінің ұстанымы;
- білім беруді гуманизациялау ұстанымы;
- оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;
- білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық ұстанымы;
- мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-мәртебелік деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;
- бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз.
- оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
Осы ұстанымдар кезкелген университетке лайықты, бірақ ғылым мен үниверситеттік білімберу түсінігі тарихи тұрғысынан өзгеріп тұрды. Олардың көзқарасын қолдай отырып, маңызды ұстаным ретінде болашақ мамандарды оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тұлғаға-бағытталған ұстанымды айтамыз.
Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
- Қоғам мен мемлекет дамуының нақты тарихи кезеңінде мамандарды нақты қажеттілігіне және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы білімберу саясатына;
- Жоғары мектеп стандарттарына және алынатын нәтижелерге білімберу мақсаттарына;
- Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және басқа көздерімен қаржылануына;
- әлемдік стандарттарға жоғары білімберу деңгейі мен сапасына;
- әлемдік білімберу кеңістікке кіріру барысындағы жоғары білім беру жүйесінің ашықтығы;
- әлемдік стандарттарға бағдарлануға және қалыптасқан дәстүрлердің сақталуына [29, 121] .
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәнеди мұрасынан, адамның өмірі мен тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің, ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы ретінде анықтаймыз. Осы тұжырымға сүйене отырып өз кезегінде жоғары білім беру мазмұнының педагогикалық ұйымдастырылуы жағынан және психологиялық қолдау тұрғысынан болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық шарттарын келесі тарауда қарастырамыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен, қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады [22, 118-119] : мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші білімберушілік парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.
Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады. Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік, диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары, символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық көзқарасы маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық. Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.
Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік-құндылықтық парадигмасы шенберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар ғылыми көзқарастар жүйесіне негізделеді:
- Акмеологиялық -кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
- Мәдениеттілік -маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.
- Тұлғалық -мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі. Кәсіби мәдениетті игеру үрдісі мәдениеттің объективтіліктен субъективтілікке ауысу негізінде түсіндіріледі. Е. В. Бондаревскаяның пікірінше, бұл процесс, оның барысындағы кәсіби мәдениетінің моделі бойынша студенттермен айқындалып, кәсіби іс-әрекет пен мінез-құлықтың тұлғалық моделіне айналады. Сондықтан да тұлғалық-шығармашылық аспектісі кәсіби мәдениетті игерудің механизмімен түсіндіріледі. Ол өздігінен дамитын субъектінің маман ретіндегі тұлғалық өзекті қасиеттерін анықтаудың шығармашылығы актісі болып анықталады. Осымен қоғам өзінің соңғы нәтижесінде өзіндік мақсатқа бағытталған жан-жақты дамуына бағдарланған адамды қажет етуі түсіндіріледі.
- Аксиологиялық -осыған сәйкес мәдени-білімберушілік білімдердің пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі. «Мәдениет» ұғымын зерттеудегі аксиологиялық көзқарастың негізінде түрлі мәдениеттің іргесі ретінде құндылықтарды түсіну жатыр (А. И. Арнольдов, Ю. И. Еимов, Л. Н. Коган, В. П. Тугаринов, Н. З. Чавчавадзе) . Осы авторлардың пікірінше, «мәдениет жоғары және кең мағынасында еңбектің нәтижесі болады - шығармашылық, өзгермелі және өзіндік жаңару іс-әрекетінің өнімі . . . құндылықтар әлемі» [75, 10] . Мәдениетпен байланысты осы көзқарас тағы бір бағытпен толықтырылады. Өйткені мәдениет және оның мағынасы өзбетінше қарастырылып қана қоймай, ол тек адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы өз болмысын анықтайды. Сондықтан да, «мәдениеттің нағыз мазмұны шығармашылық іс-әрекетпен анықталып, оның барысында рухани құндылықтар қалыптасады» [13, 47. ] . Ал В. С. Библер мәдениет ұғымын шығармашылық пен еркінділікті жүзеге асыру ретінде адам болмысының мәнін ашу үшін пайдаланады [14, 34-42] . Адамның шығармашылық белсенділігі іс-әрекет тәсілдерінде көрініс береді. Осыдан мәдениет адам дамуының өлшемі болып анықталады, ол адамдардың бүкіл тарихы барысындағы олардың қоғамдық өміршеңдігінің игерілген құндылықтардың көлемі ретінде сипатталады. Солайша мәдениет адамның осы құндылықтарға бағытталуының тәсілі болады. Мәдениеттің іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде қаралуы жүйелілік-технологиялық көзқарастың негізін құрайды. Осындай мәдениетке қатысты қарастырылған анықтамалар мен көзқарастар культорологияда және кәсіби-педагогикалық мәдениетіне арналған зерттеулерде қаралған. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті зерттеудің аксиологиялық аспектісі Е. Н. Шиянованың еңбектерінде жетекші педагогикалық оймен өрнектеліп, педагогикалық құндылықтар жиынтығының сипаттамасы ретінде қаралып, тікелей педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын және тұтас педагогикалық үрдіске кірістірілетін[76, 17] . Біз осылайша Е. Н. Шиянованың пікірімен толығынан қосыламыз, болашақ маманның жаңару, шығармашылық-коммуникативті іс-әрекеттердің негізін кәсіби-педагогикалық мәдениет құрайды, ол тиімді іс-әрекеттер тәсілдері мен жолдарын кіріктіреді.
Сонымен, біздің пайымдауымыз бойынша, мәдениеттің адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қаралуы болашақ маманның кәсіби тұлғалық-шығармашылық көзқарасының негізін құрайды.
- Іс-әрекеттік -студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.
Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:
- Мотивациялық -болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
- Бағдарлаушылық- іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік - интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
- Бағалаушылық -іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
- Мазмұндық-операционалдық -екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану) ;
- Еріктілік, зейінді -ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.
Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзарабайланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және шығармашылық-теориялық өзараәрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі тәжірибемен алмасу үрдісі. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени-білім беру аспектісін дамытудың моделі өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі танып білу мен анықтауды, толерантылықты, кәсіби этиканы т. б. компоненттерді құрайды. Біздің келесі қарастыратын мәселеміз - бұл болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі мен моделі.
2. Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы - тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.
Адамның эволюциялық даму жолында тек еңбек əрекеті ғана, яғни адамды адам еткен еңбек екенін көреміз. Осылайша, адам еңбек əрекеті арқылы қарадүрсін жабайы қоршаған ортаны игерілген, өңделген мəдени ортаға айналдырып өзгертті жəне өзі де өзгерді əрі мəдениленді. Осындай жасампаздық əрекеті арқасында адам қарапайым еңбек əрекетін күрделендірді əрі түрлендірді. Еңбек бөлінісіне байланысты орай болған күрделі еңбектен жеке-жеке кəсіп түрлері бөлініп шығып, кəсіппен айналысқан адамдар белгілі бір білімдерді игеріп, дағдылар қалыптастырып, тəжірибе жинақтап, шеберліліктерін шыңдап барып кəсіпке кіріскен.
Адамның тұлғалық дамуы мен кəсіби дамуы арақатынасы əрине бар. Ол қоршаған ортаға, адамдарға, материалдық жəне рухани мəдениет заттарына, отбасына жəне өз мамандығына деген жақсы қатынастардан байқалады. Сонымен, кəсіби дамудың негізгі ерекшеліктері - кəсіби байлықтар приоритеті, жұмысқа кірісіп кету, берілу.
Сондықтан да, қазіргі ғылымдағы кəсіпке дайындалу ұғымы, бір жағынан топтардың, таптардың, ұлттардың жалпы əлеуметтік жүйесінің құндылық стандарттарымен, екінші жағынан тұлғаның мотивациялық бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғамдағы маңызды құндылықтар интериоризациясы мінез-құлықтағы əлеуметтік нормативтерді игеру арқылы келеді. Құндылықтық бағдарлау қоғамдық маңызды істерде жəне мінез-құлықтарда пайда болатын сананың, мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығында өзін көрсетеді немесе өзі жөнінде мəлімет береді.
Индивидті, кəсіби жəне тұлғалық даму темптерінің сəйкес болуы дегеніміз адамдардың өзін-өзі еңбекке бейімдеуі жəне оны жүзеге асыруымен сипатталатын қатынас [1] .
Жалпы айтқанда, адамның индивидті, тұлғалық жəне кəсіби дамуы оның индивидуалды өмірінде өзара əрекеттесіп, кəсіби өмір сценарийінің кең спектірін құрайды. Адамның шыңға жетуі тұлғалық кəсіби қалыптасуының əр кезеңдерінде орналасады.
Кəсіби қалыптасу адам өмірінің ұзақ кезеңін қамтиды (35-40 жыл) . Осы уақыт аралығында өмірлік жəне кəсіби жоспарлар өзгереді, əлеуметтік жағдайлар мен жетекші іс-əрекет ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылуы жүреді. Осыған байланысты кəсіби қалыптасудың үздіксіз процесінде кезеңдердің бөліну критерийлері туралы сұрақ пайда болады.
Тұлғаның кəсіби қалыптасу мəселесін терең зерттеген отандық психологтардың бірі Т. В. Кудрявцев тұлғаның мамандыққа қатынасы мен іс- əрекеттің орындалу деңгейін кезеңдерді бөлу критерийлері ретінде алды. Ол кезеңдердің төрт түрін бөліп көрсетті:
- кəсіби ниет, (ой) оның пайда болуы мен қалыптасуы;
- кəсіби білім беру жəне кəсіби іс-əрекетке дайындық;
- мамандыққа кірісу, оны белсенді меңгеру жəне өндірістік ұжымнан өз орнын табу;
- кəсіби еңбекте тұлғаның толық жүзеге асуы [2] .
- Е. А. Климов төмендегідей кəсіби бағдарланған кезеңді ұсынды:
- Оптация кезеңі (12-17 жас) - кəсіби өмірлік жолын саналы түрде таңдауға дайындық;
- Кəсіби дайындық кезеңі (15-23 жас) - болашақ кəсіби іс-əрекет икемділігіне үйрену, қажетті білім алу;
- Кəсіпқойдың даму кезеңі (16-23 жастан бастап зейнеткерлікке дейін) - кəсіби қауымдастықтардағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіне кіру жəне іс- əрекет субьектісінің əрі қарай дамуы [3] .
А. К. Маркова кəсіпқойдың қалыптасуында 5 деңгей мен 9 кезеңді бөліп көрсетті:
- Кəсіпқойлыққа дейін мамандықпен алғаш рет танысу кезеңі;
- Кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: мамандыққа бейімделу, өзін-өзі таныту жəне шеберлілік түріндегі мамандықты еркін меңгеру;
- Жоғары кəсіпқойлық 3 кезеңнен тұрады: шығармашылық түрде мамандықты еркін меңгеру, əр түрлі мамандықтармен шұғылдану, өзін-өзі тұлға ретінде өзіндік шығармашылық болжау жасау;
- Кəсіпқой емес тұлғаның оқшаулануынан еңбектің кəсіби бүлінген нормалары арқылы орындалуы;
- Кəсіпқойлықтан кейін кəсіби іс-əрекеттің аяқталуы [4] .
Кəсіби қалыптасу процесіндегі іс-əрекет динамикасын Н. С. Глуханюк зерттеген. Оның айтуынша, кəсіпке дайындық, оған бейімделу, шеберлік т. б. кезеңдерде тұлға іс-əрекеті күрделене жəне кеңейе түседі. Ал, В. Д. Шадриков кəсіби мəнді сапа ретінде іс-əрекет тиімділігіне жəне меңгеру табыстылығына əсер ететін іс-əрекет субъектісінің индивидуалды сапаларын қарастырған [5] .
Н. С. Пряжников кəсіби өзіндік анықталуды зерттей келе, оның келесі түрлерін бөліп қарастырған: нақты еңбек функциясы кезіндегі, нақты еңбек орнындағы, нақты мамандықтағы, нақты кəсіптегі, өмірлік, тұлғалық жəне тұлғаның мəдениеттегі анықталулары [6] .
Л. М. Митина кəсіби іс-əрекет қалыптасуының екі моделін бөліп көрсетті.
Бейімдік (адаптивті) моделі - адам сана-сезімінде кəсіби еңбектің сыртқы жағдайларға тəуелді болу тенденциясы кəсіби міндеттер, ережелер, нормаларды шешу алгоритмдерінің орындалуы түрінде басым болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz