Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны 4
2. Батыс Қазақстандағы газ кен орны 11
3. Батсыс Қазақстандағы газ конденсат кен орны 14
Қорытынды. 16
Пайдаланған әдебиеттер 17

Кіріспе

Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам кен орындары бар. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар:
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.
Чинарев мұнай-газ конденсат кен орны - Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ конденсат кен орны. Орал қаласынан солтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан, 1991 жылы ашылған.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия елдерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының құрамына Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары кіреді. Бұл аймақ республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

1. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Осы заманғы шаруашылықты мұнайсыз елестету қиын.Мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды.Оны өңдеген кезде түрлі отын, яғни бензин, дизель майы,керосин және химиялық өнімдер алынады.Мұнайды өңдеу барысында түзілетін мазут электр станцияларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылса, оның сонғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады.Ал мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтары-химиялық шикізат болып табылады.Оны өңдеу арқылы синтетикалық талшық, каучук, спирт, пластмасса т.б. өнімдер алынады.
Қазақстанда мұнай-газ өндірісі дамыған.Елімізде мұнайдың 14-ке жуық блашағы зор бассейндері белгілі, олар Атырау-Ембі, Маңғыстау аумақтарында, Каспий қайраңында шоғырланған.
Қазақстанда мұнай революцияға дейін, яғни 1899 жылдан бастап Ембіде өндіріле бастады.1911 жылдан Доссор, 1915 жылдан бастап Мақат кен орындары мұнайды тұрақты өндіруде.
1979 жылы Атырау облысында ашылған Теңіз әлемдегі мұнай кен орындарының бірі.Болжам бойынша мұнайдың геологиялық қоры 3млрд 133млн.т шамасында.1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Шеврон компаниясы арасында Теңізшевройл серіктестігі құрылып, Теңіз және Королев мұнай кені игеріле бастады.Теңіз мұнайын экспорттау мақсатында 2001 жылы ұзындығы 1580км. Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры іске қосты.Теңіз кенішінде қазіргі уақытта жылына 12млн т-ға дейін мұнай өндіріледі.
Каспий қайраңында мұнайдың өте бай қоры шоғырланғын.Болжаммен мұнайдың қоры-4,5 млрд т, газ конденсаты бойынша-1,6 млрд т және табиғи газ-5,9 трлн м.Каспий қайраңын игеру Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде жетекші орын алуда.Каспий қайраңында қоры мол Қашаған, Құрманғазы, Ақтоқты, Қайраң кендері бар.Каспий аймағы келешкете Батыс Сібір, Мексика және Парсы шығанығы сияқты мұнай өндірудің ірі аймақтарымен қатар тұратын болады.Каспий Қазақстан үшін теңіздік мұнай өндіруді дамытудың стратегиялық маңызы зор.2000 жылдың шілде айында Қашаған кен орнын бұрғылау барысында мұнайдың мол қоры бар екендігі анықталды.
Соңғы жылдары Бозащы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас жаңа мұнай кен орындары игерілді.
Батыс Қазақстанда республикада ең алғаш салынған Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді.Ол Атырау-Ембі және Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді.Зауытты мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Ақтау-Атырау мұнай құбыры салынған.
Ембі мұнайының күкірті, парафині аз, технологиялық сапасы жоғары, одан алынған жанармай өте жоғары бағаланады.Ембі мұнайы Ұлы Отан соғысы жылдары әскери ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз етуде жетекші орын алған.
Ал Маңғыстау мұнайының құрамында күкірті жоқ, қарамай аз, бірақ парафин көбірек болып келеді (18-20%).Парафинді мұнай жылдам қатады, сондықтан оны құбырмен тасымалдау үшін қосымша жылу беріп отыру керек.
Келешекте Батыс Қазақстан-Құмкөл мұнай құбырын салу жоспарлануда.Ол екі құбырдан тұрады: Батыс Қазақстан-Кенқияқ және Кенқияқ-Құмкөл. Одан әрі Құмкөл-Павлодар және Шымкент мұнай құбырларымен жалғастырылады.
Орал-Ембі мұнайлы аймағы үлкен территорияны -- батыста Еділдің төменгі жағынан бастап, шығыста Мұғаджарға дейінгі аралықты алып жатыр. Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібін дамытудың қазіргі кезеңнің сипатты ерекшелігі -- жұмыс ауқымының едəуір ұлғаюы.
50 - 60 жж. аясы Батыс Қазақстандағы ірі кен орындардың ашылуымен ерекшеленеді -- Кеңқияқ (1959) Ақтөбе облысы, Прорва (1961) мен Мартыши (1962) Атырау облысы, Жетібай, Өзен (1961) қазіргі Маңғыстау облысы. Аталған кен орындарды игеру Батыс Қазақстандағы мұнай өндірудің ілгері аяқ басуының қазығына айналуға жол ашты. Аймақтағы мол байлық қоры Каспий маңы ойпатының шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланды. Кеңқияқ кен орнын игеру қолға алынған соң (1966) Каспий-Орск арнасына жалпы ұзындығы 122 шақырымға созылатын Кеңқияқ № 6 МАС мұнай құбыры салынып, қосылды [1].
Елімізде құбырлық тасымал жүйесі Маңғыстау түбегінің кен орындарының игерілуіне байланысты, əсіресе 60 - 70-жылдары күшті қарқынмен дамыды. Өз кезегінде ол мұнай құбырлары арқылы еліміздің мұнай өңдеу зауыттарына тасымалдау міндетін шешуді жүктеді.
Нəтижесінде 1965 жылдың 16 маусымында Батыс Қазақстанның мұнайын тасымалдау үшін екі басқарма: Гурьев магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Гурьев ММӨҚБ) мен Шевченко магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Шевченко ММӨҚБ) құрылды.
Гурьев ММӨҚБ құрамына: диаметрі 12 мм, ұзындығы 726,193 км болатын Каспий-Орск магистралды мұнай құбыры; түрлі диаметрлі, жалпы ұзындығы 680,590 км-ден асып жығылатын құрылыстары аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары жүйесі; айдау станциялары Гурьев, Сағыз, Комсомол, Қосшағыл кəсіпшіліктерінде орналасқан ұзындығы 684,638 км Гурьев-Қосшағыл- Қаратон-Сарықамыс-Мұнайлы су құбыры қарады.
Гурьев ММӨҚБ-ның міндеті Ембі мұнайын Гурьев, Орскі жəне Ярославтың МӨЗ-на жеткізумен тікелей айналысты, тасылған мұнай көлемі 1968 жылы 1583,2 мың тоннаға жетті [2].
Ал Шевченко ММӨҚБ-на: ұзындығы 141км, диаметрі 529х7 мм болатын алты қыздыру пункті бар Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбыры (1966 ж. қыркүйегінде қолданысқа берілді); Өзен МАС (№ 1 алаң) -- Бас МАС; 6 артезиандық скважиналы Сауысқан САС; Шевченко-Өзен- Сауысқан телефон желісі жəне т.б. нысандар қаралды.
Өзен мұнайының басым бөлігі құбыр арқылы ысытып айдау əдісімен Шевченко қаласына дейін жеткізілініп, одан əрі теңіз жолымен Волгоград МӨЗ-на тасымалданды. Сонымен қатар Ақтау қаласында мұнай қабылдайтын айлақты салу да қатар жүрді, ол дегеніміз -- Ақтау, Астрахан, Махачкала, Баку, Волгоград қалалары аралығында теңіздік коммуникацияның қалыптасуы -- Маңғышлақ мұнайын тасымалдауға жағдай жасады.
КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің 1964 жылы Мемлекеттік тасымалдау комитетіне жолдаған хатында Маңғышлақтың мұнайлы кен орындарын тез арада игеру үшін оны темір жол желілерімен байланыстырудың қажеттілігін мəлімдей келе, КСРО Министрлер Кеңесінің 1965 жылдың 15 қыркүйегіндегі № 952 қаулысы жəне 1963 жылдың 7 қыркүйегіндегі № 53 - 12 қаулысы негізінде Маңғышлақ түбегін еліміздің ең ірі мұнай өндіретін аймақ, қойма есебінде қолдануды көздеді.
Мұнай өндірудің еселеп артуы 1967 жылы Өзен - Құлсары - Гурьев - Куйбышев магистралды мұнай арнасы құрылысын жүргізуге жəне құрылысты 1970 жылы аяқтап, шаруашылыққа пайдалану көзделді. Құрылыс алаңдарын жоспарлау мен қолданысқа беру міндеттерін Южгипротрубопровод институты қолға алады, бірақ олар кейбір құжаттарда (атап айтсақ, жұмыс сызбалары мен жоспарлау жұмыстарының материалдарын) уақытылы тапсырмады, Сай-Өтес пен Құлсары алаңдарындағы мұнай қыздыру пунктерінде кейбір олқылықтар орын алды. Айдау станциясы мен қыздыру пунктердегі алаңдарда тиісті жұмыстар атқарылмаған, бұл дегеніміз қажетті нысандардың дер кезінде жүзеге асырылып, аяқталуына едəуір тежеу жасады [3].
Дейтұрғанымен, Южгипротрубопровод институты -- негізгі жоспарлау ұжым ретінде Газ өнеркəсібі министрлігі мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 18 тамыздағы № 1995-р бұйрығына сəйкес, 1967 жылдың желтоқсан айының соңында Өзен-Құлсары-Куйбышев магистралды мұнай арнасының жоспарлау сызбасын аяқтады [4; 18-п.].
Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев магистралды мұнай құбырының жобасы мен құрылысын ұйымдастыруда атқарған маңызды жұмыстары үшін Южгипротрубопровод институтының авторлық ұжым мүшелерінің жұмыстары 1969 жылы үздік деп танылып, Одақ көлеміндегі аса жоғары Мемлекеттік сыйлық табыс етілді [4, 42 - 50-п.].
1970 жылдың 25 тамызында 1500 километрлік Өзен-Құлсары-Гурьев-Куйбышев ыстық мұнай құбырының іске қосылуы Маңғыстау мұнайын елдің орталық аудандарына жеткізу проблемасын толықтай шешті.
1969 ж. 30 тамызда Мұнай өндіру министрлігінің бұйрығы бойынша Гурьев қаласында Оңтүстік магистралды мұнай өнімі құбырлары басқармасы (Оңтүстік ММӨҚБ) құрылады. Басқарма құрамына: Гурьев ММӨҚБ, Маңғышлақ ММӨҚБ, Орал аудандық МҚБ, Арнайықұрылысжөндеу басқармасы, Автокөлік кеңсесі, Өзен-Гурьев-Куйбышев мұнай құбыры құрылысына жауапты ұжым енді. Оңтүстік ММӨҚБ қарамағында жалпы ұзындығы 2914 км болатын қолданыстағы магистралды жəне құрылысы аяқталғалы жатқан мұнай құбырлары болды [5].
Оңтүстік ММӨҚБ (Магистралды мұнай өнімі құбырлары) міндетіне Өзен-Жетібай-Ақтау мен Өзен-Гурьев екі ірі магистралды мұнай құбырын іске қосу жүктелді. Төмендегі кестеде екі құбырдың 1972 жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі көрсетілген.
Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбырының жолы Үстірттің жоғарғы жəне орта коррозиялық топырақ қабатын кесіп өтеді. Құбыр трассасы дерлік тас төселген автомобиль жолымен шектесіп жатыр. Құбыр бойы өз жолында 139 шақырым тұсында су ағатын каналды, шойын жолды да, автомаги- стральды да кесіп өтеді. Өткелдер жобаға сəйкестендірілген жəне қанағаттанарлық жағдайға сай деп есептелінді.

Өзен-Гурьев мұнай арнасы Гурьев облысының шөлді аймақтарының үстіне салынған. 140 - 550 км дейінгі аралықта құбыр Маңғышлақ-Мақат темір жол бойымен жəне Орта Азия -- Орталық газ құбырымен де жанасып жатыр. Аталған мұнай трассасының бойын 42 табиғи жəне жасанды кедергілер бөгеуде, оның 11 -- сулы тежеулер (өзендер, каналдар), 23 -- сорлы аудандар, 4 -- темір жол жəне 4 -- автомобиль жолдары. Шөлді зонаға тəн құрғақшылық, аптап ыстық пен судың тапшылығы да осы аймақта кездеседі.
1971 жылы қазанда Орал өзенінің түбінен құбырды салуды Главтранснефть тұсында арнайы экспедициялық топ су астында техникалық зерттеу жұмыстарын жоспарға сай жүргізеді.
Өзен-Жетібай-Шевченко мен Өзен-Гурьев мұнай құбырларының өндірістік мүмкіншілігін арттыруда мұнай айдау станциялары салынды, ол 2-кестеде көрсетілген.

Өзендегі № 1; 4 мұнай айдау станциялары Өзен-Шевченко құбырына мұнайды жеткізуге арналған. Ал Шевченкодағы № 2 айдау станциясы Өзен-Жетібай-Шевченко құбырынан мұнайды кейін айдауға арналып салынған [6].
Жетібай мен Өзен кен орындарының ашылуы КСРО пайдалы қазбаларды жобалау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы тек Өзеннен барланған қор 400 млн.т құрайды десе, оның ішінде 316 млн.т В жəне С категориясына жататыны анықталды. Демек, Өзен мұнай кен орны сапалы өнімге өте бай.
Мұнай өндіру Мемлекеттік комитетінің есебінше, аталған аймақтан мұнай өндіру 1970 ж. 10 млн.т жетсе, ал 1980 ж. оның көлемі 40 млн.т. құрайды. Маңғышлақтың кен орындарында еңбек ететін жұмысшылар саны да еселенетіні рас, 1970 ж. 25 мың адам жұмыс жасаса, келесі жылдары олардың саны 40 мың адамға дейін көбейеді. Аталған өңірге жылына 1,1 млн.т құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізу қажет жəне бұрын қолданыста болған магистралды мұнай құбырлары қайта іске қосылғанға дейін мұнайды темір жол арқылы 1,0 млн.т мұнайды тұтынушыларға жеткізу жоспарланды.
Осыған сəйкес Маңғышлақ түбегінің кəсіпшіліктерін транспорттық қызмет көрсету сызбасына қоса, құбырлардан бөтен темір жолдар мен автомобиль жолдарының инфрақұрылымдарын дамыту қатар жүрмек.
Мұнай құбырларымен бірге салынатын Ақтау (Гурьев-20)-Ераливо-Жетібай-Өзен темір жол желісі Жетібай мен Өзен кен орындарынан мол өнім алуға жəне өнімді уақытылы игеруге мүмкіншілік жасайды. Темір жол желісі құрылысының жобасы Гипровостокнефть институтына жүктелді [7].
70-ші жылдардың орта тұсында Бозащы түбегінде (Маңғыстау түбегінің солтүстік мүйісі) -- Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы мұнай кенорындары ашылды. 300 - 1000 м тереңдікте мұнай көзі табылды. Ол жабысқақ, жоғары асфальттысмолалы қосындыларға бай, ванадий мен никель металдарының да мөлшері едəуір. Оларды өндіру, өңдеу жəне тасымалдауға мүлде жаңа техникалық құрал-жабдықтар қажет болды. Кен орындардың географиялық орналасуы Бозащы мұнайын Ақтау порты арқылы тасымалдау негізделді, осы мақсатта Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының жобасы жасалынды.
Бір топ ғалымдар мен бірлестіктің мамандары (А.А.Дергачев, А.И.Каширский, Н.К.Надиров, Б.У.Оразғалиев, В.В.Хуторный) Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбырының құрылысы кезінде құбыр транспортының экономикалық тиімділігіне қол жеткізетін жаңа технологиялық схеманы енгізуге бірлесе жұмыс атқарды. Бұл Өзен-Самара құбыры бойына салуға жоспарланған екі МАС мен төртаралық қыздыру пунктерін салмай-ақ жүзеге асыруға мүмкіншілік жасады.
Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры желісі бойында жалғыз Қаламқастағы бас МАС салынып, 1979 жылдың қарашасынан бастап іске қосылынды. Бұл жоба авторларына 1980 ж. Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық табыс етілді.
Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры (ұзындығы 264,5 км, диаметрі 426 жəне 720 мм) құрылысы межеленген уақытынан бұрын (18 айға жоспарланған жұмыс 10 айда орындалды) аяқталып, 1979 жылдың 29 желтоқсанында пайдалануға берілді. Қаламқас МАС салу мен іске қосу жұмыстарына Оңтүстік басқарманың қас шебер-мамандары З.Б.Əбдірахманов, М.А.Нұрғалиев, В.А.Ульченков, Ф.Г.Мулюков, Х.А.Үмбеталин, П.П.Волик, Л.Журавлев, Н.Миронов жəне тағы басқалар атсалысып, тер төкті.
Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай арнасының соңғы бөлімшесі Шевченко қаласының маңында (Өмірзақ ауылы) салынды, ол Өзен-Жетібай-Шевченко құбырының № 3 бөлімшесімен қиылысып жатыр. Бозащы түбегінің кен орындарынан өндірілген мұнай өнімдері соңғы қабылдау бөліміне жеткізілініп, танкерлерге тиелініп, Ақтау порты арқылы мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтіледі. Ақтау портының ең жоғарғы өнім өткізу күші жылына № 3 бөлімшеде 7 - 8 млн.т мұнайды құрайды.

Жоғарыдағы кестеде 1980 жылдан бастап Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбыры арқылы ағылатын тауар айналымы көлемі қысқарғаны анық, ал Қаламқас-Қаражанбас-Шевченко мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай өнімі едəуір артқанын байқаймыз.
Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау құбыры арқылы Бозащы мұнайы бірден танкерлерге құйылып, мұнай өңдеуші зауыттарға тасылды. 1980 жылдың 10 қаңтарында Ильич портынан Қаламқастың алғаш мұнайы Бакуге жөнелтілді, 1985 жылдың соңында жылдық өнім 5,7 млн.т жетті.
Шексіз ағылған мұнай № 3 бөлімде 1990 жылға дейін жылына 8,0 млн.т аспады. Ақтау портының мүмкіншілігін біле отырып, оны кеңейту, ұлғайту туралы мəселеге ешқандай көңіл бөлінбеді [8].
1988 ж. Оңтүстік басқарма қарамағында 27 бөлімше мен бірнеше қызмет түрлері болды. Аталған бөлімшелерде маңызды рөлді мұнай құбырларын пайдалану мен тауар-көлік бөлімдері иемденді.
1989 ж. КСРО Мемлекеттік кəсіпорындары жөніндегі заңының өзгеруіне сəйкес, Оңтүстік басқармада жаңадан бірнеше бөлімдер құрылады:
* Астрахан аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ААМБ);
* Балықшы аудандық мұнай құбырлары басқармасы (БАМБ);
* Құлсары аудандық мұнай құбырлары басқармасы (ҚАМБ);
* Гурьев су даярлау мен сумен жабдықтау басқармасы;
* Гурьев құрылыс-жөндеу басқармасы;
* Маңғышлақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстанның жер бедері
Мұнайдың геологиясы, пайда болу жолдары
Қазақстанның мұнайлы аудандары
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Қазақстандағы мұнай өндірісі туралы
Пәндер