Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны 4
2. Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары 7
3. Психологиялық диагностиканың этикалық-құқықтық аспектілері 9
Қорытынды 12
ӘДЕБИЕТТЕР 13

Кіріспе
Психологтың кәсіби этикасы - психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қауымдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру.
Қызмет жүйесінде психологиялық іс-атқару барысында этикалық кодекс талаптарын енгізу және қолдану . Психологиялық зерттеу зерттелушінің қатысымен жүргізіледі. Сондықтан психолог және зерттелуші арасындағы этика жайлы мәселе қозғалады. Олар қандай қағидаларға сүйенеді?
Америка психологиялық ассоциациясы (АПА) және Канада мен Ұлыбританиядағы осындай ұйымдар зерттелуші адам және жануарлармен қарым-қатынас жайлы негізгі нұсқаулар жасап шығарды (АПА 1990 ж.). Осылайша АҚШ-та федералды заң органдары федералды қаржыға жүргізілетін зерттеулерге іштей бақылау кеңесінің бояуын талап етеді. Бұл кеңес жүргізілетін зерттеулерді бақылап, белгілі этикалық қағидаларға сай нұсқаулардың орындалуына кепіл болуы керек.
Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың бірінші қағидасы -қауіптің аз болуы. АҚШ-тағы осы нұсқауда зерттеудегі болатын қауіп күнделікті тұрмыстағы қауіптен жоғары болмауы керек. Адамға физикалық зиян немесе жарақат болмауы керек, бірақ қандай да бір зерттеу жобасында болған психикалық стресс этикалық жағынан қаншалықты ақталатыны белгісіз. Әрине, күнделікті өмірде адамдар сыпайы бола алмайды, алдайды да басқаларды мазалайды. Егер зерттеу жобасы үшін зерттелушіге психолог осылай қарайтын болса, бұл қалайша этикалық жағынан ақталады? Міне осы сұрақты бақылаушы кеңес әрбір жеке жағдайда қарастыруы керек.
Зерттелуші-адам мен этикалық қарым-қатынастың екінші қағидасы -олардың келісімін талап етуі. Зерттелушілер өз еркімен келісіп, кез келген мерзімде зерттеуден ешқандай айыппұлсыз бас тарта алады. Оларды зерттеудің ерекшеліктерімен жалпы таныстыру керек. Бұл кейде зерттелушінің білмеуі кажет жағдайларына қайшы келеді.

1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны

Психологтың кәсіби этикасы - бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Ғалымдардың барлық категориялары үшін маңызды болып табылатын (экспериментальды мәліметтерді жинақтаудағы ғылыми шындық пен әдептілікті сақтау, тексерілмеген мәліметтер негізінде шыққан шұғыл шешімдерді, бөгде адамдардың зерттеу нәтижелері мен көзқарастарын меншіктенуден бас тарту т.б.) әртүрлі этикалық талаптар мен қағида, ережелермен қатар, психолог зерттеу жүргізу барысында зерттелінушінің жекелік қадір-қасиетін, олардың қызығушылықтарын кемсітуші немесе нұқсан келтіруші әдістерді, техникаларды, рәсімдерді қолданбауы қажет.
ХХ ғасырдың аяғында педагогтар мен психологтар үшін маңызды болып табылатын жаңа құбылыс келді. Педология кетіп оның орнына практикалық психология келді. Біраз жылдар өтеннен соң өздерін практик психолог деп атап спецификалық қызметтерін ұсынды. Ол қызметтер баланың оқуға даярлығын анықтау; бизнес жоспарларды психологиялық қамтамасыз ету; кәсіп иелерінің психологиялық сипаттамасымен олардың үйлесімділігін болжау т.б. Бұлар кімдер? Олардың әлеуметтік статустары мен қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны қандай? Индивидуалды және әлеуметтік өмірге әсер ету үшін қандай құқықтарға негізделіп жауапкершілікті мойнына алады?
Адамның "Мен-концепциясы" деңгейінде өз кәсіби әрекеттеріне шектеулер де қойылады. Мысалы:өзіне немесе басқа адамдарға "Мен мұны істей аламаймын, қолымнан келмейді, нашар істеймін немесе біреудің көмегімен ғана емес кәсіби жауапкершілік аумағы да, сондай-ақ "істей алмаймын „ дегенді болдырмауды жоюды кәсіби жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер де жатыр.
Ғасырдың басындағы психолог мамандығының ипайда болуы оқу және еңбек әрекетінде адамдардың индивидуалдылық ресурстарды қолданудыңяғни адам жақсы оқуы және жақсы жұмыс істеуі қажеттілігіндегі, әлеуметтік міндеттермен байланысты болды. Ал бұл еңбек психологиясы тарихымен оқыту психологиясы тарихында жалғастырылып көрсетілді. Соңында психологиялық білімдердің жаңа саласы индивидуалды айырмашылықтар психологиясының пайда болуына жағдай жасады.
Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамаларының бьірінен жұмыс істей бастады.
Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Еңбек адамдарының еңбек сферасындағы адамгершілік қатынастарының кәсіби этика реттеп отырады. Қоғам материалды және құндылық өндірісінің үздіксіз процесі нәтижесінде ғана дұрыс қызмет етіп, дами алады.
Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері болып табылыды.
Кәсіби этика мыналарды зерттейді׃
- ұжымның еңбек қатынасын және әрбір маманның жеке қатынасы׃
- кәсіби міндетін жақсы орындауды қамтамасыз ететін маманның адамгершілік қасиеттері;
- кәсіптік ұжымның ішкі өзара қатынасы және дәл сол кәсіпке тән спецификалық адамгершілік нормалар
- кәсіби тәрбиелеу ерекшеліктері.
Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:
1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;
2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);
3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;
4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;
5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ ) т.б;
Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.
Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.
Инновациялық портал жұмысының мақсаты:
Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.
2. Этикалық кодекс деп - қандайда бір сферадағы адамдардың қатынастары мен әрекеттері негізіндегі мінез-құлықтың адамершілік ережелерінің жиынтығын атаймыз. Этикалық заңдар жиынтығына жақсылық категорияларын көрсетуші өнегелік ережелер, яғни адамдар үшін игілік орнататын, оларға пайда әкелетін, бақытты ететін адамзат мәдениеті мен өркениеті тарихында қалыптасқан жалпы ұстанымдар жатады. Бұған қарама-қайшылық ретінде жауыздықпен байланысты адамдарды бағытсыздыққа, жамандыққа бағыттаушы категорияларды атауға болады.
Этикалық заңдар жиынтығы құқықтық емес, адамгершілік нормаларға негізделеді. Демек бұл кодексті бұзған адам заңға сәйкес ешқандай жауапқа тартылмайды және жазаланбайды.
Психологиялық қызмет жұмысына, оның құрылымына жататын практик психолог әрекетін басқаруға этикалық кодекстің жату себебі, практика психологтың тіршілік барысында басынан кешіргендері, мысалы білім беру жүйесінде қандайда әлеуметтік ситуацияда психологтың әрекетін регламенттеуші бірмағыналы нақтырақ айтсақ құқықтық шешімге ие болуы, құқықтық нормада немесе кестеде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, философияда біраздан бері "этика" деп аталатын бөлім бар. Ол бөлім бойынша адамгершіліктің, өнегеліліктің ғылыми анықтамасы беріліп, оның шығу тарихы мен бастаулары, олардың адамзат тарихы мен өркендеу процесі дамуында жаңарып, өзгеріп отыруы қарастырылады.
Практик психологтың кәсіби этикалық кодексіне жататын барлық моральдық нормаларды жүзеге асыру және қолдану аумағындағы әрекетіне байланысты бөліп көрсетуге болады. Бұл - блалар дамуының қызығушылығын біреу бұзған жағдайдағы психолог әрекеті; балаға қанағаттанарлық дәрежеде көмек бере алмаған және ресми мақұлданбаған, тексерілмеген әдістерді қолдануға мәжбүр болған жағдайдағы психологтың әрекеті; психодиагностикалық зерттеулер нәтижесін жариялауға қатысты ситуацияларда мұғалімдермен, ата-аналармен психологтың арасында орын алған қатнас; баланың тағдыры шешілетін жағдайдың психологтың әрекеті сияқты т.б. позициялар.

2. Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Практикалық психодиагностика-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің өте қиын және жауапты саласы. Ол сәйкес білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, ол адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Оның негізінде медициналық немесе сот-психологиялық диагноз қойылады, оның негізінде жұмысқа іріктелу жүргізіледі. Осыған байланысты психодиагностикаға және психодиагносттарға бірқатар әлеуметтік - этикалық талаптар қойылады. Оның жартысы практикалық психологтың этикалық кодексіне енгізілген. (білім алу психологиясы, 28-парау), қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Оның ішінде - психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, қорытындылардың объективтігі және ұсынылатын нұсқаулардың тиімділігі.
Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.
Ғылыми негізделу принципі психодиагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.
Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Психодиагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.
Қорытындылар объективтігі принципі нәтижелер ғылыми негізделгендігін талап етеді, яғни тест нәтижелерінен шығу керек, ол тесттерде мықты, сенімді және валидтық әдістемелер қолдануы керек, тест өткізетін адамдарға тәуелді болмауы керек.
Ұсынылатын нұсқаулардың тиімділік принципі. Нұсқаулар міндетті түрде зерттелетінге пайдалы болу керек. Пайдасы жоқ тест нәтижелерінен ешқандай нұсқау ұсынуға болмайды.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше кәсіби талаптар қойылу керек. Мыналар негізгілері:жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелерді өте жақсы білу сәйкес әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибенің бары.
Әр психодиагностикалық әдістеме бос жерден пайда болмайды, ол сол объектің психологиялық теорияның негізінде пайда болып, дамиды. Мысалы интелект тесттері өзінің шығу табиғатына, құрылымы, маңызы туралы ғылыми анықтамаларына негізделеді. Тұлға тесттері тұлғаның белгілі бір теориясынан жығады. Әр сәйкес теорияны біліп, зерттелетін объект туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы, бір қасиеттің психодиагностикасын жүргізіп, екінші қасиет туралы нәтижелер алуға болады. Мысалы Фрейдтің психоанализіне сүйенетін тақырыптық апперцептивтік тест тұлға тестінің нәтижелерін интерпретациялап және ғылыми негізделген қортындыларды алуды көздейді.
Кез келген психодиагностикалық әдістемелік дұрыс қолдануға байланысты теорияны білу міндетті болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Психодиагностика ұғымы
Психодиагностиканың жағдайлары
Психодиагностика жүргізуге қойылатын кәсіби этикалық талаптар
Кеңес берудің психологиялық мәні
Кәсіби біліктілікке психодиагностика
Психодиагностқа қойылатын талаптар
Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностика
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Пәндер