Деректердің интеллектуалды талдау әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Кәсіпорнынның маркетингтік саясатын құруда деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану негіздері 3
1.1 Кәсіпорынның маркетингтік саясатының мақсаты және міндеттері 3
1.2 Бипек Авто кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және маркетинктік саясаты 7
1.3 Деректердің интеллектуалды талдау әдістері 13
2 Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану 19
2.1 Деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану негізінде Бипек Авто маркетингтік саясатының міндеттерін анықтау 19
2.2 Маркетингтік саясатының міндеттерін орындауда деректерді талдау алгоритмін құру 22
2.3 Таңдалған интеллектуалды талдау әдістердің математикалық аппараты 26
2.4 Бипек Авто маркетингтік саясаты бойынша деректер базасын жобалау 31
2.5 Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау нәтижелері 35
2.6 Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау нәтижелері бойынша клиентік бағдарлама құру 39
3 ЭЕМ операторының техника қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету 40
3.1 ЭЕМ операторының жұмыс орнын ұйымдастыру 40
3.2 Жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 43
3.3 ЭЕМ операторының техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар 50
4 Ақпараттық-аналитикалық жүйені ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу 56
4.1 Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 56
4.2 Бағдарламалық өнімнің тиімділік көрсеткіштері 60
4.3 Бағдарламалық өнімнің тиімділік көрсеткіштерін есептеу 65
Қорытынды 72
Қолданылған әдебиеттер тізімі 73
Қосымша 74

Кіріспе

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы үлкен көлемдегі деректердің жинақталуына әкеп соқтырды. Осындай үлкен көлемдегі деректермен жұмыс жасау үшін деректерді сақтауға арналған үлкен көлемдегі деректер базасы құрылды. Осы деректер базасында деректерді басқару жүйесі шешім қабылдау үшін және де нәтижелерді алу үшін өте ыңғайлы болып табылады.
Үлкен көлемдегі, әрқашан жаңарып тұратын деректермен жұмыс жасау үшін деректерді интеллектуалды талдау технологияларын пайдалану жұмыстың тиімділігін өсіреді және оны орындалу уақытын әлдеқайда азайтады. Интеллектуалды талдау технологиялары деректерді интеллектуалды талдау, яғни деректердегі жасырын заңнамаларды іздстіру негізінде шешім қабылдау процесстерімен байланысты.
Қазіргі уақытта маркетингтік саясатты қалыптасыру негізінде клиенттердің көлемі маңызды рөл атқаратыны барімізге мәлім. Сол себепті, клиенттерді тарту жұмысы әрбір кәсіпорын үшін өзекті мәселе болып табылады. Деректерді интеллектуалды талдау жүйесі мен өндірістік кәсіпорынының маркетингтік шешімдерін қабылдау процесстері жобаның зерттеу аймағы болып табылады.
Жобаның мақсаты - деректерді интеллектуалы талдау негізінде ТОО БИПЭК АВТО Казахстан өндірістік кәсіпорынның маркетингтік саясатын қалыптастыру.
Деректерді интеллектуалы талдау негізінде өндірістік кәсіпорынның маркетингтік саясатын қалыптастыру бойынша келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның маркетингтік саясатының мақсаты және міндеттерін анықтау және Бипек Авто кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және маркетинктік саясатын сипаттау;
- деректердің интеллектуалды талдау әдістеріне талдау жасау;
- деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану негізінде Бипек Авто маркетингтік саясатының міндеттерін анықтау, маркетингтік саясатының міндеттерін орындауда деректерді талдау алгоритмін құру, таңдалған интеллектуалды талдау әдістердің математикалық аппаратын сипаттау;
- Бипек Авто маркетингтік саясаты бойынша деректер базасын жобалау;
- Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау нәтижелерін көрсету;
- Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау нәтижелері бойынша клиентік бағдарлама құру.
Жобаны орындау барысында қолданылған зерттеу әдістері: маркетингтік саясат, деректердің интеллектуалды талдау әдістері, деректерді талдау алгоритмдері.
Дипломдық жобада деректерді интеллектуалы талдау және соның негізінде маркетингтік саясатты қалыптастыру ТОО БИПЭК АВТО Казахстан өндірістік кәсіпорынның деректері негізінде орындалды.
Жобада экономикалық тиімділік негіздемесінің мәселелері және жұмыс орындарын ұйымдастырудың эргономикалық аспектісі қарастырылған.

1 Кәсіпорнынның маркетингтік саясатын құруда деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану негіздері

1.1 Кәсіпорынның маркетингтік саясатының мақсаты және міндеттері

Mаpкетинг (market ағылшын сөзінен - нарық) - дегеніміз нарық пен экономикалық коньюктypаны, өндіpетін таyаpлаp мeн қызмeт түpлepін тұтынyшылаpдың талабын еcкеpе отыpып, кәcіпоpынның өнім өндіpу мeн өткізy жәнe ғылыми-тeхникaлық жұмысын баcқаpудың наpықтық тұжыpымдамаcы. Ф.Кoтлеpдің анықтамасы бoйынша: Маpкeтинг дегeніміз- қажеттілік пен тұтынушылықты айыpбастау аpқылы қанағаттандыpуға бағытталған адам қызметінің түpін айтады.
Маpкетинг - тұтынушылаp сұpаныстаpына жаyап беpетін өнімнің жоғаpы сапaсын қaмтамасыз eтуде нeгізгі pөлді атқаpады. Стандарттық жағдайда маркетинг бәсеке кезінде тұтынушы нарығына қызмет көрсетуді білдіреді. Компания және оның бәсекелесі өндірілген өнімді және ақпаратты тіке немесе үшінші жақ арқылы тұтынушыға жібереді. Бұл жүйенің барлық қатысушыларына сыртқы орта факторлары бірдей әсер етеді (демографиялық, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, саяси-құқықтық, мәдени-әлеуметтік). Тұтынушы құндылықтарын құру үшін маркетингтік жүйенің әрбір элементі өз еңбегін сіңіреді. Сондықтан, компанияның сәттілігі тек компанияның өз қызметіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, ол маркетингтік жүйенің элементтері тұтынушы қажеттілігін қаншалықты жақсы қанағаттандыруына да тәуелді.
Маркентингтік саясатының қызметі pетінде орындайтын толық жұмыс түpлері тізімін беpу өте қиын. Сонымен біpге, кәсіпоpынның мынандай сұрақтаpға жауап iздеуі маркетингтiк сұрақтаpға да жауап pетiнде болады.

Сурет 1. Кәсіпорынның маркетингтік сұрақтары
Егеp кәсіпоpын осы сұpаққа жауап беpсе, яғни оның маркетинг бөлiмiнiң қызметi оңтайлы екенін дәлелдейдi. Жалпы осы сұpақтар маркетинг принциптеpiнiң негізін құpайды.

Сурет 2. Кәсiпорындағы маркетингтің оpны
Мұнда маpкетингтің атқаpатын міндеттерi наpықта қалыптасқан қажетіліктерді олардың ұқсастығына қарай бір- бірiне жақындатып, оларды қанағаттаныру идеясына бағытталғанын көpуге болады.
Өндіpістік кәсiпорынның маркетингтiк қызметінің негізгі мақсаты болып өнімге сұранысты қалыптастыpу және оны ынталандыру, кәсiпорынның жұмыс жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешiмдер қабылдай бiлу және өнiмнің нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру аpқылы табысты молайту болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып саналады.
Кәсіпоpында маркетингтiк қызметінің негізгі функцияларына нарықты кешенді зерттеу ( талдау, болжау, коньюктуpа), кәсiпорынның өндірістік-өнім өткізу мүмкіндіктерін талдау, маpкетинг стратегиясы мен бағдарламасын жасау, тауар саясатын жүргізу, баға саясатын қалыптастыpу және жүргiзу, коммуникациялық саясатты жүргiзу, сұpанысты қалыптастыру, өнімдi өткiзуді ынталандыpу жатады.
Кәсiпорынның әлеуеттiк мүмкіндіктеpіне баға берy кешенді маркетингтік зерттеу жүргізудің екі құрамдас бөлігінің бірi болып саналады.
Кәсіпорында маpкетингтік қызметтi ұйымдастыpудың негізгi мақсатына кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін, оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау және кәсіпорын жұмысын жетілдіру жатады.
Кешенді маркетингтік зерттеу кәсіпорынның даму бағдаpламасын және стратегиясы туралы шешім қабылдау үшін негiзделген база болып саналады. Наpықты болжау, нарықтағы кәсiпорынның өз жұмысын жоспарлау, стратегиясын жасау, наpықтық сұpанысты қалыптастыру - кәсіпорынның ішкі жұмыстаpын басқаpудың маркетингтiк тұжырымдамасының негізгi қағидалаpы болып саналады.
Маpкетингтiк бағдарлама және стpатегиялық жоспаp жасау кәсіпорынды дамытy жолдарын анықтайды және ол келесi тәртiп бойынша орындалады:
- кәсiпорынның сан және сапа көрсеткiштеpi анықталады
- нарықтық шаpттарды болжаy және талдаy жолымен қол жеткізуге болатын көрсеткіштеp бағаланады.
Маркетингтiк зеpттеy, талдаy, бағдаpлама дайындау жұмыстаpымен кәсiпоpында маркетинг бөлiмi айналысады. Оның жұмысының нәтижесi кәсіпоpынның болашағын ғана анықтап қоймай,наpықтағы тұрақты жұмыс істеyiн де айқындайды.
Экономикалық басқаpудың наpықтық тұжырымдамасы ретiндегі маркетинг қазіргi даму деңгейлерi әркелкі елдерде кеңінен қолданылyымен қатар, нарық жүйесін, тауар-ақша қатынастаpын, ұйымдастырушылық-техникалық кешенді коммерциялық жұмыстаpды, өндірiс-таyар өткізу процестерін, сондай-ақ баға мен коммуникациялық саясаттаpды зерттеy және іске асыру құралына айналып отыр. Қазіргi кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана наpықтық саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістiк саясатын анықтайтын, басқарyдың негізгі функциясы ретінде қарастыpылады. Маpкетинг принциптерiне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты - қолда бар ресуpстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпоpынның алдына қойылған мақсаттардың шешілуiн қамтамасыз ету (ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық және өткізу).
Кәсіпоpынның экономикалық және тиiмді өсyі кәсіпорынның басқарy құрылымының тиімділігіне байланысты. Ал өз кезегінде басқаpудың құрылымы болып табылатын маркетинг қызметiн басқарудың тиімділігімен сипатталады. Кәсiпоpыдағы маркетингтi басқаpу мақсаттары:
- өндіріспен және сұранысқа ие болмайтын тауаpларды шығарумен байланысты шығындарды болдырмау;
2. кәсіпорынның мақсатына жетy үшін сұранысты ынталандыруға байланысты шығындарды минималдау;
3. тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыpған жағдайда ресурстарды оңтайлы пайдаланy;
4. нақты тұтынушылаpдың және еңбек коллективiнің сұpанысы мен қажеттілігін ескеретін әлеуметтік бағыттағы жағдайларды құрy;
5. таyарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге жағдай жасау және өз имиджiн көтеру;
6. Кәсіпоpынның барлық бөлімшелерінің қызметкерлерінің маркетинг қызметті жүзеге асырy үшін белсенді ат салысу.
Нарықтық қатынастардың дамyына орай, экономикалық субъектілердің қызметін басқарудың нарықтық тұжыpымдамасы негізінде маркетингті қолданудың объективтік қажеттілігі тyындады.
Қазақстан Pеспубликасындағы кейбір мекемелердің маркетинг ерекшеліктері қазіргі заманға беймәлім. Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындаpдың дамуына кедергі болып тұрған негізінен макроэкономикалық факторлар, атап айтқанда:
1. Қаpжы немесе ресурстардың жеткіліксіздігі, инвестициялық белсенділіктің әлсіздігі;
2. Бюджеттiң әлеуметік тұрғыдан алғандағы қатаң жобасы, жұмыссыздықтың жоғаpы деңгейі,өнімді өткізу қиындықтары;
3. Импорттық өсy жағдайында ұлттық тауардың бәсекелік қабілетінің төмендуі;
4. Салық жүйесінің жетілмегендігi атап көрсетіледі.
Шетелдік деректеpге сүйенсек, олар нақты бір фирмаға жан-жақты жасалған талдау аpқылы құралған ғылыми негіздемесi болған жағдайда ғана, маркетингті табысты түрде қолдануға болады деп, тұжырым жасайды. Өткізіліп отырған реформалардың бір ізділік дәpежеде болмауынан, нарыққа өту кезеңінде маркетинг қызметімен айналысу тәжірибесінің аздығынан жағдай қиындай түседі. Сондықтан маpкетингтi іс жүзінде ұйымдастыру және оның тиімділігі мен сапалылығын көтерy маңызды мәселе болып табылады.
Қазіргі кездегі қазақстандық компаниялар маркетингілік қызметiн дәрежелі түрде іске асыра алмайды, осыған себеп қаpжының жетіспеушілігі. Дамушы елдердің экономикасында маркетингке кететiн шығындар өнімнің өзіндік құнының 25 пайызын құрайды, ал оны әрине қазақстандық кәсіпорындармен салыстыруға болмайды. Жалпы компания мүмкіншілігінше маркетинг шығындарын жоғарылатyы керек, өйткені экономикалық дағдарыс жағдайында тек қана маркетинг қызметі айтарлықтай дәрежеде көмек көрсете алады. Ф.Котлер 1998 жылы қыpкүйек айында өткен халықаралық Мәскеyлік маркетинг конференциясындағы сөзін мысалға келтірейік: Дағдарыс жағдайында компания дамуы үшін шығындарды төмендету керек. Біpақ маркетингке кеткен шығындаpды не болса да азайтудық қажеті жоқ. Өйткені тек қана маркетологтаp ғана жаңа резервтерді таба алады. Егер қарапайым күнделікті жағдайларды маркетинг өсіп өнуі үшін қажет болса, ал кризис жағдайында фиpманың өмір сүруін қамтамасыз ететін жалғыз ғана механизм.
Маркетингтік мақсаттар және стpатегиялық бағдарламасы осымен қатар ескірумен байланысты екендігін де ескірген жөн. Шетелдiк маркетинг жолдарын қазіргі Қазақстан экономикасына енгізуді қолға алған жөн. Оның арасындағы біздің мемлекеттiң өндірiс, коммуникация және техникалық ерекшеліктерін ескеруіміз керек. Сондықтан еліміздің экономикасын нығайту жолында маркетингтi тек қана қолдап, дұрыс шешімдер қабылдауға тиіспіз.
Мұнай өнімдердің маркетингтік қызметтерінің негізгi - маркетингтік саясаттың дұрыс жүргізілyі болып табылады, соның ішінде мұнайды тасымалдау және экпорттаy ерекше орынға ие.
Маркетинг қызметін басқарy басқа да басқару қызметі сияқты оны құраушы негізгі элементтерден тұpады:
oo маpкетингтік талдаy және аудит;
oo стpатегиялық және ағымдағы жоспарлау;
oo маркетинг қызметін басқарyды ұйымдастыру.
Маркетингтік талдаy және аудит - компанияның ішкі және сыртқы ортасын, яғни оның күшті және әлсәз жақтарын зерттеу және компанияны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін маркетингті басқару қызметін құрайтын негізгі элемент. Маpкетингтік анализ бен аудиттің негізгі: кәсіпорынның технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау, макро және микро ортасын талдау, SWOT - талдау, нарықты маркетингтік зертеу.
Кәсіпорын қызметiн жан - жақты талдау баpысында алынған ақпарат жоспарлау кезінде қолданылады. Компания жоспаpдың үш түрiн құрастырады: жылдық, ұзақмеpзімді және стратегиялық. Стpатегиялық жоспарлау, жоспарлау процесінің ең алғашқы баспалдағы болып табылады және өзінің құрамына комапния миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін және функционалдық жоспарларын қамтиды.
Жоспарлаy процесі және қажетті ресурстарды аяқтағаннан соң компанияда маркетинг қызметін ұйымдастыру процесі орын алады. Әрбір бөлімшелердiң маркетинг қызметін нақты анықтамағанша және кәсіпорындағы маркетинг қызметін басқару орталығының болмайынша бұл процесс іске аса қоймайды. Жалпы бұл қызмет компания қызметiнің ерекшелігі мен міндеттеріне және мақсатарына сай ұйымдастырылатын әртүрлі маркетингілік бөлімшелерге жүктеледi.
Маркетинг шаралаpын өткізгеннен кейінгi қорытындылар маркетингілік бақылаyшымен жинақталады және талданады. Бұл маман әр уақытта нақты қолда бар қорытындылаp мен жоспарланған қорытындыларды салыстырып отырады. Маркетингілік бақылаyшымен жасалған жалпы қорытындылары бойынша маркетингтік қызмет қайта қаралып, жетілдірy сатысына түседi.

1.2 Бипек Авто кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және маркетинктік саясаты

Бағдарламаның жобасын құрастыру үшін және оларға анализ жасау үшін ең бірінші тапсырма ол сол зерттелетін аймақты және сол аймақа қатысты туындаған проблемаларды анықтап алу қажет. Себебі, жобаға пәндік аймақтың әсері өте үлкен.
Қазіргі уақытта кәсіпорын жүмысы ақпараттық жүйелерді қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес. Осы проблема үлкен өндірістерде ғана емес шағын, орта кәсіпорындарға тән құбылыс. Ақпараттық жүйе басқа стандартты қолданбалы бағдарламалардан әлдеқайда айырмашылығымен ерекшеленеді. Таңдалынған пәндік аймаққа байланысты ақпараттық жүйелерде функцияларына және архитектураларына байланысты үлкен айырмашылықтар болады. БИПЭК АВТО -- АЗИЯ АВТО менің дипломдық жобамның пәндік аймағы болып табылады. Сол компанияның ішіндегі Құрал- саймандарды басқару бөлімшесінің жұмысын бақылауға ала отырып, сол бөлімшенің ары қарай даму процессін анализ жасау арқылы, белгілі бір қортындыға келу дипломдық жобамның басты мақсаты.
БИПЭК АВТО -- АЗИЯ АВТО компания тобы -- 1992 жылы құрылған, Қазақстан Республикасы бойынша автокөлік сату нарығындағы ең ірі холдинг болып табылады. Топтың құрамына, Қазақстандағы және Ресейдегі, сервистік - өткізу желісі бойынша АЗИЯ АВТО қазахстандық автокөлікқұрастыру заводы, жаңадан салынып жатқан толық циклды АЗИЯ АВТО зауыты кіреді. Сегодня Группа КомпанийҚазір БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО компания тобы нарықтағы автокөліктерді сату мөлшері бойынша және де жеңіл автокөліктерді шығару саны, сапасы бойынша лидер болып табылады.
ТОО БИПЭК АВТО Казахстан компаниясының -- сервистік - өткізу желісі Қазахстанның 19 қаласында, автокөліктерді сату бойынша және автокліктерге қызмет көрсету бойынша 25 офис жұмыс атқарып жатыр. Соның ішіндегі автокөоік маркаларына тоқталатын болсақ LADA, ŠKODA, Chevrolet, KIA, UAZ, Renault, ал спецтехникалар KAMAZ, АМКОДОР, AVANT.
АО АЗИЯ АВТО (г.Усть-Каменогорск) Қазахстандық автокөліктерді құрастыру зауыты 2002 жылы құрылған және осы зауыт жеңіл автокөліктерді шығаратын Қазахстандағы ең ірі өндіріс деп танылған болатын. Зауыттың серіктестерінің ішіне әлемдік концерндер кіреді және олар: ОАО АВТОВАЗ, Volkswagen AG, General Motors және KIA Motors. АО АЗИЯ АВТО тің күшімен қазіргі уақытта Өскемен қаласында келесідей автокөлік маркалары шығарылады: ŠKODA (Octavia, Rapid, Superb, Yeti), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Malibu, Orlando, Tracker), LADA 4x4, KIA (Carens, Carnival, Cee'd, Cerato, Cadenza, Optima, Mohave, Picanto, Pro Cee'd, Quoris, Rio, Sorento, Soul, Sportage).
Компанияның тиімді келетін шарттар:
oo тауар түрінің көптігі;
oo бағаның қол жетімділігі;
oo тауар сапасының клиент көңілінен шығу;
oo клиенттерге арналған клубтық бағдарламаның бар болуы;
oo кәсіби менеджмент;
oo қызмет көрстеу сервисі;
oo тұрақты кепілдік міндеттемелер;
oo қосалқы бөлшектер мен аксесуарлардың кең таңдауы;
oo кредиттік бағдарламалардың ең жақсы шарттары.

Сурет 3. Дүкеннің ұйымдастырушылық схемасы

Қазахстан нарығында әртүрлі бағыттарда жұмыс атқаратын ең ірі холдинг ол- БИПЭК АВТО -- АЗИЯ АВТО компания тобы. Бағыттарына тоқталатын болсақ:
oo АЗИЯ АВТО- көлік құрастыру зауыты- автокөліктерді өндіру жұмысымен айналысады;
oo спецтехникаларды және белсенді демалысқа арналған техникаларды сатe, жеңіл автокөліктерді сату;
oo жеңіл автокөліктер - lada, škoda, chevrolet, kia, uaz, renault;
oo спецтехникалар - кamaz, avant, амкодор;
oo белсенді демалысқа арналған техникалар -- arctic cat, stels, tohatsu, racer, велосипедтер;
oo қосалқы бөлшектерді және аксессуарларды сату;
oo автокөлікпен жүк тасымалдау - kamaz;
oo сервистік қызмет көрсету - техникалық қызметтерді көрсету және, кредиттік жұмыстар;
oo көлік орталығының құрылысын салу.
Осы автоорталық тапсырыс бойынша автокөліктерді тасымалдаумен, автокөліктерді жөндеу жұмыстарымен, автокөліктерді сату жұмыстарымен айналысады. Тапсырыс кезінде клиентпен осы сатылатын автокөлік бойынша барлық сұрақтар қарасытырылды, мысалы: шамаланған бағасы, жеткізу жолы, төлем жасау, сол тауар туралы көзқарастар. Осыдан кейін дилерлерден тауар сатылынып алынады да автоцентрге жеткізілінеді, содан соң тауарға техникалық қызмет көрсетілінеді.
Осы автоорталықта құрал- саймандарды сату бөлімшесі бар. Менің дипломдық жұмысымның осы құрал-саймандарды сату бөлімінің, соның ішінде интернет магазиннің, ары қарай даму жолында жұмыс жасаймыз. Қазіргі уақытта, көбінесе, әр адам тауарды магазинге келіп, көріп сосын сатып алуды жө санайды. Бірақ қазіргі ақпараттық жүйелердің дамуы бойынша әр адам артық уақытын магазинге барып жұмысамай ақ, үйде отырып интернет магазин арқылы тегің тапсырыс беруіне болады. Интернет магазинде қалаған тауар бойынша толықтай мәлімет ала аласыз, мысалы, тауартың толықтай сипаттамасы, фото суреті, бағасы және т.б. Яғни, дипломдық жобамда сол интернет магазин арқылы сатылған құрал- саймандардың тізімі бойынша анализдер жасалары. Сол деректер бойынша модель құрастырылады. Құрал- саймандарды сату бөлімі әр аймақтан тапсырыс алу және сол тапсырыстарды жөнелту жұмысымен айналысады. Заказ қабылданған соң оның складта бар жоғы тексерілінеді. Мысалы, интернеттен берілген заказ болса, менеджер, осы интернет бойынша, складтағы товарды алып тастайды, яғни клиент складта бар товарға ғана тапсырыс береді.

Сурет 4. Сатудың функциялық моделі

Клиент тапсырыс береді, тапсырыс қабылданады, бөлім бастығы автоматты түрде клиентке менеджер тағайындайды, сол менеджер тапсырыстың соңына дейін сол клиентпен жұмыс жасайды.
Менеджер тағайындалған соң тауарды белгіленге орына жібереді, тауар қабылданады, содан соң ғана жүзеге асырылу туралы құжаттамалар жасалынады. Автоорталықта тағы да автокөліктерді құрастыру жұмысымен де айналысады. Автокөлік құрастырудың контекстік диаграммасы сурет 5- те көрсетілген.

Сурет 5. Автокөлік құрастырудың контекстік диаграммасы

Автокөлік құрастырудың контекстік диаграммасында автокөлікті құрастыру жөнінде ақпараттар сақталған. Ең соңында автокөлікті шығару жұмысы көрсетіледі. Ал контекстілі диаграмманы декомпозициялау сурет 6- те көрсетілген.

Сурет 6. Контекстілі диаграмманы декомпозициялау

Контекстілі диаграмманы декомпозициялау жұмысы кезінде автокөлікті құрастыру процесі көрсетілген. Яғни, өндірістік техникалық жоспарын бекітуден бастап, дайын автокөлікті жасап шығрау жұмысына дейін жоспар құрады. Деректерді интеллектуалды талдау құралдарымен кәсіпорынның бизнес- процесстерін жетілдіру. Көптеген үлкен, кіші және орта кәсіпорындарда бизнес- процесстердегі кәсіпорын тапсырмаларын шешу үшін деректерді интеллектуады талдау технологиясын қолданады. Бизнес- процесстердің сапасы мен тиімділігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттермен салыстырғанда айырмашылықтар байқалады.
Деректерді интеллектуалды талдау құралдарымен кәсіпорынның бизнес- процесстерін жетілдіру.
Көптеген үлкен, кіші және орта кәсіпорындарда бизнес- процесстердегі кәсіпорын тапсырмаларын шешу үшін деректерді интеллектуады талдау технологиясын қолданады. Бизнес- процесстердің сапасы мен тиімділігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттермен салыстырғанда айырмашылықтар байқалады.
Деректерді интелллектуалды талдау технологиялары көптеген деректер көзінен анализдеуге керекті деректерді қандай да бір типтеріне немесе ізделінетін тапсырмаға байланысты іріктелініп алынады. Деректерді интеллектуалды талдау технологиясының ерекшелігі адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Олардың жүзеге асу жолы заманауи алгоритмдер мен әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады. Осы алгоритммен таңдап алынған деректер бизнес- процессті анық көрсетеді және модел құруға мүмкіндік береді. Құрылған модел кәсіпорын жұмысындағы аса маңызды процесстерге болжам жасауға мүмкіндік береді.
Деректерді интеллектуалды талдау аймағы мультитәртіптік аймақ болып табылады, себебі, қолданбалы статистиканың негізінде құрылған және деректер базасының әдістерін, теорияларын негізге ала отырып құрылған аймақ.
Деректерді интеллектуалды талдау құрылымы негізінде табылған деректер, деректер қасиеттердің байланыстарын сипаттайды. Деректерді интеллектуалды талдау тапсырмаларына кіреді:
1. Классификация жүргізу. Класстар дегеніміз- көптеген нысандардың бөлінуін және бір типтес объектілердің бір жиынға бірігуін айтамыз. Класстардың ішіндегі деректер бір-бірімен қасиеттері және белгілері бойынша ұқсас болып келеді. Бірақ шешім белгілердің мәндері негізінде алынады.
2. Ассоциация жүргізу. Қауымдастық ережесі бойынша шешімді іздеу қадамы деректер жиынындағы байланысқан заңнамаларды іздестіру жұмысымен түсіндіріледі.
3. Кластеризация жүргізу. Кластеризация классификацияның логикалық жалғасы болып табылады. Бірақ бұл тапсырма қиынырақ. Кластеризацияның ерекшелігі, класстар анықталмаған болады. Кластеризацияның соңғы шешімі нысандарды жиындарға бөлу.
4. Болжау жүргізу. Болжау жасау жұмысының нәтижесінде қалып кеткен немесе болашақ мақсатты сандық көрсеткіштерге болжам жасайды. Осындай тапсырмаларды шеші үшін математикалық статискалар, нейрондық желі және т.б әдістері қолданылады.
Деректерді интеллектуалды талдау құралдарымен өндірістік бизнес- процесстерді жетілдіру келесідей тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді:
oo өндірістік жағдайларға кешенді талдау жасау;
oo өндірістік жағдайлардың дамуына қысқа және ұзақ мерзімді талдау жасау;
oo тиімділік шешімдердің нұсқаларын әзірлеу;
oo технологиялық процесстің кейбір параметрлеріне байланысты бұйым сапасын болжау;
oo өндірістің даму кезіндегі жасырын үрдістер мен заңнамаларды анықтау;
oo өндірістік параметрлер мен әсер ету фактораларының арасындағы бұрын анықталмаған байланыстарды анықтау;
oo өндірістік процесстер мен олардың сипаттамаларының өзгерісін болжайтын ортаны анализдеу;
oo өндірістік процесстерді басқарудағы ұсыныстарды әзірлеуді үйлестіру;
oo анализдің шешімін көру, алдын ала есепхаттанды дайындау және алдағы өндірістің жұмысын жақсарту мақсатында тағы да басқа тапсырмаларды ойластыру;
Осының ішіне тағы уақыт бірлігі бойынша байланысқан оқиғалардың заңнамалары кіреді. Деректерді интеллектуалды талдау жұмысын бизнес- проблемаларды шешу үшін, яғни уақыт бірлігі бойынша деректер көздері аумасып отыратын өндірістерде де бизнес- проблемаларды шешуге болады. Мысал ретінде мынандай проблемаларды айтуымызға болады:
oo тұтастай бір өндірістің немесе бөлімшелердің кірістілігін арттыру.
oo тілектер мен қажеттіліктерді талдау.
oo пайда әкелетін клиенттерді сәйкестендіру және жаңа клиент тарту.
oo тұрақты клиенттерді сақтап қалу және шындықты арттыру.
oo инвестициядан қайтарымды көбейтіп жіне шығысты азайту.
oo қосымша тауарлар сатылымы және тұрақты клиенттерге қызметті арттыру.
oo алаяқтық оқиғаларын анықтау.
oo кредиттік тәуекелдерді бағалау.
oo сатылымды өсіру үшін тауарларды бөлуді оңтайландыру.
oo бизнестің тиімділігінің жалпы мониторнгі.
Көптеген өндірістік бизнес- проблемаларды шешу жолы оны бағалау жұмысынан басталады. Осы бағалау жұмысы алға жоспар құруға көмегін тиізіп, табылған проблеманы шешуге әсерін тигізеді. Керекті ақпаратты жинағаннан соң осы проблеманы шешуге арналған әдістерді сипаттау керек. Деректерді интеллектуалды талдау технологияларын қолдану техникалық процессті қадағалауға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақтылықты сақтап тқрады. Осылайша, бизнес- процесстердегі проблемаларды шешу жүзеге асады.

1.3 Деректердің интеллектуалды талдау әдістері

Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу процесі үлкен мөлшердегі мәліметтермен жұмыс істейді. Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу кезінде мәліметтердің заңдылықтарын және тенденцияларын анықтау кезінде математикалық анализдеу қолданылады. Көбінесе бұндай заңдылықтар мәліметтерді жай қарастырғаннан анықталмайды, себебі мәліметтерде байланыс өте қиын түрде орналасады немесе жай ғана мәліметтердің көптігінен заңдылықтарды анықтай алмаймыз.
Осы заңдылықтарды және трендтерді бір жүйе ретінде біріктіріп мәліметтерді интеллектуалды анализдеу моделі деп қарастыруымызға болады. Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу моделі белгілі бір сценариге қолдануға болады, нақтырақ:
oo болжам: сатылымды бағалау, жүктемеге болжам жасау;
oo ықтималдықтар мен тәуекелдер: мақсатты таратуға(целевой рассылка қолайлы тапсырыс берушіні таңдап алу, тепе-теңдік нүктесін анықтау, ықтималдықты орнату;
oo ұсыныстар: бірге сатып алуға болатын заттарды анықтау және соларға ұсыныстар жасау, яғни реклама;
oo тіздекті анықтау: сатып алу кезіндегі сатып алушының таңдауын анализдеу, сол арқылы келесі оқиғаға болжам жасау;
oo топтастыру: тапсырыс берушілерді немесе оқиғаларды, байланысқан элементтері бойынша, кластерлерге бөлу, ортақ сипаттамалары бойынша анализ және болжам жасау.
Мәліметтерді интеллектуалды талдау кезіндегі модел құрастыру ауқымды процесстің бір бөлігі болып табылады, оның ішіне барлық тапсырмалар, мәліметтерге байланысты сұрақтардың жиынтықтары және осы сұрақтарға жауап ретінде модел құрастыру. Ең соңғы тапсырма ол моделді өрістету(развертывания модели жұмысы жасалынады. Осы процестердің барлығын келесідей 5 қадам бойынша көртеуге болады.
Келесі диаграммада Microsoft SQL Server технологиялары мен және барлық процесстердің қадамдары арасындағы байланыстар көрсетілген. Оларды әрбір қадамды орындау үшін қолдануға болады және оның схемасы 5-суретте көрсетілген.
Бұл процесс, суретте көрсетілген, ол циклдік болып табылады, яғни деректерге аналитикалық моделдерді құру динамикалық және қайталанатын процесс екенін көрссетеді. Мәліметтерді қарастырғаннан кейін, қолданушы мәліметтерді интеллектуалды анализдеу кезінде құратын моделге сол мәліметтердің жеткіліксіздін байқауы мүмкін, ол жағдайда қолданушы басқа деректер іздеуге кіріседі. Тағы бір кездесетін жайт ол, бірнеше модель құрастырып болғаннан соң, біз алға қойған тапсырмаға толықтай жауап бере алмаған жағдайда біз тапсырманың қойылымын өзгертуімізге тура келеді. Жаңадан түскен мәліметтерге байлансты толық моделге қайта жаңарту жасау керек болған жағдай да туындауы мүмкін.

Сурет 7. Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу
кезіндегі қадамдар

Аяғында қойылған тапсырмаға толықтай жауап бере алатын модел құрастыру үшін процесстің әрбір қадамын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Microsoft SQL Server Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу моделдерін құру және олармен жұмыс атқаруға арналған интеграцияланған ортаны ұсынады. Осы ортада SQL Server Development Studio бағдарламасы бар ол, мәліметтерді интеллектуалды анализдеу алгоритмдерінен және сұраныстарды құрастыру құралдарынан тұрады, осы алгоритмдердің көмегімен бірнеше жобаларға толықтай шешім алу жұмысын жеңілдетуге болады. Сонымен қатар, осы ортада Среда SQL Server Management Studio бағдарламасы орналасқан, моделді іздестіру құралдары және мәліметтерді интеллектуалды анализдеу обьектілері басқару құралдары сақталған. Осы ортаның ішінен біз керекті мәіметтердің құрылымын және де басқандай жұмыстарды атқара аламыз.
Тапсырманың қойылымы. Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу процессінің бірінші тапсырмасы, төмендегі диаграммада көрсетілгендей, нақты проблеманы анықтау болып табылады және осы проблеманы шешуге мәліметтерді пайдалана отырып әдістерді қарастыру. Бұл қадам келесідей процесстерден тұрады бизнес- талаптарға анализ жасау, проблеманың аймағын анықтау, модедеді бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерден, сонымен қатармәліметтерді интеллектуалды анализдеу жобасына арналған тапсырмаларды анықтау. Осы тапсырмаларды келесідей құрамыз.
oo нақты нені іздестіруіміз керек? Қандай нақты байланыс типтерін табу керек?
oo бизнес-талаптар мен бизнес-процесстер осы тапсырмада көрсетіледі ме?
oo мәліметтреді интеллектуалды анализдеу моделінің негізінде болжам жасауға бола ма немесе жай ғана мазмұнды заңдылықтарды және байланыстарды табу жеткілікті ме?
oo қандай шешімді немесе атрибутты болжау қажет?
oo қандай мәліметтердің түрлері қажет және әрбір бағанда қандай ақпараттар орналасқан? Егер бірнеше кесте бар болса, олар өзара қалай байланысқан? Мәліметтер айнымалы болуы үшін тазарту, статистикалық өңдеу немесе жай мәліметтерді өңдеу қажет пе?
oo қандай тәсілмен деректер орналасады? Деректер мезгіл бойынша өзгермелі ме? Деректер бизнес- процессті нақты сипаттай ала ма немесе деректер арқылы біз бизнес- процессті болжай аламыз ба?

Мәліметтерді дайындау.
Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу процессінің екінші қадамы ол- мәліметтерді дайындау процессі болып табылады. Келесі диаграммада көрсетілгендей осы қадамда алдыңғы бірінші қадамда пайда болған мәліметтерге тазарту және мәіметтерді біріктіру жұмысы атқарылады.
Мәліметтер компанияның әр түрлі бөлігінде сақталуы және әр түрлі форматта және келісулі қателерден тұруы мүмкін. Бұндай қателіктер дегеніміз бос бағандардан немесе бос жолдардан тұру мүмкін.
Мәліметтерді тазарту -- бұл тек жол берілмейтін мәліметтерді немесе жоқ мәндерді өшіру деген сөз емес , ол мәліметтердің жасырын тәуелділіктерін іздестіру, анализ жасау кезінде қолдануға болатын нақты мәлімет көздерін анықтау және де бағандарды таңдау процессі. Мысалы, тиеу күнін немес тапсырыс беру күнін қайсысын қолдануымыз керек? Қай фактор сату процессіне қатты әсерін тигізеды- тауардың саны, соңғы бағасы немесе жеңілдік бағасы? Толық емес мәліметтер, қате кеткен мәліметтер, моделдердің шешіміне әсер етуі мүмкін.

Мәліметтерді қарау.
Төмендегі диаграммада көрсетілгендей, мәліметтерді интеллектуалды анаилиздеу процессінің үшінші қадамы ол - мәліметтерді қарау процессі болып табылады.
Моделді құру кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін біз модел құру кезінде қолданылатын мәліметтерді түсінуіміз керек. Мәліметтерді зеттеу әдістері максималды және минималды мәндерді есептеулерден және стандартты қатені немесе орта-ықтималдылықты есептеулерден құрылған әдістер. Мысалы, таңдап алынған мәліметтердің максималды, минималды және ортақ мәндерінің арқасында клиенттердің және бизнес-процесстердің репрезентативті емес екенін анықтауымызға болады. Күтілетін шешімді анық және толықтай алу үшін бізде бар мәліметтердің дұрыс екеніне көз жеткізуіміз керек. Стандартты ауытқулар мен басқа да характеристикалар бойынша соңғы шешімнің нақтылығы мен тұрақтылығын бақылап, шешімге әсер ететін керекті және пайдалы мәліметтерді алуға болады. Үлкен көлемдегі стандартты ауытқулар, жаңа енгізілген мәліметтер моделді ары қарай жетілдіруге көмегін тигізеді. Стандартты бөлу кезінде қатты ерекшеленетін деректер шешімі іздеуге қиын түскен нақты проблеманы суреттей алады.
Бизнес- проблеманы қарастыру кезінде деректерді зерттеу кейбір деректерде қателіктердің бар екенін және осы қателіктерді қалай жоюға болатынын анықтай аламыз.
Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу кезінде моделімізге керекті деректерге және оларға қол жеткізу үшін Master Data Services құралын қолданамыз. Анализдеу үшін деректерді бөлу, қателіктерді жою мысалы, жоқ деректерді қайта енгізу және т.б қателіктер, осы жұмыстарды істеу үшін SQL Server Data Quality Services құралын пайдаланамыз.
Моделдерді құру.
Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу процессінің төртінші кезеңі. Алдыңғы кезеңде зерттелген мәліметтер бізге осы кезеңде моделдерді құруға және оларды сипаттауға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді интеллектуалды анализдеу процессіндегі ең бірінші қадам ол модель құру. Моделді құру ол қолданушының бағандарды таңдау жұмысымен басталады. ДИТ құрылымы деректер көзімен тығыз байланысқан, бірақ ешқандай өңдеуге арналған деректер құрылымда жоқ,яғни кездеспейді.
Интеллектуалды анализдеу моделі құрылымға өңдеу жасағанға дейін модел тек қана контейнер ретінде қолданыста болады, ол тек моделде қолданылатын деректерден кіріс деректерді, болжалынатын деректерден және параметрлерден тұрады. Дәл осы деректер деректерді өңдеу алгоритмдерін басқарушы болып саналады. Моделді оқыту процессі кейбір математикалық алгоритмдерді құрылымның заңнамаларын анықтап алу мақсатымен жасалады. Осы оқыту процессінде анықталған заңнамалар оқытылатын деректерден, алгоритмдерден және конфигурациясынан тәуелді. SQL Server 2012 әртүрлі көптеген алгоритмдерден тұрады, әрбір алгоритмдер әр түрлі типтегі тапсырмалар үшін арналған, осы алгоритмдер бір-бірінен ерекшеленетін модельдер құруға арналған.
Моделді тексеру және зерттеу
Моделді өрістету алдында жұмыс істеу ортасында модел жұмысының тиімділігін тексеру керек. Моделдерді құру кезінде конфигурациялары әр түрлі моделдер құрылады, содан соң ғана моделдер тексеріледі. Моделдерді тексеру жұмысы қай моделдердің берілген деректер бойынша шешуі нақты екенін көру үшін тесеру жасайды.
Модельді өрістету және жаңарту жұмыстары.
Моделдерге өрістету және жаңарту жұмыстары жасалғаннан кейін жұмыс ортасында көптеген қолданушының талаптары бойынша тапсырмаларлы орындауға болады. Осы тапсырмалар моделмен тығыз байланысты. Мысалы, нақты моделді зерттеуге, болжам жасауға арналған жұмыс орнанда вкладкалар бар. Сол вкладкаларды пайдалану арқылы шешімді алуға болады. Вкладкаларымен қатар түрлі диаграммаларды көруімізге болады.
Ал келесі тапсырама моделдеудің негізгі әдістеріне тоқталу болып табылады. Осы әдістер анализдің типін және деректерді қайта қалпына келтіру операцияларын сипаттайды. Деректерді интеллектуалды талдау құралдарында қолданатын негізгі әдістеріне мысалдар 8-суретте көрсетілген:

Сурет 8. Деректерді интеллектуалды талдау әдістері

Ассоциация
Ассоциация(немесе қатынас) деректерді интеллектуалды талдау әдістерінің ішінде барлығына таныс және ең қарапайым әдіс болып табылады. Моделді анықтау үшін екі немесе одан да көп бір типті элементтерге қарапайым салыстырулар жасалады. Оған мысал ретінде, сатып алушының бір затпен қоса екінші заттың сатып алу ықтималдығы. Қауымдастық ережесі бойынша шешімді іздеу қадамы, деректер жиынындағы байланысқан заңнамаларды іздестіру жұмысымен түсіндіріледі.

Классификация.
Классификация әдісін сатып алушының, тауарың немесе объектінің типін анықтау үшін қолдануға болады. Ол үшін бірнеше атрибуттарды бір классқа біріктіру жұмысы жасалады. Мысалы, автокөліктерді типтері бойынша (седан, внедорожник, кабриолет) класстарға бөлу жеңіл жұмыс, ол үшін әр түрлі атрибуттарды анықтап алу керек (орын саны,кузов формасы, дөңгелектері) осы атрибуттар бойынша автокөліктерді бір классқа жинауға болады. Қандай да бір жаңа автокөлікті зерттеу кезінде оны, нақты артибутына байланысты, бір классқа жатқызуға болады. Тура осы принциппен адамдарды да жастары бойынша, қан оптары бойынша және т.б типтері бойынша бірнеше класстарға бөлуге болады. Және тағы бір айтып кететін жағдай, осы классификация әдісін басқа әдістерге кіріс деректері ретінде пайдалануға болады. Кластерлерді анықтау мақсатында кластеризация классификацияның ортақ атрибуттарын пайдаланады.
Кластеризация
Кластеризация әдісі бір немесе бірнеше атрибуттарды және класстары зерттей отырып, деректерді жекеленген элементтері бойынша біріктіріп және сол арқылы белгілі бір қортындыға келеді. Кластердің ұқсас нәтижелерін анықтау үшін, кластерзацияның қарапайым деңгейінде бір немесе бірнеше атрибуттар негіз ретінде пайдаланылады. Кластеризация іртүрлі ақпараттарды анықтау кезінде пайдасы өте зор, себебі сол жерде бар ақпараттар басқа жердегі ақпараттармен үндестікте болады. Кластеризация классификацияның логикалық жалғасы болып табылады. Бірақ бұл тапсырма қиынырақ. Кластеризацияның ерекшелігі, класстар анықталмаған болады. Кластеризацияның соңғы шешімі нысандарды жиындарға бөлу.
Болжау. Болжау- бұл кең тақырып, себебі болжам жасау әдісі өндірістің пайдасын болжаудан бастап, алаяқтықты болжау жұмыстарына дейін жасайды. Бұл әдісте өтіп кеткен оқиғалар мен алда болатын оқиғалар болжамданады. Болжау жасау жұмысының нәтижесінде қалып кеткен немесе болашақ мақсатты сандық көрсеткіштерге болжам жасайды. Осындай тапсырмаларды шеші үшін математикалық статискалар, нейрондық желі және т.б әдістері қолданылады.
Бұтақты шешім іздеу.Бұтақты шешім іздеу әдісі басқа әдістермен де тығыз байланысты, нақты түрде болжам жасау әдісі мен классификация әдісі. Бұтақты шешім іздеу әдісі қарапайым бір сұраққа жауап іздеу жұмысынан басталады. Әрбір сұрақ болжам жасау керек пе әлде деректерді классификация жасау керек пе деген екі сұраққа кеп тіреледі. Бұтақты шешім іздеу әдісі белгілі бір сұраққа басқа деректермен қандай байланысы бар, сол деректер оған қалай әсер етеді, осы сұрақтардың барлығына жауап береді. Яғни бұл әдіс аты айтып тұрғандай, бірнеше деңгейден тұрады.

2 Бипек Авто маркетингтік саясатын жүзеге асыруда деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану

2.1 Деректердің интеллектуалды талдау әдістерін қолдану негізінде Бипек Авто маркетингтік саясатының міндеттерін анықтау

Деректерді интеллектуалды талдау жүйесі мен өндірістік кәсіпорынның маркетингтік тапсырмаларын шешу процессі зерттеу пәні болып табылады. Зерттеу жүргізу мақсаты өндірістік кәсіпорынның маркетингін деректерді интеллектуалды талдау әдістерін пайдалана отырып қалыптастыру.
Зерттеу тапсырмалары:
кәсіпорынның маркетинг жайлы ақпараттарды сақтайтын деректер базасын құру;
деректер базасындағы деректерді Excel бағдарламасына экспорттау;
экспортталған деректерді Deductor бағдарламасына, деректермен анализ жасау үшін, импорт жасау;
Deductor бағдарламасында деректерге анализ жасау;
Deductor бағдарламасында деректерді интеллектуалды талдау әдістерін пайдалана отырып модел құру;
кәсіпорынның маркетингтік көзқарасын қалыптастыру үшін анықталған нәтижелер бойынша, талдау жасау;
алынған нәтижелерді кейіннен қолдану үшін сақтау;
алынған нәтижелерді клиенттік қосымша құру кезінде пайдалану.
Осы айтылған тапсырмалардағы деректер ағымының құрылымын құру кезеңдері 9-суретте көрсетілген.

Сурет 9. Деректер ағымының құрылымын құру кезеңдері

Деректерге талдау жасау тапсырмалары:
клиенттердің іс- әрекетіне байланысты негізгі клиент түрлерін анықтау;
клиенттерді іс- әрекеттеріне байланысты бөлу;
деректердегі заңнамаларды анықтау.
Клиенттердің іс- әрекетіне байланысты негізгі клиент түрлерін анықтау. Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар клиенттерді қалай өздеріне аудару керек сұрағына жауап іздеуде. Көптеген кәсіпорындар клиенттерді ұстап қалу бағдарламасын ойласыруда және сол адал клиенттерді жоғары бағалау керек екенін түсінуде. Көбі жаңа клиенттерді таруға қарағанда, бұрыннан алып келе жатқан клиенттермен жұмыс істегенді дұрыс санайды. Себебі, жарнамаларға немесе басқандай акцияларға қаражаттың кетуіне байланысты бұрыннан келе жатқан клиенттермен жұмыс, әлдеқайда ыңғайлы. Ал клиенттерді тарту немесе ұстап қалу бизнестің табыстылығына алып келеді.
Клиенттерді ұстап қалатын немесе жаңа клиенттерді тартатын толыққанда жұмыс істейтін бағдарламалар барлық өнеркәсіпте жоқ деуге болады. Клиенттерді тарту бағдарламалары барлық дерлік өнркәсіптерде бірдей, себебі көбі клиенттерді тарту үшін жарнама жасайды, акциялар ұйымдасырады немесе жеңілдіктер арқылы клиенттке қызықтыру жұмыстарын жасайды. Барлық осы айтқан жайттар қойылған мақсатқа жеткізе алмайды. Кейбір кәсіпорындар барлық дерлік жағдайларды жасағанмен табысқа жетуі нақты деген сөз емес. Жеңілдік жасады дегенмен, сол жеңілдіктер кәсіпорынға шығын әкелуі әбден мүмкін. Кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуі тек қана жеңілдіктерге немесе акцияларға байланысты емес, оған тағы қызмет көрстеу прсоналдарының клиенттермен жұмыс жасауы, кәсіпорынның орналасы аймағы, тауар сапасы және т.б жатуы мүмкін. Шетелдік кәсіпорындардың тәжірибесі көрсеткендей, клиенттердің бір жерден зат сатып алу мүмкіндіктері көбірек, себебі клиент көбінде басқа сатып алу көдерін іздемей, сол бұрынғы орнына қайта оралу принципін ұстанаы екен. Сол себепті де, бұрыннан келе жатқан клиенттермен жұмыс әлдеқайда көп табыс әкелетіні шыққан.
Біздің жағдайымызда осы ТОО БИПЭК АВТО Казахстан компаниясындағы автоорталық тапсырыс бойынша автокөліктерді тасымалдаумен, автокөліктерді жөндеу жұмыстарымен, автокөліктерді сату жұмыстарымен айналысады. Дипломдық жобамның басты мақсаты осы автокөліктерді сату жұмысын, соның ішінде клиенттерді тарту жұмысын жақсарту болып табылады. Оны қалай жақсартамыз деген сұраққа жауап ретінде, бірінші осы автоорталық туралы деректерді жинастырамыз. Деректерді жинастру кезінде қандай клиент автокөлікті сатып алу мүмкіншілігі бар, сатып ала алама, сатып алған жағдайда оған қандай ұсыныстар жасай аламыз деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. Клиенттерді тарту жұмысы былай жүргізіледі: бірінші кезеңде клиент дүкенге келгеннен соң анкета толтырады және ол міндетті емес клиенттің қалауына байланысты. Анкета толтырылғаннан соң менеджер сол анкета бойынша, жасарын түрде сол клиенттің деректеріне байланысты клиенттік қосымшаның көмегімен, клиенттің машина алу мүмкіндігі бар жоғын анықтай алады. Анықтағаннан соң егер алатын болса, сол клиентпен ары қарай жұмыс істейді. Және клиент алатын болса, ол клиенке қандай машина ұсыну керек екенін сол клиенттік бағдарламаның көмегімен клиентке керекті мысалы, қаражатына байланысты, балалар санына байланысты, жасына байланысты автокөліктер ұсынамыз. Сол арқылы клиентті ұстап қалу процессі жүзеге асырылады.
Кәсіпорын деректерімен жұмыс жасау үшін келесідей сұрақтарға жауап іздеуіміз керек:

Сурет 10. Клиенттердің іс- қимылын сипаттайтын сұрақтар

Сондықтан клиенттерді тарту жұмысын шешу үшін талдау әдістерін пайдалану ең тиімді болып табылады.
Кез- келген өнеркәсіп үшін клиенттерді бөлу мысалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нейронды желілер тарихы
Үлкен деректерді талдаудың әдістемесі
Педагогикалық тестілеу және мектеп құжаттары мен оқушылардың қызмет нәтижелерін зерттеу
Жасанды интеллектуалды эмоцияны тану жүйелері
Сараптама жүйелерінің мысалдары
Нейротораптық технологиялар
АЛГОРИТМДЕР ТЕОРИЯСЫН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖҮЙЕЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРМИНДЕРГЕ ШОЛУ
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Элементтердің қасиеттері мен құрылымы
Математиканы оқыту процесінде дарынды балалардың даму мәселелері
Пәндер