Логика және оның бөлімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әбу Насыр Әл-Фарабидің Адам гармониясы теориясы

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Әл-Фарабидің ғылыми қызметі туралы анықтама
2. Әл-Фарабидің ырым-тыйымдарға көзқарасы
ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Ұлы ойшыл және Орта ғасырдың бастапқы кезеңіндегі энциклопедиялық ғұламасы Әбу Насыр ибн Мұхммед ибн узлағ бин Тархан Әл-Фараби біздің эрамыздың 870 жылы Сырдарияның Арыз өзенінің құйылысындағы Фараб қаласындағы қыпшақ шаңырағында дүниеге келді. Отырар деп аталатын қала қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызыл Құм ауданының жерінде орналасқан.
Отырар шаһары ертеде қыпшақ-түрік тайпаларының мәдени орталығы болған. Отырар К. Птоломейдің георграфиялық еңбектерінде және Қытай жылнамаларында сипатталған. Орта ғасыр тарихшысы әрі географы Ибн Хауалдың растағанындай Отырар маңызды тарихи оқиғалар мен сауда жолының түйіскен жеріндегі ірі мәдени орталық болды. Аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Дүние жүзіндегі ең ірі кітапханалардың бірі Отырарда болған. Отырарды ХІІІ ғасырдағы тарихшы және георграф Абул Фид өз еңбектерінде суреттеп кеткен.
Әл-Фараби бастауыш білімді өзінің туған қаласы Отырарда алды. Бұдан соң білім іздеп ол Орта Азияға, Қазақстанға, Таяу Шығысқа сапарлайды. Ол ғұмырының денін сол кезеңдегі әлемдік өркениет орталығы Бағдат шаһарында өткізгені баршамызға мәлім. Ол Халифаттағы Самар, Харран, Хамб, Дамаск, Мысыр, Ре, Бұхар тәрізді қалаларында болып, онда өз еңбектерін қалдырды. Сондай-ақ, оның Самарқанд, Шаш, Сайрам, Талас, Баласағұн қалаларында да болған деген жорамалдар бар.
Сирек кездесетін қабілет, білімге деген қажымас құштарлық, ұзақ жылдық табанды әрекеті және ғылым ақиқатына деген мінсіз адалдық Әл-Фарабиді Шығыстың (Аристотельден кейінгі) ұстазына айналдырды. Ғұмырының соңғы жылын Дамаскіде өткізіп, сексен жасында Хижраның 339 жылы раджаб айында біздіңше 950 жылы дүниеден өтті.
Сирияның әмірі Сайф-ал Дауланың өзі Әл-Фарабидің жерлеу рәсіміне қатысып, оны Дамаскідегі Бабас-Сағыр зиратына жерлетеді. Әл-Фараби ғылыми еңбектерінің денін араб елдерінде қалдырды.
Араб елінің атақты ғалымы атанса да, кезінде Әл-Фараби өзінің туған елі Қазақстанда, Орта Азияда болып, еңбектерін қалдырған деген мағлұматта жоқ емес. Бұқар әмірі Манур Ибн Нух Саманидің тапсыруымен Әл-Фараби атымен Тағлым ал-Сани яғни автордың Екінші ұстаз атауынан туындаған Екінші ілім тұтас энуцоклопедиялық ғылымын жасайды. Бұл еңбекті кейінен Әбу Әли Ибн Сина және Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары кәделеріне жаратты.
Әл-Фарабидің ғылыми қызметі туралы анықтама
Әл-Фарабидің негізгі ғылыми қызметі туралы анықтаманы оның Ғылымның сыныптамасы туралы сөзінен бастаған ләзім. Ол өз заманындағы барлық белгілі ғылымдарды бес бөлімге жіктеді: 1) Тіл ғылымы және оның бөлімдері; 2) Логика және оның бөлімдері; 3) Математика ғылымы, яғни арифметика, геометрия, оптика, жұлдыздар туралы ғылым, музыка, ауырлық туралы ғылым және тамаша амалдар жайлы; 4) Физика және оның бөлімдері; 5)Азаматтық ғылым және догмалық діни ілім.
Жалпы мағлұматты болу үшін әрбір бөлімнен қысқаша үзінділер келтіреміз.
І. Тіл туралы ғылым екі бөлімнен тұрады: 1) Қандайда бір халықтың нақты сөздік қорын есте сақтау және оның әр қайсысының нені білдіретінін білу. 2) Осы сөздердің бағынатын заңын білу. Сөздер жай және құрмалас болады. Осыған байланысты жай сөз ғылымы және сөз тіркесі болады. Тегі мен түрін көрсететін жай сөздер: атау, етістік және шылауларға бөлінеді. Атау мен етістікте түр саны болады. Етістік мезгілге тәнті т.б (82,83) - одан әрі сөз тіркесі, жазу ережесі, поэтика, өлең шығару т.б.
ІІ. Әл-Фарабидің түсінігінде логика - адамды ақиқат жолында қалыптастыруға мүмкіндік туғызып, оны қателестірмеуге кепілдігін береді деп есептейді. Мысалы үшін, түзуді сызғышпен, дөңгелекті церкульдің көмегімен ғана тексеріп сезінуді ұсынды. Ол логика заңын, грамматика мен өлең шығару заңдылықтарымен салыстырады. Логика мен грамматиканың жалпы ортақтығы, мұның сөз үшін заң беретіндігі, ал айырмашылығы - грамматика халыққа ғана тән заңды анықтайды, ал логика барлық халықтар сөзінің ортақ ережесін береді деді.
Арабша логика - мантик тіл (нутк) деген сөзден шығады. Жалпы тұрғыда логика мынандай үш мағынада қолданылады:
1) Сырттай жалпы дыбыстық дауыста айтылса да, астарлы мағынадағы сөз.
2) Адам жанында түйінделген ой немесе сөз.
3) Адамға ғана тән табиғи болмыс - рухани күш. Адам басқа жан-жануарлардан осымен ғана дараланады. Логиканың арқасында ақыл жетер обьекті интелекциясын, ғылымды және өнерді таниды.
Логика сегіз бөлімнен тұрады: 1. Мукулат, грекше (Категорияс -0 Категория - Категориялар туралы).
2. Ал-Ибара, грекше - Бари (хар) минийас. ( Герменевтика немесе Түсіндірме туралы).
3. Ал-Кийас грекше Бірінші Аналитика ( Алғы шарттан шығатын қорытынды, Силлогизм).
4. Әл-Бурхан, грекше - Екінші аналитика (Дәлел)
5. Ал-Мауадил ал - жадалийа грекше, Топика.
6. Сафсата (тун), грекше - Софистика.
7. Ал-Биан, грекше - Риторика (шешендік өнер).
8. Китаб али- Шаар, Ал-Гаруз, грекше Поэтика.
Озықтылығы және мағына жағынан төртінші тармақ өте маңызды. Логика бірінші мақсатқа осы төртінші бөлімшемен жетеді, қалғандары сол үшін жасалған. (82,142 бет).
ІІІ. Математика үлкен жеті бөлімнен тұрады. Барлық жоғарыда аталған бөлімдер негізінен екіге: қолданбалы және теориялық болып топталады. Қысқаша мысал келтіреміз.
1. Арифметика - нақты заттардың, дүние мүліктердің, тауарлардың, ақшаның т.б санын зерделейтін, сондай-ақ сауда ісінің құралы түріндегі математиканың қолданбалық түрі. Теориялық тұрғыда арифметика заттардың дерексіз сандарының абсолюттік жағдайын зерттейді, Мысалы, жұптық, тақтық, пропорционалдық, өлшемдестік т.б белгілерін.
2. Қолданбалы геометрия - құрылыс материалдарының, обьектілердің, ұста ісі мүлкінің, жер учаскелерінің формалары мен өлшемдерін және т.б қарастырады.
Теориялық геометрия - барлық денелерге қатысты абсолюттік, ұзын сонарлық және жалпы түрде сызықтарды, жазықтықтарды және дене бетін қарастырады. Бұл ғылым ( теориялық геометрия) барлық ғылымның құрамдас бөлігі болып табылады (82,147 бет).
3. Оптика - геометрия тәрізді заттың формасы мен шамасын, реті мен жағдайын қарастырады. Оптиканың геометриядан айырмашылығы, мұнымен шамаланатын нақты құбылыстардың ара қатынасын талдайтындығында. Оптика әдісінің көмегімен адамға бару қиын немесе мүлдем мүмкін емес нысандардың: жер алаңдарын, ағаштың және таулардың, бұталардың биіктігін, өзендердің енін, түрлі нәрселер мен жердің кез-келген нүктелерінің ара қашықтығын анықтай алады. Осы оптикалық әдіспен кез-келген аспан денелері мен жердің ара қашықтығын анықтайды. Өлшеу кезінде қателікке ұрынбас үшін оптикалық нысана аспабы жасалады. Аспаптың көмегімен ауа немесе түссіз дене арқылы өтетін сәуле жолын бақылауға алуға болады. Осылайша сәуленің тура өтетіні, қисаятындығы, шағылысатындығы, сынатындығы анықталады. Қисық сәулелерді зерттеу үшін айналы аспаптар қолданылады. Бұл - айна туралы ғылым саласы.
4. Жұлдыздар туралы астрономия ғылымы екі аралық бөліктен тұрады: а) астрология (Ахкам ануджул), б) математикалық астрономия (фалак) ( Ғылым ан- Нуджум ат - тағылым). Астрология - балгерліктің бір тәсілі. Астрология үш топтағы мәселені зерделейді. 1)Жаһандағы аспан денелерінің өзара орналасуын зерттейді. Шамасы мен формасын Жерге қарағанда қозғалмайтын бәрін біртұтас түрде олардың ара қашықтарын:
2) Барлық шырақтардың Жұлдыз және жұлдыз еместердің айналыс қозғалысы жөнінде. Аспан шырақтарының қозғалысы Жерге тәуелсіз зерделенеді. Ал Жер байқайтын орны іспетінде оның жаһандағы орны ескерілетін болады. Мысалы Күн мен Айдың тұтылуы, Зодиак жұлдыздарының қозғалысы бәрі шығу және батумен байланыстыра жердің уақытына қатысты анықталады.
3) Жерді тұтас ғарыш денесі ретінде зерттеу. Мұның елді және елсіз мекендерін, климатын, күн мен түннің ауысуын, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгіліндегі күн мен түннің ұзақтығы т.б зерделенеді. Осының бәрі Жердің Жаһандағы орны және айналыстық қатынасны қарай зерттелінеді.
5. Музыкалық практика аспаптағы құлақ қабылдайтын мелодияны табу. Музыка теориясы осы өнердің осы түрінің, дыбыстық гармониясының, үн интервал - өлшемі және әуен композициясының теориялық негізін зерделейді.
6. Салмақ туралы ғылым екі саланы қамтиды: 1) Салмақ өлшемі; 2) Ауырлықты жылжыту.
7. Тамаша амал ғылымы туралы. Шынтуайтына келгенде бұл қолданбалы механика мен механикалық шеберхана. Ол өзіне геометриялық салынымның алгебралық есептеуі, оптикалық өлшеу т.б жатады.
IV. Жаратылыс және діни ілім Ал-Ғылым ат табиғи және ал-Ғылым ал- Илахи ( физика және метафизика жайындағы) ғылым.
Физика табиғи денені және оған тән сондай-ақ акциденциялық қасиеттерін қарастырады. Дененің бастапқы физикалық субстанциялығы мен формасы, пайда болуы мен оның санаттық себебі. Сонымен қатар бұл мәселеге дененің қасиеттері де кіреді. Физиканың тараулары өте көп. Мәселен:
1. Физикалық гармония ( Ас-Сам-агат ат-табиги, Физика- қарапайым және күрделі табиғи денелеге бірігетіндігі зерделенеді.
2. Аспан және Ғалам ( Китаб фи с-самағ да л-Ғалам, Аспан жайлы) - материалдық бір текті болмысты аспан мен Жаһанды және олардың құрамындағы бөліктерді зерделейді.
3. Пайда болу және құрту жайлы (Китаб ал-Каун уа - фасах), табиғи элементтер мен денелердің пайда болуын, құруын және солармен сабақтас мәселелерді зерттейді.
4. Аспан денелері жайлы (Ал-арсоу ал- Жауийа) (Жоғары дене бірінші бөлім Метерология). Атмосферадағы қарапайым элементтердің байқалу негізін зерделейді.
5. Аспан денелері туралы (Екінші бөлім) - біркелкі және әртүрлі элементтерден тұратын денені зерттейді.
6. Минералогия (Китаб ал-магадин) - біркелкі құрамды табиғи күрделі денелер болып келетін минералдық заттар мен тастарды зерттейді.
7. Өсімдіктер туралы (Фи-н-набат) - өсімдіктердің түрлерін зерттейді.
8. Жануарлар туралы (Фи-л-Хайуан) - жануарлар түрін зерттейді.
Физиканың осынау бөлімдерінің бастапқы төрт болмысы: от, ауа, су және жер арасындағы өзара қатынасты қарастырады.
ІV a. Метафизика немесе діни ілім үш аралық бөлікке жіктеледі.
1. Болмыстық заттар ілімі.
2. Ғылымның негізгі дәлелдік ілімі туралы: Логика, геометрия, арифметика және басқа да матеиматика және физикамен тектес ғылымдар. Бұларда осы ғылымдар негізіндегі керағар ескі пайымдаулармен қаралады.
3. Бейматериалдық нәрселер жайлы ілім. Мұнда олардың сандық және сапалығы қарастырылып, олардың ақырғы күйі мен әртүрлілігі, сондай-ақ жетілмеген күйінен, әбден жетіліп қалыптасу процессі қарастырылады. Ирахияның ең соңғысы абсолюттік жетілгендігі. Шүбассыз жетілудің теңдесі де, қарсы қоюға да болмайды. Бұл барлық тұрмыстың бірлік бастауы. Бұл өзінен басқаға айтылатын бірінші мәндегі ақиқат. Метафизика айтуында, осы қасиеттерді меңгергендер бар болса, соған сену керек. Ол - Алла тағала, (Аса қамқор, ерекше мейірімді, барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға ғана тән!) (82,175). Алланың анықтауымен ең жақсы ету мақсатта жасалғандарды зерделеу керек.
Метафизиканың енді бір маңызды бөлімін Алланың құдіретімен пайда болған болмысты зерделец және түсіндіру, олардың өзара байланысы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Философия мен этика
Ибн Синаның өмірбаяны мен өмірлік тәжірибесі
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Әбу Наср әл –Фарабидің ғылыми мұралары
Әрекет акцепторы
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Пәндер