Төлдің кеуде бөлігін кесу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Фетотомия
2.2.Операция мәні
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Фетотомия - төлді кесу және оны жатырдан бөліктеп шығару.Бұл әдісті қолданады егер төл өте үлкен болып жамбасқа сыймаған кезде.Төлдің жекелеген мүшелерін жыныс органдарынан алып шығару мақсатында тілу және кесіп алу.
Фетотомия бұл жатыр ішіндегі өлген төлді кесіп бөлшектеп, мүшелеп шығару.Бұл операция көбінесе ірі қарада жамбас қуысы төлдің көлеміне сәйкес келмегенде, төлдің дене мүшелерін түзету мүмкін болмағанда ,төлдің позициясы дұрыс болмаған жағдайда жасалады.
Фетотомияны өткізу үшін төменгі ережелерді сақтаған дұрыс:
Фетотомия тек өлі төлге жасалады,егер төл тірі болса оны кіндігін үзіп немесе жасырын пышақпен күре тамырын кесу арқылы өлтіреді.
Төлдің сыртқа жақын жатқан дене мүшелеріне тұзақ салып бекітіп-байлап алады.Фетотомия жасауға қолданылатын аспаптардың бәрі залалсыздандырғыш ерітінділердің ішінде жатады.
Төлді тудырғанда тартып шығару мүмкіндігі болмаса тездетіп анасының құрсағы мен жатырын кесуге(кесарт тілігі) немесе төлді бөлшектеп алуға(фетотомия) кірісу қажет.
Төлді бөлшектеп кесу кезінде құралдарды,аспаптарды қолдану қолдың бақылауымен жүргізіледі


II.Негізгі бөлім
2.1.Фетотомия және оның көрсетілімдері
Өлі төлдің басына жасалатын операция
Бұл операцияны төлдің басын орнына келтіре алмағанда, ісініп кеткенде жасайды.Фетотомдық араны төлдің мойнынан өткізіп, аралап төлдің басын кеседі. Төлдің басы сыртқа шыққанан кейін терісі мен етін пышақпен кесіп, басты ажыратып алады.
Төлдің басын бөліп алғаннан кейін бірінші атлант мойын омыртқасына жіп өткізіп әрі қарай итеріп жіберіп,аяқтарын тартып шығаруға әрекет жасайды.

Алдыңғы аяқтарын кесіп алу
Төлдің алдыңғы аяғын бүгіліп қалғанда қайта орнына келтіре алмаған кезде кесіп фетотомия жасайды. Ол үшін төлдің алдыңғы аяғының буындарына фетотом арасын өткізіп кесіп алады.Егер иық буынынан кесетін болса, ең алдымен жабық пышақтың көмегімен терісін, тері астындағы фасцияларды кесіп, кесілген жерге фетотом арасын орналастырып, буыннан аралап, алдыңғы аяқты жауырынмен бірге тартып алады.

Артқы аяқтарын кесіп алу
Төл жамбасымен келгенде, аяқтары бүгілмей дұрыс орналасапаған кезде артқы аяқтарын буынынан кесіп алуға тура келеді.Ол үшін жабық пышақтың көмегімен жамбас - ортан жілік буынының тұсынан терісін кесіп-тіліп ,тіліктің үстінен фетотом арасын өткізіп алып, аралап, артқы аяғын кесіп, ажыратып алып шығады.

Кеуде қуысын қоршаған сүйектердің көлемін кішірейту үшін алдымен басын,аяқтарын кесіп алады.Одан кейін жауырынның тұсынан жасырын пышақтың көмегімен терісін,бұлшық еттерін соңғы қабырғаға дейін кесіп,терісін ірегішпен ажыратады, бұлшық еттерімен қоса қабырға арасындағы қуысқа өткір ілмекті өткізіп,ең соңғы қабырғадан бастап омыртқалардан барлық қабырғаларды сөгіп ажыратады
2.2. Операция мәні
Ветеринариялық акушериядағы негізгі босандыру операциялары фетотомия мен кесар тілігін жасау болып табылады.Мұндай жатыр мойынының таралуының бұзылуы сияқты операциялар тәжірибеде сирек қолданылады.
Фетотомия (fetotomia) латынның fetus - ұрық және tome - кесу,жарып алу.
Фетотомия - патологиялық тууда қолданылатын ,ірі жануарларға жасалатын , әсіресе олардың өмірін сақтап қалу үшін қолданылатын операцияның бірі.
Операция ұрықтың бөлінуінен және оның туған төлдің жарып алу бөліктерден шығарылуынан тұрады. Кішкентай төлдерле жамбас және ұрық көлемі арасындағы сәйкессіздіктер,дұрыс емес позицияларды түзеу мүмкін еместігі,ұрықтың позициясы және ұрық деформациясы сирек болып табылады.Бұл операцияны көбінесе өлі төлдерге жасайды,ал тірі төлдерге сирек жасалады.Тірі төл операциядан бұрын жансыздандырып өлтіріледі,кеуде қуысын тіліп,мойын мен жамбас бөліктерін ашып,миын бұзады.Фетотомия үшін көрсеткіш ұрықтың мөлшері мен кейбір ұрықтың деформациялары және ұрықтың дұрыс позициясын түзетудің мүмкін еместігі арасындағы айырмашылық болып табылады.
Операцияны туған мал ағзасы әлсіреген кезде және қабыну процестерінсіз туған кезде табысты жүзеге асыруға болады.Акушерге қажетті құралдар жиынтығы болуы керек, фетотомия әдістерімен танысып, асептикалық және антисептикалық ережелерді қатаң сақтау керек.

Көмекші аспаптар:(Лингорстын,Цвиктің тұзақ өткізгіштері)
Төлді итеруге және тартуға арналған аспаптар: акушерлік балдақтар,көз ілмектері,ұсақ төлдерге арналған қысқыштар,арнайы акушерлік жіптер.
Фетотомияға арналған аспаптар:жасырын пышақтар,сақина тәрізді пышақтар,ілмек пышақтар ,теріні кесуге апналған пышақ,ара,фетотомдар,№1,2 модельді шапқылар,теріні ірегіштер және т.б.
Акушерлік көмек көрсетудің негізгі мақсаты: төл мен енесінің өмірін сақтау,сонымен қатар мал өнімділігін және көбею қабілетін арттыру.Акушер үстіне алжапқыш ,жеңқап аяғына етік киеді.Оның қолы алдын ала дайындалып қолданылатын құралдар залалсыздандырылған болу қажет.Тууға көмек көрсету кезінде жағымсыз иісті дәрілік препараттарды (карбол қышқылы,лизол,креолин) пайдалануға болмайды.
Фетотомияның екі негізгі әдісі бар: ашық,бір сатылы, жабық немесе екі сатылы(тері астындағы).Ашық процедура барысында фетотомияның кескіш бөлігі ұрықтың беті мен жатырдың қабырғасына кіреді.Операция кезінде туған малдың мүшесін жарақаттап,акушердің қолын жарақаттап алуы да мүмкін.Сонымен қатар бұл әдіс қарапайым болып табылады және арнайы құралдар болмаған кезде скальпель және өткір пышақпен орындалуы мүмкін.
Тері астылық әдіс.
Жабық әдіс екі кезеңде жүзеге асырылады: біріншіден, аяқтарындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлді бөлшектеп кесу
Дәрілік заттарды егу
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
Ветеринарлық акушерлігі және гинекология. Малдың тууы мен патологиялары
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Туудан кейінгі саты
Алғашқы ветеринариялық көмек
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Eт, eт өнімдeрінің құрамы қасиeті жәнe тағамдық құндылығы
Пәндер