Шәуетті араластыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Шәуетті араластыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Негізгі бөлім
Шәуетті сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Мұздатылған шәуетті сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Спермиогенез процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Спермиогенeз сатылары және шәует сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Ұрықты араластыру бойынша барлық жұмыстар қолданыстағы нұсқамалар мен өзге нормативтік құжаттарға негізделіп өткізілуі тиіс. Ұрық алынғаннан кейін 30 минуттан соң және егер ол қозғалғыштығы мен концентрациясы бойынша нұсқама талаптарына сәйкесетін болса, араластырады. Ұрықты араластыру орталарының құрамына қанттар (глюкоза, лактоза т.б.), тұздар (натрий цитраты т.б.), тауық жұмыртқасы сарыуызы, антибактериалды препараттар (спермосан-3), сонымен қатар, ұрықтарды төменгі температура әсерінен сақтайтын глицерин кіреді.
Микроорганизмдермен ластануының алдын алу үшін араластырғыштарды залалсыздандыру боксында дайындайды. Кейбір құрамдас бөліктері қыздыруға төзімсіз (тауық жұмыртқасы сарыуызы, глицерин) болуына орай оларды термиялық тәсілмен залалдауға болмайды. Құрамдас бөліктерді қайнатылған дистиллденген суда ерітеді. Араластырғышты 350 С температурада 3...4 сағаттан асырмай сақтайды. Залалсыздандырылған қорап-тыста сақталынған алдын ала әзірленген ортаны да пайдалануға болады. Араластырғышты таңдау ұрықты сақтау жағдайына байланысты. Ұрықты сақтаудың дәстүрлік әдісі - оны 2...50 С дейін суыту. Бұл жағдайда алынған соң қошқардың араластырылған ұрығын 24 сағ., айғырдікін - 48 сағ., бұқанікін 79 сағат сақтайды.
Қошқар ұрығын араластыру үшін глюкоза-цитратты-сарыуызды ортаны (ГЦС) дайындау тәсілін қарастырайық. ГЦС құрамына: глюкоза - 0,8 г, натрий цитраты - 2,8 г, дистиллденген су - 100 мл, спермосан-3 - 50-70 мың ӨБ, тауық жұмыртқасы сарыуызы - 20 мл, кіреді. Колбаға глюкоза мен натрий цитраты өлшемдерін салады да, қажетті дистиллденген су мөлшерін құяды. Колбаны жауып, су моншасына салады да, су қайнаған сәттен бастап 10 минут ұстайды. Сосын колба құрамын құбыр суы астында 35...400 С дейін суытады. Температураны дезинфекцияланған термометр көмегімен бақылайды. Спермосанды залалдаудың қажеті жоқ, өйткені ол пенициллин, стрептомицин және ақ ерігіш стрептоцид тәрізді антибактериалды препараттар қоспасы болып табылады. Спермосанды аздаған дистиллденген су мөлшерімен (10 мың ӨБмл есебінде) араластырады да, қажетті мөлшерін шприцке алып дайындалған ортаға қосады. Тауық жұмыртқасы қабығын спиртке батырылған тампонмен сүртіп, жұмыртқаны ортасынан ашып, сарыуызы мен ақуызын бөледі. Толығымен сарыуызды сүзгілеу қағазында тазарту мүмкін, қағаз ақуызды өз бойына жақсы сіңіреді. Сарыуыз қабыршағын шыны таяқшамен тесіп, сарыуызды мензуркаға құйып алады. Тиісті көлем алынысымен сарыуызды колбаға ауыстырады. Колба құрамын араластырып, дайындалған араластырғыш сапасын анықтайды: жылы зат шынысына бір-бірінен сәл алшақ қашықтықта 2 тамшы ұрық тамызып, біріне 1..2 тамшы дайындалған ортаны қосады. Микроскоп арқылы екі сынамада ұрықтар қозғалғыштығын бақылайды. Егер араластырғыш әсерінен ұрықтар қозғалғыштығы төмендемесе, орта дұрыс айындалған деп танылады.

II. Негізгі бөлім

Қабан ұрығын 16-20 С температурада, құрамында хелатоны бар орталармен араластырып, сақтайды. Жиі қолданылатыны глюкоза-хелато- цитратты (ГХЦ) қоспа, оның құрамына келесі құрамдас бөліктер енеді: глюкоза 6 г, этилендиаминтертарсірке қышқылының динатрий тұзы 0,37 г, натрий гидрокарбонаты 0,12 г, натрий цитраты 3,6 г, спермосан-3 - 25...30 мың ӨБ, дистиллденген су 100 мл. Барлық құрамдас бөліктерін еріткен соң, спермосаннан өзгесін, су моншасында су қайнаған сәттен бастап 10 минут залалсыздандырады. Сосын суытып, жоғарыда аталған тәртіпте (қошқар ұрығын араластыру үшін ГЦС дайындау) спермосан қосады. Ит ұрығын тоңазытқышта 100 сағатқа дейін сақтайды, дегенмен оптималды мерзім ретінде 36-48 сағат саналады.
Қысқа мерзімдік сақтау үшін ұрықты 1:8 қатынасында пастеризациялап, 38-40 С қыздырылған сүтпен араластырады. Араласқан ұрықты 5-10 мл пробиркаларға құяды да, үстіне таза вазелин жағады. Пробиркаларды парафинделген тығындармен жауып, мақтамен орап, тоңазытқышқа қояды. Тысталынбаған гранулалар түрінде сақтауға арналынған бұқа ұрығын лактоза-сарыуыз-глицерин ортасымен араластырады, оның құрамы: 11,5 г лактоза, 100 мл дистиллденген су, 20 мл тауық жұмыртқасы сарыуызы, 5 мл глицерин, 50 мың ӨБ спермосан-3. Залалсызданған лактоза ерітіндісін 35-40 С дейін суытып, қалған бөліктерін қосады.
Мұздатар алдында араластырылған ұрықты тоңазытқышта 50 С температурада 3-4 сағат ұстайды. Эквилибрация кезеңі деп аталатын осы уақыт аралығында орта мен ұрықтағы глицерин концентрациясы теңеседі.
Глицерин ұрықты төменгі температура әсерінен тек жасушалар ішіне енген соң ғана қорғай алады. Бұқа мен қошқар ұрығын фторпластты пластинада тысталмаған гранулалар түрінде мұздатуға болады. Төменгі температура кезінде өлшеп жатпас үшін ойықшалар көлемі алдын ала белгілі болуы керек. Пластинаны алдын ала ультракүлгін сәулелеу әдісімен немесе спиртті тампондармен залалсыздандырып алады, сосын сұйық азотқа салып, қайнауы тоқтағанша ұстайды. Бұдан соң пластиналарды азот беткейінен (температурасы - 160-170С) 5-10 см қашықтықта бекітеді де, 2 минут аралығында ойықшаларды жылдам шприцпен немесе түтікшемен ұрық тамызып толтырады.
Сосын пластинаны қайтадан 1-2 минутқа сұйық азотқа салады. Ұрық мұздатылған соң пластинаны сұйық азоттан көтеріп шығара отырып, ұрық гранулаларын контейнерге жинайды да, суытылған контейнерге ауыстырып салып, сұйық азоты бар Дьюар ыдысына салады.

Сурет-1. Суытылған фторпластты пластина ойықшаларына ұрық толтыру: 1-кең мойынды Дьюар ыдысы (немесе сұйық азоты бар ванна); 2-фторпластты пластина; 3-0,1..0,2 не 0,5 мл арналған ойықшалар; 4- пластина ұстағыш; 5-ұрық толтыру түтікшесі

Тысталған гранулалар алу үшін, бұқа ұрығын 2 кезеңде бірден полиэтилен ұрыққабылдағышында араластырады (№1 және №2 ортамен).
Орта №1: 11% лактоза ерітіндісі - 63 мл (дәл осы мөлшерде 11% сахароза ерітіндісін алуға да болады); тауық жұмыртқасы сарыуызы - 30 мл; глицерин 7 мл; спермосан-3 - 50...90 мың ӨБ.
Орта №2: дистиллденген су - 100 мл; лактоза - 6 г (дәл осы мөлшерде сахарозаны алуға болады); натрий цитраты - 1,4 г; глицерин - 5 мл; спермосан-3 - 50-90 мың ӨБ.
Ұрыққабылдағышты жұқа қабырғалы полимерлі түтікпен жалғап, оған араластырылған ұрықты сығып кіргізеді. Ұрыққа толы түтікті ПРЖ автоматы көмегімен 0,25-0,33 мл герметизациялай отырып, жекелеген мөлшерлерге бөледі. Тысталған (герметизацияланған) гранулаларды алюмин контейнерлеріне салып, поролон тығындарымен жабады. Контейнерлерді арнайы құрылғыға салып тоңазытқышқа қояды. 2-50 С температурада 4-6 сағат экспозициядан соң аппарат құрылғысын контейнерлермен 8-10 минутқа сұйық азотқа салып алып, сосын сақтау үшін Дьюар ыдысына ауыстырады.
Полипропилен түтікшелерде (пайета) бұқа ұрығын 0,25 мл мұздатады. Пайеталарды ұрықпен толтырып, белгілер салады, штативтерге салып, 4 С температурада 3-4 сағатқа эквилибрациялаған соң -120-130С температурадағы металл төсемеде 5 минут мұздатады.
Айғырлар ұрығын гранула түрінде мұздатуға болады, дегенмен қалыңдығы 4-5 мм қалыңдықта 25 мл қапшықта мұздатқан тиімді. Алдын ала суытылған қапшыққа ұрық толтырылады. Герметикалығына үлкен мән беріледі. Егер ол бұзылған болса, еріту барысында қапшық жыртылуы орын алады. Ұрықпен толтырылған қапшықтарға белгілер салынып, қалытқы ұстағыштарына салынады да, сұйық азот беткейіне түсіріледі . Қапшықтарды азот буларында 5-7 минут ұстап сақтау үшін, Дьюар ыдысына ауыстырып салады

Сурет-2. айғыр ұрығын алюмин қаптырмасынан жасалған қапшықта Дьюар ыдысында сақтау: 1- азот булары; 2-ұрығы бар қапшықтар; 3-пенопласт қалытқысы; 4-металл шығыршығы; 5-сұйық азот.
Такензи Масатохи мен авторластары ит ұрығын мұздатылған күйде сақтау үшін араластырғыш ойлап тапты: 1 бөлігі 6% глюкоза, 3 бөлігі құрғақ сүт, 1 бөлігі секайнан-А мен 600...900 ӨБмл пенициллин. Ұрықты 1:4, 1:8 қатынасында араластырады, пайеталарда мұздатады да, 2...12 ай сұйық азотта сақтайды.
Ұрық пен қосылатын ортаның, яғни араластыру дәрежесін анықтау аса маңызды. Әдетте, қатынасын екі санмен білдіреді, оның бірінші саны әрдайым бір, екіншісі шәуеттің әр миллилитріне қанша миллилитр орта қосу керектігін көрсетеді.
Ұрықты сақтау. Қазіргі уақытта ұрықты ұзақ мерзім сақтау үшін мұздату қолданылады. Тек хелатты орталармен араластырылған қабан ұрығын 16-20 С температурада термос-жәшіктерде немесе тұрмыстық сөмке-тоңазытқыштарда 3 тәулікке дейін сақтайды. Қошқар, айғыр және бұқа ұрықтарын 2-5 С тоңазытқыштарда, тағамдық кең мойынды немесе арнайы термостарда ішіне еріген мұз салып сақтайды. Флакон, ампула т.б. мақтаға немесе бірнеше қабат дәкеге орайды, полиэтилен немесе резеңке қапшықтарында, термостың үстіңгі бөлігіне бүйірлеріне мұз салып сақтайды. Термоста жеке бөлік болса, оны пайдалана отырып, еріген суды төгіп, жаңа мұз үлестерін салу қажет.

Сурет-3. Қабан ұрығын сақтау және тасымалдауға арналған термос:
1-поролон жабынды; 2-құтыларға арналған ұяшықтар; 3-ұрық салынған полиэтилен құтылары
Мұздатылған ұрықты сақтау - қолдан ұрықтандыру технологиясының өте жауапты кезеңдерінің бірі. Мұздатылған ұрықтарды Дьюар ыдысы мойын тұсына ілінетін канистраларда сақтап, сұйық азотқа салады (- 196 С). Канистралар саны жануар түріне орай үштен алтыға дейінгі шамада болады. Ұрықты қайта мұздатуға болмайды. Тіптен аз мерзімді бір Дьюар ыдысынан екіншісіне ауыстыру кезеңінде температураның - 125 С дейін жоғарылауы ұрық сапасының төмендеуіне, тіптен жасушалар өлуіне әкеліп соға алады.
Дьюар ыдыстарының қазіргі заманғы канистраларында қаңқасының орта тұсында кішігірім бүйірлік тесік қарастырылған, сол себептен көтерген кезде жартысына дейін сұйық азотпен толтырылған күйде қалады. Аталған ерекшелігін ескере отырып, ұрық өлшерлерін ортаңғы тесіктен асырмай салу керек, мұның арқасында олар әрдайым сұйық азот бойында болады да, жылып бүлінбейді.
Дьюар ыдысына кезеңді түрде сұйық азот қосып отыру керек, себебі ол үнемі буланып отырады, сондықтан деңгейі қайшылық шамасынан түспеуін қадағалау маңызды. Қолданыстағы ережелерге сәйкес Дьюар ыдысы сұйық азотпен 13 кем емес мөлшерде толтырылуы керек. Дегенмен, бұл талапқа кейбір түзетілімдер жасаған орынды. Канистра көлемдері әртүрлі болуына орай ыдыс түбінен әр деңгейде (14...20 см) орналаса алады. Дьюар ыдысындағы сұйық азот деңгейі бүйірлік тесіктерден төмен түспеуі керек, әйтпегенде азот канистра ішіне ақпайтын болады. Дьюар ыдыстарына сұйық азотты канистралардағы бүйірлік тесіктерді ескере отырып толтыру қажет.
Канистраны толтырар алдында оны іліп ұстайтын құрылғы ілмегінен канистра қаңқасына бүйірлік тесік бойымен перпендикулярлы өтетін бойға дейінгі қашықтықты өлшеп алу керек. Азот канистраға құйылуы үшін оның деңгейі тесіктен кем дегенде 1 см биік орнығуы керек. Сұйық азоттың шектік төмен деңгейін көрсететін бақылау санын өлшенген қашықтықтан 1 см шегеріп алады.

Сурет-4. Канистраны ыдыстың мойнында бекіту үшін Дьюар ыдысында тіреуіш ілмектерін пайдалану:
А-ұзын канистраны бекітуге арналған ұзын ілмек; Б- қысқа канистраны бекітуге арналған қысқа ілмек; В- Дьюар ыдысындағы канистраның әдеттегі орнығуы мен ыдыс мойнына тіреуіш ілмегімен бекітілген канистра: 1 және 2-Дьюар ыдысының сыртқы және ішкі қабырғалары; 3-сұйық азот; 4-канистралар; 5- канистраның бүйірлік тесігі; 6-канистраның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрықты сақтау
Қолдан ұрықтандыру әдістерінің мәні және маңызы
Жануарды қолдан ұрықтандыруының техникасы
Сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері
Жұмыстың практикалық қажеттілігі
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Шәует алу әдістері
Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
Бұқа шәуетін сұйылту
Пәндер