Буаздық физиологиясы
Жоспар
I.Кіріспе
1.1.Ұрықтану үдерісінің мәні
II.Негізгі бөлім
2.1. Буаздық физиологиясы
2.2.Буаздық кезіндегі организмдегі өзгерістер
2.3. Буаздықты анықтау
2.4. Жатырдан тыс буаздық, этиологиясы, балау және емдеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ш.Қ.Қалтаев, Б.Д. Жукин, М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров "Ветеринариялық акушерлік, гинекология және көбею биотехникасы", Алматы, 2011 жыл
Усенбеков Е.С.,Шманов Ғ.С.,Джуланов М.Н. Мал көбею биотехнологиясы
Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У.,Турабеков О.Т. Мал акушерлігі және гинекологиясы
Жанабеков К.Г. Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы
I.Кіріспе
1.1.Ұрықтану үдерісінің мәні
Ұрықтану- аналық және аталық торшалардың бір-бірімен қосылып, жаңа торшаның, яғни тұқым қуалаушылықтық қасиеті бар зиготаның пайда болуын сипаттайтын физиологиялық үдеріс. Ұрықтану кезінде аналық торша мен аталық торшаның өзара ассимиляциясы мен диссимиляциясы жүреді. Бұдан былай, аналықта емес, аталықта емес жаңа торша зигота түзіледі. Ұрықтануға ішкі және сыртқы ортаның әсері көп. Соның бірі- ұрықтандыру әдісі. Малды қолдан ұрықтандырғанда, табиғи қашырғандағыдай емес, жыныстық қатынастың көптеген компоненттері қалып қояды немесе өз дәрежесінде өтпейді. Ұрықтандыру үшін спермийлер мен аналық ұрық торшасы кездесуі керек. Аналық торша ұрық безінен шыққан соң ұрық жолымен төмен қарай жылжи бастайды. Оны жылжытатын күш кілегейлі қабықтың түкті эпителийі мен құрсақ қуысынан түсетін шырыштың ағысы болуы керек. Қарама-қарсы жақтан, яғни жатыр мойнынан жоғары қарай жатыр тармағының бойымен, одан әрі ұрық түтікшесімен аталық ұрық торшасы спермийлер көтеріліп келеді. Оларды жылжытатын күш спермийлердің шырыштың ағысына қарсы қозғалатын қабілеті және жатырдың перистикальдық серпімелі жиырылу қозғалысы. Бұл спермийлердің жылдамдығын арттыра түседі. Табиғи жыныстық қатынас кезінде спермийлердің қозғалу жылдамдығы, қолдан ұрықтандыру кезіндегіден әлдеқайда тез. Спермийлер қынапқа түскеннен бастап 24-30 сағатқа дейін өзінің ұрықтандыру қабілетін сақтайды. Керісінше, аналық ұрық торшаның қозғалуы баяу, ол 6-12 сағаттың ішінде ұрық жолының тек 13 бөлігін ғана өтеді, овуляциядан кейін көп кешікпей ұрықтандыру қабілетін жоғалтады. Спермийлер аналық жыныс торшасына жақындағанда, фермент, гормондарға ұқсас заттар бөліп шығарады, оларды андрогормондар деп атайды. Андрогормондар ұрық торшасының төңірегіндегі фолликулярлық торшаларды ыдыратып спермийлердің өтуіне жол ашады. Бұл үрдіс денудация деп аталады, бұл ұрықтанудың алғашқы сатысы. Денудация үрдісінің өтуіне ұрық түтікшесінің түптері және аналық ұрық торшасының өз осінен айналуы да күшті әсер етеді. Ұрықтану үшін аналық ұрық торшасын сәулелі тәж қабығынан бүтіндей тазалау шарт емес, спермийлер ұрық торшасының мөлдір қабатына жететіндей саңылау ашылса жетіп жатыр. Ұрықтану үрдісінің екінші сатысында аналық ұрық торшасының мөлдір қабатынан бірнеше спермийлер перивителинді кеңістікке өтіп кетеді. Бұл үрдіс тек өзі тектес малдың спермийлерімен жүреді, яғни бұқаның спермийлері биенің ұрық торшаларының цитоплазмасына өте алмайды. Ұрықтану үрдісінің үшінші сатысы перивителинді кеңістікте жүрген спермийлердің біреуінің аналық ұрық торшасының сары уыз қабатынан цитоплазмаға өтуімен сипатталады. Спермийдің ядросы орналасқан басы құйрығынан ажырап, аналық ұрық торшасының цитоплазмасын сіңіре бастайды, біртіндеп көлемі үлкейіп, аталық пронуклеуске айналады, ал аналық ұрық торшасының ядросы спермийдің цитоплазмасын сіңіріп, аналық пронуклеуске айналады. Әрбір пронуклеустің хромосомдар саны жартылай жинақта болады. Ұрықтану үрдісінің соңғы сатысы "Сингамия" деп аталады, мұнда екі пронуклеустің бір-біріне жақындап барып толығымен қосылып сіңісіп кетуін байқаймыз. Соның нәтижесінде сапасы жағынан да, табиғаты да алғашқы жыныстық торшалардан бөлек жаңа торша- зигота пайда болады. Зиготаның ядросында хромосомдардың толық жинағы болады, яғни оның бойында аналық малдың да, аталық малдың да қасиеттері жиналған. Негізінде аналық ұрық торшасының цитоплазмасына бір спермий өткеннен кейін, қалғандары өте алмайды. Кейбір жағдайда аналық ұрық торшасының мұндай тойтару реакциясы бұзылып, көбінесе қартайған ұрық торшасында кездеседі, бір емес, бірнеше аталық пронуклеустар пайда болады, хромосомдар жиынтығы бұзылады. Мұндай үрдісті полиспермия деп атайды. Полиспермиядан пайда болған зигота әрі қарай дами алмай өліп қалады не болмаса одан кемтар төл тууы мүмкін. Кейде күйлеген малды бірнеше аталықтың қашырғанын көреміз, қолдан ұрықтандырғанда да олардың шәуетін араластырып салады. Сонда бірнеше ұрық торшаларының әр аталықтың спермийлерімен ұрықтануын "суперфекундация" деп атайды. Бұл құбылысты шаруашылықта кеңінен қоданып, төзімді мықты төл алып жүр. Табиғи жағдайда бұл көбінесе итте кездеседі.
II.Негізгі бөлім
2.1. Буаздық физиологиясы
Аналық малдың организміндегі төлдің өсіп дамуымен байланысты өте күрделі физиологиялық құбылыс. Буаздық кезеңі малдың ұрықтанған уақытынан төлдегенге дейінгі мерзімді қамтиды. Буаздық кезеңінде ана организмі іштегі өсіп-дамып жатқан төл организміндегі физиологиялық құбылыстармен тығыз байланыста болады. Ана организміне әсер ететін сыртқы факторлар: дұрыс азықтандырмау, бағып-күтімнің нашарлығы, зорығу, ұрылып-соғылып зақымдануы, әртүрлі ауруға шалдығу бәрі де іштегі төлдің өсіп-дамуына әсер етеді. Төл өсіп-даму барысында өзіне қажетті минералды, көмірсулар мен белоктық заттарды, витаминді, микроэлементтерді анасының организмінен алады. Ана организмі осы кезде төл организміне берген сол қоректік заттардың орнын жем-шөппен толтыра алмаса, біртіндеп азып-тозып ауруға ұшырайды. Буаздықтың ана организміне, әсіресе жас малдың организміне пайдалы әсер ететіні де белгілі. Жемшөпке тәбеті жақсы болған соң, тез оңалып, дене құрылысы да өсіп, физиологиялық жетілу мерзімі жылдамдайды. Бірінші туманың буаздығын алғашқы буаздық деп атайды, бұрын туып жүрген болса, қайталанған буаздық дейді. Одан басқа да мына түсініктерді айта кету керек: бір төлді буаздық (ит, қой,, ешкі, мысық, қоян, шошқа), қосымша буаздық, жалған буаздық. Сиыр мен бие, түйеде негізінен бір төлді буаздық болады, сиырлардың егіз туатын жағдайы 1-2%-ға дейін кездеседі, тіпті 3-4 бұзаудан туған сиырды да кездестіруге болады. Бірақ олардың бұзаулары әлсіз, жарым жан болып туады да өліп қалады. Қой мен ешкілерде 40-50%-ға дейін егіз туатындар болады, 10-13%-ы үшеуден туады. Мегежін жақсы күтімде бір төлдегенде 10-12 торай береді. Буаздықтың ұзақтығына іштегі төлдің саны, жынысы, анасының күтімі, жасы, тұқымы сияқты факторлар әсер етеді. Төлдің саны көп болса, буаздық мерзімі қысқарады, ұрғашы төл туатын болса да буаздық қысқарады, бірінші тумалардың буаздығы ұзағырақ болады, күтімі нашар, арық- тұрақ малдың буаздығы ұзағырақ болады. Күзде тоқтаған малдың буаздығы жазғытұрым тоқтаған малдың буаздығына қарағанда ұзағырақ келеді. Кейбір бағалы терілі аңдар мен жабайы аңдарда ұрықтану процессі біткен соң зигота өзінің ары қарай дамуын тоқтатады да төлдеуге қолайлы жағдай туғанда ғана өте қарқынды түрде дамып жетіле бастайды.Мұндай құбылыс ғылымда буаздықтың жасырын кезеңі, яғни диапауза деп атайды. Мысалы, құндыздардың шағылысуы сәуір айында басталып, буаздығы 9-10 айға созылғанымен, оның ішінде 7 ай диапаузаға кетеді. Тек соңғы 2 айда ғана зигота қайтадан өсіп-дами бастайды. Бұл құбылыс еліктерде, аюда кездеседі.
1-кесте. Буаздықтың ұзақтығы (күн есебімен).
Жануарлар
Буаздық күндері
Жануарлар
Буаздық күндері
Сиыр
285 (270-300)
Қасқыр
62
Бие
Түйе
336 (320-355)
369 (343-395)
Түлкі
Жолбарыс
51 (49-55)
154
Қой, ешкі
150 (145-157)
Арыстан
110
Шошқа
114 (110-113)
Аю
200
Ит
63 (58-66)
Піл
660
Мысық
58 (56-60)
Бұғы
255 (195- 243)
Қоян
31 (30-33)
Қодас
258
Ақ тышқан
23 (22-24)
Буйвол
307 (300-315)
Есек
380 (360-390)
Елік
300
Көп төлді жануарларда суперфетация, яғни қосымша буаздық деген құбылыс байқалады. Оның мәні күйлеген жануарлардың күйі қайтқанша бірнеше рет шағылысқандықтан алғашқы пайда болған зиготаның үстіне тағы да ұрықтанып, қосымша зиготалар келіп түседі. Олардың өсіп-даму мерзімінің арасында 10-20 күнге дейін айырмашылық болады. Көп жағдайда ит пен мысықта, ешкіде, қоянда жалған буаздық байқалады, яғни шағылысқа түспеген, ұрықтандырылмаған жануардың желіні үлкейіп, уыз пайда болып, іші үлкейіп, төлдейтін орнын дайындап жатқанын көруге болады. Жатырдың ішіне кілегейлі шырыш жиналады. Бірақ бірнеше күн өткен соң бұл өзгерістердің бәрі де басылып, буаздықтың белгілері біртіндеп жойылып кетеді.

Буаздық ұрғашы малдың организмінде үлкен өзгерістер туғызады. Ана организмі өзінің өмір-тіршілігіне қажетті қоректік заттарды төлге беріп отыру керек, төлдің бөліп шығарған улы заттарын бейтараптап отыруы қажет. Мұның бәрі ана организміне өте үлкен күш түсіреді, атап айтқанда, зат алмасу үрдісі күшейеді, жыныстық органдардың анатомо-топографиялық құрылысы, оынң қызметі өзгереді. Буаз мал жиі-жиі нәжіс, зәр шығарып отырады, іштегі қысым көбейгендіктен тыныс алуы, жүректің соғуы жиілейді. Қанның құрамында минералды заттар азайып, эритроциттердің тұну жылдамдығы артады, ацидоз байқалады. Мал арықтайды, жүні түсіп, мүйіздерінде бунақтар пайда болады, тістері тез мүжіледі. Буаз мал суды көп ішеді, терлейді, тез шаршайды, оларды алысқа қуалап айдауға болмайды. Аналық ұрық безі үлкейіп, онда сары дене және фолликулдер болады, құрсақ қуысына түсіп кетеді, жатыр үлкейіп жамбас қуысынан құрсақ қуысына түседі, оның ішіне шарана суы жинала бастайды, күйіс малында карункулдар өсіп қолға біліне бастайды. Жатыр артериялары жуандап, дірілдеп соғады. жатыр мойны жабылып, ол кілегейлі тығынмен бекиді. Буаз малдың сыртқы жыныс органдары ісініп, қарыны үлкейеді, желіні тола түседі. Осы өзгерістердің бәрі мал мамандарынан буаз малға ерекше көңіл аударуы, күтімді талап етеді. Буаз малдың рационында буаздықтың мерзіміне байланысты қажетті белоктық, көмірсулар мен минералды, витаминді заттар болуы керек, қораның іші таза, жарық, құрғақ болу керек, температурасы+10, +15, таза су жеткілікті болуы керек. Шіріген, көгерген, мұз болып қатқан жемшөпті беруге блмайды. Буаз амлды күнделікті серуенге шығарып, үсті-басының тазалығына, желіннің жағдайына көңіл аударып отырады. Әсіресе бірінші тума қашырларды, құнажынды емшегін ұстап массаж жасап үйрете беру керек.
2.3. Буаздықты анықтау
Малдың буаздығын дер кезінде анықтау тауарлы-сүт фермасының жұмысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді: атап айтқанда, төл алудың, өндірілетін сүттің жоспарын жасайды, мал төлдету мерзімдері алдын ала көрсетіліп, қоражай, жем-шөпті дайындап қояды, буаз малдың өзіне арналған рационын жасайды, су алатын уақытын белгілейді, қашпай қалған мал болса, оның себебін анықтап, қайта қашырып қысыр қалмауын қадағалайды. Сөйтіп малдың буаздығын немесе бедеулігін анықтау әрбір шаруашылықта міндетті түрде, жоспарлы түрде жүргізілуі керек. Бүгінгі таңда буаздықты анықтайтын көптеген әдістер белгілі, әсіресе, зартханалық жолмен анықтау кең етек алып отыр. Малдың буаздығын анықтау үшін оны анамнез мәліметтерін жинау, малдың жеке карточкасындағы, кітапшадағы мәліметтермен танысу, малды сырттай ұстап тексеру, қынап және тік ішек арқылы зерттеу, рентгенологиялық, зертханалық зерттеулер жүргізу сияқты тәртіппен зертейді. Бұл әдістердің бәрін жасап шығу шарт емес, көп жағдайда малдың буаз немесе қысыр екендігін анықтауға бір-екі әдістің өзі жеткілікті болады.
Анамнез мәліметтері: Ұрықтандырған күннен кейін 30 күн өткен соң мал қайтып күйлемесе немесе жем-шөпке тәбеті жақсарып оңала бастаса, сүті кеми бастаса, асықпай салмақты жүріп, тас-кесекті жалауға құмар болса, терлегіш, тез шаршайтын болып, зәр шығаруы жиілеп, артқы аяқтарында, қарнының төменгі жағында ісінгендік байқалса мал мүмкін буаз болар деп жорамалдаймыз. Ол үшін малдың соңғы рет қашан ұрықтандырғанын, неше рет күйлегенін, неше рет ұрықтандырғанын, қандай шәуетпен ұрықтандырғанын білуге тырысамыз. Анамнез мәліметтерін клиникалық зерттеу нәтижелерімен толықтыру керек, әйтпесе ондай белгілер қысыр, ауру малда да кездесе береді.
Клиникалық зерттеулер: Рефлексологиялық әдістер, сырттай қарап көру, ұстап көру және тыңдап көру әдістері мен қынап және тік ішек арқылы зерттеулер әдістерінен тұрады. Рефлексологиялық зерттеу жүргізу үшін арнайы ауланың ішіне ұрықтандырған малды күйіттеуші аталық малмен қосып 1-2 сағат бірге ұстайды. Мұндай зерттеуді малды ұрықтандырғаннан кейін 10-30 күн аралығында жүргізіледі. Осы уақыттың ішінде мал қайтып күйлемесе буаз, ал күйлегендері қысыр болғаны. Зерттеу нәтижесі 95-100 пайыз жағдайда дұрыс болып шығады. Буаздықты сыртқы белгілеріне қарап анықтау сирек қолданылады, себебі бұл әдіспен буаздықты тек екінші жартысынан ғана анықтай аламыз да, буаздық мерзімін дәл тауып айта алмаймыз. Сырттай қарағанда сиырды тегіс жерде, далада немесе жарық бөлмеде тексереміз, артқы жағынан 1-2 метр қашықтықтан қараймыз. Сондағы көңіл аударатынымыз сиырдың оң жақ бүйірі салбырап үлкейген, кейде дірілдеп қозғалғаны да байқалады. Жыныс ернеулері ісінген, құйымшағы босап түскен, желіні үлкейген, артқы аяқтары мен қарынының астыңғы жағында домбыққан жерлері болуы мүмкін. Биелердің сол жақ бүйірі шығыңқы болады. Дегенмен, бұл белгілердің бәрі де буаздықты дәл басып көрсете алмайды. Буаздықты сыртынан қолмен ұстап-сиап анықтау қиын емес, ол үшін сиырдың оң жағынан келіп сол қолыңызды оынң беліне қойыпң оң қолыңыздың алақанымен сиырдың бүйірін аш өзектен төмен, шаптан жоғары тұстан бірнеше рет ішке қарай итеріп көресіз. Сол кезде қолыңызға қатты дене білінсе, ол буаздықтың нақты белгісі. Биені сол жақ бүйірінен қарнының төменгі жағынан түртіп көреді. Ол үшін бетіңізді биенің артқы жағына бұрып, сол қолыңызды оның беліне салып тұрасыз. Қой мен ешкілердің сол жақ бүйірінің астынан тіземен итеріп оң жақ бүйірін қолмен сипалайды. Буаздықты қарынның сыртынан тыңдап анықтау тек қана ірі малға қолданылады. Онда да зерттеу нәтижесі барлық уақытта дұрыс бола бермейді. Төлдің жүрек соғуын жақсы есту үшін төл кеудесімен немесе арқасымен анасының құрсақ қабырғасына тікелей тиіп жатуы керек, басқа жағдайда жүректің соғылуы естілмейді. Төлдің жүрегінің соғуын малдың бүйіріне құлақты тосып немесе фонендоскоппен тыңдайды. Буаздықты анықтау үшін бұл әдістің маңызы оншалықты үлкен емес. Буаздықтың бірінші жартысындағы кезеңде малдың сыртқы белгілеріне қарап буаздықты анықтау мүмкін емес, сондықтан ерте буаз малды анықтау үшін қынап арқылы және тік ішек арқылы зерттеулер жүргізеді. Бұл әдіспен тек ірі малды (сиыр, бие, түйе, есек) зерттеуге болады. Тік ішек арқылы зерттеудің нәтижесінде буаздықтың ай сайынғы белгілерін, қысыр малдың қандай ауруы барын анықтауға болады. Қынап арқылы зерттегенде малдың сарпайын жуып, тазалап сүртеді, сырты вазелинмен майлаған стерильді қынап айнасын ақырындап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz