Сиырлардағы туғаннан кейінгі парез



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Туғаннан кейінгі парез.Балау және емдеу

Орындаған:
Тексерген:

Алматы,2019 жыл

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Туғаннан кейінгі салдану туралы жалпы мәлімет
2.2.Туғаннан кейінгі салдануды емдеу шаралары
2.3.Туғаннан кейінгі парезді алдын алу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі

І.Кіріспе
Буаздық ұрғашы малдың организмінде өте күрделі өзгерістер туғызады.Әрбір органның қызметі ауырлап оған күш түсе бастайды,бұрынғы ескі ауруларын қоздырады.Бағып-күтімі,азықтануы нашар болса,мал буаздықты көтере алмай ауруға шалдығады.Кейде,тіпті,барлық жағдайы дұрыс болып тұрып та буаз мал ауруға шалдығады,оның себебі организм буаздықты қаламайды.Оған қарсы реакция туғызады.Мұндай ауруларды буаздықтың токсикозы деп атайды.
Сөйтіп,ұрғашы малдың организмінде буаздық кезінде,туу кезінде және туғаннан кейінгі кезеңде пайда болған ауруларды акушерлік аурулар деп атаймыз.
Буаздық кезінде көбінесе:ісігі,буаз малдың жатып қалуы,невропатия,гепатопатия,экламп сия,остеомоляция,қынапты түсуі, жатырдан қан кету,мезгілсіз толғақ,жатыр жарығы,жатырдың бұралуы,іш тастау,жатырдан тыс буаздық т.с.с. аурулар кездеседі.
Малдәрігерлік қауіпсіздік тұрақты болған жағдайда, малдардан жоғары өнім алуға, сондай-ақ халықты адамдар мен малдарға ортақ аурулардан сақтауға болады.
Жұқпалы және инвазиялық аурулармен қоса, мал шаруашылығына экономикалық жағынан орасан зор зиян келтіретін жұқпайтын аурулардың үлесіне 50%-дан жоғары жағдай тіркелуде. Малдарды толық құнды азықтандырмау, дұрыс күтіп-бақпау, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің аурулары, зат алмасу үрдісінің бұзылуы, хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық патологиялар осындай аурулардың туындауының негізгі себептері болып саналады. Акушерлік патологиялар төлдеудің патологиясына, шудың түспей қалуына, жатырдың субинволюциясы, жатырдың эндометриті ауруларына және жұмыртқалықтардың қызметінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Туудан кейінгі парездің алдын алу үшін сиырларға төлдеуден 10 күн бұрын күнде 100-200 г қанты жылу суға ерітіп береді
ІІ.Негізгі бөлім
Туғаннан кейінгі салдану (парез),(Coma puerperalis)-ауру өте жіті өтетін,кенеттен пайда болатын ауру.Көбінесе семіз,сүтті сиырларда кездеседі.Құнажындар,сүті аз жергілікті сиырлар ауырмайды.Ауру алғашқы кезде сиырдың керенау болып жүруімен сипатталады да,кейіннен сиыр аяқтары дірілдеп,әлсіреп жатып қалады.Ас қорыту органдарының қызметі баяулайды,іші кебеді,дене температурасы төмендейді,денесін, мүйізінің, құлағының түбін ұстағанда салқындағанын байқаймыз.Мойын омыртқасы иректеліп,басы бір жақ бүйіріне қисайып жатады,кейде тілі салбырап шығып жатады,көзі бадырайған,кейде жұмулы,ешқандай айқай шуға,ұрғанға елеңдемейді,есінен танады, ішек, тіл, жұтқыншақ салданады. Мүйізінен тартқанда басын жеңіл табиғи жағдайда ұстайды, бірақ қоя берсеңіз тез арада мойынын кеудесіне бұрып жатып алады. Көзінен жас мөлдірейді. Уақыт өте келе көздің беткейлі қабаты кеуіп, бұлынғырланады. Ауызы ептеп ашылған, тілі салбыраған. Тілмен жұтқыншақ салдануынан жұтынуы актісі толығымен немесе бөлшектеп жойылған. Перистальтикасы жоқ. Қуығы толған. Тимпания басталған. Тыныс алу баяу, қырыл (сілекейдің жиналуы және тілдің түсуі). Желін қан тамыры қанға толы; сүті аз немесе мүлдем болмайды. Тік ішегінде қатып-кеуіп қалған нәжіс болады.Қуық зәрге толып кетеді.

1-сурет.Сиырлардағы туғаннан кейінгі парез
Аурудың көрінуі:
1) Әсіресе бай белокты азықтармен қоспаларда ұстаған, қоңдылығы жақсы сиырларда;
2) Сүт өнімділігі жоғары сиырларда (асыл тұқымды еместерде тіркелмеген);
3) 5-8 жасар сүттілігі жоғары сиырларда,бірінші бұзаулағандарда кездеспейді;
4) Малдарды қора - жайда ұстағанда;
5) Туылғаннан кейінгі 3 күн ішінде, жеңіл және жылдам туудан кейін, бұзаулағаннан кейін бірнеше апта немесе айдан кейін, буаз малдармен туу кезінде болмайды. Кейбір сиырлармен ешкілерде әр туған сайын пайда болады.
Ауру көбінесе,туғаннан кейін 1-2 күннің ішінде байқалады да,дер кезінде көмек көрсетілмесе,сол алғашқы 24 сағаттың ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.Өте сирек жағдайда ауру мал өздігінен жазлып кетеді,дене температурасы көтеріліп,тамыр соғуы дұрысталып,басын көтеріп,айналасына қарап,ішек-қарын қызметі қалпына келе бастайды.

2-сурет.Туғаннан кейінгі жартылай салданудың жеңіл түрі
Себептері.Аурудың нақытылы себебі белгісіз.Дегенмен,көптеген ғалымдар аурудың пайда болуын гипокальцемия,гипогликемия құбылыстарымен байланыстырады.Туғаннан кейінгі кезеңде малдың қанында кальций,натрийдің,көмірсулардың деңгейі күрт төмендеп кететіні рас.Аурудың пайда болуына малға жемді көп беру,далаға шығармай бір орнында байлап ұстау,өкпек желдің өтінде тұру,сүттілігі әсер етеді.
Емі.Қазіргі таңда ең тиімді ем сиырдың емшегінің үрпінен ауа үрлеу.Ол үшін емшектің үрпін 70° спиртке малынған мақтамен тазалап сүртіп, сүтті катетерді резеңке түтікше арқылы жалғанған велосипед немесе шар үрлейтін насоспен Эверс аппараты көмегімен сүт безіне ауа жіберу керек. Сүт безін бөгде заттармен ластамау мақсатында резеңке түтікшеге мақта салынады.
Ауаны жібермес бұрын бір қырынан жатқызып, желінді дұрыс қойып, астына орамал немесе төсеніш төсеп үрпілерді спиртпен сүртеді. Желінге ауа жіберуде кірлетпеу үшін және үрпі түтікшелерін тазарту мақсатында әр үрпіні сауып ағызып жібереді. Содан кейін абайлап үрпі катетерді енгізіп, ауаны жібере бастайды.

3-сурет.Эверс аппараты
Төменгі үрпілерден бастап, кезектеп жіберген дұрыс. Қайтадан бөліктерге бастапқысынан бастап ауа жібереді. Ауа жіберу мөлшері тәжірибе барысында белгілі болады; сүт безі терісінің қалыңдығына байланысты (қыртыстары жайылады), ең бастысы, саусақпен желінді басқанда тимпаниялық дыбыстың болуы (саусақтарын сырқылдатқан кезде, қатты созылып ауа үрленген бетте осындай дауыс шығады).

4-сурет.Туғаннан кейінгі жартылай салданудың ауыр түрі
Егер желінге қажетті ауа жіберілмесе, емдік әсер болмауы мүмкін. Шамадан тыс немесе жылдам ауа жібергенде желінде альвеолалар жарылып және тері асты эмфиземасы пайда болады, бұны пальпациялағанда (тері асты клетчаткасының крепитациясы) анықтайды.
Ауаны жібергенен кейін, сфинктерлердің бұлшық еттерін оятып ауаны кер шығармас үшін үрпілердің басына жайлап массаж жасау керек. Егер сфинктер әлсіз болып және ауа тоқтамаса онда жалпақ материалмен үрпіні байлаған жөн. Үрпі шеттерінің некрозын болдырмау да және сфинктер бұлшық етінің сал болдырмау үшін жіпті пайдалануға болмайды. Оған ленталық бинтті салып тартып 2 сағаттан соң шешеді. Кейде ауа жібергеннен кейін 15-20 минут ішінде сиырдың жалпы жағдайы жақсарып, азықтанғанын көреді. Аурушаңдығы біртіндеп кетіп, ақырындап өзіне келе бастайды. Сиырда (ешкі) көтергенге дейін және кейін сирақ бұлшық еттерінің дірілі байқалып, бірнеше сағатқа созылады. Көп жағдайларда малдарға бір рет ауа жіберген жеткілікті, ал егер жақсару болмаса 6-8 сағаттан кейін ауа жіберуді қайталау қажет. Сиырдың барлық денесін, әсіресе артқы аяқтарын шөп әлде сабанмен ысқылайды. Ысқылағаннан кейін сиырдың денесін, суып қалмау үшін жабынмен жауып тастау қажет. Мал астындағы төсеніш құрғақ және таза болуы тиісті. Егер жануар өміріне тимпания қауып туғызса, тез арада мес қарынды троакар арқылы әлде қалың инемен тесіп, олардың тесігі арқылы мес қарын қуысына 20-40 мл 40 %-формалин ерітіндісін әлде 5 % спирт-ихтиол ерітіндісін қолданады.
Төлдегеннен кейінгі парезде сиыр жұта алмайды, сол себептен ауыз арқылы дәрі құюға болмайды. Осындай жағдайларда дәрі асқазанға емес өкпеге түсіп, мал өліп қалуы мүмкін.

5-сурет.Сиырдағы туғаннан кейінгі салдану
Желінге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлдеуден кейінгі талықсу Coma purperalis
Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Жұмыстың тақырыбы Жатырдың субинволюциясы
Жатырдың субинволюциясының диагнозы және болжау
Сауын сиырлардың кетозы
Церебралды сал ауруы
Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы
Желін безінің аурулары
Пәндер