Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
5В011400 - Тарих мамандықтарына арналған
Алғашқы қоғам тарихы
пәнінен
ЛЕКЦИЯ КЕШЕНДЕРІ
Факультет: Білім
Кафедра: География және тарих
Кредит саны: 3
Лекция: 15
Оқытушының аты-жөні: М.С.Иса
Тараз 2016 ж
Лекция №1. Кіріспе.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2.Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Өткен тарихымызды бүгінгі күн биігінен, Тәуелсіз Республикамыздың мемлекеттік саясаты тұрғысынан кең ауқымда жан-жақты талдап-таразылау процесі қоғамдық ғылым саласы өкілдері тарапынан қолға алынып, бұл салада біршама игілікті істер атқарыла бастағанына куә болып отырмыз. Сондықтан да бүгінгі таңда ұлттық идея мен ұлттық идеология қандай болуы қажет, біз оны қай тұрғыдан саралап, тұжырымдама жасауға тиістіміз деген көкейтесті мәселе күн тәртібінен алынып тасталынған жоқ. Ұлттық идеологияны талдап жасамайынша өткен тарихымызға қатысты зәрулі мәселелерге келгенде кінәраттыққа, ағаттықтарға, түрлі қиғаштықтарға жол беріп аламыз да оны ақтап, қателіктерге кешіріммен қарап көш жүре түзеледіге салынып, жабыны жаба тоқығымыз келеді. Қандай қоғамдық жүйе болмасын өзінің мемлекеттік идеологиясын ішкі және сыртқы саясатында практикалық тұрғыдан іске асырып отыратыны мәлім, бұл мемлекет іргетасының беріктігі үшін қажет. Мұның жарқын үлгісін өзіміздің төл тарихымыздан-ақ көруге болады.
Курстың мақсаттары мен міндеттері.Пәнді оқытудың мақсаты: Пәнді оқыту барысында студенттерге қазақ өркениетінің дамуна сүбелі үлес қосқан дала ғұламаларының қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен даму тарихына қосқан үлестері туралы білім беріледі. Қазақстанның ортағасырлық ғұламалары мен кеңестік дәуірге дейінгі тарихы, олардың негізгі бағыттары, ұлттық сананың дамуы, қазақ өркениет ошақтарының қалыптасуы жан - жақты қарастырылады.
Курстың міндеті. Оқыту барысында ортағасырдан бастап Кеңестік дәуірге дейінгі ғұламаларымыздың жүріп өткен жолдарының тарихы жазба деректер негізінде оқытылады. Қазақ өркениетінің дамуына, өркендеуіне қосқан үлесін жан - жақты ашып көрсету.
Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың "Түркі тілдерінің сөздігі", Жүсіп Баласағұнның "Құтты білігі", Ахмет Игүнекидің "Шындық" сыйы", Ахмет Иассауидың "Диуани хикметі" сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді "Бақыт деген не?", "Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?" деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі "Құтты білік" поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол - философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан "Құтты білік" кітабы - сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, "Мың бір түн", "Жолбарыс терісін жамылған батыр" секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар "Құтты білік" де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп айта аламыз.
Әдебиеттер:
1.Төлентаева К.Ә. Қазақстан тарихы. Алматы: 2006.
2.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. -- Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010 жыл
3.Ұмытылмас есімдер. Достық дастаны - Алматы. Қазақстан 1994
Лекция №2. Ортағасырлық ғұламалар.
Жоспар:
1. Отырар (Фараб) ойшылы- "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби.
Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан . Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды Арабтар Барфа, (Фараб) деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргі орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданының аумағы. Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, Ренессанс дәуірінің қайнар бастауында тұрған ғұлама көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алепода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазды.
Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда (Дамаскіде) өткізеді. Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымына ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығысарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны Үлкен музыка кітабы атты еңбегінен де байқауға болады. Ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылды. Бұл ойын Ғылым жігі жөніндегі сөз атты трактатында көрсете білді. Фараби халыққа білім беруді армандады. Адамзат бойында ағарту мен дамуды біріктіргісі келді. Ұлы бала ұстанған мұраттың бір парасы мынадай: ғылымның қайнар көзіне ұмтылған адам өнегелі де жақсы тәрбиеленген адам болуы керек. Ең алдымен Құран, заң ғылымдарын оқуы керек. Адал, шыншыл болуы керек. Бұзақылық, өтірік, алдау, арбаудан аулақ болуы керек.
Заңды тағайындарға жақындай отырып, заңдық негіздердің тірегін, сүннет пен шариғат ережелерін бұзбай, қажетті мүдделер арқылы еркін ойлы болуы керек. Саяси этика мен философияның арқасында шынайы бақытқа жетуге болатынын тапқан Фараби ізгілікті қала мен надан қаланы салыстырады. Бақыт пен лайықты өмірге барар жол, адам табиғаты, зиялы және этикалық Кемелдік, нағыз әмірші жайындағы талдаулар әлі терең зерттеле қоймаған Мемлекет қайраткерінің афоризмдері, Азаматтық саясат, Бақыттың жетістіктері атты еңбектерінде өрбиді. Фарабише, бақыт - абсолюттік игілік. Адам кейбір заттарды (ақша, даңқ, қажеттілік және т.б.) өмірдің негізі деп ойлайды. Бірақ бақыттың не екенін танып-білу, оны мақсат етіп көздеп, сол мақсатқа жету үшін, үздіксіз соған қарай жүру үшін жанның теориялық жағын әбден жетік білу керек. Бұған тек ақылгөйлер ғана бара алады. Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады.
Ойшыл Әлеуметтік-этикалық трактатында: Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады - деп есептейді. Музыка туралы үлкен трактатында музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектеді. Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар ең биік игілікке, яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін келісімге көшуіне тура келеді. Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің Әлеуметтік-этикалық трактатында ғалым: Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады, - деп жазды. Фараби Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді. Сайып келгенде, Әл Фараби Қайырлы қала тұрғындарының кітабы, Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы, Музыканың үлкен кітабы, Өлең сөз және шешендік туралы, Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат, Логика, т.б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

Лекция №3. XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдар.
Жоспар:
1. Жүсіп Хас Хажиб Баласағүни.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 10171021 - 1075) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы Күз Орда деп атаған.
Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында Құдадғу біліг (Құтты білік) дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды хандардың ханы -- Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға хас хажиб -- бас уәзір немесе ұлы кеңесші деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, Құтты білік дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы Азия журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери Құтты біліктің бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. Құтты білік дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. Құтты білік поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады.
Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: Жүсіп Баласағұнидің „Құтты білік" поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма, -- деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген. Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев, М. Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді.
Ақынның Құтты білік поэмасынан басқа жазған көптеген рубаилары да болған. Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі жоғары, филологиялық толғамдары терең.

2. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 3том, Алматы: білім, 1999

Лекция №4. XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдар.
Жоспар:
1. Түркі халқының аса дарынды перзенттерінің бірі- Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029 - 1101) - түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты Диуани луғат-ат-түрік еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды.
Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. XI ғасырда Диуани луғат-ат-түрік еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалым бұл кітапта Бағдад оқымыстысы Әбдірахман әл-Басридың (VIII ғ.) Китабул айни атты еңбегі негізінде түзген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. А. Абулфатхтың 1266 жылы жасаған көшірмесі 1915 жылы Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты. Ол түркітану тарихында тұңғыш рет тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. Түркі тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып, тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ауыз әдебиетінің жоқтау (Алып Ер Тоңға өлді ме?), айтыс (Жаз бен қыстың айтысы) үлгілерін де қамтыды.
Кітапта ерлік істерді мадақтаған, табиғат көріністері мен ғашықтықты жырлаған жыр шумақтары кездеседі. Түркі топырағында Яссауиден басталады деп танылып келген сопылық поэзия үлгілерін Махмұд Қашқаридің сөздігінен табуға болады. Ғалым өз сөздігінде 29 тайпаның этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.
Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралым аймағын көрсетеді. Кітапты түзуде бірнеше жылын сарп етіп, 1072 - 1078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Бұл кітап 1997 - 1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген А. Егеубаев. Махмұт Қашқаридың Түркі сөздігінен басқа Китап-и-джавахир ан-нахв фи луғат ат-түрік (Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері туралы) атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпеген. Ғалым өзінің кітабы туралы Түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдейді.
Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш әрі таусылмас әдеби-көркем мұра боп қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа „Түркі сөздерінің жинағы" деп ат қойдым. „Жинақты" сегіз бөлімге топтастырдым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Түркі халықтарының бәйіт-жырлары мен мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім. Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерге, олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем -- мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым, -- деп жазды. ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай Махмұт Қашқари жылы деп жариялаған болатын.

2. Егеубай А Махмұт Қашқари Диуани лұғат-ит түрк Жұлдыз Алматы. 2005

Лекция № 5. XII ғасырдағы аса көрнекті ғалымдар
Жоспар:
1. Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен - Ахмет Йасауи
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Ясауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ, - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани Хикмет (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды.
Оның жолын ұстанған шәкірттері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты. Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарның жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті.
Диуани Хикметтен қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды. Бұл жайында жергілікті халықта мынадай аңыз бар: Қожа Ахмет Ясауи мазарын тұрғыза бастағанда қара дауыл қабырғаларын ұшырып әкетеді. Осыдан кейін Ақсақ Темірдің түсіне Қызыр еніп, ең алдымен Ахметтің ұстазы Арыстанбабқа мазар тұрғызу жөнінде аян беріпті. Темір Қызырдың айтқанын екі етпей орындап, содан кейін барып қана өзі ойлаған жұмысына кіріскен екен.
Қожа Ахмет Ясауиге тәу етушілер алдымен Арыстанбабтың басына барып түнейді. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Яссауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Мазарда отызға жуық мешіт, кітапхана, залдар бар.

2. Ұмытылмас есімдер. Достық дастаны - Алматы. Қазақстан 1994
Лекция № 6. XIIІ ғасыр
Жоспар:
1. XIIІ ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы кезіндегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өнер-білімі мен мәдениетінің тоқырауға ұшырауы
Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл - Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған, - деп жазды.
Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз. Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті.
Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз - ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы - егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда - ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді.
Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.
Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.
Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау - бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы - егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы - осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.
Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік - экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым - салықтың ауыр зардабын, қайғы - қасіреттің, золық - зомбылықтың күшін орнатты.
Қорытып айтқанда, Шыңғыс - хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

3.М. Тәтімов. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993.
Лекция № 7 . XІV-XVғ.ғ. ғұламалары
Жоспар:
1. Ақсақ Темір және оның әулетінің ғылымға қосқан үлесі.
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ -- Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) (1336 -- 1405 жж.) -- Орталық Азияжаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның[[Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуылжасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. БірақШыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген -- 18. 2. 1405,Самарқан қаласында дүние салды) -- қолбасшы, мемлекет қайраткері.
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балхпен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол "Aksak Tіmur" (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 -- 88),Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзірбайжан, 1384), Тәбріз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті.
Әмір Темір 1370 -- 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзірбайжан,Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды.Сирия мен Ливан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя -- Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км²-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 -- 1376), Әмір Шейї (1356 -- 1394), Мираншах (1366 -- 1408), Шаїрух (1377 -- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz