Тарихтар жеткізген тәуелсіздік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тарихтар жеткізген тәуелсіздік
ЕРЛАН РУСЛАНҰЛЫ
...Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді...Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Ә.Назарбаев
Жоспар:
І.Кіріспе
Тәуелсіздік жолында
ІІ.Негізгі бөлім
1.Тарих толқынында
2.Ызғарлы желтоқсан
3.Қазақстанның жетістіктері мен мақтаныштары
ІІІ.Қорытынды
Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізбек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

Қайран қазағым, басынан талай нәубетті өткеріп, сонау қилы заманда тар жол тайғақ кешіп, бастан бағың ауғанда талай боздағыңның басы ауған жаққа кетті-ау! Бірі - Алатау асып, бірі Тарбағатай, кейбіреуі сонау Каспийден әрі асып кетті емес пе? Сол кезде басына күн туып, арғымағың ауыздығымен су ішіп, ерлерің етігімен су кешкенде басыңа тәуелсіз күн оралмайтындай көрінгендей болды. Талай боздағыңа туған жердің топырағы да бұйырмай кетті-ау!

Қуан далам! Кешегі жанарына жас толтыра, бір уыс топырағыңды тұмарға түйіп, бас сауға деп төсіңнен үдере көшкен ұландарыңның ұл-қыздары бабамның мекені, ата қоныс ата мекенім деп қайта оралуда. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі - еркіндік. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшілік елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз!

1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай ширек ғасырдың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Бүгінгі Қазақстан - тек өзі орналасқан аймақта ғана емес,

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Мәңгілік ел деп атады. Бұл Қазақстанның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатарына қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын Қазақ елі деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі - еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.
Кез-келген жүрегі елім деп соғатын қазақ баласы үшін егеменді елде, тұғырлы тулы тәуелсіз мемлекетте дүниеге келу,өмір сүру-арман шығар, сірә. Себебі,тәуелсіздік-бізге ерлік пен намысшылдықтың арқасында жетті. Ал сол тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабаларымыз қаншама?! Сонау өткен ғасырда басталған тәуелсіздік үшін күрес,міне,кеше ғана, дәл 26 жыл бұрын қолымызға бақыт құсы секілді қонған еді.Тарих-ұлтты қалыптастырушы болса,ал біздің тарихымыз тәуелсіздікке деген ұмтылысымызбен байланысты.Тәуелсіздік-қазақ халқының бостандыққа ұмтылған қайсар рухының нәтижесі. Бабалар аманаты болып жеткен тәуелсіздік - біздің ең басты құндылығымыз деп есептеймін. Егемендік пен тәуелсіздік-еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаған арманы .Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіп,әлемнің түпкір - түпкіріндегі танылған, өз мақсаты мен міндеті анық байыпталған жас мемлекеттердің қатарына кірді. Халқымыздың тарихы-соғыстардың,әскери жеңістер мен жеңістердің ғана тарихы емес.Оның қашан да жасампаздық сипаты бар.Мемлекет құрып,оны нығайту,қалалар салу,өз мәдениетін қалыптастыру-бәрі жасампаздыққа жатады. Ғасырлар қойнауына үңілсек, кеше ғана болған оқиғалар - бүгінде тарих беттерінде сарнап тұр.
Егемендігімізге қол жеткізу ешкімге де оңай болған жоқ. Әлемдегі мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да ол өз болашағының жарқын болғанын және озық елдер арасында жүргенді тілейді. Бірақ кез-келген мемлекеттің бұл мақсатқа қол жеткізуге дәрмені жете бермейді. Оның себептері әр алуан. Адамзат дамуының өткеніне зер салып қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуы мен өркендеуіне бөгет болатын негізгі кедергілердің бірі ол - ел ішіндегі алауыздық пен берекесіздік екенін тарих көрсетті. Мәселен, қазақ қазақ болғалы талай заманды өткерді, талай зобалаңды бастан кешті. Жаугершілікті де, аштықты да, бодандықты да, қуғын-сүргінді де көрдік. Қайсар қазақ халқының өткерген қиындықтарын, кешкен азаптарын айтып бітудің өзі мүмкін емес шығар. Еуразия құрлығының апайтөс даласы небір ұлы шайқастар мен ұлы жеңістердің де куәсі болды. Байтақ жеріміздің қойнауы сол қиын қыстау кезеңдер мен мерейіміз үстем болған замандардан сыр шертетін шежіреге тұнып тұр. Заманында жарты әлемді бағындырған Ғұндардың, Түркілердің, Моңғолдардың алып империяларының орталық ордасы да осы киелі далада орын тепкені баршаға аян. Ал ХV ғасырдың ортасында Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш деп, киіз туырлықты көшпенділер құрған Қазақ хандығы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігі тарихының бастауы болғандығын зор мақтанышпен айтамыз. Ол заңды да. Себебі біздің тарихымыз ұлы тарих. Сондықтан оның насихатталуы да өзінің ұлылығына сайма-сай болғаны ләзім. Ол тарихты ешкім аттап өте алмайды. Алайда Ұлы дала тарихы өкінішке қарай, толық қанды қамтылды деу қиын. Әсіресе, мынау соңғы екі жүз елу жылға созылған бодандық тұсында, қазақ өз тарихын өзі жаза алмады. Кезінде үлкендердің Қасқыр күшігінің тірсегін кессе, қасқыр болмай қалады деген сөзін естуші едік. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тарихын тартып алды. Шовинистік идеология тарихымызды насихаттамақ түгіл зерттеуге тиым салды. Содан кейін біздің діни болмысымызды бұзды. Мәңгүрттеді. Дінін тартып алды. Тіліне де қиянат жасады. Ал тарихсыз, тілсіз, дінсіз халық та сол. Ұлт болып ұйыспайды. Ұлт ретіндегі табиғи болмысынан ажырайды. Кеңестік идеология ол мақсатына белгілі бір дәрежеде жетті де. Сол тоталитарлық диктатура заманының сарқыншақ көріністері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қысқаша айтқанда қазақ даласына отарлық идеологияның кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухты оятамыз десек ең алдымен елдің тарихи санасын оятуға ден қою керек. Сондықтан да халықтың тарихи санасын қалыптастыру жолында алдымызда таудай жұмыстар күтіп тұр. Қазақта Елу жылда ел жаңа деген сөз бар. Тұтас бір ұлттың санасын өзгерту оңай шаруа емес. Оған уақыт керек. Қажырлы еңбек керек. Тарихымызға қатысты екі-үш кино түсірумен, газет-журналдарға мақала жариялаумен ұлттың тарихи санасын қалыптастыра алмаймыз. Ол жүйелі һәм кешенді мемлекеттік саясатты қажетсінетін дүние. Оны қозғасаң ар жағынан ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен мәселенің төбесі көрінеді. Ол отбасындағы, балабақшадағы, орта мектептегі, жоғарғы оқу орнындағы тәрбие мәселелері. Ұлт санасын қалыптастыруда білім беру саласының маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та үнемі айтып келеді. Бір ғасыр ішінде қаншама қанау, ұлт-азаттық көтерілістер, аштық, жұт, соғыс болды. Әрқайсысының тарих беттерінде елеулі орындары бар. Себебі, біздің тәуелсіз болуға деген ұмтылысымыз осы оқиғалардан бастау алды емес пе? 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, сол кездегі қазақ ұлтының өз халқы, өз жері үшін күресі-олардың сана-сезімдерінің өскенін байқатты .Зиялылар да шет қалмаған сол оқиғалар ешкімнің есінен шықпас, әсте. Себебі, соның бәрі ел жүрегінде тайға таңба басқандай із қалдырды.Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: 1991 жылдың 16 желтоқсан- қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың жұлдызды сәті. Осы сәттен бастап біздің халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Қазақ халқы өзінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінде өзінің тәуелсіздігін жариялап,оны барша әлемге жария етті...Мен біз барлық қиыншылықтарды жеңеміз,тәуелсіздігімді нығайтамыз деген сенімде болдым.-,деп,ел жүрегіне сенімділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ДІНИ ІЛІМІН ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ ҚОЛЖАЗБА МҰРАЛАРДЫҢ МӘНІ
Ортақ меншік ұғымы туралы
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Жәңгір Хан және қазан университеті
Егемен мемлекеттің құрылуы
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары
Әлішер Науаи шығармалары
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН
Онегиннің мінездемесі
Пәндер