ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бұл өзіндік жұмыс ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Европа мен Ресей дипломатиясының қалыптасуы мен дамуына арналған.
"Дипломатия„ сөзі Еуропа және Ресей тарихында маңызды орын алады. Еуропа елдерінің саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына толығымен сенген. Және олар бұл істі, қазіргі кезде де пайдаланып отыр.
Мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы саяси оқиғаларға сипаттама бере отырып, Еуропа мен Ресейдің халықаралық қатынастағы дипломатиялық позициясын анықтау
Міндеттері: Осы жұмысты жазу барысында өзіндік жұмысымда төмендегідей міндеттер анықталды:
1.ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Еуропа елдерінің дипломатиясына сипаттама беру.
2.ХХғ. басында алдыңғы қатарлы елдерде индустриялдық қоғам қалыптасуы.
3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының жағдайына сипаттама беріп, басымды бағыттарын анықтау.
4.ХІХ ғ. Ресейдің сыртқы саясатының еуропалық бағыты
Хронологиялық шеңбері: 1850-1900 жылдардағы Еуропа мен Ресей дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы
Зерттелу деңгейі: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Еуропа мен Ресей дипломатиясы, халықаралық қатынастары мен байланыстар тарихында кеңінен зерттелген. Бұл тақырыпқа көптеген кітаптар арналған.Солардың бірі Хвостов Владимир Михайловичтың "История дипломатии" кітабы. Бұл кітапта әлем дипломатиясы қысқартылған эссе ретінде жазылған. "История дипломатии" кітабы алты томнан тұрады. Осы алты томдық кітапта ежелгі әлем диплотиясынан бастап ХХ ғасырдың 50 жылдарына дейінгі дипломатия сипатталған.
Құрылымы: Бұл өзіндік жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ДИПЛОМАТИЯСЫ
1.1.XIX ғасырдың ІІ жартысындағы Еуропа дипломатиясы. Қоғам дамуының ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы екі-үш онжылыдықтың ішінде Еуропа мен Солтүстік Америкада әлеуметтік - экономикалық, саяси және рухани өмірдің барлық салаларында аса ірі өзгерістер орыналды. Дүниежүзі тарихының бұл өтпелі кезеңінің мазмұны капиталистік буржуазиялық қоғамның орнығу кезеңінің аяқталып, буржуазиялық революциялар дәуірінің өткендігімен айқындалады.
Партиялар мен талаптардың күресі ашық сипаталды. Консерватизм, либерализм, социализм және марксизм басты идеялық ағымдар есебіне толық қалыптасып тиісті партиялар түрінде саяси көрініс тапты. Саяси өмірдің алғы шебіне әлеуметтік мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік қызметтері, еңбек пен капитал арасындағы жұмысшылар мен кәсіпкерлер және мемлекеттік билік арасындағы қайшылықтар шықты. ХХ ғасыр соңында кәсіподақтар қарқынды дами бастады. Қоғамды демократияландыру үшін шіркеудің рөлінің әлсіреуі, негізінен алғанда оның мемлекет пен зайырлы биліктен бөлінуі, сонымен қатар қоғамдық сананың еркіндік алуы, зайырлы мектеп принциптерінің орнығуы, жалпыға бірдей бастауыш білім беру сияқты құбылыстардың маңызы зор болды.
ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басында басты капиталистік елдерде ірі демографиялық өзгерістер орын алды. Еуропа халқы 1870-1914ж.ж. аралығында 300 млн-нан 450-ға млн дейін өсті. Еуропа елдерінің көпшілігінде өмір сүру деңгейі едәуір артты. Аталған жылдар ішінде еуропалық елдерден мұхиттың арғы жағына 26млн адам қоныс аударды, оның жартысы АҚШ пен Канадаға жайғасты. Бұл қоныс аудару тасқынында Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австро - Венгрия, Италиядан шыққандардың үлес салмағы басым болды.
Бұл әлеуметтік шиеленісті бір сыпыра бәсеңдеткенімен, қарқынды индустрияландыру мен қалалардың күрт өсуінің әлуметтік мәселелерін шеше алмады. 1880ж. Еуропа халқының саны 1,5млн асатын 8 қала болса, 1914 жылы олардың саны 29 жетті.
ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басында капиталистік қоғамда маңызды өзгерістер орыналды, бірақ капитализімнің негізгі белгілері - жекеменшік, нарық қатынастары, пайда, бәсеке, экономикалық шешім қабылдау еркіндігі және т.б. сақталып қалды. Капиталистік жүйенің ішкі заңдылықтарымен, құрылып келе жатқан дүниежүзілік рынокпен, дүниежүзілік шаруашылықпен, өзгеріп отыратын мемлекет қызметтерімен анықталатын даму бағыттарының ауқымы өзгерді.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында индустриялды елдердің азғана тобының арасында Африкадағы, Азиядағы және Тынық мұхиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. Қорытындысында ХХғ. Басында отаршы елдердің арасында дүниежүзін территориялық бөлісу аяқталды.
ХІХғ.80-шы жылдары басына дейін еуропалық отаршы елдердің Африкадағы территориясының 90 пайызына осы уақытқа дейін отаршылдардың етігінің табаны тимеген болатын. Ал 1900 жылдың тұсында Африканы жеті еуропалық ел түгелдей өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Оңтүстік Африкада - Родезия және басқалары Англияның отарларына айналды. Англия Египет пен Суданды да басып алды.
Франция Батыс Африканы және Орталық Африканың бір бөлігін, Мадагаскарды иемденді. Германияның үлесіне Шығыс пен Оңтүстік - Батыс Африкадағы территориялармен Того, Камерунтиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, ал Бельгия Конгонды басып алды. Басқа мемлекеттер аз бағамен қанағаттанды. Міне, осындай негізде дүниежүзілік рынок қалыптасты. ХХ ғасыр межесінде отарларды қайта бөлісу үшін күрес басталды.
ХХ ғасырдың басында индустрияландырудың негізгі есебінде ауыр өнеркәсіптің жедел қарқынмен дамуы негізінен аяқталды. Теміржол құрылысының кең өріс алды.
1.2.ХХғ. басында алдыңғы қатарлы елдерде индустриялдық қоғам қалыптасуы. ХХғ. Басында бірнеше алдыңғы қатарлы елдер Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, технолгиялық кәмілетке жетті. Оларда индустриялдық қоғам қалыптасты. Осы онжылдықта жедел индустрияландыру жолында Швеция, Италия, Ресей, Австор-Венгрия, Канада, Жапония, сияқты елдер түсті. Бірақ еуропа елдерінің басым көпшілігінде еңбекке жарамды халықтың тең жартысынан көбі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Азия мен Африкада, бір сыпыра Латын Америкасы елдерінде индустрияландыру әлі бастала қоймаған еді.
Көмір мен болат индустриясы дәуірінің аяқталуы экономикадағы жаңа процестермен байланысты. Капиталистік экономикалық даудың басты бағыты жаңа технологиялар мен жаңа техникаға, өндірістің жаңа салаларына бұрылды.
ХХғ. Басында рыноктік өзін-өзі реттеу мен қоғамның өздігінен ұйымдасуының жеке шаруашылық нұсқасы арқылы бітті. ХІХ ғасырдың соңынан бастап біртіндеп аралас рыноктік - мемлекеттік экономика қалыптаса бастады. 1913 жылы ішкі жалпы өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі Ұлыбританияда, Францияда және Италияда шамамен 12,5% болса, Германияда 18% болды. ХІХғ. соңымен ХХғ. Басында экономикалық дамудың біркелкі еместігі артып, бұрынғы дүниежүзінің шеберханасы Англия мен өнеркәсіп революциясының екінші кезеңіне одан бұрынырақ бейімделген Германия, АҚШ, Жапония аралығындағы қайшылықтар шиеленісі түсті. Кейбір еуропа елдерімен АҚШ-тың технологиялық даму дәрежесі индустриялдық қоғамның күнбе-күн өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. Өндірістік дамудың қарқыны ХІХғ. Екінші жартысында жыл сайын Германияда 3,8%, АҚШ-та 5,4%, Жапонияда 6%, Ұлыбритания мен Францияда 2% құрады.
Жалпы алғанда индустриялды елдерде өндірістің артуы халықтың өсуінен кемдегенде екі-үш есе артық болды. ХХғ. Басында шорғырланған экономикалық күш-қуаты іске асырудың екі жолы анықталған.
Экономикалық және қоғамдық дамудың жаңа обьективті кқажеттіліктері мен әлуметтік қозғалыстар, тап күресі күн тәртібі не мемлекттің жаңа рөлі туралы мәселе қойды. Мемлекеттің рөлі, мемлекеттік саясат және оны іске асыруға әртүрлі таптар мен саяси партиялардың қатысуы туралы мәселе индустриялды мемлекеттердің біріне айналды. Мұнай реформаларының бастамшысы Германия болды. 1880 жылы Бисмарк үкіметі әлуметтік қамсыздандыру жоспарын іске асыра бастады. 1913ж. Барлық Еуропа елдерінде өндірісте жарақат алғаны үшін өтемақы төлеу туралы заң қабылданып, қамсыздандыру мен мұқтаждарға жәрдем көрсетудің әртүрлі жүйелері енгізілді. 1911 жылы Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. (Басқа елдерде кешірек Германияда - 1927ж. АҚШ-та 1935ж.) Кейін 1913ж. Швеция индустриялды елдердің ішінде бірінші болып елдің барлық халқын қамтитын зейнетақылық сақтандыру сызбасы енгізді. 1910-1913ж.ж халыққа білім беру ісіне жұмсалған шығындар АҚШ-та, Германияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Жапонияда ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2-2,7% құрады. Денсаулық сақтауға жұмсалған шығындардыңда көлемі шамамен осы дәрежеде болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталардың қарсаңында Батыстың индустриялды елдерінде ересек халықтың 910 сауатты болды, ал білімнің орташа деңгейі 8 жылға теңесті.
Сөйтіп, ХХ ғасыр басында дамыған капиталистік елдердер қоғам мен өндірістің құрылымында, ұлттық байлыққа сапалы өзгерістер іске асты. Индустриялдық өркениет қалыптасты.
ІІ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
2.1.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды.
Сыртқы Істер Министрі А.М. Горчаков 1865 жылы 3 қырқүйекте ІІ Александрға төмендегі мазмұндағы хат жолдады: Біздің мемлекеттің және Еуропаның қазіргі жағдайында Ресейдің негізгі назары ішкі даму барысында пайда болған мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Сыртқы саясат ішкі міндеттерге бағындырылуы қажет.
Қырым соғысындағы жеңіліс Ресейді әлсіретті, Австрия-Пруссия одағына сүйенген Вена жүйесі таратылды. Ресей халықаралық істердегі жетекшілігінен айырылды. Сыртқы белсенділікті төмендету ішкі мәселелермен айналысуға мүмкіндіктер туғызды. Орыс үкіметі жеті жылға рекруттық алымдардан бас тартты, әскерді қысқартты, әскери шығындарды азайтты. Осы кезеңдегі Ресей сыртқы саясатының жетекші бағыты шығыстық саясат болды. Орта Азияны Ресейге қосуды көздеген сыртқы саясаттан басқа, Ресей Балқандағы дағдарысқа араласты, 1877-1878 жылдары орыс-түрік соғысын басынан өткерді, Қиыр Шығысқа көңіл бөлуге мәжбүр болды.
Ресейдің Орта Азиямен экономикалық байланыстары ХІХ ғасырдың бірінші жартысында дами бастады. Ғасырдың басында Орта Азия мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд.сомды құрады, ал ХІХ ғасырдың ортасында 25,5 млн. сомды құрады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Орта Азияның экономикалық даму сипатына орай Ресей капиталистері, өнеркәсіпшілерінің тауарларын өткізетін нарық аймағына ұмтылысын байқауға болады. Орта Азия тек патшалық Ресей ғана емес, Англияның, Қытайдың да көз алартқан аймағы болды.
Ал патшалық Ресейдің басты бақталасы Англия еді. Ресей Орта Азияға байланысты саясатында Англиямен бетпе-бет келмес үшін, абайлап әрекет етті.
Орта Азияда үш негізгі хандықтар - Қоқан, Бұхар, Хиуа - болғандығы белгілі. Бұл хандықтардың арасында территория үшін ара-тұра соғыстар болып тұрды, олардың шекаралары тұрақты болған жоқ. Бұл мемлекеттердің экономикалық жағынан артта қалғандығы, саяси бытыраңқылығы, феодалдардың арасындағы талас-тартыс Орта Азия мемлекеттерін әлсіретіп, патшаның жаулап алушылығын жеңілдетті. Орта Азияны жаулап алуға байланысты орыс патшасының белсенді саясаты ХІХ ғасырдың 60-жылдары қайта жанданды. 1864 жылы Орынбор жағынан Перовск фортынан генерал Веревкиннің 1200 әскері, екіншісі генерал Черняевтің 2500 әскері ОртаАзияны басып алуға дайын тұрды. 1864 жылы қырқүйекте екі әскер бірігіп, Шымкент қаласын алды. Черняев Ташкентке жақындап келді, бірақ қаланы алу мүмкін болмады. 1865 жылы 17 маусым күні Черняев Ташкентке екінші рет соққы бере отырып, қаланы алды. Ташкент қаласы үшін Черняев бриллиант тастармен көмкерілген шпагамен марапатталды. 1866 жылы дипломатиялық мақсатты көздей отырып, Англиямен қарым-қатынасты ушықтырмас үшін Черняев әскербасылық қызметтен аластатылды. Бірақ Ресей Орта Азияға байланысты жаулап алушылық саясатынан бас тартқан жоқ. 1866 жылы Ходжент, Ұры Төбе алынса, 1868 жылы Қоқан билеушісі Құдияр хан Қоқан хандығының Ресейге бағынатындығын жариялап, орыс көпестеріне 2,5 % салық төлей отырып, жергілікті саудагерлермен тең негізде сауда жасауға мүмкіншілік берді. Орыс әскерлері жаулап алған территорияда орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы қалыптастырылды. Генерал-губернатор болып Кауфман тағайындалды. Ол Бұхараға шабуылды басқарды. 1868 жылы Самарқандты алып, Бұхараға бет-бұрды. 1868 жылы Бұхара орыс бодандығын мойындап, келісімге қол қойды . Бұхар әмірлігі 500,000 сом контрибуция төлеп, орыс көпестеріне кедергісіз сауда құқығы берілді.
Орыс жаулап алушыларына қарсы бағытталған Самарқандтағы көтеріліс басылып тасталды. Енді Хиуа хандығын жаулап алу мәселесі алдыңғы орынға шықты. 1873 жылы тамызда Хиуа хандығы да орыс бодандығын мойындады. Хиуа хандығы 2200 сом контрибуция төледі, орыс көпестері салықсыз сауда құқығын иеленді.
Патшалық Ресей 1876 жылы Қоқан хандығын жойып, Ферғана облысын қалыптастырды. Орыстардың құрамына қосылмаған тек Түркмения ғана қалды. Түркменияға шабуыл географиялық орналасуына байланысты (сусыз құм арқылы өту керек еді) қиындықтар туғызды. Бірақ Англия тарапынан белсенділіктің жоғарылауы салдарынан патшалық Ресей ұзақ уақыт Түркменияға байланысты жобасынан бас тарта алмайтын еді. Мысалы, 1879 жылы ағылшын әскері Ауғанстанды алды. Яғни, Англия үшін Орта Азияға деген жол ашық еді. Осындай жағдайда орыс патшасы Түркменияға ұмтылысын жылдамдатты.
Түркменияны жаулап алу базасы 1869 жылы негізі қаланған Красноводск қаласы болды. 1881 жылы орыс әскерлері Көктепе бекінісін алды. Бекіністі алуға генерал Скобелев басқарған, артиллериямен қаруланған 6 мың жауынгер қатысса, оның қорғанысын 5 мың мылтығы ғана бар 25 мың адам іске асырды. Көктепеден кейін Ашхабад, Ахал-Теке оазистерін қосып алды. 1884 жылы Мерв, 1887 жылы Кушка қаласы алынды, 1895 жылы Памир алынды.
ХІХ ғ. 70-жылдары Ресей үшін шығыс мәселесі тағы да ушықты. Осман империясында феодалдық құрылыстың ыдырауы батыс еуропалық елдерге бағыныштылығын арттырды. Капиталистік қатынастардың енуі феодалдық қанаумен қатар жүрді. 70-жылдары Балкан жартыаралының халықтары арасында ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Балкан халықтарының саяси жағдайы бірдей емес еді. Сербия Түркия билігіндегі өзін-өзі басқаратын князьдық болса, Черногория Түркияның экономикалық қысымын көріп отырған жеке мемлекет болды. Болгария, Босния, Герцогевина Осман провинциялары деңгейінде болды.
1876 жылы Ресей, Германия, Австро-Венгрия арасында Берлин меморандумына қол қойылды. Меморандум Франция мен Италия тарапынан қолдау тапқанымен, Англия тарапынан қарсылыққа кездесті. Орыстар қайткен күнде Қара теңіз үшін күрестегі ежелгі бақталасы Түркияны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz