КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ

1. 1. Жалпы дипломатия түсінігі және Канада дипломатиясы . . . 4

1. 2. Канада мен Қазақстан арасындағы дипломатия . . . 8

ІІ ТАРАУ КАНАДА ЕЛІНІҢ ЕЛШІЛІГІ МЕН ЕЛШІЛЕРІ

2. 1. Канаданың сыртқы істер министрлігі . . . 13

2. 2. Шет елдердегі Канада елінің елшілері . . . 15

2. 3. Шет елдердегі Канада елінің елшілік корпусы . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР САНЫ . . . 26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Бұл өзіндік жұмыс Канада елінің дипломатиясының қалыптасуы мен дамуына арналған.

“Дипломатия„ сөзі Канада тарихында маңызды орын алады. Дипломатия - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Канадамен саяси диалогты, үкіметаралық байланыстарды, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дәйекті түрде нығайтып келеді. Ауыл шаруашылғы және уран өндірісін қамтитын дәстүрлі салалардағы әріптестікті нығайтумен қатар, Қазақстан және Канада екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға талпынып келеді. Кәсіптік-техникалық білім беру, бюджеттік басқару және мемлекеттік қызмет секілді салаларда Канадамен тәжірибе алмасу және зерттеу диалогтың маңызды бағыты болып табылады.

Қазақстан мен Канаданың ынтымақтастығы халықаралық аренада табысты дамып келеді. Ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес, сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандыру және қайта қалпына келтіру саласындағы шараларды қабылдаумен байланысты көптеген өзекті мәселелерде ҚР мен Канаданың көзқарастары бір-біріне сәйкес келеді.

Мақсаты: Канада елінің және оның елшілігінің халықаралық қатынастағы дипломатиялық позициясын анықтау

Міндеттері: Осы жұмысты жазу барысында өзіндік жұмысымда төмендегідей міндеттер анықталды:

1. Жалпы дипломатия түсінігін біліп, Канада елінің дипломатиясымен танысу.

2. Канада елі мен Қазақстан елі арасындағы дипломатияны анықтау.

3. Канаданың сыртқы істер министрлігін білу.

4. Шет елдердегі Канада елінің елшілерін көрсету.

5. Шет елдердегі Канада елінің елшілік корпусын көрсету.

Хронологиялық шеңбері: : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен қазіргі уақытқа дейінгі уақыт аралығы.

Зерттелу деңгейі: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Канада дипломатиясы, халықаралық қатынастары мен байланыстар тарихында кеңінен зерттелген. Бұл тақырыпқа көптеген кітаптар арналған. Солардың бірі Соков И. А. История канадской политической культуры (ХІХ - ХХ ғ. бірінші жартысы) кітабы. Бұл кітапта әлем және Канада елінің дипломатиясы қысқартылған эссе ретінде жазылған.

Өзіндік жұмыстың құрылымы: Бұл өзіндік жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірінші тарау 2 бөлімнен тұрса, екінші бөлім 3 бөлімнен тұрады және қорытынды мен пайданылған әдебиеттер санынан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ

1. 1. Жалпы дипломатия түсінігі және Канада дипломатиясы

Дипломатия - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған: Өз мемлекетінің атынан саясат және келіссөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;

Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын күрделі ұғым;

"Құпия дипломатия" дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі. Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.

Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.

Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.

Экономикалық дипломатия . 1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық өнімдерді сату мен өткізуге қолайлы жағдай туғызу.

Жариялық немесе халықтық дипломатия . Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа көзқарасқа сәйкесхалықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бөлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Әлем корпусы) .

Саяси дипломатия . Саяси дипломатия деп халықаралық шиеленістерді тоқтату немесе реттеу, ынтымақтастықты ұлғайту және тереңдету мақсатында келіссөздер жүргізу мен өзара тиімді ізденістер өнерін атайды. Дипломатия - «күш факторын» пайдаланудың «мәдениетті техникасы», «мәжбүрлеу техникасы», «реттеу процедурасы» және «келісімге жету техникасы» деп те анықтау жиі кездеседі. Кеңінен алғанда саяси дипломатия өз өкілдіктері бойынша сыртқы саяси қатынастар жүргізуші мемлекеттік мекемелердің ресми қызметін, әрбір мемлекеттің шет елдердегі өз мүддесін қорғау мен жүзеге асыру қызметін атқарады.

Канада - Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы - Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.

Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”, ”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер ”Canada” деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, ”Канада провинциясы” болып аталады. 1867 жылы Канадажерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін ”Канада Доминионы” қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Канада Англияның доминионы болғандықтан Антанда мемлекеттерінің жағында соғысқа қатысты. 400 мың канадалықтар Батыс майданындағы ұрыс алаңдарында шайқасты. Англия канада тарапынан жіберілген әскери заттар мен азық - тұліктерді кеңінен пайдаланды. 1917 - 1920 жылдарының арасында билік басында Р. Борденнің басшылығымен консерваторлар мен либералдардан құралған коалициялық үкімет құрды. Армиядан әскерлерді демобилизациялау оларды жұмыспен қамтуды талап етті. Бұл міндетті орындау мақсатында 1918 жылы жеке департамент ұйымдастырылды. Сонымен қатар бір мещгілде денсаулық сақтау және техникалық білім беру ісіне байланысты іс-шаралар жүргізіле бастады. Канада буржуазиясы экономикалық істерге мемлекеттің араласуына қарсы шықты. Бірақ соған қарамастан ірі кәсіпкерлер мен Канада өнеркәсңпкерлерінің Ассоциациясы соғыстан кейінгі кезеңде де мемлекеттік - монополистік реттеу саясатының жалғасуына қолдау көрсетті. Мысалы, 1921-1923 жылдары темір жолдардың ұлттандырылуы жүзеге асырылды. Соғыстан кейінгі жылдары Канададағы ағылшын және америка капиталының бәсекелестігі АҚШ пайдасына шешілді. 1920 жылдары АҚШ Канада экономикасына салынған қаржы көлемі жағынан Англияны басып озды. Канада үкіметін басқарған Р. Борден жұмысшылар мен кәсіпкерлердің таптық бірлігін бекітетін саясаььы қолдады. Бірақ жұмысшылар мұндай саясатқа карсы болды.

1921 жылы Канада парламенті сайлауы болды. Либералдар жеңіске жетті. Үкімет билігіне М. Кинг (1921-1926жж. ) келді. Оның Батыс пен Шығыс фермерлері арасындағы маневрлік талпыныс әрекеттері күткендей нәтиже бермеді. 1926 жылғы сайлауда либералдар жеңіліс тапты. Бұл екі арада 1918 жылы құрылған Лейбористік партия саяси реформаларды жүзеге асыру үшін парламенттік күрес жолына түсті. 1921 жылы Канадада Коммунистік партия құрылды. Бұл партия жұмысшы қозғалысына қатты ықпал ете алмады. 1923-1929 жылдары Канадада басқа капиталистік елдердегідей өрлеу орын алды. Бірақ, шынтуайтқа келгенде Канаданың әлі де болса АҚШ пен Англияның нарығына тәуелділігі жойылмады. Импорттың 2/3 бөлігі осы елдерге тиесілі болды. 1926 ж. парламентке жаңа сайлау болып өтті. Либералдар парламенттегі орындар санының көбеюіне қол жеткізді. Бұл М. Кингтің қайтадан үкіметті басқаруына мүмкіншілік берді (1926-1930 жж. ) . Ұлттық прогрестік партия біртіндеп саяси сахнадан кете бастады. Жұмысшы қозғалысының құлдырауы орын алды. 1927 ж. Бүкілканадалық еңбек конгресі құрылып, ол өндірістік кәсіподақтарды құру жолына түсті. Тұрақтану кезеңі - бұл Канаданың дербестегінің күшейген уақыты. 1923 жылы Англия үкіметі доминиондардың өз бетімен сыртқы саясат жүргізу құқығын таныды. Ал 1926 жылы империялық конференцияда Канада Англиядан метрополиямен бірдей тең дәрежедегі заңды құқықтарға қол жеткізді. 1927 жылы Канада мен АҚШ екіжақты арнайы өкілдермен алмасты. Уақыт өте келе Канаданың уәкілдіктері Францияда, Жапонияда және т. б. мемлекеттерде ашылды. Ағылшын үкіметінің саясатына орай сол жылы Канада КСРО-мен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарды үзді. 30-жылдары Канаданың сыртқы саясаты 1931 жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Вестминстер мәртебесіне негізделді. Доминионда заңның жоғарылығын мойындау маңызды болды; доминион заңдарының метрополия заңдарына сәйкес немесе онда доминион заңдары жұмыс істеді. Беннет үкіметі Британия ұлттар ынтымақтастығы аясында кедендік тарифтер жүйесінде жеңілдікті қарастырған келісімге келуді ұсынды. 1932 жылы Оттавада өткен империялық конференцияда қол жеткен ымыраға келудің нәтижесінде Англия мен доминиондар арасында сауда жөнінде екі жақты келісімдер жасалып, өзара саудаларында бір-біріне жеңілдіктер белгіледі. Бұл Канаданың егемендік жолындағы тағы бір басты қадамы болды. Болашақта Ұлыбритания парламенті қабылдаған заңдар бірде-бір доминионға таралмайтындығы, сонымен қатар тек ерекше жағдайда ғана доминионның талап етуімен және тек оның рұқсатымен белгілі бір заңның қабылдануына бір ауыздан қаулы етілді. Сөйтіп ұзақ бейбіт конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Канаданың егемендігіне қол жеткізілді. Бұны Канада парламентінің тәуелсіз шешімінен көріуімізге болады: Канада әрқашанда Ұлыбритания жағында болып, дүниежүзілік соғыстарда метрополияны қолдады. Канаданың сыртқы саясаты АҚШ, Англия және Францияның саясатына бағдарланды. Канада Италияның Эфиопияға қарсы шапқыншылығын қолдады, испан республикашылдарына қару-жарақ сатуға тыйым салды, Австрияның Германияға қосылуын мақұлдады, Чехославакияны бөлу туралы Мюнхен келісіміне қолдау көрсетті.

1. 2. Канада мен Қазақстан арасындағы дипломатия

Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 10 сәуірде орнатылды.

1995 ж. бастап Қазақстанда Канада Елшілігі жұмыс жасайды. Қазақстанның Канададағы Елшілігі 2008 жылы ашылды.

Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі К. Жигалов (2012 ж. қаңтардан бастап), ал Қазақстан Республикасындағы Канада Елшісі Н. Бруссо (2017 ж. қазаннан бастап) болып жарияланды.

Қазақстан Канадамен саяси диалогты, үкіметаралық байланыстарды, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дәйекті түрде нығайтып келеді. Ауыл шаруашылғы және уран өндірісін қамтитын дәстүрлі салалардағы әріптестікті нығайтумен қатар, Қазақстан және Канада екіжақты ынтымақтастықты әртараптандыруға талпынып келеді. Кәсіптік-техникалық білім беру, бюджеттік басқару және мемлекеттік қызмет секілді салаларда Канадамен тәжірибе алмасу және зерттеу диалогтың маңызды бағыты болып табылады.

Қазақстан мен Канаданың ынтымақтастығы халықаралық аренада табысты дамып келеді. Ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес, сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандыру және қайта қалпына келтіру саласындағы шараларды қабылдаумен байланысты көптеген өзекті мәселелерде ҚР мен Канаданың көзқарастары бір-біріне сәйкес келеді.

2003 жылы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Канададағы ресми сапары өтті, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына маңызды серпін берді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі кездесулер ірі халықаралық іс-шаралардың алаңдарында да өткізіледі. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Канаданың Премьер-министрі С. Харпермен 2010 ж. Лиссабонда НАТО Саммитіне қатысу барысында және 2013 ж. Санкт-Петербургте «G20» Саммитінің, 2015 ж. Нью-Йоркте зорлық экстремизмге қарсы Саммитінің, сондай-ақ Канаданың Премьер-министрі Дж. Трюдомен 2016 ж. Ханчжоуда «G20» Саммитінің алаңдарында кездестті.

2013 ж. Канаданың Сыртқы істер министрі Дж. Бэрд Қазақстанға сапармен келді. ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Канаданың Сыртқы істер министрі С. Дионмен 2015 ж. Белградта ЕҚЫҰ Министрлік отырысының және 2016 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңдарында кездесті.

Парламентаралық ынтымақтастық Қазақстандық-канадалық қарым-қатынастардың маңызын құрайды. Оның дамуына екі елдің парламенттеріндегі парламентаралық «достас топтардың» жұмысы және парламенттік делегациялардың сапар алмасулары ықпал етеді. ҚР Парламентінің делегациясы Парламент Мәжілісінің Төрағасы
Н. Нығматуллинның басшылығымен 2012 ж. Парламентаралық одақтың
127-ші Ассамблеясына қатысу барысында Канадаға сапармен барды. Канада Парламентінің делегациясы 2014 және 2016 жж. сапарлармен Қазақстанға келді.

Қазақстандық-канадалық ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасы экономикалық ынтымақтастық және өзара қарым-қатынастардың қағидалары туралы декларациядан, өзара сауда жөніндегі Келісім, қосарланған салуды болдырмау туралы Шарт, атом энергиясын бейбіт қолдану саласындағы Келісім, сондай-ақ бірқатар ведомствааралық меморандумдардан тұрады.

Іскер әріптестік ҚР мен Канада арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңызды қозғалтқышы болып табылады. Канада Үкіметінің «шетелдік нарықтардағы жаһандық іс-қимыл жоспарында» Қазақстан басым елдердің тізіміне енгізілген. ҚР мен Канада арасындағы тауар айналымы 2017 ж. қаңтар-қарашада 340, 1 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт - 220 млн. АҚШ доллары, импорт - 120 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, 2017 ж. тоғыз ай ішіндегі Канададан 69, 5 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Екіжақты іскер әріптестікті нығайту үшін 2016 ж. Қазақстан-канадалық іскер кеңесі құрылды.

2017 жылғы 20 шілдеде Оттавада Елшілік Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орай қабылдау ұйымдастырды. Қатысқандардың арасында Канада Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Бугайлискис, Премьер-министрдің ұлттық қауіпсіздік бойынша Кеңесшісі Д. Жан, Протокол басшысы Р. Нортон, мемлекеттік органдар мен Канада СІМ құрылымдық бөлімінің басшылары, мамандар мен журналистер, Оттавада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері болды.

Елші өзінің сөйлеген сөзінде сыртқы саяси ведомствоның мемлекеттік құрылыс пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы баян етті, Елбасы Президент Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын және қазақстандық дипломатияның басты жетістіктерін назар аударды. К. Жигалов Қазақстанның ядролық таратпау мен қарусыздану мәселесіндегі көшбасшылығы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ҚР қызметі, ЭКСПО-2017-нің жоғары дәрежелі жұмысының аралық нәтижелері туралы, сондай-ақ Канадамен екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы қол жеткізген жетістіктерге ерекше көңіл бөлді.

Канада Үкіметінің атынан сөз сөйлеген А. Бугайлискис Қазақстанның 25 жыл ішіндегі халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалап, БҰҰ ҚК-гі ҚР қызметі мен ядролық таратпау саласындағы көшбасшылығын ерекше атап өтті. Сыртқы істер министрінің орынбасары Канаданың ҚР-ға ЭКСПО-2017 мәнмәтінінде климаттың өзгеруімен күрес мәселесінде қолдау көрсететінін, ұлтаралық және заманауи қоғам құру, білім мен этникаралық келісімге ерекше назар аударды.

Шара аясында «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» атты мерейтойлық медальдер Канаданың ҚР-дағы бұрыңғы елшісі М. Скокқа пен Камеко корпорациясының басшысы, Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Т. Гитцельге табысталды.

Сонымен бірге ҚР СІМ жыл сайын өткізіп отыратын «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпазы Т. Тейлорға естелік сыйлық табыс етілді.

Қабылдау Канаданың саяси истеблишменті және дипломатиялық корпусы тарапынан оң бағаға ие болды, Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген дәстүрлі түрдегі жоғарғы қызығушылық пен Президент Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларының жоғары бағасының көрінісі болып табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАТО құрылуы және қарым-қатынастары
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Қазақстанның Канадамен байланысы
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Азиядағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық төңірегіндегі мәселелер
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz