ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Боранбаева М.Б.

25-30 жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс

Мамандығы 5В050300 - Психология

Алматы 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
________________ кафедра меңгерушісі, _______________ З.Б.Мадалиева
психол.ғ.д.,профессор

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 25-30 жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктері

5В050300 - Психология мамандығы бойынша

Орындаған
4курс студенті _______________ Б.М.Боранбаева

Ғылыми жетекші
к.психол.н.,доцент _______________ Садыкова Н.М.

Норма бақылаушы _______________ Лиясова А.А.

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1.1 . Отандық және шетелдік психологиядағы стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктері мәселелерінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.3. Стресстің алдын-алудың және жеңудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
1.4 Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2. 25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Психодиагностикалық зерттеу әдістемелерін және таңдау көлемін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.2 Эксперименттің жүру барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3. Зерттеу нәтижелерін талдау және статистикалық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ..41
2.4 Екінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысында алға қойылған мақсат және міндеттерге байланысты көптеген мәселелер теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттелінді. 25-30 жаста стресті жеңудің гендерлік ерекшелігі тақырыбын толықтай ашу үшін біз ең алдымен стресстің гендерлік ерекшеліктері ұғымымен танысып, Отандық және шетелдік авторлардың көзқарастарымен таныстық. Екінші тоқталып өткен мәселе - жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрінісі. Бұл тақырыпты баяндау барысында жастық шақ кезеңі, стресстің жастардағы көрінісін, стрессті жеңудің гендерлік ерекшелік мәселесін кең көлемде түсіндіріп өттік. Келесі қарастырылған тақырыпша бойынша стресстің алдын-алудың және жеңудің жолдарын жан-жақты талқыладық. Стресс түсінігі, оның пайда болу себептері, стрессті жеңудің түрлі жолдары бойынша толықтай қамтылып қарастырылды. Сонымен қатар 25-30 жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшелігі толықтай зерттеліп, стресті жеңудің ерекшеліктері мен ұсыныстар беріліп теориялық бөлім қорытындыланды.
Зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімінде эксперименттің мақсаты, міндеті анықталды. Зерттеу жұмысының мақсатына сай болжам жасалынды және таңдау тобы анықталды. Таңдау тобы тақырып ерекшеліктеріне байланысты ұзақ әрі мұқият таңдалды. Экспериментке қажетті болған әдістемелер таңдалынып алынды.
Зерттеу жұмысына арқау болған ең өзекті мәселелердің бірі - Елбасымыздың жолдаған Сындырлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі бағдарламасы болып табылады. Бұл жолдауда еліміз үшін маңызды болып табылатын барлық тақырыптар қамтылған. Зерттеу жұмысы үшін білім саласы және денсаулық саласындағы айтылған жаңалықтар, сонымен қатар жастар болашағы мен білім саласының дамуына жол ашатын ақпараттар өте маңызды болып келеді. Біздің еліміз әлемнің жаңаруына сәйкес дамып, алға қарай жылжып, заманға сай өзгеріп отыруы тиіс. Осындай даму барысындағы ескеретін жәйт - әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. 2020 жыл - Еріктілер жылы деп жарияланды. Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру - маңызды міндет болып табылады.
Жолдау бойынша келесі өзекті мәселелердің бірі - білім беру сапасына тоқталып өтсек. Жолдауға сәйкес, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, білім беру сапасын жақсарту, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дамыту секілді жаңа бағдарламалар ұйымдастырылуда.
Қоғамымызда жастардың еңбекке қабілетті болуы еліміздің болашағы үшін айтарлықтай маңызды. Себебі, келешек жастардың қолында. Жастардың оқу орнында, жұмыс орындарында стрестік жағдайларды жеңе білу, стресске төзімділік маңызды талаптардың бірі болмақ.
Зерттеу жұмысына негіз болған нақты мәселеге тоқталар болсақ - білім мәселесі. Келешек жастардың қолында болғандықтан, жастардың білімге құштар болып, жастарға заман талабына сай білім берумен қамтамасыз етілу қажет.
Осы жолдаудағы қарастырылған маңызды мақсат - түсіндіру жұмыстарынан бөлек нақты әрекетке көшу болып табылады[1].
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әрбір адамда мінездің түрлі қасиеттері қалыптасқан. Адам мінезіндегі кейбір ерекшеліктер жыныссыз, универсалды, ал кейбір ерекшеліктерді дәстүрлі бір үлгіде гендерлік айырмашылықтарға байланысты ер адам және әйел адам түсініктерімен байланыстырады. Сонымен қатар кейбір әйел мен ерлердің мінезі эволюциялық-генетикалық және физиологиялық негізінен болатыны туралы алғышарттар қалыптасқан. Мысалы, агрессивтілік және доминанттылық деңгейі ер адамға тән болып қарастырылады. Ал, мінездің басқа да қасиеттері тұлғаны жетілдіру, әлеуметтендіру, тәрбиелеу, дамыту сияқты үздіксіз процестерінде қалыптасады. Көптеген әдебиеттерде ер және әйел туралы гендерлік түсініктер әртүрлі мәдениеттерде ерекшеленеді. Осылайша, ер және әйелдің ерекшеленуі, көбінесе коммуникативті мінез-құлықтық нормаларына және әйел мен ердің өзара қарым қатынас сипатына айтарлықтай із қалдырады. Мінездің әйел және ерлерде әртүрлі көрінуі сипатына байланысты, оларда психологиялық стрессті түрліше бастан кешіреді деген түсінік қалыптасқан. Әсіресе, бүгінгі қоғамда стресстік күйді бастан кешірмеген адам кемде кем. Соңғы жылдардағы қоғамның қарқынды түрде дамуы, әлеуметтік желілердің көптігі, елімізде және әлемде болып жатқан әртүрлі құбылыстар, шиеленістік жағдайлар, зорлықтың көбеюі стресстік жағдайға тап болғандар санына елеулі әсер етуде. Әсіресе, жастарда кездесетін психологиялық стресс көптеген факторлармен сипатталады. Осы себепті, жастардағы стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеу бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі сонымен қатар, 25-30 жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктері мәселесінің аз зерттелініп, жеткіліксіз өңделгенімен байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жастардың стрессті жеңудегі гендерлік ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Жастардың психологиялық ерекшеліктерін психология ғылымында стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктерін зерттеген теориялық зерттеулерді талдау
2. 25-30 жастағы жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу
3. Эксперимент нәтижелерін математикалық-статистикалық талдау
4. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау, ұсыныстар беру
Зерттеу пәні: Гендерлік ерекшеліктерге байланысты туындайтын стресстің психологиялық негіздері.
Зерттеу нысаны: Әртүрлі жастағы жастардың стрессті жеңудің гендерлік ерекшеліктері.
Эксперименттің негізгі болжамы: 25 - 30 жас кезеңінде стрессті жеңуге гендерлік ерекшеліктер әсер етеді.
Жеке болжам:
1. 25-30 жастағы ерлер сол жастағы әйелдерге қарағанда стресске аз ұшырайды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: 25-30жастағы кезеңде шынайы өмірдің адамгершілік, эстетикалық бейнесі ауқымды түрде дамиды, ұстанымдары қалыптасады, мінез қырлары тұрақталады.
М.Р. Руговина пайымдауынша, тұлғаның стресске төзімділігі функциялардың орнығуымен байланысты болып келеді[2].
Э. Эриксон пікірінше, гендерлік сәйкестілік тұлғаның барлық жас кезеңдерінде болады. Кейбір жас кезеңдерінде күрделі және сыни жағдайлар болып тұрады. Адам өмір бойы осындай түрлі кезеңдерді басынан өткізіп, әлеуметтік тәжірибе алады және келесі жас кезеңіне өтеді. Алайда әлеуметтенудің белгілі бір жас кезеңіне бұл орын алмаса немесе жартылай болса, кейінгі кезеңдерде әлеумметтенуге теріс әсерін тигізеді[3].
Осы зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелердің бірі - жастардың стрессті жеңудегі гендерлік ерекшелігі болып табылады.
Адам өмірі тек мәселелерден ғана тұрмаса да, раушан гүліне толы бақтағы серуенге де ұқсамайды. Кез-келген басқан қадамында қауіпке ұрынуы мүмкін, бірақ психикасы дұрыс адам оларды жеңе алады. Дауыл басылып, соңынан қайта күн ашылады.
Кейбіреулер стресстен шығу үшін жақын достарымен, көршілерімен тіпті бөтен адамдармен сөйлесу пайдалы, кейбіреуі бәрін өз ішінде сақтайды. Кейбір психологиялық типтер стресспен ашық қарсылыққа түседі, кейбіреуі ол жоқ сияқты сыңай танытады. Кейбіреуі стрессті жеке өзінің қандай да бір қарсыласпен қайшылығы бар деп ойласа, басқалары одан қашып құтыла алмайтын заңды құбылыс деп қабылдайды[4].
О.В. Хуклаева пікірінше, тұлғаның психикалық денсаулығы тұлғаны толықтай қамтып тұрады, тұлғаның жас ерекшелігі қоғамдағы әлеуметтік рөлдерді түсініп, орындай алуы болып табылады[5].
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:Зерттеу жұмысынан алынатын нәтиже еліміздің жастары үшін маңызды мәлімет болып табылады. Бұл зерттеу жұмысында стресстен шығу, стресті жеңудің ерекшелігі бағытында бірнеше психологиялық жаттығулар қарастырылған. Зерттеу жұмысында келтірілген мәліметтерді педагогика, психология, медицина салаларында қызмет ететін қызметкерлерге қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының әдістемелері:
1.Сандра Бэм сауалнамасы;
2.Спилбергердің реактивті мазасыздықтың тесті;
3. А.О. Прохоров стресс жағдайының диагностикасы әдістемесі
4. Лемур-Тесью-Филлион PSM-25 психологиялық стресстің ауқымы әдістемесі
Таңдау тобы: Зерттеудің мақсатына жету үшін 30 ер және 30 әйел таңдалып алынды. Сыналушылардың жас шамасы 25-30 жас аралығын құрады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс теориялық бөлімнен, эксперименттік бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша мәліметтерден тұрады.
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы айтылады. Жұмыста пайдаланылған зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу кезеңдері, теориялық және эксперименттік мәні сипатталып, зерттеу жұмысының құрылымы қамтылған.
Зерттеу жұмысының 25-30 жаста стрессті жеңудің гендерлік ерекшелігін теориялық зерттеу атты бірінші бөлімінде стрессті жеңудегі гендерлік ерекшелік мәселесіне байланысты психологиялық еңбектер және көзқарастарға талдау жасалынып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрінісі қарастырылды. Сонымен қатар стресстің алдын-алудың және жеңудің жолдары анықталып, зерттеу жұмысының теориялық бөлімі қорытындыланды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері :
1. Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде жастардың стрессті жеңудегі гендерлік айырмашылықтарын байланысты теориялық зерттеу жүзеге асырылды.
2. Зерттеудің екінші кезеңінде зерттеудің негізгі эксперименттік бөлімі жүзеге асырылды.
3. Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, талдауға түсті, негізгі қорытындылар алынды.

25-30ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІГІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
0.1. Отандық және шетелдік психологиядағы стресстің гендерлік ерекшеліктері мәселелерінің теориялық негіздері
Бүгінгі таңда стресс мәселесі әлемдік психологиялық ғылымдар мен тәжірибеде өзекті әрі маңызды тақырыптардың бірі ретінде зерттелуде. Ағылшын тілінен аударылған стресс түсінігі шиеленіс, қысым, сондай-ақ осы жағдайды тудыратын сыртқы әсерді білдіреді. Жағымсыз, теріс эмоциялар тудыратын стресс түрі дистресс, жағымды, ұнамды эмоциялар тудыратын стресс түрі эустресс деп аталады[6,25-28б]. Бұл терминдерді алғаш рет ғылыми тезаурусқа стресс тұжырымдамасының негізін қалаушы, канадалық физиолог Ганс Селье енгізді. Оның анықтамасы бойынша, стресс - организмнің жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған бейімделу әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Әйгілі ғалым бастапқыда стрессті сыртқы күшті тітіркендіргіштерге ағзаның жауап қайтаруында туындайтын ерекше қалып ретінде түсінеді, кейіннен өз зерттеуін жалғастыра келе, стресс өмірде кездесетін кез келген қойылған талаптарға ағзаның кездейсоқ қайтаратын жауабы ретінде тұжырымдама жасайды[7,123-139б].
В.П. Зинценко мен Б.Г. Мещеряков түсінігі бойынша, стресс - қарапайым өмірде кездесетін немесе кейбір кездерде адамның келеңсіз, сәтсіз жағдайларға тап болғандағынан туынтап отыратын іс әрекеттік процесс[8,191б].
Стресс мазмұны бойынша екі түрге бөлінеді. Осы тұрғыда әлемдік мәдениетке үлес қосқан ерте заман ғұламасы Әбу Әли Ибн Синаның қойларға жасаған тәжірибесін мысалға алып қарауымызға болады. Ерте заман ғұламасы өзінің экспериментінде қораға бір қойды жалғыз қамауға алады. Қамауға алынған қойды басқа қойлар көріп сырттай бақылап тұрады, екінші бір қойды қасқырдың апанының маңында орналасқан келесі қораға жалғыз қамайды. Бірінші қамалған қой басқа қойларға қосылғысы кеп талпынады, маңырау үстінде болады, алайда өзінің алдына әкелген шөп-жемді жеп жата береді. Келесі қамаудағы қой қасқырлар қойға жақындамаса да, қасқырды көрген сайын қорқып, үрейленіп қашуға әрекет етеді. Екінші қамаудағы қойға да жем-шөп әкелінсе де, қой оны жемей, азып, әлсіреп кетеді.Кез келген адамдар да сол сияқты жоғары нәрселерді көретін болса оған қарай жақындағысы келіп, адамда жағымды стресс пайда болады. Ал жағымсыз нәрселерді көретін болса одан қашып, үркіп, тұлғада жағымсыз стресс пайда бола бастайды[9,408б].
Психологиялық стрессті ақпараттық стресс және эмоциялық стресс деп бөлуімізге болады.Ақпараттық стресс өмірде кенеттен пайда болатын түрлі жағымсыз хабар есту нәтижесінде пайда болады.Осындай кезеңдерде ақпараттық стрессті бастан кешірген адам қиналып, абыржып қалады. Себебі, кенеттен болатын ақпараттарды қабылдауда дұрыс мінез-құлық түрлерін игермегендіктен, осындай сәттерге дайын болуға тәжірибелік қор болмағандықтан болады. Стресстің келесі түрі эмоциялық стресс біреуге өте қатты өкпелі болған кезде, кенеттен қорыққан кезінде, көңіл қалу сияқты құбылыстармен сипатталады. Эмоциялық стресс кезінде адам ағзасында жоғары жүйке жүйесінде тежелу белсенді түрде болады.
Қазіргі таңда стрессті ерекше психикалық жағдайына қауіп төндіретін төтенше әсерлерде туындайтын функционалды күй ретінде сипаттау әдетке айналды. Осылайша, стресс мінез-құлықтық, вегетативті, гуморальды, биохимиялық деңгейлерде, сондай-ақ субъективті эмоционалдық стресті қоса алғанда, психикалық деңгейдегі өзгерістер кешенін қамтитын организм реакциясы ретінде туындайды[10,334б].Стресстің биологиялық функциясы-бейімделу болып табылады. Ол ағзаны қауіпті, физикалық және психикалық әсерлерден қорғауға арналған. Сондықтан стресстің пайда болуы адамның қауіпті әсерлерге қарсы тұруға бағытталған қызметтің белгілі бір түріне қосылатынын білдіреді. Қызметтің бұл түріне ерекше физиологиялық жағдай және әртүрлі физиологиялық және психологиялық реакциялар кешені сәйкес келеді. Стресс дамыған сайын ағзаның физиологиялық жағдайы мен реакциясы өзгереді. Жалпы, стресс, бұл өмірде туындаған қиындықтарды жеңу үшін жеке ресурстарды жұмылдыруға ықпал ететін салауатты ағзадағы қалыпты құбылыс. Бұл биологиялық жүйенің қорғаныс механизмі болып табылады[10,335б]. Стресс кезінде агрессия, есту қабілетінің әлсіреуі, уақытты қабылдау бұзылуы мүмкін, сондай-ақ галлюцинация пайда болуы мүмкін және психикалық процестердің динамикалық сипаттамалары өзгереді.
Е. Черепанова айтуынша, стресс кезінде адам дайындық алдында болады. Физикалық және психологиялық тұрғыдан өзін-өзі жоғары деп санайды. Бұл кезеңде жиі психосоматикалық аурулар (гастриттер, колиттер, асқазан ойық жаралары, аллергиялар) болуы мүмкін, бірақ үшінші сатыға өткен болса, адамға күш жігер қажет болады[11,264б]. Мысал ретінде автор 1992-1993 жылдардағы оқиғаларды келтіреді, ол кезде біздің қоғамымыз өте тез әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерге ұшырады. Дәл осы кезде ауруханалар мен емханалар бос болды, өйткені адамдар қиын жағдайда өмір сүру үшін барлық бейімделу ресурстарын өз иеліктеріне жұмылдыруға мәжбүр болды.
Сонымен, О.С. Копина, Е.А. Суслова, Е.В. Заикин стресстің себептері мен деңгейлерін зерттей келе, психоэмоционалды стрессті ең жоғарғысы деп санады[12,32-38б]
Психоэмоционалдық шиеленістің ең жоғары деңгейі бар топтардың қатарына жатады:
Әйелдер
Жастар (25-30)
40 жастан асқандар
бастауыш және жоғары білімі бар адамдар тобы
ажырасқандар
зейнеткерлер мен жұмыссыздар
Өзіндік бағалауы төмен адамдар
О.Б. Долгинова мен Е.Б. Красная болашақ психолог - студенттердің макротравмаларын зерттей келе, олардың тәжірибесінде мынадай мәселелердің бар екендігін көрсетті:
1. Оқу орнын өзгерту (жоғары оқу орнына қабылдау немесе университетті ауыстыру) - 100%;
2. Махаббат қатынасынан болатын жыныстық қатынастардың болуы- 93%
3. Достық сипатындағы өзгеріс - 82%
4. Қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктермен байланысты жеке өзгерістер - 71%
5. Туыстарымен қарым - қатынас сипатының өзгеруі - 71%
6. Тұрғылықты жерін ауыстыру - 57%
7. Жақындарынан айырылу - 54%;
8. Денсаулыққа қатысты мәселелер - 32 %[13,261б].
Макротравмалар көбінесе жан-жақты қабылданады. Студенттер үш негізгі макротравмаларды атап көрсетті. Олар: көшу, жоғарғы оқу орнына түсу, бос уақыттарды пайдалану. Бұл факторлар кез келген адам үшін қандай да бір мәселелердің болашақ психологтың тұлғалық қалыптасуының сипатын көрсетеді өзектілігі оның жеке ерекшеліктерімен (құндылықтар, тұлғаның бағыттылығы, эмоциялық байланыстардың сипаты және т.б.)және стрессті жеңудің жеке тәсілдерімен ерекшеленеді.
Ю.А. Александровский өз зерттеулерінде стресстің клиникалық - психопатологиялық көріністеріне көп көңіл бөледі және психикалық дезадаптацияның көрсеткіші жеке - экстремалды сипатқа ие болатын психотравмалық жағдайында адамның мақсатты әрекет етуінің жетіспеушілігі болып табылады деп санайды[14,400б].
Д. Хоффельд өрт сөндірушілерде болатын стресстің себептерін зерттеді. Себебі, өрт сөндірушілердің өмірі өзінің қатарластарына қарағанда қысқа болып келеді. Стресс кезінде ауыр физикалық және психикалық аурулар туындайды және адамда жұмысқа деген қабілеттілік төмендейді. Өрт сөндірушілерді шақырту бойынша өрт сөндірушілердің 75%-ы жарақаттан кейінгі стресстік бұзылулар синдромымен және т.б.зардап шегеді. Автордың айтуынша, стресстің физикалық (шу, экстремалды жағдайлар, от, улы газдар, жарылыстар және т.б.), психикалық (балалар мен жасөспірімдердің өлімі немесе өлім қаупі, адамдардың жаппай жаралануы, отбасы үшін қорқыныш және т. б.), әлеуметтік (басшылықтың авторитарлық стилі, сын, мәжбүрлеу және т. б.), жеке және материалдық түрлері бар деп есептейді. Стресс өрт сөндірушілерде физиологиялық реакцияны (жүрек-қантамыр жүйесінің, ішектің аурулары, аллергия, ревматизм, пародонтоз, депрессия, ұйқының бұзылуы, шизофрения, психоздар, мигрень және т.б.), сондай-ақ психикалық реакцияны (эмоциялық реакция, посттравматикалық стресстік бұзылу синдромы) тудырады[15,320б].
Израиль ғалымдары 1946-1965 жж Асбесттің зиянды әсеріне ұшыраған 18,2 жыл орташа электр тәжірибесінде жұмыс істейтін ер адамдарды (16 адам) зерттеді. 1992 жылы 4 адам мезотелиомадан қайтыс болды, ал қалғандары өкпе қызметін тексеріп, кеуде қуысы мен өкпені КТ-сканерлеу жүргізді. Олардың барлығы асбестозға ұқсас өкпе ауруынан зардап шекті. Сыналушылардың мазасыздану көріністері және көңіл-күйдің төмендеуі (Гамильтон мазасыздану шкаласы-ВШБ) сәйкес келеді. Нәтижесінде сыналушылардың 50%-да жарақаттан кейінгі стресстік бұзушылық анықталды. Жарақаттан кейінгі стресстік бұзылушылықпен зардап шеккендерде мазасыздық деңгейі жоғары болды[15;420б].
Психологиялық стресс ағзаның әртүрлі функционалды жүйелеріндегі өзгерістерде көрінуі мүмкін, ал бұзылулардың қарқындылығы эмоционалды көңіл-күйдің кішкентай өзгеруінен асқазан жарасы немесе миокард инфарктісі сияқты ауыр ауруларға дейін өзгеруі мүмкін. Стрессорлық реакцияларды жіктеудің бірнеше жолы бар, бірақ психологтар үшін оларды стресстің мінез-құлықтық, интеллектуалдық, эмоциялық және физиологиялық көріністеріне бөлу перспективалы болып табылады.
Бұрын ағзаның реакцияларының ұқсас жіктемесі психологиялық стресстің жиі жүретін мазасыздық жағдайын зерттеу үшін қолданылған. Сонымен Дэвид Джот Натт мазасыздықты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын төрт компонентті анықтайды[16;35б].
1.Көңіл-күй(мысалы,толқу)
2.Танымдық сала(жағымсыз естеліктер)
3.Физиологиялық көріністер(терлеу,шаршау)
4.Мінез-құлық реакциясы.
Осы тәсілге сәйкес біз стресстің мінез-құлық, интеллектуалдық, эмоционалды және физиологиялық көріністерін бөлек қарастырамыз, стресстің осы формалары арасында жақын объективті қатынастар бар екенін табиғи түрде түсінеміз.
Стресс кезіндегі мінез-құлық реакцияларының өзгеруі.
Зерттеу ыңғайлылығы үшін стресс мінез-құлықтық көріністерінің барлық алуан түрлілігін төрт топқа бөлуге болады. Олар : психомоториканың бұзылуы (бұлшықеттердің қысымы,тыныс ырғағының өзгеруі), өмір салтын өзгерту (күн тәртібіндегі өзгерістер, ұйқының бұзылуы), кәсіби бұзушылық (еңбек өнімділігінің төмендеуі), әлеуметтік рөлдік функциялардың бұзылуы (жанжалдың өсуі, агрессивтіліктің артуы). Стресс кезіндегі мінез-құлық реакцияларының өзгеруі стресстің орнын толтырудың жеткіліксіз әрекеттеріне алып келеді.
Психомоториканың бұзылуы:
1.бұлшықеттердің қысымы;
2.қолдың дірілдеуі;
3.тыныс алу ырғағының өзгеруі;
4.дауыстың дірілдеуі;
5.сөйлеу функцияларының бұзылуы және т.б.
Күн тәртібінің бұзылуы ұйқының қысқаруымен, түнгі уақытта жұмыс циклдарының ауысуымен, пайдалы нәрселерден бас тартумен және стресстің орнын толтырудың жеткіліксіз әдістерімен ауыстырылуы мүмкін.
Кәсіби бұзушылықтар жұмыста күнделікті іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қателіктер санының көбеюімен, уақыттың жетіспеушілігімен, кәсіби қызметтің өнімділігінің төмендігімен көрінеді.
Стресс кезінде әлеуметтік-рөлдік функциялардың бұзылуы жақындары мен достарымен қарым-қатынас жасауға, қақтығыстың жоғарылауына, қарым-қатынас кезінде сензитивтіліктің төмендеуіне, әлеуметке қарсы мінез-құлықтың әртүрлі белгілерінің пайда болуына бөлінетін уақыттың азаюынан көрінеді. Бұл ретте ұзақ стрессте жүрген адам әлеуметтік нормалар мен стандарттарды аз ескереді. Дистресс басқа адамдармен тұлғаның әлеуметтік байланысына да әсер етеді. Терең стресс кезінде жақын адамдармен және жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас едәуір нашарлауы мүмкін, осы кезде негізгі мәселе шешілмей қалады, адамдар қатты кінәлілік пен үмітсіздік сезімдерін сезінеді. Стресстің мінез-құлықтық белгілерін бағалаған психолог-студенттер жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуін және шаршағандықтың жоғарылауын атап өтті.
Кейбір авторлар эмоционалды стресс пен эмоционалды қысым ұғымдарын нақты ажыратпайды, және бұл екі құбылыста мимикалық өзгерістермен, қозғалыстың жылдамдығының көрінуімен, сөйлеу кезіндегі өзгерістер, беттің, қолдың, аяғының дірілдеуі, мінездегі өзгерістер, қыңырлық және тағы басқалары көрінеді[16,36-39б].
Стресс кезіндегі танымдық процестердің өзгеруі
Стресс кезінде танымдық процестердің барлық аспектілері, соның ішінде ес және зейін сияқты негізгі танымдық процестерінде бұзылыстар болады. Зейін бұзылысы ең алдымен адамның ми жарты шарларының қабығында стрессті доминант қалыптасады,оның айналасында барлық ойлар мен уайымдар пайда болады. Сонымен қатар естің функциясы да зардап шегеді. Стресстің себептерін талқылау және одан шығудың жолын табу арқылы сана-сезімнің тұрақты жүктемесі есте сақтау қабілетін төмендетеді, ал стресс кезінде өзгерген гормоналды фон қажетті ақпаратты көбейту процесінде бұзушылықтар тудырады. Стресс кезінде танымдық процестердің өзгеруі зейіннің шоғырлану қиындығына, жоғары алаңдаушылыққа, зейіннің тарылуына алып келеді. Ойлау процесінің логикалық бұзылу мен ойлаудың байланыссыздығына алып келеді. Естің бұзылысы кезінде оперативті ес бұзылып, ақпараттың көбеюіне байланысты мәселелер туындайды.Танымдық процестердің бұзылуы стресстен шығудың жолдарын қиындатады.
Стресс кезіндегі физиологиялық процестердің өзгеруі
Стресстің физиологиялық көріністері адам ағзаларының барлық жүйелеріне ас қорыту, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне қатысты болып келеді. Алайда, зерттеушілердің көзқарасы көбінесе сезімталдықтың жоғарылаған жүрек-тамыр жүйесі болып табылады, оны стресске реакцияларын салыстырмалы түрде оңай жазуға болады. Стресс жағдайында келесі объективті өзгерістер болады:
1.жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы немесе оның тұрақтылығының өзгеруі;
2. қан қысымының жоғарылауы, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы;
В.Л. Марищук пен В. И. Евдокимов эмоциялық шиеленістің (қысқа мерзімді стресс) жағдайын сипаттай отырып, тамыр соғуының және тыныс алудың ырғағының күрт жиілеуі мен бұзылысын, көздегі қарашық диаметрінің күрт өзгеруін, беттегі реакцияларды және т.б.атап өтеді. Барлық осы объективті өзгерістер стресске ұшыраған адамның субъективті уайымдарында көрініс табады. Психологиялық қысым жағдайындағы адам, әдетте, әртүрлі жағымсыз уайымдарды бастан кешіреді:
1. жүрек және басқа мүшелердің аурулары;
2. тыныс алу кезіндегі қиындықтар, бұлшық еттердің қысымы;
3. асқорыту жүйесінің аймағында жағымсыз сезім және т.б.
Жекелеген органдар мен олардың жүйелерінің қалыпты қызметінің бұзылуы, бір жағынан, және осы бұзылыстардың санада көрініс табуы, екінші жағынан, кешенді физиологиялық және биохимиялық бұзылуларға : иммунитеттің төмендеуіне, шаршаудың жоғарылауына, жиі әлсіздік, дене салмағының өзгеруіне әкеледі[16,41-44б].
Стресстің эмоциялық көрінісі
Стресстің эмоциялық көрінісі жалпы эмоционалды өзгеріс (жағымсыз көңіл-күй, тұрақты сезім, депрессия,жоғары мазасыздық) сезімін алып келсе, жағымсыз эмоцияларды білдіру (тітіркену,ашу ұстамалары,оқшаулану сезімі,жалғыздық сезімі), мінездегі өзгерістер (әр нәрсеге күдікпен қарау, өзіндік бағалаудың төмендеуі немесе өзіндік бағалаудың жоғарылауы) болады.
Психологиялық стресстің ерекшелігін, оның пайда болуының негізгі түрлерін және онымен байланысты мінез-құлықтық, интеллектуалдық, эмоционалдық және физиологиялық өзгерістерді ескере отырып стресс көрінісінің гендерлік ерекшеліктерін елемеуге болмайды.
Гендер ұғымы 1963 жылы Р. Столердің еңбегінде алғаш рет пайда болды. Гендер түсінігі ағылшын тілінен аударғанда род, тек деген мағынаны білдіреді. Гендер ұғымы қоғамдағы әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты сәйкес келетін ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтайтын, олардың әлеуметтік нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып табылады. Гендер ұғымын қолдана отырып, адамның бойындағы табиғи құрылымды бөлу жүзеге асырылады. Тұжырымдаманы ХХ ғасырдың 30-жылдары М. Мидтің этнография туралы еңбектері дайындады[17;11 - 16].
Гендер-бұл:
1.әлеуметтік жыныс, көбінесе жеке және топтық мінез-құлықтың ерекшеліктерін негіздейтін және индивидтің қоғамдағы құқықтық және статустық - әлеуметтік позициясын қорғайтын;
2.биологиялық жыныс, морфологиялық және физиологиялық сипаттамалар кешені ретінде, эротикалық сезім мен уайымның бағыттылығы мен айқындылығына байланысты жеке жыныстық мінез-құлықты анықтайтын;
Әлеуметтік психологияда гендер термині осы ұғымның мағыналық мазмұнының бірінші нұсқасымен ғана байланысты психологиялық шындықты сипаттау үшін қолданылады. Сонымен қатар, психологиялық ғылым аясында соңғы онжылдықтарда субъектілердің қандай дабір әлеуметтік жынысқа жататындығы жайында жыныстық саралаудың психологиялық сипаттамаларын қарастырудың өзіндік тәсілі қалыптаса бастады. Айта кету керек, алдымен гендер термині, содан кейін гендерлік көзқарас әйелдердің зерттелуіне тікелей байланысты болды. Осындай кешенді зерттеулердің бірі Сандра Бэмнің гендерлік айырмашылықтарды зерттеуі болды. Автор өзінің 1993 жылы көрген Тендер линзалары атты монографиясында қоғамдағы әйелдер мен еркектер өздерінің іс-әрекеттері мен мүмкіндіктері туралы белгілі бір әлеуметтік сипаттамаларды қалай суреттейтіндігі жайлы идеяларды егжей-тегжейлі қарастырады. Сандра Бем өзінің монографиясында ерлер мен әйелдердің мінез-құлқындағы айырмашылықтар,олардың әлеуметтік ұстанымдары биологиялық, яғни жыныстық айырмашылықтардың салдары болып табылатындығы туралы кең таралған пікір мен сенімді қарастырады. Ол онтогенез процесінде жыныс және гендер түсінігі қалай өзара әрекеттесетінін талдайды. Сонымен қатар ол тендерлік тәсілдерді қолданбалы пайдалануды айқындай келе, ерлер мен әйелдердің әлеуметтенуінің мүдделер мен қабілеттерді жүзеге асырудағы өзгеруіне көп мән береді. Осындай жағдай ер адамдарға өз денсаулықтарына көбірек көңіл бөлуге жәрдемдеседі, және ерлердің өмір сүру жасын ұзартады. Әйелдерге қатысты айтар болсақ, олар ақыр соңында, өзінің экономикалық әл- ауқатын бай серіктес арқылы емес, өз бетінше құру қажеттілігін мойындай алады"[17;17-25б].
Линзалар теориясына сәйкес жасанды және табиғи өзгермейтін жыныстық белгілері бар орын мен мамандық жоқ екенін түсіндіреді. Ата-аналардың көпшілігі балаларына жыныстүсінігін толыққанды түсіндіре алмайды. Бір таңқаларлығы, гендерлік айырмашылықтар кейбір балалар мен тіпті жасөспірімдер үшін құпия болып қала береді. Себебі, көптеген отбасыларда бұл ең тыйым салынған әрі жұмбақ тақырыптардың бірі болып табылады. Сандра Бем бұл мәселені шешудің екі стратегиясын ұсынады. Біріншісі балаларды жыныс арасындағы айырмашылықтарға үйрету. Екінші стратегия балаларға альернативті схема беру қажет, осы арқылы балалар фильмдерден, жарнамалардан жыныс ерекшелігін көріп, ой қорыта алады. Біріншіден, ата-аналар балаларына гендер туралы әлеуметтік идеяларға назар аудара отырып, жыныстардың айырмашылығы туралы тәрбие беруі керек. Ол үшін ата-аналар балаларына дәстүрлі емес гендерлік рөлдерді көрсетуі қажет. Мысалы, әкесі кешкі асты дайындай алады, балаларын суға шомылдырады, көлік жүргізіп, білім мен ғылыммен айналыса алады. Ата-аналар баланы тәрбиелеуде ер балаға Сен ер баласың, саған қыз сияқты жылауға болмайды немесе Сен қыз баласың, тілалғыш және ұқыптыболуың керек деген сияқты тәрбиелеуден аулақ болу қажет. Себебі, осындай тәрбиелеу баланың болашақ өміріне қатты әсер етеді, және ата-аналардың көзқарасы мен адамның қалауларының орындай алмағандығы арқасында болашақта стресс тууы мүмкін. [17,125 - 134б].
Жыныс психологиясының бөліну негізінде гендерлік айырмашылықтардың кейінгі зерттеулері үш түрге бөлінді:
1. Маскулиндік - ер адамға тән батыл қасиеттер;
2.Феминистік - әйел адамға тән қасиеттері;
3.Андрогиндік -әйелдер мен ерлердің аралас қасиеттері.
Зерттеу мәліметтеріне сүйенетін болсақ, андрогендік типтегі адамдар стреске төзімді болып келеді, өйткені гендерлік рөл нормаларын ұстану онша қатал емес, олар дәстүрлі әйелден ер кәсібіне және немесе керісінше тағы басқаларына еркін түрде ауыса алады. Осы тұрғыда, қатынастар мен реакцияларының гендерлік рөл стереотипіне максималды сәйкестігі, ерлердегі маскулинділіктің жоғары деңгейі және әйелдерде феминистік жоғары болуы психологиялық әл-ауқаттың кепілі бола алмайды. Әйелдердегі жоғары феминистік көбінесе мазасыздықтың жоғарылауы және өзіндік бағалаудың төмендігінен байланысты болады. Ал жоғары маскулиндік жасөсіпірім кезде өздеріне сенімді және осы жағдайларына қанағаттандырарлық болады, бірақ 30 жастан асқаннан кейін ер адамдар анағұрлым мазасыз, өздеріне деген сенімділігі аз, көшбасшылық қабілеті төмен болып келеді екен. Спенс пен Хельмрейхтің пікірінше, мускулиндік пен феминистік немесе гендерлік рөлдің ғаламдық өлшемдерін іздеу - бұл иллюзиялық міндет. Қазіргі уақытта және осы мәдениетте ерлер мен әйелдерді ажырататын психологиялық қасиеттер мен мінез-құлық құрылымдары кластары бірнеше емес, әр түрлі тамырларға ие және әртүрлі адамдар арасында салыстырмалы түрде өзгеше болады[19].
Сонымен, стресс бұл психологиялық жағдай болғанымен,ерлер мен әйелдерде стресс туындаған айырмашылықтардың негізгі себебі биологиялық тұрғыдан болады. Бас миының биохимиясы мен құрылысының жыныстық айырмашылықтары ерлер мен әйелдер қоршаған ортаға әсер етеді немесе стресстік оқиғаларды еске алады. Голдстейн пайымдауынша, еркектерде бездер әйелдерге қарағанда үлкен екенін айтады. Оның пікірінше, бұл анатомиялық ерекшеліктер ерлер мен әйелдердегі стресстің әсерінің біркелкі еместігін айқындайды. Бұл болжамды тексеру үшін Магдебургтегі (Германия) Отто фон Герике университетінің қызметкері Катарина Браун жаңа туған егеуқұйрықтың баласын анасынан ажыратады. Бұл кішкентай Оңтүстік Американдық кеміргіштер үшін егеуқұйрыққа ұқсас және көптеген колониялары бар табиғатта өмір сүру, тіпті туыстарынан қысқа мерзімді оқшаулау күйзеліске айналуы мүмкін. Содан кейін ғалымдар жас жануарлардың миының әртүрлі аймақтарындағы серотонин рецепторларының концентрациясын өлшеді. Серотонин - бұл жануарлар мен адамдардың эмоционалды мінез-құлқында басты рөл атқаратын нейротрансмиттер. Оқшаулау кезеңінде егеуқұйрықтар анасының дауыстық сигналдарын естиді. Мұндай есту аппараты аналық безде серотонин рецепторларының концентрациясын жоғарылатып, ерлерде олардың концентрациясын төмендететіні көрсетілген. Алынған деректерді адамның мінез-құлқына экстраполяциялау қиын болса да, егер балаларда осыған ұқсас процестер орын алса, анадан бөлінумен байланысты алаңдаушылық ұлдар мен қыздардың эмоционалды жағдайына әртүрлі жолмен әсер етеді деп болжауға болады [19].
А.Н. Леонтьевтің пайымдауы бойынша психология тұрғысынан адам ана құрсағынан бастап, өзінің қай жыныстан екені беймәлім индивид ретінде туылады, ал тұлға ретінде әлеуметтік ортамен қарым-қатынас негізінде, белгілі бір стереотиптер арқылы қалыптасады екен[20,173б].
Қоғамымызда көптеген адамдар, жасы кішіден бастап үлкенге дейін стресске ұшырап жатады. Стресс дегеніміз қоршаған ортаның кез келген негативті жағымсыз әсерлеріне организмнің реакциясы. Әрбір адам өмірінде стресстік жағдаймен кездеседі. Сонымен қатар, стресстік реакциялар, стресстің өту ерекшеліктері, стресстің салдары,стресске қарсы тұру ерекшелігі әртүрлі болады. Бір адамдар стрессті ұзақ уақыт стрестік күйде болып, кейін созылмалы стресске ұшырап жеңсе, басқалары оңай жеңеді. Бұл дегеніміз әр индивидтің тұлғалық ерекшеліктеріне, жеке психологиясына, жасына, денсаулығына, өмірлік жағдайларына, жынысына және тағы басқаларына байланысты болады. Ал психологиялық және физикалық денсаулықтағы қоржынның болмауы, бұл кездегі көрсетілген қорқынышпен жоғары қобалжу тұлғаның стресстік реакциясының дамуына алып келеді. Әдеби мәліметтерге сай, стресстік реакциялар депрессиялық және қобалжудың бұзылуымен жалғасады. (Г. Селье, Р. Лазарус, В.Ю. Щадриков, Ю.Я. Киселев, З. Фрейд, О.П. Карпова және т.б). Бұл мәселені көптеген ғалымдар (Г. Селье, М. Джордж, А.Г. Маклаков, В.А. Бодров, Дж. Виткин және т.б) зерттеді. Стресс мәселесі бұрыннан зерттеліп, жан-жақты қарастырылып, көптеген әртүрлі зерттеулер жүргізілген. Сондай-ақ қоғамымызда болып жатқан әртүрлі әлеуметтік сыни жағдайларда стресске қалай қарсы тұруға болады? Оның жолдары бар ма деген сұрақтарда туындайды. Бұл тұлғаның стресске тұрақтылық мәселесімен байланысты болып келеді.
Қазіргі таңда стресс термині сан алуан құбылыыстарды белгілеу мақсатында қолданылады.
1) күшті, жағымсыз, ағзаға теріс әсерін тигізеді;
2) стрессордың әсері ағза үшін физиологиялық және психологиялық реакциясына жағымсыз күш түсіреді;
3) ағза үшін әртүрлі жағымды және жағымсыз реакциялардың болуы мүмкін;
4) Экстремалды жағдайда ағзаның физиологиялық және психологиялық реакцияларына қысым келтіргенде бейімделудің белсенділігі арта түседі;
5) ағзаға қандай да бір реакция әсер еткенде арнайы емес физиологиялық және психологиялық реакциялар байқалады[21,258б].
Сельенің пікірі бойынша, стресс тудырушы табиғи факторлар, стресстік реакциялар арнайы емес психофизиологиялық өзгерістердің жиынтығы.
Кейінірек психологиялық реакциялардың жалпы бейнесі арнайы болатыны көрсетілді. Ағзаның даралық ерекшеліктері стресстің қалыптасуына өз үлесін тигізеді.Тітіркендіргіштердің ерекшеліктеріне байланысты стресстің екі нұсқасын бөліп көрсетуге болады:(физиологиялық ,бірінші сигналды) және психоэмоционалды (екінші реттік).
Стрессті тудырушы стимулды-стрессор деп атайды. Тітіркендіргіштер когнитивті интерпретацияға ұшыраған жағдайда стрессорға айналуы мүмкін, яғни оның мағынасын адам тітіркендіргішке жатқызады (психоэмоционалды стресс).Мысалы қараңғы көшеде жалғыз келе жатқан сәтте артыңыздан келе жатқан адамның қадамының естілуі күшті стрессор болуы мүмкін. Физиологиялық стресс тітіркендіргіштің қандай да сенсоры немесе зат алмасу арқылы әсер етудің нә тижесінде пайда болады. Мысалы : тұншықтыру немесе шектен тыс физиологиялық күш түсіру физиологиялық стресс тудыратын стрессорға айналуы мүмкін. Жағымсыз фактордың әсер ету ұзақтығын әрқашан да ескерген жөн. Кейбір факторлар адамға ұзақ уақыт бойы әсер еткенде стресстік реакциялар тудырады. Қысқа мерзімді стресс барысында ағза бойында қалыптасқан мобильді (шағын) ресурстық бағдарламалар іске қосылады[22,108б]
Белгілі бір гендерлік рөлді қабылдау өзінің және өзгелердің тәртібі гендерлік рөлінің матрицасының(іс - әрекеті) мониторингі мен өзіндік реттеуді қажет ететін үрдіс.(сондай-ақ мотивация мен психологиялық қырын қалыптастыру)
Әрбір гендерлік рөлдің жекелеген сапалары бар, бұлар ерлерге, әйелдерге тән нақты стереортиптер арқылы көрінеді. Ерлерге күшті, тәуелсіз, белсенді, агрессивті, өз-өзін қамтамасыз еткен, жеке жетістіктерге жету бағдары анықталған болуы және т.б. Әйелдерге нәзіктік, ұқыптылық, шыдамды, әлсіз, тәуелді, эмоционалды, отбасын ойлайтын және т.б болуы тән. Ішкі істер органдарында кәсіби қызмет етудің өзіндік ерекшеліктері жұмыстың қарқындылығы, қызметтік міндетін шұғыл орындау, атқарған ісін сандық көрсеткішпен бағалау, үнемі түрлі ортадағы адаммен қатынас жасау,олардың криминологенді орта болуы да мүмкін, өйткені қандай жағдай болса да заңды негізде шешім қабылдай алуы. Осы аталғандардың барлығы денсаулығына әсер етеді, себебі жұмыс барысында көптеген психосоматикалық күйзеліске ұшырайды. Бұның барлығы кәсіби стресстің салдарынан болады. Гендер мәселесін зерттеген кезде ең алдымен әйел мен ер адамның қоғамдық әлеуметтік орындары жан-жақты талқылануға тиіс. Қазіргі таңдағы негізгі міндет адамзаттың жаңа заман талабына сай тіршілік етуін қамтамасыз ету, және ер адам мен әйел адамның тең дәрежеде еңбек етіп, Отанына қызмет көрсету. Гендерлік айырмашылықтар негізінде иерархия жатыр, оның түсіндіруі бойынша маскулиндік басымдылық, ал феминділік бағыныштылық деп берілген.
Нәтижесінде, ерлер де,әйелдерде гендерлік таптаурынның құрбаны болып қалады. Сондықтан да гендер теңдігі мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеудің қажеттігі басым болып отыр. Ұйымдастырушылық мінез-құлықтың гендерлік ерекшеліктерін психологтар әрқалай түсінеді. З. Фрейд жыныстық белгі бойынша қоғамда қалыптасқан дискриминацияны алдын-ала анықтады. Ол әйелдерді ер адам анатомиясына қызығатындығымен түсіндірді. Фрейд өзінің нәзіктік еңбегінде феминдік сапаларға пассивтілік, тәуелділік, бағыныштылықты жатқызған, ерлерді белсенді және билікке ұмтылады деп санады. К. Хорни оның пікіріне қарсы шықты. Хорни әйелдердің өздерін жиі ер адаммен салыстырғанда толымсыз сезінуінің себебі оның өмірі экономикалық, саяси және психоәлеуметтік тәуелділігіне негізделетінінде деп табанды тұжырымдады[23, б 25].
Әйелдерге көбінесе бағынышты рөл тән. Әйелдер жиі мәртебесі төмен салаларда не түрлі әлеуметтік қызмет көрсету орындарында қызмет көрсетеді. Мұнымен бірге феминді және маскулинді ұйымдастырушылық мәдениеттегі жалпы сипаттамалар қарастырылады. Феминді құндылық басым жерлерде топтық интеграцияны ең жақсы құрал ретінде қарайды,ал маскулинді мәдениетте индивидуалды ерік-күш басты орында. Мәдениеттің бұл параметрлерінен дау-жанжалды шешу тәсілдері де тәуелді. Ерлер ұйымында дау-жанжал ашық және қатты қарсылық сипат алады, ал әйелдер ұйымында ол көбінесе жасырын, латентті сипат алады және оны реттеу күш көрсету әдістерімен емес, пікірталас, келісім, үрдісінде жүзеге асырылады. Ерлердің ұйымдастырушылық мәдениетінде бірінші болуға ұмтылыс басым, ал әйелдерде әдеттегідей болуға ұмтылыс байқалады. Маскулинді билік көзі-мәрте болса, феминдікте-жеке қатынастар болып табылады. Ш. Берн эмоциялық интеллект саласында ерекше гендерлік айырмашылық жоқ деп есептейді. Г. Орме керісінше эмоциялық интеллект бойынша айырмашылық әйелдер мен ерлердің эмоциялық коэффициенті жалпы деңгейі бойынша айырмашылық болмағанымен, әйелдерэмоциялық интеллекті тұлға аралық қатынас бойынша деңгейі жоғары көрсеткіші туралы мәліметтер береді.(эмоционалдық,тұлға аралық қатынас,әлеуметтік жауапкершілік). Ерлерде өз тұлғасына деген көрсеткіштері басым(өзін мойындату, өз құқығын қорғай алу қабілеті), стрессті басқара білу, (стресске тұрақтылық, импульсивтігін бақылау) және бейімделуі (шындықты анықтау, мәселені шеше алу).Қыздарда эмоциялық интеллект жалпы деңгейі эмоцияны түсінуі мен ойлауы когнитивтік процесіне, ұлдарда көп жағдайда әсіресе алғашқы есею кезеңіндегі тұлға аралық қатынаспен байланысты.
Кейбір авторлардың айтуы бойынша ерлермен салыстырған әйелдердің стресске тұрақтылық деңгейі төмен деген мәліметтер келтіреді. Д.А. Жуковтың пікірі бойынша, осы аталған айырмашылықтар әсіресе стресс деңгейі жоғары болған жағдайда байқалады. Себебі, ерлер шешім қабылдауға келгенде ерекше қабілеттілік танытады. Автор әйелдердің стресске тұрақтылығының биологиялық механизмдерінің төмендігін, әйелдерде стресстен кейінгі кейбір физиологиялық параметрлердің қалпына келу процесі баяу өтетінін түсіндіреді. Стресстен кейін әйелдерге ерлерге қарағанда кортизол секрециясын төмендету үшін көп уақыт қажет. Сондай-ақ әйелдерде ерлерге қарағанда эмоциялық стресстен кейін реттеу жүйесін қалпына келтіру жылдамдығы жоғары. Бұл әйел ағзасының жалпы эмоциялық қозу деңгейі қарқындылығын білдіреді. Ерлер мен әйелдер өз эмоцияларын әртүрлі әрекеттер арқылы білдіреді[24, б 30].
Ерлерге қарағанда әйелдердің айырмашылығы эмоциясы бет-әлпетінен байқалады. Ерлер өздерінің рөлі мен жыныстық болмысына тән эмоцияларына шектеуге бейім. Ерлер стресстік күйде тұрса да өз сезімдерін жасыруға тырысады. Жалпы ерлер қандай жағдай болғанда да ұстамды, әйелдер-агрессивті болып келеді. Қазіргі кезде көп тараған аффект түрі стресс болып саналады. Бұл адамның жүйке жүйесіне ұзақ уақыт психологиялық қысым мен күш түскен жағдайдағы күйі. Стресс адам іс әрекетін қалпынан шығарады. Стресс егер ұзақ және жиі болса, адам ағзасына тек психологиялық жағынан емес, физикалық тұрғыдан да кері әсерін тигізеді. Сондықтан да өмір сүру әрекетінің маңызды факторы стресске тұрақтылық болып саналады.
Гендерлік стереотип дегеніміз - әйелдерге немесе ерлерге жазылып қойылған мінез-құлық ережесі. Гендерлік стереотип тәрбиеден құралады. Алайда гендерлік стереотип істің шындық жағдайына әр уақытта сәйкес келе бермейді : еркектер әрқашан батыл, әйелдер нәзік бола бермейді.
Қазақстанда ерлердің өмірі әйелдердің өміріне қарағанда қысқарақ. Суицидтен ерлердің өлімі әйелдерге қарағанда 5 есе артық, ал 25-39 жас аралығында 8 есеге көп. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарағанда ер адамдардың да өзін-өзі өлтіруі аз емес.
Әйел адамды бала күннен бастап үй шаруашылығына үйрету маңызды. Ол кірді таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Жоғарғы сынып оқушылары
Адамның әлеуметтік құндылығы. Ер, әйел және стресс
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Қаржылық мәселелер
Психологиялық стресстің формуласы
Тұлғалық факторлар
Пәндер