Жасөспірімдік кезең сатылары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

5
1. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
8
1.1 Жасөсіпірімдік шақтың жалпы психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ...
8
1.2 Жасөспірімдік кезеңіндегі көшбасшылық қасиеттің көріну сипаты ... ...
21
1.3 Жасөспірімдердегі көшбасшылық қасиеттің тұлғалық ерекшеліктері ...
1.4 Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..

34
44
2. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
45
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
45
2.2 Таңдау топтарының сипаттамасы және зерттеу әдістемелері ... ... ... ... ..
45
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
51
2.4 Эмпирикалық зерттеуді қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

68
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

70
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

71
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы Жасөспірімдік шақтағы көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері деп аталады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінез-құлқындағы, олардың іс-әрекеттеріндегі өзгерісіне байланысты көшбасшылық қасиеттерінің олардың тұлға ретінде қалыптасуына әсерін зерттеу қажеттілігінде көрінеді. Әрбір адам тұлға болып қалыптасуында көптеген қиындықтардан, сынақтардан, өзгерістерден өтеді. Ал, олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттер олардың тұлғалық қалыптасуына ықпал етпей қоймайды. Сондықтан да, осы көшбасшылық қасиеттердің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтау осы тақырып көлемінде зерттеу жүргізуді талап етті.
Жас ерекшелік психологияда тұлғаның даму кезеңдерінің ішінде аса көп көңіл бөлетін кезең - жасөспірімдік кезең болып саналады. Қоғамда жастарды коммуникативті тәрбиелеу тәжірибесі барысында жасөспірімдердің өзіне деген қатынастары, өзіндік бағалаулары, өзінің қатарларынан озып, көшбасшылыққа ұмтылуы, әрдайым алда, назарда болуына ұмтылуын, олардың мінез-құлықтарының әртүрлі жақтарын, мінез - құлық мотивтерін, әсер етуші ықпалдарды, өзіндік реттелуді кешенді зерттеу әрқашанда маңызды психологиялық зерттеулердің бірі болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңде бұрын қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен бірге жаңа білімдер қалыптасып, саналық көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі. Жасөспірім жасының өзіне тән ерекшелігі оқу үлгерімінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің түсуі тұлғалық ішкі құрылымындағы дисгормония, мінез-құлықтың қарсыласқан негативті сипаты - бұл жас сатысын ішкі және сыртқы қатынастардағы бағдарлануды жоғалтқан, Мен және әлемнің бөліну сатысы деп айтуға болады.
Жасөспірімдерде осы кезеңнің өтуі барысында біршама өзгерістерді бастарынан өткереді. Өз ортасында, араласатын достарының арасында, қоршаған орта адамдарының назарында болғанды қалайды. Осыған сәйкес өзін жақсы жағынан көрсетуге талпынады. Сыныпта ұйымдастырушылық шараларына белсене қатысып, өзін алға тартуға тырысады. Коммуникативті бейімділік те осыған сәйкес жоғары деңгейде болады. Ал осы жерде сөз болып отырған көшбасшылық қасиеттің жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына әсер етпей қоймайтыны анық.
Осыған орай, таңдап алынған зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінезіндегі, олардың іс-әрекеттеріндегі өзгерісіне байланысты көшбасшылық қасиеттерінің олардың тұлға ретінде қалыптасуына әсерін зерттеу қажеттілігінде көрінеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін зерттей отырып, олардың тұлғалық қалыптасуына әсерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
1. жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
2. көшбасшы мен көшбасшылық түсініктерінің мәнін аша отырып, жасөспірімдерде көшбасшылық қасиеттердің қалыптасу мен мәселелерін қарастыру;
3. жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерінің олардың тұлғалық қалыптасуына әсерін зерттеу;
4. жасөспірімдердегі көшбасшылық қасиеттің тұлғалық қалыптасуына әсерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеуде қолданылатын әдістемелерге тоқталып өту;
5. зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;
6. жасөспірімдерде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: ҚР Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9 - сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: жасөспірімдік кезеңдегі көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеті олардың коммуникативті, ұйымдастырушылық бейімділігінің және өзіндік Менінің қалыптасуына әсер етеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы: жасөспірімдік кезеңдегі көшбасшылық қасиеттердің балалардың тұлғалық қалыптасуында әсерін зерттеу саласында білімдерді байытып, нақтылауында көрінеді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу барысында алынған нәтижелерді жасөспірімдерді анықтау қажет етілетін кез келген оқу мекемелерінде қолданылу мүмкіндігінде байқалады.
Зерттеу әдістері: жасөспірімдердегі көшбасшылық қасиеттің тұлғалық қалыптасуына әсерін анықтау үшін келесідей әдістемелер қолданылды:
1. Анкета Мен көшбасшымын ба?. А.Н. Лутошкин.
2. Көшбасшы әдістемесі (Е.Жариков, Е.Крушельницкий).
3. Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті анықтауға арналған В. Синявский және Б.А. Федорошиннің КОС әдістемесі.
Дипломдық жұмысты жазуда Р.С. Немовтың, Л.С. Выготский, Л.И. Божович, Д.Б. Эльконин, Г.В. Драгунова, И.С. Кон және басқалардың еңбектері, шетелдік және отандық ғылыми журналдар, конференция материалдары және диссертациялар қолданылды.
Таңдау тобы: біздің зерттеу жұмысымызға 14 пен 16 жас шамасы аралығындағы 81 жасөспірім қыз және ер балалар алынды. Олар Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9 - сынып оқушылары.
Кілттік сөздер : жасөспірім, тұлғалық қасиеттер, көшбасшы стильдері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда жасөспірімдер, жасөспірімдік кезең, осы кезеңнің сатылары, жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне және осы кезеңді қарастырған психологтар мен ғалымдардың тұжырымдамалары мен теорияларына тоқталып өтіп, жасөспірімдерде көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуы мен мәселелеріне ерекше мән беріп, жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, жасөспірімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттердің олардың тұлға болып қалыптасуына әсері талданған.
Екінші тарауда жаөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерінің тұлғалық қалыптасуына әсерін анықтауда қолданылатын әдістемелерге, зерттеуге қатысқан таңдау топтарына сипаттама беріліп, Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияның жасөспірімдеріне жүргізілген зерттеудің нәтижелері талданған. Зерттеу барысында объект ретінде мектептің тоғызыншы сынып оқушылары алынды. Оларға алдымен көшбасшылық қасиеттің деңгейін анықтайтын анкета жүргізіліп, кейін бойында көшбасшылық қасиеті жоғары жасөспірімдер іріктеліп алынып, оларға екі әдістеме жүргізілді. Жалпы әдістемелерді жүргізу барысында анықталғаны - жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеті мен олардың коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктерінің арасында корреляциялық байланыстың бар екендігі. Яғни, бұл дегеніміз - жасөспірімдердегі көшбасшылық қасиеттің олардағы ұйымдастырушылық пен коммуникативті бейімділіктеріне оң әсер ететіндігінің дәлелі.
Димломдық жұмыс 75 беттен тұрады және онда 14 кесте мен 3 сурет қамтылған.

1. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жасөсіпірімдік кезеңнің жалпы психологиялық ерекшеліктері

Адамның жастық дамуы бірнеше кезеңнен өтеді. Осы кезеңдердің барлығы адамның дамуында өзіндік ерекшелікке ие. Алайда, адамның тұлға болып қалыптасуы үшін жасөспірімдік кезеңнің алатын орны ерекше. Қазіргі таңда жасөспірімдік кезең мұғалімдер мен ата-аналарды ғана қызықтырып қоймайды, сонымен қатар психологиялық ғылымның теоретиктерін, психолог-практиктерді, зерттеушілерді де қызықтырып келеді.
Жасөспірімдік кезең - балалық кезеңнен ересектік кезеңге өту аралығындағы кезең, яғни адам өміріндегі жеткіншектік пен ересектіктің арасындағы кезең. Бұл кезеңде бала балалықтан ересектікке өтеді. Субъективті тұрғыдан жасөспірім өзін ересекпін деп есептемейді, өзін солай ұстайды. Бірақ, мұғалім және ата-аналар оның жасөспірім екенін ұмытпауы керек. Жасөспірімнің күш-қуаты, өнегелігі, ақыл-ой, әсемдік талғамы, еңбек қабілеті дамуында және тұлғасының қалыптасуында сапалық өзгерістер пайда болады.
Бір жағынан, бұл күрделі кезеңге танымдық жағымсыз көріністер, тұлға құрылымындағы үйлесімсіздік тән болса, басқа жағынан алғанда жасөспірімдік кезең көптеген жағымды факторлармен сипатталады: баланың дербестігі артады, басқа балалар және ересек адамдармен қарым-қатынасы алуан түрлі бола бастайды, оның қызмет саласы кеңейе түседі және т.б. Жасөспірімдік кезеңдегі балалар тұлғасының психологиялық ерекшеліктері Л.И. Божович [1], В. Давыдов [2], Т.В. Драгунова [3], А.К. Маркова [4], Д.И. Фельдштейн [5], Д.Б. Эльконин [6] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктерін түсіну үшін алдымен атақты ғалымдар мен психологтардың жасөспірімдік кезеңге берген анықтамаларын қарастырайық.
Жасөспірімдік кезеңді зерттеу XIX ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ішкі дағдарыстың кезеңі болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің [7], С.Л. Рубинштейннің [8], Ф. Райстың [9], Л.С. Выготскийдің [10] еңбектерінен кейін, ал кейіннен Б. Заззо мен басқаларынан кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті [11, 42б].
Жасөспірімдік кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдайы туралы атап айтатын мәселе: осы кезеңдегі жасөспірімдер дербес өмірге кірудің алғашқы кезеңдерін басынан өткізе бастайды. Жеткіншектік кезеңнен жасөспірімдік кезеңге өту ішкі позициялардың бірден өзгеруімен байланысты, болашаққа деген ұмтылыс тұлғаның басты бағыты болғанда, мамандық, өмірлік жол таңдау мәселелері аффективті орталыққа айналады, содан кейін жасөспірімнің барлық іс-әрекеті мен қызығушылықтары осының айналасында болмақ.
Американдық зерттеуші Ст. Холл жасөспірімдік кезеңді осы кезеңді бастан өткере отырып, жеке-даралық сезімге ие болатын сана-сезімнің дағдарысы деп атап көрсетеді [12,].
Ал, басқа танымал зерттеуші әрі неміс психологы Э. Шпрангер өзінің мәдени-психологиялық концепциясында жасөспірімдік кезеңді мәдениетке өз-өзінен бірігіп кету: жеке-дара психиканың объективті және нормативті рухына бірігіп кету кезеңі деп қарастырды. Э. Шпрангердің айтуы бойынша, жасөспірімдік кезеңдегі негізгі жетістіктері - МЕНді ашу, рефлексияның қалыптасуы, өзінің даралығын сезіну. Бұлар туралы алда кеңінен тоқталып өтеміз [13].
Ресейлік педагог әрі психолог Д.И. Фельдштейн жасөспірімдік кезеңді жоғары белсенділік, бастамашылдық, тануға, қауіп-қатерге, тәуекелге ұмтылыс кезеңі деп сипаттайды. Жасөспірімдерде тұлғаның ерік-жігерлі саласы дамиды. Бірақ бір қызметте ерік-жігерді көрсете отырып, оқушы басқа қызметте ерік-жігерсіз болады. Жасөспірімдер өте қызуқанды болады, олар көңіл-күйдің өзгерістері мен аффективті өзгерістерге бейім келеді. [14, 191 б].
Неміс психологы Ш. Бюлер жасөспірімдік кезеңді биологиялық тұрғыдан зерттей отырып, биологиялық қажеттіліктердің пісіп жетілуімен байланысты арнайы психикалық құбылыстарды анықтады. Бюлер еңбектерінде жасөспірімдік кезеңді ағзаның жетілуі мен психикалық дамудың тұтастығы ретінде қарастыруға ұмтылды [15].
Неміс психологы әрі философы В. Штерн жасөспірімдік кезеңді бала ойыны мен ересек адамның маңызды әрі жауапкершілігі бар қызметі арасындағы аралық кезең ретінде сипаттады. Штерн бойынша, тұлғаның адами типі құндылықтарға себепші болады. [16, 356 б].
Швейцарияның атақты психологы Ж. Пиаже концепциясында жасөспірімдік кезеңде соңғы іргелі децентрация жүреді - бала объектілерді қабылдау кеңістігіндегі жағдайларға тәуелді болудан босанып, оны қалайша өзгертуге болады деген тұрғыдан қарай бастайды деп жазады. Ж. Пиаженің пікірінше, бұл кезеңде тұлға толығымен қалыптасып, өмір бағдарламасы құрылады [17].
Американдық психолог Э. Эриксон өзінің эпигенетикалық теориясында жасөспірімдік кезеңді ұқсастық дағдарысы, яғни ұқсастықтың қалыптасуы ретінде анықтады. Эриксонның айтуы бойынша, ұқсастықтың қалыптасуы өзін - өзі билеу үрдісі болып табылады. Ұқсастықты екі шамада қарастыруға болады: уақытша және жағдайлық-рөлдік. Уақытша шамада қарастырғанда ұқсастық өткенмен, осы шақпен және болашақпен байланысты қамтамасыз етеді. Жағдайлық-рөлдік шамада ұқсастық көптеген жағдайлар мен рөлдердің тұтастығын қолдайтын орталық бір құрылымды құрайды. Ұқсастықты қалыптастырған адам жағдайдан тәуелсіз, адекватты болып қала береді [18, 153 б].
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшеюі, сыншылдықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс -тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін -- өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Менің қабілеттерім қандай?, Менің өмірлік идеалым қандай?, Мен кім болғым келеді? -- міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Филип Роистың Психология подроскового и юношеского возраста -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым - қайғылары, ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман - тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына, Өзіндік меніне қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына, қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін -- өзі тануы, өзіндік сана - сезімі белсенді және өз тұлғасын өз - өзіне бағындыруы туа бастайды [19].
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жасөспірімдердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортасы бөлек, олардың басқаға ұқсамауы және құрдастарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз -- өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән [20, 74б]. Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады. Жасөспірім -- сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім кезеңге аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады.
Жасөспірімді барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий [21, 68б]. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім кезеңде тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс -- әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім кезең -- бұл қоғамдық жүйедегі көзқарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көзқарасын толығымен пайымдай алмайды [22, 83б].
Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын өзіндік сана - сезім кризисі деп сипаттайды [23, 280б]. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады. Келесі жасөспірім кезеңді зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды [24]. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді, Э. Шпрангердің [25] еңбектерінен кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті.
Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 - 19 жас, ұл балаларды 14 - 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік -- еркіндік мазмұны болып табылатын кризиспен сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени - психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады. Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөспірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым - қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік мені пайда болады.
2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.
3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін -- өзі қалыптастырады. Өзінің ерік - жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым -- Э. Шпрангер бойынша, өзіндік менінің ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталу [26, 291б].
Жасөспірімдік жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р. Байярд [27], Т.В. Драгунова [19], А.Е. Личко [28], М. Мид [29], М. Раттер [30], Л.С. Выготский [31], П.М. Якобсон [32], И.С. Кон [33] т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардың жан - жақты даму қасиеттеріне күрделі әсерін тигізетінін дәлелдеген.
Барлық анықтамаларды қарастыра келе, жасөспірімдік кезеңге өз анықтамамды бергім келеді: жасөспірімдік кезең - бұл балалық және жастық шақ аралығын қамтитын, физикалық және психологиялық көптеген өзгерістер туындайтын, адамның тұлға болып қалыптасатын адам дамуындағы ерекше кезең. Енді, жасөспірімдік кезеңнің қамтитын уақыт аралығын анықтап алайық.
Зерттеушілер бұл кезеңді хронологиялық шекпен ғана шектеп келеді. Мысалы, М. Кле балалық кезеңнен жастық кезеңге ауысу уақытын қарастыра отырып, осы кезеңге онжылдықты жатқызады: Ұрпақтардың жікке бөлінуі бірте-бірте жүріп, 10 және 20 жыл аралығы балдәурендік шақты қамтыды [34, 98б].
Ш. Бюлер жасөспірімдік кезең 11-17 жас аралығын қамтиды десе [35, 54б], Д. Эльконин 11-16 аралығын көрсетеді [36]. 15-17 жас аралығындағы балалар жалпы білім беретін мектепте 9-11 сыныптарда оқитыны белгілі. Кеңес психологы Л.И. Божович бұл кезеңді жасөспірімдік кезеңнің екінші сатысы деп қарастырып, ерте жастық кезең деп жиі атайды деп көрсетеді[37, 85б]. И.В. Дубровина бұл кезеңді жастық кезең деп атайды: Жастық кезең - жасөспірімдік кезең мен ересектік кезең аралығындағы адам өмірінің кезеңі[29].
Жастың биохимиялық, физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді. Жасөспірімдік кезеңнің шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас кезеңіне қосу тән, ол батыста ересектену (adolescence) кезеңі деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп, жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Кеңестік психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес кезең ретінде қарастыру қабылданған. И.С. Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады[38]. Дегенмен, бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас кезеңімен сәйкес келеді.
Осыдан он жыл бұрын 15-17 жас аралығындағы кезеңді жасөспірімдік кезеңге жатқызуға болатын болса, қазір бұл жаста ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі аяқталады, дененің өсу қарқыны бәсеңдейді, бұлшықеттік күш пен жұмысқа қабілеттілігі артып, мүшелердің функционалдық қалыптасуы аяқталады. Сондықтан да қазір жасөспірімдік кезең 10-15 жас аралығын қамтиды.
Жасөспірімдік кезең тұлға дамуының маңызды кезеңі бола отырып, әлеуметтік жетілудің әр түрлі деңгейімен ерекшеленетін тұлға дамуының күрделі үрдісін білдіреді. Жасөспірімнің мүмкіндіктерінің деңгейі, әлеуметтік дамуының жылдамдығы мен жағдайлары жасөспірімнің өзін және өзінің қоғамға жатуын түсінуімен, құқықтар мен міндеттердің көріну деңгейімен, әлеуметтік заттар мен қарым-қатынас әлемін меңгеру деңгейімен, жақын және алыс байланыстардың болуымен, олардың дифференциациясымен байланысты. Жасөспірімде есеюімен байланысты мінезі де, өзін қоғамда ұстауы да, оның мотивтері мен қоғамдық қажеттіліктерге адекваттылығы деңгейі де өзгереді. Сондықтан да жасөспірімдік кезеңді бірнеше сатыға бөлуге болады.
Жасөспірімдік кезеңді үш сатыға бөліп қарастыруға болады. Төмендегі суретте көрсетілген.

Жасөспірімдік кезең
Жасөспірімдік кезең

3-саты
14-15 жас
3-саты
14-15 жас
2-саты
12-13 жас
2-саты
12-13 жас
1-саты
10-11 жас
1-саты
10-11 жас

Бұл сатыда жасөспірімнің өзіне қарым-қатынасын дәл осы мезгілде анықтайтын жедел өзін-өзі бағалау туындайды. Бұл өзін-өзі бағалауы жасөспірімнің өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлық формаларын белгілі бір нормалармен салыстыруға негізделеді.

Бұл сатыда жасөспірімнің өзіне қарым-қатынасын дәл осы мезгілде анықтайтын жедел өзін-өзі бағалау туындайды. Бұл өзін-өзі бағалауы жасөспірімнің өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлық формаларын белгілі бір нормалармен салыстыруға негізделеді.

Бұл сатыда жасөспірім өзіне ерекше, өзіндік қарым-қатынас арқылы ерекшеленеді.
Бұл жастағыларға теріс эмоционалды қасиеттер тән.
Өзін-өзі бағалауға қатты қажеттілік туындайды және сонымен қатар өзін бағалай алмауы үшін қатты уайымдайды.
Бұл сатыда жасөспірім өзіне ерекше, өзіндік қарым-қатынас арқылы ерекшеленеді.
Бұл жастағыларға теріс эмоционалды қасиеттер тән.
Өзін-өзі бағалауға қатты қажеттілік туындайды және сонымен қатар өзін бағалай алмауы үшін қатты уайымдайды.
Бұл сатыда жасөспірімнің өзін жалпы қабылдауы сақталынады, өзіне жағдайлық теріс қарым-қатынас да қала береді, сыртқы ортадағылардың, әсіресе құрдастардың бағалауларына тәуелді келеді. Сондай-ақ, жасөспірімнің өзіне қарым-қатынасы, өзіне көңіл толмауы үшін күйзеліс өзін-өзі құрметтеуге, өзіне тұлға ретінде қарау қажеттілігінің өзектілігі де қатар жүреді.

Бұл сатыда жасөспірімнің өзін жалпы қабылдауы сақталынады, өзіне жағдайлық теріс қарым-қатынас да қала береді, сыртқы ортадағылардың, әсіресе құрдастардың бағалауларына тәуелді келеді. Сондай-ақ, жасөспірімнің өзіне қарым-қатынасы, өзіне көңіл толмауы үшін күйзеліс өзін-өзі құрметтеуге, өзіне тұлға ретінде қарау қажеттілігінің өзектілігі де қатар жүреді.

Сурет 1 - Жасөспірімдік кезең сатылары.

Суреттен көріп отырғанымыздай, жасөспірімдік кезеңнің әрбір сатысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Енді, осы кезеңнің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Жасөспірімдердің маңызды ерекшелігі - ересек адамдардың өзін-өзі бағалауын тікелей көшіруден бірте-бірте алшақтауы, ішкі критерийлерге көп көңіл бөлінеді. Жасөспірімдерде өзін-өзі бағалаудың критерийлері негізінде көріністер өзін-өзі танудың барысында қалыптасады. Жасөспірімнің өзін-өзі танудың негізгі формасы өзін басқалармен - ересектер адамдармен, құрдастармен салыстыру болып табылады.
Жалпы айтқанда, жасөспірімдік кезең дағдарыстық кезеңге жатқызылады. Көптеген зерттеушілер бұл кезеңді жасөспірімдік дағдарыс деп қарастырады. Жасөспірімдік дағдарыстың мәні өзін ересек адам ретінде іштей сезінудің қарама-қайшылығы мен ересек адамдар секілді өмір сүру үшін жеткілікті деңгейде өспеуінде көрінеді.
К.Н. Поливанова жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктерін зерттей отырып, былайша тұжырымдады: жасөспірімдік кезең тұлғаның психикалық дамуының бір ерекше кезеңі ретінде ғылыми зерттеулерде тек соңғы жүзжылдықта ғана көріне бастады. Сондықтан да жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысты шешудің бір оңтайлы тәсілі табыла қоймады. Жасөспірімдер дау-дамайының шешімі - бұл баланың өзін іс-әрекетінің жаңа, идеалды формада байқап көретін қызметті ұйымдастыру деп көрсетті [39,35-37 б].
Жасөспірімдік кезең адам өміріндегі ең қиын кезең саналады. Бұл кезеңнің психикалық белгілері 11-12 жастан бастап көріне бастайды: жасөспірімдер сотқар келеді, ересек жасөспірімдердің ойындары оларға әлі түсініксіз, ал балалардың ойындарын ойнауға өздерін үлкен сезінеді. Өзінің ар-намысы мен жоғары идеалдарға берілу олардың қолынан келмейді, алайда беделге балаша бағыну қасиеті оларда болмайды.
Л. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның барлық психологиялық қызметтері дамудың әрбір сатысында, соның ішінде жасөспірімдік кезеңде де жүйесіз, автоматты түрде және кездейсоқ болмайды, ол белгілі бір бағыттайтын нақты ұмтылыстар мен қызығушылықтары бар белгілі бір жүйе бойынша жүреді. Жасөспірімдік кезеңде ескі қызығушылықтарының бұзылуы мен жойылуы және жаңа қызығушылықтар дамитын жаңа биологиялық негіздердің жетілуі ерекше орын алады. Л.С. Выготский былай деп жазды: Егер қызығушылықтарды дамыту сатысының басында романтикалық ұмтылыстар белгісі ретінде тұрса, сатының аяғына таман тұрақты қызығушылықтың біреуін таңдау ретінде белгіленеді [40].
Жасөспірімдік кезең көптеген маңызды өзгерістерімен сипатталады. Бұл кезеңде жастық трансформация әркелкі жүреді. Бір жасөспірімдер жылдам дамыса, басқалары өздерінің құрдастарынан артта қалады.
Жасөспірімнің тұлға ретінде сатылы дамуы сана-сезім құрылымындағы өзгерістер арқылы байқалады: өзін-өзі бағалау, тұлғалық рефлексия, өзіне және басқаларға талаптар қою, қызмет мотивтері, идеалдары, қызығушылықтары және т.б. осылардың барлығы жасөспірім бойындағы өзгерістерді көрсетеді.
Енді жасөспірімдік кезеңге тән жаңа өзгерістер мен мінез-құлықтық реакцияларды толығырақ қарастырайық. Жасөспірімдік кезеңді зерттеуге көптеген атақты психологтар үлес қосты. Айта кететін болсақ, Л.С. Выготский жасөспірімдік кезеңнің ұзақтығы мен өту ерекшелігі қоғамның даму деңгейіне байланысты, жасөспірімдік кезеңде сыртқы ортаның ойлау қабілетінің дамуына ықпалын ерекше маңызды деп көрсетті. Жасөспірімдік кезеңдегі қызығушылықтар мәселесін жасөспірімнің психологиялық дамуының негізгі мәселесіне жатқызды.
Л. Выготский жасөспірім қызығушылықтарын бірнеше негізгі топтарға жіктей отырып, келесілерді басым деп атап көрсетті: эгоцентрлік (жасөспірімнің өз тұлғасына қызығушылығы); қиыр доминанты (үлкен масштабтарға ұмтылуы), күш-жігер доминанты (сотқарлықта, қырсықтықта, тәрбиелеуші адамдарға қарсы күресте, басқа да жағымсыз жағдайларда көрінетін, қарсылық көрсетуге, жеңуге ұмтылу), романтика доминанты (таныс емес нәрсеге ұмтылу, тәуекелге бару, шытырман оқиғаларға, батыр болуға ұмтылу) [41, 357б]. Ересек жасөспірімдік кезеңнің ерекшелігі арнайы қабілеттердің жылдам дамуы болып саналады. Қызығушылықтар бағыттарының дифференциациясы жасөспірімнің ақыл-ой қызметінің құрылымын күрделірек әрі жеке-дара етеді. Ер балаларда бұл үрдіс қыз балаларға қарағанда айқын көрінеді және ертерек басталады.
Қызығушылықпен қатар, жасөспірімдік кезеңде мінездің қалыптасуы басталып, жастық кезеңде жалғасын табады. Мінез адамның сыртқы әлеммен өзара байланысы мен қарым-қатынасының тұлғалық құралы болып табылады.
Мінез тұлға үшін іс-әрекеттің тұрақты тәсілдерін анықтайды. Жасөспірімдік кезең мінез қалыптасуының кезеңі болып табылады, бұл кезеңде мінездік типтердің көпшілігі қалыптасады [42, 18 б].
Американдық зерттеуші Ст. Холл жасөспірім мінезінің амбиваленттілігі мен парадоксалдылығы туралы алғаш рет сипаттады. Ол бұл кезеңді боран мен тегеурін кезеңі деп атады. Бұл кезеңге бірқатар қарама-қайшылықтар тән, атап айтсақ: өте қатты қуаныш сары уайымға ауысады, өз-өзіне сенімділік ұялшақтыққа және үрейге өзгерсе, қарым-қатынасқа деген бейімділік тұйықтыққа ауысады, өте сезімталдық апатияға, ал шектен шыққан белсенділік қажуға өзгереді. Жалпы айтқанда, жасөспірімдік кезең - бұл ең тұрақсыз әрі өзгермелі кезең [43].
Сонымен қатар, Л. Выготский осы кезеңнің тағы екі жаңа өзгерісін атап көрсетті: рефлексияның дамуы мен соның негізінде сана-сезім [41].
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуында рефлексияның дамуы (жасөспірімнің өз-өзіне, өз тұлғасына, құндылықтарына, қызығушылықтарына, мотивтеріне, эмоцияларына, әрекеттеріне, біліміне немесе өзінің жағдайына назар аударту) ерекше рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңнің бірінші сатысында рефлексиялық күтімнің пәні ретінде негізінен балалардың жекелеген іс-әрекеттері көрінеді. Ал, екінші сатысында өзінің мінезі мен адамдармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері ерекше орынға шығады. Бұл кезде тұлғалық рефлексияның дамуында өзіндік бір серпіліс болады, ол жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін маңызды стимул рөлін атқарады. Ал, жасөспірімдік кезеңнің үшінші сатысында тұлғалық рефлексияның ерекшелігі болып жасөспірімдердің өз тұлғасының ерекшеліктеріне сындарының өсуі болып табылады. Жасөспірімдік кезеңге өту сана-сезімінің ілгерілеуіне байланысты бала тұлғасының құрылымында үлкен өзгерістерді туындатады. Нәтижесінде жасөспірім үшін басқа адамдарды және өз-өзін тереңінен түсіну мүмкін болады.
Ерте жастық кезеңде сана-сезімнің даму үрдісі жалғасады. Жасөспірімдік сана-сезім үшін өзекті мәселелер ерте жастық кезең үшін де өзекті болып қала береді. Т.В. Драгунова былай деп сипаттайды: Жасөспірім тұлғасының негізгі қалыптасуы - өзін ересек сезіну сезімінің қалыптасуы. Кәмелетке толғанға дейін бұл сезім тұрақталып, ішінара шынайылыққа айналады [44].
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, жасөспірімдік кезең - сана-сезімнің және МЕН-концепцияның жаңа деңгейіне өту уақыты. Жасөспірім ересектермен және құрдастарымен өзін салыстыра отырып, өзін-өзі тануға ұмтылады. Ол өзінің құндылығын, ерекшелігін, қайталанбастығын түсіне бастайды. Өзін-өзі бағалауда өзгерістер пайда болады: ересек адамдардың бағаларына бағдарлана отырып, жасөспірім өзінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, өзінің тұлғасын бағалаудың өзіндік критерийлеріне көшеді. Психологтар жасөспірімдік кезеңде сана-сезім мен МЕН-концепцияның қалыптасуы жүреді деп санайды.
Жасөспірімнің мінез-құлқы өзін-өзі бағалауымен реттеледі, ал өзін-өзі бағалау қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Алайда, кіші жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы қарама-қайшылыққа толы, жеткілікті деңгейде тұтас емес, сондықтан да олардың мінез-құлқында ынталандырылмаған көптеген әрекеттер туындауы мүмкін.
Жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас құрылымында да өзгерістер болады. Осы кезеңде құрдастармен қарым-қатынас жоғары маңыздылыққа ие болады. Құрдастармен қарым-қатынас бірнеше қызмет атқарады. Олардың бірі - есею тәжірибесін бір-бірімен алмасу, басқа жынысты адаммен (ер бала немесе қыз) қарым-қатынас орнату бойынша пікір алмасу. Бұл қызмет жыныстық ұқсастықтық және онымен байланысты жыныстық рөлді қабылдау, жыныстық стереотиптерді меңгеру, жыныстық қалаулар мен жыныстық ориентацияны анықтау үрдісін қамтамасыз етеді. Құрдастармен қарым-қатынастың басқа қызметі гормондық және әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсерінен туындаған, ұлғайып келе жатқан ішкі қарбаластықтан құтылуда көрінеді. Қарбаластықтан құтылу экспрессивті мінез-құлық эмоциясы, алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді ойнау, осы кезеңнің маңызды мәселелерін талқылау арқылы жүзеге асырылады.
Достармен араласа отырып кіші жасөспірімдер әлеуметтік мінез-құлық нормаларын, мақсаттарын, құралдарын белсенді меңгереді, өзін және басқаларды бағалау критерийлерін қалыптастырады. Жасөспірімдердің коммуникативті мінез-құлқының сыртқы көрінісі өте қарама-қайшы келеді. Бір жағынан, барлығы секілді болуға ұмтылу, басқа жағынан басқалардан қалай да болса ерекшеленуді қалау; сонымен қатар, бір жағынан достарының алдында құрмет пен беделге ие болуды қаласа, басқа жағынан өзінің кемшіліктерімен орынсыз батырсынады. Адал жақын досты қатты қалау сезімі кіші жасөпірімдерде жолдастарды тез ауыстыру, жылдам ұнату және көңілі қалу қабілеттерімен қатар жүреді.
Бұл кезеңдегі өзгерістердің бірі - бұл интеллектуалдық есею. Ол жасөспірімнің қандай да бір нәрсені білуге ұмтылуы және соны шынымен де жасай білуі арқылы көрінеді. Бұл таным қызметінің дамуын ынталандырады.
Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңдегі жаңа өзгерістердің бірі - өзін-өзі билеу, яғни өз тағдырын өзі шешу. Бұл өзін қоғам мүшесі ретінде сезінуді, жаңа қоғамға пайдалы позицияда болуды білдіреді. Өзін-өзі билеу сезімі жасөспірімнің болашақ мамандығын таңдауы алдында туындайды. Нәтижесінде, жасөспірімдік кезеңде жасөспірімнің қоршаған әлем мен өзі туралы бұрынғы қарым-қатынас бұзылып, қайта құрылады. Сана-сезімі дамып, өз бетімен жеке-дара өмір сүре бастайды.
Жасөспірімдік кезеңдегі айқын байқалатын психологиялық ерекшеліктер жасөспірімдік комплекс деген атауға ие. Жасөспірімдік комплекс еш себепсіз көңіл-күйдің күрт өзгеруін - қатты қуаныштан сары уайымға және керісінше ауысуын қамтиды. Өзінің сыртқы келбетін, қабілеттерін, машықтарын басқа адамдардың бағалауына сезімталдығы шектен шыққан өркөкіректіктен туындайды.
Жасөспірімдер өзімшіл болып келеді, олар өздерін адам назары аударылуы керек жалғыз тұлға ретінде санайды. Олар адалдыққа және өзін-өзі құрбан етуге бара алмайды. Олар бір жағынан қоғам өміріне белсенді араласса, басқа жағынан жалғыздыққа құмар келеді. Кейде басқа адамдарға қатысты олардың мінез-құлқы өрескел болуы мүмкін, алайда өздерінің жаны нәзік келеді. олардың көңіл-күйлері жарқын оптимизм мен пессимизм арасында өзгеріп отырады. Кейде олар таусылмайтын энтузиазммен еңбек етсе, кейде өте баяу әрі енжар келеді.
Соңғы кездері болып жатқан жағдайлар жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерінің өзгеруіне қатты ықпал етті. Жасөспірімдердің рухани құндылықтарының күрт төмендеуі байқалады. Жасөспірімдер арасында арсыздық, өзімшілдік, қатыгездік, қызуқандылық секілді қасиеттер жиі кездеседі. Ересек адамдар өздерінің материалдық қамдарын ойлап, балалардың психикасының дамуы үшін қалыпты жағдай жасамағанда балалар өздерін шеттетілгендей сезінеді. Осыдан келіп жасөспірімдерде қорқыныш, жалғыздық және толық дамымағандық сезімдері секілді ауыр тұлғалық күйзелістер болады.
Жасөспірімдердің психологиялық дамуы біркелкі жүрмейді, онда әр түрлі тенденциялар көрінеді, жасөспірімдердің өзін-өзі танытуға, өзін-өзі билеуге ұмтылыстары байқалынады. Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзінің орнын сезіну өзінің қабілеттерін болашақта пайдалану үшін алғышарттар жасайды.
Жасөспірімдік кезеңде қоғамда өз орнын табуға ұмтылуы ерекше рөлге ие [45]. Жасөспірімдер осы өмірдегі өз орындарын табуға ұмтылады, идеалын іздейді. Осыған байланысты қоғамның қандай үлгілер ұсынатыны маңызды. Бұл кезеңде жасөспірімде өзін бала секілді емес, ересек адамдай сезіну сезімі туындайды. Алайда ересек адамдардың әлемі оны өзіне тең ретінде қабылдамайды. Нәтижесінде жасөспірімде ішкі дау-дамай туындайды. Сондықтан да баланы түсінуге тырысып, өзінің теңіндей қабылдауы керек деп ойлаймын.
Бұл кезеңде мотивацияға қатысты да бірқатар өзгерістер туындайды. Енді дүниетаным, болашақ өмірге жоспармен байланысты мотивтер алдыңғы орынға шығады. Сонымен қатар, өзіне, басқа адамдарға, қоғамға қарым-қатынасының сипаты, сана-сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі сипатталатын қызметі мен мінез-құлқының мотивтері де ерекше орын алады. Жасөспірімде алғаш рет алға қойылған мақсаты немесе саналы түрде қабылдаған ниеті негізінде мотивтер қалыптасады. Жасөспірімнің есеюіне байланысты топтық мотивацияның құлдырауы барысында қызметтің ұжымдық және индивидуалды-қоғамдық мотивацияларының өсуі байқалады.
Жасөспірімдік кезеңнің бірінші сатысында 10-11 жастағы балаларда іс-әрекеттер мен қызметтерді мотивациялау елестету сипатына ие. Кіші жасөспірімдер балалар қызметінің соңғы нәтижелерін бағалайтын ересек адамдар тарапынан қойылатын бағаны қалайды. Осыдан келіп жасөспірімдерде өздерінің іс-әрекеттерін мотивациялау жағдайлық сипатқа ие болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттері мен тұлғалық қасиеттері арасында байланыс орната алмайды, өздерінің және қоршаған орта адамдарының ішкі дүниесіне жағдайлық қызығушылық байқалады. Жасөспірімдік кезеңнің екінші сатысында балалардың өздерінің тұлғаларына қарым-қатынасы күрт күшейеді. Жасөспірімдерде құрдастар ұжымында өзін-өзі танытуға қажеттілік туындайды. Іс-әрекеттерді мотивациялау неғұрлым дифференциациялана түседі. Ал, үшінші кезеңде мінез-құлықты өзі реттеу өзін-өзі тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде, ал іс-әрекеттерді мотивациялау мінез-құлықтың және тұлға қызметінің реттеушісі ретінде болады.
Әсіресе, жасөспірімдердің қоғамдық пайдалы қызметінің мотивтерінде өзгерістер байқалынады. Егер, кіші жасөспірімдерде эмоционалды қарым-қатынас (мен қоғамға пайдалы жұмыспен айналысқым келеді, себебі, бұл маған ләззат әкеледі) мотивтері орын алса, 14-15 жас аралығындағы балаларда моральдық мотивтер, мысалы, әлеуметтік өзара көмек, ұжым алдындағы жауапкершілік, адамдарға әкелетін пайдаға қанағаттану секілді мотивтер дамып, басым бола бастайды. 10-11 жастағы балалар қоғамға пайдалы жұмыстардың барлық түріне жағымды қарайды.
Сонымен қатар жасөспірімдік кезеңде маңызды деп саналған оқу енді екінші орынға түседі. Жасөспірім үшін қарым-қатынас маңыздырақ болады. Ең қызық жағдайлар сабақ үстінде емес, үзіліс уақыттарында болатын болады. Қарым-қатынас барысында моральды нормалар мен құндылықтар жүйесі меңгеріледі.
Сыртқы ортаның ықпалы жасөспірімде өзі және басқа адамдар туралы пікірінің қалыптасуында ерекше маңыздылыққа ие. Себебі, адамның сыртқы ортасы қандай болса, ол да соған қарай бейімделеді.
Жасөспірімдік кезең - жыныстық жетілу және психологиялық өсу үшін ең қиын кезең. Бұл кезеңде үлкен өзгерістер болады - өзін ересек сезіну сезімі туындайды. Ересек болмаса да, өзін ересек сезінуді қатты қалайды. Жасөспірімдік кезеңдегі туындайтын қиындықтар ағзадағы гормондық қайта құрылумен байланысты келеді. Осыдан келіп агрессия, көңіл-күйдің өзгеруі, күйзеліс, тітіркенушілік, тұйықтық, қорқыныш сезімі туындайды. Жасөспірімнің мінезі де қатты өзгеріске ұшырайды. Әрбір жасөспірім ешкімді кіргізгісі келмейтін өзінің жеке кеңістігінің болғанын қалайды.
Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімнің ұжымға енуінен бастап мәселе туындай бастайды. Мінездері қиын құрдастар ұжымында теңдік болу мүмкін емес. Осы жерден бастап көшбасшылық үшін күрес басталады. Көшбасшы бола алмаған жасөспірім шеттетілген немесе көшбасшыға жақын адам болуы мүмкін [46, 118 б].
Құрдастар арасында бәрінен шеттетілу өте қиын. Жасөспірім тұйықталып, сыртқы ортамен байланысын бірте-бірте үзе бастайды. Құрдастарының арасында бола отырып, әрқашан да күйзеліске ұшырайды. Осыдан келіп өте ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін психологиялық мәселелер туындайды. Мұндай жағдайда ата-ана өз баласының қарсылығына қарамастан көмектесуі керек. Ал, көшбасшыға жақын болуға ұмтылуда жасөспірімдер ойламаған қадамдарға баруы мүмкін. Ол жаман ұжымға қосылып, жаман әдеттердің - шылым шегу, арақ ішу, кішігірім бұзақылық секілді әдеттердің жетегінде кетуі әбден мүмкін. Бұл да қазіргі кездегі үлкен мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен қатар, сыртқы келбет - көптеген жасөспірімдер үшін бірінші орындағы мәселе саналады. Сыртқы келбет қыз балалар үшін өте маңызды. Сондықтан да ата-аналар балаларына өз-өзін күтуді, өз-өзіне қарауды, жақсы талғамды үйрету керек деп ойлаймын.
Жасөспірімдік кезеңде барлық кезеңдердегідей психиканың танымдық және эмоционалды саласы дамуын жалғастырады, өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасы өзгереді. Танымдық үрдістердің дамуы қорытындылау қабілеті, күрделі логикалық операцияларға ауысу, когнитивті бақылаудың қалыптасуы арқылы сипатталады. Жасөспірім ойлауының негізгі ерекшеліктері: мүмкіндіктер туралы ойлау, болашақты жоспарлай білу, гипотетикалық-дедуктивті ойлаудың қалыптасуы, яғни ереженің негізінде логикалық қорытындылар жасау қабілеттері - жалпыдан жекеге дейін; өзінің ойлау қабілеттерін талдау; идеализация (өзін және басқаларды асыра бағалау). Сөздік қордың артуы, өзінің ойларын білдірудің дамыған формалары, тілдік қарым-қатынастың саласы кеңеюі байқалады, зейін мен естің қызметтері қайта құрылады. Егер мектепке дейінгі балаға қарапайым психикалық қызметтер болып еріксіз, яғни есте сақтау мен назардың белгілі формалары (мысалы, қатты дауысқа, жарыққа тез реакция), болса, жасөспірім неғұрлым көп материалдың көлемін белгілі бір қатаң тәртіпте есте сақтауға бағытталған ерекше мнемоникалық тәсілдерді пайдаланады. Мнемотехниканың ең ежелгі тәсілі болып ағашқа белгі жасау табылады. Ал, қазіргі кездегі жасөспірімдер оқығанды немесе естіген нәрсені жақсы есте сақтау үшін материалдарды топтастыру әдісін пайдалану, осы мәтінмен жақсы таныс идеямен ассоциация жолымен байланыс орнату, тапсырманы дәптерге жазып алу және т.б. әдістерін пайдаланады.
Жасөспірімнің эмоционалды өмірі адам дамуының алдыңғы тыныш әрі біркелкі кезеңдерінен ерекшеленеді. 13-14 жаста қарбаластық деңгейі жоғары болады, одан кейін төмендейді.
Осы кезеңнің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
өзінің сыртқы келбетін қабылдау;
ер немессе әйел рөлін меңгеру;
құрдастармен қарым-қатынас формасын өзгерту;
жасөспірімдік кезеңге дейінгі кезеңдермен салыстырғанда ата-анамен басқа қарым-қатынас орнату;
кәсіби қызығушылықтарды дамыту;
бастамашылдық пен жауапкершіліктің дамуын білдіретін мінез-құлықтың кемеліне жеткен формасын қабылдау.
Жоғарыда айтылғандар өзгерістерді талдай келе, осы кезеңге тән бірқатар жалпы ерекшеліктерді айтуға болады:
1. Дербестікке ұмтылу (бала емес, бірақ әлі ересекке де жатпайды).
2. Жеке ұқсастықты іздеу (мен кіммін? деген сұрақ осы кезеңдегі ең маңызды сұрақ болып саналады).
3. Құрдастармен қарым-қатынас жасауға қажеттілік артады (ересек адамға қарағанда құрдасқа түсініктірек келетін жаңа құндылықтар қалыптасады).
4. Көңіл-күйдің өзгеруі өте тез әрі жиі болуымен сипатталады (қуаныш пен уайым арасында үнемі жүру).
5. Құрадастар мен ересек адамдардың сыни ескертулеріне жоғары сезімталдық көріне бастайды.
6. Физикалық хал-жағдайы шектен тыс белсенділіктен енжарлыққа күрт өзгеруі байқалады (ағзаның жылдам физиологиялық қайта құрылуы - бойдың өсуі, салмақтың артуы, гормондық көріністің күрт артуы - тез шаршаудың, еңбекке қабілеттіліктің, үлгерімділіктің төмендеуінің себептері болып табылады).
Жасөспірімдік кезеңде болатын өзгерістер осы аталғандармен ғана шектеліп қоймайды. Алайда, бұлар - бәріне ортақ және ата-ана - бала қарым-қатынасына бірінші кезекте әсер ететін өзгерістер.
Қорытындылай келе, жасөспірімдік кезең - адам өміріндегі ерекше кезең. Бұл кезеңде адам бойында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшеліктері туралы ұғым
Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері
Құндылық аспекттері
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі
Белсенділік және оның түрлері, тұлға дамуындағы ролі
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Пәндер