Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін зерттеу»
Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдердің мінез акцентуациясының ерекшеліктерін анықтау және жанұяның әсерін көрсету және түзету жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің міндеттері:
- мінез акцентуациясының арасындағы өзара байланысты зерттеу болып табылады;
-мінез акцентуациясының теориялық талдау;
-жасөспірім -акцентуанттардың тұлғалық ерекшеліктеріне жанұяның әсерін
анықтауды қарастыру;
Зерттеу болжамы: егер, жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктерін түзетуге жанұя мүшелері арасындағы бірлескен іс-әрекетті жүйелі тұрғыдан ұйымдастырып жүргізетін болсақ, онда ол жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарын түзетуге үлкен ықпалын тигізеді.
Зерттеу әдістері
1. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы. К. Роджерс, Р. Даймонд.
2. Мінездің акцентуацияларын зерттеу сұрақнамасы (К. Леонгард)
3. Басс-Даркидің сұрақнамасы (оқушыларға арналған) .
4. Басс-Даркидің сұрақнамасы (ата-аналарға арналған) .
5. Ата-аналар уайымының шкаласы
6. «Тұлғаның мінез акцентуациясы мен нервті-психологиялық тұрақсыздығы».
Зерттеудің тәжірибелік базасы. Жүргізілген зерттеуге 13-17 жас аралығындағы 79 адам қатысты. Зерттеудің негізгі эксперименталды деректері әртүрлі жастағы 26 балаға алынды. Барлық респонденттер бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінді. Зерттеуге Алматы қаласының № 133 жалпы білім беру мектебінің 6-10 сынып оқушылары, әр параллельде екі сыныптан қатысты.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 73 беттен тұрады, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 66 дереккөзден тұратын әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 4 кестемен, 14 суреттермен суреттелген.
РЕФЕРАТ
Тема: «Исследование влияния семьи на особенности акцентуационного поведения подростков»
Цель исследования: Выявить особенности акцентуации поведения подростков, показать влияние семьи и провести коррекционную работу.
Задачи исследования:
- исследование взаимосвязи между акцентом поведения;
- теоретический анализ акцентуации поведения;
- влияние семьи на личностные особенности подростков-акцентантов
рассмотрение определения;
Прогноз исследования: Если систематически организовывать совместные действия между членами семьи для коррекции особенностей акцентуационного поведения подростков, то он оказывает большое влияние на коррекцию акцентуационного поведения подростков.
Методы исследования:
- Шкала социально-психологической адаптации. К. Роджерс, Р. Даймонд.
- Вопросник исследования акцентуации характера (К. Леонгард)
- Вопросник Басс-Дарки (для учащихся) .
- Вопросник Басс-Дарки (для родителей) .
- Шкала родительского волнения
- Акцентуация поведения и нервно-психологическая нестабильность личности.
Практическая база исследования. В проведенном исследовании приняли участие 79 человек в возрасте от 13 до 17 лет. Основные экспериментальные данные исследования взяты на 26 детей разного возраста. Все респонденты были разделены на контрольные и практические группы. В исследовании приняли участие учащиеся 6-10 классов общеобразовательной школы № 133 г. Алматы, в каждой параллели по два класса.
Структура и объем работы . Дипломная работа состоит из 73 страниц, состоит из введения, двух разделов, заключения, списка литературы из 66 источников. Работа иллюстрирована 4 таблицами, 14 рисунками.
REPORT
The theme: "The study of family influence on the characteristics accentuating behavior of teenagers»
The purpose of the study: to identify the features of accentuation of adolescent behavior, show the influence of family and conduct corrective work.
Research objectives:
- research on the relationship between behavior emphasis;
- theoretical analysis of the accentuation of conduct;
- the family influence on the personal features of teenagers-accentuates
a consideration of the definition;
Research forecast : if you systematically organize joint actions between family members to correct the features of accentuational behavior of adolescents, it has a great impact on the correction of accentuational behavior of adolescents.
Research methods:
- Scale of social and psychological adaptation. K. Rogers, R. Diamond.
- Questionnaire for the study of character accentuation (K. Leonhard)
- The questionnaire bass-evil Durka (for students) .
- The questionnaire bass-evil Durka (for parents) .
- School parent excitement
- Accentuation of behavior and neuro-psychological instability of the person.
Practical base of the research. The study involved 79 people aged 13 to 17 years. The main experimental data of the study were taken on 26 children of different ages. All respondents were divided into control and practice groups. The study involved students in grades 6-10 of secondary school No. 133 in Almaty, with two classes in each parallel.
Structure and scope of work. The thesis consists of 73 pages, consists of an introduction, two sections, conclusion, list of references from 66 sources. The work is illustrated with 4 tables and 14 figures.
МAЗМҰНЫ
Кipicпe . . . 6
1. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін тeopиялық зepттeу…… . . . 10
1. 1. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктерін зерттеудің негізгі бағыттары . . . 10
1. 2. Жасөспірімдердің мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін теориялық талдау . . . 18
1. 3. Жасөспірімдердегі акцентуациялық мінез - құлықтарын түзетуге қолданылатын жанұядағы дәстүрлердің маңыздылығы . . . 31
2 Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін эксперименттік зерттеу . . . 37
2. 1. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктерін анықтайтын әдістемелерді пайдаланудың маңыздылығы және зерттеудің мәні . . . 39
2. 2. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін эмпиpикaлық зepттeyдiң cтaтиcтикaлық өңдey нәтижeciн . . . 52
2. 3. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін түзетуге apнaлғaн әлеуметтік-психологиялық тренингтер . . . 56
Қopытынды . . . 64
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттер тiзiмi . . . 65
Қocымшa . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсері психологиясы бойынша зерттеулерге назар аударылады (Л. М. Азариянц, Л. С. Выготский, В. Н. Дружинин, Л. Б. Ермолаева-Томина, В. Н. Козленко, Н. С. Лейтес, А. А. Мелик-Пашаев, Б. М. Неменский, С. О. Раевский, А. З. Рахимова, Н. П. Сакулина, Н. М. Сокольникова, Е. Л. Солдатова, Е. А. Флерина, Б. П. Юсов, Е. Л. Яковлева, Дж. Гилфорд, Ф. Барон, А. Маслоу, Д. Харрингтон және т. б) . Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының жасында адам қызметінің белгілі бір саласына байланысты жанұяның әсері ретінде дамиды (В. Н. Дружинин) . Алайда, жасөспірімдерді дамытудың әртүрлі құралдарының, нысандары мен әдістерінің әсері ашылатын зерттеулер психологиялық - педагогикалық әдебиеттер жеткіліксіз. Соңғы уақытта кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М. А. Алемаскин, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. М. Зюбин, И. А. Невский, В. А. Сухомлинский, В. А. Татенко, Д. И. Фельдштейн, С. Г. Шацкий және т. б. жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П. Б. Ганнушкин, М. М. Кабанов, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, К. Леонгард, А. Е. Личко, Ю. С. Скроцкий, Г. Е. Сухарева, Н. И. Фелинская, Г. К. Ушаков және т. б. үлкен үлес қосты.
Бұл дипломдық жұмысымызда жеке жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуында кездесетін мінез-құлық акцентуацияларының ерекшеліктерін қарастырып, оған жанұяның әсерін зерттеуге қадам жасалып отыр.
Жасөспірімдердің бойында кездесетін мінез-құлық акцентуациясы мәселелері негізінен клиникалық, медициналық аспектіде қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді психологиялық тәжірибеде қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты психологиялық-педагогикалық талдау қажет.
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М. А. Алемаскин, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. М. Зюбин, И. А. Невский, В. А. Сухомлинский, В. А. Татенко, Д. И. Фельдштейн, С. Г. Шацкий және т. б. өздерінің жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П. Б. Ганнушкин, М. М. Кабанов, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, К. Леонгард, А. Е. Личко, Ю. С. Скроцкий, Г. Е. Сухарева, Н. И. Фелинская, Г. К. Ушаков және т. б. үлкен үлес қосты.
Жанұяда тәрбиелеу жасөспірімнің мінез-құлқының дисгармониясына әсері қазіргі таңда аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда мектеп мұғалімдері мінез-құлық дисгармониясы бар жасөспірімдер жыл сайын көбейіп келетіндігін және олармен жұмыс істеудің аса күрделі екендігін атап өтті. Жасөспірімнің мінез-құлқының қалыптасуына және тұлға болып өркендеуіне отбасындағы өмір атмосферасы үлкен әсерін тигізеді. Жанұя жағдайы, ата-ананың немен айналсатыны, материалдық жағдай, ата-ананың білім деңгейі белгілі бір деңгейде баланың өмірлік жолын қалыптастырады. Ата-аналар жасөспірімге мақсатты бағытталған тәрбиемен әсер етеді, бұл жасөспірімнің өмір сүру салтының қалыптасуын, өзін қалай ұстауды үйретуді қамтамасыз етеді. Ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау және тәрбие беру стилі жасөспірімнің мінез-құлқында көрінетін тұлға акцентуациясының пайда болуының басты себепшісі. Сондықтан да ата-ана тарапынан көрсетілген кезкелген бұрыс әрекет баланың құқық бұзушылыққа бейім болуына, ассоциалды ортаға еліктеуіне, суицидтік жағдайлардың көбеюіне және т. б. жағымсыз жағдайлардың немесе жағымсыз мінез-құлық қырларының асқынып кетуіне жол береді. Қазақ отбасыларында бұндай жағдайлар соңғы жылдары көп кездесе бастады. Қазақстан бойынша тек Қарағанда қаласының өзінде ақ бір жылдың ішінде жасөспірімдердің құқық бұзушылығының 48 факті тіркелген.
Зерттеу нысаны Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының психологиялық ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы.
Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдердің мінез акцентуациясының ерекшеліктерін анықтау және жанұяның әсерін көрсету және түзету жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің міндеттері:
- мінез акцентуациясының арасындағы өзара байланысты зерттеу болып табылады;
-мінез акцентуациясын теориялық талдау;
-жасөспірім -акцентуанттардың тұлғалық ерекшеліктеріне жанұяның әсерін анықтауды қарастыру;
Зерттеу болжамы: егер, жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктерін түзетуге жанұя мүшелері арасындағы бірлескен іс-әрекетті жүйелі тұрғыдан ұйымдастырып жүргізетін болсақ, онда ол жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарын түзетуге үлкен ықпалын тигізеді.
Эксперименттік жұмыс кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңі (2019-2019 жж. ) жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлық ерекшеліктерінің мәселелері бойынша дерек көздерді зерттеу мен талдауды қамтыды.
Зерттеудің екінші кезеңі (2019 - 2020 жж. ) зерттеудің тұжырымдамалық базасын әзірлеуге, жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлық ерекшеліктерін, айқындаушы эксперимент деректерін математикалық өңдеуге, сондай-ақ оқушының акцентуациялық мінез - құлық ерекшеліктерінің негізі болып табылатын жанұя әсерін нақтылауға, негіздеуге арналды.
Зерттеудің үшінші кезеңі (2019-2020 жж. ) жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлық ерекшеліктерінің түзету бағдарламасын апробациялау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысты, түзету эксперимент нәтижелерін талдау және статистикалық өңдеуді, алынған ғылыми нәтижелерді жүйелеу және қорытуды, дипломдық жұмыс мәтінін ресімдеуді қамтыды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М. А. Алемаскин, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. М. Зюбин, И. А. Невский, В. А. Сухомлинский, В. А. Татенко, Д. И. Фельдштейн, С. Г. Шацкий және т. б. жүргізген зерттеулерінде акцентуациялық мінезді тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П. Б. Ганнушкин, М. М. Кабанов, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, К. Леонгард, А. Е. Личко, Ю. С. Скроцкий, Г. Е. Сухарева, Н. И. Фелинская, Г. К. Ушаков және т. б. үлкен үлес қосты және психологиялық және педагогикалық негіздері қарастырылды.
Зерттеу әдістері:
1. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы (К. Роджерс, Р. Даймонд) .
2. Мінездің акцентуацияларын зерттеу сұрақнамасы (К. Леонгард)
3. Басса-Даркидің сұрақнамасы (оқушыларға арналған) .
4. Басса-Даркидің сұрақнамасы (ата-аналарға арналған) .
5. Ата-аналар уайымының шкаласы. (шкала родительской озабоченности ШРО) авторы: Желдак И. М.
6. «Тұлғаның мінез акцентуациясы мен нервті-психологиялық тұрақсыздығы».
Зерттеудің тәжірибелік базасы. Жүргізілген зерттеуге 13-17 жас аралығындағы 79 адам қатысты. Зерттеудің негізгі эксперименталды деректері әртүрлі жастағы 26 балаға алынды. Барлық респонденттер бақылау және тәжірибелік топтарға бөлінді. Зерттеуге Алматы қаласының № 133 жалпы білім беру мектебінің 6-10 сынып оқушылары, әр параллельде екі сыныптан қатысты.
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы.
Әдебиетті теориялық талдау негізінде шетелдік және отандық психологияда жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін зерттеу арқылы оның даму тәсілдері жүйелендірілген.
Дипломдық зерттеу нәтижелері Алматы қаласындағы № 133 мектептің сыныптарды 6-10 сынып оқушыларына оқыту бойынша жұмысқа енгізілді. Біздің тәжірибеміз психологиялық тестілеу және жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктеріне жанұяның әсерін дамыту үшін қолданылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 73 беттен тұрады, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 66 дереккөзден тұратын әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 4 кестемен, 14 суреттермен суреттелген.
1. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЖАНҰЯНЫҢ ӘСЕРІН ТEOPИЯЛЫҚ ЗEPТТEУ
1. 1. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез - құлықтарының ерекшеліктерін зерттеудің негізгі бағыттары
Қандай да болмасын мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселенің бірі-өсіп келе жатқан ұрпақты ел алдындағы міндеттерді өз бетінше шеше білуге қабілетті етіп тәрбиелеу. Психологияда жеке адамдарда кездесетін мінез акцентуацияларын дұрыс басшылыққа алған жағдайда ғана жүзеге асады.
Кеңестік және шетелдік психология ғылымдарының шеңберінде мінез акцентуация мәселелері, құрылыстары мен қызметтері, факторлары қалыптасулары зерттелген. (П. Б. Ганнушкин, О. В. Кербиков, Г. К. Ушаков, К. Леонгард, Г. Е. Сухарева, А. Е. Личко) .
Психологияда мінез акцентуациясының байланысы өте күрделі мәселе болғандықтан ол терең де, кешенді зерттеуді талап етеді. Сонымен осы ғылыми жұмыста жеке адамның қалыптасуында кездесетін мінез акцентуацияларының ерекшеліктерін қарастырып, оны зерттеуге қадам жасалып отыр.
Жасөспірімдердің мінез-акцентуациясының мінез-құлықтарындағы ауытқуларына қарамастан, бұл мәселе негізінен клиникалық, медициналық аспектіде қарастырылған, сондықтан алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану қиынға соқты. Бұл жерде тұлға және іс-әрекетпен байланысты психологиялық-педагогикалық анализ қажет [1, 13 б ] .
Кеңес психологтары мен педагог ғалымдары М. А. Алемаскин, П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Л. М. Зюбин, И. А. Невский, В. А. Сухомлинский, В. А. Татенко, Д. И. Фельдштейн, С. Г. Шацкий және т. б. жүргізген зерттеулерінде қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің негізгі әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық себептерін ашты. Мінез акцентуациясы бар қиын тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде дәрігер-психологтар П. Б. Ганнушкин, М. М. Кабанов, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, К. Леонгард, А. Е. Личко, Ю. С. Скроцкий, Г. Е. Сухарева, Н. И. Фелинская, Г. К. Ушаков және т. б. үлкен үлес қосты.
Жасөспірімдік жас-адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы кезең. Психолог Т. М. Кравцованың тұжырымдамасында -жасөспірімдердің мінез-құлқының ерекше белгілері олардың мінез-құлқында көрінеді. Осындай көріністердің бірі жасөспірімнің жанжал жағдайларындағы мінез-құлқы болып табылады. Жасөспірімдер жас балалардың жоғары қақтығыстарымен ерекшеленеді, бұл эмансипация процестеріне байланысты. Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас кезеңіне қосу тән, ол батыста ересектену ( adolescence) кезеңі деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп, жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін [2, 35 ] .
Кеңестік психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес кезең ретінде қарастыру қабылданған. И. С. Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы дін, әлеуметтік шығу тегі және білім деңгейі. Дегенмен бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас кезеңдерімен сәйкес келеді. [3, 58 б ] .
Жасөспірімдердің даму кезеңіне назар аударған ғалым Ж. -Ж. Руссо болды. Ол өзінің «Эмиль» атты романыныда осы кезеңнің адам өміріндегі психологиялық маңызын атап көрсеткен. Жасөспірімдік жасты «екінші рет дүниеге келу» ретінде сипаттап, аталмыш кезеңнің мына ерекшелігін - өзіндік сана-сезімінің өсуін атап көрсетті.
Жасөспірімдік шақтың теориялық үлгісі батыс психологиясының басты бағыттарының бәрінде көрсетілген. З. Фрейд пен А. Фрейдтің(психологиялық сараптама), К. Левиннің (гештальт-психология), Р. Бенедикттің (бихевиоризм) теорияларының бір-бірінен айырмашылықтары көп болғанымен, бұл теориялардың барлығы онтогенетикалық дамудың жалпы үлгісінен-эволюциялық үлгіден бастау алатындығы оларды біріктіреді [4, 6 б ] .
Жасөспірімдік жасты зерттеуде Э. Шпрангердің теориясында айрықша орын алады. Ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның ішкі дүниесі қандай болса да, табиғи немесе әлеуметтік детирменанттармен байланыспайды. Оның шектеуінше 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдік саты балалық тәуелділіктен арылуға ұмытылу дағдарысымен түсіндіріледі. Берілген жастың негізі жаңадан қалыптасқан қасиет ретінде «Меннің» ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке тұлғалығын ұғынудан көрінеді [5] .
В. М. Мясищев, Н. А. Коновалов акцентуациялық мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:
- әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар мен қоғамға орталары ұйытқы болған;
- жүйке психикалық жай-күйлерінің нашарлауынан туындаған;
құқықты ұстамаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы әсер еткен [6, 78б] .
Л. В. Занков, М. С. Певзнер, В. Ф. Шмидттің тұжырымы бойынша акцентуациялық мінез-құлықты жасөспірімдердің қатарына қосатын: жанұя, мектеп және көше жолдастары, яғни қоршаған ортасы болса, дұрыс жолға түсіретін мүмкіндіктер: оның алдын алу, оқу-тәрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып, соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуге тарту немесе қылмыстық әрекеттер дәрежесіне орай арнаулы тәрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған [7] .
Қазіргі кездегі саны күннен күнге көбейіп бара жатқан акцентуациялық мінез-құлықты жасөспірімдер қайдан пайда болады? Бізді ойландыратын да осы сұрақ. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер о бастан “ акцентуация ” немесе “ акцентуация емес” болып бөлінбейді. Бұл қалай? Бұған жауапты алыстан іздеудің қажеті бола қоймас. Дұрысын айтқанда, мұны әрбір ата-ананың өзінен-өзі іздегені дұрыс.
Қоғамда өмір сүрудің алғашқы әліппесін қоршаған айналаға қарым-қатынас тәжірибесінен адам отбасынан үйренеді. Халықтың “Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің” деген мәтелі тегіннен-тегін айтылмаса керек.
Жасөспірімдердің бірден акцентуациялық бола салмағанын зерттеу нәтижелері де көрсетіп отыр. Ол өмірде әке-шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі, не болмаса оның нағыз достары да болмауы мүмкүн. Содан да нашар ортаның ықпалына түсіп. Осы орайда нақты деректерге жүгінер болсақ, қалада жайсыз отбасының яғни, “қиын” ата-ананың көбеюі девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер санының арта түсуіне әкеліп отырғаны анық.
Психолог Р. С. Завалихина диссертациялық жұмысында акцентуциялық мінез-құлықтың пайда болуына жанұядағы үш түрлі жағдай әсер ететіні белгілі. Олар: әке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай-отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын [8, 53б ] .
Сонымен қазіргі кездегі акцентуциялық мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын акцентуциялық мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz