Қытай психологиясы тарихының архитектурасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚЫТАЙДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

5B050300 - «Психология» мамандығы бойынша

Орындаған

4 курс студенті Жарқын А.

Ғылыми жетекші

психол. ғ. к., доцент м. а . Ж. Сейітнұр

Норма бақылаушы А. А. Лиясова

«Қорғауға жіберілді»

Хаттама № 2020 г.

кафедра меңгерушісі

З. Б. Мадалиева

психол. ғ. д., профессор

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 8

1 ҚЫТАЙДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ …… . . . 11

1. 1 Жүйелік тұғырнама психология тарихын зерттеудің теориялық негізі ретінде . . . 11

1. 2 Қытайдағы тарихи-психологиялық зерттеу моделі мен әдістері, дерек көздері . . . 17

2 ҚЫТАЙДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН САТЫЛАРЫ . . . . . . 26

2. 1 Қытайдағы психологияның қалыптасуы мен дамуының алғышарттары, негізгі ұғымдары мен кезеңденуі . . . 26

2. 1. 1 Жақын қытай психологиясы . . . 27

2. 1. 2 Қазіргі жана қытай психологиясын . . . 32

2. 2 Жана заманғы Қытайдағы психология ғылымының дамуы . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

ҚОСЫМШАЛАР . . . 87

ҚОСЫМША 1. Қытайдағы психологиялық ғылымдар бойынша библиографиялық көрсеткіш

ҚОСЫМША 2. Қытай ғылым академиясының психология институты

ҚОСЫМША 3 Қытай психологиялық қауымдастығы

ҚОСЫМША 4 Қытай психологиясының белгілі профессорлары

РЕФЕРАТ

Түйінді сөздер : Қытайдағы психология, Психология тарихы, Ғылымының дамуы.

Зерттеу нысаны :Қытай ойшылдары мен ғалымдарының психологиялық мұралары, психологиялық ғылыми мекемелер тарихы

Зерттеу пәні: Қытай психология ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы әр түрлі психологиялық идеялары, көзқарастары, концепциялар мен теориялар.

Жұмыстың мақсаты: Қытайдағы психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын анықтау және қазіргі кездегі психология ғылымына талдау жасау

Жұмыстың міндеттері:

1. Қытай психологиясының мәселелері туралы Қытай ойшылдарының қолжазба деректері мен тарихи мұрағат материалдарын зерттеу.

2. Қытайдағы ғылыми психологияның қалыптасу тарихын зерттеу.

3. Қытай психологиялық ой-пікірлеріне талдау жасау.

4. Қытай психология ғылымының қазіргі жай-күйі мен дамуын зерттеу.

Жұмыстың негізгі болжамы: қытай психологиясының пайда болуы, қалыптасуы мен дамуын зерттейтін тарих; Бұл ежелгі Қытайдың қазіргі заманға дейінгі тарихын ашып, айқындау, талдау және зерттеу. психологиялық ой-пікірі мен психология ғылымының даму фактілері, сипаттамалары және құрылымдық заңдылықтары зерттейтін сала.

Зерттеудің өзектілігі: Гуманитарлық білімдер саласы ретінде психология тарихы психикалық әлемді танып- білуде жаңа беттерді ашады, психологиялық білімдердің фактологиялық базасын кеңейтеді, оның әр түрлі кезеңдеріндегі дамуы туралы мағлұмат береді.

Зерттеудің әдістері :тарихи-психологиялық әдістері құрылымдық аналитикалық, салыстырмалық және генетикалық; фактологиялық материалдарды жинау және түсіндіру әдістері - тарихи қайта қалпына келтіру тақырыптық талдау, проблемологиялық талдау, өмірбаяндық әдіс, библиометриялық талдау;

РЕФЕРАТ

Ключевые слова: психология в Китае, история психологии, развитие науки.

Объект исследования: Психологическое наследие китайских мыслителей и ученых, история психологических исследовательских учреждений

Предмет исследования: различные психологические идеи, взгляды, концепции и теории в становлении и развитии китайской психологической науки.

Цель работы: определить историю становления и развития психологической науки в Китае и проанализировать современную психологическую науку.

Задания:

1. Изучение рукописей и исторических архивных материалов китайских мыслителей по проблемам китайской психологии

2. Изучить историю становления научной психологии в Китае.

3. Анализ китайских психологических взглядов.

4. Изучение современного состояния и развития китайской психологической науки.

Основная гипотеза работы : история возникновения, становления и развития китайской психологии; Это открытие, идентификация, анализ и изучение новейшей истории древнего Китая. Область исследования психологической мысли и фактов, особенности и структурные закономерности развития психологической науки.

Актуальность исследования: история психологии как области гуманитарных наук открывает новые страницы в изучении ментального мира, расширяет фактическую базу психологических знаний, предоставляет информацию о его развитии на разных этапах.

Методы исследования: историко-психологические исследования: аналитические, семантические и генетические; сбор фактических материалов и их характеристик - изучение исторической ценности, анализ проблем, анализ проблем, биографическая защита, библиометрический анализ;

ABSTRACT

Keywords: psychology in China, history of psychology, development of science.

Object of research : Psychological heritage of Chinese thinkers and scholars, history of psychological research institutions

Subject of research: various psychological ideas, views, concepts and theories in the formation and development of Chinese psychological science.

The purpose of the work: to determine the history of the establishment and development of psychological science in China and to analyze modern psychological science.

Tasks:

1. Study of manuscripts and historical archival materials of Chinese thinkers on the problems of Chinese psychology.

2. To study the history of the establishment of scientific psychology in China.

3. Analysis of Chinese psychological views.

4. Study of modern state and development of Chinese psychological science.

The main hypothesis of work: the history of awakening, formation and development of Chinese psychology; It is the discovery, identification, analysis and study of the latest history of ancient China. Area of ​​research of psychological thoughts and facts, peculiarities and structural regularities of development of psychological science.

Relevance of research: the history of psychology as a field of humanities opens new pages in the study of the mental world, expands the factual database of psychological knowledge, provides information about its development at different stages.

Research methods: historical and psychological research: analytical, semantic and genetic; collection of factual materials and their characteristics - the study of historical value, problem analysis, problem analysis, biographical defense, bibliometric analysis;

Кіріспе

Қазақстанмен тарихи көрші мемлекеттердегі психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, оның өткен тарихы, ғылыми жұртшылық тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудырады. Өйткені, өзге елдердегі психология ғылымының тарихын салыстырмалы қарастыру өзінің тарихи дамуыңа қажетті барлық оң, құнды материалдарды іріктеп пайдалануға және зерттеп сақтауға, құнттап қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жалпы психология тарихы бұл ғылымының өткені мен бүгінгі жай-күйіне объективті баға беріп, оның ары қарай қалай дамитынын болжауға мүмкіндік береді.

Қытайдағы психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын зерттеген кезде оның дамуына зор үлес қосқан жеке ғылымдардың еңбегіне, университеттер мен ғылыми мекемелердің рөліне тоқталамыз. Психологиялық білімдердің табысты дамуы оның тарихи алғышарттарын терең талдаусыз еш мүмкін емес, әсіресе алдыңғы ұрпақ өкілдерінің еңбектерін ескеру маңызды. Қытай психология тарихында оның дамуында үлкен рөл алатын ғалымдардың мұрасын зерттеу қажеттілігін ғылыми жұртшылық дұрыс түсінуі керек. Ғылымдағы оң дәстүрлер, тарихи сабақтастық (филиация) үзілмеуі тиіс.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс Қытайдағы психология ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеуге арналады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ойшылдардың, ғалымдардың психологиялық мұралары арнайы қарастырылады. Қытайлық психология тарихында өзіндік орын алатын ғұламалардың мұрасын жан жақты сипаттап қарастырған және осы заманғы Қытайдағы психология тарихын арнайы жүргізілген іргелі зерттеулер әзірге жеткіліксіз. Психология тарихына арналған оқулықтар мен оқу құралдарында Батыс ғалымдарының еңбектері мен көзқарасы енгенімен, көрші Қытайдағы тарихи мағұлматтар жеткілікті қамтылмаған. Мұның өзі Қытайдағы психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын арнайы тарихи- психологиялық зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.

Бұл жұмыста Қытайдағы психология тарихы тұңғыш рет жүйелік әдіснама тұрғысынан зерттелініп отыр және сыни талданылып әрі мүмкіндігінше толық баяндалды.

Зерттеу барысында Қытай психологтарының өмірбаяны, психология саласының қалыптасуының негізгі факторлары мен шарттары, қазіргі даму үрдістері қарастырылады. Ғалымның психология саласындағы зерттеу аспектілері мен өзекті мәселелерінің мән-мазмұны ашылып, оның осы ғылым саласына қосқан ғалымдар үлесі анықталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Гуманитарлық білімдер саласы ретінде психология тарихы психикалық әлемді танып- білуде жаңа беттерді ашады, психологиялық білімдердің фактологиялық базасын кеңейтеді, оның әр түрлі кезеңдеріндегі дамуы туралы мағлұмат береді. Бүгінде зерттеушілер психология тарихын зерттеудің түрлі нұсқаларын ұсынуда. Оны ғылыми бағыттар мен мектептердің тарихы ретінде немесе жеке елдер мен аймақтардағы психологияның қалыптасуы мен дамуын қарастыру (географиялық тұрғыда), көрнекті ғалымдардың сол ғылымға қосқан үлесін зерттеу (персоналдық тұрғыда), жеке бір тарихи кезеңдегі психологиялық ғылымдардың дамуы (хронологиялық бап-тәсіл), психологиялық орталықтар мен мекемелердегі ғылым жағдайын, психология ғылымының әр түрлі салаларының пайда болуы мен даму процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін салалық тұрғыдан, сондай- ақ, ғылымдағы жеке бір проблемаларды арнайы зерттеу, яғни интерналдық тұрғыдан келуге болады. Алайда біздің зерттеуіміз үшін георграфиялық тұрғыдан тұтас бір мемлекеттегі психология тарихын зерттеу маңызды.

Зерттеудің мақсаты - Қытайдағы психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын анықтау және қазіргі кездегі психология ғылымына талдау жасау

Зерттеу нысаны - Қытай ойшылдары мен ғалымдарының психологиялық мұралары, психологиялық ғылыми мекемелер тарихы

Зерттеу пәні - Қытай психология ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы әр түрлі психологиялық идеялары, көзқарастары, концепциялар мен теориялар.

Осы мақсат зерттеудің нақты міндеттерін анықтайды:

1. Қытай психологиясының мәселелері туралы Қытай ойшылдарының қолжазба деректері мен тарихи мұрағат материалдарын зерттеу.

2. Қытайдағы ғылыми психологияның қалыптасу тарихын зерттеу.

3. Қытай психологиялық ой-пікірлеріне талдау жасау.

4. Қытай психология ғылымының қазіргі жай-күйі мен дамуын зерттеу.

Бұл жұмыста сондай-ақ Қытай ғалымдарының еңбектері пайдаланылды: профессор Гау Жуефудың "Қытай психологиясының тарихы" жөніндегі еңбегі және "Қытайдың қазіргі заман психологиясы" Жаң Яошиаңның «Қытайдағы психология ғылымының дамуы» жөніндегі зерттеулері, психолог Жы Лирудың "Қытай жаңа заман психологиясының шығуы және дамуы" хақындағы еңбектеріжөніндегі зерттеулері ескірілді. Сонымен қатар, профессор Яан Гоцайдың "Қытайдағы психология ғылымының тарихына тән мұрағат материалдар жинағы" еңбегі қарастырылды…

Зерттеу әдістері.

Тарихи-психологиялық зерттеулер психологияның басқа салаларынан ерекшеленіп тұрады. Ең әуелі, мұнда тікелей тәжірибе, эксперимент жүргізу мүмкін емес. Келесі тарихи-психологиялық әдістер зерттеулерді жоспарлау пайдаланылды: тарихи-психологиялық (ұйымдастыру әдістері) әдістері құрылымдық аналитикалық, салыстырмалық (ғылым тарихындағы оқиғаларды синхронды-бисинхронды талдау) және генетикалық; фактологиялық материалдарды жинау және түсіндіру әдістері - тарихи қайта қалпына келтіру (реконструкция), іс-әрекет нәтижелерін талдау, тақырыптық талдау, проблемологиялық талдау, өмірбаяндық (автобиография) әдіс, библиометриялық талдау; тарихи аналогия, жарияланымдық әдіс, әңгімелесу, анкета, мұрағаттық зерттеулер.

Қорғауға ұсынылатын жағдайлар.

1. Қытайдағы ежелгі заман ойшылдарының психологиялық ой-пікірлері, «адам ең қасиетті ілім», «адам мен әлем», «мінез бен әдет» «ақыл мен әрекет», «тән мен жан", «объектив пен субъективтің» қатынасы жөніндегі ілімдері ретінде қалыптасады.

2. Батыс психологиясы Қытайдағы ғылыми психологияның дамуындағы қайнар көзі болып табылады.

3. Қытайдың қазіргі заман психологиясының дамуы жалпы әлемдік психологиялық тенденцияларды бейнелейді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы.

Жұмыстың теориялық маңызы Қытай психологиясының қазіргі жай-күйіне психологиялық талдау жасалды. Психология тарихындағы тарихи ғылыми білімдерді тереңдету көзделеді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы .

Жұмыста Егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан психологиясына беймәлім Қытай елінің ежелгі психологиялық ой-пікірлері, сонымен қатар Қытай еліндегі қазіргі заманғы психология ғылымының тарихына тән нақтылы мәліметтер көрсетіледі.

Бұл зерттеудің нәтижелерін «Жалпы психология», «Психология тарихы» пәндері бойынша оқытылатын дәрістік курстар мен, семинар сабақтарында әдістемелік шеберлігін ұштауға пайдасын тигізері сөзсіз.

Бұл зерттеу Қазақстан психологтарының Қытай Халық Республикасы психология ғылымының әлемдегі ой-пікірге қосқан үлесі туралы көзқарастарын кеңейтеді және Қытайдың психология саласындағы жетістіктермен таныстырады. Біздің зерттеуіміз Қытайдағы психологияны зерттеуге арналған, сөйтіп өзге де зерттеушілерге тәжірибе ретінде ұсынылады. Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Белгілі ғылыми талапқа сай әдіснамалық және қағидаларға негізделді, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеуде сенімді әдістемелерді қолдану, алынған нәтижелерді сапалы және тарихи тұрғыда талдап, қортындылау жұмыстың тұтастығын қамтамасыз етеді.

Зерттеу көздері.

Қытай еліндегі көрнекті ғалымдардың әр уақытта жарияланған психология, философия, педагогика және басқа да қоғамдық-гуманитарлық, рухани саладағы еңбектері, сондай-ақ тарихи мұрағат материалдары мен Пекин кітапханасындағы сирек кітаптар қорынан материалдар алынды. Зерттеуде Қытайдың психология тарихына қатысты еңбектер мен ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар талдауға алынды. Яғни, «Қытайдағы ежелгі заман психологиясының зерттеулері», «Қытай психология тарихының зерттеулері», «Қытай психологиясының тарихына қатысты мұрағат материалдар жинағы», сияқты әдеби шығармалар талдауға алынды.

Диплом құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан, сызба және кестеден тұрады.

1 ҚЫТАЙДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жұмыстың зерттеу бағыты қытайдағы психология ғылымының қалыптасуы және даму тарихын зерттеу. Қытайда ғылыми психологияның батыс психологиясы негізінде қалыптасқан тарихын аныктау.

Кіріспеде дипломдық тақырыбының өзектілігі мен зерттеу деңгейі, мақсаты, міндетті ғылыми жаңалығы қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер зерттеудің информациялық негізі, теориялық және практикалық маңызы, апробациядан өтуі жариялануы, зерттеудің нысанасы мен пәні, диплом құрылымы көрсетілген.

Қытай психологиясы тарихының зерттеу обьектісі.

қытай психологиясының тарихы - қытай психологиясының пайда болуы, қалыптасуы мен дамуын зерттейтін тарих; Бұл ежелгі Қытайдың қазіргі заманға дейінгі тарихын ашып, айқындау, талдау және зерттеу. психологиялық ой-пікірі мен психология ғылымның даму фактілері, сипаттамалары және құрылымдық заңдылықтары зерттейтін сала. Алайда психология ғылым ретінде Қытайда Батыс елдері тарапынан енгізілді. Батыс психологиясының енгізілуіне дейін Қытайда ғылыми психология болмаған, бірақ психологиялық ойлар болған. Біз «ата-бабаларды сынап, ата-бабаларды ұмыта алмаймыз». Психологиялық өмір практикасы мен теориясы Қытайдың даму тарихында ұзақ уақытқа созылған. Бір жағынан, біз немқұрайлылық танытпай, тарихи нигилизмнің қателіктерін құртып алмауымыз керек, екінші жағынан, ұлтшылдықтың қателіктеріне жол бермеу үшін осы психологиялық идеялардың теориялық деңгейін көтеруіміз керек. Біз осы екі жағымсыздыққа қарсы тұруымыз керек және тарихқа өзінің шынайы түстерін беруге тырысуымыз керек. Бұл әрине қиын. Біз тарихи деректерге сүйеніп, диалектикалық материализмді басшылыққа алуымыз керек. Бұл қателіктер жібермеуі немесе аз қате жіберуі мүмкін. [1]

Алдымен психология ғылымы мен психологиялық ой-пікірлердің шекаралары мен байланыстарына назар аудару керек . психология ғылымы бен Ежелгі Қытай философдар (ойшылдар) талқыланған психологиялық ой-піқірлер мен тең емес, 1929 жылы тоғызыншы халықаралық психология конференциясы Йель университетінде өтті. Атақты американдық психолог Дж. М. Картель Америка Құрама Штаттарында 1880 жылдарға дейін психология мен психологтар болмағанын айтты. Картель В. Вундттың ғылыми эксперименталды психологиясына негізделген психологияға сілтеме жасады және бұл стандартқа сәйкес келмейтін рухани философия немесе моральдық философия деп аталмайды.

Э. Г. Борингтің «Эксперименталды психологияның тарихы»[2] бойынша ғылыми психология 1860 жылдары пайда болды және ол Картельмен бірдей стандарттарға негізделді. Г. Т. Фечердің «Психофизика құрылымы»[3] 1860 жылы, Фонтедің 《Сенсорлық қабылдау теориясына қосқан үлесі》[4] 1862 жылы ғылыми психологияның бастауы болды деп саналады. Г. Т. Фечердің «Психофизика құрылымы» 1860 жылы, Фонтедің «Сенсорлық қабылдау теориясына қосқан үлесі» 1862 жылы ғылыми психологияның бастауы болды деп саналады.

Фонте 19 ғасырдағы еуропалық физиология эксперименттерінің ғылыми нәтижелерімен бірге британдық эмпирикалық философия дәстүрін қабылдады және ғылыми эксперименталды психологияны құрды. Қытайда Фанг Изи, Лю Чжи және Ван Цинреннің психикалық ағзалардың «ми теориясы»[5] болғанымен, оның мазмұны еуропалық физиологиялық психологиядағыдай бай болмады, сондықтан оның ғылымы өзекті болмады. Қытайлық ғылыми психологияның пайда болуы Чен Даки 1917 жылы Пекин университетінде Қытайдағы алғашқы психологиялық лабораторияны құрған кезде немесе 1918 жылы «Психологияның құрылымын»[6] шығармашылық шыққан кезде басталды

Жоғарыда айтылғандарға сүйенсек, қазіргі Қытай ғылыми психологиясы ежелгі психология ой-пікірлерден дамымаған . Ежелгі қытай психологиялық ой-пікірлер психологияға санамасада, олар психологиямен тығыз байланысты. Полиннің «Эксперименталды психология тарихы» Р. Декарт мен Дж. Локктың философиялық және психологиялық ойларын талқылайтын бірнеше тараудан тұрады, олар бұл ойлар эксперименталды психологияның қайнарларының бірі деп санайды. Ал Картелдің қателігі. Америка Құрама Штаттарында 1880 жылдарға дейін рухани философия мен моральдық философияға қатысты барлық жұмыстар психология ретінде қарастырылмады, сондықтан Р. Б. Эванс сынға алды. Эванс: 1880 жылдарға дейін АҚШ-тың психологиялық ойларын жоққа шығару, яғни Фонте Лейпциг лаборатория құрғанға дейін және Лондонда Ф. Галтон лабораторияны ашқанға дейін еуропалық психологиялық ойлардың жоқтығы . Ежелгі Қытай психологиясында көптеген ғылыми идеялар бар, олар қытай жеке ғылыми психология құруға көптеген пайдалы анықтамалық материалдарды ұсынады, тіпті егерде идеалды қате болса да, ол біздің түсінігімізді жақсарта алады. Ғылыми психологияның құрылуының да анықтамалық маңызы бар.

Қытай философия негізгі идиялар

Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі (дао цзя) .

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б. ж. с. д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар - тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Қытай
Сәулет өнеріндегі модерн стилі
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы
Түргеш қағанаты туралы мағлұмат
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Архитектурадағы модерн стилі
Түргеш қағанаты туралы
Қытай жазба деректерінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz