Психологиялық стресстің формуласы


РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс: 81 бет, 14 сурет, 14 кесте, 8 қосымша, 64 әдебиеттен тұрады.
Кілттік сөздер: жастар, стресс, стресс-менеджмент, этнопсихология.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі жастардың стресс- менеджментінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеу.
Зерттеу жұмысының объектісі: заманауи жастардың стресс менеджментінің ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының пәні: стресс-менеджменттің этнопсихологиялық ерекшеліктері.
Зертеудің міндеттері:
- Психологиядағы заманауи стрессті теориялық зерттеу.
- Қазіргі жаңа психологиядағы стресс-менеджменті зерттеу.
- Қазіргі жастар дамуындағы этнопсихологиялық ерекшеліктерді теориялық зерттеу.
- Ерекше әлеуметтік статусқа ие медперсоналдардың стресстік деңгейін төмендететін стресс-менеджмент бағдарламасын жасап, психологиялық көмек беру.
- Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және интерпретациялау.
Зерттеу жұмысының әдістемелері:
- 15-сұрақтық авторлық анкета
- "Мен кіммін?" әдістемесі (М. Кун және Т. Макпартленд)
- Этностық тиістілікке байланысты сезімдерді экспресс-бағалау шкаласы (Н. М. Лебедева)
- «Әлеуметтік қорғау қорының кеңесшілері үшін кәсіби күйзелісті диагностикалау» әдістемесі (Н. Е. Водопьянова бейімдеген)
- Стреске төзімділікке тест (Щербатых Ю. В )
- Сауалнама"Сіздің стреске төзімділігіңіз қандай?"(Ф. Т. Готвальд, В. Ховальд) .
- Тренинг
Зерттеу нәтижесі: Стресс - бұл ағзадағы ең күшті шиеленіс, сонымен қатар соматикалық және психологиялық көптеген аурулардың себебі болып келеді. Стресске көп ұшырайтын топтардың бірі-жастар. Жастар көптеген өтпелі кезеңмен, өмірдегі айқын өзгерістермен көп кездеседі. Қазіргі адам үшін стрессті басқару, стресс-менеджмент технологияларын игеру оның тиімді қызметі үшін маңызды шарт болып табылады. Стресс-менеджменттің негізгі мақсаты - адамдарға тиімділігін сақтауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу. Ұлттық ерекшелік тұлғада әлеуметтік тәрбие арқылы берілетінін біле отыра, әр ұлттың стресске төзімділігі және басқара алуы ерекше екені айқын. Стресске ұлттық фактор әсер ететінін зерттеп, арнайы стресс-менеджмент ұйымдастырылды. Екі ұлтқа да әсер еткенімен, қазақ халқына жақсырақ әсер еткені анықталды.
РЕФЕРАТ
Дипломная работа: состоит из 81 страниц, 14 рисунков, 14 таблиц, 8 приложений, 64 литератур.
Ключевые слова: молодежь, стресс, стресс-менеджмент, этнопсихология.
Цель исследования: теоретическое и экспериментальное исследование этнопсихологических особенностей стресс-менеджмента у современной молодежи.
Объект исследования: особенности стресс-менеджмента у современной молодежи.
Предмет исследования: этнопсихологические особенности стресс-менеджмента
Задачи исследования:
1. Теоретическое исследование современного стресса в психологии.
2. Исследование стресс-менеджмента в современной психологии.
3. Теоретическое исследование этнопсихологических особенностей развития современной молодежи.
4. Разработать программу стресс-менеджмента, которая снижает стрессовый уровень медперсоналов, имеющих особый социальный статус, и оказать психологическую помощь.
5. Подводить итоги и интерпретация результатов исследования.
Использованные при исследовании методики:
- Авторская анкета
- Методика «Кто я?» (М. Кун и Т. Макпартленд)
- Шкала экспресс-оценки чувств, связанных с этнической принадлежностью (Н. М. Лебедева)
- Методика «Диагностика профессионального выгорания для консультантов фонда социальной защиты» (в адаптации Н. Е. Водопьяновой)
- Тест на стрессоустойчивость[43] Щербатых Ю. В
- Какова ваша устойчивость к стрессу? (Ф. Т. Готвальд, В. Ховальд) .
- Тренинг
Результат исследование: Стресс- это самая сильная напряженность в организме, а также причина многих заболеваний, таких как соматические и психологические. Одной из самых стрессовых групп является молодежь. Молодые люди часто проходят через многочисленные переходы, очевидные изменения в жизни. Для современного человека развитие стресс-менеджмента, технологий стресс-менеджмента является важным условием его эффективного функционирования. Основная цель управления стрессом - помочь людям поддерживать эффективность и обеспечивать безопасность. Очевидно, что каждая нация уникальна в своей способности противостоять стрессу и управлению, зная, что национальная идентичность передается через социальное воспитание. Изучив, что на стресс влияет национальный фактор, был организован специальный стресс-менеджмент. Но, несмотря на влияние на обе нации, выяснилось, что лучше повлияло на казахский народ.
ABSTRACT
Diploma work: consists of 81 pages, 14 pictures, 14 tables, 8 applications, 64 literatures.
Key words: youth, stress, stress-management, ethnopsychology.
Purpose of the research: theoretical and experimental research of ethnopsychological features of stress management in modern youth.
Object of the research: features of stress management in modern youth.
Subject of research: ethno-psychological peculiarities of stress management.
Tasks of the research:
1. Theoretical study of modern stress in psychology.
2. A study of stress management in modern psychology.
3. Theoretical research of ethnopsychological features of modern youth development.
4. Develop a stress management program that reduces the stress level of medical personnel who have a special social status, and provide psychological assistance.
5. Summarizing and interpreting research results.
The methods used in the research:
Methods:
1. Author's questionnaire
2. Methodology "Who am I?" (M. Coon and T. MacPartland)
3. The scale of rapid assessment of feelings associated with ethnicity (N. M. Lebedeva)
4. Methodology “Diagnosis of professional burnout for consultants of the social protection fund” (as adapted by N. E. Vodopyanova)
5. Test for stress resistance [43] Shcherbatykh Yu. V
6. What is your resistance to stress? (F. T. Gottwald, W. Hovald) .
7. Training
Research Result: Stress is the most intense tension in the body, as well as the cause of many diseases, such as somatic and psychological. One of the most stressful groups is youth. Young people often go through numerous transitions, obvious changes in life. For a modern person, the development of stress management, stress management technologies is an important condition for its effective functioning. The main goal of stress management is to help people maintain efficiency and ensure safety. It is obvious that each nation is unique in its ability to withstand stress and management, knowing that national identity is transmitted through social education. Having studied that the national factor influences stress, a special stress management was organized. But, despite the influence on both nations, it turned out that it had a better effect on the Kazakh people.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДАҒЫ СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 9
- Қазіргі заманауи жастардың психологиялық ерекшеліктері . . . 9Нарық жағдайындағы қазіргі жастардың стресстік күйлері . . . 13
- Психологиядағы заманауи стрессті теориялық зерттеулер . . . 16Қазіргі жаңа психологиядағы стресс менеджменті . . . 19Практикалық психологиядағы және психотерапиядағы стресс менеджменті . . . 26
- Тұлғаның дамуындағы этнопсихологиялық ерекшеліктер . . . 31
1-тарау бойынша қорытынды . . . 38
- ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДАҒЫ СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . . 39Эксперименттің зерттеу мақсаты және міндеттері, гипотезалары . . . 39Эксперименттік зерттеу әдістері мен әдістемелерін талдау . . . 39Эксперименттік зерттеудің таңдау көлеміне сипаттама . . . 44Зерттеудің жүру барысы мен зерттеу нәтижелерін талдау . . . 44Зерттеуден алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу . . . 46Эксперименттік зерттеу нәтижелерін қорытындылау . . . 60
2-тарау бойынша қорытынды . . . 62
ҰСЫНЫС . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
ҚОСЫМША . . . 71
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Бүгінгі жaстар - келе жатқан болaшақтың айнасы. Қaзіргі басшылықта отырған aға буынның орнын бaсар, ізін жaлғастырушы aртында өсіп келе жатқан жас тұлғалар екені даусыз мәлім. Еліміздің және бүткіл әлемнің дaмуы мен болашағы жaстарға тікелей бaйланысты екенін де түсініп отырмыз.
Сондықтан да, қазіргі таңда заманауи жастардың біліміне, жұмыспен қамтамасыз етілуіне баса назар аударылу үстінде екені де бізге мәлім. Біздің тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2019 жылын «Жастар жылы» деп жариялады. Жастарды жұмыспен қамту еліміздегі басты назар аударатын мәселе екені белгілі. Осы мәселеге байланысты елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту» және т. б. бағдарламалары қолға алынып, еліміздің барлық жерінде жүзеге асырылып жатыр. [1]
Жастарды барлық мемлекет бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Осыған байланысты қазіргі таңда бәсекелістік артуда, бірақ әр құбылыстың оңы мен терісі болатындай, бұл құбылыс жастардың күнделікті өмірінде стрессті арттыруда.
Қазіргі заман талабы күннен күнге арту үстінде, көптеген мекемелер жаңа қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде тәжіриебені талап етеді. Яғни қазіргі жас буын жақсы ақылы қызметкер болуы үшін, университет қабырғасынан бастап қызмет етіп, тәжіриебе жинап бастауы керек. Ал бұл өз кезегінде стрессті, сонымен қоса жұмыссыздық деңгейін арттыруда деп айтуға келеді.
Технология дами келе интернет өмірдің басты объектісіне айналды. Әр секундта интернет жаңа ақпаратпен қамтылады, соған орай жастар өз ортамынан қалмау үшін ақпараттармен күнде танысып отыру керек. Интернет және технология жұмыс жасау механизмін жеңілдеткенімен, жаңа ақпартты білу талабы өсті. Бұл заманауи жастарда стресс деңгейін арттырып отыр. Күнделікті жаңа нәрселерге бейімделу стрессті туындатып жатқандықтан, шет ел ғалымдары стресс менеджментке баса назар аударған болатын. Біздің Қазақстан мемлекетіне стресс менеджмент мәселесі әлі күнге дейін толық таныс емес екені бізге мәлім. Сондықтан да біздің жұмыс Қазақстан жастарының стресс деңгейін өлшеп, оны басқаруды үйрету арқылы өзекті деп санаймыз. Стресс қызметкердің эмоционалдық, физикалық және зияткерлік жағдайына әсер ете отырып, жұмыс тиімділігін едәуір төмендетеді. Тұрақты шамадан тыс жүктемелер созылмалы шаршау жағдайын тудырады, ол жұмысқа деген қызығушылықты жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі жастардың стресс- менеджментінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін теориялық және эксперименттік зерттеу.
Зертеудің міндеттері:
- Психологиядағы заманауи стрессті теориялық зерттеу.
- Қазіргі жаңа психологиядағы стресс-менеджменті зерттеу.
- Қазіргі жастар дамуындағы этнопсихологиялық ерекшеліктерді теориялық зерттеу.
- Ерекше әлеуметтік статусқа ие медперсоналдардың стресстік деңгейін төмендететін стресс-менеджмент бағдарламасын жасап, психологиялық көмек беру.
- Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және интерпретациялау.
Зерттеу жұмысының объектісі: заманауи жастардың стресс менеджментінің ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының пәні: стресс-менеджменттің этнопсихологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының гипотезасы:
Негізгі гипотеза: Қазіргі «күрделі» ортада қызмет ететін жас медперсоналдардың стресстік күйлерін азайтатын арнайы ұйымдастырылған стресс-менеджменті олардың этнопсихологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Жеке гипотезалар:
- Арнайы ауруханада (онкология) жұмыс істейтін жас медперсоналдардың стресстік күйлері поликлиникада, реабилитациялық орталықта қызмет ететін медперсоналдардың стрессіне қарағанда жоғары болады.
- Арнайы ауруханадағы жұмыс істейтін жас медперсоналдарға стресс-менеджмент өз деңгейінде ұйымдастырылса, онда олардың стресстік күйлері төмендейді.
- Жас медперсоналдарға ұйымдастырылған стресс-менеджмент олардың этностық стереотиптерімен, этностық саналарымен тікелей байланысты.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- Нил Хоу мен Уильям Страусс ұрпақтарының теориясы, Дон Тэпскоттың желілік ұрпақ теориясы, Марк Пренскийдің цифрлық тумалар мен цифрлық мигранттар теориясы талқыланды.
- Г. Селе енгізген стресс теориясы, В. Франкльдің «жұмыссыздықтың неврозы», Л. Пельцманның жұмыссыздық психологиялық жағдай 4 фазасы қаралды.
- Ф. З. Мейерсон, А. В. Валдман, Р. Лазарус, Т. Сох, П. Д. Горизонтова және Б. М. Федоровтың стресске теориялық зерттеулері қарастырылды.
- Стресс-менеджменттің қиындықтары талқыланып, заманауи стресс- менеджменттінің ерекшеліктері мен техникалары көрсетілді.
- Стресс-менеджмент пен психотерапияда қолданылатын релаксация әдісі, оның ішінде Джейкобсон ұсынған әдісі теорияда талқыланды.
- Тұлғаның дамуындағы этностық ерекшеліктер қаралды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Мен жүргізген эксперименттік зерттеу жұмысын, тренингтік бағдарламаны болашақта еліміздегі медперсоналдарға және басқа да саладағы жас мамандарға, олардың стресс деңгейін зерттегенде және стресс-менеджмент жүргізерде этнопсихологиялық ерекшеліктердің әсерін анықтап, дәлелдеуде пайдалануға болады. Стресс-менеджменттің этнопсихологиялық ерекшеліктерін теориялық-эксперименттік зерттеулер нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында практикалық курстарда пайдалануға және басқа да осы тақырыптағы ғылыми зерттеулерде әдебиет ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстандағы жастардың, оның ішінде медперсоналдардың стресс-менеджменттің этнопсихологиялық әсерін зерттеп, олардың ерекшеліктерін талдау елімізде бірінші рет зерттелді. Бұған дейін еліміздегі ғылыми жұмыстарда бұндай тақырыптар талқыланбаған, зерттеу жұмыстары жасалмаған еді. Қазіргі таңда стрессті басқару мәселесі өзекті болуда, онымен қоса Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін ескере отыра, жұмыста этнопсихологиялық аспект те қамтылды. Этностар арасында өзбек пен қазақ халқын стресс бойынша салыстыру да бұл жұмысқа де»н жүргізілмеген.
1 ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1. 1. Қазіргі заманауи жастардың психологиялық ерекшеліктері
Жастардың әлеуметтік-психологиялық зерттеулері көптеген зерттеушілердің проблемалық алаңы болып табылады. Өйткені белсенді әлеуметтік топ қоғамның негізгі қарама-қайшылықтары мен даму бағыттарын көрсетеді. Интернеттің дамуы техникалық және технологиялық инновацияларды белсенді қолданушы жастарға деген қызығушылықты арттырды. Әлеуметтік қатынастардағы, психикадағы, әсіресе әр түрлі жастағы адамдардың өзара әрекеттесуіндегі өзгерістерді түсіндіретін теориялар пайда болды. Ең қызықты еңбектерге Нил Хоу мен Уильям Страусс ұрпақтарының теориясы, Дон Тапкоттың желілік ұрпақ теориясы, Марк Пренскийдің цифрлық тумалар мен цифрлық мигранттар теориясын жатқызамыз. Толығырақ қарастыратын болсақ, ұрпақ теориясын 1991 жылы американдық ғалымдар Нил Хов және Уильям Страусс [2] жасаған болатын. Зерттеушілердің пікірінше "ұрпақ" және "ұрпақтар қақтығысы" ұғымдары жас ерекшеліктерімен байланысты емес, ол әрбір буынның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен байланысты тікелей орталық болып табылады.
Теория авторлары ХХ ғасырға назар аудара отырып, бүкіл Америка Құрама Штаттарының тарихын талдап, адамдардың көпшілігі белгілі бір кезеңдер арқылы бөлінетінін анықтады. Мұндай кезеңдерді «әлеуметтік буындар» деп атады. [3] Әлеуметтік буын - бұл бір туылған адамдардың жиынтығы бар жиырма жылдық кезең және үш жалпы критерий арқылы тұрады: жас ерекшелігі сол тарихи оқиғалардың тәжірибесін білдіретін тарих, жалпыға ортақ жалпы сенім мен мінез-құлық, сезім үлгілері осы буынға қатысты болу. [3]
Саяси және экономикалық дағдарыстардың әсері мәдени және қоғамдық дағдарыстар тудырды десек те болады, яғни ата-аналардың "миллениумдарды" ("миллениум" -қазіргі ұрпақты сипаттайтын термин) қандай да бір қауіптерден қорғау ниетін күшейте түсті. Бұл қазіргі жастардың кешігіп өсуіне және ата-ана бақылауынан бас тартуға дайын еместігіне алып келді. Ал осындай жағдайлар жаңа өмір бастауда үлкен стресспен қауыштырады. [4]
Қазіргі заманауи жастар құндылықтары жүйесіндегі орталық құндылықтарға мыналарды жатқызамыз: «еркіндік», «шығармашылық», «ойын-сауық» және т. б. . "Миллениумдарда" әр әрекеттінде сыйақы болу керек деген түсінік қалыптасқан. Айта кету керек, қазіргі әлемде өзін-өзі көрсетудің көптеген мүмкіндіктері, әрбір «миллениумдардың» өзін ерекше сезіне бастауына алып келді. [5] Осы себепке байланысты, олар басқалармен, соның ішінде жұмыс берушілермен, қарым-қатынаста ымыраға келуге қиналады. Мысалы, аз жалақы төленетін жұмысқа қанағаттанғысы келмейді және одан да көп нәрсеге лайықпын деп санайды. "Миллениумдар" психикалық дамудың жоғары деңгейі мен қарқынын көрсетеді, бірақ бейімделудің төмен қабілеттерімен ерекшеленеді. Олардың әлеуметтік интеллектінің сипаттамалары бұрынғы ұрпақтарынан айтарлықтай ерекшеленеді. [6] "Миллениумдардың" компьютерлік ойындарға тәуелділігін да атап өткен жөн. Әдетте, мұндай ойындар желілік құрылымға ие, әр іс-әрекеттері сыйақыға немесе жазалауға әкеледі. Олар ойын механизмдерін нақты өмірге ауыстырады, сондықтан олардың мінез-құлқында нақты нұсқауларсыз және бақылаусыз әрекет ете алмау, айқын пайдасыз бірдеңе істеуді қаламау, нақты нәтижеге емес, іс - әрекет процесіне, егер бірдеңе алынбаса шегінуге бейімділік сияқты үрдістер байқалуы мүмкін. Қазіргі жастар компьютерлік технологиялардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы, оларды қазіргі заманғы техникаға тәуелді етті. Қол жетімді және құрылымдалған ақпараттың көп санына тұрақты қол жеткізу "миллениумға" өз кезегінде ойламауға және талдамауға мүмкіндік береді, ол күрделі ақпаратты үлкен көлемде қабылдауға қабілетсіздікке әкелуі мүмкін. "Миллениум" үшін қарапайым арналар: суреттер, фильмдер, аудиофайлдар арқылы ақпарат алу ықыласы тән. [15] Технологиялардың дамуы интернет пен интернет- ортаның дамуына алып келді дей аламыз. "Миллениумдардың" көптеген әлеуметтік байланыстары виртуалды өмірге көшті [6] . Интернет- қарым-қатынасы қол жетімді болып табылады, қосымша күш-жігерді талап етпейді, сондықтан қазіргі таңда шынайы қарым-қатынастан көрі жиі қолданыста. Әлеуметтік желілердегі өзара іс-қимылдың белгілі бір тетіктеріне, ұстанымдарына үйренген жастар, бейсаналы түрде оларды шын өмірдегі қатынасқа көшіре алады, бұл, әрине, әлеуметтік өзара қарым-қатынас сапасына әсер етеді. Кейіннен "миллениумда" жеке шынайы көзбе-көз қарым-қатынастан қорқу, нақты адамдармен қарым-қатынас жасау қиындықтары дами түсті. Мұндай жағдай дихотомиялық қайшылыққа әкеледі: "миллениумдар" тұрақты қарым-қатынасты қажет етеді, бірақ қарым-қатынас жасай алмайды, өз ойын жеткізуге, нақты өмірде адамдармен қарым-қатынас жасаудан қиналады. Бұл кейбір психикалық функциялардың бұзылуына, психикалық көңіл-күйінің нашарлауына және басқалармен өзара іс-қимылдағы қиындықтарға себеп болуы мүмкін.
Жастарды желілік ақпараттық-коммуникативтік қоғам контексінде зерттеу - бұл әлеуметтік психологиядағы салыстырмалы ең өзекті бағыт. 2001 жылы Марк Пренскийдің мақаласы жарық көрді, онда ол мыңжылдық ұрпағының технологиямен - цифрлық тумалар - Digital Natives - пен өзара әрекеттесуі арқылы тағы бір анықтама береді. [7]
Интернеттің жастардың психикасына әсері туралы сөз еткен алғашқы ғалымдар Дон Тэпскотт пен бағана айтып кеткен Марк Пренски болды. Дон Тэпскотт әлеуметтік ғылымдарға "желілік ұрпақ" - "NЕТ - Generation" немесе "N-Generation"деген ұғымды енгізді. [8] 1990-ші жылдардың аяғында оның "Сандық дәуірдегі өсу: желілік ұрпақтың пайда болуы" еңбегі пайда болды. Еңбегінде сол кезде 20 жасқа дейінгі АҚШ халқының 30%- ға жуығын құрайтын желілік буынның негізгі әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері негізделген. Осы буын өкілдері, N-Geners, бейне ойындар мен жаңа бағдарламалық жасақтаманы интуитивті түрде түсінеді, интернет желісіне оңай бағдарланады. 1993 жылы 7-10 жастағы өз балаларын бақылап, олар электрондық поштаны оңай түсінетіндеріне және желіден қажетті ақпаратты таба алатындығына таң қалды. Кейін Тэпскотт балаларының құрдастары да дәл солай істейтінін білді және бұл «парадигмалардың ауысуы» деп атаған әлеуметтік-психологиялық өзгерістердің белгісі екенін түсінді[2] . «Сандық дәуірдегі өсу: желілік ұрпақтың пайда болуы» кітабы жаңа технологияларды қолданатын жастардың ең жағымды бейнесін ұсынды. Кітаптың кейбір тақырыптары бұған дейін желідегі көптеген форумдарда және арнайы құрылған сайтта талқыланған болатын, оны 1990 жылдардың аяғында гуманитарлық және технологиялық инновация деп санауға болады. Зерттеу аясы Тэпскоттқа ғылыми және қолданбалы әдебиеттерде әлі сипатталмаған «желі» буынының белгілі бір сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берді[11] .
Ол жастарды тек техникалық жағынан емес, шығармашылық жағынан да дарынды деп сипаттайды, өйткені осы білім мен дағдылардың үйлесімі оларға өздерінің өзіндік бірегей интернет-өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Олар ақпараттың үлкен көлеміне де, оны алу жылдамдығына да үйренген деп санады. Жаңа ұрпақ алаяқтықты тез түсінеді, сұхбаттасып отырған адамнан адалдық пен әдептілікті күтеді, цензураға өте жағымсыз қарайды, әзілдерді жақсы көреді, жаңашылдық пен ынтымақтастықты қалайды. Сонымен қатар, Тэпскотт алдынғы буындарға қарағанда жастардың сауатты және жаңа технологияларды қолдануда тәжірибесі мол екенін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz