Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығын зеттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс: 61бет, 5 сурет, 11 кесте, 69 әдебиет, 5 қосымша

Кілттік сөздер: тұлға, рухани даму, эмоция, ерік

Зерттеудің мақсаты: Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығын зеттеу.

Зерттеу объектісі: Психолог - студенттердің эмоция мен ерік сферасы.

Зерттеу пәні: Жоғары оқу орны студенттерінің эмоция мен ерік сферасы өзін-өзі маңыздандыруының шарты.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығына теориялық талдау жасау;
  2. Тұлғаның рухани дамуына әсер етуші факторларды анықтау;
  3. Эмоция мен тұлғаның рухани дамуының арасында теориялық және практикалық байланыс орнату;
  4. Ерік пен тұлғаның рухани даму құрылымындағы байланысты анықтау;
  5. Эмоция мен ерікті басқара алу қабілетін анықтау;
  6. Тұлғаның өзіндік маңыздандыруына эмоция және еріктің әсерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының әдістемелері:

  1. Тұлғаның өзіндік маңыздандыру диагностикасы (А. В. Лазуркин, бейімдеген Н. Ф. Калин) ;
  2. «Өзін-өзі басқару қабілеті» сауалнамасы (Н. М. Пейсахов) ;
  3. «Ерік күшін бағалау» әдістемесі (Р. С. Немов, бейімдеген Я. М. Маркин) ;
  4. Тұлға бағыттылығын анықтау әдістемесі (Б. Басс) ;
  5. «Эмпатияға қабілеттілік диагностикасы» сауалнамасы (А. Мехрабиэн және Н. Эпштейн) .

Қорытынды: Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығына теориялық талдау жасалды. Тұлғаның рухани дамуына әсер етуші факторларды анықталды. Эмоция мен тұлғаның рухани дамуының арасында және ерік пен тұлғаның рухани даму құрылымындағы теориялық және практикалық байланыс анықталды. Тұлғаның өзіндік маңыздандыруына эмоция және еріктің әсерін зерттеліп статистикалық түзу корреляция алынды.

РЕФЕРАТ

Дипломнaя работа: 61стрaниц, 5 рисунков, 11 тaблиц, 69 литературы, 5 приложении.

Ключевые словa: личность, духовное развитие, эмоции, воля

Цель исследoвaния: изучить психологическую значимость эмоций и воли в духовном развитии личности.

Объект исследования: Эмоциональная и волевая сферапсихолог-студентов.

Предмет исследова: Эмоциональная и волевая сфера студентов вуза как условия для самоактуализацию.

Задачи исследования:

  1. Теоретический анализ психологического значения эмоций и воли в духовном развитии человека;
  2. Выявить факторы, влияющие на духовное развитие человека;
  3. Установить теоретическую и практическую связь между эмоциями и духовным развитием человека;
  4. Определить связь между волей и структурой духовного развития личности;
  5. Определение способности контролировать эмоции и волю;
  6. Изучить влияние эмоций и воли на самоактуализацию.

Методики исследования:

  1. Диагностика самоактуализация личности (А. В. Лазуркин, адаптированный Н. Ф. Калиным) ;
  2. Анкета «Способность к самоуправлению» (Н. М. Пейсахов) ;
  3. Методика «Оценка силы воли» (Р. С. Немов, адаптированный Ю. М. Маркиным) ;
  4. Методика определения личностный ориентации (Б. Басс) ;
  5. Анкета «Диагностика спасобность к эмпатии» (А. Мехрабиэн и Н. Эпштейн) .

Вывод: Проведен теоретический анализ психологической значимости эмоций и воли в духовном развитии личности. Выявлены факторы, влияющие на духовное развитие личности. Определены теоретические и практические связи между эмоциональностью и духовным развитием личности и в структуре воли и духовного развития личности. Изучено влияние эмоций и воли на самочувствие личности, получена статистическая прямая корреляция.

ABSTRACT

Diploma work: 61pages, 5 figures, 11 tables, 69 references, 5 appendices

Keywords: personality, spiritual development, emotions, will

Purpose of the research: to study the psychological significance of emotions and will in the spiritual development of the individual.

Object of research: Psychology-students' sphere of emotions and will.

The subject of research: The condition of self-importance of the sphere of emotions and will of university students.

Tasks of the research:

  1. Theoretical analysis of the psychological significance of emotions and will in the spiritual development of the person;
  2. Identify the factors that affect the spiritual development of the person;
  3. Establish a theoretical and practical connection between emotions and the spiritual development of the person;
  4. To determine the relationship between the will and the structure of the spiritual development of the person;
  5. Determining the ability to control emotions and will;
  6. To study the effect of emotions and will on self-esteem.

The methods used in the research:

  1. Diagnosis of self-identification (A. V. Lazurkin, adapted N. F. Kalin) ;
  2. Questionnaire "Self-management ability" (N. M. Peysakhov) ;
  3. Methods "Assessment of willpower" (R. S. Nemov, adapted by J. M. Markin) ;
  4. Methods of determining the orientation of the person (B. Bass) ;
  5. Questionnaire "Diagnosis of empathy" (A. Mehrabien and N. Epstein) .

Conclusion: A theoretical analysis of the psychological significance of emotions and will in the spiritual development of the individual. Identified factors affecting the spiritual development of the individual. Certain theoretical and practical connections between emotionality and spiritual development of a person and the level of will and spiritual development of a person. The influence of emotions and will on the well-being of a person is studied, and a statistical direct correlation is obtained.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1. ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯ МЕН ЕРІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 10

1. 1 Рухани даму. Қоғам бірлігі - тұлғаның саналық жаңғыруы . . . 10

1. 2 Эмоциялық интеллект пен рухани дамудың қандай байланысы бар? . . . 14

1. 3 Эмоция - бірінші әмбебаб тіл . . . 18

1. 4 Мықты ерік-жігер - рухани шарты . . . 26

Бірінші бөлім бойынша қорытынды . . . 35

2. ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯ МЕН ЕРІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . . 38

2. 1 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы және таңдау тобына сипаттама . . . 38

2. 2 Зерттеудің әдістемелеріне сипаттама . . . 38

2. 3 Зерттеудің жүру барысы . . . 45

2. 4 Зерттеу қорытындысы және талдау . . . 46

2. 5 Зерттеу нәтижесіне қатысты ұсыныстар . . . 54

Екінші бөлім бойынша қорытынды . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Адамның рухани өмірінде эмоция мен еріктің маңыздылығын тікелей анықтау жалпы бұл мәселенің философиялық-әлеуметтік тұрғыдан аз зерттелгені назар аудартады. Эмоция мен ерік туралы адекватты түсінік адам тәрбиесімен байланысты практикалық сұрақтардың шешімін табуға ғана емес, оның табиғатын тануға жол ашады. Эмоция мен еріктің адам өміріндегі маңыздылығын зерттеу, олардың тек органикалық ағза функцияларының жұмысы үшін ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамның толық қанды тұлғасы ретінде дамуындағы өмір сүру жағдайы, атқаратын іс-әрекеті, қарым-қатынас деңгейі тұрғысынан маңызды рөлге ие.

Алайда, эмоция мен ерікті ғылыми зерттеу тұлғаның даму мен тәрбиесіне қатысты практикалық мәселелердің шешімін табуында жеткіліксіз. Эмоция мен ерікті тереңдетілген тұрғыда зерттеу қажеттілігі бүгінгі таңда адам өмір сүретін қоғамның ақпараттық жылдамдығы, адамдар арасындағы бәсекелестік, нарықтық ережелерге бағынышты өмір сүру деңгейі адам бойындағы асыл қаситтердің дамуына тосқауыл болуда. Адамның адамгершілікті қасиеттерінсіз, ақыл-парсат пен сана-сезімнің мәні өлшенбейді, өмір сапасы рухани құлдырайды. Сондықтанда мәңгілік елдің болашағы үшін саналы ұрпақ тәрбиесін мұрат етіп, рухани жаңғыруды жүзеге асыру аса көреген саясат деп білеміз.

Тұлға дамуында эмоция мен ерікті теориялық зерттеулеріне бұған дейін С. Л. Рубинштейннің шағылыстар теориясы, П. В. Симоновтың эмоцияның ақпараттық теориясы, С. Шехтердің когнитивті-физиологиялық концепциясы, И. П. Павловтың эмоцияның реттеуші рөлін экспериметтік зерттеулері негіз болды. Ерік концепциясы Д. Н. Узнадзенің ішкі бағдарлар теориясында адамның саналы белсенділік формаласынан бейсаналық формаға дейінгі байланысын қарастырады.

Алайда эмоция мен ерік мәселесі өзектілігіне қарамастан, аз зерттелген. П. К. Анохиннің пікірінше эмоция туралы нақты, анықталған ортақ пікір жоқ. Сондықтанда адам өмірінде оның маңызы дұрыс қалыптаспаған. Әсіресе, тұлғаның рухани дамуына көңіл бөлініп жатқанда, өзін-өзі тану, анықтау мен маңыздандыру тұрғысынан жеке психологиялық зерттеулерді қажет етеді. Ғалымдар эмоция мен еріктің тұлға дамуы мен тәрбиесіндегі рөлінің анықталмағанына баса назар аударуда. Л. П. Буев: «Тұлға дамуының тәрбиесіне комплексті қарау, оның интеллектуалды, эмоциялық-еріктік сферасының үйлесімділігін қажет етеді».

Зерттеудің жұмысының өзектілігі. Кемелденген қоғамның практика-сы қазіргі ғылымның алдына материалдық және рухани өмірдің қарама-қайшылығымен, ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманғы жаһандық өзгерістер жағдайында жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландырумен байланысты бірқатар мәселелерді қояды. Саналы адамды қалыптастыруда оның рухани дамуы негізгі буындардың бірі болып табылады. Тұлғаның рухани дамуы оның эмоциялық және ерік сферасын қамти отырып, сананы жаңғыртуға жол ашады. Бұл тақырып тек психологиялық маңыздылыққа ғана емес, қоғамның алға жылжуында, бәсекеге қабілетті, саналы, білімді ұрпақ тәрбиесі үшінде мемлекеттік және ұлттық деңгейде бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Оған елбасы Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа жолдамасы негіз бола алады. Бұл бағдарламада ерекше аталынып өткен тақырып, тұғаның рухани дамуын ең бірінші сананы өзгертуден, оны жаңашылдыққа икемді етуден бастау қажеттігі туралы айтылған. Біз тұлға санасын түсіндіруде психологиялық тұрғыдан, оның жеке функцияларын қарастыру арқылы зерттеп көрмекпіз. Соның ішінде, тұтас тұлғаның бөлінбес бөлшегі ретінде эмоция мен еріктің дамуын, оның адам өмірі мен рухани дүниесіне әсерін теориялық-ғылыми ақпарат көздерімен және практикалық әдістермен зерттеп көрмекпіз.

Зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес, тұлға, рухани даму және эмоция мен ерік түсініктеріне теориялық талдау жасалынады. Нақты қарастырылатын мәселелердің шеңберінде ғалымдардың бұған дейінгі еңбектері мен зерттеулеріне сүйене отырып, эксперименттік зерттеу әдістері арқылы психологиялық қырын ашуға мән беріледі. Тұлғаның рухани даму мәселесі бұған дейін философиялық және теологиялық тұрғыдан жеке қарастырылып келсе, психологиялық мәселе ретінде аз зерттелген. Қазақстанның саяси идеологиясы алдағы көп жылдыққа арналып жасалып, онда саналы ұрпақтың болуына бүгінгі рухани жаңғыру арқылы жол ашпақ. Рухани дамуға эмоция және еріктің психологиялық маңызы бұған дейін батыстық өркениет дамыған елдерде ғана жаңа зерттеу бағыты ретінде бөлініп шыға бастады. Ресейлік және отандық ғалымдар еңбектерінде жеке зерттеліп, жинақталған білім ретінде қорытылмаған. Қоғамның айнымас бөлшегі ретінде әрбір адам тұлғалық өсуге, рухани дамуға, өзін-өзі танып, маңыздандыруға ұмтылуы қажет. Зерттеу жұмысы болашақта тек теориялық ақпарат көзі болып қана қоймай, бүгінгі таңда өзекті болып жатқан жалпы ұлттық рухани даму стратегиясына мақсатты қосылған үлес болмақ. Адам санасын өзгерту, тану, дамыту өзіндік бағалау, маңыздылыққа ие болу, анықтау, тәуелсіздікке ұмтылу, өзін-өзі басқарып, бақылай алу қабілеттерінің жиынтығын құрайды. Саналы әрбір адам рухани кемелдену дәрежесіне осы қасиеттерінің арқасында қол жеткізеді.

Зерттеудің мақсаты: Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығын зеттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Тұлғаның рухани дамуындағы эмоция мен еріктің психологиялық маңыздылығына теориялық талдау жасау;
  2. Тұлғаның рухани дамуына әсер етуші факторларды анықтау;
  3. Эмоция мен тұлғаның рухани дамуының арасында теориялық және практикалық байланыс орнату;
  4. Ерік пен тұлғаның рухани даму құрылымындағы байланысты анықтау;
  5. Эмоция мен ерікті басқара алу қабілетін анықтау;
  6. Тұлғаның өзіндік маңыздандыруына эмоция және еріктің әсерін зерттеу.

Зерттеудің пәні: Жоғары оқу орны студенттерінің эмоция мен ерік сферасы өзін-өзі маңыздандыруының шарты.

Зерттеудің объектісі: Психолог-студенттердің эмоция мен ерік сферасы.

Зерттеудіңболжамы: Тұлғаның өзіндік маңыздандыруы мен эмоция және ерік арасында байланыс бар.

Зерттеудің әдістемелері:

  1. Тұлғаның өзіндік маңыздандыру диагностикасы (А. В. Лазуркин, бейімдеген Н. Ф. Калин) ;
  2. «Өзін-өзі басқару қабілеті» сауалнамасы(Н. М. Пейсахов) ;
  3. «Ерік күшін бағалау» әдістемесі(Р. С. Немов, бейімдеген Я. М. Маркин) ;
  4. Тұлға бағыттылығын анықтау әдістемесі (Б. Басс) ;
  5. «Эмпатияға қабілеттілік диагностикасы» сауалнамасы (А. Мехрабиэн және Н. Эпштейн) .

Теориялық маңыздылығы: Жұмыстың ғылыми жаңалығы теориялық зерттеу бағытының өзіне негізделген.

Онда адамның өзін-өзі дамытудың бірыңғай процесі ретінде тұлғаның рухани дамуындағы эмоциялар мен ерік-жігердің рөлі мен орнын, сондай-ақ дүниетаным құрылымындағы эмоциялар мен ерік-жігердің орнын анықтауға талпыныс жасалды.

Психологиялық талдаудың қажеттілігі өзін-өзі тану, маңыздандыру-дағы кез-келген мәселені шешу тұлғалық рухани дамуының барлық алдыңғы кезеңінің зерттелетін проблемасын қарастырумен байланысты. Осы зерттеу шеңберінде талапты толық көлемде жүзеге асырудың практикалық мүмкіндігін ескере отырып, біз рухани құбылыстардың адам психологиясына, өмірдің рухани жағы туралы тұжырымдамасын жасауға әкелген және біздің ойымызша, қазіргі заманғы өмір жағдайында тұлғаның эмоциялық және ерік қасиеттерін тәрбиелеудің оңтайлы теориясын құруға ықпал ететін мақсатқа негізделді.

Практикалық маңыздылығы: Зерттеудің практикалық маңыздылығы біздің қоғамымыздың адамды рухани тәрбиелеуде пайдалану үшін ұсынуға болатын тұлғаның эмоциялық және ерік-жігерлік қасиеттерін тәрбиелеу әдістерін әзірлеумен анықталады. Зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері осы проблеманың әдіснамалық және теориялық аспектілерін одан әрі әзірлеуде қолданылуы мүмкін. Жүргізілген әдістердің нәтижелері, жинақталған материалдары рухани даму туралы білім жинақтауда жеке тұлға үшін де, тұтас әлеумет үшін депайдалы болмақ. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде эмоция мен еріктің маңызын түсіндіруде, өзін-өзі басқару, тану, маңыздандыру жұмыстары үшін бағдар ретінде ата-ана, ұстаздар, тәрлімгерлер қолдана алады.

Таңдау тобы: Сыналушылар журналистика және психология мамандығының студенттері. Зерттеу жұмысының эксперименттік тобы болып - психология мамандығының 1-2 курс студенттері. Бақылау тобы - журналистика мамандығының студенттері.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, 2 бөлімнен (теориялық және эксперименттік), зерттеу қорытындысы, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады. Теориялық бөлім төрт тақырыптан және қорытындыдан тұрады. Теориялық бірінші тақырып жеке төрт тақырыпшаға бөлінген. Эксперименттік бөлімде зерттеудің мақсаты пен болжамы, әдістері туралы ақпарат қамтылған және эксперименттік нәтижелер өңдеуі мен қорытындысынан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны - 69, оның ішінде соңғы онжылдықтағы әдебиеттер саны - 24, шет тілінде - 1, орыс тілінде - 60, қазақ тілінде - 8. Зерттеудің эксперименті үшін 5 әдістеме қолданылды.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі - мәселе бойынша ғылыми әдебиетті зерделеуді; зерттеудің тұжырымдамалық мақсатын анықтауды, міндеттері мен гипотезаны тұжырымдауды; зерттеудің әдістерін таңдауды қамтыды;
  2. Тұрақтандыру кезеңі - алғашқы тәрбие сағаты негізінде журналистика мамандығының студенттеріне рухани даму туралы лекция және тренинг өткізіліп, қорытындыланды;
  3. Эксперименттік диагностика кезеңі - эксперименттік топ - психология мамандығының 1-2 курс студенттеріне тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтыды;
  4. Қорытындылау кезеңі - өңдеу мен талдауды және әзірленген зерттеу жұмысының теориялық және практикалық тиімділігін бағалауды, қолжазбасын рәсімдеуді қамтыды.

Зерттеу базасы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Журналистика факультеті, журналистика мамандығының студенттері және Философия және саясаттану факультеті, психология мамандығының студенттері.

1. ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯ МЕН ЕРІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. 1 Рухани даму. Қоғам бірлігі - тұлғаның саналық жаңғыруы

Институциалданған дін аясында немесе одан тыс салада рухани даму дегеніміз - трансценденттілікпен байланысты терең түсіну процесін және түпкі мағынаны іздестіру, сонымен қатар рухани тәжірибеге қатысуды білдіреді. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдарын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәжірибе берумен қатар, өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады [1, 8] . Руханилық адам тәжірибесінің маңызды және әмбебап аспек-тісі ретінде қарастырылады, бірақ өмір сүру ұзақтығының қалыптасқан теориялары мен модельдері аясында адамның дамуын зерттеудің нормативтік дамуының ажырамас элементі ретінде аз көңіл бөлінді. Тарихи кезеңдерде, әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердегідей, руханилық адамдардың өмірінде және адамзат тәжірибесінде ажырамас маңызды рөл атқарды. Жалпыға ортақ мүмкіндікке қарамастан, рухани даму әрдайым бола бермейді және оның даму бағыты әртүрлі мәдениеттердің ішінде әртүрлі адамдар үшін жеке үлес пен түрлі мүмкіндіктер деңгейімен өмірдің әр түрлі кезеңдеріндегі қарқыны, көріністері мен маңыздылығы жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Рухани даму физикалық, танымдық немесе эмоциялық әлем сияқты басқа даму процестерінен өзгеше. Рухани даму көбіне ерікті және белсенді таңдау әрекетін қамтиды.

Тарихи тұрғыдан, Батыс ғылымы адам өмірінің көптеген аспектілерін, оның ішінде рухани жағынан да мойындады. Алайда, XVII ғасырда ақыл-ой мен тәннің декарттық дуализмі эмпирикалық ғылым мен теология арасындағы идеологиялық бөлінуге әкелді. ХХ ғасырда Уильям Джеймс сияқты ғалымдарды қоспағанда, мінез-құлық ғылымдарындағы позитивистік және натуралистік ұстанымдар руханиятты ғылыми зерттеулерге жарамсыз деп санады [2, 3-9] . 20 ғасыр соңы мен 21 ғасырдың басындағы посмодернизм пайда болуы рухани даму үрдісін кең мәдени және интеллектуалды қозғалыстың бөлігі ретінде зерттеулер жүргізіле бастады. Бірнеше зерттеулер нәтижесі рухани даму мен әл-ауқаттың жоғарылауы, физикалық денсаулық пен келеңсіз өмірлік жағдайларға психологиялық бейімделу қорғанысы күшейгендігінің арасындағы байланысты байқада. Осы өсіп келе жатқан қызығушылыққа қарамастан, руханияттың күрделі және көп қырлы сипаты нақты тұжырымдаманың болмауына ықпал етті. Осы тұрғыда адамның мәнін «рух» деп танып, оның психологиялық ерекшеліктерін рухани жетілу концепциясының практикалық ұстанымдары мен моралдық ұстанымдарын адаммен және қоғамдық өмірмен тұтастықта қарастырғанын Әл-Фарабидің еңбектерінен көрсек болады. Адамның өзін-өзі дамытуы соның ішкі және қоршаған әлемінен алған тәжірибелер арқылы жүзеге асады. Демек, адамды тану үшін оны қоршаған ортасы, өткені, дүниетанымы тұтастай бірге қарастырылуы керек. Бұл тұтастық бұзылса, адамның тұтастығыда бұзылады[3, 139] . Алайда, руханият туралы пікірталастардың көп-шілігінде бірнеше жалпы өлшемдер бар: трансценденттік өлшемнің болуы, өмірдің мәні, мақсаты мен мағынасына қатысты соңғы сұрақтарды іздеу. Осы өлшемдердің әрқайсысына тәжірибелер (мысалы, дұғалар, медитация немесе ырым-тыйымдар), нанымдар (трансценденттікке, құдайға, өлімге, адамның трансцендентпен қарым-қатынасына қатысты сенімі) және тәжірибе (мистикалық) . Бұл өлшемдердің нақты мазмұны пайда болуы мүмкін. Әр түрлі рухани дәстүрлерде мәдени, экологиялық және жеке әсерге байланысты институционалды бағдарланады. Қоршаған орта әсеріне түрлі әлеуметтік контекстің, рухани іс-әрекеттер сияқты әдейі әрекеттердің, сондай-ақ рухани ұстаздармен немесе топтармен өзара әрекеттесуді қосады. Жеке деңгейлердің әсеріне құндылықтар мен сенімдердің түбегейлі өзгеруіне әкеп соқтыратын дағдарыс, бақытсыздық немесе қайғы-қасірет сияқты валенттіліктің жағымсыз оқиғалары кіретін әртүрлі өмірлік тәжірибелер жатады. Сонымен қатар, оң бағаланған оқиғалар, шыңы немесе әр түрлі тұлғааралық тәжірибелер кіруі мүмкін . Оң да, теріс те әсер ету адамның рухани өміріндегі өзгеру нүктесі ретінде қызмет етеді. Тарихта адамдар өздерінің рухани жан дүниесіне қатысты мәселелерді діннің мәдени-әлеуметтік шеңберінде түсініп, көрсетіп отырды. Сонымен, діндарлық және руханилық терминдері дәстүрлі түрде әлеуметтік ғылымдарда бір-бірін алмастыра отырып қолданылып келді. ХХІ ғасырдың басынан бастап, пост-модернизмнің әлеуметтік-мәдени тенденциялары дәстүрлі модельдерге қар-сылық білдіріп, плюрализмді, релятивизмді және ғылыми зерттеуді бастаған кезде, бұл терминдер полярлана бастады және олар өзгеше, бірақ өзара байланысты болып саналды. Руханилық әдетте трансцендентпен жеке, эксперименталды қарым-қатынас ретінде қарастырылады, ал дін трансцен-дентпен байланысты жеңілдету үшін құрылған сенімдер мен ырымдардың ұйымдастырылған жүйесі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Тұлғаның когнитивті теориясы
Эмоция және сезім. Жоғарғы сезімдер. Ерік психологиясы
Ерік туралы жалпы ұғымдар
Психология ғылымының жалпы мәселелері
Сана және астар сана
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Ойын әрекетінде баланы дамыту
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz