Ұлпан романындағы қазақ әйелі характерінің және өзге ұлт өкілдерінің характері жасалу тәсілдері


Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: «Ұлпан» романындағы қазақ әйелі характерінің және өзге ұлт өкілдерінің характері жасалу тәсілдері
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Романдағы қазақ әйелі характерінің жасалу тәсілдері
2. Шығармадағы өзге ұлт өкілдерінің характері
ІІІ. Қорытынды бөлім
Кіріспе
Жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы - ХІХ ғасырдағы қазақ даласында болған тарихи шындыққа негізделген шығарма. Романның басты қаһармандары сол дәуірдегі қоғамнын белді де, беделді өкілдері мен олардың серіктері. Шығармадағы басты кейіпкердің бірі -- Есеней би тарихта аты қалған, ғұмырының соңына дейін Керей-Уақтың билігін тақымынан жібермеген, әйгілі Кенесары ханның ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күрескен тұлға. Романдағы басты кейіпкер - Есенейдің жары Ұлпан да шынайы кейіпкер. Есеней мен Ұлпан жайында Ресей мұрағаттарындағы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының еншісіне тиесілі құжаттардан бөлек, ел арасында ауыздан-ауызға айтылып келген мәліметтер де кездеседі. Ұлпан мен Есеней тақырыбын Ғабит Мүсіреповтен бөлек, Сәбит Мұқановтың шығармаларында да тілге тиек етіледі. Сәбит пен Ғабиттің бұл тақырыпқа деген көзқарастарының екі түрлілігін байқауға болады. Десек те, Сәбит Мұқанов Ұлпан турасында «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасында тек ел арасындағы әңгімелерді дерек ретінде ғана ұсынғанын ескеруіміз қажет. Ұлпанды шығарманың арқауы етіп алған, Ғабит Мүсірепов болса, кейіпкерінің прототипін жағымды жағынан қарастырады.
«Ұлпан» романы үш бөлімнен, 24 тараудан, тоқсаннан астам образдан тұрады. Роман қазақ ауылының жүз жылдық тұрмыстық өмірінен хабар береді. Қазақ халқының салт дәстүрі, тұрмысы, әдет-ғұрпы, қалың мал беріп, қыз айттыру, бай мен кедейдің тартысы, жер дауы, жесір дауы кеңінен сөз болады. Шығармада қазақ әйелінің образына баса мән беріліп қана қоймай, тарихи оқиғалар да негізге алынып отырады. Жазушы шығармада өмірде болған оқиғаларды басшылыққа ала отырып, патша өкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан сыр шертеді. ХІХ ғасырдағы қазақ элитасындағы шиеленіскен саяси тартыстарды Есенейдің шешендігін, төрелік айту қырын көрсету арқылы жеткізеді. Романда шешендердің өзара айтысу ғұрпынан мәлімет береді. Сонымен бірге, шырға салу, бастырмалап айту сынды би-шешендер қолданған әдістермен қатар, сөзге тоқтау, сөзден тосылу сынды қазақы ұғымдарды ру басылардың, би-шешендердің құрған мәжілістерінде шебер көрсете білген.
Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы - ХІХ ғасырдағы қазақ халқының өмірінен хабар беретін, тарихи хронологиялық көркем шығарма.
Романдағы қазақ әйелінің характері жасалу тәсілдері
Образдың түрлерін белгілеудің әдістік, тәсілдік, тектік факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан алғанда образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Ғабит Мүсіреповтің Ұлпаны көркемдік тұрғысынан келгенде реалистік образға жатады. Реалистік образдың жасалу тәсілі жағынан қарастырсақ, романдағы Ұлпан бейнесін геройлық образға жатқызуымызға болады. Себебі, кейіпкердің төрелік ете білуі, ел арасындағы күрмеуі қиын мәселелерді қиынынан қиыстырып шеше білуі, озбыр Есенейдің жүрегін ақылымен жібіте білуі, өз дегеніне көндіруі Ұлпанды геройлық образда айшықтай түседі. Ұлпан - барша қазақ аналарының жиынтық бейнесі, ана тақырыбына жазылған шығармалардың ішіндегі ең көлемдісі. Автор кейіпкер өмірінің бұрылыстарын суреттеу арқылы сол дәуірдегі қазақ әйелдерінің тағдырын көрсетеді. Қазақ әйелдеріне тән асыл да, құнды, нәзік қасиеттер Ұлпанның бойына жинақталған.
Тағдырға мойнсұнып, қарап отыру - Ұлпан характеріне жат. Феодалдық ортаның әйел қауымына құрып қойған тұзағынан бір жола босап кетуді ойламаған ол өзіне бұйырылған ризық көлемінде еркін, өз қалауымен күн кешуді армандайды. Оның Мырзаштан құтылуға деген талабы осының көрінісі. Мырзаштан құтылады да. Бірақ, өз күшімен емес. Есеней сияқты күштінің ғана қолы құтқаратынын жақсы түсінеді. Тағдырдың салған құрығы ұзын емес пе? Бірақ, мұның артында Есенейдің құрған құрығы бар екенін алғыр қыз аңғара білетіндей. Есенейден құтылар күштің жоғын ескереді. Сондықтан да, Есенейдің құда түскенін естігенде оның ойына келгені: « Ағашқа асылып өлмесең, құтыла алмайсың. Есенейден арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты - болды. Басың болса - ие бер, тізең болса - бүге бер. Тек түрікпен Мүсірепке берген жауабында: Бірақ ағаңның есінде болсын - Ұлпан арзанға түспейтін қыз», -дегенді баса айтып амалсыздан көнеді. Мұнысы: Есенеймен сөзі басынан ашып алу, үлкен ордаға тоқал емес, бәйбіше болып кіру болатын. Ал, Есеней болса өзінің бар ғұмырын сарп етіп жеткен есенейлігін оп-оңай Ұлпанға бере салды. «Қырыққа келген біздің елдің Есенейі сен боларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр . . . », -дейді. Ұлпанның өзі білетін дүниенің бірінші адамы - Есеней де, егер бұл ойы іске аса қалса, екіншісі өзі болмақ. Ұлпан ойын іске асырды. Кейіпкер мінезінің өжеттілігі де осы тұста бірден көзге шалынады.
Ақылына көркі сай Ұлпан - Есеней бидің тұлғалық қасиеттерін бағамдай білген зерек қыз. Ол өз бақытынан руының бағын жоғары қойған есті қыз. Жастығын ел мұраты үшін өзгеге қиып, Есенейдің беделі мен билігін қараңғылық құрсауында қалған елін заман көшіне ілестіру үшін пайдаланды. Қанына сіңген Артықбай батырдың өжеттігі, шешесі Несібелінің берген тәлім-тәрбиесі Ұлпан Есенейдің ғана емес, күллі Сибан елінің Ақнарына айналды. Шаңырағының берекесі, елдің ұйытқысы, қорғаны, мақтанышы бола білді. Ғабит Мүсірепов Ұлпанның бойындағы парасаттылықты, мейірімділікті шығарма сюжеті дамыған сайын ашып көрсетіп отырады. Шығармадағы Ұлпан қазақы салт-дәстүр мен жаңа заманның көзқарасын ұштастыра білген прогресшіл бейне. Ол от басындағы, ошақ қасындағы соқыр сеніммен өмір сүретін, байлығына мастанып қана отыра беретін қатардағы сары бәйбіше емес. Есенейдің бар байлығын тиімді пайдалана білді. Сән-салтанатын келістіріп қазақы алты қанат үй де тіктірді. Орыстың ағаш үйі мен моншасын таңсық көріп, оны да салдырды. Қол астындағы қалың бұқараға егін ектірді. Отырықшылық мәдениет пен көшпенді мал шаруашылығының игілігін қатар көрді. Қолы ашық, мәрт бәйбіше. Есенейдің шаруаларына жылдар бойы ала алмай келген еңбек ақыларын малдай үлестірді.
Ұлпан өмірде болған, есімі жалпақ елге мәшһүр адам. Автор романда өткен ғасырда көшпелі қазақ ауылында жасаған кемел қайраткер әйелдің трагадиялық тағдырын тебірене баяндайды. Әйел қаншалықты қара қылды қақ жарған әділ, қайырымды болғанымен сол кездегі қазақ әйелі нақ сол заманда қайраткерлік деңгейге жетуі оңай емес еді. Қайраткер атану үшін ол қоғамдық өмірге өзінің іс-әрекетімен тың жаңалық әкелген болуы, заман өктемдігін көктей өткенде қажыр-қайратымен тыңнан жол тартып, өмір ағымын жаңа бір арнаға бұрғандай іс тындыруы шарт. Ұлпан - осы мағынада нағыз қайраткер, әрекетшіл адам. Ол өз ортасынан суырылып шығып, елге қамқор, ер ана дәрежесіне дейін көтерілді. Қазақ әйелдерінің бас бостандығын, еркіндігін арман ететін, азап шеккендерге, кедей-кепшіктерге қол ұшын беріп, батыл қадамдарға барады.
Жазушы Ұлпан характерін әр түрлі қырынан көрсетуге тырысып баққан. Кейіпкер жаңашыл, ұстамды, бірде қызу қанды, ырым-жырымға сене бермейтін реалист, заман жаңалығының игілігін көргісі келетін прогресшіл, азат ойлы, сөз тапқыш, жол тапқыш, қайырымды, дипломат ретінде бейнелеу арқылы Ұлпанның тұлғалық қаситтерін кеңінен ашуға тырысады. Романдағы Ұлпанның, Несібелінің, Шынардың, Есенейдің бұрынғы бәйбішесінің мінездері арқылы күллі қазақ әйелдерінің образын бір шығармаға сыйдыра білген. Бұл жағынан келгенде, автор өз мақсатына жеткен. Ғабиттің ана тақырыбында қалам тербеген шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туынды ретінде қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алды.
Шығармадағы өзге ұлт өкілдерінің характері
Романда кездесетін өзге ұлт өкілдері шығармадағы жанама кейіпкерлер болып табылады. Себебі, автор өзге ұлт өкілдерінің кейіпкерлерін бергенде олардың образы толықтай ашылмаған. Жанама кейіпкерлердің образын толық бейнелеу шарт емес. Жанама кейіпкерлер көбінесе шығарма сюжетін дамытуға пассивті түрде әсер етеді. Ноғай, казак, орыс ұлтының өкілдері көрініс береді. Мысалы: әскери гарнизон басқармасы Коцух, ағаштан түйін түйген құрылысшы Пушкарь, генерал-губернатор Дюгамель, соғыс министрі Милютин, жер бөлімінің инспекторы Саврасов, заңгер Леознер, Қызылжар уезінің бастығы Демидов, пеш салушы Петра, үлкен ноғай молда Хусайн-ғази және аты аталмайтын кіші молда. Өзге ұлт өкілдерінің образдары толықтай ашылмаса да, шығарма сюжетіне қарап, олардың характерлерін анықтауға әбден болады. Романның басында Есеней өткен өмірін есіне алып, шегініс жасағанда Стап қалашығындағы інісі Тілемістің жанындағы әскери гарнизонның бастығы Коцухты есіне алады. Коцух - қазақ тіліне шорқақ, дала тартыстарына бас ауыртқысы келмейтін, бұйрықты ғана орындай білетін патша қызметкері. Коцухтың саяси сауатының төмендігі Есенейге айтқан мына сөзінен анық байқалады: « Генерал -губернаторды түсінбеймін. Бір сұлтанды қорға дейді. Екіншісін өлтір дейді. Барлығы бірдей емес пе?», -деген ұшқалақ сөзінен, қазақ даласындағы Шыңғыс сұлтанның бейтарап саясатының түпкі астарын, Кенесары Есенейді шаппақ болғанда өз қарауындағы Сибанды не үшін қорғамағандығының мәнісіне бара бермейтіндігін аңғарамыз.
Келесі кейіпкер ағаш ұстасы - Пушкарь. Оның Коцухтай айтқан әлдебір сөзі жоқ. Ұлпанға ағаш үй салған құрылысшылардың бригадирі. Романдағы Пушкарьдің мінезі өз ісін жақсы білетін құрылысшы болғанымен, ұқыпсыздығы және бар. Ақкөңіл, эмоциясын жасыра алмайтын адамдай. Ұлпанның салынып жатқан ағаш үйлері бір түнде өртеніп кеткенде Пушкарьдің басына қауіп төнеді. Ол құрылысқа да, түнгі күзетке де жауапты адам болғандықтан, соттасса кеткен шығынды толықтай өзі өтеуі керек еді. Алайда, Ұлпан мырзалық танытып, Пушкарьға кеткен шығынды өзі өтейтінін, құрылысты одан әрі жалғастыруын айтқанда Пушькар есі кетеді қуанады. Ұлпанға мың мәрте алғыс жаудырып, уәде беріп, ісін қайта жалғастырады.
Генерал-губернатор Дюгамель және соғыс министрі Милютиннің шығармада тек аттары ғана аталады. Автордың бұлай етуінің себебі екі адам да тарихи тұлғалар. Шығарманың тарихи бояуын айшықтай түсу үшін, айтпағын деректі де, дәйекті ете түсу үшін екі адамның аттары сөз болады.
Жер инспекторы Саврасов, заңгер Леознер, Қызылжар уезінің басшысы Демидов, пеш салушы Петра барлығы бір сюжетте баяндалады. Жалпы алғанда, шығармадағы өзге ұлт өкілдерінің кейіпкерлері Есенейдің орысша оқыған Тілеміс атты інісінің маңына топтасқан. Өзге ұлт кейіпкерлерінің сөзін қазақтарға тәржімалаушы осы Тілеміс. Патшаның жер реформасын түсіндіру үшін орыс шенеуніктерін Есенейдің ордасына Тілеміс бастап келеді. Дәл осы жерде, өзге ұлт өкілдерінің характерлері біршама бұрынғыдан гөрі ашыла түскен. Леознер, Саврасов, Демидовтің өзара диалог құруы, Тілеміс арқылы Ұлпанмен тілдесулерінде үш кейіпкердің характерлерін анықтауға болады. Леознер - көзі ашық, материалдық байлықтың бағасын айыра білетін, әлем өркениетінен біршама хабары бар адам. Әйтсе де, ол көшпелі қазақ халқының өмірін жете біле бермейді. Оған даланың заңы, тұрмысы, адамдары барлығы да таңсық. Леознер: « - Осынша кішіпейіл, осынша ақ көңіл жан даланың тағы арыстанын өзіне қалай бағындырды екен?», -- деп таңданысын жасыра алмайды. Сондай-ақ, Ұлпанның ағаш үйінде жиналған жиһаздардың үйлесімділігіне баға бере кетіп, жиһаздардың қай елдердің өнімі екендіктерін де ажыратып береді. Саврсов болса, қағытпа қалжыңға үйір. Қадалған жерінен қан алуға тырысатын бірбеткей. Алдап та, арбап та өз дегеніне жеткісі келетін жан. Патшаның жер реформасының пайдасын Ұлпанға қоярда қоймай түсіндіріп, оны көндіруі соның айғағы. Қызылжар уезінің бастығы Демидов ушеуінің араларындағы қазақ өмірімен жақсы таныс жалғыз шенеунік. Ұлпанның саяси қайраткерлігін аңғара білген де сол. Демидов Леознер мен Сарвасовқа патша орыс мұжықтарын қазақтың бос жатқан жеріне кіргізіп жатқанда жалғыз Сибан жеріне тістері бата алмай қалғандығын айтады. Оның себебін, сибан елінің өзі де егін егіп отырғандықтан ешқандай сылтаудың табылмағандығына өкініш білдіреді. Ұлпанның елді отырықшылыққа үгіттеуінің бір себебі Демидовтің сөзінен кейін оқырманға түсінікті болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz