Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі

«Қорғауға жіберілді»

ПЦК жетекшісі:

«»2019ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтарында жазылым
әрекетін меңгертудің тиімді жолдары

Пәні: Педагогика

Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру
мұғалімі»

Тобы: ББ-Б-16

Орындаған: Нургалиева Малика Алиевна

Ғылыми жетекші: Орманова Зоя Айтбайқызы

Бағасы: « »

Қызылорда, 2020

Тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабақтарында жазылым әрекетін меңгертудің тиімді жолдары

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жазылым - графикалық таңбалау әрекеті . . . 4

1. 2Жазуға үйретудің маңызы мен жазу жұмыстарына қойылатын талаптар . . . 5

1. 3 Сауатты жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлар . . . 8

1. 4 Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету барысында жүргізілетін жұмыс түрлері . . . 11

1. 5. Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында жазылым әрекетін дамытудың белсенді әдіс - тәсілдері . . . 17

2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

2. 1 Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында оқушыларға жазылым әрекетін меңгертудің нәтижесі . . . 22

(№101 мектеп-лицей. 3 «Д» сыныбы)

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жазылым ертеден дамып келе жатқан өнердің бірі. Ол адамзаттың дүниеге алып келген жетістіктерінің бірі. Қазіргі уақытта жазылымның рөлі хабарды тез жеткізуде бірінші орында тұр. Сондықтан да тілді үйретуде ең бірінші сауатты жазуға көңіл бөлген жөн болып табылады. Алайда мектептерде осы жазылым әрекетінің түрлері қаншалықты көп, және қалай меңгеріледі деген сұрақтың жауабын анықтау қиынға соғып тұр. Әрине қазақ тіліндегі жазылым әрекетін зерттеген ғалымдар жоқ емес, бірақ сол жазылым әрекеттері мектептерде қаншалықты маңызды деңгейде және қандай әдіс - тәсілдер арқылы орындалады деген қазіргі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

-балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру

-оқушылардың ережелерді пайдалана отырып жұмыс жасау білігін қалыптастыру;

-оқушылардың өз бетінше жазылым жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын анықтау;

Курстық жұмыстың міндеттері:

-жазылым тапсырмаларының қалай орындалатынын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес анықтау;

- оқушылардың сауатты жазуына ықпал ететін жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін зерттеу;

-жазылым тапсырмаларын орындау барысында тиімділігі жоғары әдіс - тәсілдерді анықтау;

-оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түлерін айқындау

Курстық жұмыстың обьектісі:

Бaстауыш сынып оқушылaрының жазылым әрекетін меңгертудің тиімді жолдарын анықтау;

Ғылыми болжам: Егер, сабақ барысында жазылым әрекеті балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тиімді инновациялық әдіс - тәсілдер арқылы ұйымдастырылса, онда бұл балалардың сауатты жазуға деген дағдысын қалыптастырып қана қоймай, жазылым әрекетін жоғары белсенділікпен орындауына мүмкіндік жасайды;

Зерттеудің базасы : №101 Әли Мүслімұлы атындағы лицей-мектеп

Зерттеудің дерек сөздері: Ғылыми мөлшерлік құсқаулық құжаттар, педагогикалық-психологиялық әдебиеттер, әдістемелік мерзімді басылымдар, интернеттік сайт ресурстары т. б

1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛЫМ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  1. 1. 1Жазылым - графикалық таңбалау әрекеті

Жазылым тіл үйрену барысындағы қиын да, күрделі құбылыс болып табылады. Жазылым - тілдік тұлғаның графикалық; фонемалық жүйелеріне негізделген, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық әдістемелік ерекшеліктеріне қатысты тілдік материалдардың мазмұнын және формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімге қарым - қатынасын қамтамасыз ететін күрделі тарихы әрекет болып табылады. Яғни осы жазылым әрекеті арқылы ерте кездегі біздің ата -бабаларымыздың қалай өмір сүргендігі мен сол кезеңдегі құжаттарды көре аламыз. Жазылым әрекеті пайда болғанға дейін адамдар тастарға сурет салу арқылы бір - бірімен қарым-қатынас жасаған. Кейіннен біртіндеп адам баласының сана - сезімінің жетілуіне қарай жазу әрекеті қалыптасқан. [1] Жазылым біріншіден, әріп пен сөздің графикалық таңбалануы арқылы жүзеге асырылатын процесс.

Екіншіден, бұл графикалық таңбалардың барлығы белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие бола алады.

Үшіншіден, жазылым процесі сөйлеу дағдысының қатысуы арқылы жүріп отырады.

Төртіншіден, жазылым процесі кезінде тіл үйренуші адам сөздердің мазмұны мен мағынасына ғана емес, сонымен қатар формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады. Бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдардың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. [1]

Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір - бірімен қарым -қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, оны екінші бір адамға немесе жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат етеді. Яғни адам өзінің ойын басқа біреуге жеткізу үшін жазуды үйренеді. Жазылым негізінен үш түрлі бөліктен құралуы тиіс. Олар:

  • себеп-салдарлық,
  • аналитико-синтетикалық, орындалымдық.

Яғни жазылым әрекеті біріншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға жеткізудің нәтижесінде ойға келеді. Екіншіден, аналитико - синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір - бірімен тіркеске түседі, яғни сөздің қызметі мен орны белгіленеді. Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазады мәтін текст пайда болып, жазу орындалады. [2]

Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі тілдің әріптік таңбасынан басталып, алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін мен олардың жазбаша ережесін және жазбаша сөйлеу әрекетін қамтиды. Жазылымның психологиялық ерекшелігіне - жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштауды жатқызуға болады. Жазылымның әдістемелік ерекшелігіне - графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқытуды жатқызуға болады. [3]

1. 2 Жазуға үйретудің маңызы мен жазу жұмыстарына қойылатын талаптар

Бастауыш сыныптардаға жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру болып табылады. Жазу барысында мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал жүйесінің жинақталып, бір арнаға бағытталу процесі болады. Жазу тілі көзбен қабылданып, қолмен іске асырылады. Ал ауызша сөйлеу, есту кинезтезиялық жүйке байланыстары арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шыққандықтан, ол үнемі ауызекі тілге сүйеніп отырады. Ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын оқиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға мәжбүр болған. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілеген. Бұл кезеңді идеографиялық сөйлеу кезеңі деп атады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады. Кейіннен иероглифтік жазу шықты. Бұл белгілі бір заттарды немесе тұтастай ойды білдіретін жазу таңбалары болып табылады.

Жалпы жазудың құрамына алфавит, графика және де орфография немесе жазудың емлесі енеді. Әліпби - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика дегеніміз-дыбыстардың, буындардың немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография дегеніміз- тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу болып табылады. Әліпби мен графиканы меңгеру-оқу мен жазудың ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгерту, оның тағы бір басты бөлігі орфографяны игеруді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны меңгере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму дәрежесі жоғарыға көтеріле береді. Осыдан жазбаша сөйлеудің өзіндік ерекшеліктері шығады.

Оларға:

а) жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ;
ә) ол барлық оқушыларға арналады;

б) онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы, реніші, бәрі де сөз арқылы жеткізіледі.

В) жазу тілін қабылдау қиялдауды талап етеді. [4]

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, нешетүрлі қозғалыстар жасайды. Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматтандырылып, әуелі әріптерді, содан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Бірақ балалар жазуға бірден дағдыланбайды. Себебі олардың кейбірулері бір, екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады. Жазу қимылдары автоматтандырылғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға үйрету міндеті туады. Орфография жазудың барлық жағдайларын тәртіпке келтіреді. Оған тілдің ережесі мен оны дұрыс қолдану жатады. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді. Бір орфографиялық амал автоматтандырылғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле басталады.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, баш-шы емес), сөз шекарасында да (боз құнан, бозғұнан емес), біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады. Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы дауыссыз дыбыс әріптеріне біткен сөздер бар (Волгоград, клуб, педагог, т. б) . Бұл сөздердің соңғы дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни б, г, д дыбыстары қатаңданып, т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады; Волгоградқа, педагогке, клубтан т. с. с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т. б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінша жазылады: қыстыгүні, ашутас т. б. Жазуға үйрету тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.

Жазу жұмыстарының мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттыр қойылады:

1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы;

2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы;

3. Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы;

4. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құрылатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы;

5. Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы;

6. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жазғастырылуы. [5]

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы бар. Жазу барысында орындауға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазыңқырап еденге немесе үстелдің астындағы аяқ қойғышқа тіреліп тұрсын; жазған көкіректі үстелге тақап тіремей, үстелдің шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек. Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, үстелге көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады. Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін үстел үстіне қойылсын. Дәртерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отырған дұрыс. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дәптерге көздің қиығымен қаратуға тура келеді.

Жазуға үйретуден бұрын бірнеше дайындық жаттығуларын жүргізіп, балалардың қолын қимылға көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажетті материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отырғызу, дәртерді қалай қою мен қаламды қалай ұстай ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерін, әріп кескінерін дұрыс меңгеріп, жазу дәптеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренуі қажет. [4] Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуі тиіс; материалдың тәртіппен өтіліп, жазуға берілген мәтін алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолдарын көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да, байқау жұмыстары жүргізіледі. Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:

1. Жазғанда партаға қалай отыру керек ережелерін балаларға мұғалім өзі аралап көрсетіп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.

2. Сабақтың мақсатын алда тұрған міндеттерін көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қол қимылын бақылай отырып, жазуға дағдыланады.

3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерін қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі

4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процесін бақылайды.

5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері жіберген қателері айтылады. [5] Бастауыш сынып оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы алғашқы басқышы ерекше роль атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын айтып бере алмайды. Мұндай құбылыстарды кейде орфографиялық сезім деп те атайды. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.

1. 3 Сауатты жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлар

Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктерін қарай, әртүрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді; морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйренуді басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, монтёр, шофёр, шкаф т. б) және жазылуы қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш, картоп, бәтеңке, шәйек т. б) жазылуын оқушылар ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.

Жазуға үйрету үшін қажетті жағдайлардың бастылары:

1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздердің, сөйлемнің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсіндіргеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.

2. Сөздің айтылуына және жазылуына грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе сақта, тыңда, зейін аудар т. б.

Жіберілген қателіктермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан т. б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

3. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою

4. Сөйлеу әрекетінің ең маңызды қызметін естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтатсис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды сөйлеу жаттығуларымен кезектестіріп жүргізу қажет. 5. Грамматикалық жаттығуларды сөздік орфографиялық жаттығулармен кезектестіру. [6] Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды. Орфографиялық дағды жөнінде анықталған пункуациялық үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелеріне бағынады.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматиканы оқудан басталады. Оқытушы грамматиканы оқытуды неғұрлым жақсы жолға қойса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы тиіс. Грамматиканы оқытуда ереженің мәнін түсінбей, оны құр жаттап алғаннан пайда жоқ.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық түсінідіріп, оқушыларға сол ереженің мәнін түсіндіретіндей жұмыстардың түрлерін жасатқызуы керек. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені болып табылады. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде жаттап алған болады, яғни ережені жаттығулар барысында қолдана алмайды. Ал механикалық түрде жаттап алудың балаға көмегі шамалы екендігі айтпасақта белгілі. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстары мен емле ережелерін бақылап, талдауға және оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз бетімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті. Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түрде түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білуі қажет. Мысалы сөйлемдегі сөздердің жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады. Бірақ өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрғанда сөйлемнің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл бөліп дағдыланса, мұндай байланысты олар сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылануы қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т. б. [4]

Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы білудің де маңызы зор. Ереже қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу керек екендігі емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуы тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптастыр деп есептеуге болады.

Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жағдайлар 3-4 сыныптарда да жүргізіліп отырады.

Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т. б сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқауды маңызы зор. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатындығын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп. Сөйтіп сауатты азуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Сауат ашу кезінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жазу және тіл дамыту әдістемесі
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Сөйлеу. Сөйлеудің ерекше бір түрі жазбаша сөйлеу
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz